Қазақстандағы банк жүйесінің дамуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ...3
1. Қазақстан Республикасының банк жүйесі, экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Банк жүйесінің құқықтық негіздері мен сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2.Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары ... ...9
2. Қазақстан Республикаындағы банк жүйесінің реформасын жүргізу. заман туындатқан қажеттілік: ... ... ... ... ...14
2.1. 1995 жылына арналған Қазақстанның банк жүйесін реформалаудың бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2.Банк жүйесін одан ары реформалаудың барысы ... ... ... ... ... ... ... .28
3. Банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері, тәсілдері, құқықтық негіздері ... ... ... .29
Қорытынды ... ... ... ... ... ..38
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... .40
Қосымшалар ... ... ... ... ... .42
Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні. Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады.
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банк негізінен республикада нарықтық қатынастың қалыптасуына орай тәуекелге бел байлаған белсенді операциялар мөлшерін төмендету арқылы пассивтерді бір қалыпты деңгейде ұстап, түбінде әрбір кәсіпорынның , шаруашылықтың тиімділігін арттыру бағытындағы стратегиялық саясат ұстанып отыр. Банктердің экономикадағы ролі мемлекеттік меншікті реформалаудағы, инфляцияны төмендетудегі және т.б. байланысты экономиканы басқару органы ретінде көрінеді.
1. Жаналинов Б.Н., «Инфляция и антиинфляционная политика в Казахстане»
Алматы -2006ж.- 200 б.
2. Сейітқасымов Ғ.С., «Ақша, несие, банктер » Алматы : Экономика 2001ж
3. Николаева И. П., «Экономическая теория» КНОРУС – 2006ж.- 457 б.
4. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы» Алматы, 2005ж.- 543 б.
5. Бисенғазиев М.Б., «Макроэкономика» Мемлекеттің экономикалық саяси негіздері - 2005ж
6. Құдайбергенов Қ.С., «Экономикалық саясат» Қызылорда: Тұмар -2003ж.- 108 б.
7. Жұмабек Ж., «Қазақстан экономикасының қызуы қандай ? Айқын – 2006ж. 20-сәуір
8. Www. Google. Ru
9. Www. Rambler. Ru
10. Кривко Н., «Об инфляционных процессах в РК» Мысль – 2005г.февраль
11. Рамазанов А., «Инфляционное ускорение» Деловая неделя 2005г.8-апреля
12. Бисембаев С.Т., «Қаржы нарығы» Zaman 2005ж.-15-шілде
13. Дижанова С., «Инфляцияны ауыздықтау» Астана хабары 2006ж. 11-сәуір
14. Әкімбеков С., Баймухамбетова А.С., Жанайдарова У.А. «Экономикалық теория» Астана – 2002ж.- 462 б.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстандағы банк жүйесінің дамуы

Астана 2007

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Қазақстан Республикасының банк жүйесі, экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Банк жүйесінің құқықтық негіздері мен
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ...7
1.2.Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары ... ...9
2. Қазақстан Республикаындағы банк жүйесінің реформасын жүргізу- заман
туындатқан
қажеттілік: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 14
2.1. 1995 жылына арналған Қазақстанның банк жүйесін реформалаудың
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .21
2.2.Банк жүйесін одан ары реформалаудың
барысы ... ... ... ... ... ... ... . 28
3. Банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері,
тәсілдері, құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 8
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4 2

КІРІСПЕ

Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың
негізгі түйіні. Экономиканы басқару процесінде банктер
негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр
қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде
өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып
табылатын әдістемелерді пайдаланады.

1 Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі. Банк негізінен республикада нарықтық
қатынастың қалыптасуына орай тәуекелге бел байлаған белсенді
операциялар мөлшерін төмендету арқылы пассивтерді бір қалыпты
деңгейде ұстап, түбінде әрбір кәсіпорынның , шаруашылықтың
тиімділігін арттыру бағытындағы стратегиялық саясат ұстанып отыр.
Банктердің экономикадағы ролі мемлекеттік меншікті
реформалаудағы, инфляцияны төмендетудегі және т.б. байланысты
экономиканы басқару органы ретінде көрінеді.

Казіргі кезеңдегі коммерциялық банктердің мақсаты экономика
салаларын несиелендіру, қаржылық ресурстарды инвестициялау процесінде
инвестициялық жобаларды қаржыландыру.
Жұмыс мақсаты қазіргі таңдағы банк жүйесін талдау, оның даму
үрдістерін зерттеу болды.
Жұмыс барысы төрт бөлімнен тұрады:
- бірінші бөлім, Қазақстан Республикасының банк жүйесінің
экономикалық мәні мен сипатын, мұндағы құқықтық негіздеріне арналған;

-екінші бөлім, Қазақстан Республикасындағы банк жүйесін
реформалау саясаты аталады,
-үшінші бөлім, банктік қызметті ұйымдастыру мен реттеудегі тәсілдері
мен құқықтық негіздеріне арналған.
Сонымен бірге жұмыс барысы кіріспе және қорытынды
бөлімдерінен құралған, әдебиеттер тізімінде басты - “Қазақстан
Республикасының 2003-2015 жылдарына арналған стратегиясы” , Қазақстан
Республикасының банк жүйесі турасында Абдулина Н.К. “Банковская
система за десять лет независимости Казахстана”, Айманова Л.Б.
“Банковское дело”, Қазақстан Республикасының банктер турасындағы
ақпарат мәліметтер жинағы, банктердің жылдық есеп қорытындылары
қолданылды.

1. Қазақстан Республикасының банк жүйесі, экономикалық мәні.

Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретінде дамуы,оның
экономикалық қауіпсіздігі, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті
мемлекеттік басқару органдарының, мемлекеттік үзбей және тиімді жұмыс істеу
елдің стратегиялық маңызы бар банк жүйесінің жай-күй мен тұрақтылығына әрі
орнықтылған қамтамассыз ету мәселелеріне тікелей байланысты болады.
Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейден жоғарғы және
төменгі деңгейден тұрады.Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы
(бірінші) деңгейі егемен Қазақстанның орталық банкі болып табылатын
Қазақстан Ұлттық Банкінен тұрады.Мемлекеттік монетарлық билігінің және
мемлекеттік банктік менеджменттің басты органы ) Қазақстан Ұлттық Банкі өз
құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қаржылық мүддесін
тиісінше қамтамасыз етуге ат салысады.
Қоғам мен мемлекеттің мүддесіне сай инвестициялық-қаржылық және
кредиттік құзіреті бар Қазақстанның Даму банкі өзінің ерекше құқықтық
мәртебесіне орай деңгей аралық мемлекеттік банк ретінде көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасы банк жүесінің төменгі (екінші) деңгейін:
1. мемлекетаралық банктер;
2. Қазақстан Республикасының резидент банктері (заңды тұлғалары –
коммерциялық ұйымдар);
3. Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктер;
4. шетелдік қатысу бар Қазақстан Республикасының резидент банкі – аралас
капиталы бар банктер құрайды.
Қазақстан Республикасының осындай нарықтық үлгіде банк жүйесінің
айтарлықтай қалыптасуы елімізде үзбей жүргізіліп жатқан экономикалық және
құқықтық реформаның жемісті нәтежесіне жатады.
Банк жүесінде жүргізілетін әр алуан банктік (операциялық) қызыметтің
ұйымдастырылу ерекшелігі және ресуртық – ұйымдастыру негізі банк жүйесінің
экономикалық, сондай-ақ заңнамалық негізің құру процесінде айқындалады.
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құрылуы өзіне тән біртұтастық
және құрлымдық ерекшеліктеріне байланысты болады. Осындай иерархиялық,
біртұтастық және құрлымдық сипаты-мәні банк жүйесінің тиісінше қалыптасуына
септігін тигізеді. Қазақстан Республикасының қазіргі замаңға банк жүйесі өз
ауқымындағы мемлекеттік банктік менеджмен мән-жайлармен ғана емес, сонымен
бірге өзіндік (корпоративтік) басқаруға және ұйымдаструға қабілеттілігімен
ерекшеленеді.
Бүгінде нарықтық талаптарға және халықаралық банктік стандарт
ережелеріне сай жетілдірілген Қазақстан Республикасы банк жүйесіндегі
барлық банктер бірыңғай кредиттік-қаржылық механизім ауқымында өзара іс-
әрекеттері мен өздеріне тиесілі кәсіби қызметін, экономикалық-қаржылық
банктік операцияларын жүзеге асыруда.
Бүгінде мемлекетімізде жүргізіліп жатқан жан-жақты реформалар банктік
қызымет аясына да айтарлықтай ықпалын тигізуде. Осы орайда банктік
қызыметтің мақсатты бағыт-бағдарларының жаңаша рыноктық сипат алуы
еліміздегі әлеуметтік әкономикалық және саяси жүедегі процестермен
айқындалуда.
Қазіргі уақытта банктік қызмет қоғам мүддесі мен мемлект қажеттілігіне
байланысты күрделі мәселелерді шешуге септігін тигізетін, қаржы жүйесін
және инвестицялық белсенділікті дамытуға, әлеуметтік-экономикалық
тұрақтылықты тиісінше қамтамасыз етуге ат салысатын, тиісті заңнамалық және
заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын
экономикалық сиппаты мемлекеттік қызымет, сондай-ақ жекеше, корпоративтік
экономикалық-қаржылық мүдделерді қамтамассыз етуге бағытталған,
лицензияланатын банктік операциялар мен мәмілелер ретінде көрініс тауып
отыр.
Бүгінде қоғам мен мемлекеттің экономикалық-қаржылық мүдделерін
қамтамассыз етуді көздей отырып Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму
банкі, Қазақстан Республикасының тұрғын-ұй құрылысы жинақ банкі жұмыс
істеуде. Мысалы, Қазақстан Ұлттық Банкі ақша айналысы,валюталық реттеу,
кредиттеу және есеп айырысу саласындағы мемлекеттің бұрыңғай саясатын
жүргізу,сондай-ақ республикалық бюджет мүдделерін және өз шығының ақша
қаражаттарымен қамтамассыз ету мақсатында әр түрлі банктік операцияларды
жүзеге асырады.
Сонымен, банктік қызымет ел экономикасының банктік секторындағы барлық
банктердің қоғамдық-мемлекеттік маңызы басым және жекеше – корпоративтік
экономикалық- қаржылық мүдделер мен қажеттіліктерді қамтамассыз етуге
бағытталған,банк жүйесін, мемлекеттік және мемлекеттік емес банктердің
қаржылық ресурстарын қалыптастыруға және оларды басқаруға (тиімді
пайдалануға) бағдарланған, тиісті заңнамалық актіде көзделген операциялар
мен мәмілелерді заңдық немесе лицензиялық негізде жүйелі әрі тұрақты жүзеге
асыруға байланысты кредиттік-қаржылық мазмұнды экономикалық қызметтері
болып табылады.

1.1 Банк жүйесінің құқықтық негіздері мен сипаты.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің нормативтік құқықтық негізің
құрайтын банктік заңнамалық актілердің, сондай-ақ банк секторына қатысы бар
өзге де заңнамалық актілердің нормаларының өзара генетикалық, функционалдық
және құрлымдық жүзеге асырылатын банктік қызымет (банктік операция,
мәміле, іс-әрекет) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды жан-
жақты реттей алатының көрсетеді.
Банктік операциялар мен мәмілелерді тиісті заңнамалық актілер негізінде
және осы заңнамаларға сәкес берілген лицензияға сай жүргізетін коммерциялық
ұйым, заң жүзінде өкілеттігі белгіленген заңды тұлға – банк түрлі банктік
құқықтық қатынастартардың тұрақты субъектісі болып табылады.
Банктік қызыметтің қоғамдық және мемлекеттік маңызды мен мәні
конституциялық, қаржылық, әкімшілік, салықтық және банктік құқық арқылы
көрініс табады. Әкімшілік – рұқсат беру жүесінің қуатты құралы лицензиялау
банктік қызыметтің мызғымас әрі маңызды атрибуты ретінде танылады.
Банктік қызымет (операциялар) Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстан
Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау
жөніндегі Агенттігі құзыретінің ауқымында және коммерциялық банктердің
өкілеттігі шегінде жүзеге асырылады.
Сонымен Қазақстан Республикасы бүгінгі банк жүйесінің сипаттамалық
белгілері мынандай көрініс табады:
1. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің күрделі әлеуметтік жүйе
тобына жатады;
2. Банк жүйесінің қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне сай жұмыс
істеуін оның нормативтік құқықтық базасын құрайтын банктік
заңнамалық актілер және заңға тәуелді нормативтік банктік
құқықтық актілер, сондай-ақ халықаралық банктік келісімдер мен
банктік стандар ережелері қамтамасыз етеді;
3. Қазақстан Республикасы банк жүйесі мемлекеттік банктік
менеджмент ( мемлекеттік басқару-реттеу ықпалы) ауқымды жұмыс
істейді;
4. Банк жүйесі Қазақстан Республикасы қаржы-кредит жүйесінің аса
маңызды бір бөлігі болып саналады;
5. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің екі деңгейлі иерархиялы,
біртұтас және өзіндік ұйымдастырылуға қабілетті құрылым болып
табылады;
6. жоғарғы және төменгі деңгейлі банк жүйесі Қазақстан Ұлттық
Банкінен, Қазақстанның Даму банкінен, Қазақстан Республикасының
тұрғын ұй құрылысы жинақ банкінен, комерциялық банктерден,
мемлекетаралық банктерден, банктік инфрақұрылымнан және банктік
рыноктан тұрады;
7. Банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейдегі Қазақстан Ұлттық
Банкі белгілі бір дәреже – көлемде тиісті мемлекеттік билік
органдарының ықпалы тәуелсіз, кредиттік-қаржылық сипатты айрықша
құқықтық мәртебесі бар экономикалық субъект – мемлекеттік
монетарлық биліктің басты органы болып табылады;
8. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің, оның ұйымдастырылу
нысандары мен басқа да мән-жайлары Қазақстан Республикасы
Конститутциясымен, ҚР банктік заңнамалық актілермен, қатысы бар
өзге де заңнамалық актілермен, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық
Банкінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен
регламенттелінеді;
9. Банк жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатын іске асыруға
айтарлықтай септігін тигізеді және дүниежүзілік экономика
аясындағы халықаралық банк жүйесімен өзара тиімді қарым қатынас
механизмін құрады;
10. Банк жүйесі мемлекеттік меншікті реформалауға, баға тұрақтылығын
және ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамассыз етуге септігін
тигізеді, сондай-ақ инфляцияны төмендетуді нәтижелейді;
11. Банк жүйесінің жұмыс істеу кредиттік-қаржылық қызыметтер
көрсетуді тиісінше ұйымдастыру барысында экономикалық салалық
және жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен тығыз байланыс
арасында көрініс табады.

1.2 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын
функцияларды орындаудан көрініс табады. Банктер қызметін – банктің
клиент мүддесі үшін белгілі бір іс- әрекеттерді орындауын
сипаттауға болады. Кез келген банк өнімнің негізінде қандай да
бір қажеттіліктерді қанағаттандыру жатады. Банктер өз пайдаларының
көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ
осы екі қызмет төңірегенде банктік өнімдердің көптеген нысандары
жасалып шығуы мүмкін. Казіргі кезде әмбебап банктер банк
қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің
кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік
артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу
мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге
мамандануға тырысады. Коммерциялық банктердің желісі ақша
нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың
мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны
экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін
қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып
табылады. Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің
шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп
айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы”
Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негізінде депозиттерді тарату, клиенттер мен банк-
корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет
көрсету;
- қайтарылымдық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және
жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру, инвестицияланатын
қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша
капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару, төлем
құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да
операциялар жүргізу;
- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін
кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру, тауар тасымалын талап
ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың
орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін
өз мойнына алу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету,
клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету,
клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша
қызметтер (сейфтік бизнес);
- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай- ақ сату құқынсыз
(форфейтинг), клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды
(қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару),
банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету, лизингтік
операцияларды жүзеге асыру .
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады
- уақытша бос қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
- экономиканы және халықты несиелендіру (активті операциялар);
- қолма- қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
- инвестициялық қызметті;
- клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету
Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландырып , оны капиталға
айналдыру - банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды
және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банке тарту, бір
жағынын, олардың иесіне пайыз түрінде табыс түсірсе, ал екінші
жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Тек
банктің делдалдық етуімен ақша қаражаты жинақталып , кейін ол
капиталға айналады. Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі
несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз
алушының арасында тікелей несие қатынастарының туындауына кедергі
болатын жәйттер: ұсынатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге
сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау мерзімінің қарыздарға қажет
мерзімге сай келмеуі. Сондай- ақ қарыздардың төлем қабілетсіздік
қаупі капитал иесі мен оны қарызға алушының арасында тікелей
несиелік байланыс болуын қиындатады. Капитал иесі қарыздардың
қаржылық жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін. Коммерциялық
банктер қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдал
ретінде осы кедергілерді жояды. Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан
есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты экономика болуы мүмкін емес.
Сондықтан есеп және төлем жұмыстарын жүргізуде банктердің ролі зор.
Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма- қол
ақшасыз жүреді. Банкттер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы
бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін
есептейді. Банктерде төлемді орталықтандыру айналыс шығындарын
азайтады, ал есеп айырысуды жеделдету үшін және төлемдердің
сенімділігін арттыру үшін қазіргі кезде есептесудің электрондық
жүйесі енгізілуде. Коммерциялық банктердің ерекше қызмет төлем
құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын
жою, ақша массасын көбейту немесе азайту. Төлем құралдарын
шығару олардың депозиттік және несиелік қызметтеріне тікелей
байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке ақша салуы
арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі.
Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне әр түрлі
әсер етеді , ақша шығарумен қатар ақшаның бірсыпыра бөлігін “жоюмен”
де айналысады. Мұндағы клиент банктегі шотынан қолма- қол ақша
алғанда және несиені қайтарғанда депозиттік шоттан шығарылады. Бұл
жағдайда ақша массасы кемиді. Банктердің депозиттері ұлғайту
немесе кеміту мүмкіндігін орталық банктер міндетті резервтер жүйесі
арқылы несие динамикасын басқаруда кеңінен пайдаланды. Коммерциялық
банктер акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарып
және орналыстырып эмиссиялық- құрылтайшылық қызмет атқарады .
Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар.
Сөйтіп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып , әрі онымен
тығыз байланыста жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту
мақсатында кәсіпорындар акция және облигациялар шығарады. Бұл
жағдайда кәсіпорындардың тапсырысы бойынша банкттер бағалы
қағаздардың көлемін , шығару жағдайы мен эмиссия мерзімін анықтауды ,
олардың типін таңдауды , сондай- ақ оларды орналыстыру және екінші
рет айналысқа түсіру міндетін өзіне алады. Шығарылған бағалы
қағаздарды сатып алуды- сатуды ұйымдастырады немесе сатып алушыларға
қарыз береді. Сол сияқты банктер мемлекеттік облигацияларды
белсенді түрде сатып алады және оларға жазылу операцияларын
жүргізеді. Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару
қызметін де атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға
құқығын айырылғандардың мүлкін уақытша басқару; ізбасарларының
мүддесі үшін өлген адамның мүлкін басқару; пайда табу мақсатымен
капиталды басқару; құндылықтарды сейфте сақтау және т.б. қызметтер
көрсетеді. Ал компанияларға көрсететін қызметтері бұл
аталғандардан өзгеше: банктің облигациялар бойынша кепілші болуы;
нарыққа шығарылған акцияларды және трансфертті тіркеу үшін (яғни
атаулы акция бойынша иелік құқын басқаға беру) өкіл болуы;
корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және т.б.
қызметтер атқаруы мүмкін. Банк бұл қызметтерді формалды
клиенттердің өкілі ретінде атқарғанмен , шын мәнінде сенімхатпен
қызмет көрсететудің нәтижесінде ол көптеген капиталды қадағалауға
және экономикалық хабарларды өзіне жинақтауға мүмкіндік алады.
Экономикалық мағлұматтарды өзіне жинақтауы банктердің клиенттерге
кеңес беруіне мүмкіндік туғызады. Банктер кәсіпорынның қаржылық
қызметіне, бухгалтерлік есебіне талдау жүргізіп , дамуының
стратегиясын бағалаумен және табысты ұлғайту мүмкіндігін анықтаумен
шұғылданады. Банктер төмендегідей кеңес береді: шот ашу, есеп-
несиелік және кассалық қызмет көрсетуден бастап , ақша және тауар
нарықтықтарында операциялар жүргізуге дейін нұсқау береді. Қосымша А
және Б коммерциялық банктердің 2004-2005жж. аралығындағы салымдар,
несиелендіру үлесін, капитал қорын және микронесиелендіру үлесін көруге
болады.
Коммерциялық банктердің кеңес беру қызметін төмендегідей
топтастыруға болады:
1. Несиелеу және есеп айырысу ісі бойынша – ақша нарығындағы
конъюнктура, пайыздық мөлшердің қозғалысы, несиелеудің жағдайы және
формасы туралы хабар, несие- есептік қызмет көрсету үшін әр түрлі
мәмілелер бойынша нұсқау беру, қолма- қол ақшасыз есептесуді талдау,
оны жетілдіру жолдарын зерттеу;
2. Бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жүргізу бойынша -
бағалы қағаздар нарығы конъюнктурасы, олардың бағасының өзгеруі,
бағалы қағаздардың эмитенттері, оларды шығару тәртібі және айналыс
ережесі туралы хабар;

3. Күрделі қаржы беру бойынша- құрылыс материалдарының бағасы мен
әр түрлі құрылыс- монтаж жұмыстарын тарифтері, күрделі қаржының
экономикалық тиімділігін есептеу туралы анықтама.

Соңғы кездерде коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің
арасындағы бәсеке күшею түсуде. Бәсеке банкттердің жаңа қызмет
түрлерін өсіруге және қызмет көрсетету сапасын жақсартуға
ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту үшін
олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгеріп , қаржылық
кәсіпкерлікте кең қолдануда. Сайып келгенде банктердің экономикадағы
ролі зор артуда.

2. Қазақстан Республикаcындағы банк жүйесінің реформасын жүргізу- заман
туындатқан қажеттілік

Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынасқа өту кезеңінде
несиені басқарудың жүйесі мен шаруашылық қызметке банктік қызмет көрсетудің
тетігіне көшудің, кәсіпорындар мен банктердің қызметін басқаруда
экономикалық әдістерді кеңінен пайдалануға ауысудың мүлдем жаңа тәсілдері
қажет болды; банктердің арасындағы және банктер мен клиенттердің арасындағы
өзара қарым-қатынас жүйесін, сондай-ақ, банк жүйесінің өз аясындағы -
олардың жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым-қатынасты қайта құру
керек, яғни, банк жүйесін жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып
реформалау қажет.
Қазақстан Республикасында банк жүйесінің реформасын жүргізудің
қажеттілігін Әлемдік банктің мамандары макроэкономикадағы реформацияның
жүзеге асуына кедергі келтіретін қысқа мерзімді проблеманың екі
категориясының болуымен түсіндіреді. Бірінші категорияға орталықтандырылған
экономикадан мұраға қалған банктің іс-тәжірибесі мен мақсатты несиелерді
мемлекеттік тұрғыдан бөлудің ескі жүйесінің толық жойылмауына байланысты
қаржы ресурстарын дүрыс орналастырмау проблемасы жатады. Проблеманың екінші
категориясы: банктер сапасыз (мерзімі өтіп кеткен) ссудаларды және
залалға ұшыраған мемлекеттік кәсіпорындарды мұраға алады. Бұл проблемалар
тіршілікке икемді (немесе несиені өтеу кабілеті бар) мемлекеттік
кәсіпорындар мен жеке кәсіпорындардың қаржылық ресурстарға апаратын жолын
жауып тастады, қаржы ресурстарын тіршілікке икемсіз (немесе залалды)
кәсіпорындардың пайдасына бұрып жіберді.
Оның үстіне, бұрынғы ескі жүйе кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы
төлемдер мен есеп айырысуларды дұрыс жүргізе алмады.
1992 жылдың ішінде Қазақстан экономикасына салынатын несие салымдары
артты. Жалпы ұлттық өнім несиесінің сомасы 1992 жылдың I тоқсанында 11,3%-
ды құрады, IV тоқсанда -29,8%. Бұл негізінен өз кезегінде Ресей Орталық
банкісінің контокорренттік несиесімен қаржыландырылған Ұлттық банктің
несиесі арқылы қайта қаржыландырудың есебінен жүзеге асырылды. Мұны мына
мәліметтер айғақтайды: 1992 жылдың I тоқсанында Ұлттық банктің коммерциялық
банктерге берген несие сомасы Жалпы ұлттық өнімде 6,7%-ды құрады, ал осы
жылдың IV тоқсанында - 17,8%, Мамандандырылған банктер арқылы несие
ресурстарын осылайша орталықтандырылған әкімшілік жолмен болу тіршілікке
икемсіз, залалды мемлекеттік кәсіпорындарға несиенің берілуіне жол ашты,
бұл өз кезегінде нашар несиелердің қалыптасуына, яғни банктерде нашар несие
портфелінің пайда болуына әкеп соқтырды. 1993 жылы Ұлттық банк 7,5 млрд
теңге сомасында несие берді, оның 5,6 млрд теңге - үкіметтік, яғни, олардың
үлесі 7,6%-ды құрады, ол бойынша қайтарылған жалпы сома 138,5 млн теңгеге
немесе 3,9%-ға теңесті, қалған бөлігінің мерзімі ұзартылды.
Ұлттық банк несиесімен қайта қаржыландыру іс-тәжірибесіндегі кемшілік
мынада, банктер қайта қаржыландыру несиесіне қол жеткізгеннен кейін
депозиттік ресурстарды дербес жұмылдыруға ынталы болмайды. Оның үстіне, бұл
несиені субъективті негізде орналастырған кезде банктердің жұмыс тиімділігі
ескеріле бермейді, осының салдарынан несие ресурстары әрдайым оңтайлы
бөлінбейді.
Несиені тиімді орналастыруға кедергі келтіретін фактілердің біріне
пайыздық мөлшерлеменің төмен болуы жатады. Пайыздық мөлшерлемелер
деңгейінің төмен болуы ссудаға қажеттілікті арттырып, несие өтініші
негізінде тікелей орталықтандырылып несиеленетін мемлекеттік
кәсіпорындардың қаржылық тәртібін әлсіретіп тастады.
Мемлекеттік кәсіпорындар бұл арзан несиені негізінен инвестиция үшін
емес, еңбекақы төлемдеріне және материалдык құндылықтарды жинауға
пайдаланды. Инфляцияның деңгейі мен Ұлттық банктің атаулы пайыздық
мөлшерлемесін салыстырса да жетіп жатыр: соңғысы 500%-дан да асып түсетін
бөлшек сауда бағасының жылдық инфляциясында - 1992 жылдың наурыз айында -
жылына 25%-ды құрады. 1992 жылдың қараша айында атаулы пайыздық мөлшерлеме
65%-ға дейін артты, ал инфляция -1000%. Сол кездің тұсында арзан несие
алған кәсіпорындар өз жағдайларын түзеуге асықпады.
Осылайша, қолдау көрсетілетін мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей
несиелеудің саясатын төмен пайыздық мөлшерлеме саясатымен біріктіру несие
ресурстарының дұрыс орналаспауына әкеп соқтырды.
Өз қәсіпорындарының өтеу қабілетін салмақтап жатпастан оларға несиені
тікелей беретін мамандандырылған банктердің бұл әрекеті мерзімі өткен
ссудалардың көбеюіне әкеп соқтырады, ал нарыққа бағдарланған кәсіпорындар
банктерден несие ала алмады.
Пайыздық мөлшерлеменің төмен болуы банктерге өз жинақ ақшасын толық
жұмылдыруына мүмкіндік бермеді. Кәсіпорындар мен халық өз жинақ ақшасын
нақты ақтивтерге орналастыруды ұйғарды. Азаматтар көбінесе ұзақ пайдалануға
жарайтын тауарларды және жылжымайтын мүлікті сатып алатындықтан
кәсіпорындар өндірген тауарлар уақтылы сатылмады, яғни кәсіпорындар тауар
қорын өсірумен ғана шектелді. Нақты активтер -инфляциядан, ақша
қорланымының құнсыздануынан қорғанатын бірден-бір жол болды. Салым ақша
үшін төлейтін банктің пайыздары инфляцияның салдарына болған ысыраптың
орнын толық толтыра алған жоқ. Кәсіпорындар мен халыққа тиесілі жинақ
ақшаның жеткілікті дәрежеде жұмылдырылмауынан орын алған несие
ресурстарының жетіспеушілігі банктердің тиімді кәсіпорындарды несиелеуіне
мүмкіндік бермеді.
Несие ресурстарының бөліну сипатына мемлекеттік кәсіпорындарға
берілетін демеу қаржы мен жеңілдікті несиелердің іс-тәжірибесі жағымсыз
әсерін тигізді. Кәсіпорындардың өзіндік ерекшелігі бар шығынының, мәселен,
халықты әлеуметтік қорғау шығынының, сондай-ақ, кәсіпорындардың әдетке
айналған тиімсіз жұмыс істеуіне байланысты шығынның орнын толтыруға
арналған несие демеу қаржы несиесі деп аталды. Ол (демеу қаржы несиесі)
Ұлттық банктің кайта қаржыландыру несиесінің мөлшерлемесіне қарағанда темен
пайыздық мөлшерлемемен берілді (1992 жылдың IV тоқсанында 65% тө мен).
Демеу қаржылық несие саясаты жай несие мен мемлекеттік демеу қаржы
арасындағы айырмашылықты жойды. Бұл ссуданы кәсіпорындар мүлдем өтемеді
десе де болады. Ауыл шарушылық кәсіпорындарына есеп айырысудағы өзара
шегерімдерді жүргізуге жеңілдікті несиелерді берудің іс-тәжірибесі кеңінен
тарады. 1992 жылы Ұлттық банктің жеңілдікті несие үлесі барлық қайта
қаржыландыру несиесінің шамамен 70%-ын немесе барлық несие салымдарының 42%-
ын құрады. Жеңілдікті несиенің көп бөлігін ауыл шаруашылығы мен дайындаушы
ұйымдар алды.
Мақсатты үкіметтік бағдарламаларға орталықтандырылған несие 1993 жылы
негізінен жеңілдікті пайыз мөлшерлемесі (3%, 253 жэне 65%) бойынша берілді
7,5 млрд сомасында банк берген несиенің 7,6%-ы олардың үлесіне тиді,
өйткені 1992 жылы пайыз мөлшерлемесіне коммерциялық банктердің белгіленген
шектеулері алынғаннан кейін Ұлттық банктің орталықтандырылған несие
ресурстарының есебінен банктердің беретін несиесінде маржа мөлшерінде
сақталып қалды. Нәтижесінде орталықтандырылған несиенің орташы пайыздық
мөлшерлемесі тұтас республика бойынша 1993 жылы 48,2%-ды құрады. Сол жылы
тұтыну бағасының индексі 2269,8% деңгейінде анықталды.
Кәсіпорын борышының жаппай клирингісін жүргізу барысында Ұлттық банк
борышқор кәсіпорындарға жеңілдікті - демеуқаржы несиесін берді. 1992 жылы
осы мақсатта берілген несиенің үлесі барлық жеңілдікті несиелердің шамамен
30%-ын құрайды. Несиенің көп бөлігі өтелмей қалды.
Жоғарыда аталған несиелер кәсіпорындарға өз қаржылық жағдайларын
жақсартып алуы үшін берілсе де, олар оның залалын қаржыландыру құралына
айналды. Оның үстіне, демеуқаржы және жеңілдікті несие бойынша атаулы
пайыздық мөлшерлеме мен инфляция деңгейінің арасындағы үлкен айырмашылық
қаржылық алып-сатарлыққа жол берді.
Несие салымдарының жалпы сомасында үкіметке мемлекеттік емес борыштық
бюджет тапшылығын жабу үшін бірілген несиенің үлес салмағы басым: 1992
жылдың 1 каңтарында ол 13,7 және 11%-ды құраса, 1993 жылдың 1 қаңтарында -
1,5 және 2%, ал, 1993 жылы бюджет тапшылығын жабуға 877 млн теңге
мөлшерінде немесе барлық несие сомасының 11,8%-ын құрайтын несие сомасы
берілді.
Нәтижесінде несие салымдарының құрылымы айтарлықтай нашарлап, жарамсыз
(мерзімі өткен) несиенің үлесі артты. Пайыздық мөлшерлеменің төмен болуынан
орын алған Ұлттық банктің ысырабы және капитал ысырабы орасан зор сомада
болды.
1992 жылы басталған республикадағы төлемсіздік дағдарысы
кәсіпорындардың және тұтас экономиканың қаржылық жағдайына кері әсерін
тигізіп келеді.
Көптеген кәсіпорындар өнім өндірісін күрт төмендетуге мәжбүр болса,
кейбіреулері өндірісті мүлдем тоқтатып тастады. Есеп айырысуларда баспа-бас
алмасу (бартер), алдын ала төлеу қолданылады.
1991 жылдың 1 каңтарында мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары
5 млн теңгені құрады, 1992 жылдың 1 каңтарында - 11,2 млн теңге, 1992
жылдың маусымында - 384 млн теңге немесе жалпы ұлттық өнімнің немесе
алынған банктік 12,3% - ын несиенің жалпы сомасының 84,1 %-ын құрады. 1993
жылы мерзімі өткен төлем 91,5 млн теңгеден 5,5 млрд теңгеге дейін немесе 60
есеге өсті. Банк ссудасы бойынша мерзімі өткен берешек 12,6 млн теңгеден
1,7 млрд теңгеге дейін немесе 135 есеге өсті.
Мұндай құбылыс көптеген себептермен, ең алдымен төлем жүйесінің
тиімсіздігімен, сондай-ақ несие нарығының проблемаларымен түсіндіріледі.
Әсіресе, бұлар 1992 жылдың басында Ұлттық банк кәсіпорындарга несие беруді
шектей бастағанда байқалды. Соңғылары басқа кәсіпорындардан жөнелтілген
жүктің төлемін ала алмайтын жағдайға ұшырады, төлемдер жарты жылға немесе
одан да көп уақытқа кешіктірілді. Бүкіл кәсіпорындар, соның ішінде, төлем
қабілеті бар кәсіпорындар да қиын жағдайда қалды.
Несие нарығының проблемалары бұрынғы ақшасыз есеп айырысу жүйесі және
есеп айырысу құжатымен несиелеу жүйесі жойылғанда байқалды. Кәсіпорын өз
тауарын сатып алушыға оның төлем қабілетін тексеріп жатпастан, жоспар мен
келісім-шартқа сәйкес жөнелтетін. Егер сатып алушының шотында қаражат
болмаса, оған банк автомат түрде несие аударатын, төлемсіздік қатері нөлге
тең болды. Бұл жүйе жойылғаннан кейін (банктер төлем қабілеті жоқ
кәсіпорындарға несие бермейтін болды) төлемсіздік дағдарысы басталды;
төлемін кешіктірілуі немесе төлемнің мүлдем жүргізілмеуі төлемсіздіктің
тізбекті реакциясын тудырды.
Оның үстіне, төлемдердің кешіктірілуі құрал-саймандардың тозуымен және
банктердің артта қалған техникалык жарақтандырылуымен (ЭЕМ желілерінің және
олардың программалық қамтамасыз етуінің тозуы) байланысты болды.
Кәсіпорындар арасындағы төлемсіздік дағдарысын жою үшін үкімет үш
шараны жүзеге асырды. Біріншіден, тіршілікке икемді кәсіпорындардың берешек
мөлшерін кеміту мақсатында тіршілікке икемді немесе тиімді кәсіпорындарды
басқа кәсіпорындармен қайта қаржыландырды. Ұлттық банк бұрынға
мамандандырылған банктер арқылы қайта қаржыландыруға 245,36 млн теңге
сомасында несие берді. Екіншіден, үкімет жана төлем аспаптарын енгізді.
Мемлекеттік кәсіпорындарға төлем тапсырмасы немесе чек бойынша алдын ала
төлемді кажет ететін төлем аспаптарын пайдалануды тапсырды. Үшіншіден,
бұрынғы кеңестік республика аралық есеп айырысу банкісіне құрылтайшы болуға
келісімдерін берді. 1992 жылдың аяғында Қазақстан мен Ресей 1992 жылдың
соңында 80 млн теңгені құраған екі ел кәсіпорындарының берешегін өзара
шегеру туралы екі жақты келісімге кол қойды.
Аталмыш шаралар төлемсіздік дағдарысын жоя алмады, өйткені көптеген
маңызды мәселелер сол күйі өз шешімін таппады. Төлем жүйесі мен несие
нарығының тиімсіздігі де толык жойылған жоқ бұл кәсіпорындардың өзара
берешегінің пайда болуына әкеп соқтырды, мысалы, бұл арада төлемдердің
кешіктірілуін және кәсіпорындарда қаржылық тәртіптің болмауын айтуға
болады. Төлемсіздік дағдарысы 1992 жылдың соңында қайталанды, үкімет
жеңілдікті пайыз мөлшерлемесі (жылдық 25%) бойынша 1993 жылдың I тоқсанында
600 млн теңгені берешектерді өтеуге, 800 млн теңгені мемлекеттік
кәсіпорындардың айналым капиталын толықтыруға беруге мәжбүр болды.
1993 жылдың қараша айында ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты
Ұлттық банк ақша-несие саласының жұмыс істеуіне, оның бюджетпен және
банкпен өзара қарым-қатынасының классикалық принциптерін жүргізуге,
банктердің қызметін реттейтін жүйені нығайтуға толық жауапты болды.
Ұлттық валютаның енгізілген сәтінен бастап 1995 жылга дейін орталық
банктің қызметін орындауда, жүйелердің қызметін реттемелейтін нормативтіқ
құжаттарды әзірлеу мен қабылдауда дәстүрі мен тәжірибесі жоқ Ұлттық банқ
ақша-несие саясатын дербес жүргізудің тәжірибесін жинақтады. Бұл кезең,
сонымен бірге, ұлттық валютаның бағаны ырықтандыруды көздейтін факторларына
және ақша-несие аспаптарының әрекетіне бейімделу кезеңі болды. Бір мезгілде
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың ақпанындағы Жарлығымен
бекітілген 1995 жылы Қазақстанда Банк жүйесін реформалаудың алғашқы
бағдарламасы әзірленді.

2.1. 1995 жылына арналған Қазақстанның банк жүйесін реформалаудың
бағдарламасы

1995 жылдың соңына дейін Бағдарламаны сәтті жүзеге асыру шартымен
Ұлттық банк ақша-несие саясатын тиімді жүргізуге және банктер үшін
қолданыстағы заңда анықталған негізгі міндеттерді толық орындауға мүмкіндік
беретін классикалық орталық банкке тән ақша-несие және валюта тұрғысынан
реттеудің бүкіл құралдар жиынын толықтай енгізіп, пайдалана бастайды деп
ұйғарылған болатын. Ұлттық банктің тарапынан бақылауды күшейтудің әрі
нормативтік реттеуді жетілдірудің және экономикалық ынталандыруды дұрыс
қолданудың есебінен барлық коммерциялық банктердің қызмет сапасын оларды
капиталдандырудың деңгейін арттырумен және халықаралық стандарттарға сәйкес
олардың топтарын (10-15 банкті) қалыптастырумен жақсартуды жүзеге асыру.
Банк аралық ақшалай, несие және валюта нарықтарын дамыту арқылы мынадай
жағдайға қол жеткізу: онда калыптасқан пайыздық мелшерлемелер мен айырбас
бағамдары анықтаушы күшке ие болады, ал оған Ұлттық банк өзінің тікелей
және жанама реттеу құралдарының көмегімен әсер ететін болады. Ұлттық
банкпен республикалық бюджеттің тапшылығын тікелей несиелеуден бас тартып,
оны ішкі және сыртқы қаржы нарықтарында қаржыландырудың бейинфляциялық
тәсіліне көшу. Елдің қауіпсіздік бөлігінде аралық деп аталатын төлемнің
жұмыс істеуін жаңа сапалы деңгейге көтеру, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің арасында төлемдерді уақтылы әрі тиімді жүзеге асыру, ұзақ
мерзімді ұлттық төлем жүйесін құру. Орта және ұзақ мерзімді инвестициялық
жобаларды бейинфляциялық несиедеу жүйесінін негіздерін қалыптастыру.
Бағдарламының өте салмақты екеніне қарамастан нақты жағдайды ескере отырып
оны жүзеге асырудың сәті түсті. Ең алдымен ақша-несие тұрғысынан реттеудің
әдістері мен құралдарының одан ары дамуына жол ашылды. Банктің қайта
қаржыландыру тетігі елеулі өзгеріске ұшырады. Директивтік несие 1995 жылдың
ақпан айына дейін берілді. Орталықтандырылған көздердің есебінен берілетін
несиенің мөлшері де, мерзімі де кеміді, экономиканы несиелеудің қызметі
негізінен Ұлттық банктен осы үшін тартылған халықтың жинақ ақшасынан,
сыртқы қарыздарды өздері дербес тұратып шаруашылық жүргізуші субъектілердің
еркін қаражатынан экономиканы несиелеуді жүзеге асыратып екінші деңгейдегі
банктерге өтті. Ұлттық банк орталық банкке тәп қызметтерді орындауға
икемделді, екінші деңгейдегі банктерді олардың өтімділігін сақтау
мақсатында несиелеу қызметіп, Үкіметті несиелеуді; ақша-несие және валюта
тұрғысынан реттеуді тұтастай өз қолына алды.
1995 жылдың бірінші жартысында Ұлттық банктің екінші деңгейдегі
банктерге ұсынған несиенің көбісі ресурстар аукционы арқылы үш ай мерзімге
дейін берілді, ал осы жылдың екінші жартысында операцияның ең көп бөлігі
мемлекеттік құнды қағаздардың қайталама нарығында жүзеге асырыла бастады.
Банк аралық несие нарығы да даму жолына түсті. Қыркүйек айынан бастап
ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшаның өсімін шектеу
мақсатында Ұлттық банк жекеленген жылдар үшін де айналымға Ұлттық банктің
құнды қағаздарын (нотасын) шығару арқылы ақша массасының өсуіне тосқауыл
қойды.
1995 жылы Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерінің жағымды әрі нақты
мәнін қалыптастырды. Мөлшерлер инфляцияның деңгейіне қарай артып немесе
кеміп отырады. Инфляцияның деңгейі 1995 жылдың қаңтары айында 8,9%-дан
қыркүйек айында 2,4%-ға дейін кемігені белгілі, осыған орай қайға
қаржылаңдырудың мөлшерлемесі 210-нан 4%-ға біртіндеп азайды. Бұдан кейінгі
айларда инфляция есуі (айына 4,4%-ға дейін) Ұлттық банкті қайта
қаржыландырудың мөлшерлемесін 20 қарашадан бастап 52,5%-ке дейін көтеруіне
мәжбүр етті. Бұл өзгеріс екінші деңгейдегі банктердің пайыздық саясатында
да көрініс танытты.Акша массасын оңтайлы мөлшерде ұстап тұрудың және
банктердің етімділігін реттеудің қажеттілігіне қарай міндетті резервтердің
деңгейі 1995 жылдың наурыз айында теңгемен әрі шетелдік валютамен алғанда
депозиттік міндеттеменің 20%-ын құрады. Ұлттық банк резервтеудің баламалы
тәсіліне көшкен банктердің резервісі үшін төлем принципін сақтады, төлем
мөлшері қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 20%-зы деңгейінде болды.Бұл
арада бастапқы және қайталама нарықтардың жұмыс істеуі қамтамасыз етілді.
Нәтижесінде 1995 жылдың соңында қазынашылық вексельдердің мөлшері 3 аи
айналыс мерзімінде 4,1 млрд теңгені, ал 6 ай мерзімінде - 0,8 млрд теңгені
құрады. Қайталама нарықта жүзеге асырылған 1 жыл ішіндегі операциялардың
мөлшері 11,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде, ашық нарықтың операция
мөлшері — 22 млрд теңгеге жетіп жығылды.
Ұлттық банк жүргізген валюта бағамының саясаты нарық ахуалының аз
уақыт ішіндегі өзгерісінен туындаған теңгенің айырбас бағамының динамикасын
жұмсартуға бағытталды.1995 жылы Қазақстан банк аралық валюта қор
биржасындағы Ұлттық банктің АҚШ долларын сатып алу формасындағы
интервенциясын сату формасындағы интервенциямен сәйкес келді.Ұлттық банқ
өтімділік нарығын құрудағы жағымды тенденцияны ескере отырып, 1995 жылдың
екінші жартысында экспорттан түскен түсімді кәсіпорындарға ішкі валюта
нарығындағы шетелдік валюта да міндетті сатудың талабын 30%-ға дейін
кемітуді әрі оны бұдан бұлай қарай доғаруды ұйғарды. Жылдың соңында
биржадан тыс валюта нарығы дами бастады және ондағы операциялардың мөлшері
биржалық операцияларының мөлшерінен асып түсті.1995 жылы алтын валюта
резервісін басқаруға қатысты көптеген жұмыстар жүзеге асырылды. 1995 жылдың
сәуір айында Ұлттық банк басқармасы Алтын валюта резервісін басқарудың
тұжырымдамасын бекітті.
Алтын валюта резервісін арттыру мақсатында Ұлттық банк валюталармен
құндық металдарды депозиттерді орналастыруды, валюталар мен асыл тастарды
сату және сатып алу секілді операцияларын жүргізді. Әр түрлі елдердің
мемлекеттік бағалы қағаздары мен операциялар жүзеге асырылды.Аттестацияны
өткізумен және Лондонның алтын тастар нарығында сауда маркілері (клеиманы)
алумен байланысты жұмыстар жанданады. 1995 жылдын 14 наурызында
қазақстандық күмістің тауарлық таңбасы тіркеледі. Мүндай жұмыс алтын
бойынша да жүргізіледі.Мұндай, ақша-несие саясатын жүзеге асырудың
нәтижесінде 1995 жылдың монетарлық бағдарламасына кіргізілген
параметрлердің көбісі орындалды. Бұл инфляцияның орташа айлық қарқынын 1994
жылы 24,1%-тен 1995 жылы 4,8%-ға дейін кемітуге және теңгенің шетелдік
валюталарға қатысты бағамын тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Ұлттық банк
жүргізген ақша-несие саясаты барлық экономиканың тұрақтануына қолайлы
жағдай тудырды. Жалпы ішкі өнімнің құлдырау қарқыны 9%-га (1994 жылы -
23,7%) дейін кеміді. 1994 жылмен салыстырғанда бірқатар экономика саласында
өндіріс дамыды. Сауда балансының сальдосын жақсартатын тенденция анықталды.
1995 жылы, сондай-ақ Ұлттық банк пен Қаржы министрлігінің ел
экономикасын сауықтыру мақсатында ақша-несие және салық-бюджет саясаттарын
үйлестірудегі әрі микроэкономиканы тұрақтандырудағы өзара әрекеті дамып, өз
жалғасын тапты. Осының нәтижесінде Қаржы министрлігімен өзара қарым-
қатынастың іс-тәжірибесі жақсарып, қаржылық қатынас тәртіпке келді, Қаржы
министрлігінің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің аукционын өткізу
бойынша агенттіктің қызметі сәтті орындалып, бюджеттің қассалық қызметін
Ұлттық банктен қаржы министрлігінің қазынашысына табыс ету бойынша дайындық
жұмыстары жүргізілді.
Нақты қызметке экономиканың талаптарына жауап беретін баршаға ортақ
халықаралық принциптер мен стандарттарды енгізуге мүмкіндік беретін,
кешенді шараларды білдіретін банк жүйесінің бухгалтерлік есеп жүйесін
реформалау бойынша маңызды жұмыстар одан ары ұзартылды. Ұлттық банк іс-
тәжірибеге шоттардың жаңа жоспарын, бас және қосалқы бухгалтериялар бойынша
шоғырландырылған балансты және нормативтік құжаттарды, сонымен бірге,
Орталық банктің жүйесіне қажетті бухгалтерлік және статистикалық
есепшіліктерді енгізді. Аталмыш жұмыс түрлерін автоматты түрде өңдеудің
программалық қамтамасыз етуі аяқталды.
1995 жылы банктік қадағалаудың әдістемелік негізін дамытуды қамтамасыз
ететін құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді: атап айтқанда,
күмәнді борыштарды өтеуге арналған арнайы резервтерді қалыптастыру,
банктерді концервациялау, банктерді ашудың жаңа тәртібі, банк операцияларын
лицензиялау, банктерді таратудың қолданыстағы тәртібін өзгерту, ашық
валюталық позицияны банктерге енгізу және т.б. жұмыстар.1995 жылы екінші
деңгейдегі банктер жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Банктердін таратылу
процесі және олардың қосылу процесі токтаған жоқ. Бұған Ұлттық банктің
тарапынан екінші деңгейдегі банктерді капиталдандыруға және таратуға
байлапысты қоятын талаптың күшейтілуі өз ықпалын тигізді. Нәтижесінде
банктердің саны бір жылдың ішінде 191-ден 130-ға дейін қысқарады. Олардың
құрылымы да көп өзгеріске ұшырады. Мемлекет аралық банктер құрылып,
шетелдік (4-тен 6-ға дейін) және біріккен (6-дан 7-ге дейіп) банктердің,
қатары көбейеді.Банктердің жарғылық қорына қатысты көптеген өзгерістер
болды. Жыл басында 535% 5 млн теңге жарғылық қордың 60%-ы банктерге тиісілі
болған болса, 1996 жылдың басында оның 35% ғана қалды. 80 млн теңге және
одан да көп жартылық қорға ие банктердің үлес салмағы 11 %-дан 30%-ға дейін
өсті.
Ұлттық банк Үкіметпен бірігіп, бұрынғы салалық мамандандырылған
банктерді кайта құрып, оларды одан ары дамыту бойынша үлкеп жұмыстар
жүргізді. Агроонеркәсіптің санациясы аяқталды.1995 жылы функциялық тұрғыдан
мамандандырылған мемлекеттік банктерді қалыптастыру ісі өз жалғасын тапты.
Реабилитациялық банк құрылып, жұмысын бастады.
1995 жылғы елдің несие нарығының даму ерекшелігіне несие
аукциондарынын одан ары жетілдірілуі жатады. Осының нәтижесінде несие
аукциондарынын ролі көп төмендеп кетті. Банк аралық ақша нарығының ролі
артты. 1995 жылы құнды металдар нарығын дамыту қолға алынды. 1995 жылдың 20
шілдесінде қабылданған Құнды металдарға және асыл тастарға қатысты
мемлекеттік тұрғыдан реттеу туралы заңдық күші бар Қазақстан Республикасы
Президептініц № 9372 Жарғысымен елде өндірілген барлық құнды металдардың
міндетті сату жүйесінен оларды еркін сату жүйесше көшуге рұқсат берілді.
Қазақстан бұрынғы КСРО ішінде бірінші боп құнды металдардың нарығын
ырықтандыруды, яғни, алғашқы қадамды Қазақстан жасады. Жеті банк құнды
металдармен операцияларды өткізуге уақытша лицензия алды. 1995 жылдың
желтоқсан айында тұңғыш рет сауда-саттығы өтті.
Баламалы заңға және осы заманғы техникалық базаға негізделген әрі
халықаралық стандарттарға жауап беретін тиімді төлем жүйесін құру барысында
бірыңғай саясатты жүргізу үшін 1995 жылы Қазақстан Республикасында Ұлттық
төлем жүйесін жасау және Ұлттық Төлем Кеңесін (ҰТК) құру салаларындағы
ынтымақтастық туралы келісім бекітілді. ҰТК қызметінің негізгі бағытына
ҰТК қатысушыларының көп қырлы мүдделері - жауап беретін Ұлттық төлем
жүйесінің жобасып әзірлеу, екінші деңгейдегі банктердің жұмысын
тұрақтандыруға әрі клиенттерге көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға
бағытталган әдістемелік ұсыпыстарды дайындау, халықаралық банк жүйесіне
шығу арқылы бірыңғай мемлекет аралық стандарттарға көшу және Ұлттық төлем
жүйесіне қатысушы банк мамандарын оқытуға, қауіпсіздік жүйесіне, техникалық
және бағдарламалық тұрғыдан қамтамасыз етуге қатысты әр тұрлі мәселелерді
шешу.
Екінші деңгейдегі банктердің қаражатын тиімді пайдалану әрі пайдалану
әрі олардың өтімділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкісінің қасынан Алматы клиринг палатасы, сондай-ақ Ұлттық банктің
Павлодар, Көкшетау, Шығыс Қазақстан облыстарындагы басқармасының қасынан
клиринг палаталары құрылды.
Қазақстан Республикасында төлем құралдарының тиімділігін арттыру үшін
1995 жылы Ұлттық банк басқармасы мынадай нормативтік құжаттарды әзірлеп
бекітті: Қазақстан Республикасындағы есеп уақытша ереже, Банктік сервис
бюросы туралы уақытша ереже, Қазақстан Республикасы аумағында дебет және
несие карточкаларың пайдаланумен шетелдік валютада есеп айырысудың уақытша
тәртібі. Бұрын бекітілген нормативтік актілерді енгізу бойынша жұмыстар
жүргізілді: Қазақстан Республикасында чекпен есеп айырысу туралы ереже,
Чек клирингісін жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкісінің клиринг палатасы туралы ереже, Қазақстан Республикасындағы
банк аралық клиринг туралы ереже, Онкольдық ссуданы ұйымдастырылған
нарықта беру қайтару бойынша операцияларды өткізу жөніндегі ереже.
Бағдарламада қарастырылған банк жүйесін жұмыс істету және реформаны
құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша шаралар толық орындалды десе де
болады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкісі туралы және Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк
қызметі туралы заңдық күші бар Жарлығы осылайша шықты.1997 жылдың 6
наурызында ҚР-дың ҚР Президентінің заңдық күші бар Жарлығына толықтырулар
енгізу туралы, ҚР-дағы банктер мен банк қызметі туралы, 1997 жылдың 28
сәуіріндегі ҚР-да вексельдік айналыс туралы, 1997 жылдың 1 шілдесіндегі
Банк қызметіне қатысты мәселелер бойынша ҚР-дың біршама заң актілеріне
түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы заңдары қабылданды.

2.2 Банк жүйесін одан ары реформалаудың барысы

1995 жылға арналган Қазақстан банк жүйесін реформалау бағдарламасынын
жүзеге асуы орта мерзімді бағдарламаны әзірлеудің мүмкіндігімен қамтамасыз
етті.Тұтастай алғанда онын мақсаттары мен міндеттері 1995 жылға арналған
бағдарламадағы мақсаттар мен міндеттерге ұқсас болды, алайда, елдің орталық
банкісі ретінде Ұлттық банктің жинақталған жұмыс тәжірибесі нарықтық
экономикаға тән ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланудан экономикасы
дамыған елдердің қолданысындағы құралдарды пайдалануға кешуді алдына міндет
етіп қойды.
Екінші денгейдегі банктердің одан ары дамуы, Қазақстанның Ұлттық банк
жүйесі және оның төмендегідей қызметтерін қарастыруды көздейді. Ақша-несие
қатынасын реттеуді тереңдету. Бұл үшін классикалық ақша-несие құралдарын
тиімді пайдалану көзделді: банктердің қайта қаржыландырулар үшін ұсынатын
несиенің мөлшерін реттеу, қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемелерін
анықтау, міндетті резервтердің, нормаларын белгілеу болды. Әрі
халықаралық стандарттарға көшіруді және бухгалтерлік есепті реформалауды
аяқтау. Орта мерзімді кезеңде 1995 жылы басталған банктердегі және
Қазақстан Республикасының өзге де несие мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп
пен есепшілік салаларын бірыңғай әдістемелік саясатпен қамтамасыз ететін
банк жүйесінің бухгалтерлік есебін реформалау аяқталды. Бағдарламаның
әрекет ететін мерзімі ішінде Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі банктер
шотының жаңа жоспарын енгізу толықтай аяқталады әрі оларды ақша-несие
саясатын жүзеге асыру үшін, нормативтік ережелерді орындау үшін, сондай-ақ,
қаржылық құралдарды пакты пайдалану бойынша шешімдерді қабылдау үшін
талдауға, жоспарлауға және бақылауға пайдаланылатын қаржы нарығының
статистикасында, төлем балансының статистикасында, салық-бюджет
статистикасында, ұлттық шотта маңызы жоғары жаңа ақпараттарды
қалыптастыруға мүмкіндік беретін халықаралық стандарттарға көшіру жүзеге
асырылу көзделді. Бұл аталмыш жұмыстар тиісті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
Нарықтық экономикада несие
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
Казақстан Республикасындағы банк жүйесі туралы
Казкоммерцбанк туралы ақпарат
Қазақстанның банк жүйесі жайлы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ РЕФОРМАЛАНУЫ
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Қазақстанның банк жүйесі туралы
Пәндер