Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар түсінігі және олардың түрлері



1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар
2 Экономикалық қызметтегі қылмыстылықтың алдын алу
Қазақ мемлекетi тарихы тұсында алғаш рет 1991-жылы 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Конституциялық заңы қабылданып, оның кiрiспесiнде бiздiң елiмiздiң мемлекеттiк тәуелсiздiгi бүкiл әлемге салтнатты түрде жарияланды. Ендiгi жерде тоталитарлық режимге экономика, саясат пен идеологияның жалпы тәуелдiгiне еш уақытта қайта оралмауға серт етiлдi.
Бүкiл халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам, мемлекет және азаматтардың негiзгi қағидалары мен өмiрлiк қызмет бағыттарын бекiттi. Оның алғашқы бабы, Қазақстан өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыратыны; ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екенiн жария еттi[1].
Бiрнеше он жылдықтар бойы сақталған «социалистiк» қоғамдық қатынастан «нарықтық» қатынасқа көшу кезеңi, нақты тәуелсiздiктi жүзеге асыру мен жас мемлекеттiң егемендiкке жетуi оңай қару болмай, өзiндiк қиындықтарға кез болады, экономика саласында күйзелiстерге ұшырады. Жұмыссыздар пайда болды, еңбек ақы мен жәрдемақының төленбеуi нәтижесiнде Республикамыз бiрқатар ереуiлдер туғызады. Қоғамымызда қоғамдық және құқықтық тәртiп деңгейi төмендейдi.
1. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» //Ана тiлi.-1999.-15 желтоқсан.-№40.
2. ҚР Конституциясы,1995ж. 30 тамыз. – Алматы:Юрист,2002.-36б.
3. Юм Д. Опыты.- СПб.: Издательство Солдатенкова, 1986. –270с.
4. Солопанов И.В. Ответственность за фальшивомонетничество: Учебное пособие. -М.: Высшая школа МООП РСФСР, 1962.- 92с.
5. Ағыбаева Л.А. Уголовная ответственность за подлог документов: Автореф… канд. юрид. наук:12.00.08. -Алматы, 2000.- 30с.
6. Мақыш С.Б. Ақша айналымы және несие: Оқу құралы. -Алматы,2002.-168б.
7. Бороздин П.Ю. Ценные бумаги и фондовый рынок: Уч.пособ. - М.: Институт экономики и права,1994.- 170с.
8. Лубягина Д.В. Гражданско-правовое регулирование вексельного обращения в РК. -Алматы; 2000.- 286с.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Қазақ мемлекетi тарихы тұсында алғаш рет 1991-жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы Конституциялық заңы қабылданып, оның кiрiспесiнде бiздiң елiмiздiң мемлекеттiк тәуелсiздiгi бүкiл әлемге салтнатты түрде жарияланды. Ендiгi жерде тоталитарлық режимге экономика, саясат пен идеологияның жалпы тәуелдiгiне еш уақытта қайта оралмауға серт етiлдi.

Бүкiл халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам, мемлекет және азаматтардың негiзгi қағидалары мен өмiрлiк қызмет бағыттарын бекiттi. Оның алғашқы бабы, Қазақстан өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыратыны; ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екенiн жария еттi[1].

Бiрнеше он жылдықтар бойы сақталған социалистiк қоғамдық қатынастан нарықтық қатынасқа көшу кезеңi, нақты тәуелсiздiктi жүзеге асыру мен жас мемлекеттiң егемендiкке жетуi оңай қару болмай, өзiндiк қиындықтарға кез болады, экономика саласында күйзелiстерге ұшырады. Жұмыссыздар пайда болды, еңбек ақы мен жәрдемақының төленбеуi нәтижесiнде Республикамыз бiрқатар ереуiлдер туғызады. Қоғамымызда қоғамдық және құқықтық тәртiп деңгейi төмендейдi.

Қазақстан халқына ел Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан – 2030 даму, қауiпсiздiк және болашақ қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту атты жолдауында бiздiң қоғамымыз бен мемлекетiмiздiң перспективтi дамуы жоспарланды. Жинақталған өмiрлiк тәжiрибиеден арылмас үшiн қоғамға қайта қарау және ғылыми баға беру қажеттiгi туындайды. Басқа сапалық құқықтық және әлеуметтiк жүйеге өту кезеңi бойынша уақыт күрделi жұмыстар жүргiзудi қажет етедi[2].

Осыған орай қоғамымыздағы өзгерiстерге сәйкес мемлекеттiк таразаланған саясатымен қолдау табатын рухани атмосфераны қалыптастыру маңызды.

Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтардың қылмыстардан тұрақты өсу тенденциясы қоғамдағы табиғи – саяси климатқа терiс әсер етедi, адамдар ертеңгi күнге сенiмсiздiк тудырады.

Соңғы жылдары республикамыздағы қылмыстардың жалпы саны төмендегiдей көрiнедi.

2000 ж. – 150790, 2001 ж. – 152168, 2002 – 135151, 2003 ж. - 118485, 2004 ж. – 143550, 2005-146347, 2006ж.-141082, 2007ж.-185252, 2008ж.-18566, 2009ж.-19544.

Жоғарыда келтiрiлген нақты тiркелген көрсеткiштерден қылмыстылық санының соңғы жылдары екi есеге өсiп отырғандығын байқаймыз. Жалпы қылмыстылықтың қатарында экономикалық қылмыстар елеулi орын салады: 2000ж.-15609, 2001ж.-14741, 2002ж.- 15099, 2003ж.- 12687, 2004ж.-10032, 2005ж.- 8832, 2006ж. – 8178, 2007ж.- 8199, 2008ж.- 9155, 2009ж.-9211.

Берілген көрсеткіштерден экономикалық қылмыстардың соңғы жылдары азайғандығы байқалады. Алайда, экономикалық қылмыстылыққа латтентілік тән құбылыс.

Экономикалық қылмыстарың ерекше ядросы банктiк қылмыстар болып табылады. Себебi қаржы саласы нарықтық экономиканың иiнi. Соңғы жылдары жалпы мемлекеттiк дәрежеде экономикалық, әсiресе банк қызметi саласындағы жұмыстар мен күрес жалпы экономикалық қылмыстылықпен күресудiң негiзгi бағыты болып табылады.

Банктiк қылмыстардың қауiптiлiгi ұлттық байлықтың шетелге кетуiмен тағыз байланысты. Үш жылдың өзiнде (2007 – 2009) несиенi заңсыз және мақсатсыз пайдаланудан банкке 20 есе шығын келген. 2007 жылы 3 млрд. теңгеден 2009 жылы 80 млрд. теңгеге дейiн несие қайтарылмаған. Бұл қаражаттың елеулi бөлiгi шетелге өткен. Банктiк қызметтегi қылмыстардың қоғамға қауiптiлiгiн тек экономикалық шығындармен ғана өлшеуге болмайды. Оның әлеуметтiк – псхологиялық және рухани зардаптары бар түрлi әлеуметтiк топ иелерi өз араларында негiзсiз бөлiнуiне және топ иелерi өз араларында негiзсiз бөлiнуiне және тәуелдiгiне алып келуде. Банктiк қызмет саласында түрлi қылмыстық (криминалды) бiрлестiктердiң арасында заңсыз баюға байланысты кектi соғыс болуды. Бұл әрекеттер адамдардың өмiрi, денсаулығы, бастандығына қарсы, отбасы мүшелелерi мен туыстарына қарсы қылмыстарға жалғасуда. 2005 – 2009 жылдарда банк ұйымындағы жауапты қызметшiлер мен басшылардың өмiрiне қол сұққан 100- ден аса қылмыстар құқық қорғау органдарымен тiркелген. Сондықтан да банк қылмыстардан қазiргi кезде жәбiр көретiндер өте көп деуге негiз бар.

Кейбiр ғалымдардың пiкiрiнше, экономикалық қылмыстардың өсу себебiне мыналар жатады: әкiмшiлiк – бюрократиялық механизiмдердiң етек алуы, жемқорлықтың өсуi, қос моральдық, жоғары билеушi эшелондардың қылмысқа қатысуы, екi жақты заңдылық, яғни заң алдында шын мәнiсiнде азамат пен басшылардың теңдiгi, жұмыс нәтижесiне шын қызығушылықтың болмауы.

Бүгiнгi таңда экономикалық қызметтегі қылмыстылықтың алдын алу тұтас зерттелiп болмағанын айтпай кете алмаймыз. Жалпы және арнайы әлеуметтiк, сондай - ақ қылмыстық құқықтық шараларды сәйкестендiру, экономикалық қылмыстық істерді ашуда, тиімдеу арқылы экономика саласындағы қылмыстардың алдын алуды тиiмдi ұйымдастыруға болады. Ол ел экономикасын қорғау және дамытудың, қаржы-несие қызметiн дұрыс қамтамасыз етудiң басты алғышарттары болмақ.

Сондықтан да Қазақстан Республикасы ел Президентiнiң Елдiң жағдайы мен iшкi жеке сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы жолдауында былай делiндi[3]:

Мыналарды жасау қажет:

- шаруашылық субъектiлерiнiң банктiк несие алуына мүмкiндiк бередi;

- мемлекет қарыздарын кезектiлiкпен жоюдың кешендi шараларын жүргiзу экономикадағы қарыздарды қайтаратында мақсатты топтар құру;

- экономиканың өсуiне, мемлекет қатынасы түсетiн және азаматтарға тiкелей пайдалы болатын бағдарламаларға мемлекет қаражатын бөлу.

Бұл жағдайлар зерттеу тақырыбының өзектiлігін құрайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты экономикалық қылмыстардың алдын алу жөніндегі нормаларды тиiмділеу болып табылады. Аталған мақсатқа жетуде төмендегiдей мiндеттер туындайды:

- Экономикалық қылмыстарды зерттеу;

- Экономикалық қылмыстарың ажай-күйін ашу;

- Қылмыскерлердің жеке басын бағалау;

- Экономикалық қылмыстылықтың себеп-шарттарын зерделеу;

- Экономикалық саласындағы қылмыстық істерді алдын ала шараларын анықтау.

Iздену жұмысын жүргiзуге материалистiк диалектика, әлеуметтану, қылмыстық құқық және криминология теориялары және олардың әдiстемелiк, концептуалды қағидалары негiз болады.

Жұмыс процесiнде жалпы – логикалық, заңды, статистикалық, әлеуметтiк және салыстырмалы құқықтық зерттеу әдiстерi қолданылады.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар материалдық және басқа да құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті өндіруге, бөлуге, айырбастауға және тұтынуға байланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін, қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындарда сол қызмет процесінде қалыптасқан бірыңғай тектік қоғамдық қатынас болады.

Экономикалық қызмет саласындағы бірқатар қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны-ондағы қылмыс заты болып табылады. Мысалы, тауарлық белгі (ҚК-тің 199-бабы,) коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтер (200-бап), бағалы қағаздар (202, 205-бап), жалған ақша (206-бап), төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттары (207-бап), акциздік алым маркалары (208-бап).

Қарастырылатын қылмыстың көбісінің обьективтік жағы қылмыстың жасалуымен сипатталады. Кейбіреулері әрекетсіздік арқылы да жасалынады. Мысалы, несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚК-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), бухгалтерлік есел ережелерін бұзу (218-бап), салықтарды төлеуден жалтару (221, 222-баптар).

Экономикалық қызмет саласындағы кейбір қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны, ол-заңда көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың болуы. Оларда матриалдық құрам болады. Мысалы, ҚК-тің 192-194, 196-198, 203-205, 215-222-баптарында көзделген қылмыстар.

ҚК-тің осы, қарастылырып отырған қылмыстардың бірқатар баптарында бланкеттік сипат бар. Мысалы, ҚР ҚК-тің 197, 205, 218-баптары.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы, субьективтік жағынан, өздерінің әдейі, қасақана жасалғандығымен сипатталады. Олардың кейбіреулерінің субьективтік жағының міндетті түрдегі нышаны, оларда себеп пен мақсаттың болуы (ҚР ҚК-тің 192, 193, 198, 204-баптары).

Экономикалық кызмет саласындағы қылмыстардың субьектісі қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған, есі дұрыс адам бола алады. Ал, мұндай қылмыстардың кейбіреулерінің субьектісі тек лауазымды адамдар (ҚК-тің баптары), банк қызметкерлері ғана (189,202 -баптары) болады.

Тікелей субьектісі бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды шартты түрде мынандай түрлерге бөлуге болады:

1) кәсіпкерлік саладағы және экономикалық қызметтің басқа да саласындағы қылмыстар: заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚК-тің 189-бабы,) заңсыз кәсіпкерлік (190-бап), заңсыз банктік қызмет (191-бап), жалған кәсіпкерлік (192-бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (193-бап), монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу (196-бап), көрінеу жалған жарнама беру (198-бап), тауарлық белгіні заңсыз пайдалану (199-бап), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету (200-бап), кәсіптік спорт жарыстарының және ойын- сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу (201-бап), банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер (215-бап), әдейі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері
Заңсыз кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауаптылық
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нысаны
Кедендік бақылау жүргізу кезінде құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар туралы
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі, құрамы және түрлері, тергеу ерекшеліктері
Қылмыстық құқықтың түсінігі мен белгілері
Пәндер