География ғылымының ерекшеліктері мен ғылыми-техникалық маңызы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Біртұтас ғылыми білім жүйесінде географиялық білімдердің өзіндік орны бар.

География жер бетін қурастыратын күрделі территориялық жүйелерді зерттейді. Бул жүйелер: табиғи, әлеуметтік және табиғи-қоғамдық болып бөлінеді.

Географиялық ойлаудың мәні -кеңістік заңдылықтарына талдау жасай білу, геожүйелер мен олардың компоненттерінің арасындағы өзара байланыстарды қазіргі әлемнің географиялық картинасына түсінік беретін тарихи әдістемелер негізінде анықтау. Ғылыми болжам жасау - ғылымның баға жетпес таланты. Географ әр түрлі материалдарды пайдалана отырып, жер беті мен оның жеке аудандарындағы табиғат пен шаруашылықта болатын өзгерістерге болжам жасай білуі керек.

Қазіргі географтар жер бетінің күрделілігі мен қайталанбас ерек-шеліктерін түсіндіретін көптеген заңдылықтарды ашты: географиялық қабықтың зоналылығы мен ырғақтылығы, геожүйелердегі зат және энергия айналымы, геожүйелердің космоспен байланысы, әр түрлі елдердегі шаруашылық дамуы тағы басқалар. Сонымен, әлем туралы географиялық білім уақыт өткен сайын кеңейіп отырады, ол табиғи процестердің динамикасы, мухит суларының жағдайы мен циркуля-циясы, шаруашылықтағы езгерістер туралы мәліметтермен жыл сайын толығып отырады. Қазіргі уақытта жер бетіндегі экологиялық жағдайлар: ауа мен судың ластануы, шөлдің таралуы, топырақ түздануы тағы басқа мәселелер зерттелуде. Карталарда сстихиялық табиғат апаттары: жер сілкінуі, цунами, дауылдар, су тасқыны тағы басқалар Жер шары халқына, шаруашылығына зиянын тигізетін қубылыстар керсетілуде. Табиғат, халық, шаруашылық туралы мәліметтер негізінде белгілі бір территорияның сипаттамасын жасау-тек географтың қолынан келетін шаруа. Сондықтан географияның сырт көзге жеңіл пән болып керінуі бекер.

ГЕОГРАФИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНДЕП МАҢЫЗЫ

Қазіргі ҒТР уақыты - әр түрлі ғылым салаларының үлкен нәтижелер көрсетіп жатқан уақыты. Ядролық физика мен генетика, космонавтика мен есептеу техникасы, күрделі процестерді жобалау мен автоматтандыру, жоғары молекулалы қосылыстар химиясы мен жаңа дәрілік препараттар жасау, кибернетика мен гендік инженерия -булар ғылыми-техникалық прогреске әсерін тигізуші ғылым жетістіктері.

Қазіргі кездің маңызды міндеттері - табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау, қоршаған ортаны жақсарту мен қорғау географияға және оның барлық салаларыңа қатысы бар мәселелер.

Табиғат пен қоғам арасындағы байланыстарды глобалдық және аймақтық масштабта зерттеудің үлкен маңызы бар. Табиғи жүйелердің антропогендік әсерге тұрақтылығын зерттеу өте қажет жағдай. Қоршаған ортаның жағдайына бақылау жасау - географияның маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.

Географияның теориялық және қолданбалық потенциалы аса ірі әрі маңызды табиғат туралы мәселелерді шешуде кеңінен қолданылады.

Аталған міндеттер мен халық шаруашылығы мен экономикасын басқаруда территориялық принципті қолданудың қажеттілігі зор.

Географиялық зерттеулердің маңыздысы қоршаған орта жағдайына, демографиялық, экономикалық жағдайларға болжам жасау.

Дурыс, ғылыми түрде негізделген болжамдар халық шаруашы-лығын тиімді түрде жоспарлауға себін тигізеді.

География тек қана табиғатты, халықты, экономиканы ғана зерттеп қоймайды, оның идеологиялық қызметінің де маңызы зор. Білімді адамдарды дүние жүзінің саяси картасын, әлемдік экологиялық маңызы бар мәселелерді білмейінше білімді деп санауға болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми-практикалық конференциялардың оқушы шығармашылығын дамытудағы маңызы: география мен экология
География мен тарих пәндеріндегі карталардың әдістемелік маңызы
Ғылыми-техникалық прогресс: ерекшеліктері, даму бағыттары және Қазақстанның ғылыми-техникалық потенциалын талдау
География пәніндегі жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері мен енгізу тиімділігі
Қазақстан ғылымының даму приоритеттері мен ғылыми ақпараттық жүйесін құру
Ағылшын тіліндегі ғылыми-техникалық мәтіндерді қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Химия ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдардың тарихи-ғылыми шолуы
Табиғин дәуіріндегі тәпсір ғылымының қалыптасуы мен ерекшеліктері
Психология ғылымының теориялық-әдіснамалық мәселелері мен қолданбалы маңызы
Тау-кен саласы негізінде ғылыми-техникалық мәтіндерді орысшадан қазақшаға аударудың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz