Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді, талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы



Кіріспе
I. Инфляцияның теориялық негіздері.
1.1. Инфляция түсінігі және оның қалыптасуының себептері.
1.2 Инфляцияның түрлері және олардың әлеуметтік . экономикалық салдарлары.
1.3. Инфляция мен жұмыссыздық арақатынасы
II. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай мәселелерін талдау.
2.1. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қалыптасуы және оның даму қарқыны.
2.2. Қазақстан Республикаындағы инфляциялық процестерді талдау.
2.3. Инфляцияға қарсы осы замаңдағы саясат.
ІІІ.бөлім. Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясатының мәселелерін жетілдіру жолдары.
3.1. Инфляцияға қарсы осы замаңғы саясат шаралары
3.2. Қазақстан Республикасының инфляциямен күресі мәселелері және оны тиімді іске асыру жолдары.
3.3. Әлем елдеріндегі инфляцияға қарсы саясат жүргізу арқылы макроэкономикалық тұрақтандыруға жету мәселелері
Қорытынды
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2030" ұзақ мерзімді бағдарламасына және он жылдық стратегиялық жоспарға сәйкес Қазақстан ілгері дамып келеді, көзделген шаралардың барлығы дерлік рет - ретімен жүзеге асырылып жатыр. Қай салада болмасын нарықтық қатынастардың алғышарттары қалыптасып, оның даму жолы айқындалуда. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуімен қатар елде экономиканың күйреуі, шаруашылықтың кері дамуы, кедейшілік, жұмыссыздық және инфляцияның орын алғаны белгілі. Осындай қиын жылдары халқымызға жігер беріп, болашаққа дұрыс бағыт – бағдарды нұсқап, жөн сілтеген, шығатын биіктерін, асатын асуларын көрсеткен Елбасымыздың "Қазақстан-2030" ұзақ мерзімді жолдауы еді. Экономиканы дамытудың көптеген өзекті мәселелерін шешуге бағытталған тағы да бір құжат бұл – 2003 ж. 17 маусымда Елбасының №1096 жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. арналған индустриалды – инновациялық дамуының стратегиясы".
1. Сахариев С.С., Сахариева А.С. «Әлем экономикасы»-ІІ бөлім.- Астана, Дәнекер-2005 ж.
2. Ілиясов Қ.Қ. , Құлпыбаев С. «Қаржы» - Алматы, 2003ж.
3. Әкімбеков С., Баймұхаметова А.С., Жанайдаров І.А., Астана-2002 ж.
4. Мақыш С.Б., «Ақша айналысы және несие» - Алматы, Маркет-2004ж.
5. Федотов Д.А., «Динамика инфляции в Казахстане и политика ее регулирования». //Қаз Ұ.У., Экономика сериясы, № 3(37) – 2003ж.
6. Кривко Н., «Инфляционная ситуация в Республике Казахстан». //АльПари, №4(44)-2005ж.
7. Кинасова О., «Перегрев экономики и регулирование инфляционного процесса». //Банки Казахстана, №9-2005ж.
8. Курманов Олжас, « «Перегрев», «охлаждение» экономики и банки Казахстана». //Финансы и Кредиты, №6-2006ж.,маусым.
9. Рамазанов Нигмат, «Инфляционное ускорение». //Деловая неделя, №1-2006ж.,13 қаңтар.
10. Оралбай Әмір., «Ақша>тауар=инфляция», //Нұр-Астана-2005ж.,5 мамыр.
11. Валентинова Л., «Инфляция-2006: выход – в продолжении структурных реформ». //Промышленность Казахстана-№1, 2006ж..
12. Сейітқасымов Ғ.С., «Ақша, несие, банктер», - Экономика, 2001ж.
13. Байпақбаев Ж.Ж., «Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму кезеңдері». //Саясат-Policy №7-2006ж.
14. Горегляд В., «Инфляция – форма нарушения рыночного равновесия». //Проблемы теории и практики управления №7-2006ж.
15. Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев, «Новое время – новая экономика». //Мысль №1-2005ж.
16. Құдайбергенұлы Қ., «Экономикалық саясат» - Алматы, 2004ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
"Қазақстан-2030" ұзақ мерзімді бағдарламасына және он жылдық стратегиялық
жоспарға сәйкес Қазақстан ілгері дамып келеді, көзделген шаралардың барлығы
дерлік рет - ретімен жүзеге асырылып жатыр. Қай салада болмасын нарықтық
қатынастардың алғышарттары қалыптасып, оның даму жолы айқындалуда.
Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуімен қатар елде экономиканың күйреуі,
шаруашылықтың кері дамуы, кедейшілік, жұмыссыздық және инфляцияның орын
алғаны белгілі. Осындай қиын жылдары халқымызға жігер беріп, болашаққа
дұрыс бағыт – бағдарды нұсқап, жөн сілтеген, шығатын биіктерін, асатын
асуларын көрсеткен Елбасымыздың "Қазақстан-2030" ұзақ мерзімді жолдауы еді.
Экономиканы дамытудың көптеген өзекті мәселелерін шешуге бағытталған тағы
да бір құжат бұл – 2003 ж. 17 маусымда Елбасының №1096 жарлығымен
бекітілген "Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. арналған индустриалды –
инновациялық дамуының стратегиясы". Бұл стратегияның мақсаты – шикізаттық
бағыттан кетуге жағдай тудыратын экономика салаларын диверсификациялау
жолымен елдің орнықты дамуына жету, ұзақ мерзімді тұрғыда сервистік -
технологиялық экономикаға көшу үшін жағдай дайындау. Стратегияда алға
қойылған басты міндеттердің бірі – еңбек өнімділігін жыл сайын 3 есе
арттыру, ал бұл өз кезегінде инфляцияның 2-4%-ға дейін төмендеуіне алып
келеді.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы әкімшіл - әміршілдік
экономикадан нарықтық экономикаға өту барысында алғашқы қадамдарының
әлеуметтік - экономикалық салдарлары ауыр болғаны белгілі. Әсіресе инфляция
ел экономикасын қиын жағдайға соқтырды. Инфляция ақша жүйесінің дағдарыстық
жағдайымен сипатталады. Инфляция кезінде тауарлар мен қызметтер бағалары
өседі де, ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне алып келеді. Бүгінде
инфляция бағаның өсуі нәтижесінде ақшаның сатып алу жарамдылығының
құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы
қолайсыз ахуалымен байланысты. Өсіп келе жатқан инфляция – бұл үкіметтің
экономикаға бақылауын жоғалтуының белгісі. Сондықтан Қ.Р. Ұлттық банкі мен
Үкіметі инфляциямен күрес шараларын жүзеге асырады. Инфляциямен күресу және
инфляцияға қарсы арнайы бағдарламаны жетілдіру экономиканы тұрақтандырудың
қажетті элементі болып табылады. Сондықтан зерттеу жұмысының өзектілігі
Қазақстан Республикасының өтпелі экономика кезеңіндегі инфляциялық
жағдаймен және онымен күресу мақсатында инфляцияға қарсы тиімді саясатты
құрумен байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық
процестерді, жағдайды, жалпы инфляцияны талдау және елдегі инфляцияға қарсы
саясаттың құрылуы мен жүргізулуін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляциялық теориялық негіздерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай мәселелеріне талдау
жүргізу;
- Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаттың мәселелерін
жетілдіру жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні. Қазақстан Республикасы
экономикасының өтпелі кезең жағдайы, оған инфляцияның тигізетін әсері және
Қ.Р. Ұлттық банкі мен Үкіметі жүргізетін инфляцияға қарсы саясат.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі. Курстық жұмысты жазу, яғни
инфляция және инфляцияға қарсы саясат шараларын зерттеу барысында Қазақстан
Республикасының экономикасы зерттелді.
Ақпараттық негіздері. Жұмыстың теориялық базасы, инфляцияның әр түрлі
мәселелері отандық ғалымдардың еңбектерінен алынды және Қазақстан
Республикасында инфляция және инфляцияға қарсы саясаттың қалыптасуы мен
дамуына байланысты мерзімді басылымдар ақпараттары қолданылды.
I. Инфляцияның теориялық негіздері.
1. Инфляция түсінігі және оның қалыптасуының себептері.

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт бойы тарихи
негізде қалыптасып дамуда. Оның пайда болуын негізінен, ақшаның шығуымен,
қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі – inflation –
қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861 – 1865 жылдардағы азамат соғысы
кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі
процесін білдірген. Осы түсінік XIX ғасырда Англия мен Францияда қолданыла
бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі XX ғасырда бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық
әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының
қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен
лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар
мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі, ақшаның сатып алу жарамдылығының
төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына
және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы
бұзылады.
Ақша, тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда,
құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты
құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп
қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның
ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен
ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы инфляция емес. Инфляция елдегі баға
деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық дағдарыс тек
мұнай бағасының өсуінен емес, басқа да тауарлар мен қызмет көрсету
бағаларының өсуімен байланысты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының
өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқылауларға,
ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополия мен
экономиканы реттеуге, салықтың жаңа мөлшерлемелерін енгізуге, ақша
өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, нарық конъюнктурасының
өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т.б.
байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері
тиеді. \1. 3-4 б.б.\
Сонымен, инфляция – бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және
тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның
құнсыздануы, сондай–ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі. Инфляцияның
табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғалатын тауар ауқымынан
оқшаудырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде. Ақшаның жұмыс
істеу негізі тауар, төлем айналымына қызмет көрсете отырып, тиімді
орындауға, қорланым және құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді.
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшының
құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді. Әлі
де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы
деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының
өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды.
Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің
сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс. Инфляция
әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір
проблемаларының бірі болып есептеледі. Бүгінде инфляция бағаның өсуі
нәтижесінде ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес,
сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де
байланысты. Инфляцияға өндіріс пен өткізу сферасындағы әртүрлі факторлар
тудырған өндіріс процесінің қарама – қайшылықтары себепші болады.
Инфляцияның әуел бастағы себебі – ұлттық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы
жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным, мемлекеттің кірістері мен
шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі
арасындағы алшақтықтар.
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын айыра білу қажет. Ішкі
факторлардың арасында ақшаға жатпайтын – монетарлық емес және ақшалай
–монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтын факторлар – бұл
шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің
монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік – саяси
сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік
қаржының дағдарысы, бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша
эмиссиясы, сондай-ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының
артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар, басқа елдерге инфляцияны экспортқа
шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын
экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады. Сөйтіп,
көпфакторлы процесс ретінде инфляция – бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен
байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі.
Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру қажет,
өйткені инфляция құбылысы мынадай қаржылық факторларға тәуелді болып
келеді: белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану; инфляциялық
сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы,
мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері; мемлекеттік берешектің
көлемі. Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар
факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді. Бірінші фактор – мемлекет
шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлей алушылық сұранымының артуына жеткізеді,
сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның
көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне
соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен, салық түсімдері қажеттіліктен
артта қалып қоюды. Бұл ұзаққа созылатын тапшылыққа ұрындырады. Екінші
фактор – табысқа салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға
мезанизмі арқылы тұтынушыға ауысады және нарықтағы бағаның көтерілуінің
басты себебі болады. Үшінші фактор – бюджеттердің ұзақ уақытты
тапшылықтары. \2, 496-498 б.б.\
Жалпы инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-
қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның
өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен
тиімділігінен болады. Инфляция өсуінің инфляциялық себептері мыналар:
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің
бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді.
Егер дефицит орталық комиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса,
басқаша айтқанда “ақша станогы” белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша
массасы көбейеді.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру
жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе
экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді.
Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетте тұрақты тапшылық жайдайында
және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі нарықтық экономиканың
ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең, бәсеке кезіндегі нарықта көптеген
өндірішулер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем
ұқсамайды.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік
шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында “импорттық” инфляцияның қауіпті
туады. Бұл инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине, өз валютасын
ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын
арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық
бағасын да қымбаттатады, ол бұл дүниежүзілік нарықта бәсекелестің
төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Бесіншіден, инфляция өзінен-өзі дем беретін құбылыс ретінде сипат
алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де
факторды ерекше көрсетуде. \1, 4-5 б.б.\
Сонымен, инфляция – бұл көп факторлы құбылыс, ол бағаның жалпы
дәрежесінің өсуі арқылы және нақты активтерге қарағанда ақша белгілерінің
құнсыздануы арқылы бейнеленеді. Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық
елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бұл
құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдің нақты
экономикалық жағдайына байланысты. Мысалы, бұрынғы КСРО-ны алсақ, соңғы
жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңсіздік
жатады.

1.2 Инфляцияның түрлері және олардың әлеуметтік – экономикалық салдарлары.

Экономикалық әдебиеттерде инфляцияның мынадай түрлері анықталады:
1. Экономиканы мемлекетік реттеудің “тереңдігіне”, инфляцияға
қарсы саясаттың құралдарына байланысты, инфляция айқын немесе басылған
бүркемелі түрде жүріп отыруы мүмкін. Инфляция процесінің айқын немесе ашық
формада болып отырғаны бағаның өсуі, ұлттық валюта бағамының төмендеуі
арқылы көрінеді. Басылған инфляция бүркеме, жасырын формада жүреді және ол
өнім сапасының төмендеуі, ассортимент құрылымының өзгеруі, экономикалық
тапшылықтың өсуі арқылы көрінеді.
2. Зерттеу объектісіне байланысты, инфляция ұлттық, аймақтық және
әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабына талдау объетісін
көтерме және бөлшек сауда бағаларының динамикасы, кейбір елдердегі, елдер
бірлестігінің дәрежесіндегі, халықаралық нарықтағы ЖҰӨ-нің дефляторы
құрайды. \3, 308-309 б.б.\
3. Инфляция сыртқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы
мүмкін, бұл – импортталатын және экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда
ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың
жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық
банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сана алады; банк
пассивтері артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және несиелік
экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді. Экспортталатын инфляция тауарлар
мен көрсетілетін қызметтерге экспортық бағаның көтерілуінен туады, бұл
тұтынушы елдерде, соның ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне
соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың – нарықтағы үстемдік
жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады.
Корпорациялардың валюталық опреациялары олар болған елдерде несие
капиталының қосымша ұсынымын жасайды. Сөйтіп, шетелдік валютаның қосымша
ауқымы айналысқа түседі және орталық және коммерциялық банктердің қызметі
арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады. \2, 504 б.\
4. Бағаның өсу қарқынына байланысты, инфляцияның мынадай
түрлері болады: баяу инфлция – баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға
өседі; орташа инфляция – баға тез қарқынды жылына 20-дан 200%-ға дейін
өседі, мұндай баға ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға
шалдықтырады; гиперинфляция – баға жыдына 500-ден 1000%-ға дейін және одан
жоғары қарқынмен өседі. Ол шаруашылық мехнизмді ақсатады, экономикалық
байланыстар үзіліп, бартерлік айырбасқа өтеді. Мұндай жағдайда бизнесті
жүргізу мүмкін емес. Қазақстанда 1994-1996 жж. Инфляция деңгейі 2000
пайызға жетті.
Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткіш – тұтыну бағаларының индексі
тауарлар мен қызметтердің түрлерін қамтитын тұтыну қаржыны негізінде
анықталады. Тұтыну бағаларының индіексін есептеу үшін ағымдағы жылдағы
тұтыну қаржының бағасын базалық жылдағы қаржының бағасына бөліп, 100%-ға
көбейтеміз. Тұтыну бағаларының индексінің үш сандық мәні болуы мүмкін:
• баға индексі 100%-ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады;
• баға индексі 100%-дан жоғары, мысалға 140%-ға тең. Демек, ағымдағы
жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша
инфляциялық құнсызданады;
• баға индексі 100%-дан төмен, айталық 80%-ға тең, яғни ағымдағы жылдағы
баға базалыққа қарағанда 20%-ға төмендеген. Бұл дегеніміз дефляцияның
болғаны, яғни баға деңгейінің төмендеуін білдіреді. \4, 30-31 б.б.\
5. Экономиканың бағаның өсу қарынына ұтымды бейімделуіне
байланысты, инфляция балансталған және баланстандырылмаған болып бөлінеді.
Біріншіде бағалар орташа және тұрақты өсіп отырады. Екіншіде тауарлардың
бағасы секіріп өседі және бұл бір мезгілде жүрмейді, ал экономика өзгермелі
жағдайға бейімделуге үлгере алмайды.
6. Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне
байланысты, инфляция бақылаудан шықпаған және бақылауға көбейтін болып
бөлінеді.
7. ЖҰӨ-нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономикада
сұраныстың өскен жағдайында ақиқат және жалған инфляция орын алады. \3, 309
б.\
8. Бағаның болашақтағы өсу қарқыны және оған үйлесімді бейімделу
дәрежесі туралы болжамның дәлме-дәл болуына-болмауына байланысты, болжауға
болатын және болжауға келмейтін инфляция болады. Болжауға болатын
инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны жоспарлайды. Болжауға
келмейтін инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады, ал ақша
айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Бағаның күрт өсуі қысқа
мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар нарыққа сатып
алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды, оны көбірек сақтап
жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне, оны
төмендету мақсатында қысым жасалады. \1, 6-7 б.б.\
9. Инфляциялық процесті тудыратын және оған дем беретін
факторларға байланысты “сұраныс” инфляциясы және “шығындар” инфляциясы
болады:
Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы
сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептері: мемлекеттік тапсырыстардың
ұлғаюы, толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс құрал-жабдықтарына
сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі, кәсіподақтар
әркетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылауы және
т.б. Осының салдарынан айналымға тауар көлімінен артық ақша түсіп, бағалар
өседі. Мұндай жағдайда өндірісте жұмыспен қамту толық болғанымен,
өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауарлар ұсынысымен жауап бере алмай қалады.
Басқаша айтқанда, айналымдағы төлем қаржыларының көбеюі шектелген тауар
ұсынысына тап болады, сөйтіп бағаның жалпы деңгейі өседі.
Шығындар инфляциясы. Бағалардың өсуін өндіріс шығындарының ұлғаюымен
түсіндіріледі. Шығындардың көбеюі: баға белгілеудің олигополиялық
тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және фискалдық саясатынан, шикізат
бағасының өсуінен, кәсіподақтың жалақыны көтеру талабынан және т.б. болады.
Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар бір-
бірімен тығыз байланысты, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс
инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де көрінуі мүмкін.
ХХ ғасырдың екінші жартысында экономикасы дамыған елдердің бәрінде
дерлік ұзақ уақыт бойы толық жұмыспен қамту, еркін нарық немесе бағаның
тұрақтылығы болғанын атап өту керек. Экономиканың тоқырауы мен құлдырауы
кезеңдерінде де, өндіріс өз қуаттарын толық бағалардың бір мезгілде өсуі
ХІХ – ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы циклдық өзгерістердің алапат
құбылысы кезінде орын алды. Мұндай құбылыс стагфляция деп аталады және ол
экономикалық дағдарыс пен стагнация жағдайындағы бағаның, инфляцияның өсуі.
\1, 5 б.\
Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып,
уақытша конъюнктураны жандандырады. Процестің ұшығуы барысында инфляция
ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік
шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция, аттың текіректеп шауып, бой бермеген
кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп,
экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі
экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын
қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушылардың ақшадан тауарға ауысуын
күшейтіп, бұл процесті “таудан аққан тасқынға” айналдырып, тауарға тапшылық
тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін
бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады., банктер, несие
мекемелері зиян шегеді. Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық
табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып машиналды және нақты
жалақының өсу қарқынының қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен
кейін құлдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп
иелері, зейнеткерлер және жалпы бүкіл халық басынан өткізеді.
\1, 10 б.\
Инфляцияның мынадай әлеуметтік – экономикалық салдарларын көрсетуге
болады:
1. Инфляция ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі
топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса
солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.
2. Инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт
өзгеруі фирмалар мен үй шаруашуалықтарының жоспарлауын қиындата түседі.
Нәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер өседі. Осының
төлемі ретінде пайыз мөлшерлемесі пен пайда өседі. Инвестициялар қысқа
мерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлемінде құрылыстың
үлесі төмендейді және спекулятивтік операциялардың үлес салмағы өсе түседі.
Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын, әл-ауқатын және жұмыспен қамтылуын
төмендетуі мүмкін.
3. Қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс
өседі.
4. Экономикалық “ашық” секторындағы бағаның өсуінің шамамен
жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қабілетін төмендетеді.
Бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді
және тауар өндірушілер ойсырайды.
5. Тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі.
Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі.
Осылар бағаның өсуін жылдамдатады.
6. Ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейді,
нақты активтерге сұраныс өседі. Бұның нәтижесінде осы тауарлардың бағасы,
бағаның жалпы дәрежесінің өзгеруінен шапшаң өсіп отырады. Инфляцияның
жылдам жүруі экономикадағы сұраныстың өсуіне дем береді, ақшадан
“қамуға”жол ашады. Фирмалар мен үй шаруашылықтары нақты активтер сатып алу
қосымша шығындар жасауға мүжбүр болады.
7. Мемлекеттік бюджеттің құрылымы өзгереді және де оның нақты
табыстары төмендейді. Мемлекеттің экспансионистік фискалдық және монетарлық
саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік
борыш өседі.
8. Жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда қызмет ететін
экономикадағы орташа инфляция халықтың нақты тобысын шамалы төмендетіп,
оның көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді. Нәтижесінде
жылжымалы инфляция бір мезгілде экономикалық өсудің “төлемі” және оның
стимулы болып табылады.
9. Әр түрлі тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың
өндірісінің көлемі ұқсас емес бағытта жылжиды.
10. Стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен
жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өсіруге мүмкіндік
береді десек дұрыс болмас. Бірақ, инфляциямен, бір жақтан, өндіріс көлемі
және жұмыссыздықтың, екінші жақтан, арасында тікелей өзара байланыс
болмайды. \3, 312-314 б.б.\
Сонымен, инфляцияның дүние жүзіндегі көптеген түрлері мынадай
әлеуметтік-экономикалық салдарларға соқтырады: жұмыссыздықтың өсуіне, жинау
процесінің тежелуіне, шаруашылық байланыстарының шырқын бұзуға әкеліп
соғатын инфляция экономикадағы үйлесімсіздікті күшейтіп, ұзақ мерзімді
инвестицияларға ынталандыруды жояды; нақты жалақыны төмендетеді және
халықтың барлық топтарын кедейлендіреді; төлем қабілеті бар сұранысты
азайтады; ақша-несие жүйесінің жұмыс істеуін бұзады, оның қорларын
азайтады, капиталдарды тарту және салу ауқымында күрес жүргізіледі, елден
капиталдың кетуін күшейтеді; халықарлық экономикалық байланыстарға жағымсыз
әсер етеді, экспорт азайып, импорт өседі, елдің төлем балансы нашарлайды;
қаржыландыру процесіне, мемлекеттік бюджетке жағымсыз әсер етеді, мемлекет
қарызы көбейеді; валюталық дағдарыс күшейеді.

1.3. Инфляция мен жұмыссыздық арақатынасы

Ағылшын экономисі А. Филлипс ХХғ. 50-ші жылдары жұмыссыздықтың нормасы
мен жалақының өсімі арасында тәуелділік бар екеніне назар аударды. Оның
қорынтыдысы бойынша, жұмыссыздықтың кейбір дәрежесінде жалақының дәрежесі
тұрақты және оның өсімі нөлге тең болған. Жұмыссыздық осы табиғи дәрежеден
төмен болса, онда жалақының өсімі шапшаңдайды және керісінше. Соңынан
жалақы мен бағаның өсуінінің өзара қатал байланысы бар тезис пайдаланып,
осы заңдылық жұмыссыздық және бағаның өсу қарқынының (инфляцияның) өзара
байланысы болып қайта өзгертілді.
Филлипстің қисық сызығының тыс бейнесі 1 – суретте көрсетілген .

1-сурет.
Филлипс қисық сызығы.

W,P

U

Мұңда, W – номиналдық жалақының өсу қарқыны;
P – инфляция дәрежесі;
U – жұмыссыздық дәрежесі, %.
\3, 315 б. \

Филлипстің қисық сызығы жұмыссыздық пен инфляцияның арасында тұрақты
және болжауға болатын керісінше байланыс бар екенін көрсетеді. Осыны
кейнсшілердің, инфляция тек жұмыссыздықтың шамалы ғана дәрежесінде жоғары
болуы мүмкін және керісінше деген тезисі де дәлелдейді. Экономикада
практика жүзінде бағаларды өзгермейтін жұмыспен қамту дәрежесі болады. ХХғ.
50-60-шы жылдардағы дамыған елдердің статистикалық көрсеткіштерін
зерттеудің қорытындысы Филлипс қисық сызығын толық растады. Сол жылдары
көптеген елдердің экономикасында жұмыспен қамту толық жүзеге асырылды.
Өндірісті әрі қарай өндіруге және жұмыссыздықты қысқартуға бағытталған
шаралардың орындалуы бағаның өсуін шапшаңдатты және керісінше – инфляцияның
қарғыны төмендеген сайын жұмыссыздық өсе түсті. \1, 9 б. \

Инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы керісінше байланыс әр түрлі
дәлелденіп отыр. Жартылай бұл жағдай еңбек нарығының бейімділігімен
дәлелденеді. Еңбек нарығы жұмыспен қамтудың құрылымы, классификациялары,
орналасқан орны және т.б. бойынша сегменттелген сипаты бар, көптеген
индивидуалданған нарық болып табылады. Осы жағдай мынаған әкеледі: еңбек
нарығының кейбір сегментінде экономика бірте-бірте жұмыспен толық қамтуға
жылжып отырғанда, жұмыссыздық практика жүзінде сақталады, сонымен қатар
еңбек нарығының басқа сегменттерінде қанағаттандырылмаған сұраныс
сақталады. Бұларда шығындардың көбеюіне және бағаның өсуіне әкелетін
жалақының өсуі жалғаса түседі. Осы процестің макроэкономикалық нәтижесі –
инфляцияның қарқынының өсуі.
Филлипс қисық сығының басқа дәлелі бойынша, өндірушілер мен
еңбекшілерге экономиканың өсу кезеңдерінде баға мен жалақының өсуін талап
ету жеңіл түседі. Жоғары дәрежедегі жұмыссыздық жалданып жұмыс істеушілерді
төмен жалақыға келісуге мәжбүр етеді, бұл инфляцияның “жалақы – баға”
спиралін бұзады. Бұдан басқа, экономикалық жаман конъюнктура өндірушілердің
бағаны көтеруге бағытталған әрекетіне кедергі келтіреді. Керісінше
жағдайда, толық қамтуға таянған сайын өндірістің қосымша факторларына
сұраныс өсе түседі. Осының нәтижесінде жалақы өседі және бұның өсуі еңбек
өнімділігінің өсуімен артық болады. “Жалақы – баға” инфляциялық спиралі
жандана түседі. Осыдан басқа, экономикалық өрлеу кезінде монополияларға
олардың өнімдеріне бағаны көтеру жеңілге түседі. Осы процестердің
нәтижесінде инфляцияның қарқыны шапшаңдайды.
Филлипс қисық сызығын жиынтық сұраныс пен ұсыныстың қисық
сызықтарының талдауы айқын дәлелдейді. Экономикада жиынтық сұраныстың өсуі
ондағы диспропорцияларды шиеленістерді және жаңа диспропорциялар тудырады,
психологиялық тұрғыдан ресурстардың шектелуін арттыра түседі. Мұның
нәтижесінде сұраныстың өсімі көбейген сайын және экономика толық жұмыспен
қамту дәрежесіне жеткен сайын бағаның өсуі күшейе түседі. Филлипс қисық
сызығына көзқарастың екі бағыты бар деуге болады. Бірінші бағытта
Филлипстің қисық сызығы экономикалық заң деп қаралады. Бұл күшті инфляция
мен жоғары жұмыссыздық бір мерзімде болмайды деген тұжырымды сипаттайды.
Мемлекеттік реттеудің құралдарының әр түрлі қолданудың көмегімен қисық
сызықтың әр қилы нүетелеріне сай келетін инфляция мен жұмыссыздықтың
ұштасуының қандайына болмасын жетуге болады. Сөйтіп, қисық сызықтың бойымен
жоғары және төмен жылжуға болады. Нүктенің қандайын таңдап алу керектігі
болып тұрған экономикалық жағдаймен және үкіметтің әлеуметтік-саяси
бағдарларымен белгіленеді. Филлипстің қисық сызығы туралы екінші бағыт
инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланыстарының тұрақтылығын және
үзілмейтідігін жоққа шығарады. Экономикада орынды қарқыны берілген инфляция
жағдайында жұмыспен қамтудың ең жоғары деңгейіне жетуге болады.
ХХ ғ. 70-80-ші жылдардағы инфляция мен жұмыссыздықтың динамикасын
талаудың бұлардың арасындағы байланыстың өте тұрақты еместігін айқындады.
Экономикалық дағдарыстар кездерінде баға және жұмыссыздық бірдей қосарласып
өсті. Осындай экономикалық жағдай стагфляция, яғни инфляциямен бір мезгілде
келген экономикалық тоқырау, деп немесе сламфляция, яғни инфляциямен
кенеттен келген экономикалық құлдыраудың ұштасуы, деп аталады. Осы
кезеңдегі инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланыстары туралы деректер
екі қорытынды жасауға мүмкіндік береді: Филлипстің қисық сызығы оңға қарай
жоғары жылжиды да, енді инфляция дәрежесінің әрқайсысына жұмыссызқтың өскен
дәрежесі сәйкес келеді немесе осы құбылыстардың арасында байланыс болмайды.
Стагфляцияның пайда болуын Кейнстік мектептің экономистері бірінен соң бірі
келіп отырған ұсыныстың болмай қалуымен, үзілуімен дәлелдейді. Бағалар мен
жұмысты балудың өзара байланыстарының бұдан бұрынғы талдауды, өзгермейтін
тұрақты ұсыныс жағдайында, жиынтық сұраныстың дәрежесі өзгеріп
тұратындығына негізделген болатын. Жиынтық ұсыныстың төмендеуі инфляция мен
жұмыссыздық дәрежесінің бірдей бір мезгілде өсуіне әкелетін. Нәтижесінде
стагфляция пайда болады және Филлипстің қисық сызығы жылжиды.
Неоклассикалық мектептің өкілдері стагфляцияны басқаша, адаптивтік және
рационалдық күтімдер теорияларын дәлелдейді. Осы екі концепция экономикада
жұмыссыздықтың табиғи деңгейі болады деп есептейді. Осыған жетіп ол
тұрақтылыққа ие болады. Осыдан қандай болмасын ауытқу пайда болса, ол
инфляция немесе дефляция әкеледі. Адаптивтік күтімдер теориясы бойынша,
шаруашылық субъектері күтіліп отырған инфляция туралы пікірлерін, бұдан
бұрын болған оның алдындағы кезеңде орын алған қателіктегі түзетілген,
бағаның өсу қарқынына сүйене отырып қалыптастырады. Осы күтімдердің
тұрақтылығы жетімді деуге болады.
Инфляция мен жұмыссыздықтың арақатынасының себебін былай түсіндіруге
болады: өндірістер тоқтайды, сол себептен баға өседі, баға өсуімен
байланысты ақша құнсызданады да, жұмыссыздар саны көбейеді. Нарықтық
жағдайда міндетті түрде жұмыссыздық туады. Инфляцияның қарқыны мен
жұмыссыздық дәрежесінің өзар тәуелділігін мына теңдеу арқылы көрсетуге
болады:
P-Pe-b (U+U*) + AS

Мұнда, Р – инфляцияның қарқыны;
Ре – инфляцияның күтілетін қарқыны;
U – нақты жұмыссыздықтың дәрежесі;
U* - табиғи жұмыссыздықтың дәрежесі;
b – 0- ден 2,5 дейінгі шамадағы коэффицент, Оукен заңы
бойынша;
AS – ұсыныстың күрт өзгерістері.
\3, 316-318 б.б.\
Қорыта келгенде, жұмыссыздық пен инфляция арасында тікелей байланыс
бар: жұмыссыздық бар болғанда және кәсіпорындар бар күш - қуатын салып
жұмыс істемегенде, бағалардың өсуі жүреді, ал бұл
өз кезегінде инфляцияға алып келеді. Толық жұмыспен қамтылуға жеткенде,
жұмыссыздық жойылады, ал кәсіпорындар бар күш – қуатын жұмысқа салса, онда
инфляция тумайды.

II. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай мәселелерін талдау.
2.1. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қалыптасуы және оның даму
қарқыны.

Қазақстан Республикасы үшін инфляцияның классикалық көзі – мемлекеттік
бюджет тапшылығы тән. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып
табылады, себебі ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты
мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның
егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991ж. бюджеттің бөлігінде
20,4%, 1992ж – 8,6%, 1993ж – 11,9%, 1994ж – 10,2%, 1995ж – 17,4%, 1996ж –
15,4%, 1997ж – 17,7%, 1998ж - 18%, 1999ж – 14,3%, 2000ж – 9,8%, 2001ж –
6,4% құрады. 2002ж. республикалық бюджеттің папшлығы 4.7 млрд теңгені (ЖІӨ-
ге 0,12%) құраса, 2003 ж ол 53,4 млрд теңгені немесе ЖІӨ - ге 1,2% құрады.
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуына инфляциялық нәтижені
тудырған жаңа салықтарды – алғашқы мөлшерлемесі 28% қосылған құнға
салынатын салықты, акциздерді, экспорттық және импорттық кеден баждарын
енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын қаражаттар аударымдарын
экономиканы жаңғырту қорына, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды
бірдей көбейту сияқты қаржыны және әлеуметтік шараларды шығыс жүргізу
мүмкіндігін туғызды. Инфляцияның дамуының қосымша факторы пайдаланылатын
несиелер бойынша пайыздарды жатқызудың тәртібі болып табылады; несие үшін
төлемақының өсуі жағдайында бұл өнімнің өзіндік құнының, оның ізінен
бағаның да өсуіне соқтырады. \2, 506 б.\
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бастап 2003 жылға
дейінгі инфляциясы туралы мәліметтер 1 – кестеде көрсетілген.

1-кесте.
Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар бағалары индексінің және өнеркәсіп
бағаларының динамикасы (%)

Тұтыну бағалары Өнеркәсіптегі бағалардың
индексі
1991ж. желтоқсан 247,1 312,3
1992ж. желтоқсан 3060,8 3916,9
1993ж. желтоқсан 2265,0 1423,8
1994ж. желтоқсан 1258,3 2023,8
1995ж. желтоқсан 160,3 140,2
1996ж. желтоқсан 128,7 118,5
1997ж. желтоқсан 111,2 111,7
1998ж. желтоқсан 101,9 94,5
1999ж. желтоқсан 117,8 157,2
2000ж. желтоқсан 109,8 119,4
2001ж. желтоқсан 106,4 85,9
2002ж. желтоқсан 106,6 111,9
2003ж. желтоқсан 102,1 104,7

\5, 33 б.\
Осы кестеге сүйенсек, инфляцияның ең жоғарғы деңгейі еліміздің
нарықтық экономикаға өту кезеңінің басталуына сәйкес келеді. Сонымен, 1992
жылдың желтоқсан айынан бастап 1993 жылдың желтоқсан айына дейін баға
либерализациясының және инфляцияны шектеудің нәтижелі іс-әрекеттерінің
болмауына сәйкес инфляцияның көрсеткіші ең жоғары деңгейге жетті, яғни
сәйкесінше 3060,8% - 2265,0%. Посткеңестік кеңістікте жалғасып жатқан
дезинтеграциялау процестері Қазақстан Республикасында ұлттық валюта –
теңгені енгізуге мәжбүр етті. Теңгені айналысқа енгізе отырып және ұлттық
экономикаға автоматты түрде бүкіл бақылауды иелене отырып, Қазақстан
Республикасында инфляцияға қарсы саясаттың жаңа кезеңі басталды. Алайда
Қазақстан Республикасы өзінің ұлттық валюта бірлігін енгізгенімен,
республикада инфляцияның өршуі проблемасы әрі қарай жалғаса берді және 1994
жылдың соңында инфляция 1258,3%-ды құрады. Бұл жағдай экономиканы
реструктуризациялауға жұмсалған шығындардың аз болуымен, жақсы банк
жүйесінің болмауымен түсіндірілді. Сонымен қатар бұл жағдай негізгі
капиталға салынатын инвестицияларға теріс әсер етті. Қазақстан
Республикасының Статистика Агенттігінің көрсеткіштері бойынша, бұл
инвестициялар 1992 жылдан бастап 1996 жылға дейін жыл сайын 50%-ына азайып
отырды, бұл әрине өндіріс көлемінің қысқаруына алып келді. Сөйтіп, 1992-
1995 жылдар аралығында ЖІӨ-нің төмендеуі байқалды, ол тек 1996 жылы
тоқтады. 1996 жылы Банк жүйесінің сенімділігі жөнінде халық арасында күдік
туды. Ірі банктердің бірі Крамдс Банк жабылды және тағы да екі ірі банк
Тұранбанк және Алембанк бірігуге мәжбүр болды. Халықтың банк секторына
сенімділігінің жоғалғаны олардың банктік депозиттерге, әсіресе шетел
валютасындағы депозиттерге, халық сұранысының азайғанынан көрініс тапты.
1996 жылы табыс айналымының жылдамдығы 5%-ға артты. Жеке секторғ банктік
несиелер азайды. Банк секторындағы қиыншылытар экономиканы реттеудің
монетарлық шараларының мүмкіндіктерін шектеді. Қазақстанда 1996 жылдан
бастап жүргізілген қатаң қаржылық қадағалау инфляцияның біршама төмендеуіне
алып келді. Осы жылы алғаш рет ТБИ жылдың соңында 28,7%-ды құрады. Әрі
қарай монетарлық экспансияны шектеу саясаты 1997ж. соңында ТБИ – дің 11,2%-
ға төмендеуіне, ал 1998 жыл соңында инфляцияның ең төмен көрсеткішіне 1,9%-
ға жетуіне әсер етті. Негізгі капиталға салынған инвестицияның 1997ж. 11,6%-
ға, ал 1997ж. 41,9%-ға көбейгенін атап өткен жөн.
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның даму қарқынын қарастыру үшін
инфляциямен қатар өзге де макроэкономикалық көрсеткіштерді: экономикалық
өсу, пайыздық мөлшерлеме және халық жинағын қарастыру керек. Ол үшін 1997-
2002 жылдар аралығындағы макроэкономикалық индекаторлар берілген 2-кестеге
жүгінеміз.

2-кесте.
1997-2002 жж. негізгі макроэкономикалық индекаторлардың кестесі.

1997 1998 1999 2000 2001 2002
ЖІӨ-нің жылдық өсімі, % 1,7 1,9 2,7 9,8 13,2 9,5
ТБИ, % (период санына сәйкес) 11,2 1,9 17,8 9,8 6,4 6,6
Коммерциялық банктердің жергілікті валютадағы несие бойынша орташа пайыз
мөлшерлемесі:
Қысқамерзімді (1 жылға дейін) 26,6 19,9 21,6 19,3 15,0 14,6
1жыл 15,7 16,9 20,9 19,8 16,1 16,1
Ұзақмерзімді (1 жыл) 12,8 11,0 14,4 13,9 12,6 14,6
ЖІӨ-нен халық жинағы, % - 1,8 2,7 3,5 5,7 6,9

\5, 35 б.\
Бұл статистикалық мәліметтерден инфляцияның төмен деңгейі
байқалғанымен, 1998ж. ЖІӨ-нің азаюын көруімізге болады. Сонда да бағалардың
тұрақтылығы негізгі капиталға салынатын инвестициялардың көбеюіне алып
келді. Ал келесі 1999ж. жоғары инфляция деңгейі, яғни 17,8% байқалғанымен
ЖІӨ-нің жылдық өсімі 2,7% болды. Негізгі макроэкономикалық индекаторлардың
таблицасы көрсеткендей 1998 жылдан бастап халықтың жинағы жыл бойында өсті.
Бұл экономиканы жетілдіруге бағытталған саясаттың жетістігі болып табылады.
2000-2001 жылдардағы Қазақстан Республикасы үшін макроэкономикалық
тұрақтылық пен экономикалық өсудің ең жоғары көрсеткіштері, сәйкесінше 9,8%
және 13,2%, қаржы секторын нығайту жолында жасалған бір қадам екенін нақты
айтуға болады. Жақсы дамыған қаржы секторы тұрақты экономикалық өсудің
қажетті шарты болып табылады. ТМД территориясы бойынша жақсы дамыған
Қазақстандық банк секторының қол жеткізген жетістіктері қарды жүйесі
жұмысының әрі қарайғы жақсаратындығына болжам жасауға мүмкіндік береді. Бұл
жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүргізетін монетарлық
саясаттың инфляцияны төмен деңгейге ұстап қалуға мүмкіндік беретін ашық
нарықтағы операциялары, шетел резервтерін сату сияқты қосымша құралдарын
тиімді пайдалануға мүмкіндік тудырады. Жалпы алғанда, монетарлық саясаттың
мақсатын жұмыссыздықтың төмен деңгейі, экономикалық өсу, бағалардың,
пайыздық мөлшерлеме және қаржы нарықтарының тұрақтылығы деп қарастыруға
болады. \5, 34-35 б.б.\
Әр түрлі факторлар әсерімен 2005 жылы инфляцияның мақсаттық бағыттары
өсті. 2005ж. маусым айынан бастап қарқынды өсу тенденциясында инфляция жыл
бойында 7,5%-ды құрады. Бұл соңғы бес жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш
болып табылады. Инфляцияның жоғары болуының себебі сату және ақылы қызмет
көрсету бағаларының өсуі және бюджеттің әлеуметтік шығындарының өсуін қайта
қарастырумен байланысты инфляциялық күтудің өсуі. Бұл жағдай 2-суретте
көрсетілген.

2-сурет.
2002-2005 жж. Тұтыну нарығындағы бағалардың өзгерісі.

Бұны Қазақстан Республикасында инфляция факторларының арасында жалпы
сұраныстың өсуі мен оның жалпы ұсынысқа қарағанда артуын атап өтуге болады.
Тағы да бір факторы болып халық табысының өсуі қала береді. Сонымен қатар
ақшалай табыс ЖІӨ-нен артып отыр. Табыстың өсуі тұтыну көлеміне әсер етеді
және оның өсуіне әкеледі, бұл бағаға қысым көрсетеді. Табыстың өсуі
жалақының артуымен байланысты. Соңғы үш жыл ішінде оның өсуі 11-14% құрады,
бұл көрсеткіш экономикалық өсу мен еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан
жоғары болып отыр. Қазақстан инфляциясына әсер етуші тағы да бір фактор –
бұл инфляция импорты. 2005ж. ол валюта бағамының динамикасы, өндіріс және
бағаға тәуелді сыртқы экономикалық конъюнктураның әсер етуімен қалыптасты.
Инфляцияның қосымша көзі өндірістегі бағалар болды: 2005 жылы ақпаннан
қыркүйекке дейін олардың өсу қарқыны тұтыну нарығының бағаларының өсу
қарқынынан асып түсті. Бұл мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
экономикадағы сақтау үшін сыртқы және ішкі жағдайлардың әсерінен
қалыптасатын тұрақты инфляциялық процестер жеткілікті. 2004 жылдың
инфляциялық жағдайын былай сипаттаймыз: тұтынушылар бағаларының индексіне
кіретін көптеген бөлшектердің салыстырмалы тұрақтылығы және кейбір тауарлар
мен қызметтер бағаларының қарқынды өсуі байқалды. 2005 жылы 2004 жылы
тәрізді инфляцияға ең көп өзгеріс әкелетін азық-түлік тауарлы қызметтер
саласындағы бағалар өсті. Өткен жылдарға қарама-қарсы ақылы қызметтер
саласындағы бағалар өсті, ал азық-түлік емес өнімдерге бағалар өткен жылға
қарағанда 0,3%-ға аз болды. Бұның барлығын 3-кестеден көруге болады.

3-кесте.
2001-2005 жж. тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың және
тарифтердің өзгерісі.

Тауарлар тобы 2001 2002 2003 2004 2005
Тұтыну бағаларының өсімі 6,4 6,6 6,8 6,7 7,5
Азық-түлік тауарлары 8,8 7,1 7,1 7,4 8,1
Азық-түлік емес тауарлар 4,5 6,3 6,9 6,2 5,9
Ақылы қызмет көрсетулер 3,5 5,8 5,9 5,9 8,0

\6, 3 б.\
ТБИ төмен табыс алатын және жоғары табыс алатын халық топтары үшін
2004ж. бірдей 107,7%-ды құрады. 2005ж. нашар қамтылған тұрғындар тобы үшін
ақылы қызметтерге шығындар 9,6%-ға өсті. Бұл көрсеткіш мемлекет бойынша
орташа көрсеткіштен (8%) 1,6%-ға артық. Ол, ең алдымен, тұрғын үй -
коммуналдық саланың қызметтеріне шығындардың 10,8%-ға артуымен байланысты.
Бұл топтық азық-түлік емес тауарларға бағалардың өсуі орташа көрсеткіштен
0,5%-ға жоғары болды, оның ішінде, ең басты киім, тұрмыстық заттар және
жеке гигиена тауарларына күнделікті ұсыныстың қарқынды өсуінен болды. Жақсы
қамтылған халық тобының ақылы қызметтерге шығындары орташа көрсеткіштен
0,2%-ға өсті, азық-түлік тауарларына – 0,5%-ға. Базалық инфляция 2005ж 6,9%-
ды, ал 2004ж. 6,6%-ды құрады. Оның өсу тенденциясы 2005ж. жыл бойы
байқалды. Екінші тоқсандағы аз ғана баяулау үшінші және төртінші
тоқсандарда қайтадан жанданды, ал қазан айында инфляция ең жоғары
көрсеткіші – 0,9%-ға жетті. Бұны 3-суреттен көруге болады.

3-сурет.
2004-2005 жж. базалық инфляция мен тұтыну бағаларының индексі.

------------ базалық инфляция, тұтыну
бағаларының индексі
\3, 3-4 б.б.\
Қазақстанда азық-түлік өнімдердің қымбаттауы басқа тұтыну
тауарларының бағаларының өсу қарқынынан асып отыр. Олардың бағаларының өсуі
2004ж. 7,4%, 2005ж. 8,1%-ға дейін байқалды, бұл инфляцияны 4%-ға өсірді.
Бұл мәліметтер 4-кестеде көрсетілген.

4-кесте.
Жекелеген тауар топтарының тұтыну бағаларының өсуіне қосатын үлесі.

Тауар тобы 2004 ж. 2005 ж.
Өсімі Үлесі Өсімі Үлесі
ТБИ 6,7 7,5
Азық-түлік тауарлары 7,4 3,7 8,1 4,0
Нан және ұн өнімдері 8,5 1,1 3,4 0,4
Ет және ет өнімдері 12,3 1,3 12,5 1,4
Сүт, ірімшік, жұмыртқа 12,4 0,6 6,9 0,3
Жеміс-көкөніс өнімдері 5,9 0,3 23,1 1,0
Азық-түлік емес тауарлар 6,2 1,5 5,9 1,4
Киімдер 6,6 0,8 7,5 0,9
Автомобиль жанармайы 14,1 0,3 3,2 0,1
Ақылы қызметтер 5,9 1,5 8,0 2,1
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер 3,0 0,4 7,4 1,1
Жолаушылар транспорты 10,3 0,3 6,0 0,2
Білім беру 10,7 0,2 19,5 0,4

\6, 5 б.\
Мұндай динамиканың себебі өспелі сұраныс жағдайындағы ауыл шаруашылық
өнімдерін өндірудегі жануарлар тамағының қымбатауымен байланысты мал мен
құстар етінің бағалараның және ауыл шаруашылық шикізаттарын өндейтін
кәсіпорындардағы инфляциялық шығындардың пайда болуы. Инфляциялық қысымның
басқа себебі болып азық-түлік тауарларның тез қарқынмен қымбаттауы қалып
отыр. Оларға бағалардың өсуі 2005 жылы 4 есе өсіп, 23,1%-ды көрсетті
(2004ж.-5,9%), инфляцияға 1% үлесін қосты. Жеміс-көкөніс тауарларының
қымбаттау себебі доллардың номиналдық бағамының өсуі және импорт. Бұл
өнімдерге бағалардың қарқынды өсуі 2005ж. бірінші жарты жылдығында байқалды
(30%), үшінші тоқсанда керісінше, дефляция орнады, ал төртіншісінде
қайтадан 6,8%-ға қымбаттады. Бұл жағдай 5-кестеде көрсетілген.

5-кесте
Инфляция және оның тұтыну нарығындағы белгілері.

Инфляцияның белгілері жылы Бірінші Екінші Үшінші Төртінші
тоқсан тоқсан тоқсан тоқсан
Инфляция
2003 6,8 1,7 0,5 0,5 3,8
2004 6,7 1,5 0,8 1,4 2,8
2005 7,5 1,9 1,6 1,4 2,5
2005 2004-пен 0,8 0,4 0,8 - -0,3
салыстырғанда
Базалық инфляция
2003 5,6 0,9 0,4 0,8 3,3
2004 6,6 1,4 1,0 1,5 2,6
2005 6,9 1,5 0,9 1,9 2,4
2005 2004-пен 0,3 0,1 -0,1 0,4 -0,2
салыстырғанда
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер
2003 5,1 0,9 1,0 0,4 2,8
2004 3,0 0,3 0,8 0,3 1,6
2005 7,4 2,0 0,9 3,3 0,9
2005 2004-пен 4,4 1,7 1,0 3,0 -0,7
салыстырғанда
Жеміс-көкөніс өнімдері
2003 22,3 21,1 6,4 -15,9 12,9
2004 5,9 9,3 -3,0 -7,4 7,9
2005 23,1 16,6 11,3 -11,1 6,8
2005 2004-пен 17,2 7,3 14,3 -3,7 -1,1
салыстырғанда
Автомобиль жанармайы
2003 20,7 -4,7 -9,8 33,6 5,2
2004 14,1 -9,5 4,6 17,2 2,9
2005 3,2 -11,9 10,8 12,4 -5,9
2005 2004-пен -10,9 -4,8
салыстырғанда -2,4 6,2 -8,8

\6, 5 б.\
Өткен жылы азық - түлік емес тауарлар секторында динамиканың
бәсеңдеуі байқалды. Оларға бағалардың өсуі 2005ж. 5,9%-ды көрсетті, ал
2004ж. -6,2%, бұл инфляцияға 1,4%үлес қосты. Бұл тауарлар бағаларының
динамикасы киім және аяқ киім бағаларына 7,5%-ға әсер етті (2004ж. 6,6%).
Бұның инфляцияға қосқан үлесі 2005ж. 0,9%-ды құрады. Ер және әйелдер сыртқы
киімдерінің жекелеген түрлеріне бағалар 12%-ға өсті, ал балалар аяқ киіміне
- 10%-ға. Жеке гигиена тауарлары 4,8%-ға, үй шаруашылығы заттары – 4,6%
және дәрі-дәрмектер 2,1%-ға қымбаттады. Жанармай нарығы тұрақсыздығымен
ерекшеленеді. Бағалардың тез өсуі олардың түсуімен ауысып отырды. Мұндай
динамиканың себебі – ішкі және әлемдік нарықтағы мұнай және оны өндеу
тауарларына конъюнктураның өзгермелі болуы. 2005ж. екінші кварталында
жанармай бағасы 10,8%-ға өсті. Бұл жағдай жанармайға сұраныстың өсуімен
және отандық өндірушілердің оған бағаны өсірумен байланысты болды. Жалпы,
өткен жылы жанармай бағаны 3,2%-ға өсті, ал 2004ж. – 14,1%. Бұл жағдай 4
және 5-кестелерде көрсетілген.
Бұл тауарлар бағаларының төмендеуі үкіметтің қолданған шараларына және
мұнай, мұнай өнімдерін өндіретін ірі компаниялардың жергілікті атқарушы
органдармен мұнай өнімдері нарығындағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз
ету туралы келісімге қол қоюмен байланысты. Тұрғын үй - коммуналдық
шаруашылық қызметтеріне тарифтердің өсуі 2005ж 7,4%-ды құрады, инфляцияның
өсуіне 1,1% үлесін қосты. Бұл фактордың ықпалы 2005ж. екінші жарты жылдыққа
келді, бұл осы кездегі тұтынушылар бағаларының өсу қарқынын жылдамдатты.
Газға төлем 2005ж. 34,5%-ға өсті, үйді қамтамасыз ету – 9,6%, суға төлем
-2,2%, жылу – 1,3%-ға қымбаттады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
тарифтерінің өсуі отынның негізгі түрлерінің бағаларының өсуімен сәйкес
жүрді: көмір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның динамикасы туралы
Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ АҚША
Инфляцияның әлеуметтік экономикалық салдары және инфляцияға қарсы саясат
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның динамикасы
Қазіргі кездегі инфляциялық үдеріс және инфляцияны реттеу әдістері
Қазақстандағы инфляциялық процестерді басқару және болжау
Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі
Инфляция қарқынының өсуі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді және керісінше
Пәндер