Популяция туралы


1. Популяция
2. Популяцияның жыныстық құрылымы
3. Популяцияның жастық құрылымы
4 Популяцияның кеңістік құрылымы
5 Популяция динамикасы
6 Түр түзу үдерісі, оның типтері
7 Түрше
Популяция (латын тілінде populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын организмдер тобы. Осы топтың популяция болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы; бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән статиктикалық сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас ерекшелігі, жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. Популяцияның статиктикалық сипаттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық сипатамаларын анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай) қажет етеді.
1. Биология. М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009.
2. Қазақ энциклопедиясы
3. Қазақстан энциклопедиясы, VII-том

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 10 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Таңдаулыға:   




Популяция туралы түсінік
Популяция (латын тілінде populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын организмдер тобы. Осы топтың популяция болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы; бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән статиктикалық сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас ерекшелігі, жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. Популяцияның статиктикалық сипаттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық сипатамаларын анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай) қажет етеді. Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы тірі организмдердің өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша анықталады. Сондай-ақ, популяция санының өзгеруіне  иммиграция және эмиграция процестер і де әсер етеді. Популяция саны өсуінің біртіндеп тежелуі логистикалық теңдеу арқылы өрнектеледі. Әдетте, жануарлар мен өсімдіктер популяциясының саны біршама тұрақты болғанымен, олар әлсін-әлсін күрт өзгеріп отырады (мысалы, тоқалтіс тышқандар, леммингтер, т.б.). Кейбір жануарлардың (шегіртке, бөкендер, т.б.) санының немесе тығыздығының қауырт өсуі олардың қоныс аударуына әкеледі. Жануарлар популяцияларының саны мен тығыздығы күрделі мінез-құлықтық (аумағын белгілеу, қору, көші-қон), физиологиялық механизмдер арқылы (гормондар қызметі, стресс) және популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі арқылы реттеліп отырады.
Топтық бірігу ретіндегі популяция өзіне ғана тән қасиеттермен қатар әрбір жеке дарақтардың өзіне тән қасиеттерге де ие. Топтық ерекшеліктер дегеніміз - бұл популяциялардың негізгі сипаты. Оған мыналар жатады:
1) жалпы есебі (сан) - болінген аумақтағы дарақтардьщ жалпы саны;
2) тығыздық - популяция мекендеген кеңістіктің ауданына немесе көлеміне келетін дарақтардың орташа саны;
3) өсімталдық - кебею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа дарақтар саны;
4) өлім-жітім - белгілі уақыттың бір бөлігінде дарақтар популяциясында өлгендердің мөлшерін көрсететін көрсеткіш;
5) популяция өсімі - туу мен өлім-жітім арасындағы айырма; өсімнің пайдалы да, пайдасыз да болуы мүмкін;
6) өсу қарқыны - уақыт бірлігіндегі орташа өсім;
7) жыныстық құрам — берілген популяциядағы еркек және әйел жынысты дарақтар арақатынасы;
8) жас құрамы - бұл дарақтарды жасы бойынша бөліп тарату.
Популяция терминін 1903 ж. Дания биологы В.Иогансен (1857 — 1927) енгізді. Эволюция заңдылықтарын, түрлердің пайда болуын зерттейтін ғалымдар популяцияны микроэволюциялық процестің ең шағын бірлігі ретінде қарастырса, ал экологтар популяцияны түр аралық әсерлесу мен өнімділік тұрғысынан зерттейді. Популяцияны зерттеудегі микроэволюциялық, генетикалық, экологиялық бағыттарды біріктіретін биологияның жаңа саласы — популяциялық биология қалыптасты. Жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтап қалу, зиянды түрлердің санын тежеу, экожүйе құрамына жаңа түрлерді енгізуде (интродукция) популяцияны зерттеудің маңызы зор.
 Популяция дегеніміз – эволюциялық ұзақ уақыт бойы ареалдың белгілі бір бөлігінде тіршілік етіп, өз алдына дербес генетикалық жүйе құра алатын,еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін бір түр дараларының  шағын тобы. Популяция деген сөз латынша популюс -халық,тұрғындар деген ұғымды білдіретін сөзден шыққан.
Популяция даралары оқшаулануға байланысты көршілес популяциямен салыстырғанда барлық қасиеттері мен белгілері бойынша өзара өте ұқсас болып келеді.Топтық ерекшеліктер – популяцияның ең негізгі сипаттамасы.
Оларға мыналар жатады:
1.Саны – белгілі бір территориядағы даралар саны.
2.Популяция тығыздығы – сол популяцияның алып жатқан кеңістігінің  немесе аудан көлемінің бірлігінің  орташа даралар санына қатынасы.
3.Туу –көбею нәтижесіндегі бір уақыттағы жаңа даралар саны.
4.Өлім – белгілі бір уақыт мөлшеріндегі популяция ішіндегі өлген даралар саны.
5.Популяцияның өсуі -  туу мен өлім арасындағы айырмашылық.
6.Өсу темпі – бір уақыттағы орташа өсу.
Әр түр, белгілі бір территорияны (ареал) ала отырып,популяция жүйесін құрады.
Түр →  түрасты (нәсіл)   →  географиялық популяция  →  экологиялық популяция  →  жергілікті, локальды немесе элементарлы популяция. Популяцияның белгілі бір нақты құрылысы болады:  жыныстық, жастық, кеңістіктік және этологиялық.

Популяцияның жыныстық құрылымы
      Жыныстық құрылым – популяциядағы  особтардың жыныстық ара салмағы. Жыныстық арасалмағы  түрлердің генетикалық заңдары мен қоршаған орта ықпалына байланысты  құрылады. Жыныстық құрылым бейімдеушілік сипатта.
Популяцияның  жастық құрылымы
       Популяциядағы жастық топтардың  қосындысы (жоғарғы,орташа,кіші). Өсімдіктің тіршілік ауысуында  ауысым мен жас жағдайын бөлуге болады.Түрлердің  жас ерекшеліктеріне байланысты бөлінуі оның жастық спекуторы болады.
Жас жануарларда  әртүрлі генерация және ұрпақтар болады.
Генерация – бір жылдағы және бір мезгілдегі туған  бауырлар мен сіңлілер  қосындысы.
Ұрпақтар – бір жылдағы барлық генерацияның барлық қосындысы.
Популяцияның кеңістік құрылымы
      Особьтардың  белгілі бір территорияда немесе акваторияда сандық және популяцияның  құрамының сапалық  таралуы  оның кеңістіктік құрылымы деп аталады.
Популяцияның кеңістіктік құрылымы тұрғындардың әлеуметтік ұйымымен  сипатталады.
1. Жалғыз немесе отбасылық.
2.Топтық.
Жалғыздық немесе отбасылықта сол жер бөліктерін  бір дараның немесе отбасының қолданады. Жалғыз тіршілік ету  сипаты су түбіндегі тұрғылықты су жануарларына тән. Отбасының  иемделген территориясы қорғалады — ол экскременттерімен, зәрімен, дене бездерінен бөлінетін өткір иісті сұйықтықтарымен, дыбыстарымен немесе айғайларымен белгіленеді (жыртқыш сүтқоректілер, тышқантекті кеміргіштер, құстар т.б.).
Кеңістікті топтық қолдану. Олар мына төмендегі негізгі формалар:
1.Жартылай колониялар. 2.Колониялар. 3.Отарлар.Үйірлер.
Жартылай колониялар (кіші егеуқұйрықтар, гагалар және  көптеген басқалар).Бұндай отбасында өз баспаналары болады (ұялар,індер). Жартылай колонияларда өздерінің  шекаралары болады. Келген жаумен күресуге  бірлесе шығады (сигналдық жүйе арқылы, беймаза қышқыруларен және т.б.).
Колониялар – бұл тек  территориядағы азық – түліктерді ғана емес, сонымен бірге  мекен етуші баспаналарын да бірге қолданады (қоғамдық жәндіктер: аралар, құмырсқалар, ұшқыш мысықтар), ұя салушы шағалалар мен бакландар.
Отарлар (үйірлер) – шегірткелер, балықтар.
Құстардың миграциясы кезінді және көшу кезінде үйір құрады, ал  тұяқтылар – отар құрады. Отарлар мен үйірлер қоректену ресурстары пайдалану барысында үнемі араласып жүреді.Олардың көлемі әртүрлі болады. Тұяқты жануарлардың отарлары көктем кезінде  ұрпақ өрбіту үшін қажетті  ұсақты топтарға – парцелдарға бөлінеді. Тышқантектес кемірушілерде мұндай  топтар үлкен отбасы, ал жарқанаттарда – кландар (20 – 30 осбьқа дейін), ал арыстандарда – прайдтар (5 – 10) деп аталады.
Популяция динамикасы
       Егер кез келген популяцияға сыртқы орта факторлары  шектеулік жасамаса, теориялық  сандық жағынан шексіз өсуге бейім. Бұндай гипотетикалық жағдайда, популяцияның өсу жылдамдығы  сол түрдің биотикалық мүмкіншілік көлеміне байланысты. Р.Чепмен бойынша (1928),бұл бір жұптың  теориялық  жағынан алғандағы максимум ұрпақ беру көрсеткіші. Уақыт бірлігі ретінде мысалға, бір жыл немесе бүкіл өмір сүру кезеңі алынуы мүмкін.Әр түрлі  түрлерде бұл шама әртұрлі.Табиғатта популяцияның биотикалық мүмкіндігі толығымен жүзеге асырылмайды.
Популяцияның жалпы сандық өзгергіштігі  мына  төрт  жағдайға байланысты:  особтардың тууы, өлуі, бір жерге тұрақтануы мен басқа жаққа қоныс аударуы (миграция).
Белгілі мөлшердегі  ұстап тұру популяция гомеотазы  деген атқа ие болды. Популяциялық гомеостаз механизмі түрдің экологиялық ерекшелігіне, оның қозғалысына, жыртқыштар мен паразиттердің  әсер ету  көрсеткіштеріне  және т.б. жағдайларға байланысты. Кейбір түрлерге бұл жағдайлар көптеген даралардың қырылуына әкеліп, қатты әсер етсе, кейбір түрлерге тек шартты рефлекстік негіздегі  ұрпақтың төмендеуімен ғана шектеледі.
Популяцияның сандық жағына  әсер етуші көптеген факторлардың арасынан модифицирлеуші және реттеушілерін бөліп қарау керек.
      Модифицирлеуші  факторлар  - популяцияның ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Популяция
Популяция туралы түсінік
Популяция туралы жалпы түсінік
Популяция экологиясы және популяция
Популяция түсінігі
Популяция санының ауытқулары
Популяция сипаттамалары
Популяция экологиясы - Дэмэкология
Популяция жайлы
ДЕМЭКОЛОГИЯ (Популяциялар экологиясы). ПОПУЛЯЦИЯ. ПОПУЛЯЦИЯ НЫШАНДАРЫ
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь