Қылмыс құрамының обьективтік жағының түсінігі және маңызы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

§ 1. Қылмыс қү_рамының обьективтік жағының түсінігі және маңызы

Қылмыстық құқықта қылмыстардың бейнесін, оның құрамын ашу, негізінен екі бағытта жүргізіледі, біріншісі қылмыстың сыртқы бей-несін көрсету, екіншісі оның ішкі бейнесін ашу бағытында болады. Қылмыстың сыртқы бейнесін сипаттауға жататын мәселелер, құрамның обьективтік жағы деген элементке енгізіледі. Қылмыстың сыртқы жа-ғының бейнесі ретінде жасалған іс-әрекеттің қылмыстылығын сырт қара-ған адамға-ақ көрсете алатын белгілерді түсінуге болады. Кез-келген қылмыс сырттай бейнесін көрсете алатын белгілері арқылы қоғамға қауіпті болып көрініп, қылмыс уақиғасының көрінісін білдіреді. Бұл сырттан қарағандағы қоғамға қауіпті уақиға, оның ішкі жағымен сәйкес болғанда, яғни адамның ойының қауіптілігі әрекет немесе зардап туын-дауы түрінде көрінгенде ғана қылмыстың толық бейнесін білдіреді. Сондықтан қылмыстың обьективтік жағы ретінде қылмыс құра-мының сыртқы жағын сипаттайтын белгілердің жиынтығы алынады.

Қылмыстың обьективтік жағының белгілері қылмыстық құрамда сипаттаушы роль атқаруына байланысты әрбір қылмыстың бейнесін көрсете алатын белгілері болады. Бірақ әрбір қылмыстың обьективтік жақ белгілері өзге қылмыстардың осындай белгілеріне ұқсамайды деп айтуға болмайды. Қылмыстық заңда обьективтік жақ белгілері бірдей сипатталатын қылмыстарда кездеседі. Обьективтік жақ белгілері қылмыстық заң баптарының диспозициясында жиі келтіріледі және диспо-зицияларда субьективтік жаққа, субьектіге қатысты белгі көрсетілген-де де қылмыстың атауының өзінен-ақ оның сыртқы жаққа қатысты ең басты белгісін кездестіруге болады.

Мысалы, абайсыздықта қаза келтіру деген қылмыстың атауынан-ақ қаза келтіру сөзінен әрекет түрін байқауға болады. Сондықтан кем де­

генде обьективтік жақтың белгілерін жалпы атаумен келтірмейтін қылмыс түрі заңда жоқ.

Қылмыстық заңдағы көптеген баптар қылмыстың обьективтік жағы белгілерін толық келтіреді. Мысалы, 166 баптағы шпиондық, 177 бап-тағы алаяқтық, 103 баптағы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру тәрізді, т. б. қылмыстарды қарастыратын баптардың диспозицияларында қылмыстық әрекеттің түрлері толық келтірілген. Ерекше бөлім бапта-рының диспозицияларында обьективтік жаққа қатысты белгілердің көбірек келтірілуі, ол қылмысты әрекеттердің көптігіне және заңмен қорғалатын обьектілердің сан-алуандығына байланысты. Қылмыстылық-зиянды құбылыстың бір түрі ретінде қоғамдық өмірдің кез-келген са-ласында кездеседі. Олар жеке адамға, сот әділдігінің іске асырылуына, қоғам қауіпсіздігіне, азаматтардың конституциялық құқықтарына қар-сы, т. б. әртүрлі салаларда кездеседі. Соған орай әр түрлі салалардағы заңмен қорғалатын қатынастарға зиян тигізетін әрекеттер де сан алуан болып кездеседі. Мысалы, бөтеннің мүлкін жасырын түрде қайтарусыз алу және жаппай тәртіпсіздік әрекеттері мағынасы және бағыты бойын-ша бір-біріне ұқсамайды. Мағынасы бойынша ұрлық жасау және жап-пай тәртіпсіздік әрекеттері бір қылмысты немесе ұқсас қылмысты білдірмейді және жеке-жеке түсіндіруді талап етеді. Бағыты бойынша бұл әрекеттер қоғамның әр түрлі саласына зиян тигізуге бағытталған. Мысалы, ұрлық әрекеттері бөтеннің меншігіне. Ал жаппай тәртіпсіздік қоғам қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпке қарсы бағытталады. Міне, осындай себепке байланысты қылмыстың обьективтік жағы деген ұғымды құрамның бір элементі ретінде қарастыру қажеттілігі туындайды және оның негізгі мақсаты бір-біріне ұқсамайтын қылмысты әрекеттері заң-да бейнелеу болып табылады.

Обьективтік жақтың белгілері тұрақтылығына қарай міндетті және қосымша (факультативті) белгілер деп бөлінеді. Міндетті белгілер бар-лық қылмыстық құрамдарда болуы шартты, яғни жасалған қылмыста обьективтік жақ бар деп есептеу үшін орын алуы міндетті деп танылған белгілер. Обьективтік жақтың міндетті белгілеріне іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), елеулі зардап және осы екі белгінің арасындағы себепті байланыс жатады. Егер материалдық деп бағаланатын құрам-дарда осы белгілер, ал формальдық құрамдарда қоғамға қауіпті іс-әрекет болмаса, онда қылмыстың обьективтік жағы да жоқ деп танылады.

Обьективтік жақтың қосымша белгілеріне қылмыстың жасалу орны, уақыты, тәсілі, құралы және жағдайы жатады. Бұл белгілердің қосым­ша деп бағалану себебі, ол жасалған қылмыста бұл белгілер болмаса да қылмыстың обьективтік жағы бар деп саналуына байланысты. Қосым-ша белгілер қылмыстың құрамын қосымша тұрғыдан сипаттайды және олардың қылмыс уақиғасында белгілі бір түрде болмауы қылмыстық құрамның бар-жоқтығына әсер етпейді. Қосымша белгілер тек бап-тың атауында немесе диспозициясында тікелей көрсетілгенде ғана міндетті белгі ретінде қолданылады. Яғни, осы баппен немесе осы бөліммен қылмысты квалификациялау үшін жасалған іс-әрекет сол бапта көрсетілгендей уақытта, орында, тәсілмен, құралмен немесе жағдайда жасалған болуы керек. Мұндай жағдайда міндетті белгінің күшіне ен-ген қосымша белгі тек осы бап немесе осы бөлім үшін ғана міндетті белгі болып табылады. Себебі, жасалған қылмыста арнайы уақыт, орын, т. б. қосымша белгілер болмаса, онда негізі құраммен немесе басқа бап-пен бағалануға жатады.

Обьективтік жақтың белгілерін дұрыс анықтау көптеген себептер-мен маңызды. Себебі, ол көпшілік жағдайда қылмыстың өзге құрам элементтерінің белгілерін, яғни қылмыс обьектісін, оның субьектісін дұрыс көрсетуге жағдай жасайды. Өйткені кейбір қылмысты іс-әрекеттер тек белгілі-бір тәсілдермен немесе арнайы субьектілер арқылы ғана жасалады. Сонымен қатар жасалған қауіпті іс-әрекеттің сипаты арқылы кінә нысанын да анықтауға болады. Көпшілік қылмыстарға кінәнің на-қты бір түрі ғана тән болып келеді, сондықтан қылмысты іс-әрекеттің сипатына және бағытына қарай отырып, қылмыстық құрамның өзге эле-менттері де анықталады.

Практика жұмысында қылмыстық іс қозғаудың алғы шарты, нақты қылмыстың жасалғанын білдіретін қауіпті іс-әрекеттің орындалуы не-месе зардаптың орын алу фактісі болып табылады. Мұндай негіздерге байланысты тергеуші түпкілікті квалификация жасамағанның өзінде қылмыстың белгілі бір тобы туралы болжам жасай алады. Мысалы, бөтеннің мүлкінің өртену уақиғасының орын алуына сүйеніп, меншік-ке зиян келтіре алатын қылмыстардың түрлерін ескереді. Бұлардың қата-рына бөтеннің мүлкін, қасақана жою немесе бүлдіру, абайсыздықта бөтен мүлікті жою немесе бүлдіру, бандитизм, қорқытып алушылық қылмыстары жатады. Мұндай жағдайда обьективтік жақтың белгілерін, оның ішінде жасалған іс-әрекеттің түрін анықтай отырып, нақты қылмыстың түрін көрсетуге болады. Өйткені, кейбір қылмысты іс-әрекеттердің түрі, оның мағынасы кінә нысанын да анықтап бере алады. Мысалы, адамның денсаулығы мен өміріне зардаптарды қарастыратын қылмыстарда кінәлінің басқа адам денесіне атылатын немесе суық қаруды кезенуі немесе пайдалануы абайсыздықта жасалатын осындай қылмыстардың мүмкіндігін шектейді.

Обьективтік жақ белгілерін дұрыс анықтаудың келесі маңыздылығы, ол ұқсас деп бағаланатын құрамдардың арасындағы айырмашылықты тауып, жасалған қылмысты дұрыс, квалификациялау болып табылады. Қылмыстың обьективтік жағының белгілері бір неше құрамдарда бірдей немесе ұқсас болғанда, олардың обьектісі бірдей болып анықталаты-нын көрсетеді. Мысалы, тікелей адам өміріне қарсы бағытталған іс-әрекеттердің обьектісі адам өмірі болып табылады. Бұл көпшілік жағдайда осылай. Бірақ зардаптың бірдей немесе жасалған әрекеттердің бір текті болуы барлық кезде қылмыс обьектісін бірдей көрсете бер-мейтіндігі өткен тарауда келтірілді. Мысалы, қорлау (130 бап) және сотты құрметтемеу (342 бап), сондай-ақ, эскери қызметшіге тіл тигізу (371-бап), қылмыстарында орындалатын әрекет, туындайтын зардап түрі бірдей болғанмен, әрекеттің бағыты, жасалу орны қылмыс обьектісінің түрін өзгерте алады. Сондықтан, практикада мұндай уақиғалар орын алғанда қылмыстың түрін дұрыс анықтау үшін, біріншіден, қылмыстық кодексте қарастырылған қылмыстар немесе ұқсас қылмыстар туралы сауатты болу керек, екіншіден, мұндай сауаттылық, яғни қылмыстық кодекстің баптары туралы толық хабардарлық болмағанда жасалған іс-әрекеттің бағытына, орнына көңіл аудару керек.

Қылмыстың обьективтік жағының белгілерін дұрыс аынқтау - ол құрамның бұл элементіне жататын белгілердің өзара тығыз байланыс-тылығын түсінуді қажет етеді. Қоғамға қауіпты іс-әрекеттер мағынасы бойынша нақты зардаптар тудыратын және нақты зардапты тудырмай-ақ қылмысты деп бағаланатын түрде болады. Соған сәйкес қауіпты әрекет немесе әрекетсіздіктен елеулі зардаптың арасындағы байланыстың себепті болуы ескерілуі керек. Қылмыстық құқықтық ереже бойынша қауіпті әрекет жасалғанмен және зардап туындағанмен, ол зардаппен байланыс тікелей болмаса, онда өзге әрекеттер қылмысты деп бағала-нады немесе қылмыстың обьективтік жағы жоқ деп танылуы да мүмкін. Сондай-ақ обьективтік жақтың қосымша белгілері де міндетті белгілермен байланысты болуы керек, яғни белгі бір орында, жағдайда, уақыт-та немесе құралмен заңмен қорғалатын мүдделерге нұқсан келуі. Ол кінәлінің жасаған қауіпті әрекетінің түріне сәйкес келуі немесе онымен үндесуі керек.

Заң шығарушылық қызметінде әр қылмыстың өзге қылмыстардан айырмашылығы негізінен, обьективтік жақ белгілеріне қарай бері-летіндігі ескеріле отырып, баптың диспозициясында осы қылмыстың барынша елеулі белгілері қамтылады, оның басты себебі, сот, тергеу қызметкерлері қылмысты іс-әрекеттердің түрін өз бетінше анықтау бағы-тын жүргізуіне шектеу қою болып табылады. Заң мұндай шектеуді іске асыру бағытында кейбір баптарда қажеттілігіне қарай қылмыстың обьек-тивтік жағының белгілерін, нақтырақ айтқанда, осы қылмысты құрай-тын әрекеттердің нысандарын толық келтіреді. Бұл тұжырым В. А. Сер-гиевскийдің «Қылмыстық заңда қылмыстың құрамның белгілерін құқықтық-техникалық бейнелеу-қылмысты іс-әрекеттерді квалификациялауда елеулі маңызға ие. Егер баптың диспозицияларында субьектінің эерекеттерінің түрлері аталса, басқаша айтқанда әрекеттердің тізімі бе-рілсе, онда соттың кеңейтілген талқылау жасауға, бұл тізімді өз көзқа-расы бойынша көбейтуге құқығы жоқ», - 1 деген ұстанымымен сәйкес келеді. Әйтсе де, заң шығарушы қылмыстың обьективтік жағын білдіретін белгілерді барлық кезде тізбектеп көрсете бермей, ол қылмыстың басты белгісін жалпы атаумен ғана беруі де мүмкін. Мұндай баптардағы жалпы атаумен берілген белгі әртүрлі нысандарда анықта-лады. Және ондай әрекеттің жекелеген нысандары түсіндіру кезінде ашылады. Мысалы, Қ. К. 308 бабындағы қызметтік өкілеттікті асыра пайлану қылмысының обьективтік жағын сипаттайтын әрекет, «өкілеттік шегінен көрінеу асып кету» болып табылады. Бірақ бұл баптың диспо-зициясы көрінеу асып кетудің жекелеген нысандарын ашып көрсетпейді. Ол нысандар осы әрекеттің мазмұнын ашу кезінде анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай
Қылмыстық құқықтағы қылмыстың обьективтік жағы
Қылмыстың объективтік жағының түсінігі
Қылмыстың обьективтік жағының түсінігі мен маңызы
Қоғамға қауіпті зардаптар
ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫН ҚҰРАЙТЫН БЕЛГІЛЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі
Қылмыс құрамының түсінігі және оның маңызы
Қылмыстың обьективтік жағының факультативтік белгілері
Қылмыс және қылмыстың құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz