Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын және ҚР екінші денгейдегі банктің қазіргі жағдайын талдау
Кіріспе
1 Ақша.несие саясатының теориялық негіздері
1.1 Ақша.несие саясаты түсінігі мен маңыздылығы
1.2 Ақша.несие саясатының стратегиялық мақсаттары
1.3 Ақша.несие саясатының құралдары
2 Қазақстан Республикасының ақша несие саясатын талдау
2.1 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі мен ақша массасы
2.2 Қазақстан Республикасының ақша.несие саясаты
2.3 Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасы
3 Қазақстан Республикасында ұлттық ақша жүйесін реттеудің негізгі бағыттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Ақша – несие саясаты ақша, несие және банктердің атқаратын қызметтеріне байланысты туындайтын ақша қатынастардың ерекше жүйесін зерттейді.
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.
Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.
Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды бір мезгілде шешу қиындық тудырады. Себебі экономикалық өсу үшін несиелік экспансия, ал инфляцияны тежеу үшін, керісінше, несиелік рестрикция, яғни ақша массасының жалпы шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие саясаты тұрақты бюджет, төлем балансы және салық саясатымен байланысты келеді.
Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.

1.Смағұлова Г.С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері. Алматы, экономика, 2012
2.Екінші деңгейдегі банктер үшін прудинциалды нормативтің есептеу әдісі мен нормативті маңызды инструкцияларды бекіту туралы. 30 қыркүйек 2005ж. №358
3.Каренов Р.С. Экономиканы мемлекеттік реттеу. Алматы: Ғылым, 2011г.-254 бет.
4.Зайдель Х., Теммен Р. Основы учения об экономике/ Пер.с нем.-М. «Дело ЛТД», 2011г.-400с.
5.Каренов Р.С., Шаекина Ж.М. Рыночные методы хозяйствования в экономике Казахстана. Алматы: Ғылым, 2011г.-224с.
6.Камаев В.Д., Абрамова М.А., Александрова Л.С.и др. Учебник по основам экономической теории (экономика). М.: «Владос», 2010г.-384с.
7.Долан Э. Дж., Линдсей Д. Макроэкономика / Пер.с англ.- СПб.:АО «Санкт-Петербург оркестр», 2011. 405 с.
8.Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник. М.: Закон и право, Юнити,2011. 352с.
9.Сабденов О. Экономическая политика переходного периода на рубеже ХХІ века. Алматы: Казахстан,2011. 368с.
10.НБРК от 11 марта 2006г. №20. Основные направления денежно-кредитной политики НБРК на 2006-2008годы // Банки Казахстана.- 2006, №4.
11. Мұхамбетова З.С. Аймақтың ақша-несие саясаты.//Аль-Пари.-2013, №1.
12. Аймағамбетова Г. Валюталық режимді ырықтандыру // Егемен Қазақстан. – 2010, №148.
13.Тұраров Н. С. Ақша-несие саясаты // Саясат. – 2010, №7.
14.Кушербаев Б.П. Банктер және несие алушылар қарым-қатынастарын реттеу // Егемен Қазақстан. – 2011, № 25.
15.Сейткасимов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2012ж.
16.Бердалиева К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері».Алматы -2011ж.
17.Ермаков В.А. «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде», Алматы - 2012
18.Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы». Алматы 2010ж.
19.www.nationalbank.kz
20.«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» туралы 1995ж. 30 наурыздағы № 2155 Қазақстан Республикасының Заңы

Мазмұны
Кіріспе 3
1 Ақша-несие саясатының теориялық негіздері
1.1 Ақша-несие саясаты түсінігі мен маңыздылығы 5
1.2 Ақша-несие саясатының стратегиялық мақсаттары 6
1.3 Ақша-несие саясатының құралдары 9
2 Қазақстан Республикасының ақша несие саясатын талдау
2.1 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі мен ақша массасы 18
2.2 Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты 23
2.3 Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасы 26
3 Қазақстан Республикасында ұлттық ақша жүйесін реттеудің негізгі
бағыттары 30
Қорытынды 39
Пайдаланылған әдебиеттер 41
Кіріспе
Ақша – несие саясаты ақша, несие және банктердің атқаратын
қызметтеріне байланысты туындайтын ақша қатынастардың ерекше жүйесін
зерттейді.
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып
табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса
айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі
ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.
Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен
елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін
анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне
немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.
Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау
қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса
инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын
қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап
тұру өз алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды бір мезгілде шешу қиындық
тудырады. Себебі экономикалық өсу үшін несиелік экспансия, ал инфляцияны
тежеу үшін, керісінше, несиелік рестрикция, яғни ақша массасының жалпы
шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие саясаты тұрақты бюджет, төлем
балансы және салық саясатымен байланысты келеді.
Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика
секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем
балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа
факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін
таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.
Қазақстан Республикасы таяу болашақта әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 мемлекеттің қатарынан орын алуды мақсат етіп отырғаны
белгілі. Ал осы межеге жету едәуір дәрежеде ақша-несие саясатының
тұрақтылығына байланысты.
Еліміздегі ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын
орган ретінде Қазақстан Ұлттық банкісінің алдына Елбасымыз өз
жолдауында келесі міндеттерді қояды:
- инфляция қарқынының бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс
салдарларын азайту үшін нақты айырбас бағамының тиісті
икемділігін қолдауға және сонымен бірге экономикалық өсуді
ынталандыру;
- ең төменгі резервтік талаптарды есептеу әдістемесін
жетілдіру.
Ақша-несие саясатының мақсаты - елдегі қаржы нарығының
тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар
нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне,
экономикалық нақты секторды банктердің несиелеуінің әрі қарай өсіру
үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының
жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады және ұлттық валюта тұрақтылығын, яғни
оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын
қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие реттеудің негізгі объектісі – жалпы төлемқабілетті
сұраныстың әртүрлі компонеттерінің өзгеру динамикасына әсер ететін,
экономикадағы жалпы ақшалай және ақшалай емес ақша массасы болып табылады.
Өз мәніндегі ақша-несие саясатын жүргізу ғана Ұлттық банкке
және оның жүргізіп отырған ақша-несие саясатына деген нарық
қатысушыларының және жалпы халықтың сенімін қамтамасыз ететін
болады.
Курстық жұмыстың мақсаты ақша-несие саясатының теориялық аспектіде
толық ашу, Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын және ҚР екінші денгейдегі
банктің қазіргі жағдайын талдау, мемлекеттің экономикасын реттеудегі ақша-
несие саясатының перспективті бағыттарын көрсету.
Қойылған мақсаттарға жету үшін төмендегі міндеттерді орындау қажет:
- ақша-несие саясатының мәнін және стратегиялық мақсатын қарастыру;
- ақша-несие саясатының құралдары мен әдістерін көрсету;
- Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын ашу;
- ақша-несие саясатын құралдары мен операцияларын талдау;
- ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын ашу;
- Қазақстанның ақша-несие саясатының даму стратегиясын баға беру.
Курстық жұмысты жазудың әдістемелік негізі ретінде оқулықтар, отандық
және шетел экономист-ғалымдардың ғылыми жұмыстары.

1.1 Ақша-несие саясаты түсінігі мен маңыздылығы
Ақша-несие саясаты ретінде бәсекелестік және өндірістік үрдісті реттеу
мақсатында ақша-несие саласындағы монетарлы биліктермен жүргізілетін өзара
байланысты шаралар кешенін түсінуге болады. Шаралар кешенінің сипаты мен
құрамы қоғамның экономикалық стратегиясымен және жалпы шаруашылық
жағдайымен болжанады.
Өндірістік дамыған елдерде экономиканы реттеу жүйесінде ақша-несие
саясаты белсенді түрде қолданылып жатыр. Бұл саясат, тарихи тұрғыдан
алғанда, экономиканы реттеудің ең алғашқы формасы. Ақша-несие саясатының
тиімділігі әр түрлі тұрғыда қарастырылады. Тарихи тұрғыдан алғанда, оның
мүмкіншіліктері 1930 жылдардағы әлемдік экономикалық дағадарыстың уақытында
танылған, сол кезде оның ролі қайта қарастырылған. Теориялық көзқарастан
алғанда, оны зерттеу макроэкономикалық көрсеткіштердің ақшалай
айналымдарына тәуелділігін көрсетті: айналыстғы ақша санының өзгеруі
өндіріске, айырбасқ, тұтынуға, жалпы сұранысқа әсер ете алады. Эмпирикалық
тұрғыдан алсақ, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгіинфляция пайыз
мөлшерлемесінің төмеңгі деңгейінде экспансиялық ақша-несие саясатымен
жүргізілген, ал рестриктивті саясат оның дамуына жол бермейтін белгілерді
көрсеткен.
Ақша-несие саясатының негіздемесі, оның стратегиялық және тактикалық
анықтамасы, ең алдымен оның ішкі механизмдерін ашуын талап етеді. Ақша-
несие саясатының теориясында екі ірі мектепті бөлуге болады – кейнсиандық
және монетарлық.
АҚШ-тың экономикалық ғылымында белгілі аттарының көпшілігі
кейнсиандықтарға тән,олар – П. Самуэльсон, Ф. Модильяни және Дж. Тобин.
Олардың еңбектері экономика ғылымының негізін қалыптастырады. Олардың
“жалпы теориясының” негізгі мақсаты - әрбір макроэкономикалық терия
міндетті түрде ақша түрінде болатындығын дәлелдеу, осыдан макроэкономикалық
талдаудағы ақшалай феноминінің маңыздылығы шығады.
Басқа концептуальды бағыт 1950 жылдарда қалыптасты. Оларды
“монетаристер” деп атады, өйткені олар экономикалық белсенділіктің және
ифляцияның ауытқуларын түсіндіруде ақшаның роліне көп көңіл бөледі. Бұл
теориясының негізін салушы - әйгілі экономис М. Фридмен.
Егер кейнсшілдае ақша-несие саясатының ролін бюджеттік саясатқа немесе
табыстарды бөлу саясатына қатысты аударса, ал монетаристер ақша-несие
саясатына маңызды орын береді. Олар арасындағы қарама-қайшылықтар әр түрлі
деңгейде көрінеді: кейнсшілдер саясаттың тиімділігі туралы әрбір жеке
жағдайдың негізінде талқылайды, ал монетаристер нәтижелерді барлық кешеннің
негізінде айтады.
Монетаристер ақшаның сандық теориясын және ойлаудың классикалық
үлгісін жақтай отырып, олар ақшаның маңыздылығын көтереді. Мұны М. Фишердің
“Ақшаның сатып алушылық қабілеті” атты еңбегіне жүгінсек, оңай түсіндіруге
болады. Фишер ақша санының теориясы айналыстағы ақша санының өзгеру
тиімділігі экономикада көрініс тапқан уақытына дейін дұрыс екендігін
дәлелдеуге тырысқан. Фишер бұл айналым нақты өмірде “ауысу мерзімдерінен”
тұратындығын түсіндіреді, бұл мерзімдер кезінде ақша санының өзгеруі
олардың айналым жылдамдығына, өнім көлемі мен келісім шарттың санына әсер
етуімен қатар, бағалардың жалпы деңгейіне де әсер етеді.
Кейнс макроэкономикалық талдау тек ақша түрде болуы қажет деп
айқындаған. Ақшаның маңыздылығын көрсету үшін талдаудың классикалық
кестесін кері тәртіпте өзгертті, оған сәйкес жұмысшылардың толық қамтылуы
автоматты түрде нақты еңбекақының өзгерістеріне қарай қамтамасыз етіледі.
Кейнстің кестесі бойынша, керісінше, жалпы сұраныс өндірісті анықтайды,
оның деңгейі жаппай қамтуға қол жеткізу үшін жеткіліксіз болуы мүмкін.
Жалпы сұранысты анықтауға әсер ете отырып, ақшалар стратегиялық рольді
орындайды, олардың жетіспеушілігі немесе артықшылығы сәйкесінше
жұмыссыздықтың немесе инфляцияның қайнар көзі болуы мүмкін.
Ссудалық капиталға сұраныс пен ұсыныс пайыздық мөлшерлемесін
анықтайды. Кәсіпорындардың иелері капитал салымдарын капиталдың шекті
тиімділігі пайыз мөлшерлемесіне тең болған уақытқа дейін жүзеге асырады. Өз
кезегінде, жалпы табыстың өсуі капитал салымдарының өсуіне байланысты.
Сондықтан айналыстағы ақша массасын өзгерте отырып, монетарлық биліктер
табыстың өсуінің жылдамдығына немесе баяулауына әсер етеді.
Осылайша, теориялық тұрғыдан алғанда, ақша-несие саясаты бәсекелестік
саясаты қызмет етушілік құралы болуы қажет. Бірақ Кейнсті монетарлық
биліктің қызметінің тәжірибелік тиімділігі қызықтырды. Бір жағынан, ол
Англияның Орталық банкінің пайыз мөлшерлемесін тез өзгерте алу
қабілеттілігіне күмәндығын танытқан, басқа жағынан, ксіпорындардың иелері
белгілі бір жағдайларда пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне көз жеткізе алмайды
деп айтқан. Кейнсті жақтағандар ақша-несие саясатының тиімсіздік
факторларын талдады. Бұл факторлар келесі екі шарттарда көрініс табады:
монетарлық биліктер ақша айналымдарды басқара алмайды, немесе жалпы сұраныс
ақша айналымдардың өзгерістеріне бейімделе алмайды.
1.2 Ақша-несие саясатының стратегиялық мақсаттары
Ақша-несие саясатының стратегиясын өңдеу екі кезеңді қарастырады: оның
негізгі соңғы мақсатты анықтау; аралық мақсатты және монетарлы биліктерге
көшетін өкілеттіктерді анықтау.
Белгілі болып отырғандай, мемлекеттік органдардың негізгі мақсаты -
таңдау мен белгілі бір мақсатты жүргізу жолымен тұрақтылыққа қол жеткізу
мен сол тұрақтылықты ұзақ уақыт бойы сақтау болып табылады. “Жалпы
экономикалық тұрақтылық ” түсінігі өзіне, ең алдымен, негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштерді қосады, атап айтқанда: өндірістің тұрақты
өсуі, тұрақты бағалар, жұмыс күшінің жаппай қамтылуы және төлем баланстың
жағымды қалдығы. Экономикалық тұрақтылықтың кепілдемесі блып табылатын, бұл
нәтижелерге қол жеткізу үшін, монетаристердің ойынша, нарықтың барлық
механизмдері еркін қызмет етуі қажет. Бірақ жеке және мемлекеттік
монополиялық тенденциялардың дамуы оларға қол жеткізуде бәсекелестіктің өз
ролін орындауға кедергі жасайды.
Ақша-несие саясатының мақсаттары келесі сипаттар бойынша жіктеледі:
• әсер ету шектері бойынша – ішкі және сыртқы;
• әсер ету уақыты бойынша – аралық және соңғы.
Аралық мақсаттардың монетарлы биліктің өкілеттілігінде болуының маңызы
зор. Бұл жағдайда бақылау жеңілдетіледі, ал сәттілігі немесе сәтсіздігі
үшін жауапкершілігі бір органға: Орталық банкке жүктеледі. Әрине, ақша-
несие саясаты өзінің алдына нақты айнымалылық көлемінің тұрақтылығын
қамтамасыз ету мақсатын қоя алмайды: оның ролі,ең алдымен, ақша ұсынысының
тұрақтылығы арқылы ақшаның сатып алушылық қабілетін қамтамасыз етуінде
анықталады.
Соңғы мақсаттар. Соңғы мақсаттарды анықтау кезінде “магиялық”
төртбұрыш туралы жиі айтады. Оның шектері жоғарыда аталған
макроэкономикалық көрсеткіштер болып табылады. Экономикалық саясат нақты
экономикалық және саяси талаптарды және приоритеттерді құру қабілетіне
байланысты осы барлық көрсеткіштердің оптималды жиынтығында қамтылады.
Осылайша, өндірісті ынталандыру мәселесін, көптеген жағдайларда,
инфляциямен күресу немесе сыртқы баланстардың тепе-теңдігін қамтамасыз ету
мәселесімен ұштастыру қиын.
Осыған сәйкес, экономикалық саясат мақсаттардың белгілі бір
иерархиясын жасауы қажет. Егер инфляциямен күресу немесе сыртқы нарықтарда
бекітілу негізгі мақсаттар ретінде таңдалса, онда өсудің жоғары
қарқындарынан немесе жаппай қамтудан бас тарту есебінен болады. Бір уақытта
барлық шектерге қол жеткізудің мүмкіншілігінің болмауы бұрышты магиялыққа
айналдырады.
Соңғы мақсаттардың ішінде орындалуына Орталық банк жауапты болатын бір
мақсат бар: ұлттық валютаның ішкі және сыртқы құнының сақталуы үшін
инфляциямен күресу. Бұл мәселе негізінен ақшалай активтерінің эмиссиясында
емес, тұрақты сипаттағы жинақтардың өсуіне негізделетін инвестициялардың
қаржыландырудың нарықтық механизмдерінің даму жолымен шешіледі.
Аралық мақсаттар. Ақш-несие саясаты тиімді болу үшін оның функцияның
екі аспектісі қалыптастырылуы қажет: аралық мақсаттың өзі; жүргізіліп
отырған саясаттың мақсатқа сәйкес екендігін көрсететін белгі.
Аралық мақсаттарды анықтау бірқатар гипотезаларға негізделеді. Аралық
мақсат (мысалы, ақша массасы) пен соңғы мақсаттары (мысалы, бағалар)
арасында тығыз байланыс бар. Басқаша айтқанда, ақша-несие саясаттың аралық
мақсаттан соңғы мақсатқа трансмиссиясының үрдісі тұрақты және жеткілікті
түрде анықталған.
Орталық банк аралық мақсаттардың екеуінің біреуін: пайыз мөлшерлемесі
немесе ақша массасы немесе екеуін бірге таңдау мүмкіншілігіне ие. Бұл ақша-
несие саясатының стратегиясы сандық мақсаттардың екі санатында
көрінетіндігін білдіреді: ақшаның саны және несиенің көлемі.
Бірқатар елдерде критерийлердің кейбір көлемі ақшаның саны мен
несиенің көлемі арасындағы мақсаттардың таңдауын ақтайды. Ағымдағы төлем
балансының жетіспеушілігінен шығу несиенің нақты мөлшерін қоюды талап
етеді. Сыртқы есептерді түзетуге берілетін приоритет кейбір елдерді
(Италия, Ұлыбритания) белгілі бір уақыт мерзімінде мақсаттарды ішкі
несиенің шегінде жүзеге асыруына әсер етті.
Валюта курсының тұрақтылығына бағытталу ашық экономика шарттарында
ақша агрегаттарын бақылауын қиындатады. Оның қолындағы әдістеріне
қарамастан (валюта курстарын бақылау, резиденттер болып табылмайтындардың
салымдарына міндетті резервтер, пайыз мөлшерлемесі және т.б.), Орталық банк
ақша ұсынысын бақылауын жоғалтады, өйткені ол шетел валютаны сатып алу және
сатуын белгілі бір курс бойынша және шектеусіз жүзеге асырады. Ақша санын
реттеу валютаның келуі жағдайында өте қиын, себебі несиенің ішкі қайнар
көздерін қысқартудың мәселесін шешу қиын. Валютаның кетуі кезінде,
керісінше, ақша массасының қысқаруы мақсатты іске асыруға мүмкіндік беретін
интенсивті ішкі несиелендірумен толықтырылады. Осыған сәйкес, несиелік
мақсатты қолдау дұрыс болады немесе кейде ақша мақсатын онымен біріктіру
қажет.
Ақша-несие саясаты аралық және соңғы мақсаттарымен қатар, несиелік
үрдісті приоритетті бағыттарға бейімдеуде танылатын селективті мақсаттарын
қоя алады. Бұл мақсаттар тең дәрежеде келесілерге қатысты қолданылуы
мүмкін: экономикалық секторға (тұрғын үйлер құрылысы, ауыл шаруашылығы және
т.б.) экономикалық функцияларға (өндірістік капитал салымдары, экспорт және
т.б.) экономикалық агент (қиын жағдайдағы кәсіпоындар, орта және шағын
кәсіпорындар және т.б.) нақты өнімдерге (автомобильдер, тұрғын үй техникасы
және т.б.) несиенің түрлеріне (инвалюталық аванстар).
Сыртқы мақсаттар. Сыртқы экономикалық қызметтің, валюталық
айырбастаулардың және капитал қозғалысының либерализациясы, елдің
экономикалық баланстағы сыртқы саудалық үлесінің өсуі, халықаралық банктік
операциялардың дамуы ақша-несие саясатының сыртқы аспектілерінің маңызды
ролін айқындайды.
Сыртқы тепе-теңдік ұзақ мерзімді капиталдардың және ағымдағы
төлемдердің қозғалысынан тәуелсіз маңызды дәрежеде валюта курсының
деңгейіне әсер ете алатын негізгі (төлем) балансының тепе-теңдігімен
бейнеленеді. Бірақ төлем балансының тепе-теңдігі валюта курсының қысқа
мерзімді тұрақтылығын қамтамсыз ете алмайды. Бірақ орта мерзімді курсқа
қатысты бұл тепе-теңдік ең тиімді құрал болып табылады.
Елдегі интенсивті экономиканың экспансияның кезіндегі төлем балансының
теңсіздігі жағдайында тепе-теңдікке әкелудің әр түрлі кестелері орын алуы
мүмкін: бағалардың өзгеруі, ақшаның көмегімен тікелей реттеу немесе пайыз
мөлшерлемесінің өзгеруі.
Төлем балансты бағалардың көмегімен реттеуінде ақша массасының
өзгеруіне және олардың ішкі бағаларға әсер етуіне көп көңіл бөлінеді.
Сыртқы жетіспеушілігі ақшаның кетуімен сипатталады, бұл экономикалық
белсенділігінің баяулауы мен бағалардың төмендеуіне алып келеді, ал жағымды
қалдыққа ие болған елдерде өндірістің кеңеюі мен бағалардың өсуі орыналады.
Халықаралық валюта қорымен жүргізілетін ақшаның көмегімен тікелей
реттеу төлем балансының жаhандануында қарастырылады және ішкі ақша-несие
саясатының, атап айтқанда, сыртқы тепе-теңдікте несие саясатының ролін
анықтайды. Ақшаға деген сұраныста ішкі несиенің интенсивті экспансиясы
төлем баланстың теңсіздігін туғызады. Керісінше, несиелерді тоқтату бұл
балансттық тепе-теңдікке жетудің негізгі құралына айналады.
Төлем баланстық жетіспеушілігі мен артықшылығын нақты құндылықтарға
ұсыныс пен сұранысты туғызатын теңдік ағымдары емес, валюта нарығындағы
қорлардың реттеу фазалары көрсетеді.
Пайыз мөлшерінің өзгеруі экономикалық агенттердің кері әсерін
туғызады. Осылайша, оның төмендеуі экономикалық белсенділіктің өсуін
туғызады және төлем баланстың жетіспеушілігіне әкеледі.
Валюта курсының тұрақтылығы инфляциямен күресуін күшейтеді.
Біріншіден, бұл ұлттық валютаның құнсыздануынан болатын импорт құнының
өсуіне жол бермейді, екіншіден, экономикалық агенттерден кәсіпорындардың
бәсекеқабілеттілігінің күшеюіне мүмкіндік беретін қатаң тәртіпті талап
етеді.
Осылайша, жалпы экономикалық тұрақтылық ақша ортасының
тұрақсыздығынсыз болмайды, сондықтан ақша-несиелік тұрақтылыққа қол жеткізу
монетарлы саясатты жүргізетін орталық банктің негізгі функциясы болып
табылады.
Бір уақытта аралық (қысқа мерзімді) және соңғы (ұзақ мерзімді)
мақсаттарға қол жеткізу қиын. Бұл экономикалық саясат үшін ұзақ мерзімді
тұрақтылыққа қол жеткізудің негіздемесі болып қалады, атап айтқанда, жұмыс
күшін қамтудың қайнар көзі ретінде бағалардың тұрақты деңгейі мен
өндірістің өсуі, яғни экономиканың циклдік ауытқулардың әлсізденуі.
1.3 Ақша-несие саясатының құралдары
Ақша-несие саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:
- несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
- ең төменгі міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
- есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;
- ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу
және жанама ең төменгі міндетті резервтер нормасының өзгеруі -
есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі, ашық нарықтағы операциялар
құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдары тиімді
пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық
экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және
жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің пайыз саясатының басты мақсаты –
айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты
азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін
төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз
мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде
шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта
немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол
жеткізуі тиіс.
Міндетті резервтер – коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз
мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл
депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер
деп атайды.
Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге
берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша
төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен
акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі
пайыздық мөлшерде ақша құралдарымен қамтамасыз етеді.
Ақша-несие саясатының құралыдары 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген
ҚР коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу
туралы нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде
бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 10,5%-ды құрайды.
Банктер резервтерінің артық болуы яғни ұлттық банктегі
корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік
талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің
баламалы тәртібіне өтеуге, яғни бұл банктердің нормативтерін орындау
барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі
резервтер мөлшеріне төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін
білдіреді. [4]
Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде
болуы, банк жүйесінің қаржы делдалдары ретіндегі тиімділігін
нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік
ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.
Федералды резервтік жүйе экономикалық құлдырау кезеңінде міндетті
резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін
міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған. Ұлттық банк
екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың нормативтерді орындауына
байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында
банктерге келесідей екі тәсілді қолданады:
- міндетті резервтер;
- резервтеудің баламалы тәртібі.
Орталық банк неғұрлым міндетті резервтердің нормасын жоғары
тағайындалған сайын, коммерциялық банктердің операцияларды жүзеге
асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуі
(rr) ақша мультипликаторын төмендетіп, ақша жиынының азаюына алып
келеді. Сонымен Орталық банк міндеті резерв нормасын өзгерте
отырып, ақша ұсынысының динамикасына әсер етеді.
Несиелік операциялар – несиелеу және қаржыландыру операцияларына
соңғы жылдары Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық
қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі
уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың
өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығын
жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни
Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту
мақсатында жүргізілді.
Ақша нарығындағы операциялар – Ұлттық банктің айналыстағы ақша
жиынының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта
мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты
операцияларын білдіреді.
Осы айтылғандардың бәрін Орталық банк коммерциялық банктердің
несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Орталық
банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа
партия көлемінен көп болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері
шектеледі не керісінше.
Ақша-несие саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi
мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:
- қарыздар беру;
- депозиттер қабылдау;
- валюталық интервенциялар;
- Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;
- мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның
iшiнде керi сатып алу құқығымен;
- коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;
-Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да
операциялар.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық интервенциялары жалпы ақша-несие
саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.
Депозиттердi тарту мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, мерзiмдерiн және тарту
лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де
депозиттер тартуға құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары - Қазақстан Ұлттық
Банкi эмиссиялайтын мемлекеттiк бағалы қағаздар.[5]
Қысқа мерзiмдi ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және
өтеу тәртiбi мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Инфляциялық таргеттеу режімін қолданатын орталық банктер үшін
операциялық мақсат нарықтық пайыздық таргеттелетін мөлшерлеме болып
табылады. Орталық банк ақша-кредит саясатының нарықтық сипаттағы құралдарын
осы пайыздық мөлшерлемені нысаналы деңгейде ұстап тұру үшін пайдаланады.
Ақша-кредит саясатының операцияларын шартты түрде мынадай топтарға
бөлуге болады:
- өтімділік беру және алу бойынша негізгі операциялар (ашық нарықтың
операциялары). Орталық банктің бастамасы бойынша аукциондық негізде
стандартты мерзімдермен өткізіледі.
– ұзақ мерзімді операциялар. Неғұрлым ұзақ мерзімдері бар негізгі
операцияларға ұқсас болып табылады.
- өте мұқият реттелген операциялар. Күтпеген өтімділік күйзелістерді
бейтараптандыру үшін жалпы немесе екіжақты негізде, стандартты мерзімдермен
пайдаланылады.
- құрылымдық операциялар. Бағалы қағаздарды аукциондық немесе екіжақты
негізде сатып алусату немесе шығару.
- тұрақты қолжетімді (тұрақты тетігі бар) операциялар). Ашық нарық
операцияларының нәтижесінде қалыптасқан өтімділіктің көлемін түзету үшін
пайдаланылады. Бұл операциялар айыппұлды пайыздық мөлшерлемелер бойынша
банктердің бастамасы бойынша жүргізіледі.
- ең төменгі резервтік талаптар. Құрылымдық артық өтімділікті реттеу
құралы ретінде пайдаланылады.
Халықаралық практикада ақша-кредит саясатының неғұрлым кең тараған
құралы ашық нарықтағы РЕПО аукциондары түріндегі операциялар болып
табылады. Ашық нарықтың операцияларын орталық банктер ішкі өтімді
қаражаттың көлемін ұстап тұру үшін базалық пайыздық мөлшерлемеге сәйкес
келетін деңгейде қолданады. Мұндай операциялар, әдетте, барынша
қысқамерзімді болып табылады. Бұл ретте, орталық банктің борыштық бағалы
қағаздары (Чили, Польша, Швеция) және мемлекеттік борыштық бағалы қағаздар
(Бразилия, Израиль, Оңтүстік Африка, Канада, Жаңа Зеландия) кепілмен
қамтамасыз ету ретінде болады. Ұлыбританияда ақша-кредит саясатының негізгі
құралдары мемлекеттік бағалы қағаздардың және орталық банктің бағалы
қағаздарының кепілімен жүргізілетін операциялық тұрақты тетіктер болып
табылады. Австралияда ашық нарықтың операциялары Австралия долларына
деноминирленген рейтингі жоғары бағалы қағаздарды қамтамасыз етумен
жүргізіледі.
Ақша-кредит саясатының негізгі операциялық нысаналы көрсеткіші,
әдетте, қысқамерзімді (көптеген жағдайда бір күндік) пайыздық мөлшерлеме
болады. Алайда, Чехия екі апталық, ал Ұлыбритания бір апталық РЕПО
мөлшерлемесін пайдаланады.
Инфляциялық таргеттеу режімінде Ұлттық Банктің операциялық мақсаты
үшін таргеттелетін нарықтық пайыздық мөлшерлеме болып табылады. Осы
операциялық мақсатқа қол жеткізу ашық нарықтың тұрақты қолжетімді
операциялары арқылы, сондай-ақ ең төменгі резервтік талаптардың тетігі
арқылы жүзеге асырылады.
Ұлттық Банк инфляциялық таргеттеу режіміне көшуге арналған пайыздық
арнаны күшейту жөніндегі шаралар шеңберінде жаңа базалық пайыздық
мөлшерлемені енгізуді жоспарлап отыр. Ақша-кредит саясатының қалған
құралдарының пайыздық мөлшерлемелері базалық мөлшерлемеге байланыстырылған.
Бұл ретте, тұрақты қолжетімді операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемелер
ақша нарығының мөлшерлемелері ауытқуының жоғарғы және төменгі шектерін
қалыптастыратын болады.
Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты қатаңдатылған немесе әлсіреген
жағдайда базалық мөлшерлеме тиісінше көтерілуі немесе төмендеуі мүмкін, бұл
қалған пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне алып келеді. Тұрақты қолжетімді
операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемелерінің жоғарғы және төменгі шектері
сондай-ақ ақша нарығы мөлшерлемесінің құбылмалығына қатысты қайта қарауға
жатады.
2015 жылы Ұлттық Банк резиденттік және мерзімдік қағидатты сақтай
отырып валюталардың түрлері (ұлттық және шетел валютасымен) бойынша
міндеттемелерді бөлуді енгізу арқылы резервтік міндеттемелердің жан-жақты
құрылымы енгізді. Банктердің өтімділікті басқару жөніндегі мүмкіндігін
жақсарту үшін орташа алынған қағидатты сақтай отырып ең төменгі резервтік
талаптарды есептеу тәртібі өзгертілді.
Орта мерзімді перспективада Ұлттық Банк теңгелік құралдардың
тартымдылығын, оның ішінде ақша-кредит саясаты құралдарының тізбесін және
олар бойынша кепілдік қамтамасыз етуді кеңейту арқылы арттыруға бағытталған
пайыздық саясат жүргізуді жалғастырады. Пайыздық саясат ақша-несие
саясатының құралдарының бірі болып табылады. Ұлттық банк ақша нарығының
сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына
жне инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің
ақша-нсие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне
әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде
Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру
мүдделігін ескереді.
Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі
мақсаты – теңгені несиеге деген сұранысын азайтатйын, ал оның артынан ақша
массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді
қаматамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер,
дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі.
Яғни жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған
болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.
Қазақстандағы жоғары қарқынды ифляцияға қарсы күресте пайдалануға
мүмкіндік беретін келесі бір факторға – шетел валютасына деген шектен тыс
сұранысты азайту шаралары жатады. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл
ішінде валютаның бағамдық айырмасы есебынен алыпсатарлық жолмен табыс алу
мүмкіндігінің блуы ірі банктердің қысқа мерзімді капиталының қарыздық
нарықтан еліміздің валюта нарығына ағылуына жол берді. Айырбас бағамымен
анықталатын теңгенің сыртқы құнының көрсеткіштері мен қарыздар бойынша
пайыздық мөлшерлемелер және бағалы қағаздар бойынша табыстылық арқылы
анықталатын теңгенің ішкі құнының көрсеткіштері арасындағы қатынастың
бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.
Қаржы операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің
деңгейі Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша индикативті
анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер өзара
кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың арасынан мыналарды бөліп
көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әр түрлілігі, пайызды төлемеуімен
байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру
мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі.
Мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, банкаралық несие, Ұлттық банкінің
ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер сауда мәніне сай келеді. Жалпы
барлық нақты нарық пайыздық мөлшерлемелер 1994 жылдың тамызынан бастап оң
көрініңске ие болды.
Ұлттық банкінің ноталы және қазынплық вексельдер бойынша табысы Ұлттық
банкінің банкаралық несие бойынша табысынан төмен болды. Бұл мемлекеттік
қазыналық міндеттемелер және Ұлттық банкінің ноталарының пайызды және
қарызды төлеу жағынан несиелерге қарағанда үлкен сенімділігімен
түсіндіріледі.
Резервтік талаптар. Бантерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін,
банктің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және
банктердің акционерлері мен салымшылардың мүдделерін қорғау мақстында
Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.
1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген “Қазақстан Республикасының
коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметтерін реттеу туралы”
Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша норматив 18-20% көлемі
қарастырылған. Бұл ереже 1994 жылы мамыр айына дейін қызмет етті, осы
жылдан бастап норматив банктердің теңге және шетел валютасындағы жалпы
депозиттік міндеттемелерінен 30% мөлшеріне дейін өсті. 1994 жылдың 1
тамызында шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелер бойынша норматив
15%–ға дейін төмендеді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, міндетті резервтер деңгінің тым жоғары
болуы қаржы делдал түріндегі банкі жүйесінің тиімділігін әлсіретеді,
өйткені резервтердің минималды нормасының үлкеюі несие ресурстарының
кономикаға құйылуына кедергі жасайды. Бұдан жоғары міндетті резервтер
нормасы АҚШ-та және Германияда қолданылады.
АҚШ-та міндетті резервтер сомасы банктің категориясына, депозиттің
мөлшеріне, түріне байланысты. Ол федералды резрвтік банктердің пайызсыз
депозиттік шоттарында сақталынады, артық резервтер федералды резервтік
банктердің негізгі көзін, яғни АҚШ-тың ақша нарығында ең негізгі
процестерінің бірі болып табылатын операциялар көзін құрайды. АҚШ-тағы банк
жүйесіндегі резервтерінің басты ролі коммерциялық банктердің несиелік
операцияларын бақылау болып табылады. Банктердің Федералды Резерв жүйесінің
(ФРЖ) Басқарушылар кеңесі, заңмен бекітілген резервтер көмегімен,
коммерциялық банктердің несиелеу қабілетіне әсер етеді. Оның мақсаты – банк
несиесінің артықшылығын нмесе кемшілігін ьболдырмау. Бұл саясат
коммерциялық банктердің несие көмегіне қаншалықты жағымды әсер етсе,
соншалықты басқарушылар кеңесінде экономикада іскерлік белсенділігінің
ауытқуын болдырмауына мүмкіндік болады. Осындай жанама жолмен коммерциялық
банктің несиесін бақылау құралы сияқты (яғни экономиканың тұрақтылығы)
резрвтер өтімділік көзі болмайды, бұлар тек салымшыларды қорғайды деп
есептейді(Кэмпбелл Р. Макконелл, Стэнли Л. Брю).
ФРЖ экономикалық дағдарыс кезеңінде міндетті резерв деңгейін жиі
төмендетуге дейін барды, сөйте отырып іскерлік белсенділіктің дамуын
ынталандыруға тырысты. Керісінше, 1973-1974 жылдары инфляцилық процестерді
тежеу мақсатында ФРЖ міндетті резервтердің деңгейін уақытша көтеріп отырды.
Ақша-несие қатынастарын мұндай бақылау және реттеу механизмі ашық
нарықтағы операцияларға және есеп мөлшерлемелерінің өзгерісіне қарағанда
сирек пайдаланылады.
Директивті несиелердің айналасында қиын жағдай пайда болды. Сондықтан
бұл несиелерді қайтару бойынша жұмыстарын тоқтатты, олар несие Үкіметтің
кепілдемесі бойынша төленеді деп сенді, өйткені несиелер Қаржы министрлігі
және Экономика министрлігінің рұқсаты арқылы, несиелік қабілетіне
байланыссыз барлық шаруашылық органдарға берілді. Нәтижесінде 4,6 млрд.
теңгеден (қайтарылуы міндетті сомадан) 1994 жылы 1,8 млрд. теңгесі ғана
қайтарылды.
Сөйтіп, банк жүйесі арқылы төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға қысым
көрсетілді, олар банк несиесі есебінен бюджет дотациясын жасады, өйткені
несие қайтару жүгі Қаржы министрлігіне ауысты.
Санкциялау және банкроттық механизмін пайдаланусыз басымдалақ
салалардың кәсіпорындарының қаржы мәселесін шешудің сәтсіз аяқталуы
нәтижесінде 1995 жылдың ақпанынан бастап, директивті нсиені беру
тоқтатылды.
Төлемсіздікті шаруашылықаралық есепке алу арқылы шешу, бір жағынан
мәселені шешсе, екінші жағынан кәсіпорындардың айналым қаражаттарын
жоғалтуға әсер тетін факторды - бағалардың өсуін ынталандырды. Ақша-несие
саясатының бұл құралы өткен уақыттың еншісінде қалды. Оның орнын тұрақты
түрде жұмыс жасайтын клиринг алу керек және ол кәсіпорындардың қаржы
тәртібін сақтаған кезде ғана төлемсіздік мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Үкіметтің несиелеу көлемі әрқашан бюджет тапшылығының деңгейімен және
оны баламалы көздер арқылы жабу мүмкіндігімен анықталды.
Қаншалықты бюджет тапшылығы жоғары болса, солғұрлым несие эмиссиясының
ықтималдығы үлкен болады да, ол инфляцияға ықпал етеді. Сөйтіп үкімет оған
балама инфляциясыз көздерді кеңейтуге мән береді, ондай көздерге: сыртқы
қарыздар және үкіметтің бағалы қағаздары жатады.
Ашық нарықтағы операциялар. Бұны Орталық банкпен екінші нарықта ақша
массасының көлемін реттеу мақсатында бағалы қағаздарды сату-сатып алу
операциялары ретінде түсінуге болады. Бұл айналыстағы, коммерциялық
банкілердің өтімділігіндегі және несиелік салымдардағы ақша массасын
реттеудің ең икемді әдісі. Мұның мағынасы мынадай: Орталық банкінің ақша
эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік экспансиясын шектеу мақсатында,
нарықта бағалы қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің
резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша
шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Орталық банк кері
операциясын жүргізеді – бағалы қағаздарды сатып алып, оның құнын банктердің
резервтік шотына аударады. Осылармен Орталық банк ашық нарықтағы (өзінің)
операцияларымен банк жүйесінде өзінің өтімділігін жоғарлату үшін жағымды
жағдайлар жасайды немесе керісінше, сонымен бірге айналыстағы ақша
массасының көлемін реттейді.Егер бағалы қағаздар Орталық банкпен алдын ала
дараланған бағам бойынша сатылса, онда Ұлттық банк сатып алушыларды
ынталандыру үшін және сонымен олардың несиелік қабілеттерін төмендету үшін
нарықтық бағамнан төмен бағаммен бекітеді.
Орталық банк бағалы қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық
банктердің минималды резервтер мөлшерін көбейтіп, клиенттермен активтік
қарыздық операцияларды жүргізу мүмкіндігі кеңейеді, яғни ақшалардың қолма-
қолсыз эмиссиясы үлкейеді. Орталық банк коммерциялық банктерге бағалы
қағаздарды сатқан кезде олардың резервтегі қаражаттары азаяды, ал
банктердің несиелік ресурстары қысқарады, нәтижесінде ақша массасы азаяды.
Міне, сөйтіп орталық банк ашық нарықта бағалы қағаздары бойынша
операциялары арқылы айналыстағы ақша массасының көлеміне, коммерциялық
банктердің резервтеріне, олардың қабілеттеріне әсер етеді.
Ұлттық банк ашық нарықта бағалы қағаздармен операциялар жүргізу
формасы бойынша: тікелей немесе қайтарымды болуы мүмкін. Тікелей операция
коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды қалыпты түрде сату немесе сатып
алу түрінде сипатталады. Қайтарымды операциясының операциясының кемиді.
Орталық банкпен бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу операциясы
орындалғаннан кейін, міндетті түрде алдын ала белгіленген бағам бойынша
орындалған операцияға кері операция жүргізілуі керек.
Аукционды белгілі бір тәртіппен бір күнде жүргізеді, бұл Орталық
банктің бағалы қағаздардың жаңа партиясын сатып алу күні мен алдында сатып
алынған бағалы қағаздардың қайта сатылу күні сәйкес келуі үшін жасалады.
Бұның бәрін Орталық банк айтылған операция арқылы коммерциялық
банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер
Орталық банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа

шектеледі және керісінше.
Орталық банк ашық нарықта операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе
ақша-несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді.
Ақша саясатының құралы ретінде Ұлттық баніге ашық нарықтағы
операцияларды пайдалануға бағалы қағаздардың жеткіліксіз портфелі жол
бермейді. Мемлекеттік бағалы қағаздарды Ұлттық банкінің сату-сатып алу
операциялары көбінесе екінші реттегі нарықты жандандыру мақсатында жүзеге
асырылады. Егер оның даму динамикасы бойынша қарасақ, мұндай жағдай
негізінен мүмкін болады.
Ақша массасының шұғыл түрде реттеудің басты құралына ақша агрегаттары
бойынша мақсатты бағадардан шығатын, көлемі белгіленген Ұлттық банкінің
ноталарының эмиссиясы жатады.
Валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету
саясаты. Ұлттық банкінің валюталық нарықтағы интервенциясы жалпы ақш-несие
саясатының шегінде жүзеге асты. Ұлттық банкінің шетел валютасын сату, егер
ақша базасының өсімі басқа факторлардың әсерінен шетел активтерінен басқа
болатын жағдайда, 1995 ж. жағдайлар көбінесе ақша массасының өсімін
стерилизациялау және теңгенің айырбастау бағамын реттеу мәселелерін бір
уақытта шешті. Бірақ кейбір айларда таза шетел активтерінің өсімі Үкіметке
берілген таза несиелер өсіміне қосарланды, сонда ақша базасының өсімінің
төмендеуі, Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктеріне беретін несиелерінің
азаюы және Ұлттық банктің ноталарын эмиссиялау есебінен жүзеге асты. Осы
кезеңдерде валюта бағамының саясаты ақша массасын реттеу саясатымен қарама-
қайшылықта болады. Теңгенің айырбастау бағамын реттеуге Ұлттық банкінің
қатысу дәрежесінің төмендеуі бұл қарама-қайшылықтарды жоюға мүмкіндік
беріп, бір уақытта, ақша массасына валюталық интервенцияларының әсер ету
тиімділіге төмендетті.
Сонымен, Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі
реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және
экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық
ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіктермен анықталады. Орталық банк елдің
эмиссиялық резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару,
басқару құқықтарына ие “банктердің банкі”, “соңғы сатыдағы несие беруші”
ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның
негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және
елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады. Келесі бөлімде Қазақстан
Республикасының ақша несие саясатын талдау жасалынады.
2 Қазақстан Республикасының ақша несие саясатын талдау
2.1 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі мен ақша массасы
Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын
ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық
ақша жүйесі бар.
Ақша жүйесі – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен
бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.
Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша
жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Ақша жүйесі
келесі элементтерден тұрады: ақша бірлігі, эмиссиялық жүйе және ақша
түрлері.
Ақша бірлігінің – барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет
ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. ҚР-дың ақша бірлігі ретінде
100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.
Ақша бірліктерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста
қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып
олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар
мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесе болып табылады
және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.
Эмиссия тәртібі – бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша
шығаруын білдіреді. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын
ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша
эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге
асырады.
Ақша түрлері заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік және қағаз
ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50,
20, 10, 5, 2 және 1долларлық бнак билеттері; 100 долларлық қазыналық
билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс және мыс-никельдік
монеталар жүреді.
Валюталық бағам дегенміз – бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты
бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы[3].
Ақша жүйесінің мынадай типтері болады:
– металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауарды тікелей бола отырып,
ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға
ауыстырылады;
– несиелік және қағаз ақшалар айналысы, яғни алтын айналыстан алынып
тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі. Металл
ақша жүйесі екіге бөлінеді:
Биметаллизм – жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын және
күміс) негізделген ақша жүйесі.
Биметаллизмнің үш түрі болады:
– қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті
қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;
– қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет
тарапынан белгіленген;
– ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды
төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс
монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталар жасауға ерік
берілді.
Биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттілігіне
сәйкес келмеді, себебі екі металды құн төлшемі ретінде қатар пайдалану
ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде, жалпы құн
өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етілді. Сөйтіп,
биметаллизм ақша жүйесінің орнына монометаллизм ақша жүйесі келді.
Монометаллизм – бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының
негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша
жүйесі.
Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын
монометаллизмі мынадай үш түрге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын
құйма стандарты және алтын девиз (алтын валюта) стандарты.
Алтын монета стандарты – бұл еркін бәсеке тұсындағы капитализм
талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің,
дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл
стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:
– алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін
бірдей атқарды;
– алтын монеталарды құюға рұқсат етілді;
– толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз
мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;
– алтын және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке
алып келуге болатын болды.
Алтын құйма стандартының алтын монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста
алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым
салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын
құймасына тек олардың сомалары көрсетілген жағдайларда ғана айырбасталады.
Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг сияқты.
Алтын девиз стандарты – банкноталардың алтынға, шетел валютасына
айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің валютасына
тәуелділігін көрсетеді. Германия, Австралия, Дания, Норвегия және басқа да
елдерде алтын девиз стандарты бекітілген.
1929–1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың нәтижесінде алтын
монометаллизмнің барлық формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын
несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді. Банкнотаның алтынмен қамтамасыз
етілуі және оны алтынға айырбастау капиталистік елдердің барлығында
тоқтатылды.
Алтын айналысынан айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі, ақша
бірлігі құндарының қалыптасу механизміне қарай айырбасталды. Несиелік
ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан біршама асып тұрады.
Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер
нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы, қаржы
және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы
”Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы “ ҚР Президентінің заң күші
бар Жарлығына сәйкеә ұйымдастырылған. Жарға ақша айналысын ұйымдастыру
негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша
бірліктерінің эмиссиясы, сонымен монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын
ұйымдастыру және реттеу тертіптері қамтылады.
Ақша айналысының негізі сандық көрсеткіштерінің біріне ақщша массасы
мен ақша базасы жатады.
Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсіпорындармен мемлекетке тиісті және
шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының
жиынтығы.
Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық
өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге
байланысты шараларды жасау үшін әр түрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай
көрсеткіштерді ақша агреттары деп атайды.
Өнеркәсіп жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша
массасын анықтау барысында мынадай ақша агрегаттарын қолданылады:
М1 агрегеты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (бакноттар мен
монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды;
М2 агрегаты, ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді
және жинақ салымдарынан тұрады;
М3 агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі
жинақ салымдарын құрайды;
М4 агрегаты, М3 агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі
депозиттік сертификаттардан тұрады.
Қазақстан Респуликасында ақша массасы Ұлттық Банк пен екінші
деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады
және оның құрамының айналыстағы қолма-қол ақша және резидент заңды тұлғалар
мен үй шаруашылығы депозиттері жатады.
Ақша базасы (МВ) – бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы
ақшаларды білдіреді. Ол мынадай формуламен есептеледі:
МВ = СIC + RR + DCB,
мұндағы CIC ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz