Мемлекеттің бюджеттік жүйесі



Кiрiспе
1 тарау. Мемлекеттің бюджеттің теориялық негiзi
1.1. Мемлекеттiк бюджеттің экономикалық мәнi
1.2. Мемлекеттік қаржы және мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы мемлекеттік саясат

2. тарау Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуын талдау
2.1 Мемлекеттік бюджет түсiмдерiн талдау
2.2. Әлемдiк тәжiрибеде мемлекеттiк бюджеттiң қалыптасуы

3. тарау Мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды жетілдіру жолдары
3.1 Бюджет табысындағы салық түсiмдерiнiң қалыптасуындағы мәселелер
3.2 Бюджет табысындағы салық түсiмдерiнiң қалыптасуындағы мәселелердi шешу және қалыптасуын жетiлдiру жолдары


Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттің орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.
Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттің бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. Бюджет механизiмi -мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнің жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалыры мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттің негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика Жоғарғы Кеңесiнің жыл сайын қабылдайтын мемлекеттiк бюджет туралы заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс.
1. Бюджет жүйесi туралы: Қазақстан Респубикасының Заңы.-Алматы: Юрист, 2006.- 8 б.
2.Финансы РК: Ежегодный статистический сборник 1990-2005/ Под ред. А.А. Смаилова.-Алматы, 2006.-122с.
3.Ýêîíîìèêàëûº òåîðèÿ: Оқулық/ Я.І. °убәкiров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова Алматы: Қазақ университетi, 1999.-280 бюджет
4.Закон Республики Казахстана o бюджетной ситеме 1.04.99. и нормативные акты по финансам 2005.04
5.А.И. Худяков, Н.Е. Наурызбаев. Налоги: понятие, элементы, установление, виды. Алматы 1998г. ТОО Баспа.
6.Юткина Налоги и налогооблажения. Учебник.- Москва: Инфра, 1999.-224с.
7.Салық жинауда салғырттық болмасын. І. Ашутов. Қаржы-қаражат 1998/8.
8. Салыққа салаутты көзқарас керек Зерде N3 2004ж.
9. Жүнiсова Н.А Бюджет саясаты. Саясат-2005-1.
10 Жанибеков С. Бюджеттiң орындалуын қалай көтеру керек. Қазақстан қаржысы1999 жыл N8 .
11. Мемлекеттiк салық саясаты Заң газетi. 1999 жыл 3 желтоқсан.
12. Бюджетке жаңаша қарау қажет. Қаржы-ақпарат.- N5- 03.2006
13. Салық және бюджет саясаты Қазақстан ХХI ғасырға жол 2004 ж. N2
14. Салық- халық несiбесi Еегемендi Қазақстан, 2004ж.1 қазан
15. Салық бюджеттiң қайнар көзi// Заң газетi 2004 жыл шiлде.
16.Облыс бюджетiнiң басты бағыты. Оңтүстiк Қазақстан N81.29.06.2006.
17.Қазақша - орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздiк: Под общ. Ред. А.К. Кусаинова. – Алматы: Рауан, 2004-288 с.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Мемлекеттік бюджет

Орындаған:
Тексерген:

ЖОСПАР

Кiрiспе

1 тарау. Мемлекеттің бюджеттің теориялық негiзi
1. Мемлекеттiк бюджеттің экономикалық мәнi
2. Мемлекеттік қаржы және мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы
мемлекеттік саясат

1. тарау Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуын талдау
2.1 Мемлекеттік бюджет түсiмдерiн талдау
2.2. Әлемдiк тәжiрибеде мемлекеттiк бюджеттiң қалыптасуы

тарау Мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды жетілдіру жолдары

3.1 Бюджет табысындағы салық түсiмдерiнiң қалыптасуындағы мәселелер

3.2 Бюджет табысындағы салық түсiмдерiнiң қалыптасуындағы мәселелердi
шешу және қалыптасуын жетiлдiру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

Кiрiспе

Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының
мемлекеттің орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде
бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық
қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық
өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын
белгiлейдi.
Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттің
бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. (Бюджет механизiмi(
-мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және
пайдалану формалары мен әдiстерiнің жиынтығы. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану
формалыры мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi
қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттің негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика Жоғарғы
Кеңесiнің жыл сайын қабылдайтын (мемлекеттiк бюджет туралы( заңына сәйкес
мiндеттi түрде орындалуы тиiс.
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық меншiк формасындағы
кәсiпорындар, бiрлестiктер мен шаруашылық жүргізушi субъектiлер
республикалық бюджетке, кеден тарифтерiне сәйкес ұлттық валютамен
экспорттық және импорттық баж салықтарын төлейдi.
Мына қорларға түсетiн және олардан аударылатын қаражат республикалық
бюджеттің кiрiсi құрамында ескерiледi.
Ал, шығысына келетiн болсақ Қазақстан Республикасының халықтарын
әлеуметтiк, экономикалық қорғау мақсатында жұмсалады.
Мемлекеттік қаржы қаржы жүйесінің бір бөлігі болғандықтан, олар
мемлекеттік сектордағы мемлекеттік сектордағы өзара байланыстарын қамтитын
өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы қызметімен байланысты болады.
Мемлекеттік қаржының экономикалық мазмұны мемлекеттің және оның
кәсіпорындарының қаржы ресурстарының құру үшін ұлттық байлық пен қоғамның
өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастар болып
табылады. бұл саланың ақша қатынастарының субъектілері бір жағынан
мемлекет, яғни жергілкті билік және басқару органдары, екінші жағынан
кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекет, азаматтар болып табылады. Мемлекеттік
қаржының қызметтері қаржылық экономикалық категория ретінде атқаратын
қызметтерімен бірдей болады яғни бөлу, бақылау қызметтері. Мемлекеттік
қаржы ерекше мақсаты бар маңызды звеноларға жіктеледі. Мемлекеттік қаржының
құрамына: мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие,
мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары кіреді. Мемлекеттік қаржы
мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саланы басқару денгейіне
байланысты жалпы мемлекеттік және жергілкті болып бөлінеді.
Осындай қаржылық байланыстардың арқасында мемлекет аумақтық және
салалық тұрғылардағы көптеген экономикалық және әлеуметтік үдерістерге әсер
ете алады.

(. Мемлекеттің бюджеттің теориялық негiзi
1. Мемлекеттiк бюджеттің экономикалық мәнi

Мемлекеттік қаржыладың құрамында бюджеттік қатынастар үлкен орын
алады. Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мәнi сан алуан қаржы
баланстарында жекелеген ерекшелiктерi белгiленетiн айырықша салалары бар.
Мәселен, мемлекеттiк кәсiпорындармен, ұйымдармен және халықпен
қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнiмдi құндық бөлудiң айырықша
саласын құрайды. Бұл қатынастар қоғамдық қажеттердi өтеуге арналған,
орталықтандырылған қаражат қорын құрап, пайдалануға байланысты. Бұл процесс
мемлекеттiң тiкелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы
қатынастарының бұл жиынтығы (Мемлекеттiк бюджет( деп аталған ұғымның
экономикалық мазмұнын құрайды [1].
Көптеген қаржы байланыс түрлерiнiң iшiнен, ерекше қасиетпен дараланып
түратын салаларды бөлiп алуға болады. Жалпы қоғамдық өнiмнiң бағамдық
үлестiру саласының негiзiн, мемлекеттiң шаруашылық субьектiлер мен халық
санымен жасаған қаржы қатынастары құрайды. Бұл қатынастар үлестiру
процессi кезiнде пайда болады. Бұл процеске мемлекетте қатысады және олар
қоғамдық сүранысты қанағаттандыру үшiн жұмсалатын ақша қаражатының орталық
қорының құрылуы мен қолдануы мен байланысты. Мұндай қаржы қатынастарының
тұтастығы ''Мемлекеттiк бюджет'' деген түсiнiктiнiң экономикалық мазмұнын
құрайды.
Мемлекеттiк бюджетте экономикалық қатынастарының тұтастығы ретiнде
обьективтi қасиетi бар. Оның өзiндiк сала болып өмiр сүруi қоғамдық
өндiрiстерге байланысты, әрине олардың дамуына орталық қор қажет. Ақша
қаражатын орталықтандыру ұлттық шаруашылықта ѕнемi айналым болу үшiн
қажет, және экономиканы тѕзеу үшiн де қажет. Бағамдық үлестiрудiң
бюджеттiк саласының болуы мемлекеттiң өзiне де қажет. Мемлекетке керек
салаларды қаржыландыру үшiн орталықтандырылған қор қажет. Сонымен қатар
бұл қор мәдени-әлеуметтiк iс-шаралар өткiзуге, қорғаныс мәселелерiн шешуге,
мемлекеттiк басқарудың жасаған шығындарын жабуға қажет. Осыған орай
мемлекеттiк бюджеттiң болуы адамдардың субьективтi қалуының нәтижесi емес,
бұл обьективтi қажеттiлiк. Экономиканың бѕгiнгi таңда дамуы кезеңiнде
орталықтандырылған қаржы қоры мемлекетке көптеген мүмкiндiктер бередi.
Мысалы, үшiн қоғамдық өндiрiстiң пропорциялдарын және қарқынын
қамтамасыз етедi, оның салалық және аймақтық жүйесiн көздейдi, салалық
экономиканың бiрiншi қажеттi бағдарламаларын дамытуға әсер ететiн қорды
қалыптастырады, әлеуметтiк өзгерiстер өткiзедi.
Қаржы орталықтандыруының арқасында ақша қоры экономикалық және
әлеуметтiк дамуға жұмсалады және мемлекеттiң әлеуметтiк және экономикалық
саясатының жүзеге асуына жағдайлар туғызады.
Осыған орай мемлекеттiк бюджет бағамдық үлестiрудiң ерекше бөлiмi
ретiнде өзгеше қоғамдық қызмет атқарады және қоғами мемлекеттiк сүранысты
қанағаттандырады. Обьективтi үлестiру қатынастарының экономикалық формасы
бола түра, ерекше қоғамдық iс- әрекеттердi атқара түра, мемлекеттiк бюджет
экономикалық санат ретiнде шығады. [2]
Мемлекеттiк бюджетке белгiлi бiр тұтас қаржы қатынастары ретiнде оған
қаржы санатының қасиеттерi тән, бюджеттiк қатынастардың үлестiру қасиетi
бар, ақшалай түрде жүзеге асады, бағытты ақша қорымен тетелес келедi.
Сонымен қатар, бюджеттiк қатынастарға белгiлi бiр ерекшелiк тән, ол әрине
қаржы тақырыбынан тыс болмайды. Мемлекеттiк бюджетiнiң өзгеше бiр сфера
ретiнде бағамды үлестiру қасиетiн қарасақ, ол мынадай:
1) мемлекеттiң жалпы қоғамдық өнiмiнiң бөлiгiмен байланысты және оны
қолдануымен, яғни қоғамдық сүранысты қанағаттандыру үшiн қолданылатын
үлестiру қатынастарының экономикалық формасы
2) халық шаруашылығы, аймақтар, экономика секторлары, қоғамдық iс -
әрекеттiң өрiсi арасындағы бағамды үлестiру үшiн қолданылады
3) ол қоғамдық өнiммен, яғни оның iс- әрекетiмен байланысты емес, ол одан
бөлек жұмыс жасайды, бiрақ соның өзiнде де қаржы қатынастары тауарлық
ақшалық прцесспен байланысын үзбейдi.
Мемлекеттiк бюджет басқа да экономикалық санаттар сияқты өндiрiстiк
қатынастар мен оларға тән материалдық - заттық өзгерiстердi көрсетедi.
Бюджеттiк қатынастар мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған орында
заттандырылады. Осының нәтижесiнде, қоғамда болатын экономикалық процесс
өзiнiң iс – әрекетiн мемлекеттiң ақша қорында көрсетедi. Бюджеттiк қор бұл
бағамдық үлестiру кезеңiн басынан өткiзген және мемлекет сүранысын
қанағаттандыра алатын қоғамдық өнiмнiң және ұлттық өнiмнiң iс- әрекетiнiң
экономикалық формасы.
Экономикалық санат ретiнде мемлекеттiк бюджет – мемлекетпен басқада
жалпы қоғамдық өндiрiсiнiң арасында пайда болатын ақша қатынасы. Үлестiру
және қайта үлестiру жолымен мемлекеттiк орталықтандырылған ақша қорының
болуы өте тиiмдi. Себебi ол мемлекет сүранысын қанағаттандыруға, өндiрiстi
ұлғайтуға ѕлкен әсерiн тигiзедi.
Осыған орай Мемлекеттiк бюджет" атты түрлендiрiлген түсiнiк келесi
құрамаларымен түсiндiрiледi:
- мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған қоры;
- экономикаға әсер ететiн құрал;
- мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспары
- қоғамның барлық м үшелерi оны заң ретiнде орындау керек.
Мемлекеттiк бюджеттiң қызметi- бiрiншiден, мемлекеттiк бюджет арқылы
ұлттық кiрiстiң 30 пайыз, жалпы iшкi өнiмнiң 20 пайыз, жалпы қоғамдық
өнiмнiң 10 пайыз үлестiрiлiп және қайта үлестiрiледi.
Ол ақша қорын ұлттық шаруашылықтың, өндiрiс өрiсiнiң, экономикалық
аудандар мен мемлекет аумағының арасында үлестiрiледi. [3]
Мемлекеттiк бюджет экономикаға қатты әсер етедi, себебi ол бұл жерде
ұлттық шаруашылықтың бюджет қызметiн атқарып түр. Мемлекеттiк бюджет
материалдық өндiрiс өрiсiнде ѕлкен қызмет атқарады, себебi ол бұл жерде өсу
симмуляторының қызметiн атқарып түр. Бюджеттiң қоры жекелей және қоғамдық
қор айналымын қамтамасыз ету үшiн де қолданылады. Бюджет жүзеге аспай
қалған жоспарларды өз жолын табуға көмектеседi. Сондай-ақ кәсiпорындардағы
жұмыстың қарқынды және өтiмдi болуын қадағалап отырады. Мемлекеттiң,
бiлiмге, денсаулық сақтауға, әлеуметтiк сақтандыруға және әлеуметтiк
қамсыздандыруға, ғылымға, мәдениетке, өнерге, мемлекет шеңберiнде өтiлетiн
мәдени шығынның орнын толтырып отырады.
Қазақстан Республикасының (бюджет жүйесi туралы( заңы республиканың
түрлi денгейiндегi бюджеттерiн қалыптастыру процессiнде орын алатын қаржы
қатынастарын реттейдi, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жасалу,
қаралу, бекiтiлу, атқарылу және бақылану процесiн белгiлейдi.
Бюджет - мемлекеттiң өз мiндеттерiн жүзеге асыруына арналған және
тиiстi заңдарға сәйкес белгiленген салықтар мен өзге де кiрiс көздерiнiң
және түсiмдердiң есебiнен құралатын орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджет жiктелуi - функционалдық, ведомстволық және экономикалық
сипаттама бойынша бюджетке түсетiн түсiмдер мен бюджеттен жұмсалатын
шығыстарының топталуы.
Бюджет құрылысы - бюджет жүйесiнiң, оның құрылу принциптерiнiң
ұйымдастырылуы.
Бюджет процесi- мемлекетттiң өз органдары мен лауазымды адамдары арқылы
барлық денгейдегi бюджеттердi жасау, қарау, бекiту, атқару, атқарылуын
бақылау және олардың атқарылу туралы есептердi бекiту жөнiндегi заң арқылы
регламенттелген қызметi.
Мемлекеттiк бюджет – республикалық және жергiлдiктi бюджеттердiң
бiрiн-бiрi арасындағы өзара өтелетiн операциялар есепке алынбайтын
жиынтығы.
Мемлекеттiк кепiлдiктер – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз
алушы өзiнiң алынатын соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда несие
берушi алдындағы берешектi iшiнара немесе толық өтеу жөнiндегi
мiндеттемесi.
Мемлекеттiк шотты –мемлекеттiң барлық денгейдегi бюджеттерiдiң және
бюджеттен тыс барлық қорлардың шоттарындағы қаржы ресурстарын есепке алу
тәртiбi.
Бюджет тапшылығы- ѕкiметтiң қарызға алған сомаларын қоспағанда ,
шығыстар көлемiнiң және бюджеттен қайтарымды негiзгi бөлiнген несиелердiң
бюджетке түсетiн түсiмдердiң жалпы сомасынан асып түсуi.
Республикаық бюджеттiң құрамында бекiтiлетiн тапшылық мөлшерi ұлттық
валютамен және жалпы iшкi өнiмге шаққандағы проценттермен көрсетiедi.
Бюджет кiрiстерi- салық және салықтық емес түсiмдермен алымдардың
сондай-ақ бюджетке қайтарылмайтын негiзде келiп түсетiн капиталмен
жасалатын операциялардан жасалатын кiрiстердiң көлемi.
Мемлекеттiк бiрiктiрiлген қаржы балансы- дербес жұмыс iс- тейтiн
республикалық және жергiлiктi бджеттердiң (соның iшiнде арнаулы
экономикалық аймақтар бюджеттерiн қоса алғанда), бюджеттен тыс қорлардың
бiрiнiң-бiрi арасындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке аынбайтын ақша
қаражатының жиынтығы.
Жергiлiктi бюджеттер - облыстық, қалалық ( республкалық және облыстық
маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандардың бюджеттерi және арнайы
экономикалық аймақтардың бюджеттерi.
Ресми трансферттер - бюджетке тегiн және қайтарылмайтын болып түсетiн
түсiмдер мен бюджеттен жасалатын шығыстар.
Бюджет профицитi- бюджетке келiп түсетiн кiрiстер мен ресми
трансферттер түсiмдерi жалпы сомасының жалпы шығыстар көлемiнен және
қайтарымды негiзде бөлiнетiн несиелерден асып түсуi. Республкалқ бюджет
профицитiнiң мөлшерi ұлттық валютамен және жалпы iшкi өнiмге шаққандағы
проценттермен есептелiнедi.
Бюджет шығыстары- бекiтiлген бюджет шегiнде бюджеттен қайтарылмайтын
негiзде бөлiнетiн қаражат.
Резервтiк қор- бiржолғы сипаттағы тосым шығындарды қаржыландыру үшiн
бюджет қаражаты есебiнен құралатын қор, соның iшiнде республикалық
бюджеттегi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға
арнап орталықтандырылған қаражат.
Ерекшелiк- бюджет қаражатын жұмсаудың экономикалық сипаттамасын
айқындайтын көрсеткiш.
Субденциялар- нысаналы шығындарды немесе нысаналы бағдарламаларды
жүзеге асыру үшiн төменгi бюджеттердiң жоғары түрған бюджеттерден
бекiтiлген сомалар шегiнде алатын ресми трансферттерi.
Субсидиялар - бюджеттен нысаналы шығыстарды (бағдарламаларды)
қаржыландыру үшiн ұйымдарға бекiтiлген сомалар шегiнде бөлiнетiн
трансферттiк төлемдер.
Есептi кезең- жаңа қаржы жылына енбейтiн кезең, бұл кезең iшiнде өткен
қаржы жылында бекiтiлген қаржыландырумен қамтамасыз етiлмеген бюджеттiк
шығыстар бойынша қорытынды операциялар жүргiзiледi. Есептi кезеңнiң
Ѕзақтығын Қазақстан Республикасы Қаржы мнистрлiгi бегiлейдi.
Қаржы жылы -күнтiзбелiк жылдың бiрiншi 1 қаңтарында басталып, 31
жетоқсанда аяқталатын түрақты бюджеттiк есепке алу кезеңi. Қаржы жылына
есептi кезең енбейдi.
Функционалдық топ- жалпы мемлекеттiк мiндеттердi орындау мақсатымен
бюджеттен жұмсалатын төлемдер тобы.
Нысаналы қорлар- бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiне енгiзiлетiн
және арнайы белгiленген кiрiстер көздерiнiң есебiнен қалыптасытырылатын
қорлар, олар нысаналы мақсат бойынша жұмсалады.
Таза несие беру- берiлген және өтелген несиелердiң жалпы сомасы
арасындағы айырма.
Қазақстан Республикасына жинақтап алғанда мемлекеттiң бiрiктiрiлген
қаржы балансын құрайтын республикалық бюджет жергiлiктi бюджеттер (арнайы
экономикалық аймақтардың бюджеттерiн қоса алғанда) және бюджеттен тыс
қорлар дербес жұмыс iстейдi.
Барлық денгейдегi бюджеттi қалыптастыру, бекiту және олардың атқарылуын
есепке алу ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы бюджеттiң құрылысы- республиканың бюджет
жүйесiне кiретiн барлық бюжеттердiң бiрлiгi толықтығы,нақтылығы, жариялығы
және дербестiгi принциптерiне негiзделедi. Бюджет жүйесiнiң бiрлiгi
бiрынғай құқықтық негiз, бiрынғай бюджеттiк жiктеудi пайдалану, бюджеттiң
бiр денгейiнен екiншiсiне берiлiп отыратын мемелекеттiк қаржы
статистикасының бiрлiгi, бюджет процесiнiң принциптерi, ақша жүйесiнiң
бiрлiгi арқылы қамтамасыз етiледi. Ол барлық денгейдегi бюжеттердiң
кiрiстердi қайта бөлу, нысаналы бюджеттiк қорлар құру. Оларға iшiнара қайта
бөлу арқылы өзара iс-қимыл жасауына негiзделген.
Экономиканың қазiргi жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары
мемлекетке қоғамдық өндiрiс қарқынын қамтамасыз ететiн салалық және
аумақтық құрылымдар құрып, iрi әлеуметтiк өзгерiстер жүргiзуге мүмкiндiк
бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының көмегiмен қаражат экономиканың басты
аймақтарына шоғырланып, мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк саясатын
жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтiп, құндық бөлiнiстiң айырықша бөлiгi
ретiнде (Мемлекеттiк бюджет( айырықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттiк
қажеттердi қанағаттандыруға қызмет етедi.
Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк-әрекеттегi қызметкерлер мен
жұмысшылардың әлеуметтiк-экономикалық қорғалуы, елiмiздiң қорғаныс
қызметiндегi iш-шаралардың жүзеге асырылуы осы экономикалық категория
ретiнде көрiнетiн бюджетке байланысты.
Бюджеттiң құрылуы мемлекеттiң жалпы қызмет етуiнде маңызды фактор.
Сондықтан бюджеттiң түсiмiндегi салықтардың маңыздылығын ашу дипломдық
жұмысымның тақырыбын маңыздылауға негiз болып отыр.
Қазақстан Республикасының бюджетiнiң кiрiсiндегi бюджетке төленетiн
салықтар мен басқа да төлемдерден құралады4. Яғни:
Салықтар:
- корпорациялық табыс салығы;
- жеке табыс салығы;
- қосылған құн салығы;
- акциздер;
- жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi;
- әлеуметтiк салық;
- жер салығы;
- көлiк құралдары салығы;
- мүлiк салығы.
Алымдар:
- заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
- жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
- жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмiлерлердi
мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
- радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды
мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
- механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк
тiркегенi үшiн алым;
- теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк
тiркегенi үшiн алым;
- азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
- дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
- автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
жүру алымы;
- аукциондардан алынатын алым;
- елтаңбалық алым;
- жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым;
- телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк
спекторiн пайдалануға рЅқсат беру үшiн алым.
Төлемақылар:
- жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
- жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн
төлемақы;
- қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы;
- жануарлар дѕниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
- орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы;
- радиожиiлiк спекторiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
- кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;
- сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы.
Мемлекеттiк баж:
- мемлекеттiк баж
Кеден төлемдерi:
- кеден бажы;
- кеден алымдары;
- төлемақы;
- алымдар.
Мемлекеттiң орталықтандырылған ақшалай қаражатының қорын жасау
және пайдаланумен бапйланысты бюджеттiң қызметi айрықша экономикалық
формалар – бюджеттiң кiрiстер мен шығыстары арқылы атқарылады. Осы
екi категорияда объективтi және бюджет секiлдi өздерiнiң арнайы
қоғамдық мiндеттерi бар. Кiрiстер мемлекеттi қажеттi қаражатпен
қамтамасыз етсе, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды тиiсiнше
жалпы мемлекеттiк қажеттерге бөледi [9].
Бүгiнгi таңда бюджет жүйесi республикалық және жергiлiктi
бюджеттерден түрады.
Республикалық бюджет негiзiнен жалпы мемлекеттiк салықтар
есебiнен қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасының Үкiметi
өзiне Конститутциямен, заңдармен Қазақстан Республикасы Президентiнiң
актiлерiмен жѕктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн белгiлейтiн
жалпы мемлекеттiк бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруға арналған
орталықандырылған ақша қаражатының қоры болып табылады.
Жергiлiктi бюджеттер бюджет жүйесiнiң дербес буыны ретiнде өз
қызметiн жүзеге асырады. Дербес бюджет – аумақтық басқарушы органдар
өздерiне Заң жѕiзнде бекiтiлiп берiлген кiрiстер базасы негiзiнде
бюджеттiң көлемiн, кiрiспен шығыстың мөлшерiн баптарға сәйкес
анықтап, олардың құрылымын белгiлейдi. Олардың орындалуы Республика
заңдарына сәйкес атқарылады.
Республикамыздағы жергiлiктi бюджеттер облыстық, қалалық
бюджеттер аудандық бюджеттер және арнайы экономикалық аймақтарының
бюджеттерiнен түрады.
Жергiлiктi бюджеттен жергiлiктi бағдарламалармен шараларды
қаржыландыру қамтамасыз етiледi және жергiлiктi бюджет арқылы жалпы
мемлекеттiк бағдарламалар мен шаралардың бiр бөлiгiн iске асыруға
жол берiледi.
Жергiлiктi салықтар мен алымдар жергiлiктi бюджеттердiң
кiрiстерiн толтыруға, бекiтiлiп берiлген және жергiлiктi мақсаттағы
қажеттердi қаржыландыруға жұмсалатын жеке тұлғалар мен
кәсiпорындардың заң жүзiнде белгiленген мiндеттi төлемдерiнен түратын
Қазақстан Рспубликасының салықтар жүйесiнiң бiр бөлiгi.
Жергiлiктi салықтар мен алымдарды құру мен алудың мынадай
ерекшелiктерi бар:
– олар өзiн-өзi басқарушы жергiлiктi органдардың аумақтық көлемiнде
жергiлiктi органдарының шығындарын өтеуге жұмсалады;
– жергiлiктi органдар заң жүзiндегi құқықтық шеңберi негiзiнде
олардың уақытылы, әрi толық түсiн қамтамасыз етуiн бақылап
отырады;
– жергiлiктi басқару органдары Салық Кодексi негiзiнде, өз билiгi
шеңберiнде кейбiр салықтардың ставкаларын реттеп, алымдарды бөлу
объектiсiнiң базасын белгiлеп отырады (мысалы, кәсiпкерлiктi патент
рұқсат қағазы бойынша жүргiзушiлердiң алым, базар алымы тағы сол
сияқтылар.);
– жергiлiктi салықтар мен алымдар тек қана жергiлiктi бюджеттiң
кiрiстерiне енгiзiлiп, осы бюджет арқылы жұмсалады.
Жергiлiктi салықтар мен алымдардың тағы бiр ерекшелiгi –
жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiнде үлес салмағының қомақты болуы,
онымен ғана шектелiп қоймай қаржы ресуртарын бөлiп беру
қатынастарының бақылау функциясын атқаратындығы. Жерiлiктi салықтар
мен алымдарды алудың объектiлерiне жер учаскелерi, мүлiк, көлiк
құралдары, аукционда жүргiзiлетiн ақша операциялары, кәсiпкерлердi
тiркеу және жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқы үшiн қызметтер
жатады және оларды иемдену мен пайдаланудың бiрден-бiр есебiн
жүргiзiп, осы объектiлердi бақылауға жағдай жасайды [10].
Қазақстан Республикасының “Бюджет жүйесi туралы” Заңы негiзiнде
жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдер мынадай кiрiстерден түрады:
1.Бекiтiлген кiрiс көздерi – яғни заң жүзiнде түрақты кiрiс
көздерi ретiнде қарастырылған жергiлiктi салықтар мен алымдар.
Оларға заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың жер, мүлiк және
кiлiгiне салынатын салықтары мен әр түрлi алымдар жатады.
2.Жергiлiктi бюджеттердiң кiрiс көздерiнiң екiншi түрi реттеушi
кiрiс көздерi. Оларға аймақтық әлеуметтiк экономикалық даму деңгейiн
ескере отырып, бюджеттердi реттеу тәртiбi мен жалпы мемлекеттiк
салықтардан бөлiнетiн қаржы салалары жатады. Оның түрi мен
проценттiк бөлу мөлшерi әр жыл сайын өзгерiп түрады және заң
жүзiнде республикалық бюджет туралы заңда берiлiп отырады.
3.Жергiлiктi бюджет кiрiс көдерiнiң үшiншi түрiне – актiлерiмен
белгiленген салықтық емес түсiмдер жатады. Мысалы, орманды
пайдаланғаны үшiн төленетiн төлемдер, су үшiн төленетiн төлем,
коммуналдық меншiктегi мүлiктердi жалға беруден түскен кiрiстер,
әкiмшiлiк айыппЅл төлемдерiнен түскен сомалар, жеке меншiк иесiнiң
құқығы мен жердi пайдалану құқығын сатудан (жер учаскелерiн берумен
қоса есептегендегi) түскен сомалар.
Сонымен бiрге жергiлiктi бюджеттердiң кiрiс көздерiне кейбiр
облыстардың әлеуметтiк – экономикалық даму деңгейiн теңестiруге
арналған ресими трансферттер, тоқсан сайын кассалық ѕзiлiстi жабу
үшiн төменгi бюджеттердiң жоспары түрғаны бюджеттерден қарызға алған
қаражатының түсiмдерi, бұрын берiлген несиелердi өтеуден түсетiн
түсiмдер жатады.
Жергiлiктi салықтар мен алымдар бюджетке түскеннен кейiн,
жергiлiктi басқару органдары белгiлеген тәртiп бойынша, жергiлiктi
аумақтық қажеттерiне сәйкес мақсаттарға жұмсалады. Мысалы, тиiстi
аумақтық жергiлiктi бюджеттерден жұмсалатын қаражаттары мыналарды
қамтиды:
–жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзетiн қоғамдық құқық тәртiбi
мен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
– бiлiм беру мен денсаулықты сақтау;
– әлеуметтiк сақтандыру және халықтық жекелеген санаттары үшiн
заңмен белгiленген жеңiлдiктердi iске асыру;
– түрғын үй – коммуналдық шаруашылық, көркейту, сумен жабдықтау
және инженерлiк инфрақұрылым;
– мәдениет, туризм, спорт, жергiлiктi бЅқаралық ақпарат құралдарын
ұстау және демалысты ұйымдастыру;
– аграрлық реформа, жер реформасын жүзеге асыру, ауыл шаруашылық
тауар өндiрушiлерiн қолдау, өсiмдiктердiң аса қауiптi зиянкестерi
мен мал ауруларына қарсы кѕрес және басқа мақсаттар;
– экология және табиғатты Ѕтымды пайдалануды ұйымдастыру;
– шағын және орташа бизнестi дамыту;
– табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу
жөнiндегi бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған шығыстырды
жұмсау. [11]
Бѕгiнде бюджеттi түрдегi қаржылық қатынастар екi бағытта
қарастырылып жүзеге асырылуда, бiрiншiден экономиканы дағарыстан
шығару үшiн қаржы ресурстарын орталықтандырылған жүйеде бөлiп беру
болса, ал екiншiден, жергiлiктi басқару органдарының қаржы қорларын
құру және пайдалануға байланысты құқыларын арттыру ақылы iске
асырылуда. Осы орайда жергiлiктi бюджеттердiң дербестiгi орасан зор
рол атқарады. Бiрақ аумақтардың экономикалық дербестiгi абсолюттi
бола бермейдi. ґйткенi қазiргi кезеңдегi аумақтардың әлеуметтiк
экономикалық дамуының деңгейi, елiмiздегi нарықтық қатынастардың
қиындықтарымен сәйкес келуiн ескерсек, көптеген жергiлiктi
бюджеттердiң дербестiгiн iске асыру үшiн елiмiздiң экокномикалық
қаржылық бюджеттiк салаларындағы проблемаларды неғұрлым кең заң жүзiнде
құрулармен қамтамасыз етудi талап етедi.

1.2. Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы мемлекеттік саясат

Мемлекет белгiлi бiр таптардың мѕдделерiн қорғай отырып, бiр жағынан,
қоғамдық қажеттiлiктi қамтамасыз ету мүмкiндiгiн анықтайды, ал екiншi
жағынан, осы қажеттiлiктi қамтамасыз ету жолдарын iздестiрiп, жүзеге
асырады.
Мемлекеттiң нарықтық экономикада атқаратын қызметтерiн мына топтарға
бөлуге болады:
-тиiмдiлiктi қамтамасыз ете отырып, монополияға жол бермеу;
- нарықтық жүйе еңбекке жарамсыз топтар мен балалар, қарттарға
мемлекет әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қамтамасыз етуге тырысады;
- бағаның өзгеруi мен бағалық мехзанизмдi ретке келтiредi:
• прогрессивтi салық салу;
• зейнеткерлер, еңбекке жарамсыз көп балалы, жұмыссыздар,
әлеуметтiк мЅқтаж азаматтардың табыстарын қорғау шараларын
қарастыру.
- экономикалық түрақтылықты сақтау;
- шаруашылық жүргiзу туралы бекiтiлген шешiмдердi заңдылық-
құқықтық жағынан қамтамасыз ету;
- несие саясатын жүргiзу, ақша айналымын түрақтандыру.
Жалпы мемлекеттiң саладағы саясаты екi бағытта жүргiзiледi:
- бiлiм беру, денсаулық сақтау, экология сферасында кѕрделi
мемлекеттiк әлеуметтiк бағдарлама бекiтiлiп жүзеге асырылуда;
- нарыққа көшуге байланысты халықты әлеуметтiк жағынан қорғау.
Экономиканы реттеуде мемлекет әртүрлi тәсiлдер қолданады: әкiмшiлiк-
құқықтық, ақпарат хабарлармен, қаржы бөлу, экономикалық тетiктер (салық,
несие, баға тағы басқалар) мемлекеттiк тапсырыс, лимиттер мен квоталар тағы
басқалар. [2]
Нарықтық қатынастар жағдайында салықтарды мемлекет тек экономикалық
әсер етушi құрал ретiнде ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы болып жатқан
әлеуметтiк процестерге әсер ететiн негiзгi реттеушi ретiнде пайдаланады.
Салықтар өте күштi әлеуметтiк құрал болғандықтан оларды тиiмдi және өз
бағыттарында пайдалану керек. Салықтық заңдылықтардың принциптерiн сақтау
керек. Ал мұның барлығы салықтық инфрақұрылымды құрайтын салықтар туралы,
салық салу, салық жүйесi туралы және тағы да басқалар ғылыми негiзделген
бiлiмдi қажет етедi.
Мемлекеттiң экономикасын көтеруде оның азаматтарының ақшалай немесе
натуралдық түрақты түрде төлейтiн жарналарының ықпалы ѕлкен. Іоғамның
тарихында салықтық формаларымен әдiстерi мемлекеттiк сүранымды және
қажеттiлiктердi қамтамасыз ету, сондай-ақ салық салудағы мәселелердi шешу
жолдарына бейiмделiп отырып, әр түрлi өзгерiстерге үшырайды. Олардың
қызмет ауқымы арқылы әлеуметтiк және экономикалық процестерге ролi де
өзгерiп отырады. Тауар –ақша қатынастары неғұрлым дамыған елдерде
салықтар да жақсы дамиды да, оларға мүмкiндiгiнше әсер етедi.
Қай мемлекетте болмасын бюджетке түсетiн түсiмнiң негiзгi көзi болып
салықтар табылады. Мемлекет салықтардың көлемi мен түрлерiн жинақтау мен
төлемдi, олардың түсуiн бақылауды, оны төлеуден кейбiр жағдайда ауытқуды
жазалауды заңды түрде бекiтедi.
жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформалардың басты мақсаты шаруашылық
жүргiзушi субъектiлерге түсетiн салық ауыртпалығын жеңiлдету, қолданылып
жүрген салықтар мен төлемдердi реттеу болып табылады. Бұл бағытта ең
негiзгiлерiн мүлiк-салығын акциздердiң және басқа да салықтардың мәнiн
арттыру. µқсас жағдайларда салық салудың шамамен тең тәртiбi қолданылатын
болады.
Салық салу механизiмi кез -келген экономикалық жүйенiң кѕрделi
бөлiгiнiң бiрi болып табылады. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызды
тәсiлi ретiнде орын алып, оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгiн әлеуметтiк және
экономикалық саясатының жетiстiктерiне әкеледi.
Кез- келген елде, мемлекет шығындары мен салық салу мәселелерiне өте
көңiл бөлiнедi.
Нарықты экономикалық елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық
табыстарда басты рол атқарады да, экономиканы басқарудың к үштi
ынталандырушы құралы болып келедi. Әсiресе, олар ғылыми –техникалық
прогрестi жеделдетуге, анти инфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге
асыруда белсендi орын алады.
Сондықтан салықтарды төлеу- төлеушiлер үшiн онша қызық iс болып
келмегенмен өте қажеттi де маңызды iс болып табылады[1].
Дѕние жүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, бѕкiл өркениеттi
мемлекеттердегi салықтық реттеу несие-қаржылық реттеумен бiрiгiп әрекет
еткенде ғана нарықтық экономканы жүргiзудiң аса тиiмдi формасы болып
табылады. Ол нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсерiн тигiзiп,
мемлекеттiк экономикаға тигiзетiн әсерiн реттеп отырады. Сондай-ақ салықтар
қоғамның экономикасын түрақтандыруын және әлеуметтiк теңдiктi қамтамасыз
ететiн маңызды элементтерi болып келедi.
Қазiргi кездегi жағдайларға салықтардың мәнi мен ролi мемлекеттiк
органдарды қаржылық ресурстармен қаматамсыз ету шекарасынан шығып отыр.
Ендi, салықтар ұлттық табысты мемлекеттендiрудiң маңызды құрамы бола
бастады. Олар макроэкономикалық реттеуге белсендi араласа отырып, iшкi
ұлттық табыстың жалпы көлемiнде салықтық төлемдердiң салыстырмасы
мөлшерiнiң өсуiн қамтамасыз етiп отырады.
Салықтар экономикалық белсендiлiктi реттей отырып, өндiрiстiк
процестерге де әсер етедi. Бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын
салықтармен әркет ете отырып, мемлекет капиталының қорлауына асқан ықпал
етедi. Сондай-ақ салықтық реттеу шаралары әртүрлi салалардың бәсекелесу
мүмкiндiктерiн кеңiнен ынталандыра отырып капиталдық қорлануына тиiмдi
жағдайлар жасап кәсiпорындардың iс-әрекеттерiнiң әлеуметтiк
қажеттiлiктерiне қанағаттандыруна ықпалын тигiзедi [2].
Үкiметiмiздiң алдында түрған мiндет ол түрақты қабылданған заңдардың
негiзiнде қаржы жүйесiн тез арада қалпына келтiрiп, ондағы салық арқылы
түсетiн түсiмдердi реттеп, олардың дұрыс бөлiнуiн қамтамасыз ету болып
табылады және де салықтар қазынаны толтырып қана қоймай өндiрiстi әрi қарай
дамытудың белсендi ынталандырушы ролiн атқаруы қажет деп тЅжрымға келемiн.
Олар кәсiпкерлiкке деген ынтаны тежеу механизiмi болып келемей, керiсiнше
оның тиiмдi әрекет етудiң қосымша, бiрден бiр фактордың ролiн атқаруы
қажет. Сондықтан бiздер салықтар жүйесiн жақсартуда әрқашан қарапайым және
баянды принципiн естен шығармауымыз қажет.
Салық төлеушi және жинаушы салық төлеу процесiнде белгiлi бiр қарым-
қатынасқа түседi. Бұл қарым-қатынас дұрыс, өзара тиiмдi әрi объективтi
болса, соғұрлым салықтық жиналу денгейi де жоғары болады. Салық жинауына
әсер ететiн объективтi және субъективтi жағдайлар бар. Олар: өндiрiс
қаржысының төмендеуi, кәсiпорындар мен мекемелер арасындағы төлемақылар
дағдарысы, заңды бiлмеу немесе оның алдындағы жауапкершiлiктiң төмендеуi,
салық салу нормаларын бЅзу, салық жүйесiндегi қызметкерлердiң жалақысының
аздығы тағы басқалар.
Кiрiс пен таза пайданы экономиканың жаңа бiр саласына немесе бѕтiн
өндiрiс түрiнiң дамуына жұмсауы, елiмiздiң аз игерген, кейбiр қолайсыз
аймақтарына инвестиция тарту сияқты мақсаттарда, салықтың кей түрiнен
бѕтiндей босату қолданылады. Lскерлiк табыстың белгiлi бiр түрлерiне
жеңiлдетiлген салық жүйесiн пайдалану, экономика мемлекеттiк реттеуден
сараланып қолданылатын және өте ыңғайлы әдiс. Мысалы, мерзiмдi
амортизациясы жеделдетiлген немесе дифференциялды салық мөлшерi салық төлеу
мерзiмiн созу немесе кейiнге қалдыру, салықтардан еркiн резервтiк
инвестициялық әрi басқадай қорлар құру және нақты салық жеңiлдiктерi мен
проперенциялар сияқты түрлi экономикалық және салық тегершiктерi жетерлiк.
Қазақстан экономикасының өтпелi кезеңiнде салық жеңiлдiктерi жаппай
iскерлiктi бауырқандырып, экономиканың басым салаларына iрi инвестициялар
әкелуге септiгiн тигiзедi. Алайда, қазiр отандық экономика өзiнiң өрлеу
белесiне көтерiле бастағанда мұндай салық жеңiлдiктерiнiң сақталып қалуы
мемлекет пен инвестор арасындағы мѕдделiк қарым-қатынасқа өз салқынын
тигiзуде. Нәтижесiнде бюджетке өндiрiс көлемiнiң Ѕлғаюына қатысты- салықтан
бюджетке түсетiн түсiмдер елеусiз, салық салмағының коэффициентi әсерсiз
қалуында. Кейiнгi кезде салық жеңiлдiктерiнен салық кеңiстiгiнде елеулi
қарама-қайшылықтар туып, салықтық әмiр жүргiзуiне кесiрiн тигiзуде. Ең
бастысы өндiрiс саласына қарамай салық төлеушiлердiң барлығы заң алдында
тең деген талапқа салықтық жеңiлдiктi реттеу қайшы келiп, экономиканың
түрлi салаларындағы кәсiпорындарды алалауда[7].
Нақты салаға салық жеңiлдiгiн орнату тәжiрибе көрсетiп отырғандай
қамқорлық пен қолдаудың керемет бiр тиiмдi әдiсi деуге келмейдi. Жеңiлдiк
берiлiп отырған кәсiпорындар мен жеке тұлғалар жеңiлдiк жүрмейтiн
экономикалық қызмет салаларындағы кәсiпкерлiкпен айналысып жѕгендерге салық
әмiрiн пәрмендi қолдануда қиыншылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Минералды бюджет қамтамасыздандыру деңгейін теңестіру
Қазақстан Республикасының бюджетінің түсімдері мен шығыстарын құқықтық реттеу
Мемлекеттік бюджет жүйесі
Бюджетаралық қатынастар
Қаржы жүйесінің әлемдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасының бюджеттік саясаты
Мемлекеттік қаржы, оның мәні және қызметтері
Мемлекеттік бюджеттің мәні
Бюджеттік құқықтың қаржылық құқықта алатын орны
Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері
Пәндер