Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуы туралы ақпарат
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... .3
1 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы ... ... ... 6
1.2 Шағын және орта бизнес ерекшеліктері.
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы дамыған шағын бизнестің қазіргі жағдайы ... ... ... ...16
2.2 Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытудағы потенциалды салалар ... ... 23
2.3 Шағын және орта бизнесті дамыту жолындағы проблемаларды қарастыру ... 26
3 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ДАМУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Шағын және орта бизнесті дамытудағы проблемаларды стратегиялық даму негізінде шешу ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
3.2 Кластерлік жүйе шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі перспективті бағыты ... ... ... ... ... ... ... ...37
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ...42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... .44
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... .45

Қазақстан экономикасы әкімшіл-әмірішілдіктен нарықтық экономикаға өтуде қиын кезеңдерден өтті.Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда-мемлекеттік меншікті жекешелендіру,қаржылық,несиелік саясат,құнды қағаздар нарығын құру,жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру.Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлікті қолдау,шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес,оның мәні-экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы екендігінде.Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс.Өтпелі экономика кезеңінде экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадамы болып табылуы мүмкін.

1.Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан-2030».Алматы,1997
2. «Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау» туралы Қазақстан Республикасының Заңы.№3ХII,4 шілде 1992ж.
3. Об индивидуальном предприниматльстве: Закон -//Ведомсть Верховного Совета-1997-№12
4. О государственной программе развития и поддержки малого предпринимательства в РК на 2001-2002г.г.-//САПП-2001г.№21
5. Қазақстан Республикасы шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы// САПП-2003ж.-№49
6. Шағын бизнес 2000-2003.Статистика. Алматы 2003ж.
7. Қазақстан және оның өңірлері.ҚР Статистикалық Агенттігі 2/2003. Алматы 2003ж.
8. Краткий статистический ежегодник Казахстана 2004г.Алматы 2004г.
9. Статистикалық баспасөз-бюллетень №4. Алматы 2004г.
10. Кантарбаева А.К. Эволюционная экономика и развитие предпринимательства в Казахстане: Автореферат . Алматы,1998г.
11. ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуы 5/2003ж.ҚР Статистикалық Агентігі.
12. Министерства Индустрии и Торговли. Поддержка малого бизнеса.//Астана 2004г.
13. Министерсва Индустрии и Торговли. С чего начать.//Астана 2004г
14. Правила проводения государственными органами проверк деятельности субъектов малого бизнеса// САПП-2003-№27.
15. Польза и преимущества зарубежного опыта поддержки и развития малого исреднего бизнеса// Финансы и кредит-2004г.№14
16. Смагулова Н.Т. Конкурентноспособность отечественного малого бизнеса: фактор стратеческого планирования //Банки Казахстана 2005г.-№4
17. Характеристика и модели предпринимательской деятельности // Саясат -2004г.-№8
18. Туртабаев С. Стратегия развития отечественного бизнеса в преддверии вступления Казахстана в ВТО// Астана. Деловой мир 2005г.-№1
19. Аубакирова Ж.Б. Поддержка малого и среднего бизнеса //Аль-Пари 2005г.-№2
20. Байниетова М.Основные препятствие деятельности субъектов малого бизнеса // Саясат 2005г.№3
21. Сабден О. Управление малым предпринимательством: вопросы теории и практики.//Учебник для ВУЗов // Астана Елорда 2002г.
22. Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития.2 тома,Алматы,1995

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономикалық теория кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы : Қазақстан Республикасындағы шағын және орта
бизнестің дамуы
Орындаған:Э-11 тобы студенті Оңдас Е.Е.
Жетекші: аға оқытушы
Бабажанова Ж.А.
АСТАНА – 2007ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2. Шағын және орта бизнес
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 10
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ
ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы дамыған шағын бизнестің қазіргі
жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6
2.2 Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытудағы потенциалды
салалар

... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.3 Шағын және орта бизнесті дамыту жолындағы проблемаларды
қарастыру

... ... ... ... ... ... ... ... 26
3 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ
ДАМУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Шағын және орта бизнесті дамытудағы проблемаларды стратегиялық
даму негізінде
шешу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...34
3.2 Кластерлік жүйе шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі
перспективті
бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .37
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... 42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..45
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасы әкімшіл-әмірішілдіктен нарықтық экономикаға
өтуде қиын кезеңдерден өтті.Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық
экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда-мемлекеттік меншікті
жекешелендіру,қаржылық,несиелік саясат,құнды қағаздар нарығын құру,жалпы
нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру.Кезек күттірмейтін шаралар қатарында
кәсіпкерлікті қолдау,шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық
даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес,оның мәні-экономика
жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы
екендігінде.Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті
ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы
тиіс.Өтпелі экономика кезеңінде экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі
жалпы экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу
жолындағы алғашқы қадамы болып табылуы мүмкін.
Бұл зерттеудің өзектілігі соңғы уақытта кәсіпкерлік белсенділіктің
төмендеп кетуінен туындап отыр.Қайта құрылған кәсіпорындардың көбісі барлық
мүмкін болатын нұсқауларға,салықтарға,шектеулерге шыдай алмай жабылып
қалды.Тек шағын фирмалар ғана емес, сондай-ақ ірі өндірістік алыптардың да
жабылып қалу қаупі бар.Кәсіпкерлік әзірге экономиканың белсенді
қоректендірушісі бола қойған жоқ, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде
өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда. Мұндай жағдайлардың
себептерінің бірі фирманы тікелей басқару деңгейі мен аймақтық басқару
деңгейінің және мемлекеттік деңгейде қамтылған кәсіпкерлікті басқарудың
тұтас жүйесінің жоқтығы, сондай-ақ жеке салаларда кәсіпкерлікті дамытуды
қамтамасыз ететін тиімді механизмінің жоқтығы болып табылады. Қазіргі мол
шетелдік тәжірбиеге қарамастан, транзиттік экономикасы бар елдердің
ерекшеліктерін есепке ала отырып, шағын және орта кәсіпкерлікті құру,жұмыс
істеудің тәжірбиелік мәселелерін зерттеуге, шағын және орта бизнесті
анықтауға, кәсіпкерліктің теориялық жақтарын, сонымен қатар, кәсіпкерлік
феноменінің маңыздылығын зерттеуге арналған бірқатар нақты зерттеулер жасау
қажеттілігі бар.
Кәсіпкерлікті дамыту саласында методологиялық дәрежеде шетелдік, атап
айтқанда, американдық ғалымдармен көптеген зерттеулер жасалған.Бұл осы
елдің 200 жылдық тарихы бар екендігін көрсетеді. Дәл осы шағын
кәсіпкерлікті басқару проблемасын дамытуға Д.Лонгенеко , У. Петти , К.Моор
сияқты американдық ғалымдар өз үлестерін қосты. Кәсіпкерлікті дамытудың
теориялық және методологиялық мәселелері отандық, сондай-ақ, шетелдік
ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Дегенмен бұл салада жасалған
еңбектердің бар екендігіне қарамастан, ол жұмыстарда негізінен, кәсіпкерлік
қызметін дамытудың жалпы экономикалық көзқарастары ғана қарастырылғандығын
айтуымыз керек .ХІХ ғасыр басында Жан Батист Сэй кәсіпкерлікті жер, еңбек
және капиталмен бірге негізгі өндіріс факторларының бірі ретінде
қарастырған.
Бұл курстық жұмыста еліміздің көрнекті экономистерінің, атап айтсақ,
О.Сәбден, Тоқсанова А., Қаңтарбаева А.К еңбектері қолданылды. Сонымен
қатар, осы курстық жұмыстың мақсаты шетелдік тәжірбиелерді саралай отырып,
шағын және орта бизнесті дамытудың біздің еліміз үшін оңтайлы жолдарын
қарастыру. Зерттеліп отырған шағын және орта бизнес мәселелерін шешу
жолдарын нақты әрі түсінікті қылып жеткізу курстық жұмыстың мақсаты болып
саналады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері нарықтық экономикаға бейімделе
бастады.Дамығыан елдердің тәжірбиесіне қарап,көптеген реформалар
жүргіздік.Біріншіден, қайта құрылымды реттейтін қажетті заңдар қабылданды.
Одан кейін жекешелендіру процесі жүрді. Соның нәтижесінде бүгін өндіріс
өнімдерінің 85 пайызын жеке сектор құрайды. Жалпы ішкі өнімдегі шағын және
орта бизнестің үлесі 25 пайыз. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау
мақсатында бес мемлекеттік бағдарлама қабылданып жүзеге асып жатыр. Жыл
сайын кәсіпкерлердің жиыны шағын және орта бизнесті дамытуды көздейді.
1 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары
Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде
кәсіпкерлік теория әртүрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде
дамытылды да, олар бірте-бірте кәсіпкерлік-бұл адамның тәуекел мен
жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта айтқанда жаңа кәсіпорын
құруды білдіретін ұғым дегенге келді.
Алғашқыда кәсіпкерлік термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі
тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз
мойнына алатын адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Кантиллион
кәсіпкерлікті,өз мойнына тәуекелді алумен байланыстырылды,сонымен қатар ол
капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресустарын қолданушыларды
ажыратып отырды.Ол кәсіпкерді өзіне өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде
қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйақы үшін жұмыс істеу
қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды,
сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантиллионның пікірінше, кәсіпкердің
басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеуілері.
Басқа бір физиократ, дін қызметшісі Николас Бауде өндірушілер мен
фермерлер топтарының гүлденуі, олардың жаңалықтарға яғни жаңартпа мен
менеджментке деген бейімділіктеріне байланысты деп санады.Бауде еңбек
өнімділігінің ұлғаюындағы ғылым мен технологияның маңыздылығына әрдайым
ерекше көңіл аударып отырды. Ол кәсіпкер мен меншіктенушінің өзара
айырмашылықтары бар деп ұйғарды. Меншіктенушілер кәсіпкерді капиталмен
қамтамасыз етеді, олар өз кезегінде, бұл қаржы құралдарын шикізат алуға
және жұмысшыларға еңбек ақы төлеуге пайдалана отырып,тәуекелге барады.
Өз ілімінде ол жаңа енгізілімдерді басқарудың қажеттілігін, сондай-ақ
тәуекел деңгейін тек білім арқылы төмендетуге болатындығын дәлелді түрде
сипаттады. Ол сондай-ақ кәсіпкерлердің кемшіліктерін және оларды өндірісті
ұйымдастыру өнері сияқты маңызды салада оқытып үйрету қажеттілігін көрсетті
әрі мемлекетті өзінің әкімшілік билігі мен заңдарын осындай адамдарды
қолдау үшін пайдалануға шақырды. Сонымен қатар , ол сол кезде-ақ
монополиямен күресу қажеттілігін және салық жүйесінде тәртіптің жоқтығын
көрсетті.Көріп отырғанымыздай, XVIII ғасырдың ортасында Бауде біздің
уақытымыз үшін де маңызды мәселелерді көтерген.
1776 жылы Адам Смит өзінің Халықтар байлығының табиғаты мен себептері
туралы зерттеу атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп
көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеңе
айтылмады.Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен
мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерілді, ол
индустриялық төңкеріспен қатар кәсіби менеджменттік төңкерістің де сап ете
қалатынын айтты. Сэйдің айтуынша Өндіріс шеберлері келесі
қасиеттер мен дарындарға ие болуы қажет:
• Төлем қабілетті, тәртіпті, сақ, адал және тұрақты болуы;
• Қарыз түрінде капитал тарта білу және несиені уақытында
қайтара білу;
• Өз бойына әділетті бизнесті жете білушілік пен табандылық
сияқты моралдық қасиеттерді қалыптастыру;
• Сол немесе басқа тауардың ерекшелігі мен маңыздылығын, оны
өндіру әдістері мен болжамды сұранысын жеткілікті дәрежеде
нақты бағалай білу жағдайында болу.
Қазіргі заманғы авторлардың ұстанымдарын қарастырайық. Давид
Минкеланд кәсіпкерге мынадай сипаттама береді:
• Дәлелденген тәуекелдерге бара білу;
• Жігерлік және іскерлік белсенділіk;
• Жеке, дербес жауапкершілік;
• Қабылданатын шешімдердің салдарын білу;
• Қабылданған шешімдер нәтижесінің белгісі ретіндегі пайда;
• Болашақта қоршаған ортада өзгерістерді болжай білу;
• Ұйымдардың шеберлігі.
Харви Либенстейн (1978) кәсіпкерлік белсенділіктің 2 түрін
атайды: қызметтің бірінші түрі менеджментке тән ескішілдікке негізделген
күнделікті операцияларды орындаумен байланысты , екінші түрі –
жаңартпашылық. Қызметтің бірінші түрі орныққан, жақсы зерттелген ортада
жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды білдіреді. Жаңартпашылық қызмет- жаңа
нарықтар жағдайында жұмыс істеу, қызмет көрсету мен өнімнің жаңа түрлерін
өндіру. Кәсіпкер әртүрлі нарық жағдайында тиімді жұмыс істей білуі керек.
Шет елдік теорияда және практикада кәсіпкерлік қолда бар қаржы,
материал және еңбек қорларын игеру базасында қызмет көрсету немесе өнімге
деген белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын жаңа бизнесті құру процесі
ретінде қарастырылады. Кәсіпкерліктің көрсетілген анықтамаларын талдай
отырып, біздің көзқарасымыз бойынша, кәсіпкерліктің келесі анықтамасын
қисынға қарай мазмұндауға мүмкіндік беретін сипаттамалардың ең маңыздыларын
бөліп көрсетейік. Кәсіпкерлік — жаңа көсіпорынды қүрумен немесе белгілі бір
дәрежедегі тәуекелділігі бар қазіргі кәсіпорынды дамытумен байланысты
жаңартпашылық қызмет.
Кәсіпкерлік экономиканың дамуына үлкен үлес қосады, себебі осы қызметтің
арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болады, техника және технология дамиды,
жаңа өндіріс және қызмет көрсету салалары қалыптасады, жаңа аймақтарды
игеру жүзеге асырылып, ұлттық кірістің көлемді бөлігі жасалады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік
белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда
кәсіпкерліктің дамуына "Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық
қызметтің еркіндігі туралы" (1991), "Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау
туралы" (1992) заңы сияқгы заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке
кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны
164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. шағын кәсіпкерліктің субъектілер саны 307
мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік
қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емсс,
тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда
шықты.
Кәсіпкерлік қызмет салаларының жіктелуі
Кәсіпкерлік
Өмір сүру Көлемі Өсу қарқыны Қызмет
мерзімі бойынша бойынша бейімі
бойынша бойынша
Жаңа Үлкен Баяу Пайда
фирмалар корпораци өспелі әкелетін
ялар фирмалар
Нақты бар Шағын және Қарқынды Пайда
фирмалар орта өспелі әкелмейтін
фирмалар фирмалар ұйымдар
1-Сурет
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылгы 6-
наурыздағы №3398 "Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік
қолдауды күшейту шаралары туралы" және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 "Жеке
және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген қүқығын қорғау
туралы" жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа
орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган
ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті
қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.
Бұдан басқа, халықаралық қаржы институттарының үкіметтік және үкіметтік
емес құрылымдарының қатысуымен кәсіпкерлікті қолдау қорын құру көзделген.
Бұл қордың шеңберінде 5 миллион теңге көлеміндегі келешегі анағұрлым үлкен
жобаларды қаржыландыру көзделуде. Алайда үкіметтің күш салуына қарамастан
кәсіпкерлік қызметін белсендетуге шындап бетбұрыс әлі бола қойған жоқ.
1.2Шағын және орта бизнес ерекшеліктері
Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық,
ал шағын кәсіпкерлік құрылымдардың кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер
бар. Басты дәлел - шағын фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен
бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын бизнес бірнеше себептерге байланысты
ірілермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалға ірі кәсіпорындар стратегиясын
өзгерту үшін 6 жыл қажет етеді, ал жаңа стратегия енгізу үшін 10 жыл және
одан көп уақыт қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт айтарлықтай
азырақ - жарты жылдан 1 жылға дейін. Одан әрі, технологиялық жаңалықтар -
бұл дәстүрлі түрде үлкен бизнес саласы деп саналатын, бірақ статистикаға
қарасақ, 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық
жаңартпашылықтардың 95% шағын бизнес саласына келуде. Басқа қайнар
көздердегі мәліметтер бойынша ірі фирмаларға қарағанда, шағын фирмалар 24
есе көп жаңартпашылықтар мен ашылымдар жасауда.
Сондықтан Европа Достастығында (EC) экономиканың жеке секторындағы 15,7
миллион кәсіпорындардың барлығы дерлік шағын жөне орта бизнес түрінде болуы
кездейсоқтық емес. Шағын бизнес кәсіпорындары 70% жұмыс орындарымен (62
млн) қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты,
статистикалық мәліметтер бойынша 16 млн. адам өздеріне және 46 млн. адам
жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.
Көптеген жылдар бойы әртүрлі елдердің ғалымдары шағын бизнеске анықтама
беруге тырысып келеді. АҚШ Конгресс Комитетіне шағын бизнестің 700-ге жуық
анықтамасы ұсынылған. Шағын бизнесті сипаттаудың түрлі критерийлері бар,
мысалы, өндіріс көлемі, жұмыс істеушілердің саны, депозиттердің көлемі,
негізгі өндіріс қорларының актив бөлігінің өлшемі, басқару аппаратының
өлшемі, кіріс мөлшері. Ең кең таралған критерийлердің бірі жұмыс
істеушілердің саны. Кейбіреулер жұмысшылар саны 100-ге дейін, тағы біреулер
50-ден 1000-ға дейін, үшіншілері 100-ден 1500-ге дейін жететін
кәсіпорындарды шағын бизнес кәсіпорындары деп санауды ұсынуда.
Германияда ереже бойынша, жұмыспен қамтылған адамдар саны 1-ден 500-ге
жететін кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызады, сөйте тұра олар келесі 4
категорияға бөлінеді: 20-дан 49-ға дейін, 50-ден 99-ға дейін, 100-ден 199-
ға дейін, 200-ден 449-ға дейін. Германияда жылдық ақша айналымы 3,5-нан
11,5 миллион неміс маркасын құрайтын фирмалар шағын фирма деп саналады.
Германиядағы шағын кәсіпорындардың тиімділігі АҚШ-пен Жапонияға қарағанда
жоғары. Мұнда 12,3% ірі кәсіпорындардың және ол жерлерде жұмыспен қамтылған
34% жұмысшылардың үлесіне ұлттық табыстың тек 52,6% ғана келеді. Жұмыс
орындарының үштен екісінен көбі шағын кәсіпкерліктің арқасында ашылуда.
Жапонияда заңды түрде белгіленген кәсіпорындар критерийлері бар:
өнеркәсіп, көлік жөне құрылыста — 300 адамнан көп емес, көтерме саудада —
100, бөлшек сауда және қызмет көрсету саласында — 50, олар осы
критерийлерге қарай шағын және орта кәсіпорын статусын ала алады. Сондай-ақ
жарғылық капитал мөлшері де шектелген: өнеркәсіп, құрылыс және көлікте —
770 мың доллардан жоғары емес, көтерме саудада — 230 мың доллар, қызмет
көрсету саласында 77 мың доллар.
Ресей Федерациясының казіргі қолданып жүрген заңдарына сәйкес, шағын
кәсіпорындарға:
• өнеркәсіпте - 200-адамға дейін;
• құрылыста - 100 адамға дейін;
• көтерме саудада - 50 адамға дейін;
• ауылшаруашылығында -50 адамға дейін;
• ғылымда және өндірістік емес салада — 25 адамға дейін;
• бөлшек саудада - 15 адамға дейін; жұмыс істейтін кәсіпорындар
жатады.
Қазқстанда адам саны айтарлықтай аз кәсіпорындар шағын болып саналады.
Қазақстан Республикасының 1997ж. 8-сәуірдегі № 499 қаулысына сәйкес шағын
кәсіпорындарға:
• өндірісте, құрылыста және шаруашылықта — 50 адамға дейін;
• саудада және түрмыстық қызмет көрсетуде - 30 адамға дейін;
• көлік және байланыста -25 адамға дсйін;
• ғылымда және жаңартпашылық қызметте - 20 адамға дейін;
жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады. Жұмыс істеушілер саны 200 адамнан
аспайтын кәсіпорындар орта бизнеске жатады.
Авторлары, шағын бизнесті жұмысшылардың саны, капитал айналымы, өндіріс
көлемі сияқты және т.б. көрсеткіштер арқылы анықтау көзқарасынан бас
тартуды ұсынатын зерттеулер де бар. Оның орнына шағын бизнесті ірі
бизнестен принципті түрде ажырататын сипаттамаларға көңіл бөлуді ұсынуда,
атап айтқанда: нарық үлесі, негізін салушылардың кәсіпорынды басқарулары,
шешім қабылдау процесіне ірі кәсіпорын әсерлерінің жоқтығы. Мұндай
позицияны австралиялық ғалымдар да ұстануда, олар қаржы, бухгалтерлік есеп,
қызметкерлерді басқару, қамсыздандыру, маркетинг, өндіріс немесе қызмет
көрсету мен сатуды қамтамасыз ету саласында 1 немесе 2 адамның ғана
өздерінің жеке мамандарының көмегінсіз барлық стратегиялық шешімдерді
қабылдауға өкілеттігі бар бизнесті шағын деп есептеуді ұсынады.
Д.Лонгенеке, У. Петтидің, К.Мурдың (Carlos W.More) зерттеулерінде жеке
көрсеткіштер ұстанымындағы тәсіл анағұрлым негізгі айырмашылықтарды
іздестірумен ұштастырылып, шағын бизнеске анықтама беру үшін келесі
критерийлер ұсынылуда:
1. Бизнесті қаржыландыру бір инвестормен немесе инвесторлардың
шағын тобымен жүзеге асырылады. Тек айрықша жағдайларда ғана бизнестің 15-
20-дан көп инвесторлары болуы мүмкін;
2. Фирма өзінің маркетингтік бағдарламасын іске асыруда географиялық
шектелген аймақтарда жұмыс істейді;
3. Әдетте бизнестегі жұмысшылардың саны 100 адамнан аспайды;
4.1рі фирмалармен салыстырғанда бизнес шағын болып есептелуі мүмкін.
Қазақстан жағдайында шағын бизнеске анықтама бере отырып, қолда бар
шетелдік тәжірибелерді ескере келе, шағын бизнеске келесідей сипаттама
беруге болады, Шағын бизнес кәсіпорындары деп, бір немесе бірнеше
инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейтін
және нарықтың шектелген үлесіне ие көсіпорындарды айтамыз. Бұл
көсіпорындарда басқаруды негізін салушылар жүзеге асырады, олар барлық
негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды; басқару - нысаншылдықтың
жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді; басқару
саласында, сондай-ақ өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара
ауыспалылығы байқалады.
Шағын және орта бизнес қазіргі кезеңде жұмыссыздықпен сипатталатын
Қазақстан экономикасын қажетті жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.
Американ экспресс мәліметтері бойынша, барлық жаңа жұмыс орындары
тұрақтанған ірі компаниялардың есебінен емес, жаңа фирмалар есебінен
ашылуда. Мысалы, 1987 ж. АҚШ-тың 500 ірі компанияларындағы жұмыс
орындарының өсу қарқынына қарағанда, 7 миллион шағын фирмалардағы жұмыс
орындарының өсу қарқыны 3 есе көп болды.
Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Бұл – шағын бизнестің
динамикалылығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет
түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, технология саласында сондай-ақ басқа
жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу қабілеттілігі. Соңында, шағын
фирмалардағы еңбек ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен
бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшыларды басқаруы, табыстарды басқаруға
тікелей қатыса алады. Шағын бизнесің басты ерекшелігі - кірістерге
қатысумен және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуы ынталы болумен
шартталған, жұмыстың ең жоғарғы нәтижелілігіне деген жалпы біріккен
құштарлық, коллективтік түрде еңбек етуге және бригада болып жұмыс істеуге
деген ұмтылыс ірі фирмаларда құрушылар (негізін қалаушылар) кәсіпорынды
басқару үшін маман менеджерлерді тартуға мәжбүр, бірақ бұл көбінесе екі жақ
мүдделерінің тоғыспауына әкеледі, ал ол өз кезегінде жалпы басқару
тиімділігне әсер етеді. Шағын және орта кәсіпорындарда мұндай
қарсылықтардан құтылып кетуге болады, себебі негізін қалаушы мен менеджер -
бұл ереже бойынша бір адам(1-кесте).
1-Кесте Шағын және ірі бизнесті
салыстыру анализі
№ Ірі бизнес Шағын бзнес
1 2 3
1 өнеркәсіп, отын энергетикалық кешен,Ұсақ сериялы немесе жеке
энергетика өндіріс
2 Массалық өндіріс Ұсақ сериялы немесе жеке
өндіріс
3 Жаңа енгізілімге қабілеттігі аз Ірілерге қарағанда жаңа
енгізілімдер 24 есе көп
4 6-10 жыл 0,5-1 жыл
5 Ірі қалалар және өндіріс кешендері Үлкен және шағын қалаларда
6 Нарықтың елеулі бөлігін жаулап алу Бәсекелестік ортаның күшеюі
есебінен бәсекенің шектеулігі
7 Қаржылық шығындардың едәуір болуы Бастапқы шығындардың және
және тіркеу процедурасының тіркеу талаптарының төмендігі
созылмалылығы
1 2 3
8 Жұмыс орындарының құру қарқыны Жұмыс орындары өте жылдам
анағұрлым төмен қаркынмен құрылуда
9 Көлемі зор басқару Басқарудағы икемділік, басқару
аппаратындағы жұмыскерлер саны
ең төменгі
10 Құрылтайшылар мен менеджерлер Құрылтайшылар мен
мүдделерінде қарама-қайшы менеджерлердің міндеттері бір
болғандықтан ұштаспайды. адам үйлестіретіндіктен,
басқару жүйесінде мүдделер
қарама-қарсылығы болмайды.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе келесідей шағын және
ірі бизнесті салыстыру анализінің кестесін құруға болады, оның мақсаты ірі
бизнестен мүлдем бас тарту емес, ал Қазақстан экономикасы үшін шағын
бизнестің үлкен артықшылықтарын көрсету болып табылады. Шағын бизнес тек
қана экономиканы жандандырушы фактор болып қана қоймай, сондай-ақ оның
экономикалық дағдарыстан шығуының алғашқы кезеңі ретінде де қарастырылады.
Шағын фирмаларды көбірек құру – жұмыссыздық проблемасын жеңілдетуі,
сауыққан бәсекелі орта құруы, қаржы нарығын жандандыруы, ірі бизнестің
дамуына бастама беруі және бүгінгі барларының ауқымын кеңейтуі мүмкін.
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы дамыған шағын бизнестің қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасы өз алдына дербес мемлекет болғаннан бері шағын
және орта бизнес субъектілерінің саны жылдан- жылға ұлғая түсуде. Олардан
түскен табыс мөлшері де сәйкесінше өсе түсуде. Мысалға алатын болсақ, осы
тәуелсіздік алғаннан бастап 2000 жылға дейін шағын және орта кәсіпорындар
саны 6 есеге көбейген. Қазақстан Республикасы Агентігінің мамандырылған
бюллетенінде жарияланған статистикалық мәліметтерге сәйкес 2005 жылы 1
қаңтарда республикада 626 187 шағын және орта бизнес субъектілері
тіркелген, бұл дегеніміз өткен 2003 жылдың соңымен салыстырғанда 20,1 %
өскен. Тіркелген шағын бизнес субъектілерінің ішінде 76,9 % жұмыс
істеушілер болып табылады.
Жалпы тіркелген шағын бизнес субъектілерінің ішіндегі заңды тұлғалар
145 087 (23,2 % ), оның ішінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар (
кәсіпорын ) – 103 291 (16,5 % ). Жеке кәсіпкерлердің саны және шаруа
қожалықтары 378 332 бірлік, бұл 2003 жылдан 18,8 % көп.
Шағын бизнес саласында жұмыс істеушілердің саны 1385,3 мың адамға жетті.
2003 жылмен салыстырғанда 10,9 % үлкен. Солардың ішінде заңды тұлғаларда
жұмыспен қамтылғандардың саны 524,6 мың, шаруа қожалықтарында 409 мың, жеке
кәсіпкерлер – 451,7 мың адам. Минималды жұмыс істеушілер, яғни құрамында 6
адамнан аспайтын субъектілердің саны жалпы көрсеткіштің 77,6 % құрайды.
Жұмыс істеушілердің саны аз 31-40 адам заңды тұлғалардың 1,2 % және 41-50
адам заңды тұлғалар жалпы көрсеткіштің 1,7 % құрайды.
Кәсіпкерліктің дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі 1000 тұрғынға
шаққандағы жұмыс істеуші шағын бизнес субъектілерінің саны болып табылады.
Сонымен, 1000 тұрғынға шаққандағы жұмыс істеуші шағын бизнес
субъектілерінің саны 6,9 бірлік, шаруа қожалықтары-22,5, жеке кәсіпкерлер –
15,4 бірлік. Жалпы республика бойынша 1000 тұрғынға шаққандағы шағын бизнес
субъектілерінің саны өсуде.(2-кесте)
2-Кесте
1000 тұрғынға шаққандағы
жұмыс істеуші шағын бизнес субъектілердің саны
1000 тұрғынға шаққандағы жұмыс істеуші шағын бизнес
субъектілердің саны
2003 аяғы 2004 аяғы % өсу
Заңды тұлғалар 6,3 6,9 9,5
Шаруа қожалықтары19,1 22,5 17,8
Жеке кәсіпкерлер 13,1 15,4 17,6
Шағын бизнес субъектілері өзінің классификациясына байланысты жұмыс
істеуші және жұмыс істемейтін болып екіге бөлінеді. Соның ішінде жұмыс
істеушілердің құрамы:
белсенді – 51 339 немесе 49,7 % ;
жаңалар - әлі қызметін бастамағандар – 21 068 немесе ( 20,4 % ) ;
уақытша қарапайымдар – 30 884 ( 29,9 % );
Жұмыс істемейтіндердің заңды тұлғалар бөлінеді:
жойылу процесінде – 1818 ( 4,3 % );
көрінбеушілер ( куәлігі жоқтар ) – 39978 ( 95,7 % ) .
Дайын өнімді ( тауалар, қызмет көрсету ) өткізуден түскен шағын бизнес
субъектілеріндегі қаржы 2005 жылы 762 728,2 млн. теңгені, 2004 жылы
670 515,9 млн. теңгені құрады. Салыстырмалы түрде 2004 жылдан кірістің
сомасы 92212,3 млн теңгеге өскен, номиналды түрде 13,8 % өскен.
2005 жылы жұмыс істеуші шағын бизнес субъектілерінің үлкен бөлігі сауда,
автомобиль жөндеу, тұрмыстық заттар мен қолданатын заттар жасаумен
айналысушылар. Олардың саны жалпы санынан 182 933 немесе 38 % , оның ішінде
41 984 заңды тұлғалар және 137 949 жеке тұлғалар.
2004 жылмен салыстырғанда шағын бизнес субъектілерінің кірісі номиналды
түрде 2005 жылы республиканың бүкіл аймақтарында өскен.
Біздің елде көптеген шағын кәсіпорындар халыққа қызмет көрсету емес,
мемлекеттік ірі кәсіпорындар үшін құрылған. Сондықтан өндірістік базасы
дамыған аймақтарда орналасқан. Өндірістік базасы дамымаған аймақтарда шағын
бизнесті қолдаудың да үлкен мәні бар, себебі олардың ауыл шаруашылық
өнімдерін өндіру немесе қайта өңдеу сияқты қызметтер үшін шағын бизнестің
үлкен жүйесін құрудың болашағы бар.
Қазақстанда тіркелген шағын бизнес субъектілерінің белгілі бір бөлігі
қолайсыз жағдайларға ұшырап, өз жұмыс істеулерін тоқтады. Қазақстан
Республикасы Статистикалық Агентігінің жүргізген зерттеулері қарағанда
2005 жылдың қорытындысы бойынша республикада залал шеккен кәсіпорындар саны
21197 құраған. Яғни 7,1 % банкротқа ұшыраған. Олардың залал сомасы
республика бойынша 112 389 млн. теңгені құрады. Сонымен қатар жылдан жылға
залал шекен кәсіпорындар санының өсімі байқалуда (3-кесте).
3-Кесте
Залал шеккен кәсіпорындар саны
1 2 3 4 5
2004 2005 2004 2005
Залалды кәсіпорындар Залал сомасы
саны млн.теңге
Қазақстан Республикасы 20486 21917 88960 112389
Ақмола 760 987 1896 2288
Ақтөбе 969 982 4903 3093
Алматы 955 962 2110 2877
Атырау 469 620 1605 3967
1 2 3 4 5
Шығыс Қазақстан 1869 1993 14046 8011
Жамбыл 535 571 374 653
Батыс Қазақстан 504 532 911 959
Қарағанды 1535 1580 4327 4220
Қостанай 1060 932 3408 2207
Қызылорда 335 417 435 2405
Маңғыстау 366 386 2770 2696
Павлодар 718 749 2559 2544
Солтүстік Қазақстан 754 689 1397 1079
Оңтүстік Қазақстан 1239 1307 1655 2071
Астана қаласы 1205 1433 3957 6952
Алматы қаласы 7213 8077 42607 66367
Егер залал шеккен кәсіпорындар санын 2000 жылмен салыстырар болсақ ,
2004 жылы ол 23 % өскен. Республикада құрылған біршама кәсіпкерлер өз
бизнестерін жүргізе алмауда. Бұлардың банкротқа ұшырау себептері әртүрлі
болып келеді.Кәсіпкерлердің маркетинг, менеджмент ғылымдарынан хабардың
жоқтығы, бизнес жоспардағы кемшіліктер, кадр мәселесі, жарнамаға көңіл
аудармау, персоналдардың қызмет көрсетуінің төмен деңгейі тағы сол сияқты.
Мемлекттің шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында жүргізіп отырған
саясатының ең басты аялары ол:
- салықтық нормалар ;
- еңбек заңдылықтары ;
- бюрократиялық процедуралар ;
АҚШ – тың шағын бизнес әкімшілігі шағын кәсіпкерлікті келесі жолдармен
ынталандырады :
- оқыту және кеңес беру ;
- бизнес құруға және басқаруға көмектесуші бейне материалдар шығару ;
- банк несиесі үшін шағын бизнеске кепіл болу ;
- АҚШ конгресінде, үкімет органдарына, штат әкімшіліктерінде шағын
бизнестің мәселелерін көтеру ;
- бизнесмен және инвесторларды шағын бизнестің жағдайымен
ақпараттандыру және талдау жасап отыру ;
Қазіргі кезде үкімет шағын бизнесті дамытуда шешуші роль атқарады.
Үкімет жүргізіп отырған саясат қаншалықты дұрыс жасалса, соншалықты шағын
бизнестің дамуы жылдам болады. Біздің елде шағын бизнестің жергілікті
тұрғындардың әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсартуға өзәсерін тигізіп
жатқаны рас. Жүргізілген зерттеулер бойынша шағын бизнес саласында жұмыс
істеушілердің алатын орташа айлық жалақысы өсе түсуде. Республикада
экокномикалық қызмет түрлері бойынша шағын бизнес саласындағылардың орташа
жалақысы 2000 жылы 9453 теңге болса, 2004 жылдың аяғында 17583 теңгені
құраған. Әр жыл сайын инфляцияны есепке алғандағы өсім 13-14 % құрайды.
Олардың ішінде орман шаруашылығындағы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы
ең төменгі – 8000 теңгені құрайды. Жоғарғы жалақы бұл кен өндіру саласының
қызметкерлері 41425 теңге, одан кейін қаржы саласындағы 36940 теңге алады.
Екі саладағы айырмашылық 5 еседен асып отыр. Бұған себеп, біріншіден
салалардағы ұсынып отырған қызмет көрсету немесе тауарға деген сұраныстың
әртүрлілігі және жергілікті жердің тұрмыс деңгейіне байланысты.Өңірлер
бойынша алып қарасақ, алдағы орындарда Атырау, Маңғыстау облыстары , Алматы
және Астана қалалары алады .
4-Кесте
Өңірлер бойынша қызметкерлердің орташа айлық жалақысы (теңге).
1 2 3 4 5
2001 2002 2003 2004
Қазақстан Республикасы9453 11426 13874 17583
Ақмола 6757 7902 9108 10753
Ақтөбе 8201 9502 11348 14097
1 2 3 4 5
Алматы 6190 7690 8908 12019
Атырау 18691 21582 27353 32064
Шығыс Қазақстан 8169 9167 10651 13495
Жамбыл 4466 6238 7766 10114
Батыс Қазақстан 9452 11912 15142 19207
Қарағанды 7432 8745 9982 11163
Қостанай 6639 7654 8833 11701
Қызылорда 8380 7513 9599 13350
Маңғыстау 15368 19393 23424 27334
Павлодар 7513 8281 9392 11361
Солтүстік Қазақстан 7011 8041 9068 10744
Оңтүстік Қазақстан 5294 6922 9137
Астана 12478 16131 22872
Алматы 14303 21764 25315
5-Кесте
Экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметкерлердің орташа айлық жалақысы
(теңге).
1 2 3 4 5
2001 2002 2003 2004
Барлығы 9453 11426 13874 17583
Ауыл шаруашылығы, аң 4489 5504 6816 8030
аулау және орман
шаруашылығы
Аң аулау саласында қызмет4454 5504 6816 8030
көрсету
Орман шаруашылығы және 6828 6801 8296 8978
осы салада қызмет көрсету
Балық аулау,балық өсіру 4430 4505 5962 9599
Өнеркәсіп 8766 10795 12064 16117
Кен өндіру өнеркәсібі 22633 27745 29094 41425
1 2 3 4 5
Өңдеу өнеркәсібі 8075 9620 11724 14477
Электр энергиясын, газ 8270 10048 10703 12529
бен суды өндіру және бөлу
Құрылыс 11777 14721 17050 20519
Сауда; автомобильдерді, 8619 10852 12820 15631
тұрмыстық заттарды және
жеке пайдаланатын
заттарды жөндеу
Қонақ үйлер мен 6588 8377 9562 11947
мейрамханалар
Қонақ үйлердің қызмет 10070 12489 14843 16894
көрсетуі
Мейрамханалардың қызмет 5447 7040 8049 10205
көрсетуі
Көлік және байланыс 12612 14979 17964 20168
Көлік 11202 13506 16343 18632
Байланыс 23643 26395 31385 33041
Қаржы делдалдығы 14785 20001 26085 36940
саласындағы көмекші
қызмет
Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесінің даму диамикасын
талдай келе , қалыптасқан тенденцияларды айтуға болады. Оларға :
- экономиканың нақты секторындағы барлық шағын және орта бизнес
субъектілері мен жұмыс істеушілердің санының өсуі;
- индустрия дамыған облыстар мен қалаларда шағын кәсіпорындардың
шоғырлануы ;
- сауда- саттық және қызмет көрсету салаларының көп болуы ;
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ең басты
проблемалардың бірі - ауыл , кедейшілік және жұмыссыздық. Осы мәселелрді
шешудің жолы шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Шағын бизнесті
қолдауда үкіметтің жүргізіп отырған саясаты кәсіпкерлер үшін үлкен роль
атқарады. Сондықтан шағын және орта бизнестің дамуына жол ашатын мемлекет.
Шағын бизнес өзінің қарапайымдылығына қарамастан, әрқашан мемлекеттің
назарын, көмегін талап етіп отырады. Бұған оның жауабы қоғамдық
тұрақтылықты қамтамасыз ету , экономикалық өсім , әлеуметтік жағдайды
жақсарту , жалпы мемлекеттің күші мен тұрақтылығы.
2.2 Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытудағы потенциалды
салалар
Қазақстанның потенциалды салаларын анықтау шағын бизнестің дамуының
бағыты болып саналады. Еліміздің әр аймағында қалыптасқан өндіріс орындары
мен ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайына байланысты шағын кәсіпорындар ашу
оның даму жолындағы тиімді қадамдардың бірі болып табылады. Осыған орай,
еліміздегі Шағын және орта кәсіпкерлік бойынша республикалық ақпараттық
көрме орталығы шағын кәсіпорындардың өнімді өткізудің перспективті және
потенциалды салаларын анықтау үшін зерттеу жүргізді. Бұл зерттеу тек
кәсіпкерлердің ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің де қызығушылығын
тудырып отыр. Зерттеу республиканың барлық аймақтарында шағын кәсіпорын
субъектілерінің арасында жүргізілді.
Осыдан екі бағыт ашылады:
1 Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың потенциалды материалдық
өндіріс саласы;
2 Жаңа технология енгізу мен франчайзинг принципі бойынша жұмыс істейтін
кәсіпорындарды құру және ұйымдастыру;
Жаңа өндірістерді құруда немесе мемлекеттік қолдаудың әдістерін таңдауда
әртүрлі өнеркәсіп салаларында немесе қызмет көрсету аяларындағы шағын және
орта бизнестің ерекшліктерін ескеру керек.
Кейбір салаларда шағын және орта бизнесті дамытуда сол жердің халқының
табысын және шығындардың құрылымын есепке алу керек.
Жүргізілген зерттеулер бойынша шағын кәсіпорындар үшін потенциалды
салалар анықталды. Төмендегі қызмет түрлері өндіріп отырған өнімнің
өнімділігінің өсуіне, нарықтың кеңеюіне алып келеді.
1. Тамақ өнеркәсібі:
- ет және ет өнімдерін қайта өңдеу және консервілеу;
- балық және балық өнімдерін қайта өңдеу және консервілеу;
- өсімдік және жануарлар майын өндіру;
- кондитерлік тағамдар мен нан өнімдерін және печенье өндіру;
- ликер және шарап өндіру;
- минералды сулар, алкогольсыз сусындар және шырын өндіру;
2. Жеңіл өнеркәсіп:
- сыртқы және трикотажды киімдер тігу;
- жүннен иірілген жіп өндіру;
- тері бұйымдарын өндіру;
- теріден киімдер тігу;
3. Химия өнеркәсібі:
- синтетикалық және пластикадан тауарлар жасап шығару;
- ыдыстар шығару;
- сантехникалық бұйымдар;
4. Ағаш өндіру және жиһаз өнеркәсібі:
- ағаш өнімдерін өңдеу және қайта өңдеу;
- арнайы жиһаздар жасап шығару ( шкаф- купе, компьютерге арналған
үстелдер, орындықтар және тағы басқа );
- әртүрлі тұрғын үйге арналған бұйымдар;
5. Құрылыс және құрылыс материалдары өнеркәсібі:
- цемент өндіру;
- кірпіш, тротуар плиткаларын шығару;
- құрылыс қағаздары;
- түрлі-түсті бояулар және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру;
6. Ауыл шаруашылығы:
- өндіріске шикізаттар дайындау;
- ұлттық сусындар ( қымыз, шұбат ) өндіру;
- шаруа қожалықтары мен фермерлікті дамыту;
Қазіргі таңда осы аталған салалар даму үшін ең қажетті, потенциалды
болып отыр. Бұл шикізат қоры мен мемлекеттік қолдауға сүйенеді. Қазақстанда
осы салаларды дамыту үшін келесі нормативті актілер қабылданды:
- Тауарларды импорттауда ішкі нарықты қорғау шаралары туралы ҚР
Заңы 28.12.1998ж №3371
- 20.08.2001ж №1088 ҚР Үкіметінің Тамақ және жеңіл өнеркәсіп
салаларындағы импорт алмастыру тауарларының 2001-03ж.ж. арналған
бағдарламасын бекіту туралы қаулысы
- 22.12.1997ж №1817 ҚР Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығын 2010
жылға дейінгі даму стратегиясы туралы қаулысы
- 11.09.2000ж №1378 ҚР Үкіметінің 2001-05ж.ж. Қазақстан аймақтары
бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, сақтаудың
ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы қаулысы
- 12.12.2001ж №1621 ҚР Үкіметініің Қазақстандағы 2010 жылға дейінгі
жүзімді және өнімдерін дамыту бағдарламасын бектіу туралы қаулысы
- 25.07.2001ж №1003 ҚР Үкіметінің 2001-03ж.ж. аралығында ағаш
өнімдері және жиһаз өнеркәсібін дамыту бағдарламасын бекіту туралы
қаулысы
- 15.11.2004ж №1719 ҚР Үкіметінің 2004-2006ж.ж. ірі қалалардың шеткі
аймақтарында сүт өнімдерін дамыту туралы қаулысы
- 30.11.2004ж ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz