Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 Тарау. Бағалы қағаздар нарығы . . . . 5

1. 1 Бағалы қағаздар оның мәні, жіктелуі және түрлері . . . 5

1. 2 Бағалы қағаздарды шығару және олардың эмиттенттері . . . 14

1. 3 Бағалы қағаздар нарығы - қаржы нарығынын құрамдас бөлігі . . . 17

2 Тарау. Бағалы қағаздар нарығының қызмет ету жағдайына талдау . . . 19

2. 1 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы . . . 19

2. 2 Бағалы қағаздар нарығының қызмет етуі және оны реттетейтін жүйелері . . . 21

2. 3 Қ Р бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздері . . . 26

3 Тарау. ҚР бағалы қағаздар нарғының жетілдіруі мен даму жолдары. . 31

3. 1 Қ Р бағалы қағаздар нарығының жетілдіру жолдары . . . 31

3. 2 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандарын даярлау жүйесі . . . 34

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберілді, яғни оларды нарық жүйесіндегіең өміршең субъектілер ғана ала алады.

Өзінің ұйымдық және құрыламдық ерекшелігіне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұдай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-жылдардың басында құрыла бастады.

90-жылдардың экономикалық тәжрибесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы - бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншік акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері - халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістеу мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең тиімді механизмдерінің бірі - акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен айналысады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық - экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты элементтерден тұрады:

  • эмитенттер, яғни әртүрлі бағалы қағаздаар шығаратын шаруашылық субъектілері;
  • инвесторлар, яғни уақытша бос ақша иелері - заңды және жеке тұлғалар;
  • бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер, дилерлер, инвестициялық басқарушылар.
  • инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, және тағы басқа қорлар;
  • қор биржалары, депозитарийлер, клирингтік және басқа бағалы қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.

Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет.

Айтылған мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамуының бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндеті пайда болғаны айқындайды. Бұл өте терең экономикалық және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынан қамтитын және жинақтаған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделі де қиын кәсіпшілік. Сондықтан бағалы қағаздармен қызмет жасайтын жоғарғы білімді мамандар дайындау - уақыт талабы.

Курстық жұмыстын мақсаты Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайын білу.

Алға қойған мақсатқа жету үшін төмендегілерді қарастырамыз:

  1. Бағалы қағаздардың мәні мен түрлерін аңықтау, Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы.
  2. Қазіргі кездегі бағалы қағаздар нарығы және қор нарығындағы банктің іс-әрекеті.
  3. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының болашағы мен проблемаларын зерттеу.

1 Тарау. Бағалы қағаздар нарығы

1. 1. Бағалы қағаздар оның мәні, жіктелуі және түрлері

Бағалы қағаздар - ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушісі қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін құжаты сертификат деп аталады.

Бағалы қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: біріншіден, түсіретін кірісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілі мен айналым жеріне байланысты (№1 сурет) .

1. Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивидент түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері қарызды және үлесті түрлерінен туындайды. 2. Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:

  • Қазыналық, немесе үкімет атынан Қаржы Министрлігі шығаратын бағалы қағаздар. Бұл қағаздар еңбір сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп тараған түрлері векселдер мен қазыналық облигациялар. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындарды да көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.
  • Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететің жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.
  • Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Олардың өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы қорлары шығарады.
  • Банктердің бағалы қағаздары - олар депозиттік сертификаттар (салым құжаты), чектер және бұданда басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.
  • Кәсіпкерледің бағалы қағаздары - олар коммерциялық вексельдер, фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар.
  1. Бағалы қағаздар қай жерде сатылады деген сұраққа жауап бойынша да жіктеледі. Сатылу жеріне бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Алақшанарығы қаржы нарығының бір бөлігі, онда қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатылып және сатыпалынады. Оның айналу мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығында созылады. Бұл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттік сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар сатуға түседі. Оларды шығарушылар әртүрлі жіктелу топтарына жатсада, олардын бәрі қарызды бағалы қағаздарға жатады. Капиталнарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған бағалы қағаздар түседі. Олар үлесті де, қарызды да, бағалы қағаздар болуы мүмкін. Олардың эмитентері де әртүрлі: мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институтары және тағы басқалар.

Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:

  1. Мемлекеттік бағалы қағаздар;
  2. Корпоративтік бағалы қағаздар;

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің бағалы қағаздарыны түрлері

Түрі
Шығару мақсаты
Орналастыру тәсілі
Айналыс мерзімі
Номинал құны
Түрі: 1
Шығару мақсаты: 2
Орналастыру тәсілі: 3
Айналыс мерзімі: 4
Номинал құны: 5
Түрі: Ұлттық банктің қысқа мерзімді нотасы
Шығару мақсаты: Айналыстағы ақша массасын реттеу
Орналастыру тәсілі: Аукцион/сату
Айналыс мерзімі: 7 күннен 90 күнге дейін
Номинал құны: 100 теңге
Түрі: Ұлттық банктің арнайы валюталық нотасы
Шығару мақсаты: Еркін өзгермелі валюта бағамына өтуге байланысты жинақ зейнетақы қорлардың активтерін қорғау
Орналастыру тәсілі: Ноталар портфелін жинақ зейнетақы қорларымен айырбастау
Айналыс мерзімі: 35 күн
Номинал құны: 100 АҚШ доллары
Түрі: Арнайы валюталық мемлекеттік облигациялар «АВМЕКАМ»
Шығару мақсаты: Жинақ зейнетақы қорлардың активтерін қорғау
Орналастыру тәсілі: Мемлекеттік облигациялар портфелін жинақ зейнет ақы қорларымен айырбастау
Айналыс мерзімі: 5 жыл
Номинал құны: 100 АҚШ доллары
Түрі: Мемлекеттің арнайы қазынашылық міндеттемесі «МЕАКАМ»
Шығару мақсаты:

Ұлттық банкке

Үкіметтің қарызын

Орналастыру тәсілі: Қайта рәсімдеу
Айналыс мерзімі: 10 жыл
Номинал құны: 1000 Теңге
Түрі: 1
Шығару мақсаты: 2
Орналастыру тәсілі: 3
Айналыс мерзімі: 4
Номинал құны: 5
Түрі: Мемлекеттің қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемесі «МЕКАВМ»
Шығару мақсаты: Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
Орналастыру тәсілі: Аукцион
Айналыс мерзімі: 3, 6, 9 және 12 ай
Номинал құны: 100 АҚШ доллары
Түрі: Мемлекеттің индексацияланатын қазынашылық міндеттемесі «МЕИКАМ»
Шығару мақсаты: Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
Орналастыру тәсілі: Аукцион
Айналыс мерзімі: 3 ай не одан жоғары
Номинал құны: 1000 теңге
Түрі: Мемлекеттің орта мерзімді қазынашылық міндеттемесі «МЕОКАМ»
Шығару мақсаты: Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
Орналастыру тәсілі: Аукцион
Айналыс мерзімі: 2 және 3 жыл
Номинал құны: 1000 теңге
Түрі:

Мемлекеттің қысқа мерзімді қазынашылық

Міндеттемесі «МЕККАМ»

Шығару мақсаты: Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
Орналастыру тәсілі: Аукцион
Айналыс мерзімі: 3, 6, 9 және 12 ай
Номинал құны: 100 теңге
Түрі: Мемлекеттік ішкі зайымдық ұлттық жинақ облигациялар.
Шығару мақсаты: Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
Орналастыру тәсілі: Жазылу жолымен
Айналыс мерзімі: 364 күн
Номинал құны: 1000 теңге

Мемлекеттік бағалы қағаздар табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді:

  • Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.
  • Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2 - 4 ретке дейін төленеді.
  • Аралас, яғни купон жене дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор банктің табысы екі көзден : дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.

Корпоративті бағалы қағаздарға мыналар жатады:

  • акциялар;
  • облигациялар;
  • вексель
  • чек
  • депозиттік және жинақ сертификаттары;
  • ипотекалық куәліктер;
  • депозитарлық қол хаттар;

Акция - бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандағын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай - ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

Дивиденд төлеу тәсілінің айырмашылығына байланысты жай және артықшылықты акцияларға бөледі. Жай акция, оның иесіне акционерлік қоғамның табысына байланысты табыс әкеледі және қоғамды басқару ісіне немесе жалпы жиналысқа қатысуға құқық береді. Ал артықшылығы акция иесіне қоғамның табысына байланыссыз тұрақты табыс алуға құқық береді, бірақ басқару ісіне араласуға немесе акционерлер жиналысына қатысуға құқық бермейді. Артықшылықты акцияның келесі бір артықшылығы - қоғам борыштық тұрақсыздыққа ұшыраған жағдайда мүлікті жай акция иесінен бұрын алуға мүмкіндік беруі.

Акциялар шығару формасына қарай да ажыратылады: құжатты /сертификатпен/ түрде және құжатсыз /шоттағы бугалтерлік жазулар арқылы/ .

Облигация - оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы /номиналдық құны/ мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.

Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екі түрге бөлінеді:

  • Купондық облигация- инвестор банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;
  • Дисконттық облигация- инвестор банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.

Вексель - белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.

Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы.

  • Жай вексель /соло/- вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
  • Аудармалы вексель /тррата/- вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға төлеу туралы үшінші бір тұлғаға вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.

Кесте 1- Бағалы қағаздардың жіктелуі .

Эмитентінің сипатына қарай
Қарызды, үлесті
Жергілікті әкімшілік
Мемлекеттік

1. 2. Бағалы қағаздарды шығару және олардың эмитенттері

Шығаруы жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып та екігк бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әлеуметтік-нарықтық қатынсатардың дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары, депозиттік (салым) облигациялары және сол сияқты жатады. Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар арасында орналастырылады. Бұл бағалы қағаздар қазіргі кезде АҚШ-та кең тараған. Зейнетақы қорларынын облигациялары және жеке зейнетақы облигациялары, оларға, мысалы, АҚШ-та біреуге жалданбай-ақ өзалдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиттік облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімдіболып үшке бөлініп, тек жергілікті басқару органдарына ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетін, бірақ салық төлеуден босатылған өздерінің облигацияларын шығаруы мүмкін. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әртүрлі қорларға немесе банктерге, оның ішінде шетел банктеріне және кәсіпорын, ұйымдарға салған капиталдан түскен табысты иемденуге құқық береді. Бұл бағалы қағаздарды шығыру шарты бойыша иемденуші - заңды немесе жеке тұлғалар - олардан басқа иемденушіге беруге құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркін айналымға түсе алмайды. Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздарға (мысалы, АҚШ-та және кейбір басқа елдерде тараған) басқа мемлекеттердің Орталық банктерінде орналастыру үшін шығарылуы кең өрістеген облигациялар жатады. Соңғы кездерде барлық дамыған елдерде нарықтан тыс бағалы қағаздарды шығаруды кеңейту және олардың түрлері мен санын көбейту тенденциялары байқалуда. Ал айналымға түсетін бағалы қағаздарды нарықтық бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздар айналысы деп оларды сатып алу - сатуды заң жүзінде олардың иемденушісін өзгерту әрекеттерін айтады. Бағалы қағаздарды шығарып айналымға түсірушіні эмитент деп атайды.

Кесте 2 - Бағалы қағаздарды шығарушылар

Эмитент
Мемлекет
Мемлекет қолданудағы мекемелер, ұйымдар
Акционерлік қоғам (корпорация)
Жеке кәсіпорындары
Мемлекеттік Резиденттері Еместер
Өндіріс секторының
Өндіріс секторының: Жекеменшіктенген кәсіпорындар
Осы секторда жаңа құрылған қоғамдар
Өндіріс секторының: Несие саясатындағы қоғамдар
Өндіріс секторының: Биржалар
Өндіріс секторының: Қаржы құрылымдары
Өндіріс секторының: Инвестициялық компаниялар
Инвестициялық қорлар
Республикалық Басқару органдары
Республикалық Басқару органдары: Желгілікті басқару органдары

1. 3. Бағалы қағаздар нарығы - қаржы нарығының құрамдас бөлігі

Қазақстан Республикасынын жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа, нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізде қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Қаржы нарығы - мемлекеттің бүкіл ақша қорларынын жиынтығы. Бұл қорлар экономиканың әртүрлі субъектілерінің сұранысы мен ұсынысы әсерінен өзгеріп ардайым қозғалыста болады. Қазіргі кезде дүниежүзінде АҚШ-тың, Еуропа бірлестігі мен Жапонияның қаржы нарығы ең үлкен қорларды иемденуде. Ал Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығынын қоры мол, өз өркендеуіне жетеді деуге әзір ерте. Жалпы қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады.

Соның үшіншісі, бағалы қағаздар нарығы. Бұл нарықтың кейбір белгілері КСРО-дан қазан революциясына дейін болғанымен, соңғы 70 жыл бойы оның ешқандай өсу белгісі болған жоқ. Ал 90-шы жылдардын басында ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда басталған нарық қатынастары даму және одан әрі жетілу үшін белгілі бір уақыт қажет. Себебі, нарық меншік қатынастарын және мемлекет пен жергілікті басқару органдарының қаржы саясатын өзгертуден басталады. Айта кету керек, нарық ең бірінші меншікті жекеменшіктендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды акцияландырудан басталады. Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатындабұрынғы үйренген әдіс - ақша белгілерін шығыарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздардын бірі - қысқа мерзімді мемлекеттік вексельдерді (ГКО) шығарумен айналысуда. Жергілікті басқару органдары да дәл осы жолды пайдалануда. Бағалы қағаздар нарығы экономиканын кез-келген саласының өз қажетіне ақша қорын алуын жолашуда. Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемі, яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару несиені банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы қағаздар нарығын өрістеуге мүмкіндік береді. Қаржы нарығында мемлекеттік үстемдікті жойған кезде, ол әкімшілік емес, тек экономикалық заңдардын әсерімен қызмет жасайды. Егер қаржы нарығы жеке меншікке негізделсе, әрине оның әкімшілік тәсілімен қызмет етуі мүмкін емес. Кәсіпорын мемлекеттік меншіктен акционерлік меншікке өткенде бүкіл табыстың салық төлегеннен кейін қалғаны өз меншігінде болады. Кәсіпорындар осы уақытша бос қаржысына коммерциялық банктердің төлейтін проценттік мөлшері нарық деңгейіне сай келгенде ғана есепшотта сақтайды. Сонымен, шаруашылықты экономикалық әдістермен жіргізу - өндірістің өсуін қамтамасыз етіп, қаржы қорларын көбейтіп, қоғамда әлеуметтік оң өзгерістердің болуының кепілі.

2 Тарау. Бағалы қағаздар нарығының қызмет ету жағдайына талдау

2. 1. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарғының пайда болуы

Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-шы жылдары КСРО-да жаңа экономикалық саясат негізінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес одағы заңдары негізінде 90-жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.

Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:

сұраныс пен ұсыныс;

  • делдалдар мен басқа қатысушылар;
  • нарықтық инфрақұрылым яғни коммерциялық банктер, қор биржалары, инвестициялық институттаржәне с. с;
  • нарықты реттейтің және өзін-өзі реттейтін жүйелер;

Нарықтың осы құрамдас бөліктері қазіргі уақытта негізінен құрылып болады. Бұл жөнінде елімізде экономикалық жүйені реформалануды тереңдету жолында қабылданған Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектілері - акционерлік қоғамдардың құрылуын тездетуде шешуші роль атқарады.

Дегенмен, Қазақстан экономикасының дағдарысы жағдайында толыққанды бағалы қағаздар нарығы болуы мүмкін емес. Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайда халықтың ел ауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Соңдықтан халықтың табысының өсуі - Қазақстанда бағалы қағаздар нарығыны дамуының басты шарты.

Қазақстандағы бағалы қағаыздар нарығының құрылымы және өтімдісі қандай ? Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағанындай баағалы қағаздардың көлемдісі және ең өтімдісі мемлекеттік қарыз міндеттемелері. Міндеттемелі қарыз нарығының ерекшелігі оған қатысушыларға байланысты:

Біріншіден, мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті - Қаржы Министрлігі;

Екіншіден, Ұлттық банк - оның (Қаржы министрлігінің) қаржы агенті (уәкілі), сонмен бірге мемлекеттік бағалы қағаздардың дилері. Дегенмен, бағалы қағаздар нарығына бұл қатысушылар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен оларды айналымға түсіру шарттарын анықтаушылар.

Мемлекеттік бағалы қағаздар:

  • мемлекеттік қазыналық вексельдер;
  • мемлекеттік қазыналық облигациялар;
  • Қазақстан Ұлттық банкінің қысқа мерзімдегі ноталары;
  • Жекеменшіктендіру купондары;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму деңгейі
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік
Қазақстаның бағалы қағаздар нарығының даму кезеңдері
Құнды қағаздардың мәні
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі
Бағалы қағаздар нарығы және оның құрылымы
Бағалы қағаздар нарығы және оның экономикада қалыптасуы
Мемлекеттік бағалы қағаздар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz