Қазақстан Республикасы Прокуратурасы
1 Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы
а) Қазақстан Республикасының әділет органдары мен мекемелері
б)Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары
Пайдаланған әдебиеттер

Қоғам дегеніміз — адамдар мен олардың ұйымдары арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі жүйесі. Мемлекет арнаулы органдар арқылы қоғамды басқарады, көпшілік бұқара үшін маңызы бар мәселелерді шешеді және қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Мемлекеттің түрлі органдары бар, олар өздерінің тікелей биліктік міндеттерін атқаруда өзара тығыз байланыста және бір-біріне бағынышта болады. Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарына: сот, прокуратура, Ішкі істері органдары, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет органдары, Кедендік бақылау органдары, жемқорлық және басқа кәсіби қылмыстармен күрес органдары жатады.
Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық — бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі. Заңдылықтың мәні — құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға белсенді қатысуларын көздейді.

1 Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет.
Қазақстан Республикасы Прокуратурасы
Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы
а) Қазақстан Республикасының әділет органдары мен мекемелері
б)Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы
Қоғам дегеніміз — адамдар мен олардың ұйымдары арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі жүйесі. Мемлекет арнаулы органдар арқылы қоғамды басқарады, көпшілік бұқара үшін маңызы бар мәселелерді шешеді және қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Мемлекеттің түрлі органдары бар, олар өздерінің тікелей биліктік міндеттерін атқаруда өзара тығыз байланыста және бір-біріне бағынышта болады. Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарына: сот, прокуратура, Ішкі істері органдары, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет органдары, Кедендік бақылау органдары, жемқорлық және басқа кәсіби қылмыстармен күрес органдары жатады.
Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық — бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі. Заңдылықтың мәні — құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға белсенді қатысуларын көздейді.
Заңдылық табиғатын түсіну үшін оның негізгі қағидаттарын анықтап алу қажет. Заңдылық қағидаттары — бұл заңдылықтың мазмұнын бейнелейтін негізгі идеялар, бастаулар. Оларға жататындар:
— Жалпыға бірдейлік қағидаты. Заңдылықтың жалпыға бірдейлігі жағдайына, шеніне және дәрежесіне қарамай, жалпы жұртқа және әрбір адамға бірдей міндеттілігі. Заң алдында жұрттың бәрі бірдей жәнө бәрі де оған бағынуы тиіс, керісінше болған жағдайда жауапкершіліктен ешкім кашып құтыла алмайды.
— Бірлік қағидаты. Заңдылық бірлігінің мәні. Бұл талап елдің бүкіл аумағына таралады.
— Заңның үстемдік қағидаты. Ол дегеніміз — мемлекеттің өмір сүруі лауазым иелерінің өздерінің міндеттері мен құқықтарын қатаң іске асыруы арқылы тек заң негізінде ғана жүзеге асырылуы тиістігін білдіреді. Мемлекет құқық Корғау органдарының қызметкерлеріне өз ұйғарымы бойынша еркін әрекет етуге, өз дегенімен шешім шығаруға, қандай да бір себептермен заңды орындап не орындамауына жол бермейді.
— заңдылықты іске асырудың тұрақтылық қағидаты. Заңдылықты іске асырудың тұрақтылығы кез келген заң бұзушылықтың кімнің тарапынан болғандығына қарамастан оның жолы кесілетіндігін, заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктен құтылмайтындығын білдіреді.
— Заңдылық пен мақсатқа лайықтылықты қарсы қоюға болмайтындық қағидаты. Жоғары мүдделер, халық талабы, мораль (өнеге) талабы деген желеулермен заңылықтан кез келген кері шегініс қоғамның тұрақсыздығына әкеліп соқтырады, құқықтық нигилизмнің (немқұрайлықтың) өсуіне жағдай жасайды. Егер заң ескіріп, оны пайдалану орынды болмай қалса, онда оны тек заң арқылы белгіленген рәсімге сәйкес өзгерту, толықтыру қажет, Заң өзгеріс енгізілгенге дейін өмір сүреді, әрекет етеді. Бұрынгылар заң қатал болса ғана заң (Dura lex, sed lex) деп бекер айтпаған.
— Заңдылық пен мәдениеттілік қағидаларының байланыстылығы. Мәдениеттіліктен ада заңдылық туралы әңгіме болуы да мүмкін емес: тұтас алғанда қоғамның, жекелеген азаматтардың мәдени деңгейі жоғары болған сайын, заңдылықтың да деңгейі жоғары болады.
Басқа бір құқықтық құбылыс — құқықтық тәртіп заңдылығымен байланысты. Құқықтық тәртіп — бұл заң мен құқыққа негізделген қоғамдық қатынастардың тәртіптілік жай-күйі. Бұл құқықтық талаптарды іске асырудың құқықтық нормаларды, яғни заңдылықты сақтаудың, орындаудың түпкі нәтижесі. Заңдылық — талап, құқықтық тәртіп — осы талаптарды орындау тәжірибесі. Құқықтық реттеудің мақсаты құқықтық тәртіп, нақ осыған қол жеткізу үшін өзге де нормативтік құқықтық актілер шығарылады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайту жөніндегі шаралар жүргізіледі. Құқықтық тәртіп пен заңдылық арасында бір-біріне тікелей тәуелділік бар: заңдылықтың нығайтылу құқықтық тәртіпті нығайтады, ал бұған керісінше, егер заңдылық бұзылса, онда құқықтық тәртіп те іле-шала бұзылады.
Құқық қорғау қызметі кез келген тәсілмен ғана емес, ықпал етудің заңдық шараларын қолданудың көмегімен жүзеге асырылады. Олардың қатарына заңмен белгіленетін мемлекеттік мәжбүрлеу және жазалау шараларын жатқызуға болады.Мемлекеттік мәжбүрлеудің төрт түрі белгілі:
1) қылмыстық-құқықтық (қылмыс жасаған жағдайда)
2) азаматтық-құықтық (қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтырмайтын мүліктік зиян келтірілген жағдайда);
3) әкімшілік-құқықтық (әкімшілікке теріс қылық жасау; мысалы, ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер ішу);
4) тәртіптік (өзінің еңбек ету және басқа міндеттерін атқармау немесе оларға салдыр-салақ қарау).
Заң құқық қорғау органдарынан заңның немесе өзге де құқықтық актілердің белгіленген тапсырмаларына ғана сәйкес келетін заң жөнімен ықпал ету шараларын қолдануды талап етеді. Егер заң бойынша суық қаруды сақтау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл түріндегі санкция қарастырылған болса, әкімшілік жолымен тұтқынға алуды қолдануға болмайды. Құқық қорғау қызметі белгілі бір тәртіптің аясында орындалады. Мысалы, қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жазалау шараларын қолдану шегін қажетті тексерулер жүргізбей тұрып айқындауға болмайды.
Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы[өңдеу]
Құқық қоргау органдары заңдылықты бұзуға жол бермейді, құқықты қалпына келтіреді, құқық бұзушылықтың жағымсыз зардаптарын жояды. Қылмыстың жасалуына итермелеген себеп пен жағдай және қылмыстылықтың жолын кесу шараларын қабылдау.
Сот — әділеттілікті жүзеге асырушы орган. Сот әділдігі — қылмыстық және азаматтық істерді қатаң түрде заңға сәйкес қарау жене шешу жөніндегі құқық қорғау қызметінің бір түрі.
Сот әділдігі мынадай белгілермен сипатталады:
— Сот әділдігін тек қана сот жүзеге асырады.
— Сот әділдігі қатаң түрде заңға сәйкес қылмыстық және азаматтық істерді қарайды және шешеді. Сот әділдігінің барлық маңызды мәселелерін тек қана заң анықтайды.
Сот шешімі жалпыға міндеттілік күшіне ие. Бұл Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен заңды және жеке тұлғалардың міндетті сот шешімінің заңды күшіне енгенін көрсетеді. Сот шешімін орындамау мемлеттік мәжбүрлеу, тіптен бостандығынан айыру шарасын қолдануға алып келеді. Қазақстан Республикасында сот әділдігі соттар арқылы ғана жүзеге асырылады. Ешқандай басқа мемлекеттік немесе мемлекеттік емес органдар сот әділдігін жүзеге асыра алмайды. Соттың шығарған шешімдерін бұзуға немесе өзгертуге тек қана соттардың ғана құқығы бар.
Сот билігін жүргізуші — судья. Судья сот әділдігін жүзеге асыруды айыпталушының кінәсіздігін дәлелдеу қағидасына сүйене отырып атқаруы тиіс. Кінәсіздігін дәлелдеу азаматты жазықсыз соттап жіберуден қорғайды. Әр азамат заң жүзінде кінәлілігі дәлелденгенше кінәлі емес деп есептеледі. Тек сот үкім шығарғаннан кейін ғана оны қылмыскер деп айта аламыз.
Қазақстан Республикасының әділет органдары мен мекемелері[өңдеу]
Әділет саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін атқарушы биліктің орталық органы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аумақтық әділет мекемелеріне, нотариалдық кеңселерге, азаматтық хал актілерін тіркеуді жүргізетін органдарга (АХАТ), қылмыстық атқарушылық жүйеге, оку орындары мен ғылыми мекемелерге басшылық қызметін атқарады.
Әділет министрлігінің негізгі міндеттері:
Саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірдің құқықтық негіздерін бекітуге ықпал ету;
заң жобалау жұмыстарын ғылыми және тәжірибелік жағынан қамтамасыз ету;
заң жобаларын құқықтық және қылмыстық тұрғысынан сараптауды қамтамасыз ету;
қабылданатын заңдардың тиімділігін болжау.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары[өңдеу]
Ұлттық қауіпсіздік органндары — Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын арнаулы мемлекеттік органдар. Олардың міндеті — өздеріне берілген өкілеттіктер мен жеке адамдар мен қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекеттің егемендігін, аумақтық тұтастығын; елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс қуатын қорғауды қамтамасыз ету.
Ұлттық қауіпсіздік органдары:
жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жасап, іске асыруға қатысады;
Қазақстан Республикасының мүдделеріне сәйкес барлау ақпараттарын іздестіріп табады;
Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға, қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталган терроризм сияқты қауіпті қылмыстар мен өзге де әрекеттерден сақтандырып, олардың жолдарын кеседі;
мемлекеттік органдарды, еліміздегі ұйымдар мен әскери құрылымдарды ақпараттық және кодталған (астыртын) байланыстармен қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де қүрылымдық бөлімшелер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы үкіметтік байланыс органдары, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен өзге де ұйымдар ұлттық қауіпсіздік органдарының біртүтас жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуге тілек білдірген, өздерінің моральдық (өнегелік) және іскерлік қабілеттеріне, жасы, білімі мен денсаулығына қарай өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті азаматтар ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке орналаса алады. Кедендік бақылау органдары Қазақстан Республикасындағы Кедендік қызмет республиканың кеден шекарасыарқылы тауарлар мен көлік құралдарының (тасымалдаушының) қозғалысына кедендік иідемдер мен салықтар алу, кедендік рәсімдеу, кедендік бақылау және кедендік саясаттың, басқа да құрамаларын іске жұмылдырудың шарттары мен тәртіптерін құрайды. Кедендік органдардың лауазым иелері билік өкілдері болып табылады, олардың заңды талаптары мен өнімдерін мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар орындауғa міндетті.
Кедендік органдар жүйесіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрамындағы кедендік бақылау агентігі, кедендік басқармалар, кедендер, кедендік бекеттер кіреді. Сонымен, құқық қорғау қызметі дегеніміз — заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі арнайы мемлекеттік органдардың қызметі. Бұл қызмет мемлекеттің, жалпы қоғам мен әрбір жеке адамның құқықтары, еріктері мен заңды мүдделерін қорғаудан тұрады. Құқық қорғау қызметі заңды ықпал ету шараларымен заңға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.[1]
Пайдаланған әдебиеттер[өңдеу]
Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: Мектеп баспасы, 2007. — 192 бет.
13-бап. Республика Президентiнiң прокуратура
органдарына қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Парламент Сенатының келiсiмiмен Республиканың Бас Прокурорын бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады.
2) Бас Прокурордың ұсынысы бойынша Республика Бас Прокурорының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) әр тоқсанда кемiнде бiр рет Бас Прокурордың елдегi заңдылықтың жай-күйi туралы есебiн тыңдайды.
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының рәмізі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1159 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының рәмізі болып Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының эмблемасы белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының эмблемасының сипаттамасы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының эмблемасын дайындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріндайындайтын кәсіпорындармен, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттекөзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президентi туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Конституциялық заңы
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң құқықтық жағдайын белгiлейдi.
Ескерту. Тақырып пен кіріспе жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 378 Конституциялық заңымен.
I тарау
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
мәртебесi
1-бап. Республика Президентi
1. Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
2. Республика Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
3. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
4. Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi.
5. Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентiнiң абыройы мен қадір-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.
2-бап. Республика Президентiн сайлау
Республика Президентiн сайлау конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3-бап. Республика Президентiнiң қызметiне кiрiсуi
1. Республика Президентi: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. Республика Президентi анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтады.
2. Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде өткізіледі.
Президент кезектен тыс сайлауда сайланған жағдайда не Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Президент өкілеттігін қабылдағанда, ант беру президенттік сайлау қорытындысы жарияланған не Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі. Бұл жағдайларда ант беру күнін Республиканың Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.
Ант беру салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың барлық бұрынғы Президенттерінің қатысуымен өткізіледі.
3. Республика Президентi Республика Конституциясына ант етедi. Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалады. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Президентке Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және "Алтын қыран" орденiн тапсырады.
4. Егер бiр тұлға Республика Президентi болып екiншi өкiлеттiк мерзiмiне сайланған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын белгiсi, байрағы және "Алтын Қыран" орденi оған қайталап тапсырылмайды.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 378, 2011.02.03 № 404-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
4-бап. Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi
1. Республика Президенті бес жыл мерзімге сайланады.
1-1. Кезектен тыс сайлауда сайланған Республика Президентінің өкілеттігі кезектен тыс сайлаудан кейін бес жылдан соң желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізілуге тиіс кезекті сайлауда сайланған Республика Президенті лауазымына кіріскенге дейін жүзеге асырылады.
2. Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен сәттен бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.
3. алып тасталды
4. Бiр тұлға қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына қолданылмайды.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 378, 2007.06.19 N 265, 2010.06.14 № 289-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.02.03 № 404-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
5-бап. Республика Президентi лауазымында
болуға байланысты шектеулер
1. Республика Президентiнiң өкiлдi органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға хақы жоқ.
2. алып тасталды
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 378 , 2007.06.19. N 265 Конституциялық заңдарымен.
6-бап. Республика Президентiнiң айырым белгiлерi
1. Республика Президентiнiң айырым белгiлерi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын белгiсi мен байрағы болады.
2. Омырауға тағатын белгiнiң сипаттамасын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды. Байрақтың сипаттамасын, омырауға тағатын белгi мен байрақты ресми пайдалану тәртiбiн Республика Президентi белгiлейдi.
3. Республика Президентi қызметi бойынша "Алтын Қыран" орденiнiң иесi болып табылады.
4. "Алтын Қыран" орденiнiң сипаттамасы, аталған ордендi берудiң негiздерi мен тәртiбi Республика заңдарымен белгiленедi.
II тарау
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
өкiлеттiгi
7-бап. Республика Президентiнiң сыртқы
саясаттағы өкiлеттiгi
1. Республика Президентi:
1) келiссөздер жүргiзедi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды;
2) келiссөздер жүргiзуге және Республиканың мемлекетаралық шарттарына қол қоюға өкiлеттiк бередi;
3) алып тасталды
4) бекiту грамоталарына қол қояды;
5) Республика жасасқан, бекiтуге жатпайтын халықаралық шарттардың күшiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды;
6) Парламентке Республика жасасқан халықаралық шарттарды денонсациялау туралы ұсыныс енгiзедi.
2. Республика Президентi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi шақырып алады.
3. Республика Президентi өзiнiң жанында тiркелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және өзге де өкiлдерiнiң сенiм грамоталары мен керi шақырып алу грамоталарын қабылдайды.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 378 Конституциялық заңымен.
8-бап. Республика Президентiнiң мемлекеттiң қорғаныс
қабiлетiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
саласындағы өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылық құрамын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады:
2) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қатер төнген әрi мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламентi Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялар алысқаннан кейiн, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкiл аумағында және оның жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзудi, Республиканың Қарулы Күштерiн қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететiн шараларды қолданады;
3) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қатер төнген ретте Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде әскери жағдай енгiзедi, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлайды;
4) Парламент Палаталарының бiрлескен отырысының қарауына Республика Қарулы Күштерiн бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшiн пайдалану туралы ұсыныс енгiзедi;
5) өзiне бағынысты Республика Президентiнiң Күзет қызметiн және Республикалық ұланды жасақтайды;
6) Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекiтедi;
7) Республика азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру және мерзiмдi әскери қызметтiң қызметшiлерiн запасқа шығару туралы шешiм қабылдайды;
8) Парламент Сенатының келiсiмiмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасын қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 378 Конституциялық заңымен.
9-бап. Республика Президентiнiң Парламентке
қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Парламентке және оның Палатасына кезектi және кезектен тыс сайлау тағайындайды;
2) Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын тағайындайды. Сенаттың тағайындалатын мүшелері өкілеттіктерінен айырылған немесе олардың өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда бір ай мерзімде шығып қалғандардың орнына Сенат депутаттарын тағайындайды;
3) сайлау нәтижелерi жариялаған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей Парламенттiң бiрiншi сессиясын шақырады;
4) Парламент депутаттарының Қазақстан халқына беретiн антын қабылдайды;
5) Парламент Сенатының Төрағасы лауазымына кандидатура ұсынады;
6) әдетте, Парламент сессияларын ашады;
7) Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде өз бастамасымен, палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады, онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады;
8) Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; егер Парламент Конституцияның 54-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, бір ай ішінде заңға қол қояды;
9) Парламенттiң қарауына Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы жоба беруге хақылы;
9-1) заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісінің қарауына заңнамалық актілер жобаларын өзінің арнайы жолдауымен енгізеді;
10) заң жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге, сондай-ақ заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялауға, яғни Парламенттiң осы жобаны оның енгiзiлген күнiнен бастап бiр ай iшiнде қарауға мiндеттi екендiгiн бiлдiретiн ұсыныс енгiзуге құқығы бар. Осы талапты Парламент орындамаған жағдайда Республика Президентi Заң күшi бар, Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламент жаңа Заң қабылданғанға дейiн күшi болатын жарлық шығаруға хақылы;
11) Парламент Палаталарының кез келген бiрлескен отырыстарына немесе оның Палаталарының бөлек отырыстарына қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар;
12) Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда Сенат немесе Мәжiлiс Конституцияда көзделген тәртiппен қабылдаған Парламент Сенатының немесе Мәжiлiсiнiң оны қызметiнен босату жайындағы өтiнiшiн қарайды, сондай-ақ Парламенттiң тиiстi Палатасы Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен Республика Президентiне Yкiметтiң осы мүшесiн қызметiнен босату туралы алғаш өтiнiш берген күннен бастап алты ай өткен соң ол туралы қайталап мәселе қойса, Yкіметтiң ол мүшесiн қызметiнен босатады;
13) Конституцияда көзделген тәртіппен Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 378, 2006.12.11. N 200 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.06.19. N 265 Конституциялық заңдарымен.
10-бап. Республика Президентiнiң Үкiметке
қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Парламент Мәжілісінің келiсiмiмен Республиканың Премьер-Министрiн қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады;
2) Премьер-Министрді тағайындағаннан кейінгі он күн мерзім ішінде оның енгізген ұсынысы бойынша Үкімет құрылымын айқындайды, Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады;
3) Үкiмет мүшелерiнiң антын қабылдайды;
4) жүйелi түрде Премьер-Министрдiң Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары туралы және оның барлық маңызды шешiмдерi туралы баяндамасын тыңдайды, оның барысында Премьер-Министр Үкiмет жұмысы туралы есеп бередi;
5) Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдар үшiн қаржыландыру мен қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекiтедi;
6) аса маңызды мәселелер бойынша Үкiмет отырыстарына төрағалық етедi;
7) Үкiметке Парламент Мәжiлiсiне заң жобасын енгiзудi тапсырады;
8) Республика Үкіметі мен Премьер-Министрі актiлерiнiң күшiн жояды не толық немесе iшiнара тоқтата тұрады;
9) егер Үкiмет пен оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi жүзеге асыруы мүмкiн емес деп санаса немесе егер Парламент Мәжілісі не Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрсе, олар мәлiмдеген орнынан түсуi туралы, сондай-ақ Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшесi мәлiмдеген орнынан түсуi туралы шешiмдi қабылдайды;
10) Үкiмет немесе оның кез келген мүшесi мәлiмдеген орнынан түсудi он күн мерзiм iшінде қабылдайды немесе қабылдамай тастайды;
11) Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуiн қабылдамай тастаған ретте оларға өз мiндетiн одан әрi жүзеге асыруды тапсырады;
12) өз бастамасы бойынша Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату, Премьер-Министр мен Үкiметтiң кез келген мүшесiн қызметтен босату туралы шешiм қабылдауға хақылы;
13) өз актiлерiмен Үкiметке Республика Конституциясы мен заңдарында белгiленгеннен басқа атқару мiндеттерiн жүзеге асыруды жүктеуге хақылы;
14) Республика Үкiметiне заң шығару тапсырмаларын бередi.
Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 378, 2007.06.19. N 265 Конституциялық заңдарымен.
11-бап. Республика Президентiнiң Конституциялық
Кеңеске қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен екi мүшесiн қызметке тағайындайды, конституциялық заңға сәйкес оларды мерзiмiнен бұрын қызметтен босатуға хақылы;
2) Республика Конституциясының 72-бабында көзделген жағдайларда Конституциялық Кеңеске өтiнiш білдіредi;
3) Конституциялық Кеңестiң шешiмiне толық немесе оның бiр бөлiгiнде қарсылықтар енгiзедi.
12-бап. Республика Президентiнiң соттарға
және судьяларға қатысты өкiлеттігі
Республика Президенті:
1) Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесін негізге ала отырып, Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын қызметке сайлау және қызметтен босату үшін Парламент Сенатына ұсынады;
2) Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 265 Конституциялық заңымен.

14-бап. Республика Президентiнiң Орталық сайлау
комиссиясына қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін тағайындайды;
2) Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженi бекiтедi;
3) Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының тағайындалған республикалық референдумға, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға әзiрлiк барысы туралы және референдум мен сайлау нәтижелерi жөнiндегi хабарламасын тыңдайды.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 265 Конституциялық заңымен.
15-бап. Республика Президентiнiң Ұлттық
Банкке қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Парламент Сенатының келiсiмiмен Республика Ұлттық Банкiнiң Төрағасын қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады;
2) Ұлттық Банк Төрағасының ұсынысы бойынша Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) әр тоқсанда кемiнде бiр рет Ұлттық Банк Төрағасының Республика Ұлттық Банкiнiң жұмысы туралы есебiн тыңдайды.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 265 Конституциялық заңымен.
16-бап. Республика ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz