Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа туралы
1 Әбу Ханифа мазһабы, мәні мен маңызы
2 Әбу Ханифа. Ғибратты өмір өрнектері
3 Әбу Ханифа . ұлық имам, мәшһүр ғалым
4 Әбу Ханифа адалдық пен жомарттық үлгісі.

Сәлімгерей кәсіпкерлікпен айналысып фирма ашты. Бірте-бірте ісі алға басып, біраз қор жинапты. Имандылықты ту етті. Адал жүріп, адал тірлік еткеннің пайдалы екенін түсінген ол өзі ғана емес, ұлдарын да ата дініне бет бұрғызды. Әсіресе үлкен баласымен апта сайын жұма намазынан қалмайды. Сөйтіп жүріп қасиетті Мекке мен Мадинаға перзентін ертіп қажылыққа баруды жоспарлады. Ол ойы да орындалып, дініміздің отанына барудың сәті түсті.
Меккедегі бас мешітте бір мезгілде бір миллион адам намазға тұрады екен. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мұсылмандар бір атаның балаларындай бір сапқа тұрып, сәждеге жығылуда. Ғибадат соңында Арман әкесінен:
– Әке, намаз кезінде діни амалдарды әркім әртүрлі орындап жатқанын байқадым. Біреуі қолын кіндіктен төмен байласа, енді бірі кеудесіне қояды. Аяқтарын да талтитып тұрады. Біздің елде діни амалдар бұлай әртүрлі атқарылмайды, бірдей ғой, неге олай деді.
– Балам, жаһанның күллі мұсылмандарының 84% сүнниттер. Бұл Исламдағы басты бағыт. Ал енді сүнниттердің өзі 4 мазһабқа бөлінеді. Біз ұлық имам – имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабындамыз. Сол себепті де діни амалдарымызда алшақтық жоқ,-деді әкесі.
– Әке, мазһаб деген не,-деді Арман бұрын ести бермеген сөзге түсінбей.
Сәлімгерей әңгімесін әріден бастап түсіндіруге кірісті.

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
Сәлімгерей кәсіпкерлікпен айналысып фирма ашты. Бірте-бірте ісі алға басып,
біраз қор жинапты. Имандылықты ту етті. Адал жүріп, адал тірлік еткеннің
пайдалы екенін түсінген ол өзі ғана емес, ұлдарын да ата дініне бет
бұрғызды. Әсіресе үлкен баласымен апта сайын жұма намазынан қалмайды.
Сөйтіп жүріп қасиетті Мекке мен Мадинаға перзентін ертіп қажылыққа баруды
жоспарлады. Ол ойы да орындалып, дініміздің отанына барудың сәті түсті.
Меккедегі бас мешітте бір мезгілде бір миллион адам намазға тұрады екен.
Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мұсылмандар бір атаның балаларындай бір
сапқа тұрып, сәждеге жығылуда. Ғибадат соңында Арман әкесінен:
– Әке, намаз кезінде діни амалдарды әркім әртүрлі орындап жатқанын
байқадым. Біреуі қолын кіндіктен төмен байласа, енді бірі кеудесіне қояды.
Аяқтарын да талтитып тұрады. Біздің елде діни амалдар бұлай әртүрлі
атқарылмайды, бірдей ғой, неге олай деді.
– Балам, жаһанның күллі мұсылмандарының 84% сүнниттер. Бұл Исламдағы басты
бағыт. Ал енді сүнниттердің өзі 4 мазһабқа бөлінеді. Біз ұлық имам – имам
Ағзам Әбу Ханифа мазһабындамыз. Сол себепті де діни амалдарымызда алшақтық
жоқ,-деді әкесі.

Әбу Ханифа мазһабы, мәні мен маңызы
Ислам он төрт ғасырдан бері бүкіл адамзатты сенімі мен нанымына, тегі мен
нәсіліне қарамай бейбітшілік пен ынтымаққа, сабырлылық пен тазалыққа
шақырып келе жатқан Алла тағаланың бірегей діні. Тарих сахнасына
көтерілгеннен бері, өмірдің өзі көрсеткендей, Ислам дінінің ғылым–білім мен
өркениеттің сарқылмас кәусар бұлағы екендігін әлем мойындауда.
Ислам әлемге тек қана Орта Азияның өзінен Әбу Насыр әл-Фараби (870–950),
Әбу Әли Ибн Сина (980–1037), Әбу Райхан әл-Бируни (973–1050), Ұлықбек
(1394–1449), Мұхаммед Заһир ад-Дин Бабыр (1483–1530) мен Мұхаммед Хайдар
Дулати (1499–1551) секілді кемеңгер ғұламалар мен көрнекті мемлекет
қайраткерлерін берді. Олар ғылымның көптеген саласына жол ашты.
Ислам дінінің қазақ даласына келгеніне он екі ғасырдан аса уақыт өтті.
Содан бері халқымыз атақты ислам ғұламасы, фиқһтың (мұсылман заңы) білгірі
Нұғман ибн Сәбит (р.а.) (699–767) негізін қалаған Ханафи мазһабын (діни
құқықтық мектеп) ұстанып келеді. Осы орайда, әуелі фиқһ пен мазһабтың
ерекшеліктеріне тоқтала кетейік.
Мәз¬һаб – жол, ба¬ғыт, көз¬қа¬рас де¬ген ма¬ғы¬на¬ны біл¬ді¬ре¬ді.
Ша¬ри¬ғат¬та – ар¬найы тә¬сіл¬дер, ере¬же¬лер ар¬қы¬лы Құ¬ран мен
сүн¬нет¬тен шы¬ға¬рыл¬ған үкім¬дер мен көз¬қа¬рас¬тар жиын¬ты¬ғына мәзһаб
делінеді. Шариғат үкімдерінің қайнар көзі болып табылатын Құран және
хадистің әрбір сөзінің бірнеше астарлы, терең мағыналары, түсу себептері,
тіпті кейбір себептерге байланысты хадистердің бір-біріне қарама-қайшы
келетін, яки бір қарағанда қарама-қайшы сияқты көрінетін жерлері де бар.
Және хадистердің сахих лизәтиһи, сахих лиғайриһи, хасан лизәтиһи,
хасан лиғайриһи, әлсіз, жалған мутауатир, ахад, мәшһур, ғариб
сияқты қуаттылық жағынан үкім шығаруда үлкен әсерлі дәрежелері бар. Құран
аяттары мен пайғамбарымыздың астары терең қасиетті хадистерін жалпы халықты
былай қойғанда, араб тілін жетік білетін мамандардың өзі ара жігін
ажыратып, пәтуа шығаруы мүмкін емес. Белгілі мәселеде пәтуа шығаратын адам
алдымен мыңдаған хадистерді саралап, барлық Құран аяттарына мұхият көз
жүгіртіп шығуы тиіс. Мұнымен қоса сол мәселедегі әз сахабалардың айтқан
сөздері мен берген пәтуаларын әрі кейінгі келген мүжтаһид ғұламалар мен
замандас ғалымдардың көзқарастарын білуі және жергілікті халықтың
менталитеті мен жағдайын жақсы білуі қажет. Бұларды кез-келген қарапайым
адам тереңнен талдап, аражігін ажыратып, шариғи үкім шығара алмайтындықтан
Әбу Ханифа сияқты Құран ілімімен қоса хадис ілімін, мантық-қисын, фиқһ
негіздерін, т.б. ислами ілімдерді жетік білген мүш¬тә¬һи¬дтің шығарған
үкімдерімен жүруге мұқтаж. Өз бе¬тін¬ше әре¬кет ету¬ші жол¬дан ада¬суы
әб¬ден мүм¬кін.
Исламның алғашқы дәуірінде мұсылмандар арасында діни қайшылықтар тумады.
Өйткені, хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз қасиетті Құран және өзінің
даналығымен мәселенің шешімін айтып, дер кезінде алауыздықтың алдын ала
білді.
Бұл туралы Алла тағала мұсылман үмметін: Ей, иман келтіргендер! Аллаға,
пайғамбарға және өз араларыңдағы ұлықтарыңа бойсұныңдар. Егер өзара бір
нәрсеге келісе алмасаңдар, оның жайын Алладан, пайғамбардан сұраңдар.
Аллаға, қиямет күніне сенетіндерің рас болса, бұл сендер үшін кайырлы, әрі
тиімді (Ниса сүресі, 59-аят),-деп ескертеді.
Шариғаттың негізгі мәселелері Құран мен хадисте қамтылған. Сондықтан
хазреті Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ислам қауымына: Ей, мұсылмандар!
Мен сендерге екі нәрсені қалдырып барамын. Егер оларды бекем ұстап, амал
етсеңдер, ешқашан адаспайсыңдар. Олар – Алланың кітабы (Құран Кәрім) және
Алла Елшісінің сүннеті,- деген.
Уақыт өте мұсылмандардың саны көбейе түсті, жаңа мәселелер туындай бастады.
Өйткені өмір мен тіршілік үнемі өзгеріп, өркендеп, жаңарып, дамып отырады.
Бұндай жағдайда, сахабалар өз білімдеріне сүйеніп, шариғат шеңберінде ол
мәселелерді шешіп отырды.
Мысалы, Әбу Бәкір (р.а.) өзінің халифалық кезінде бір мәселеге байланысты
шешім шығарар алдында Құран аяттарына сүйенген, ол мәселенің жауабын
аяттардан таба алмай қалған жағдайда, хадистерден іздеген. Ол жерден де
таба алмаса, білімді де, беделді сахабалардың басын қосып, олармен сол
мәселелер туралы кеңесіп, ойларын тыңдап, содан кейін ғана шешім
қабылдайтын.
Кейінірек Ислам діні өзге халықтар, ұлыстар арасына таралды. Олар араб
тілін де, дінін де білмейтін. Діни үгіт–насихат пен тағлым істерін оларға
жеткізу сахабалар үшін оңай емес–тін. Бұл ретте сахабалар ислам дінін
бүге–шігесіне дейін үйренемін дегендерге ұстаздық етті. Сол ұстаздар
қатарына хазреті Мұхаммед (с.ғ.с ) пайғамбарымыздың ұлық төрт халифасы,
сондай–ақ Абдулла ибн Масъуд (590–653), Абдулла ибн Омар (612–643), Абдулла
ибн Аббас (619–686), Абдулла ибн Әмр ибн Аас (571–664), Зәйд ибн Сәбит
(615–665) және Айша (613–678) (р.а.) анамызды жатқызуға болады. Олар өз
заманының дара адамдары еді. Абдулла ибн Аббастың (р.а.) үйі білім ордасы
атанған.
Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз оларға: Сахабаларым аспандағы
жолшы жұлдыздар іспетті. Олардың қайбіріне ілессеңдер, хақ жолын
табасыңдар,–деп сипат берген.
Имам Мәліктің (713–795) Муатта атты кітабын оқып шыққан халифа Жағфар
Мансур (754–775) оның біліміне ризашылық білдіріп: Өте құнды еңбек
жазыпсыз. Келіңіз, мұсылмандарға ислам дінін тек осы кітап бойынша амал
еткізейік,-дегеніне, имам: Жоқ, олай етуге болмайды. Расулулланың
сахабалары жан-жаққа тарады, олардың барлығы да өздерімен жақсылықты ала
барды,- деген екен.
Сахабалардың кезінде түрлі діни көзқарастар пайда болды. Соның салдарынан
исламды әртүрлі талдайтын, түрлі-түрлі мазһабтар (діни құқықтық мектеп,
жол) көбейді.
Уақыт өте фиқһ (мұсылман заңы) саласы бойынша Құран аяттарын дұрыс талдау
және хадистерді зерттеу арқылы шариғатты дамытып, жалған мектептерге қарсы
күресуші, олардың қателіктерін паш етуші Әбу Ханифа (699–767), имам Малик
(717–795), имам Шафиғи (767–820), Ахмад ибн Ханбал (780–855) секілді ислам
ғұламаларының мазһабтары дүниеге келді.
Бұлар ислам әлемінде ресми мазһаб саналып, 1300 жылдан бері өз ұстанымдары
бойынша амалдарын жүргізуде. Ол мазһаб иелерінің әрқайсысы мүжтаһид
(білгір) ғалымдар еді. Солардың біріне мойынсұну арқылы, осы заманға
дейінгі әртүрлі қайшылықтардың жолы кесіліп, алды алынып келеді. Сондықтан
бұл төрт мазһабтың бірін ұстану қазіргі заман талабы да. Өйткені, олар
Құран кәрім мен сүннет жолына лайық болғандықтан, әһлус-сүннә уәл-жамаға,
яғни хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннет жолын ұстанып,
көпшіліктен бөлінбей, бірлік–ынтымақты жақтаушы қауым мазһабтары атанды.
Мазһабтардағы айырмашылықтар тек абзал және дұрыс деген сөзде ғана. Яғни,
біз өз мазһабымызды абзал санаймыз да, ал қалған үш мазһабты дұрыс деп
білеміз. Тек біздің мазһаб дұрыс, қалған үшеуі бұрыс деу адасушылық болып
есептеледі.
Соның ішінде біздің Ханафи мазһабымыз тұла бойы адамгершілік пен бүкіл
адамзатқа ортақ асыл құндылықтарға бай. Бұл күндері әлем халқының төрттен
бірі мұсылман болса, солардың 48% осы мазһабта. Қалған 52% үш мазһаб пен
өзге де ағымдарға тиесілі.
Имам Малик мазһабын Африканың бірқатар елі, Имам Шафидің мазһабын Мысыр,
Сирия, Малайзия, Индонезия, ал Ахмад ибн Ханбал мазһабын Парсы шығанағы
аймағындағы халықтар ұстанады. Әбу Ханифа мазһабы негізінен Үндістан,
Пәкістан, Ауғанстан Түркия, Ресей, Кавказ, Орта Азия мен Қазақстан жұртына
кеңінен тараған.
Осы төрт мазһаб ішіндегі жұмсағы, әрі халқымыздың жүрегі мен табиғатына,
әдет–ғұрпына жақыны, бабаларымыз ежелден таңдаған Әбу Ханифа – Имам Ағзам
мазһабы. Исламдағы бір мазһабта болудың артықшылығы - халық біртұтас,
ынтымағы мен бірлігі күшті, ұйымшыл болады. Орта Азия мен Қазақстанда қанша
ғасырлардан бері діни алауыздықтың болмай, ұрыс–керіс, дау–жанжалдан
іргесін аулақ салуының да бірден–бір сыры осында. Өйткені, құлшылық
амалдарының бір болуы ондай жат пиғылдың тууына жол бермейді.
Әбу Ханифа мазһабы өзге діни мектептермен салыстырғанда өз жамағатына көп
жеңілдік беруімен, әрі демократиялығымен де ерекшеленеді. Біздің жартылай
көшпелі халқымыздың бұл мазһабты қабылдауының тағы бір себебі – өз дүние
танымы, болмысы мен діліне оның тонның ішкі бауындай жақындығында. Ал өзге
мазһабтар мен ағымдар кейде өз ізбасарларын шариғат амалдарын түрлі деңгей
мен дәрежеде орындауына қарай мұсылман, кәпір деп көзге шұқып, қатаң
шаралар қолдануға дейін барады.
Соның ішіндегі Ахмад ибн Ханбал мазһабы Исламның алғашқы кезеңіндегі
тәртіптері мен талаптарын жамағаттан мүлтіксіз орындауын талап етеді. Яғни,
қазір де сол әу бастағы күйдің өзгеріссіз болуын міндеттейді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен оның қарауындағы бүкіл мешіттер
Әбу Ханифа мазһабы бойынша шариғат ұстанып, соған орай амал етеді. Бұл ел
бірлігі мен ынтымағын, достығы мен ұйымшылдығын сақтап, оны одан әрі
күшейте түсуге қызмет ету деген сөз.
Ханафи мазһабының негізін қалап, оны нығайту жолындағы фиқһ ғұламаларының
жасаған қызметін дін ғұламалары былай баяндайды: Фиқһ ілімінің дәнін
Абдулла ибн Мәсъуд (р.а.) екті, Имам Әлқама өніп шыққан егінді суарды,
Ибраһим ән-Наһаъи піскен астықты жинады, Әбу Ханифа оны диірменге тартты,
Имам Әбу Йусуф ұннан қамыр жасады, Имам Мұхаммед нан пісірді. Міне, барлық
халық осы күнге дейін Имам Ағзам дайындаған ұннан жасалған нанды жеп
келеді.
Негізінде фиқһ сөзі терең, жан-жақты түсіну деген мағынаны білдіреді.
Фиқһ пәні ғибадат, қоғамдағы өзара қарым-қатынас, әдет-ғұрыптардың
шариғатқа сәйкес тәртіп–қағидалары мен оның қайнар көзін үйретеді. Бұл
саланың маманын фақиһ (мұсылман заңгері) деп атайды.
Әли ибн Әбу Талиб (600–661) пен Абдулла ибн Масъуд (р.а.) (590–653) Куфа
қаласында шариғат жөнінде білім беретін орталық құрып, Құран кәрім мен
сүннет бойынша тәлім-тәрбие істерін жүргізген алғашқы сахабалар еді.
Кейінірек бұл білім ордасын шариғат ілімінің ғалымы, ұлық сахаба Абдулла
ибн Масъуд (р.а.) басқарып қалады. Ол туралы хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.)
пайғамбарымыз: Ибн Масъудтың айтқандарын бұлжытпай орындаңдар,-деген. Бұл
кісі Куфада Құран кәрім мен хадис шәріптен сабақ беріп, шариғат ғылымының
мамандарын дайындады.
Олардың бірі – Әлқама ибн Кайс (р.а.). Ол – Омар, Әли, Әбу Дәрда (?-652),
Айша, Саъд, Хузайфа, Халид, ибн Масъуд және басқа да сахабалардан (р.а.)
дәріс тыңдаған, әрі хадис риуаят еткен сахаба. Абдулла ибн Масъуд (р.а.) :
Менің білімім Әлқама білімінен артық емес,–деген екен..
Абдулла ибн Масъуд (р.а.) дүние салғаннан кейін, Әлқама ұстаз болып қалды.
Бұдан кейін білім ордасын Фақиһ әл-Ирақи, яғни Ирақтың шариғат ілімінің
маманы деген атаққа ие болған Ибраһим ән-Наһаъи басқарды. Ол кісіден кейін
Хаммад ибн Сүлеймен (р.а.) Куфаның үлкен ұстазы саналды. Одан соң бұл
орынды имамдар сарбазы Әбу Ханифа ән-Нұғман ибн Сәбит (р.а.) иеленді.
Имам Ағзамнан (р.а.) кейін бұл жолды оның шәкірттері – ұстаз Әбу Йусуф пен
имам Мұхаммед ұстанды. Олар ұстазының шығарған пәтуаларын хатқа түсіріп,
халыққа насихаттаған. Осы кісілер арқылы Ханафи мазһабы жер жүзіне тарады,
әрі фиқһ саласы кемеліне жете дамыды.
Әбу Ханифа. Ғибратты өмір өрнектері
Имам Ағзамның ата-бабалары Әмудария өзені жағалауындағы Тирмиз бен
Хорасанда ертеректе болған Наса қалаларында өмір сүрген. Олар парсы
әулетінен еді. Әйтсе де, кейбір деректерде оның түркі текті еді екені жайлы
да айтылады. Ұлық төрт халифа кезінде Ислам діні парсы елдеріне тарай
бастады. Исламға қарсы шығып, тұтқынға алынған дінсіздер ішінде Әбу
Ханифаның бабасы да болған деседі. Кейінірек ол Исламның шынайы дін екенін
түсініп, мұсылман болады. Сол себепті ол тұтқыннан босатылып, үйіне
жіберіледі.
Отбасына аман-есен оралған бабасы Исламды тереңінен түсініп, балаларын да
Исламға сәйкес тәрбиелейді, болашақтағы ұрпағының барлығы Исламның ақ
жолында дүниеге келулерін тілейді.
Хазреті Әли ибн Әбу Талибтің (р.а) халифалық кезінде олар Хорасаннан Куфа
қаласына қоныс аударады. Бабасы ұлы Сәбитті хазреті Әлидің (р.а) қасына
ертіп барып, бата сұрайды. Хазреті Әли (р.а): Алла тағала балаңызға және
оның болашақ ұрпақтарына мол береке берсін,–деп дұға етеді. Атасының
тілегі мен халифаның дұғасы қабыл болып, ұрпағынан иманды да, тақуалы ғалым
Әбу Ханифа дүниеге келеді.
Әбу Ханифаның әкесі Сәбит те өте тақуа адам болған. Ел арасында ол туралы
ғибратты, әрі жұртқа таныс төмендегі оқиға жиі айтылады: Әбу Ханифаның
әкесі Сәбиттің жас жігіт кезі еді. Бірде дәрет алып, сүлгімен бет–аузын
сүртіп тұрғанда, арықта ағып келе жатқан алмаға көзі түседі. Алманың әдемі
түсі көз тартатын. Сәбит шыдамай, алманы алып бір тістейді. Сонан соң ол:
Не істеп қойдым? Алманың иесі бар шығар? Оны тауып, дереу, ризашылығын
сұрайын,–деп өзен бойымен жоғары қарай алманың иесін іздеуге шығады.
Содан ол үлкен баудың ішіне кіреді. Жеген алмам осы баудан шығар,–деп
Сәбит бау иесіне барып, оған: Ас–сәләму әлейкум! Ойламай бақшаңыздың бір
алмасын жеп қойдым. Мүмкін болса, кешірім етсеңіз,–дейді.
Жігіттің ақылдылығы мен имандылығын байқаған бағбан әдейі: Разы
емеспін,–деп дөрекілеу жауап қайырады. Бұл сөз Сәбитке ауыр тиеді. Ол
бағбанның аяғына жығылып, оған: Кешіріңіз! Жеген алманың ақысын төлейін
немесе қызметіңізді істейін,–деп жалбарынады. Сонда бағбан: Онда былай.
Үш жыл қызметімді істейсің. Сонан кейін арғысын көре жатамыз,–деп жігітке
шарт қояды. Амал жоқ, Сәбит шартқа көнеді. Өйткені, ақырет есебі мен кісі
ақысынан қорқатын.
Ол үш жыл бойы бағбанның үйінде адал қызмет етеді. Мерзімі біткеннен соң,
кетуге рұқсат сұрайды. Бағбан оған: Мен саған үш жыл өтсе, арғысын тағы
көрерміз деп едім. Сондықтан, менің тағы бір кішкене шартым қалды. Соны
орындасаң, сөзім сөз, сенен разы болып, рұқсатымды беремін,–дейді. Сәбит
көнеді. Бағбан оған: Менің бір қызым бар. Көзі көрмейді, құлағы естімейді,
қол–аяғы сал және мылқау. Соған үйленесің. Соңғы шартым осы,–дейді. Жігіт
бұған да көнеді.
Қыз бен жігіттің некелері қиылып, тойы өтеді. Жігіт шымылдыққа кірген соң,
көзі де көретін, құлағы да еститін, қол–аяғы да сап–сау қызды көреді.
Қыздың әкесіне барып, оның сырын сұрайды. Әкесі айтқан сөздерінің себебін
былай түсіндіреді: Қызым ұят нәрселерге қарамайды, сол үшін ол көр; ұят
әрі балағат сөздерді естімейді, сол үшін ол керең; тыйым салынған нәрсеге
қол созбайды және бұзық жерлерге бармайды, сол үшін оның қол–аяғы сал;
жаман сөз сөйлемейді, сол үшін ол мылқау. Қызымды сен сияқты құдайшыл, иман
жүзді жігітке берсем, ол Алладан қорқатын, біреудің ақысын жемейтін таза
адам болып, туған немерелірім де Ислам тағлымдарына сәйкес өмір сүрсе деген
арманым бар еді. Алла маған сені жеткізді. Бір көргенде–ақ сенің алал
екеніңді байқадым. Сонда да сынап бақсам артықтық етпес деп ойладым. Сен
мен ойлағандай боп шықтың. Бұдан былай ерлі–зайыпты болып, бірге тату–тәтті
өмір сүріп, бақытты болыңдар,–деп батасын береді. Міне, осындай пәк,
тақуа, текті отбасында әлемге әйгілі, ғалым Имам Ағзам дүниеге келеді [3,
65-67].
Имам Ағзам Әбу Ханифа ән-Нұғман ибн Сәбит (р.а.) Ирақтың Куфа қаласында
үмәуйлік халифат тұсында (699 жылы ) дүниеге келген.
Азан шақырып қойылған аты ән-Нұғман болғанымен, халық оны Әбу Ханифа немесе
Имам Ағзам деп атайтын. Өйткені, ислам әдебі бойынша үлкен ғалым адамдардың
аттары аталмайды. Олар хазрет, ұстаз сияқты құрметті сөздермен тілге
алынады.
Әбу Ханифа (Ханифаның әкесі) оның шын есімі емес, өйткені, оның Ханифа
атты перзенті болмаған. (Имам Ағзамның Хаммад есімді жалғыз ұлы болған.
Хаммадтан екі ұл қалады, біреуінің есімі – Омар, ал екіншісі – Исмаил).
Ғалымдардың айтуынша, ханифа — мазһабтың сипаты болып, ол хақ, тура жол
деген мағынаны білдіреді. Әбу сөзінің түп мағынасы әке болғанымен,
сонымен қатар оның иесі, өкілі, басшысы, жетекшісі деген баламалары да
бар. Сонда, Әбу Ханифа деген сөздің мағынасы хақ жолдың бастаушысы, тура
жолдың жетекшісі дегенге саяды.
Әу бастан адамзатқа түсірілген, адам табиғатына ең лайық, нағыз тәухид дін
– ол ханиф дін. Құранда Алла тағала: Ендеше, (Ей, Мұхаммед) бетіңді ханиф
(тура, шынайы) дінге бұр. Адамдарды Алла әу баста сол дін үшін жаратқан.
Құдай жаратқанды өзгерту мүмкін емес. Сенің дінің хақ дін, тек көп адам
соны білмейді,–дейді (Рум сүресі, 30–аят).
Ханиф сөзі ислам ұғымында да қолданылады. Сахабалар: Алла қандай дінді
қабыл етеді?–деп сұрағанда, пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Ханиф (Ислам)
дінін,–деп жауап берген. Басқа бір хадисте: Алла барлық пенделерін ханиф
(дінге, таухидке бейім) етіп жаратты,–делінген.
Құран Кәрімде Алла тағала: Ибраһим яһуди де, христиан да болған емес, ол
ханиф (нағыз) мұсылман болған. Көп құдайшылдар қатарында да
болмаған,–деген (Әли Ғимран сүресі, 67–аят). Ия барлық әлемдік дәстүрлі
діндер ханиф – тұп-тура дін болған. Бұл дін – адам табиғатына жеңіл келіп,
жүрекке жылы тиген, жанын рахатқа бөлеп, бейбітшілік бесігінде тербеткен
кеңпейілділік діні. Имам Ағзамның көзқарастары басқа ғалымдарға қарағанда
кеңпейілділік пен жеңілдік рухына сай келгендіктен, жұрт оны Әбу Ханифа деп
атаған.
Ғасырының танымал, беделді, ірі ғалымы болғандықтан халық оны Имам Ағзам
деп те атайтын. Бізде имам деп мешіт қызметкерін түсінеді. Бірақ, бағзы
заманда имам деп аса білімді, әрі тақуа кісілер айтылатын. Имам –
жетекші, басшы, ұстаз, данышпан деген мағыналарды да береді. Ал, Ағзам
сөзінің айбынды, ең зор, ең үлкен, ұлық, теңдесі жоқ деген мағыналары
бар. Шынында да, Имам Ағзам мұсылмандардың жетекшісі, ғалымдардың басшысы,
білім мен тақуалықта теңдесі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz