Қаржы нарығының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері



Кіріспе

I Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның талдау әдістері
1.1. Қаржы нарығының экономикалық мәнi және қызметтерi
1.2.Қаржы нарығы туралы ұғым
1.3. Қазақстан Республикасының қаржы нарығының ерекшелiктерi
1.4 Қаржылық нарықты талдау әдістері

II Қаржы нарығының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
2.1. Қаржы нарығының құрылымы
2.2. Бағалы қағаздар нарығы және оның түрлері
2.3. Валюта нарығы және валюталық қорлар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногінің құрылуын талап етеді.Қазақстанда қаржы рыногі бұрың – соңды болған емес.
Қаржы рыногі – бұл ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайт сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық инсттуттарының, мемлекттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамсыз ететіннарықтық қатынастардың жиынтығы.
Кез келген экономикалық игілікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге болатындығын дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр.
ҚР экономикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып алу-сатудың нақты объектісі-ақшаның рөлін арттыруды шұғыл қажет етеді.
Ақшаның сатып алу-сату төлем қаражаттарының, несие ресурстарының және сан алуан бағалы қағаздарының ауқымы зор айналымдарына қызмет ететін нарық шаруашылығының айрықша секторының пайда болуына себепші болады.
ҚР қатан түрде орталықтанған жоспарлы экономикадан жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен бірге қаржы және валюта нарығының құрылуын талап етті.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Қаржы рыногін мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері» туралы Жарлығы (2002 жылғы 17 мамыр, № 872)
2. ҚР Президенті Н.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы //Егемен Қазақстан, 2007-2 наурыз
3. Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау тәртібін белгілеу-Актілер жинағы,2003 N8.
4. «ҚР ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.-Егемен Қазақстан, 1995,5шілде.
5.Банковское дело / Под ред. Колесникова В.И. — М., 1995.
6.Шеденов Ө.Қ.Жалпы экономикалық теормя.-Ақтөбе,2004.
7.Ақша,несие,банктер.-Алматы,2001.
8. Мамыров Н. Макроэкономика Алматы, 2003 ж
9. Райымқұлұлы С. Экономикалық теория негіздері. Шымкент, 2005 ж.
10.Агапова Т. Макроэкономика. МГУ, 1997 г.
11.Валюта түсінігі.-"Банки Казахстана", 2005-ж., N6.
12. Сейтқасымов Ғ. «Қаржы, несие, банк». Алматы, 2002 ж
13. Байгісиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы 1998
14.Қазақстандағы депозиттер нарығы –Қаржы-Қаражат,2001,N
15."Ұлттық банктің статистикалық бюллетені"-1999-2008жж-Ақиқат,2006,N5.
16. Коммерциялық банк құрылымы.- "АльПари" 2002ж, 6.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

I Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның талдау әдістері
1.1. Қаржы нарығының экономикалық мәнi және қызметтерi
1.2.Қаржы нарығы туралы ұғым
1.3. Қазақстан Республикасының қаржы нарығының ерекшелiктерi
1.4 Қаржылық нарықты талдау әдістері

II Қаржы нарығының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
2.1. Қаржы нарығының құрылымы
2.2. Бағалы қағаздар нарығы және оның түрлері
2.3. Валюта нарығы және валюталық қорлар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногінің құрылуын талап етеді.Қазақстанда қаржы рыногі бұрың – соңды болған емес.
Қаржы рыногі – бұл ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайт сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық инсттуттарының, мемлекттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамсыз ететіннарықтық қатынастардың жиынтығы.
Кез келген экономикалық игілікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге болатындығын дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр.
ҚР экономикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып алу-сатудың нақты объектісі-ақшаның рөлін арттыруды шұғыл қажет етеді.
Ақшаның сатып алу-сату төлем қаражаттарының, несие ресурстарының және сан алуан бағалы қағаздарының ауқымы зор айналымдарына қызмет ететін нарық шаруашылығының айрықша секторының пайда болуына себепші болады.
ҚР қатан түрде орталықтанған жоспарлы экономикадан жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен бірге қаржы және валюта нарығының құрылуын талап етті.
Қаржы нарығындағы болып жатқан өзгерістер валюта нарығына тікелей әсер етуде. Ең алдымен қаржы және валюта нарығының мәнің мен мазмұнынң түсініп, валюта нарығын қаржы нарығының құрама бөлігі ретінде қарастыруға болады.
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату-сатып алу жөніндегі әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.
Ал, қаржы нарығы – құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл акша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамда бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің өркендеуіне жетеді деуге әзірше ерте. Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы, бағалы қағаздар нарығы.
1. Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның ұғымы
1.1. Қаржы нарығының экономикалық мәнi және қызметтерi

Қаржылық қатынастар кез-келген елдiң экономикасы дамуының негiзi болып табылады. Қаржылық ресурстардың айналымы мен қайта бөлiнуi, олардың өзiндiк айналым саласын құрайтын, қаржы нарығын көрсетедi. Нарық экономика жағдайында қаржы нарығы, елдiң толық нарықтық қатынастар жүйесiнiң құрама бөлiгiн құрайды. "Қаржы нарығы" түсiнiгi әртүрлi бағытта мазмұндалады және бұл әлемдегi қалыптасқан тәжiрбиемен және әрбiр мемлекет экономикасының даму ерекшелiктерiне байланысты.
Егерде, қаржы нарығына, кеңiрек түсiнiк беретiн болсақ, көп жағдайда бұл елдегi бiр қатар ақша, несие, валюта және сақтандыру, бағалы қағаздар нарығымен байланыстырылады.
В.Д.Мельников, К.К.Ильясовтың пiкiрi бойынша: "Қаржы нарығы - бұл ең алдымен дербес экономикалық категория ретiнде бағалы қағаздарды сату және қайта сату жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсiпорындардың фирмалардың банктердiң, жинақтаушы зейнет ақы қорларының, сақтандыру институттарының, мемлекеттiң және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлудi және қайта бөлудi қамтамасыз ететiн нарықтық қатынастардың жиынтығы."
У.М.Искаков пiкiрi бойынша "Қаржы нарығы - ақшалай, депозиттiк, несиелiк, валюталық, қор, сақтандыру және зейнетақы нарығы қаржылық құралдарының ұйымдастырылған сауда жүйесiн көрсетедi. Бұл жерде негiзгi ролдi меншiк шелерiнен қарых алушыларға ақшалай қаражаттар ағымын бағыттаушы қаржылық құралдар атқарады және бұл жерде тауар болып төлем құралдары мен бағалы қағаздар саналады. Кез-келген нарық сияқты қаржы нарығы қаржы ресурстарын сатып алушы мен сатушылар арасындағы тiкелей байланыстарды жасау үшiн арналған."
Шаруашылықты жүргiзудiң қазiргi жағдайында қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздiксiз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиiмдi пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айырықша формасы болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрiнде iс-әрекет етедi. Қаржы нарығы экономиканың түрлi шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында ақшаны қайта бөлудi барлық әр түрлi формада реттейтiн нарықтық қатынастардың бүкiл жиынтығын бiрiктiретiн жалпы ұғым болып табылады.
Сонымен, қаржы нарығы - бұл капиталға деген сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу шеңберiнде делдалдар көмегiмен, несие берушiлер мен қарыз алушылар арасында капиталды қайта бөлу механизмдерiнiң жүйесi.
Қаржы нарығының негiзгi қызметтерi мыналар (1 сурет ):
реттеушiлiк - осы қызмет көмегiмен, мемлекеттiк басқару органы тарапынан да, және де өзiн-өзi реттейтiн ұйымдар тарапынан да нарықты реттеу жүзеге асырылады.
ақпараттық, бұл өз кезегiнде қаржы нарығының барлық қатысушыларының ақпаратты алуға теңдей және толық қамтамасыз еткенiн бiлдiредi.
бөлiнушiлiк - бұл қаржы нарығындағы құралдардың айналымы ақшалай қаражат ағымының бiр саладан, екiншi салаға бiр нарыққа қатысушыдан, екiншi қатысушыға, бiр айналым саласынан, екiншi айналым саласына бөлiнуiн қамтамасыз етiп, қаржылық ресурстардың бөлiгуне мүмкiндiк бередi.
Коммерциялық, бұл өз кезегiне қаржы нарығында жүзеге асырылатын операциялар, қалайда келiсiм-шартқа қатысушылардың бәрiне табыс әкеледi.
Баға құраушы - бұл өз кезегiнде еркiн бәкеке жағдайында қаржылық құралдардың нарықтағы бағасы сұраныс пен ұсыныстың әсерiнен қалыптасады.
Қаржы жүйесiнде жүзеге асырылатын әр түрлi инвестицияларда еркiн ақша ресурстарының қалыптасу процесi - тiкелей қаржы нарықтарының қызмет етумен және қаржылық институттардың қызметiмен байланысты. Егерде, қаржылық ресурстарды жинақтау және орналастыру процесiнде қаржылық институттардың негiзгi ролi меншiк иелерiнен қарызалушыларға қаражаттарды неғұрлым тиiмдi орналастыруды қамтамасыз етсе, ал қаржы нарығының мiндетiне қаржы ресурстарын сатып алушылар мен сатушылар арасында қаржылық активтер мен мiндеттемелердi сатуды ұйымдастыру кiредi. Мұндай нарықтарда сатып алушылар мен сатушылар болып, экономикалық субъектiлердiң үш тобы жатады:
Үй шаруашылықтары (жеке тұлғалар);
Меншiк түрiне қарамастан, барлық шаруашылық субъектiлерi;
Мемлекетiтк басқрау органдары.
Осылардың кез келгенi нақты кезең уақытында өз бюджеттерi теңестiрiлген жадайда тапшылық немесе артықшылық жағдайында болуы мүмкiн. Мемлекетте де, шаруашылық субъектiлерiнде де қаржылық қаражаттарды қарызға алу қажеттiлiгi, немесе уақытша бос ақша қаражаттарын өздерiне пайдалы жағдайда орналастыру мүмкiндiктерi қалыптасуымен байланысты.
Өз тұрмысында, қаржы нарығы потенциалды сатушылар, сатыпалушылар және делдал-институттардың мүдделерiн тиiмдi есепке алу және жүзеге асыруға арналған.
Жалпы нарықты экономика өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдi формасы. Бұл көптеген әлем елдерiнiң даму тәжiрбиесiмен дәлелденген. Қазақстан үшiн шаруашылықты жүргiзудiң жаңа әдiстерi, өз кезегiнде еркiн нарыққа өтудi бiлдiрдi, бiрiншi кезекте бұл елдiң жан-жақты өсiмiн қамтамасыз ету үшiн қаржы нарығының потенциалды мүмкiндiктерiн қолдануды талап етедi.

1.2.Қаржы нарығы туралы ұғым

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногінің құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын – соңды болған емес.
Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктредің, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сақтық институттарынан, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және т.б. рыноктермен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. рыноктермен) етене байланысты.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы рыногі қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айырықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногі, сондай – ақ кредит рыногі түрінде де іс - әрекет етеді. Қаржы рыногі экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы (ортақ) ұғым болып табылады.
Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы рыногі ұғымы ақша, валюта кредит, капитал рыноктерін қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен күн категорияларына бара – бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.
Ақша нарығы дегеніміз қолма – қол ақша ғана емес, қолма – қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының рыногі.
Кредит нарығы несие бойынша банктердің кредит операцияларымен байланысты.
Ақша мен кредит нарықтары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.
Капитал нарығында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.
Қаржы нарығында сатып алу – сатудың объектісі айрықшалықты тауарлар – ақша және бағалы (ақша) қағаздар болып табылады. Сондықтан онда бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының – бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп атайды. Қор нарығы термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің – қор биржасының атымен байланысты.
Функционалдық тұрғыдан қаржы нарығы – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жүйесі. Бұл рыноктің жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процесстері тәртіпке (ретке) келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктің қор құралдарының, ең алдымен бағалы қағаздардың сан алуандығымен қол жетеді.
Нарықтың барлық тұрпаттарының өзара байланысты қаржы рыногінің жұмыс істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады.
реттелінген тауар рыногінің болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімдігі;
Ұлттық (орталық) банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма – қол және қолма – қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;
Кредит рыногінің жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни кредит ресурстарын еркін рынокке орналастыру; кредит ресурстарының қозғалысы Орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндеттері резервтерінің нормасын, ашық ақша рыногінде операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.
Кезкелген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы рыногінің жұмыс істеуінің объективті алғышарты болып табылады.
Қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:
1) бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының – меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының, соның ішінді мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;
2) қаржы ресурстарының қайта бөлудегі мемлекеттер рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдары орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішківедомстволық қайта бөлудің азаюы;
3) шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;
4) бюджет тапшылықтарының қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануын тоқтату; республикалық, сондай – ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздары шығару арқылы жабылуы тиіс.
Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл - әміршіл экономикаға тән сатылас әдістің орнына деңгейлес қозғалысы бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс - әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.
Қаржы рыногі бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылық құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.
Қаржы рыногінің болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, рынокте еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.

1.3. Қазақстан Республикасының қаржы нарығының ерекшелiктерi

ҚР бекiтiлген тәртiбiне қалай мемлекеттiк реттеу органдарының ұсынған қаржылық есебiне сәйкес қаржы нарығының құрлымын келесi сызбада көрсетуге болады (сурет 1).

Қаржы нарығы
Сақтандыру нарығы
Зейнет ақы нарығы
Бағалы қағаздар нарығы
Ақшалай нарық
Депозит нарығы
Несие нарығы
Валюта
нарығы

Сурет 1.
ҚР қаржы нарығының құрлымы.

Ендi осылардың әр қайсына қысқаша тоқталатын болсақ. Ақша нарығы. Қаржылардың негiзi болып, қалай айтсақ та ақша қаражаттары болады, сондықтанда, ақша нарығы ең бiрiншi маңыдылыққа ие. Өздерiнiң өмiр сүру барысында ақшалар әр түрлi формада операциялар нарығында жасалатын барлық айнамға қызмет етедi және кез-келген қаржы нарығының бастапқы нүктесi болып саналады.
Депозиттiк нарық. Тұрғындар табысы екi негiзгi бөлiктен тұрады: тұтыну және жинақтау. Уақытша бос ақшалай қаражаттар (жинақтар мен салымдар), банктермен және басқада несиелiк-қаржылық мекемелермен (тартылған қаражаттар) тартылады, осының негiзiнде әр түрлi салымдар жүзеге асырылады. Сонымен, ақшалар депозит есебiнде қалыптасады, оларды банктер қолданғаны үшiн, олардың иелерiне, соған сәйкес ақшалай сыйақы - пайыздар төлейдi.
Несие нарығы. Депозит сапасында банкке түскен қаражаттардың бiр бөлiгi, өзiнiң алдағы бөлiнiсiн несиелер сапасында алады. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтап отырып, әр түрлi мақсат үшiн заңды және жеке тұлғаларға несие есебiнде бередi. Сонымен, ақшалар нарықта несиелер сапасында айналады, ал оны қолданғаны үшiн қарыз алушылар банкке соған сәйкес пайыздар төлейдi.
Валюталық нарық. Қазақстан нарығында ақшалай операциялардың бiр бөлiгi ұлттық валютада жасалады, ал қалған екiншi бөлiгi шетел валютасында жасалады, нақтылайтын болсақ қаржылық құралдардың айналымы, екi валюта түрiнде де болады. Ілкен рольдi валюталарды айырбастау операциялары да ойнайды.
Бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар, басқада қаржылық құралдар сияқты, қаржы нарығына толығымен позитивтi әсер етедi.
Бағалы қағаздар ақшалай ресурстарды қайта бөлудiң қозғалымды құралы болып саналады. Мысалы, депозит өзiнiң алдағы айналымын алады, егерде оған банк сертификаты рәсiмделген болса. Айналым қаражаттарын толтыру үшiн мiндеттi түрде несиелеуге жүгiпмеу қажет, себебi оны жаңа келiсiм шартты жасауда, оны басқа тұлғаға беруге болмайды. Облигацияны шығаруға келетiн болсақ жеткiлiктi, олар қарыздың мiндеттеме болып, нарықта еркiн айналады және өзiнiң иесiн өзгертуi мүмкiн. Қаржылық тәуекелдердi сақтандыру үшiн туынды бағалы қағаздар болады. Сонымен бағалы қағаздар, ақшала ресурстардың еркiн айта бөлiнуiне жағдай жасайды.
Сақтандыру және зейнетақы қызметтерiнiң нарығы. Бүгiнгi күнi бiздiң елдегi нарықта өз ызметтерiн жүзеге асыратын негiзгi қаржылық делдалдар болып жинақтаушы зейнетақы қорларымен сақтандыру компаниялары болып саналады. Оларда жинақталатын қатынастар жиынтығы, олардың қаржыларға жататындығын дәлелдейдi. Сақтандыру тәуекелi батыс қаржы теориялары- кез-келген кәсiпорынның қаржылық стратегиясының негiзгi құраушысы бiр-ақ осы теорияны негiздеу келесi түрде болады: әрбiр субъектi өз тәуекелдерiн сақтандырады, бұл зиянға кеткен материалдық құралдар немесе осындай болуы ықтималдардың орнын толтыру көзi.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ипотекалық несиелеудің негізі туындап жатыр, яғни біздің елімізге сәйкес модельдің қалыптасуы мен даму процесі жүріп жатыр.
Қазақстанда 2001 ж бастап осы сферада халықаралық тәжірибелердің негізінде тұрғын үйді несиелеудің ипотекалық жүйесі енгізіліп отыр. Біздің жүйеміз екі деңгейлі болып табылады. Бірінші деңгейге бастапқы кредиторлар, яғни ипотекалық несие беретін банктік және банктік емес ұйымдар жатады.Екінші деңгейге АҚШ-ғы Fannie Mae және Малайзиядағы Cagamas Berhad компаниялардың негізінде құрылған Қазақстан Ипотекалық Компаниясы жатады. Бұл компания банктік және банктік емес ұйымдардың берген ипотекалық несиелері бойынша кепіл құқықтарын, талап ету құқықтарын қайта сатып алуды жүзеге асырады. Қазақстан Ипотекалық Компаниясының негізгі мақсаты- ипотекалық несиелендіру көлемін ұлғайту, сыйақы ставкасын төмендету арқылы тұрғын үйді сатып алуға қолайлы жағдай жасау Компанияның қызметінің негізгі бағыты – бұл ұзақ мерзімді ипотекалық несие бойынша талап ету құқықтарын сатып алу және ипотекалық несиелеу үшін ұзақ мерзімді ресурстарды тарту. Оны олар өздерінің ипотекалық бағалы қағаздарын эмиссиялау арқылы жүзеге асырады.
Бұл жобаға келесі серіктес банктер қатысты: ААҚ “АТФ”, ААҚ “Астана – Финанс”, ААҚ “БанкЦентрКредит”, ААҚ “БТА – Ипотека” және Қазақстандағы бірінші ипотекалық компания ААҚ “БанкЦентрКредит”. Ипотекалық енсие беру бойынша ААҚ “БТА – Ипотека” лидер болды. Оның берген несиесі жалпы несиелік портфельдің 69 пайызын құрады және 291264 мың теңгені құрады.
Қазіргі уақытта компания өзінің қызмет ету ауқымын ұлғайтып Қазақстанның 13 қаласында жобаны жүзеге асырып жатыр. Олар: Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Талдықорған және Алматы облыстары, Шымкент, Өскемен.
Қазақстан Ипотекалық Компаниясы жалпы активтерінің бағасы 2002 ж 1 қаңтарға қарағанда 1108665 мың теңгені құрады. Оның ішінде көп бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздар алды, олардың соммасы 653457 мың теңгені немесе 58,9 % болды. Сонымен бірге ипотекалық несие бойынша талап ету құқықтары 416530 мың теңгені құрады.
Қазақстан Ипотекалық Компаниясы ипотекалық несиелеу жүйесін ұйымдастыру мақсатында 4 екінші деңгейлі банктермен және 2 банктік емес ұйымдармен бірлесіп қызмет ету жайында келісім-шарт жасалды. Қазіргі уақытта компанияның серіктес банктерінің саны ұлғайып, олардың қатарына ААҚ “Нурбанк” және ААҚ “Альянс Банк” кірді.
Алматыда қарыз алушылар барлық серіктес банктерде несие ала алады. Астанада ААҚ “БанкЦентрКредит” және ААҚ “Астана – Финанс” филиалдарында ала алады.
2002 ж қаңтарда ҚИК–мен номиналдық құны 10 мың теңге, жалпы соммасы 1500 млн теңгені құрайтын, айналым уақыты 3 жылдан аспайтын жалпы 150 мың экземплярмен ипотекалық облигациялар шығарылды. Бастапқы этапта ипотекалық облигацияларға белгілі бір преференциялар берілді. Кейін нарықтағы қаржылық құралдар жеткілікті көлемге жеткенде, ипотекалық жүйенің қызмет етуіне ешқандай шығын келтірмей біртіндеп бұл преференцияларды жойып тастау көзделіп отыр.

1.2 Қаржылық жағдайды талдау әдістері
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметті біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысы-ның өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.
Баланысты талдау келесідей жіктелуі мүмкін; күнделікті, апталық, айлық, кварталдық, жылдық және тағы басқа. Зерттеу сұрақтарына байланысты толық және тематикалық болып бөлінеді. Талдаудың екі түрі де кешенділік принципін бақылау негізінде жүзеге асырылады. Толық талдауда банктің ішкі және сыртқы жұмысы толық зерттелсе, тематикалық талдауда коммерциялық банктың қызметінің жекелеген жақтарын жақсарту мүмкіндіктерін көрсететін сұрақтардың шағын көлемін қамтиды. Зерттеу мақсаты мен сипаты шығатыны алдын-ала, оперативті, қорытынды және келешек талдау болып бөлінеді.
Алдын-ала талдау – бұл банктың қандай да бір операцияларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін көрсету үшін шоттарының жағдайын бағалау кезінде қолданылады.
Оперативті талдауда банктың ағымдық жұмысында өтімділік нормативтерін, мерзімді деңгейі қабылданған басқа да көрсеткіштерін бақылау, олардың орындалуын қамтамасыз ету, сонымен бірге пайданың жеткіліктілігін алу үшін талдау жүреді.
Қорытынды талдау банктың алынған алынған кезіндегі қызметінің тиімділігін және табыстылығының жоғарылауын анықтау кезінде қолданылады.
Келешекті талдау – алдағы кезеңде күтілетін нәтижелерді және ақша несие саясатының ары – қарайғы бағытын анықтау мен болжауға қолданылады.
Коммерциялық банктың балансын талдаудың зерттеу объектісінен байланысты функционалды, құрылымдық, құн – операциялық және халық шаруашылық болып бөлінеді. Функционалды талдау коммерциялық банк қызметінің мамандануына, банктердің шаруашылық байланыс жүйесіндегі орнын, осы жүйедегі басқа да контрагенттермен өзара қарым – қатынас болашағын, формасын және мүмкіндіктерін, сонымен банкпен орындалатын қызметтердің сан-алуандығын және тиімділігін бағалауды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрылымдық талдау операция түрлері бойынша жүргізіледі. Нақты талдау көмегімен банктың пайдасы, шығыстары мен табыстарының құрылымы анықталады. Операция – құнды талдау банктің табыстылығын тереңірек зерттеп, нақты операциялардың рентабельділігі мен құны туралы мәлімет береді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын банктың жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік бере-тін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершшік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Банктың жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгеиш анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік реді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы Дау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде банктың қаржыльіқ жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда қаржылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық көрді. Бұд еңбектің авторлары банктың қаржылық жағдайың және оның жекелей көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын, банктың қаржылық жағдайының біздің отандық тәжірибеде қолданылмаған жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және банктың өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісінің, шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті. Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдауда банктың дербестігін тежеп отырады және нарықтық қатыкастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді.
Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік көлемдері-мен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың банктың қаржылық жағдайыный тұрақтылығына қалай эсер етуін зерттеу шешуші роль атқарды. Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі - онда жоспарлық көрсеткіштер мей нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорын-оның қызметі жөнінде көптеген параметрлерді ғана бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатын жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде карқынды өзгеріп отыратын нарықтық конъюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын банктың шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметге нормативтерді пайдалану банктың өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар, коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, банктың ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл банктың қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы банктың мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген банктың шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
көлденең талдау;
тікелей талдау;
трендтік талдау;
салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір ициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсалюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденен талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі қүрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылык коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуій бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасЫ ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар банктың жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде алдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл - қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.
Қатынасты талдаудың ролін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшіліктері орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.
Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар ударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.
Салыстырмалы (кеңістік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып тыбалады.
Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрееткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықгау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері (синтез) болуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылык жағдайды талдауда экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ экономикалык және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шама, графиктік жэне индекстік әдістер, корреляция, регрессия және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану банктың қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.
Айта кеткен жөн, банктың қаржылық жағдайына талдау жургізудің дәйектілігі жөніндегі басылып шығарылған әдістемелік зерттеулердегі авторлардың ұсыныстары оқырмандардың назарын аударады.
Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңдегі өзгерісін салыстырмалы аналитикалық баланс-нетто бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықтьің абсолюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойынша, банктың қаржылық жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы төлем қабілеті мен қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.
Банктың қаржы жағдайын бағалауға байланысты жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады: экспресс-талдау және тереңдетіп талдау. Экспресс-талдаудың негізгі мақсаты - бұл шаруашылық субъектісінің даму динамикасын және қаржылық жағдайын бағалау болып табылады. Оның Іпеңберінде қойылған мақсатқа көрнекті және жай қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің аздаған санының динамикасына есеп, бақылау және талдау жүргізіледі.
Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс-талдаудыц бөлек тәртібін кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді Оның мақсаты - шаруашылық субъектісінің қаржы жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңдеп қызметінің нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорыннын болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық бага беру болып табылады. Осыған байланысты нақтылай дәрежесі аудитордың өзінің ықыласына байланысты.
Қорыта айтқанда, банктың қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық ұғымдар
Қор нарығы
Қаржы нарығы туралы
Қор биржасы: мәні, міндеттері және операциялары
Ақша айналысын басқару
Экономиканың ақшалай-несиелік тұрақтылығындағы орталық банктің атқарылатын рөлі
ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде
Бағалы қағаз нарығы инфрақұрылымы
Ақша нарығының құрылымы мен құралдары
Қ.Р. қаржы нарығы
Пәндер