Бокс туралы



Бокс – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Жекпе-жек аумағы 4,9Ч4,9 м немесе 6,1Ч6,1 м, жан-жағы 1,3 м биіктікте арқанмен керілген рингте өтеді. Бокс (ағылшынша box – соққы) ойынының әуесқойлық (3 раунд) және кәсіпқойлық (12 – 15 раунд) ережелері бар. Бокстің алғашқы түрі ежелгі Грекияда ұйымдастырылып (біздің заманымыздан бұрынғы 688 ж.), Олимпиялық ойындар қатарына енген. Ол кезде жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын жұмсақ терімен немесе дәкемен орап айқасқан. Төбелес екі жігіттің бірі естен танып жығылғанша жалғаса берген. Қазіргі бокс 17 ғасырда Англияда бастау алған. Алғашқы ережесін Джеймс Фигг жазды. 1865 ж. «Маркиз Куинсберри ережесі» дүниеге келді. Осы ереже бойынша рингтің (алаңның) ауданы, раундтардың ұзақтығы, қолғаптың салмағы, т.б. жекпе-жекке қатысты келісімдер қазіргі жүйеге келтірілді. 1904 ж. бокс жаңа Олимпия ойындарының бағдарламасына енді. 1920 ж. Бокс әуесқойлары дүниежүзілік ассоциациясы (AІBA) құрылды. Дүниежүзілік чемпионат 1974 жылдан өткізіледі. Қазақстанда бокстың алғашқы мектебін 20 ғасырдың 30-жылдары Алматыда Шоқыр Бөлтекұлы ашты. Қазақстаннан Олимпия ойындарының, Дүние жүзі, Азия, Еуропа чемпионаттарының, Азия ойындарының 30-ға жуық чемпиондары мен жүлдегерлері шықты. Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпия чемпионы – Василий Жиров (Атланта, АҚШ, 1996), қазақ жігіттері арасынан шыққан дүние жүзінің алғашқы чемпионы – Болат Жұмаділов (Хьюстон, АҚШ, 1999), Олимпия чемпиондары – Бекзат Саттархан, Ермахан Ибрайымов (Сидней, Австралия, 2000), Бақтияр Артаев (Афина, Грекия, 2004), Бақыт Сәрсекбаев (Пекин, Қытай, 2008), Еуропа чемпиондары – Серік Қонақбаев (1979, 1981), Серік Нұрқазов (1983).

Бокс тарихы

Бокс ерте Грек елi — Элладамен тығыз байланысты. Аңыздарға сенсек, ол кезеңдегi ең танымал «қолғап иесi» — Тезей болған көрiнедi. Ал Платонның жазуы бойынша, жұдырықтасу өнерiнiң

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ КАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы:Бокс

Алматы 2011

БОКС

Бокс – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш
сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің
белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Жекпе-жек аумағы 4,9Ч4,9 м
немесе 6,1Ч6,1 м, жан-жағы 1,3 м биіктікте арқанмен керілген рингте өтеді.
Бокс (ағылшынша box – соққы) ойынының әуесқойлық (3 раунд) және кәсіпқойлық
(12 – 15 раунд) ережелері бар. Бокстің алғашқы түрі ежелгі Грекияда
ұйымдастырылып (біздің заманымыздан бұрынғы 688 ж.), Олимпиялық ойындар
қатарына енген. Ол кезде жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын жұмсақ
терімен немесе дәкемен орап айқасқан. Төбелес екі жігіттің бірі естен танып
жығылғанша жалғаса берген. Қазіргі бокс 17 ғасырда Англияда бастау алған.
Алғашқы ережесін Джеймс Фигг жазды. 1865 ж. Маркиз Куинсберри ережесі
дүниеге келді. Осы ереже бойынша рингтің (алаңның) ауданы, раундтардың
ұзақтығы, қолғаптың салмағы, т.б. жекпе-жекке қатысты келісімдер қазіргі
жүйеге келтірілді. 1904 ж. бокс жаңа Олимпия ойындарының бағдарламасына
енді. 1920 ж. Бокс әуесқойлары дүниежүзілік ассоциациясы (AІBA) құрылды.
Дүниежүзілік чемпионат 1974 жылдан өткізіледі. Қазақстанда бокстың алғашқы
мектебін 20 ғасырдың 30-жылдары Алматыда Шоқыр Бөлтекұлы ашты. Қазақстаннан
Олимпия ойындарының, Дүние жүзі, Азия, Еуропа чемпионаттарының, Азия
ойындарының 30-ға жуық чемпиондары мен жүлдегерлері шықты. Қазақстаннан
шыққан тұңғыш Олимпия чемпионы – Василий Жиров (Атланта, АҚШ, 1996), қазақ
жігіттері арасынан шыққан дүние жүзінің алғашқы чемпионы – Болат Жұмаділов
(Хьюстон, АҚШ, 1999), Олимпия чемпиондары – Бекзат Саттархан, Ермахан
Ибрайымов (Сидней, Австралия, 2000), Бақтияр Артаев (Афина, Грекия, 2004),
Бақыт Сәрсекбаев (Пекин, Қытай, 2008), Еуропа чемпиондары – Серік Қонақбаев
(1979, 1981), Серік Нұрқазов (1983).

Бокс тарихы

Бокс ерте Грек елi — Элладамен тығыз байланысты. Аңыздарға сенсек, ол
кезеңдегi ең танымал қолғап иесi — Тезей болған көрiнедi. Ал Платонның
жазуы бойынша, жұдырықтасу өнерiнiң атасы — теңiз құдайы Посейдон мен Мелия
есiмдi нимфаның ұлы — Амыкус екен. Ерте Грекияда болған бокстың алғашқы
белгiлерiн қыш құмыраларда салынған боксшылардың бейнесi де дәлелдейдi.

Ал жақында археолог ғалым бiздiң жыл санауымыздан 3 мың жыл бұрын салынған
шiркеудiң қабырғаларынан бокс қолғабының суретiн де тауып отыр. Бiр қызығы,
ол кезеңдерде кубок жеңiлген боксшыларға берiлген көрiнедi. Айталық, соғыс
өнерi десе, сақалын кесуге бар Рим императоры Калигула сонау Африкадан
қайратты құлдарды сатып әкелiп, көз алдында қоразша төбелестiредi екен.
Императордың екi сүйiктi спортшысы болса керек. Бұл Глаукос пен Меланкомас
аталатын алыптар дәл қазiргi бокста қолданылатын бiршама соққы түрлерiне
негiз салып кеткен екен.

Алайда, Рим мен Грекияда белгiлi дәрежеде беделдi болған бұл спорт түрi
олимпиадалық ойындарға мейлiнше кеш, тек 23-ойында барып қосылған (б.д.
дейінгі 688 ж.). Олимпиададағы алғашқы ойындар жалаң қолмен жүргiзiлген,
кейiн қос қолға белдiктi орауға көшедi. Одан соң көрермендердiң тiлегiмен
бұл белбеулерге темiр сақиналар кигiзiле бастайды. Тұңғыш рет чемпион
кубогын гректiң Ономастус есiмдi спортшысы иеленедi.

Ал бокс жеңiмпазына арналған алғашқы арнау өлеңiн Пиндар есiмдi ақын жазған
екен. Ол олимпиада чемпионы атанған өзiнiң ұлы Диагоросты мадақтап, оған
жыр арнайды. Бұл боксшылардың ерлiгi қарсыласының құлағын тiстеген
Тайсонның әрекетiндей емес. Мәселен, Эуридиамас есiмдi боксшы ойын үстiнде
жағы сынады да, мұны ешкiм көрiп қалмауы үшiн, сынған сүйектi жұтып қойып,
төбелестi жалғастыра түседi. Оның ерлiгiн кейiн ақын Элиан мадақтап жазады.

Ал ерте Грекияның ең танымал боксшысының есiмi — Тагенес. Тарихшылар оның
1425 рет шаршы алаңнан жеңiмпаз боп қайтқанын айтады. Тагенес рекордының
қаймағы бүгiнге шейiн бұзылмаған.

Алайда Рим империясының бiздiң дәуірімізге дейiнгi I ғасырда құлағанынан
кейiн бокстың қалай дамығаны жайлы деректер де сақталмаған. Мiне, осы
деректердiң жоқтығынан да ағылшындар боксты өздерiне телiп жүр. Бокс
(boxing) ресми аты да Англияда қалыптасқан. Джеймс Фигг алғаш бокс мектебiн
ашып, жастарды былғары қолғап өнерiне баулиды. Бокстың алғашқы ережелерi де
Фиггтiң отанында пайда болған екен. Бұл ережелерде рингтiң аумағы, раунд
ұзақтығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Олимпиада ойындарының пайда болу және даму тарихы
Бокс - спорт түрі
Бокстың жалпы ержелері
Бокстың шығу тарихы
Боксердің техникалық және физикалық дайындығы
Сегіз салмақ дәрежесі
Қазақстанда спорт және дене тәрбиенің дамуы
Еліміздің спорттағы жетістіктерінің тарихы
Жас боксшыны ұрысқа дайындау
Қазақ боксы
Пәндер