Тілдік тұлға және оның мәдени құзіреті


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Тілдік тұлға және оның мәдени құзіреті
  2. Сөз мәдениеті.
  3. Сөз мәдениетінің .
  4. Сөз субъектісінің мәртебесі

Тілдік тұлға және оның мәдени құзіреті

Қазақ сөз мәдениеті туралы түсінік, ұғым, пайымдаулар ғылыми пән ретінде өмірге кездейсоқ келмегені белгілі. Тілдің қасиеті, сөз құдіреті жөніндегі өмірден түйген түйінді ойларын (тіл туралы мақал-мәтел, фразеологиялық сөз орамдарын т. б. ) халықтың метатілдік рефлексиясы деуге болады. Әсіресе сөз мәдениетіне қатысты мақал-мәтелдердің мазмұнындағы терең пайымдаулар тілдің қоғамдық-әлеуметтік тіршілігімен байланысты екенін айқын аңғартады.

Сөз мәдениеті: советтік және постсоветтік кезең. Сөз мәдениеті жөнінде ғылыми ұғым, пайымдаулардың дүниеге келуі, сөз мәдениетінің жеке пән ретіндегі объектісі, көтеретін мәселелері, терминологиясы, зерттеу әдістері, бір жағынан, тілдің этос, пафос, логос тәрізді қоғамдық тіршілігімен, екінші жағынан, қазақ тіл біліміндегі лингвистикалық ойдың өрістеуімен байланысты қарастырылады.

Сөз мәдениетінің коммуникативтік аспектісі. С өздің коммуникативтік сапасына “дұрыс” - “бұрыс”, “орынды” - “орынсыз”, “сөзі бай” - “сөзі жұтаң”, “бедерлі” - “бедерсіз” деп баға беруде (Р. Сыздықова, Х. Нұрмақанов, М. Серғалиев, Н. Уәлиев т. б. ) мәтіннен (сөз құрылымынан) сәтті немесе сәтсіз фактіні бөліп алып, талдау негізгі әдістің бірі болды. Бірақ бұлайша талдау, бір жағынан, дұрыс болғанмен, екінші жағынан, мәтіннің тұтастай алғандағы коммуникативтік сапасының бағасы емес, оның үзігі жөнінде ғана баға. Алайда мәтінде кездесетін формалды құрылымдық сәтсіздік кездейсоқ, жекелеген ғана факті болуы ықтимал.

Сондықтан сөздің коммуникативтік сапасы сөз актісінің аяқталған нәтижесіне қатысы болуға тиіс. Мұндай талап тілдік фактіні тек сөздің құрылымының құрамында қарау жеткіліксіз екенін көрсетеді. Сөз айтылғанға (жазылғанға) дейін де, яғни вербалданғанға дейін адресант-автордың “айтсам”, “жазсам” деген діттемі, “нені айтсам” (жазсам), “қалай айтсам” (жазсам), “кімге айтсам” (жазсам) деген мақсаты, қызығушылығы болады. Алдымен, сөйлеушінің/жазушының санасында болашақ сөздің ішкі нобайы жасалады.

Сонымен, коммуникация теориясында коммуникация тек вербалды кезеңнен ғана емес, коммуникацияға дейінгі кезеңнен, коммуникациядан кейінгі кезеңнен тұратынын, бұлардың ішінде вербалды кезең формалды тілдік құрылымға, ал коммуникацияға дейінгі және кейінгі кезеңдер тілдік емес құрылымдар екеніне көңіл бөлу қажет. Осымен байланысты белгілі бір мәтіннің сөз сапасын талдап, сипаттау, тексеруді ойдағыдай жүзеге асырып, сенімді нәтижелерге қол жеткізу үшін тілдік құрылымдарды объективті ақиқат, психология, когниция, әлеуметтік, эстетикалық, этикалық т. б. тілдік емес мәнділіктермен байланысты қарау негізге алынды [7, 24] . Мұның өзі сөз актісінің нәтижесі болып табылатын, мәтінмен ғана шектелмей, коммуникацияға қатысушылар факторына көңіл бөлудің, коммуникативтік ситуацияны мәтінмен байланысты қараудың қажеттілігін көрсетеді.

Әдетте адресант өзінің сөзін көздеген коммуникативтік мақсатына, діттеміне, сөз стратегиясына, тыңдаушымен өзара ықпалдастық тактикасына, қарым-қатынас ситуациясына, уақиғаның барысына қарай құрады. Сөйлеушінің алдына қойған мақсатына жетуі, оның коммуникативтік діттемін тыңдаушының зерделеуі (интерпретациялауы) тілдесудің ойдағыдай өтуінің негізгі белгісі болып саналады. Коммуникацияға қатысушылардың өзара ықпалдастығы, коммуникативтік құзіретті қалыптастыра білу сөз актісіндегі ерекше маңызды жайт болып табылады. Адресаттың айтылған сөз бен сөйлеушінің нені айтқысы келіп отырғанын салыстырып, сөз ауанын түсінуі адресаттың тілдік, әрі коммуникативтік құзіреттілігіне жатады. Осымен байланысты зерттеуде коммуникациядағы сөз субъектілері (адресант/адресат) түпқазық категория ретінде алынады.

Адресаттың айтылған сөзді ұғынуы тек тілдік құзіретпен шектелмейді. Сөйлеушінің интонациясын, пресупозициялық, аялық білімін, уақиғаны, т. б. салыстыра отырып, коммуникатордың коммуникативтік діттемін зерделеуі (интерпретациялауы) коммуникативтік құзіреттілікке жатады. Адресант өз сөзінің тигізер ықпалын болжай отырып, өзінің түпкі мақсатына жету үшін тыңдарман/оқырманның қабылдауына тиімді баяндау стратегиясын ойластырады және адресаттың білім дүниелерімен санасады.

Сөз субъектісінің мәртебесі қарым-қатынас мақсатына, адресаттың кім екендігіне қарай, қарым-қатынас жағдайына қарай өзгеріп отырады [8, 98-100] . Автордың қайсыбір құбылысты (затты, уақиғаны т. б. ) өзіндік көзбен көруі, оған баға беруі, оған қатысуы, қысқасы, өзін көрсетуі адресатқа ықпал етудің бір тетігі. Ал автордың “өзіндік беті” болмаса, мәтін “иесіз” қалып, ажары солғындай түседі. Сөздің бұлайша “иесізденуі” адресаттың қызығушылығын бәсеңдетеді. Керісінше, адресанттың өз пікірін көрсетуі, оның жеке тұлға ретіндегі сапасының шынайылығын таныта түседі. Ал мұның өзі сөз актісі теориясындағы кооперация принципі бойынша адресатты өзімен ынтымақтаса түсуіне әсер етеді.

Автор өзінің айтпақ ой-сезімінің адресатқа мүмкіндігінше толық жеткізу мақсатын көздейді. Реципиент мәтінді толық түсінуі үшін, автордың реципиент білімінің деңгейімен санасуына тура келеді. Реципиентте коммуникативтік акті шеңберіне сай білім мөлшері, көлемі жеткілікті болуға тиіс. Оған реципиенттің тезаурус көлемі, вербалді ойлау аппараты, белгілі бір ақиқат туралы қажетті білімнің мазмұны кіреді.

Пайдаланған әдебиеттер

http://www. google. kz/

http://images. yandex. kz/

www. ruhdk. kz/kz/news-fond/

Жоспар:

  1. Сәлемдесу және танысу әдебі
  2. Қазақ ұлтындағы сәлемдесу әдебі.

Пайдаланған әдебиеттер

Сәлемдесу және танысу әдебі

Қазақ халқының ата-бабаларының өмір сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін келе жатқан рухани мұраның бірі - халықтық педагогика.

Қазақ халқының тәлімдік мәні, ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешіндік сөздер мен айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні - адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.

Қазақ халкы өз ұрпағын бесікте жаткан кезінен өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, такпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан кезден қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмесе де, жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшіл де, мерген де болған. Кәсібі, тіршілігі мал шаруашылығына байланысты болғандықтан, бала 5-6 жасынан ат құлағында ойнай бастайды, бір естігенін қалтқысыз есте сақтайтын қабілеті күшті, әңгімеге үйір көшпелі халықтың баласы небір қызық ертегілерді, жыр-дастандарды жаттап алатын болған. Сөз өнерінің әдемі кестелері олардын сөйлеу корын байытып, мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттыктыра беретін. Халықтық шығармалар ішіндегі әр жакты айқын бейне, қызықты оқиға, әдемі қисын, жақсы ұйқастардың бәрі балаларды қуантып, еліктіре әсер етіп, ой-пікірін шыңдап отырған.

Қазақ халқының ұлттық тәлім тәрбиесі мен мәдениеті талай халықтардың өкілдерін таң қалдырғаны тарихи жазбалардан белгілі. Ұлы саяхатшылар мен зерттеушілер қазақтың ежелгі тұрмыс тіршілігі, мәдениеті мен ауыз әдебиеті туралы, ер адамдар мен әйелдердің моральдік этикалық ерекшеліктері туралы, олардың тұрмыстағы, кәсіптегі, отбасындағы, әулеттегі, рудағы әлеуметтік орны туралы, ұлттық наным, сенім, әдет ғұрпы, мінезі, көшпенді өмір сүргеніне қарамастан салты мен дәстүрінің біртұтастығы, біртұтас тілде сөйлеуі, қолөнері мен бейнелеу өнерінің, ауыз әдебиеті және музыка өнерінің жалпы дала мәдениетінің таң қаларлық үлгілері туралы таңдай қаға айтып, баяндайды.

Қазақ халқының адами қасиеттері имандылық, қонақжайлық, батылдық, төзімділік қасиеттері тарих парағымен дәлелденеді. Тәрбиенің іргетасы қаланатын жері отбасы мен тұрмыс. Ғалым Ш. Ахметовтың зерттеулері бойынша отбасы тәрбиесі алдымен әдептілікке үйретуді көздеген, әке-шеше баласына «әдепті бол» дегенді басты міндет етіп койған. Екіншіден, олар қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген.

Ұлтымыздың тұрмыс - салтынан, тыныс - тіршілігінен туған әдет - ғұрып, дәстүрлері ғасырлар бойы қалыптасып, адамгершілік, тазалық, тәрбие қағидалары іспетті. Олар уақыт өткен сайын жаңғырып, жаңа қырынан ашылып, жас ұрпақ үшін ғибраты молая бермек, сондықтан бүгінгі таңда халық педагогикасына ерекше көңіл бөлу керек. Өйткені халық педагогикасы жас ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелейді. Сондықтан ата - бабаларымыз қалдырған мақал - мәтел, аңыз -әңгіме, әдет - ғұрып, салт - дәстүрлерді жас ұрпақты, соның ішінде орыс тілді студенттерді тәрбиелеуде пайдаланғанымыз дұрыс.

Осы себепті ел ішінде ертеден бар, қазір де жер - жерде жалғасын тауып келе жатқан тәлім - тәрбие дәстүрлері туралы әңгімелеуді жөн көрдік. Орыс аудиториясындағы қазақ тілі сабақтарында халықтық педагогиканың ой - пікірлерін студент санасына ұялату үшін халық дәстүрінен хабар беретін сөйлемдер, мәтіндер қолданып, студенттерге ауызша әңгімелетеміз.

” Қазақ ұлтындағы сәлемдесу әдебі .

Сәлемдесу мәдениеті қай-қай ұлтта да бар. Адамның сәлемдесу әдебі арқылы оған белгілі дәрежеде баға беруге болады. Сондықтан, мәдениетті адам өзінің сәлемдесуінен бастап, сөйлеу мәнеріне дейін мән береді.

Қазақ халқында сәлемдесу әдебі бойынша қалыптасқан дәстүр бар. Ол - жасы үлкен кісіге кішінің бірінші сәлем беруі.

Жеке адам көпшілікке өзі амандасады да, көпшілік тек ишара білдіреді. Ал әйел адам мен ер адамның қол беріп амандасуы міндетті емес. Тек екеуінің біреуі табысқа жетіп жатса ғана қол алысуға болады. Наурыз, Айт сияқты мерекелерде әйел, ер адам деп бөлінбей қол алысып бірін-бірі құттықтайды, өкпелері болса кешіреді.

Қазақта әр үйдің егесі болады дейді. Сондықтан, ішінде адамы жоқ үйдің ішіне ”Ассалаумағалейкуміңді” айтып кіруің керек. Ол шаңыраққа сәлем деген сөз. «Ассалаумағалейкум яғни «Сізге алланың нұры жаусын, Уағалейкумассалам», - қазақша мағынада «Алланың нұры Сізге де жаусын» деп ерлер жағы қол алысып, төс қағыстырып амандасады. Әйелдер бір - бірімен құшақтасып, келіңдер үлкендерге иіліп сәлем етіп амандасады.

Қол алысудың да өз мәнісі бар. Күнде көріп жүрген құрдастарына жасы кішілерге бір қолын ұсынса болады. Жасы үлкен кісілер мен құрметті қонақтарға қос қолын беру керек. Ал бауыр-жекжат, қимас - туыс ағайындар, сирек көрісетін тұыстас азаматтар төс қағыстырып амандасады. Селқос сәлемдесу сәлемшінің мәдениетсіздігінен хабар береді.

«Төр»

Төр - қазақ шаңырағының қасиетті орны. Төрге кімнің шығуы, кімнен кейін кімнің жайғасуы алқалы топ, атшаптырым жиында ғана емес, күнделікті тірлікте де аса маңызды ілтипат болып есептелген. Төрге тайрақтап екінің бірі шыға беруі әдепсіздік болып саналады . Төрге ең әуелі ақсақалдар, қариялар шығады. Кейде «Үлкен үйдің, үлкен шаңырақтың баласы ғой, жолы үлкен», - деп жасы кішілерді де төрге шығарады. Бұны аруақ сыйлау деп түсінеміз. Күйеу бала, келін ешқашан төрге шықпайды. Жөн білетін балалар өздері - ақ ығысып, бір - біріне тиесілі орындарын ұсынып жатады.

«Қонақасы» мәтіні.

Қазақтың екінші аты «Алаш». Сол атамыз Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс деген үш ұлына енші бөліп беріпті де, өзіне тиесілі төртінші еншіні: «Бұның иесі қазақтың бөлінбеген «Қонақасы» еншісі болсын» мен мұны да үшеуіңе бөліп берейін. Ондағы мақсатым: бір-біріне мейірімді, қайырымды болыңдар, алыс жолдан арып-ашып келе жатқан кез-келген қандасыңның сенің шаңырағында да қисайып демалатын орны, еш міндетсіз ішіп-жей алатын қонақасы, сыбағасы болсын дегенім еді. Қонақжай болыңдар, бір-біріңе» -деген екен. Алаш атамыздың бұл өсиетін естен шығармауымыз керек.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, осындай жұмыстар арқылы студенттерді әдепті, кішіпейіл, иманды болуға тәрбиелеуге болады деп, біз әр сабақта халық қазынасын насихаттап отырамыз.

Қолданылған әдебиеттер 1. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. «Алматы кітап», 2005 2. Әбілова З. А. Этнопедагогика, Алматы, 1999 3. Қазақтар. Құрастырған Ж. Ақбаев. Қазақ мәдениет қорының Орал облыстық бөлімшесі, Орал, 1992

ІСКЕРЛІК ҚАТЫНАСТАҒЫ ЖАЗБАША ҚҮЖАТТАР

Әр адамның қызмет барысында кептеген қүжаттар жазуына тура келеді. Оқушы, студент өмірінде конспект, тезис, шығарма, реферат, курс жұмыстарын жазу жиі үшырасып отырса, қызмет бабындағы адамдарға жүмыс есебін, баяндама, анкета толтыру, басқа мекемелерге іс барысына байланысты хаттар жазуға тура келеді. Аталған жазба жүмыстары бір күн ғана окылып тасталатын дүние емес, ол сенің оқудағы немесе кызметіңдегі алға қойған мақсатыңа жеткізетін, табыска бастайтын негізгі күжат болып есептеледі. Сондықтан кез келген іс қағазының мөтінін жазуға жоғарыда аталған талаптар мен принциптерді негізге ала отырып үлкен дайындықпен келу керек.

Енді осы қүжаттарды қалай, кім үшін, не мақсатпен жазу керектігін, оларды жазуда ескерілетін басты талаптар қалай болу қажеттігін анықтау максатында олардың кейбір түрлеріне тоқтала кетейік.

Анкета құрамы

  1. Аты - жөнің, мекен жайың, телефон нөмірің.
  2. Анкета толтырудағы мақсатың - қандай қызмет орнын алғың келеді.

3. Қыскаша өмірбаяның. Ңайда, кашан дүниеге келдің, отбасы жагдайың, балаларың, денсаулығың, кей жағдайларда бойың мен салмағыңды да жазуға тура келеді.

Кейбір сарапшылар денсаулық, бой, салмақ туралы мөліметтерді жазудың қажеті жоқ деп есептейді. Егер мұндай мәліметтер жүмыс берушінің сен туралы толық мағлүмат алғысы келетіндігше кажет болса, оның дүрыс пікірін қалыптастыра алса, онда неге жазбаска. Алайда бүл мәліметті өмірбаяннан соң жазған орынды. Мүнда істің оң шешілуіне кері өсерін тигізетін нөрсе - ол сенің жасың. Қызмет орнына қызығып жасыңды не үлкейтіп, не кіші-рейтіп көрсетуге болмайды. Әңгімелесу барысында немесе сенің мінездемеңді оқығанда жүмыс беруші бәрібір сенің жасыңды біледі. Сондықтан жасыңды өтірік керсету өзің үшін тиімді емес. Оның үстіне өзің туралы оң пікір қалып-тастырмайды.

  1. Білімің, ғылыми атағың, марапаттарың. Алған марапаттарыңды хронологиялық жүйемен көрсетесің. Сонымен катар қай оқу орнын қай жылы бітіргеніңді көрсет.
  2. Әскери қызметің. Кейбір сарапшылар бүл бөлімді толтыру қажет емес деп есептейді. Егер сен соңғы бес жыл ішінде өскер қатарында болсаң және осы жүмысты алуға септігін тигізеді деп ойласаң, онда міндетті түрде жазу керек. Мүмкін жүмыс беруші де өскер катарында қызмет еткен болар. Онда ол әскер өмірін жақсы түсінеді. Әскер қатарында қай жылдар аралығында қызмет еткеніңді, марапаттарынды керсетуің керек.
  3. Сенің қызмет көрсеткішің. Соңғы он жылдағы жүмыс орның, оның мекенжайы, атқарған қызметің жайлы толық жазып, қызметіңнің өсу сатыларына ерекше мән бере көрсеткен жөн.
  4. Егер жүмыс барысында шеберлігівді арттыруға жәрдемін тигізеді немесе жүмыс берушінің де қызығушылығын оятады деп есептесең өзіңнің өуестігің (хобби) туралы жаза кетуге болады.
  5. Қажет еткен жағдайда сенің бүрынғы жүмыс орныңнан алған кепілхат (рекомендация) болса, әңгімелесу барысында қолыңда болған жөн.

Анкета толтыру кезінде қандай жалақыда жүмыс істегің келетінін жазуға болмайды. Анкетада өз жетістіктеріңді асыра көрсетіп, тіпті шын мәншде атқармаған жүмыстарыңды жазуға болмайды. Анкетадағы мүндай жалғандық бөрі-бір баіщалмай қалмайды, онда сенің жүмыс алудағы мүмкін-дігің жоққа тән болады. Анкетаны қайта карап, артык сөздерден арылтьш, кателерін түзетіп, екі дана етіп дүрыстап жазу керек.

Анкетаңды оқыған жүмыс беруші сен туралы тыңғылықты, білімді, іскер адам деген пікірде қалатьшдай болсын.

Қазіргі заман талабы күнделікті болып жатқан өзгерістер, нарықтьщ экономика, әрбір минутты тиімді пайдалану - кызметкерлерді жүмысқа кабылдау кезіне де кептеген өзгерістерді енгізуде. Сондай өзгерістердің бірі - түйіндеме (резюме) өткізу. Қазір әрбір мекеме жүмыска адам қабылдар кезде оның алдын ала тапсырған түйіндемесімен танысады. Түйіндемеде (резюме) жүмысқа түратьш адамның бүкіл мөліметі қысқа-қыска сөйлемдермен беріліп, толық қамтылады. Түйіндеменің қысқа, нақты, сауатты болуына баса көңіл аударылады. Түйіндеменің анкетадан айырма-шылығы: анкетада адам езі жайлы мәліметті бүге-шіғесіне дейін қалдырмай толығымен баяндаса, түйіндемеде нақты, бірак, қысқа толтырады. Жүмыс беруші түйіндемедегі мөліметтерге карап жүмыска қабылдайды. Соңғы кезде түйіндемені факс арқылы жіберу де жиі колданылуда. Түйіндеменщ жазылу стилі еркін.

Пайдаланылған әдебиет
  1. Бес жүз бес сөз. -Алматы: Рауан, 1994.
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э. ғ. д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.
  3. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Жоспар:

  1. Іс- әрекет психологиясы
Адам іс-әрекетінің түрі мен дамуы. Пайдаланылған әдебиет

ІС- ӘРЕКЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интертекстуалдылық теориясы
Қазақстан Республикасындағы тілдік жағдаят
Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері
ҰЛТТЫҚ ТІЛДІК ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ МЕН МӘНІ
Саяси тілде сөйлеу
Оқушының сауаттылығын арттырудағы тілдік ұғымды меңгерту.
Тиімді бағалау жүйесінің жоқтығы
Шешендік сөздердің ерекшеліктері және оны оқытудың тиімділігі
Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының арақатынасы
Ағылшын тілінен қазақ тіліне саяси мәтінді аудару мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz