Қазақстанның қаржылық жүйесі


Қазақстан Республикасының Білім
және Ғылым Министрлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университеті
« Экономикалық теория және Әлем экономикалық» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Экономикалық теория пәні
Тақырыбы: Қазақстанның қаржы жүйесі
Орындаған:108 топ студенті Дәрібаев М. Б
Тексерген аға оқытушы:
Астана, 2013
Мазмұны
Кіріспе
I тарау Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы
- Валютаның мәні, нарығы . . . 5
- Валюта бағамы, жүйелер, фактор, паритеті . . . 7
- Халықаралық есеп айырысу балансы . . . 12
II тарау Валютасының даму кезеңдері
- ҚР-ның валюта жүйесі . . . 15
- ҚР-ның төлем балансы . . . 18
- ҚР-ның валюта ресурстарын қалыптасуы, пайдалануы . . . 23
III тарау Ұлттық валютаның тұрақтандыру жолдары . . . 29
Қорытынды . . . 38
Қолданылған әдебиеттер . . . 40
Қосымшалар . . . 41
Кіріспе
Осы курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының қалыптасу және бекітілу мәселелері» Жалпы, валюта негізінен екі мағынада қолданылады.
Біріншіден, елдің ақша бірлігі - оның ақша жүйесінің элементтерінің біреуі, ал екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгісі ретінде, мұнда олардың несие және төлем құралдары көрініс алады. Валюта жүйесі деп мемлекетаралық келісімшарттарымен жасалған валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын білдіреді. Негізінен валюта жүйесі үш түрге бөлінеді:1. Ұлттық валюта жүйесі; 2. Дүниежүзілік валюта жүйесі; 3. Аймақтық немесе мемлекетаралық валюта жүйесі.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралақ төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта - елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол фирмада және қолма-қол емес формада болады. Оның элементтері орталық банк және коммерциялық банктер.
Дүниежүзілік валюта жүйесі алтын монеталы стандарт негізінде құрылып, 1867 жылы басшы елдердің өкілдері қатысқан Париж конференциясында мемлекет аралық келісіммен заңды түрде рәсімделді.
Аймақтық валюта жүйесі - дүниежүзілік валюта жүйесінің шеңберінде батыс Европаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған «Жалпы нарық» одағындағы мемлекеттердің экономикалық және валюталвқ ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды.
Бұл жұмыстың құрылымына келетін болсақ, ол үш тараудан тұрады. Бұл тараулардың әр қайсысы өте маңызды, әрі ерекше. Курстық жұмысым тек қана үш тараудан тұрмай, ол бірнеше бөлімдерден, әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.
Бірінші, тарауда ҚР-ның Ұлттық валютасы, зерттелген. Мұнда валютаның мәні, нарығы, бағамы, жүйесі, факторы, паритеті, халықаралық есеп айырысу балансы қарастырылады.
Екінші, тарауда валютасының даму кезеңдеріде қарастырылып, зерттелген. Мұнда ҚР-ның валюта жүйесі, төлем балансы, валюта ресурстарын қалыптасуы, пайдалануы туралы қарастырылады.
Үшінші, тарауда Ұлттық валютаның тұрақтандыру жолдары туралы қарастырылады. Оның ішінде инфляциямен күресу жолдары туралы айтылған.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті валютаның қайшылықтарын қарастырып, валютаның мәнін, оның жүйе қатынастарын талдаймыз. Осы Қазақстандағы Ұлттық валютаның банктегі қызметін атаймыз.
I тарау Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы
1. 1Валютаның мәні, нарығы .
«Валюта» деген терминді екі мағынада қолдануға болады.
Біріншіден, елдің ақша бірлігі - оның ақша жүйесінің элементтерінің біреуі деп.
Екіншіден , шетел мемлекеттерінің ақша белгісі ретінде, мұнда олардың несие және төлем құралдары көрініс алады.
Ал жалпы түсінікке келсек, валюта халықаралық төлем есеп айыру айналымындағы ұлттық ақшаны пайдаланудың ерекше әдісі болып табылады.
Қай ел болмасын, ол басқа елдермен есептескенде, шетел валютасын қолданылады. Сондықтан шетел тауарлары мен қызметтерін өтеу қажеттігі валюта айырбасы мәселесін тудырады. Валюта сыртқы валюта нарығында сатылады. Осы сатылымдар әлемдік қаржы нарығының елеулі бөлігін құрайды. Мемлекет валюта қатынастарын Орталық банк арқылы реттеп отырады. Бірақ валюта нарығы - децептрализациаланған (бір орталыққа бағынбайтын) нарық болып табылады. Бұнда Орталық банктен басқа көптеген мекемелер мен делдалдар әрекет етеді. Қаржы нарығының аса ірі орталықтары: Лондон, Нью-Йорк, Майндағы Франкфурт, Токио, Мәскеу қалалары. Валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс орналасады, тауар нарығында әрекет ететін заңдылықтары осы нарыққа да тән болады.
Сыртқы валюта нарығының институттарына Орталық банк, ірі коммерциалдық банктер, банктік емес дилер менброкерлер жатады. Коммерциалдық банктер валютамен жасалатын сатып алу, сату операцияларының ірі мүшесі болып табылады. Дилер ретінде бұлар «валютаның деңгейін» қолдайды, яғни олардың корреспонденттенген банктардағы ұлттық ақша салымы болады. Бұл банктерге пайда табуға валютаны «сатып алушы бағасынан» жоғары болатын «сатушы бағасымен» сатудың арқасында түсетін пайда мүмкіндік береді.
Коммерциалық банктер жеке фирмалардың шетел валютасын сатып алу, сату туралы тапсырмасын орындап, брокер рөлін атқару мүмкін. Валюта нарығы өтеүлкен нарық, сондықтан осы нарықта банктік емес дилерлік және брокерлік фирмаларда әрекеттерін жүргізе алады. Экономикасының жағдайы төмен және демократиалдық жүйелері дамыған елдерде «қара» валюталық нарықта әрекет ететін, тіркеуден өтпеген келісімдердің делдардары мен мүшелерінің саны өте көп болды.
Валюта нарығында есеп айырысу қолма-қол ақша арқылы және қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Бірінші, валюта немесе жол шегі қолданылады. Қолма-қол ақша айналымы қаржы операциаларының өте аз шамасын құрады. Жол шегі валюталық аккредитивтің бір түрі болып табылады. Демек, «Американ Экспресс» компаниясының кең тараған жол шегін, белгілі бір дисконт бойынша шетелде коммерциалық бакте қолма-қол валютаға айырбастап алуға болады.
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді коммерциалық банктар телеграф немесе аударылатын вексель арқылы орындайды. Осы вексельдер кейін, белгіленген мерзімде төленуі мүмкін және ел ішіндегі айналымда жүретін қарапайым вексель түрінде айналуы мүмкін.
Экспортерлер мен импортерлердің шығындары ұлттық валютада белгіленеді, бірақ сатушыға өз елінің валютасына сатады. Ұлттық ақша түрінде түскен түсімнің көлемі, осы екі валютаға сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасымен белгіленетін валюта курсына тәуелді болады. Әдетте, валюта курсы - бұл басқа елдің ақша бірлігі түрінде белгіленген ұлттық ақша бірлігінң бағасы болып табылады. Бұның екі жақты көрінісі болады: шетел валютасын сатып алу үшін қажет шетел валютасы бірлігінің саны. Валютаның сұранысы мен көлемі оның бағасына - валюта курсына тәуелді болады.
Біртұтас халықаралық валюта нарығының әр орталығында бір валютаның өзінің курсы әртүрлі болып қалыптасуы мүмкін. Валюта дилері бір жерде валютаны сатып алып, оны екінші жерде сатып, біртұтас халықаралық валюта курсының бір дәрежеде қалыптасуына ықпал етеді. [1, 381-382 бет]
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк мекемелері туралы заңындағы 36 бабындағы Қазақстан Ұлттық Банкінің валюта нарығындағы интервенцияларында көрсетілген.
Қазақстан Ұлттық Банкінің валюта нарығындығы интервенциялары банкаралық немесе биржа нарығында Қазақстан теңгесінің бағамына ықпал ету үшін шетел валютасын сатып алуы-сатуы ұғынылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің валюта нарығындағы интервенцияны валюталвқ мәміленің қандай да болсын түрін қолдана отырып, кез келген банктер немесе валюта биржалары арқылы дербес жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің валюта нарығындағы интервенциялары жалпы ақша-кредит саясаты шеңбнрінде жүргізіледі. [7, 36-бап]
1. 2 Валюта бағамы, жүйелер, фактор, паритеті
Экономикадағы төлем балансында көрінетін өзгерістер түбінде келіп, валюта курсына ықпал жасайды. Валюта нарығы өз жағынан пассивтік білдірмей, белсенді түрде экономикадағы процестерге әсер етеді. Мемлекеттің валюта нарығын реттеу саясаты оның экономика процестеріне қатынасуының әр түрлі дәрежесімен сипатталады. Осыған байланысты валюта нарығын және курсын ұйымдастырудың қарама-қарсы екі жүйесі болады:
1. Валютаның айырбастау курсы сұраныс және ұсыныспенбелгіленген жағдайдағы валюта курсының жұмсақ немесе еркін жүзу жүйесі. Шұғыл өзгерістер болып қалғанда, мемлекет курсты жанама реттеу арқылы қолдап отырады;
2. Қатал белгіленген валюта курстарының жүйесі. Осы жағдайда сұраныс және ұсыныс өзгерістерінің нәтижесінде курстың ауытқуы болмайды. Бұл жағдай валюталық және басқа нарықтардың қызметтеріне мемлекеттік кірісудің күшті болуымен қамтамасыз етіледі.
Валюта курсының осы екі қарама-қарсы жүйелерінен басқа көптеген аралық жүйелер де болады. Демек, Экономистердің көбінің тұжырымдалуы бойынша, бүгінгі АҚШ-та еркін жүзетін, қатал белгіленген курстар жоқ, онда «басқарылған жүзу» жүйесі қолданылады. Осы жүйе доллардың маңайында басқа валюталардың жүзуіне, егер осы «жүзу» АҚШ экономикасына жағымды болса, жол береді.
Валюта курсы ұзақ мерзімде паритетпен беогіленуге тиіс. Паритет өз кезегімен, елдегі еңбек өнімділігінің дәрежесіне, экономикалық өсудің қарқыны және сапасына, экономиканың құрылымына және халықаралық еңбек бөлінісіне тартылуына тәуелді болады.
Валюта курсы қысқа және орта мерзімде валюта нарығындағы сұраныс және ұсыныспен белгіленеді. Осы процестер төлем балансынада көрсетілген. Сондықтан, төлем балансын белгілейтін фактор, сонымен қатар айырбас курсына әсер етеді. Валюта нарығында тепе-теңдік экспорт және импорт көлемімен, капиталдың кіріс және шығысымен байланысты болады. Валюта курсын белгілейтін факторлар:
1. Тұтынушылардың талғамының өзгеруі тауарлар мен қызметтердің экспортын немесе импортын өсіреді. Шетел тауарларының ұнамдылығын жарнама және т. б. арқылы өсіруге болады. Импорттық тауарлардың ұнамдылығының өсуі олардың тұтынуын өсіреді. Экспорт көлемі өзгермесе ұлттық валютаның ұсынысы шетелдікімен салыстырғанда өседі. Осы фактордың ықпал ету нәтижесінде ұлттық валюта құнсызданады. Егер тұтынушылардың талғамы жергілікті заттарға ауысқан болса, керісінше процестер жүреді.
2. Белсенді сауда саясаты да экспортерлер мен импортерлер жасап отырған экспорттың және импорттың валютаға сұранысы мен ұсынысының көлемін өзгерте алады. Баж салығы және импорт квотасы енгізілгенде, тауардың сапасына және қоршаған ортаны сақтаудың қатал стандартына «күтпеген» жаңалықтар енгізілгенде, импорт төмендейді. Бұндай шаралар әкімшілік болғандықтан халықаралық сауданың көлемін төмендетеді, жеке елдерге дискриминация тудырады. Сондықтан валюта нарығын тұрақтандыру мақсатымен осындай саясатты қолдану негативтік дәрежелер тудырады.
Импорттық тауарларға сұраныстың икемділігі. Импорттық тауарларға икемді сұраныс, валюта нарығындағы доллардың санын көбейтеді. Импорттық тауарларға икемді емес сұраныс, сатылған тауарлар айырбасынан нарыққа тусетін доллардың санын азайтады.
3. Табыстардағы салыстырмалы өзгерістер. Бұрынан мәлім тұтынулық шығындардың көлемі ұлттық табыстың дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Табыс өскен сайын осы елдегі тауарлардың да шетел тауарларының да тұтынуы өсе түседі. Сондықтан тауарлар мен қызметтердің импорты өндірілген ұлттық табысқа тәуелді болады. Егер бір елдегі ұлттық табыстың өсуі келесі елдегі көрсеткіштен артық болса, онда шетел тауарларының импортының өсуі, экспорттан тез жүріп отырады. Осы жағдай валюта нарығындағы ұлттық валюта курсының төмендегені болып көрінеді. Сондықтан, ұлттық табысты өсіретін барлық факторлар валюта курсының төмендеуіне ықпал етеді және керісінше.
4. Инфляция (бағаның салыстырмалы өзгеруі) . Егер бір елдегі бағаның өсу қарқыны басқа елдегі осы көрсеткіштен артық болса, онда импорттық тауарлар арзандау болады. Бұл осы тауарларға сұранысты өсіреді, бұның нәтижесіне шетел валютасына сұраныс өсіп, ұлттық акция құнсызданады. Шетел валютасын қымбаттатын тағы бір жағдай - ол инфляция өскен сайын адамдардың өздерінің нақты табыстарын сақтап қалуға тырысуы. Жинақтарын сақтап қалу мақсатымен адамдар «мықты» валютаға сұранысын өсіреді. Ал валютасының ұсынысы өзгермейді сондықтан айналымдағы ақшаның көбеюі мен инфляция валютаның айырбас курсын төмендетеді
5. Нақты проценттік ставканың жанама көлемі. Біз осыған дейін ағымдағы есепшот арқылы қалыптасатын, айырбас курсына әсер ететін факторларды қарастырған болатынбыз. Ағымдағы есепшоттың дисбалансы нәтижесінде пайда болатын валютаның сұранысымен ұсынысының сәйкес келмеуін капиталдың келуі мен кетуін ғана жояды. Сондықтан елге капиталдың келуіне ат салысатын факторлар ұлттық валютаның курсын өсіре алады және керісінше нақты проценттік ставкалардың көлемі инвестор үшін, капиталды орналастыратын елді белгілейтін маңызды көрсеткіш болып табылады. Нақты проценттік ставка жоғары болған сайын, сондықтан басқа елдермен салыстырғанда елдегі құнды қағаздардың табыстылығы жоғары болған сайын, қаржы құралдарын салуға осы ел ұнамды болады. Ұлттық қаржы активтеріне сұраныстың өсуі шетел валютасының ұсынысында көрінеді және ол ұлттық ақшаның курсының өсуіне әсер етеді.
6. Белгілі айырбас курсын күту. Шаруашылық агенттерінде болашақтағы экономиканың өсу қарқыны, инфляция темпі, нақты проценттік ставка көлемі, макроэкономикалық саясаттың бағыттары туралы тұжырымдамалар қалыптасады. Осыларды қорытындылай отырып, олар күтетін айырбас курсы туралы шешімдер болжамдайды. Басқа шарттар бірдей болғанда портфелдік активтерді күтім бойынша айырбасының курсы өтетін валюта түрінде сақтаған пайдалы болады. Сонымен қатар халықаралық нарықта болашақта курсы төмендеп кететін валюта түрінде қарыз алған пайдалы болады. Осындан басқа нашар валюта ұстаушылар оны күшті валютаға айырбастауға тырысады: Осы себептермен жүргізілетін валюта айырбасы, валютаның болашақта құнсыздану немесе қымбаттау қауіпін күшейте түседі. Шешуші ролді саяси тұрақтылық атқарады.
7. Экономиканы мемлекеттік макрореттеу. Осыған жататындар: ресми валюта резервін пайдалану, сауда саясаты, валюта нарығында валюталық бақылау және валюта нарығын рационалдау, қаржылық және ақша-несиелік саясат. Валюта резервін шебер қолдана отырып, шетел валютасының ұсынысын өсіру үшін валюта нарығында белгілі валюта курсын ұстап тұруға болады. Бірақ резервтің көлемі шектелген, сондықтан осы жолмен курсты ұстап тұру қысқа мерзімге ғана мүмкін.
Сұраныс пен ұсынысқа әсер етудің басқа жолы - валюталық бақылау немесе рационалдау. Валюта ұсынысын өсіру мақсатымен мемлекет экспортерлерге түскен барлық валютаның 100%-ін міндетті түрде сатуға мәжбүр етеді. Сұранысты азайту үшін, әкімшілік шешім арқылы валюта тұтынуына шек қоюға болады. Бірақ осындай саясат болып табылады, сондықтан ол жағымсыз нәтижелер тудырады.
Бүкіләлемдік заңдылық бойынша: экономикалық дамудың дәрежесі өскен сайын ішкі бағалар әлемдік дәрежеге жақындай түседі, бұл автоматты түрде ұлттық валютаның нақты курсын өсіреді. Валюта курсы ұзақ мерзімдік тепе-теңдік болмысынан төмен еркін көрсететін көрсеткіштер аз емес.
Біріншіден , экспорт және импорттың өсу қарқындары. Егер экспорттың өсу қарқыны импортпен салыстырғанда артық болса, онда басқа шарттар бірдей болғанда ұлттық валюта курсы төмен болғаны айқындалады. Егер импорт экспорттан жылдам өскен болса, онда керісінше курс көрсеткішінің жоғары болғаны.
Екіншіден , сальдоның белгісі және сауда балансының өсу қарқыны. Егер сауда балансы оң шамада, немесе өскен болса, онда бұл жағдай валюта курсының төмен екенін ақиқат етеді және керісінше.
Үшіншіден , валюта резервтерінің көлемі және динамикасы. Егер елдегі валюта резервтері өскен болса, онда басқа шарттар бірдей болғанда, осы жағдай курсты төмендету саясаты бар екенін көрсетеді. Егер резервтер азайған болса, онда курсты қолдау көзделіп отырғанды көрінеді.
Төртіншіден , орташа жалақыны және жалпы ақшалай табыстарды доллар арқылы бағалау. Егер доллар арқылы есептелген табыстар өскен болса, онда басқа шарттарбірдей болғанда, ұлттық валютаның нақты нығайғаны болып табылады, төмендесе - нашарлағаны болғаны.
Нарықтың барлық үшеуіндегі - тауарлық, ақшалық және сыртқы нарықтағы тепе-теңдіктің шарттарымен танысайық. Сыртқы нарықта жүріп отыратын процестер елдің төлем балансында көрсетіледі. Ағымдағы операциялар және капиталдың қозғалыстары есепшоттарының сальдосы нөлге тең болғанда, осы нарық тепе-теңдік болады. Басқаша айтсақ, ағымдағы операциялар есепшотының балансы, капиталдар қозғалысының есепшотының балансына тең болуы керек. [1, 385-392 бет]
1. 3 Халықаралық есеп айырысу баланстары
Кез келген мемлекеттің халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қатынастары оның халықаралық есеп айырысу баланстарында жалпы қорытынды көрініс табады.
Халықаралық есеп айырысу баланстары агрегаттық экономикалық көрсеткіштер жүйесінде маңызды орын алады, себебі ол ұлттық табысты елдер арасында қайта бөлуді көрсетеді.
Халықаралық есеп айырысу баланстары - ол бір мемлекеттің басқа мемлекеттерге қарағанда ақшалы талаптары мен міндеттемелерінің және түсімдері мен төлемдерінің арақатынасы.
Халықаралық есеп айырысу баланстарының негізгі түрлері:
- төлем балансы
- есеп айырысу балансы
- халықаралық қарыз балансы
Төлем балансы деген белгілі бір уақыт аралығында мемлекеттің шетелге төлеген валюталық сомасымен оған шетелден түскен соманың арақатынасы. Белгілі бір мерзімнің және бір күндік балансы болады.
Бір күндік төлем балансы статистикалық көрсеткіш ретінде жарияланбаса да, ол белгілі датаға орындалуға тиіс төлемдермен түсімдердің арақатынастығын көрсететін өзгерістер.
Белгілі бір мерзімнің төлем балансы осы уақыт аралығында төлем мен түсімдердің арақатынасын көрсетіп, мемлекеттің халықаралық экономикалық қатынастардағы өзгерістерін және елдің экономикасының жағдайын білуге көрсетеді.
ХВҚ- ның әдістемесі бойынша құрылатын төлем балансы тек жүргізілетін түсімдер мен төлемдері көрсетіп қоймай, сонымен қатар халықаралық талаптар мен міндеттемелер бойынша болашақта орындалатын төлемдерді, яғни есеп айырысу балансының элементтерін де көрсетеді.
Есеп айырысу балансы деген бір мемлекеттің басқа мемлекеттерге қойған валюталық талаптары мен міндеттемелерінің арақатынасы. Бұндай талаптар мен міндеттемелер тауарлар мен қызметтерді экспорттау және импорттау нәтижесінде, сондай-ақ заемдер мен несие бергенде пайда болады. Есеп айырысу балансы екіге бөлінеді:
1. Белгілі бір күн тізбектік мерзімнің балансының активтік тауарлары бір елдің шетел мемлекеттеріне қойған жаңа талаптарының сомасымен оның шетелден алған инвестициясын көрсетеді.
2. Елдің халықаралық есеп айырысу позициясын бағалау үшін белгілі бір мезгімге жасалған есеп айырысу балансын алған дұрыс. Ол осы елдің шетелге барлық талаптары мен міндеттемелерін қай уақытта пайда болғаны және қай уақытта өтелуі керектігін қарамастан олардың арақатынасын көрсетеді.
Төлем балансы мен есеп айырысу баланстарының негізгі айырмашылықтары:
- Төлем балансына тек іс жүзінде жүргізілген түсімдер мен төлемдер кіреді; есеп айырысу балансына елдің шетелге қойған талаптары мен міндеттемелері кіреді.
- Есеп айырысу балансында барлық алынған және берілген несиелер көрсетіледі, оның ішіне төлем балансына кірмейтін өтелмеген несиелер де көрсетіледі.
- Төлем және есеп айырысу баланстарының ақырғы сальдосы - активтік немесе пассивтік - бір-біріне сәйкес келмейді, әдетте олар қарама-қарсы болады.
- Төлем балансына тек төленген экспорт және импорт кіргізіледі, ал есеп айырысу балансына болашақта несие алумен төленетін тауар айналымының төленбеген бөлігін қамтиды.
Сөйтіп, төлем есеп айырысу баланстарының бір-бірінен айырмашылықтары көбінесе халықаралық несие қатынастарының дамуымен айқындалады.
Капитал және несие қозғалыстарының балансы - ол жеке жәнемемлекеттік капиталдарды әкелу мен әкету бойынша алырған және берілген халықаралық несиелер бойынша төлемдер мен түсімдердің арақатынасы. Кәсіпкерлік капиталының қозғалысы тікелей шетелдік инвестиция және портфелдік қаржы жұмсау формасында жүзеге асырылады.
Халықаралық қарыз балансы - өркендеген және өркендеуші елдердің статикасында кең қолданылатын мәліметтер жиынтығы. Оның есеп айырысу балансына ұқсастығы болғанымен одан қаралатын тауарлардың жиынтығы және кейбір елдердің өз ерекшеліктерімен айрықшаланады.
Қорыта айтқанда, халықаралық есеп айырысу балансы (немесе төлем балансы, есеп айырысу балансы, халықаралық қарыз балансы) - макроэкономикалық көрсеткіштер жүесінде айрықша орын алады. Ішкі жиынтық өнім мен ұлттық табысты анықтағанда талаптар мен міндеттемелердің таза сальдосы есептелінеді. [6, 197-203 беттер]
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк мекемелері туралы заңындағы 56 бабындағы Валюталық реттеу және валюталық бақылауда көрсетілген.
Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шетелдермен қаржы-валюталық және кредиттік-есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;
Жасалынған мемлекеттік шарттарға сәйкес шетелдік және халықаралық ұйымдармен шетел валютасын таратады . [7, 56-бап]
II тарау Валютасының даму кезеңдері
... жалғасы2. 1Қазақстан Республикасының валюта жүйесі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz