«Қаржы жүйесі,құрылымы және оның бағыттарының өзара байланысы»
Кіріспе 3
1. Қаржы жүйесінің теориялық негіздері 5
1.1 «Қаржы жүйесі»ұғымы,оның құрамы ... ... 5
1.2 Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары
1.3 Мемлекеттің қаржы жүйесінің қызметі 16
2 . Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылмы және қазіргі жағдайы 20
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің моделі 20
2.2 Мемлекет қаржысы.ҚР қаржы жүйесінің басты буыны ретінде 22
2.3 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының қаржы жүйесіндегі орны 30
2.4 Үй шаруашылығының қаржысы ... ... ...33
3. ҚР Қаржы жүйесін жетілдірудегі негізгі шаралар мен дамыту бағыттары 37
Қорытынды 40
Қолданылған әдебиеттер тізімі 43

Қаржы жүйесі – бұл қаржы қатынастарының жиынтығын қамтитын және осы қатынастар негізінде сәйкес ақша қорын құру және пайдалану және де осы қатынастардың ұйымдастырушы органдарының жиынтығын айтамыз.
Қаржы жүйесі - бұл қаржы қатынастарының әртүрлі сфераларының жиынтығы. Осы анықтаманы негізге ала отырып, қаржы жүйесін келесі үш бөлікке жіктеуге болады:
1) Қаржы қатынастары;
2) Ақша қаражат қорларының жиынтығы;
3) Қаржы басқару аппараты жиынтығы.
Осығын сәйкес қаржы жүйесі 2-белгі бойынша жіктеуге болады:
1) Функционалды қасиет;
2) Қаржы қатынастарына қатысушы қаржы субъектілігі.
Бірінші белгісі бойынша функцоналды қасиет немесе қызмет ретінде: Салық бюджет жүйесі жатады, қор нарығы, қаржылық құқық, сақтандыру және т.б. жатады.
Екінші белгісі бойынша былай бөлінеді: жергілікті бюджет, коорпарация қаржылары жатады.

1. “ Қаржы” /оқулық/ Қ. Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев – Алматы 2005-6-50бет
2. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет
3. “ Финансовая система: экономическое содержание и механизм использования” А.Б. Зейнельгабдин – Алматы 1995. Қаржы-қаражат.
4. “ Финансы” /учебник для вузов/ под. ред. М.В. Романского – 2001.
5.Матайбаева Г.А. «Қаржы» оқу-әдістемелік кешен.Астана 2010
6. “ Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” – Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы 2005.
7. “ Экономикалық теория “ Әубәкіров Я.Ә. Алматы, «Санат»1999ж 176 б.
8. “ Финансы “ . Омирбаев С.М. Астана 2003 ж.
9. “ Статистический ежегодник Казахстана: Статистический сборник“ / А.А. Смаилов ред. 2012ж.
10. “ Финансовое право Республики Казахстан“. Худяков А.И Алматы, 2001 стр 272.
11. Назарбаев Н., Казахстан 2030, Алматы: «Билим», 1997 г.
12. “ Жалпы экономикалық теория“ Шеденов Ө.Қ., 2002 жыл , Алматы – Ақтөбе
13. «Қазақстан цифрларда» статистикалық жинақ , 2013 жыл , Алматы
Журналдар:
1. “ Қаржы қаражат” финансы Казахстана. Ж. Елубаева– 2004/6.
2. “ Қаржы қаражат” финансы Казахстана. З. Искакова –2004/5.
3. “ Финансы Казахстана” М. Т. Давлетова –2000/12.
Газеттер:
1. “ Егемен Қазақстан” –2014. 24 қаңтар.
2. “ Казахстанская правда” – 2007. 9 декабрь.
14.minfin.gov.kz
15. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы-2014 жылғы 17 қаңтар

Мазмұны
Кіріспе 3
1. Қаржы жүйесінің теориялық негіздері 5
1.1 Қаржы жүйесіұғымы,оның
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары 13
1.3 Мемлекеттің қаржы жүйесінің қызметі 16
2 . Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылмы және қазіргі жағдайы
20
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің моделі 20
2.2 Мемлекет қаржысы-ҚР қаржы жүйесінің басты буыны ретінде 22
2.3 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының қаржы жүйесіндегі орны 30
2.4 Үй шаруашылығының
қаржысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
3. ҚР Қаржы жүйесін жетілдірудегі негізгі шаралар мен дамыту бағыттары 37
Қорытынды 40
Қолданылған әдебиеттер тізімі 43
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: Қаржы жүйесі,құрылымы және оның
бағыттарының өзара байланысы Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, қаржы
жүйесін зерттеу, құрылымын терең түсіну және қазіргі таңда бұл мәселе өте
актуалды болып табылады. Болашақ қаржыгер ретінде, Республикамыздың
тәуелсіздік алғаннан бергі жағдайын салыстыра келе қаржы жүйесінің
өзгерісін білу.
Біз білетіндей, 22 жыл ішінде тек қаржы жүйесінде ғана емес сонымен
қатар, экономиканың басқа да секторлары елеулі түрде ілгері дамыды.
Курстық жұмыс барысында, мен қаржы жүйесі жайлы біраз мағлұматтарды
жаздым. Астана қаласындағы елбасы-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы
17 қаңтарындағы халыққа арналған жолдауында қаржылық сектор жайлы үшінші
бөлімде көрсетілген. Бұл бөлімшеде әлеуметтік-экономиканың дамуында қаржы
жүйесінің маңызы зор болып табылатындығы көрсетілген.h4 Қаржы секторын
одан әрі дамыту үшін Қаржы министрлігінің 2011-2015 жылдар аралығындағы
стратегиялық жоспары қабылданды. Ендігі біздің мақсатымыз білімімізді
шыңдап, білікті маман болып шығу. Халықаралық стандарттарға сай болу арқылы
қаржы жүйесін жетілдіру.
Қаржы жүйесі – бұл қаржы қатынастарының жиынтығын қамтитын және осы
қатынастар негізінде сәйкес ақша қорын құру және пайдалану және де осы
қатынастардың ұйымдастырушы органдарының жиынтығын айтамыз.
Қаржы жүйесі - бұл қаржы қатынастарының әртүрлі сфераларының жиынтығы.
Осы анықтаманы негізге ала отырып, қаржы жүйесін келесі үш бөлікке жіктеуге
болады:
1) Қаржы қатынастары;
2) Ақша қаражат қорларының жиынтығы;
3) Қаржы басқару аппараты жиынтығы.
Осығын сәйкес қаржы жүйесі 2-белгі бойынша жіктеуге болады:
1) Функционалды қасиет;
2) Қаржы қатынастарына қатысушы қаржы субъектілігі.
Бірінші белгісі бойынша функцоналды қасиет немесе қызмет ретінде:
Салық бюджет жүйесі жатады, қор нарығы, қаржылық құқық, сақтандыру және
т.б. жатады.
Екінші белгісі бойынша былай бөлінеді: жергілікті бюджет, коорпарация
қаржылары жатады.
Ал, бірінші бөлімде: Мемлекеттік қаржы жүйесі туралы мәселелерді
қарастырдым. Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің жеке экономикалық
құрылымын зерделеу оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес.Бұл жүйе қаржы
қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы
қатынастары кез-келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық
қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси,
экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті
қаражаттарды жинақтап пайдаланады.
Жалпы, қаржы жүйесінің қалыптасуына энономиканың даму деңгейі,
жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, халықтың қолындағы қаражаттар тікелей
әсерін тигізеді. Сондықтан ең алдымен халықтың қал-ахуалын жақсартып, содан
кейін жүйені қалыптастыру қажет. Сонымен қатар нормативті-құқықтық
актілерді ретке келтіріп, заңдар енгізу өзекті болып отыр.
Мен білетіндей 1995 жылдары еліміздің қаржылық жағдайы өте нашар болды.
Ал қазір ол көрсеткіштер өзгерген.2013 жылы бюджет түсімі 198,2 млрд
теңгеге артады. Жалпы республикалық қазына қоржынына 5 трлн 435 млрдтан
астам теңге түседі деп болжанған. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Болат
Жәмішов ҚР Парламенті Сенатына 2013-2015 жылдарға арналған республикалық
бюджет туралы Заң жобасын таныстыру кезінде осындай дерек келтірген. Ал
2014 жылға арналған республикалық бюджет түсімдері
5 трлн. 773 млрд. теңге немесе ағымдағы жылмен салыстырғанда
10,4 пайызға өсе отырып қарастырылған. Оның ішінде кірістер
(трансферттердің түсімдерін есепке алмағанда) 4 трлн. 16,4 млрд. теңге
сомасында болжанады, ол 2013 жылдың деңгейінен 427,1 млрд. теңгеге жоғары.
2015 және 2016 жылдарында сәйкесінше кірістер түсімдері алдыңғы жылдар
деңгейіне қарағанда 555,7 және 636,8 млрд. теңгеге өсуі жоспарланады.Бұл
мәлімет біз үшін көз қуантарлық болып отыр.
Біздің ендігі мақсатымыз осы даму деңгейін ары қарай жетілдіре отырып,
халықаралық аренада тек жақсы жағымен көріне беру. Келешек мемлекетіміздің
мамандары біз боламыз, сондықтан әрбір студент өзіне жүктелген міндеттерді
сезіне отырып білім алса, біздің болашақ қаржы жүйесі жаман болмайды деп
сенеміз.
Әлемдік практиканы өз елімізге ендіре отырып, тек тиімді жақтарын
алуға тырысу қажет. Қаржы жүйесі функцияларын дұрыс анықтап, дефицит
деңгейін мейлінше төмендетіп, макроэкономикалық көрсеткіштерді ескере
отырып әлемдік стандарттарға сүйену қажет.
1 Қаржы жүйесінің теориялық негіздері
1.1 Қаржы жүйесі ұғымы, оның құрамы
Жалпы, қаржы жүйесі ұғымын түсіну үшін қаржының не екенін ұғыну қажет.
Қаржы (қолма-қол ақша, табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын
тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан)
қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық айналымы
бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен
қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып
көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі
болып табылады.Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына
көшу жағдайында пайда болып дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға
қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланыста болды.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.[1,6
бет]
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып,
пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын
органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада,
тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл
қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан-ол мемлекетте іс-
әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы.
Қаржы жүйесі-ақша қаражаттарының қорларын құруға,пайдалануға арналған
қатынастардың,сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың
жиынтығы.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы
қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек
бір ғана буынмен - мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм
жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы
КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті
қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл
буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын
орындап отырды.
Қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
1. қаржы қатынастарының жиынтығы;
2. ақша қорларының жиынтығы;
3. басқарудың қаржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші
субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын
экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен мына екі сфераны қамтиды:
1)мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған
ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен
байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;
2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының толық
айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік
қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер
бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің
ролі қаржы қатынастары жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде
көрінеді.
Сурет 1.Қаржы жүйесінің функциялық белгісі бойынша құрылымы
Қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы
жүйесінің екінші бөлігін құрайды.
Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ресурстарын
қалыптастырып, пайдалануда табады. Бұл ресурстар бюджет, мемлекеттік және
мемлекеттік емес әлеуметтк сақтандыру және қамсыздандыру. Амортизация,
айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақша қорларын
кіріктіреді. Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде
орталықтандырылған, бір қорлар үнемі жұмсалады, басқалары уақытша
сақталады, үшіншісі қорланады.
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін
элементтердің тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі
өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы бір жағынан, өндірістік
қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі
болып келеді, екінші жағынан, өзінің функциялық өзіндік ерекшелігі бар
өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Функциялық
сыныптауға сәйкес қаржыларда функциялық қосалқы жүйе ретінде мыналарды
айтуға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржылық жоспарлаудың,
бақылаудың және басқа қосалқы жүйелері.
Қаржы жүйесін сыныптаудың функциялық критерийінен басқа қаржы
субъектілерінің (қаржы қатынастарындағы қатысушылардың) белгісі юойынша
сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін сфералар мен буындар бойынша:
мемлекеттің қаржысына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына,
халықтың (үй шаруашылығының) қаржысына бөлуге болады.
Буындардың сипаттамасының матасылған қатары ретінде жоғары элементтері
болады: қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқарушы аппарат. Жүйелердің
мұндай қасиеті қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.
Мемлекеттің қаржысы. Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық,
әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен
қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және
олар экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын
мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-
қимылымен байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның
кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды
мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін
қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта
бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Субъектілері: мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы),
жеке кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар.
Мемлекет қаржысының функциялары экономикалық категория болып келеді:
бұл-бөлу мен бақылау функциялары.
Алайда бөлгіштік функциядағы мемлекеттің қаржысын неғұрлым толық
сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қимылдарының қажеттігінен туындайтын
құрамдас қосалқы функцияларды бөліп көрсеткен жөн, бұл:
• орналастыру;
• қайта бөлгіштік;
• тұрақтандыру қосалқы функциялары.
Мемлекет қаржыларының экономикалық мазмұны бірыңғай емес: олардың
құрамында жеке оқшауланған буындар бөлінеді, олардың әрқайсысы өзгеше
функцияларды орындайды.
Егер қаржы қатынастарын топтастыру кезінде мемлекеттің экономика мен
әлеуметтік процестерге басшылық жасау деңгейіне сүйенетін болсақ, онда
Қазақстан Республикасындағы мемлекет қаржысының құрылымын былай көрсетуге
болады:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысы
Республикалық қаржы Жергілікті (муниципалдық)
қаржы
Бюджет
Мемлекеттік (төтенше Ұлттық қор
мемлекеттік) бюджет
Республикалық бюджет Жергілікті бюджет
Облыстық бюджет Астана бюджеті Республикалық маңызы
бар қала бюджеті
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті
Жалпымемлекеттік Шаруашылық жүргізушіХалықтың
қаржы субъектілер қаржысы (үй шаруашылығының)
қаржысы
Мемлекеттік Арнаулы Мемлекеттік Материалдық Өндірістік
бюджет бюджеттен тыскредит өндіріс емес
қорлар сферасының сфераның
қаржысы қаржысы
РеспубликалықЖергілікті Өнеркәсіп, ауыл Тұрғын үй-коммуналдық
бюджет бюджеттер: шаруашылығы, шаруашылықтың, халыққа
облыстардың, құрылыс тұрмыстық қызмет
қалалардың, кәсіпорындарының,көрсетудің, жолаушылар
аудандардың жүк көлігі, көлігінің, денсаулық
бюджеттері байланыс, сауда, сақтау, білім беру,
дайындау, мәдениет, ғылым және
геологиялық ғылыми қызмет көрсету,
барлау қоғамдық ұйымдар,
ұйымдарының, банк-кредит, сақтық,
жабдықтау коммерциялық және
мемлекеттік делдалдық ұйымдардың,
ұйымдар қаржысы мемлекеттік емес және
басқа субъектілердің
қаржысы
Орталықтандырылған қаржылар
Орталықтандырылмаған қаржылар
Сурет 4. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
2.2 Мемлекет қаржысы-ҚР қаржы жүйесінің басты буыны ретінде
Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің жеке экономикалық құрылымын
зерттеу оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы

қатынастары - кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық
қатынастардың құрамды бөлігі.
Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік
салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап,
пайдаланады.
Қаржы жүйесін қаржы субъектілерінің (қаржы қатынастарына қатысушылар)
нысаны бойынша төмендегідей жіктейді:
• мемлекет қаржысы
• шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
• халық қаржысы (үй шаруашылығы).
Енді осылардың әрбіреуіне жеке - жеке тоқталып өтемін.
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси
функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін
қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады.
Экономикалық мәні жағынан мемлекет қаржысы мемлекеттің, оның

қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлумен байланысты
болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы
өндірісті дамытуда маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қаржылар әлеуметтік
бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараттары мен
қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық және
басқа қызметтердіі атқаруға жұмсалады.
Мемлекеттік қаржылардың құрамына мыналар кіреді:
– мемлекеттік бюджет;
– бюджеттен тыс қорлар;
– мемлекеттік несие.
Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен
мемлекеттік басқару қажеттіктерін қаржыландыруға бағытталған елдің
орталықтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет
пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге
қатысты туындайтын ақша қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория.
Бюджет Қазақстанның ғалами жалпы шаруашылық байланыстар жүйесіне толық
кіруіне, қазіргі таңдағы өтпелі кезеңді жеңіп шығуына мүмкіндік туғызуы
керек. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет
мемлекетттің және жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметтері мен міндеттерін
қаржылармен қамтамасыз ету үшін, ақша қаражаттар қорларының шоғырлануы және
нәтижелі жұмсау нысанын ұсынады. Сондықтан бюджет процесінің өзі
мемлекеттік макроэкономикалық саясаттың мақсатына жетуге бағытталған.
Бюджеттен тыс қорлар дегеніміз – мемлекеттік органдардың қол астындағы
және мақсатты түрде қолданылатын ақшалай ресурстардың жиынтығы.
Мемлекеттік бюджеттен тыс ақша қорлары еліміздің нарықтық қатынастарға
көшуіне байланысты мемлекеттік қаржылардың маңызды құрамдас элементі
ретінде көрініс тауып отыр. Осы қорлардың құрылуы еліміздегі әлеуметтік
экономикалық даму процестерінің талаптарына сәйкес келеді. Бюджеттік
тапшылықтардың орын алуына байланысты мемлекет қармағындағы қаржылық
ресурстардың бір бөлігін бюджеттен тыс қорлар ретінде қалыптастыру бір
жағынан бюджеттен жұмсалатын шығындарды азайтса, екінші жағынан айтарлықтай
мөлшерде бюджет тапшылығын жоюға ат салысатын болды.
Бюджеттен тыс мақсатты қорлардың басты сипаттамасы өтпелі кезеңде
мемлекеттің қаржыларын тиімді және мақсатқа сай пайдалану болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлар тікелей пайдалануға қолайлы қаржылар болғандықтан,
мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымға тигізер ықпалына қарай
бірінші кезекте қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған. Бюджеттен тыс
қорлар мақсатты қолданылуына байланысты экономикалық және әлеуметтік, ал
басқару деңгейіне байланысты мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.
Экономикалық қорларға экономикалық даму мәселелерін шешуге арналған
қорлар жатады. Әлеуметтік қорларға қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге
арналған қорлар жатады.
Мемлекеттік қорларға мемлекеттік деңгейде құрылған қорлар, ал аймақтық
қорларға аймақтық деңгейде құрылған қорлар жатады.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің мәні бойынша мемелекеттің кейбір қоғамдық
қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартатын және жедел түрде кешенді
жұмсалатын қаржылық ресурстарды пайдалану және қайта бөлу нысаны болып
табылады.
Оның негізгі қалыптасу көздері мыналар:
- арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар
- бюджеттен берілетін субсидиялар
- қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары
- заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарнамалары
Бюджеттен тыс қорларға түсетін қаражаттар шығындалуының бағыты
қорлардың тағайындалуымен, нақты экономикалық жағдайлармен және өткізілетін
бағдарламалардың мазмұнымен түсіндіріледі. Қаражаттың бір бөлігі
құрылтайшылық қызметке жұмсалады, сондай-ақ бағалы қағаздарға салынады.
Бюджеттен тыс қорлар ақша қаражаттардың қолданылуы көбіне олардың қалыптасу
уақытымен сәйкес келмейтіндіктен, инвестициядан түскен кіріс тиісті қордың
шығынын қаржыландырудың қосымша көздері болып табылатындықтан инвестор және
қаржылық нарықтың қатысушысы ретінде көріне алады.
Қазақстанда медициналық сақтандыру қоры, халықты жұмыспен қамтамасыз
ету қоры, жол қоры, экономиканы тұрақтандыру қоры, экономиканы қайта құру
қоры, кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры жұмыс жасады.
Сонымен бюджеттен тыс қорлар Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің
құрамдас бөлігі болып табылатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе
жергілікті құзыретті органдардың бюджет қармағына жатпайтын ақша қорлары
нысанында қалыптасып, қатаң мақсатқа бағытталған ақшалай қаражаттар.
Мемлекеттік несие – мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша
бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңды және жеке
тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығындарын
қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын несие қатынастарының
жиынтығы. Мемлекеттік несиенің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың
уақытша бос қаражаттарын шоғырландыру және оны мемлекеттің бірінші кезекті
қажеттіліктерін қаржыландыруға бағыттаумен анықталады. Мемлекеттік несие
мынандай түрлерге жіктеледі: ішкі, сыртқы (халықаралық) және шартты.
Ішкі несиеде үкімет, жергілікті билік органдары, кәсіпорындар, ұйымдар
және халық арасында жан-жақты мемлекеттік-несиелік қатынастар туындайды
займ алушы ретінде және несие беруші ретінде.
Халықаралық несиеде бір жағынан үкімет, жергілікті билік органдары,
екінші жағынан шетел үкіметі, банктері, компаниялары және де халықаралық
қаржы банк ұйымдары қатынасады.
Несие беруші жақ мемлекет – донор, ал несие алушы жақ мемлекет –
реципиент деп аталады.
Мемлекеттік несие ақша-несие қаражаттарын қайтару шарты негізінде
қайта бөлу қызметін атқарады. Бұл қызметте мемлекеттік несие жинақтарды
ұйымдастырудың бір нысаны болып табылады.
Несие көмегімен орташа жинақтар мемлекетте жинақталады және оның
қажеттіліктерін өтеуге бағытталады. Бұл мемлекеттік займ облигацияларын
шығарып, оны тұрғындар, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында
орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар мемлекеттік бағалы
қағаздар шығару арқылы да болуы мүмкін.
Мемлекеттік несиенің тағы бір қызметі – реттеушілік. Бірінші кезекте
мемлекет ақша ағымдарын реттейді, осылайша мемлекет нарықтағы бәсекеге
түсіп, жеке меншік инвесторларды ығыстырады. Бұл белгілі бір бизнес түріне
инвестициялау жүргізуді шектейді. Бір уақытта мемлекеттің бағалы қағаздарын
сатып алу нәтижесінде ақша азаяды. Бұл ақша эмиссиясының салдарын жою
кезінде тиімді.
Мемлекеттік несиені мыналар үшін пайдаланады:
• бюджет тапшылығын қаржыландыру;
• ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға күрделі қаржы
салымдарын қаржыландыру;
• жергілікті билік органдарының шаруашылықтарын қаржыландыру;
• елдің ақша айналымын реттеу.
Мемлекет қаржыларының функциялары экономикалық категория болып
келеді, бұл бөлу мен бақылау функциялары.
Бөлгіштік функциядағы мемлекеттің қаржысы мына төмендегідей
функцияларды орындайды:
• орналастыру;
• қайта бөлгіштік;
• тұрақтандыру функциялары.
Орналастыру функциясы мемлекеттің тауарлар мен игіліктерді өндіру және
халықты қамтамасыз ету үшін ресурстарды бөлуі және орналастыруы қажет
екендігінде көрінеді. Мәселе шектеулі экономикалық ресурстарды жекеше
және қоғамдық тауарлар арасында оңтайлы бөлуде және олардың құрылымын,
мөлшерін таңдауда болып отыр.
Қоғамдық тауарлардың ресурстары көбінесе салықтардың есебінен
қалыптасатындықтан, жекеше, рыноктық тауарларды өндірудің мүмкіндіктері
шектелінеді, оңтайландыру проблемалары фискалдық саясат үшін қиын болып
көрінуі мүмкін.
Фискалдық құралдар арасында бөлініс мыналар арқылы орындалады:
1. табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоғары
табыстарға үдемелі салық салумен ұштастыратын салықтық –
трансферттік тәсілі арқылы;
2. баламалы түрде бөлініс жолдаушылардан төмен табыс
болатын тұрғын үй сияқты қоғамдық шаруашылықты
қаржыландыру үшін пайдаланылатын прогрессивті салықтар
арқылы орындалуы мүмкін;
3. қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын басқа
тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты
тұтынушылар сатып алатын тауарларға салынатын
салықтармен ұштастыру арқылы жету мүмкін.
Тұрақтандырудың қосалқы жүйесінің іс-әрекеті сыртқы сауда мен төлем
балансының жай-күйінің нәтижелерін ескере отырып бағаны тұрақтандыру мен
экономикалық өсудің қолайлы дәрежесін қамтамасыз етуге саяды. Сонымен бірге
мемлекеттік бюджеттің шығындары мен салық салудағы өзгерістерге сәйкес
қатаң не шектеулі шараларды қолдана отырып мемлекет жиынтық сұранымға ықпал
жасайды.
Қаржы жүйесінің құрылымын жылдық салыстыру
Бюджеттік процесс– бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару,
нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен
есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сонымен бірге
байланыстырылған гранттарды регламенттелінген қызмет. Қазақстан
Республикасының бюджеттік процесс Бюджет кодексіне, Қазақстан
Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы, жыл сайынғы
Республикалық бюджет туралы заңға және Қазақстан Республикасының басқа
заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау
және атқару жөнінде ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан
Республикасының Президенті бюджеттік комиссияны құрады, ол туралы қағиданы
бекітеді, оның құрамын анықтайды.
Бюджеттік жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет
түсімдерінің көлемін және басымдылықты ескере отырып мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау
жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.
Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған
бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған
бюджеттің болжамы жоспарланады.
№1-кесте Қазақстан Республикасының салықтық түсімдердің түсу динамикасы
№ түсім атауы 2012 2013 2014
сома % сома % сома %
І салықтық түсім 2934080721 94,7 3982337955 95,5 4095366313 92,4
1 КТС 837 233 486 28,5 1 050 380 26,4 1 041 216 25,4
051 835
2 ЖТС 312 332 129 10,6 376 245 0749,4 438 497 83810,7
3 ҚҚС 677 229 030 23,1 865 212 73421,7 394 628 3719,6
4 акциздер 61 423 117 2,1 76 399 981 1,9 99 659 374 2,4
5 әлеуметтік салық 253 829 513 8,7 296 843 0797,5 340 996 8868,3
6 мүлік салығы 107 917 343 3,7 117 398 8012,9 127 485 0433,1
7 жер салығы 13 467 103 0,5 12 977 289 0,3 13 038 561 0,3
8 көлік құралдар 26 261 779 0,9 29 975 092 0,8 30 960 805 0,8
салығы
9 біріңғай жер 761 649 0,03 818 271 0,02 820 242 0,02
салығы
10 ойын бизнес салығы3 692 881 0,13 4 393 460 0,11 134 514 0,00
11 тіркелген салық 1 614 416 0,06 1 513 375 0,04 261 759 0,01
12 басқа да салықтар 5 551 0,00024 008 0,0001 2 954 0,0001
13 төлемақылар мен 241 003 848 8,2 309 992 2147,8 1 745 454 42,6
алымдар 328
14 халықаралық сауда 373 799 611 12,7 813 789 85420,4 744 443 81218,2
мен сыртқы
операцияларға
салық
15 мемлекеттік 23 509 262 0,8 26 394 669 0,7 26 146 321 0,6
мекемелер мен
арнаулы
тұлғалардың
құжаттар беру мен
заңды маңызды
іс-шараларды
атқарғаны үшін
алынатын міндетті
төлемдер
ІІ салықтық емес 104 058 593 3,4 138 382 5643,3 284 859 0556,4
түсімдер
1 мемлекеттік 48 901 464 47,0 77 045 188 55,7 214 877 48275,4
меншіктен түскен
табыс
2 мемлекеттік 1 785 491 1,7 1 851 261 1,3 1 595 103 0,6
бюджеттен
қаржыландырылатын
мемлекеттік
мекемелердің
тауарларды
қолданудан түскен
түсім
3 мемлекеттік сатып 37 953 0,0 61 263 0,04 174 165 0,1
алулардан түскен
табыс
4 несие бойынша 21 409 568 20,6 26 308 624 19,0 35 503 691 12,5
сыйақылар
5 гранттар 58 0,0 15 0,000013 0,000001
6 басқа да салықтық 31 924 059 30,7 33 116 213 23,9 32 708 611 11,5
емес түсімдер
ІІІНегізгі капиталды 60 653 289 2,0 49 891 455 1,2 52 493 077 1,2
сатудан түскен
түсім
1 мемлекеттік 25 299 945 41,7 20 331 286 40,8 22 399 789 42,7
мекемелерге
тиесілі
мемлекеттік
мүлікті сату
2 мемлекеттік 23 550 427 38,8 15 917 343 31,9 16 853 179 32,1
резервтен
тауарларды сату
3 материалдық емес 11 802 918 19,5 13 642 826 27,3 13 240 109 25,2
активтер мен жерді
сату
* барлық түсімдер 3 098 792 100,0 4 170 611 100,0 4 432 718 100,0
602 974 445
Зейнетақы қорының 360 457 711 431 901 154 508 192 239
түсімдері
Әлеуметтік 131 040 654 157 104 684 183 224 704
аударымдардан
түсім
Мүлікті тәркілеу 119 340 888 108 681 178 127 831 619
Қолда бар мүлік 30 404 73 163 1 578 573
Кестеден көріп тұрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер
құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғыдай қосылған құнға
салынған салық пен корпорациялық табыс салығы болып табылады. Республикалық
бюджет кірістерінің басқа едәуір көзі-салықтық емес түсімдер және
капиталмен жасалған операциялардан алынатын түсімдер.[14]
№2-кесте Республикалық бюджет шығыстарының көлемі мен құрылымы
2010 2011 2012 2013 2014
Шығындар 339406437468404457165542325562 68972
Жалпы сиппаттағы мемлекеттік 224012 166063 224944 296481 326129
қызметтер
қорғаныс 185358 187615 221345 264503 341104
қоғамдық тәртіп және 271467 316190 368776 448495 558218
қауіпсіздік,құқықтық,сот,қылмыс
тық-атқару қызметі
білім беру 572403 660917 755295 986773 1210115
денсаулық сақтау 363210 450893 551326 626310 730820
әлеуметтік көмек және 622017 758308 905273 11335731239018
әлеуметтік қамтамасыз ету
тұрғын-үй коммуналдық 233926 304049 334155 389238 438586
шаруашылық
мәдениет,спорт,туризм және 163969 173618 227564 201640 223065
ақпараттық кеңістік
отын-энергетикалық кешен және 60507 58577 79720 112491 126613
жер қойнауын пайдалану
ауыл,су,орман,балық 170365 168118 207074 270763 292573
шаруашылығы,ерекше қорғалатын
табиғат аумақтары,қоршаған
ортаны және жануарлар әлемін
қорғау,жер қатынастары
өнеркәсіп;сәулет,қала құрылысы 40080 30921 28236 24817 26492
және құрылыс қызметі
көлік және коммуникация 332709 337512 390669 449231 482060
өзгелер 96164 64853 68170 97264 143659
борышқа қызмет көрсету 57877 69207 94617 121675 130520
Трансферттер
Таза бюджеттік кредит беру 42461 27477 22189 69072 28588
бюджеттік кредиттер 47277 31540 110814 141183 135374
бюджеттік кредиттерді өтеу 4816 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz