Қазақстан Республикасының ұлттық банкі және оның операциялары


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның операциялары [37 бет]

Кіріспе

І тарау. Банктегі негізгі құралдар операцияларының есебін ұйымдастыру

1. 1. Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау

1. 2. Негізгі құралдардың есебі

1. 3. Негізгі құралдарды күрделі және ағымды жөндеу есебі

ІІ Негізгі құралдардың қалыптасу жолдары АҚ « Цесна банк » тәжірибесі бойынша

2. 1. АҚ « Цеснабанктегі » негізгі құралдарының алғашқы бағалануының есебі

2. 2. АҚ « Цеснабанктегі » негізгі құралдар мен материалдық емес активтерінің ауыстыру мен ақысыз алу есебі

2. 3. АҚ «Цеснабанктегі» негізгі құралдарының шығындары және есептен шығарылуы

ІІІ тарау. Негізгі құралдар есеп жүйесін жетілдіру бағдары

3. 1 Негізгі құралдарды автоматтандыру

3. 2 Негізгі құралдар есебіне қосымша бақылау енгізу

Қорытынды

Пайданылған әдебиеттер

Кіріспе

Курстық жұмысымның негізгі мақсаты -бұл банктің негізгі құралдарының қалыптасуын, қозғалысын зерттеу олардың банкке қандай пайда әкелетінін көрсету. Негізгі құралдар есепке алынуының ретін, оның бағалануымен есептен шығуын АҚ « Цеснабанк » тәржірибесі бойынша қарастырдым. Бұл негізгі операция келесі құқықтық -нормативтік актілерге сәйкес өз қызметін орындайды :

  1. « Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы Заң» 28. 02. 07. ж. №234-III
  2. Бухгалтерлік есеп туралы Халықаралық стандарты.
  3. Банктің басқада ішкі құжаттары.

Негізгі құралдарының бухгалтерлік есебі орталықтандырылып, Бас Банктің Бэк - офисінде жүргізіледі.

Бас Банк ғана бүкіл филиалдардың шоттарына кіріп, мәліметтерді ала алады. Фронт офис өткізген негізгі құралдар уақытылы көрініс табуын және негізгі функциялардың құжаттарын тексерісін Бэк- офис Бас Банк пен Филиалдың бөлімі бақылайды.

Негіз құралдар - бұл бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, есептегіш техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады.

Негізгі құралдар обьектісін актив деп мойындау бір мезгілде екі шарттың орындалуын қарастырады :

  • банк активке байланысты экономикалық пайда алатындығына жоғары сенімділіктің болуы ;
  • банк үшін активтің өзіндік құнын бағалаудың сенімділігі .

Негізгі құралдарды өткізу арнайы қабылданған заң бойынша сату-сатып алу келісімінің қорытындысымен және екі жақтың да басшыларының қолы қойылып расталған мөрімен жүзеге асырылады. Жалпы негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет ететін материалдық емес активтерді айтамыз.

Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады.

Негізгі құралдар бастапқы құнмен, баланстық құнмен, ағымдағы құнмен, қалдық құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

Зерттеу жұмысымның міндеттері . Жұмыс мақсаттарына байланысты банктің негізгі құралдарының есебін қарастыру, яғни :

  • негізгі құралдарының тәртібі ;
  • негізгі құралдарды реттеу ;
  • негізгі құралдардың түрлерін және олардың есебін жан-жақты зерттеу:
  • негізгі құралдар есебінің жетілдіру жолдары.

Курстық жұмыс құрылымы : кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І тарау. Банктегі негізгі құралдар операцияларының есебін ұйымдастыру

  1. Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау

Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді. Осы негізгі құралдарға: жер, үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштары, машиналар және құрал-жабдықтар, есептеу техникасы, құрал-сайман, шаруашылық мүлкі, жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын, басқа да негізгі құралдар жатады.

Инвентарлық обьектілер негізгі құралдардың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық обьект күрделі әрі жәй болып келеді. Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады. [5]

Өндірістік процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын обьектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдай жасайды. Негізгі құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші -қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді. Өндірістік емес негізгі құрал -жабдықтар тұтынуға арналған құрал -жабдықтар. Олар ұжымның мәдени -тұрмыстық қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

Игілігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді: меншікті деп - субьектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Жалға алынған деп - белгіленгін мерзімге шарт бойынша басқа субьектілерден алынған негізгі құралдар.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған және жұмыс істемей тоқтатылған болып болінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрған болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар, бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал -жабдықтар.

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке заттай көрінісі бар, яғни санауға өлшеуге болатындар жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, яғни заттық нысаны жоқ шығындар жатады. [6]

Негізгі құралдардың есебі жинақталған амортизацияларды есептегеннен кейін әділ баға болып табылатын, не бастапқы құн, не қайта бағалау сомасы принциптері негізінде жүзеге асырылады. Енді осыдан, негізгі құралдарды бағалаудың төрт түрін көрсетуге болады : бастапқы; ағымдағы; баланстық; өтімділік .

Негізгі құралдар №16-шы ХҚЕС негізгі мынандай бағалау түрлеріне бағалаймыз: бастапқы құн - негізгі құралдарды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарының қосындысымен әр түрлі үйымдастыру шығындары оның ішінде салық, баж төлемдері және іске қосу шығындардан тұрады. Ағымды құн - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланатын құн. Баланстық құн - бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың ағымдық және бастапқы құны. Сату құны - бірін білі жақсы білетін және мәлімеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың негізгі құралдарды өзара айырбасталуына мүмкіндік беретін құн.

Жою құны - тиімді қызымет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, метал сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтарының құны. Амортизацияланған құн - негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындығы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолымен нормативтік қызыметіне немесе барлық кезеңіне субьектінің шығысы ретінде таратылады. [10]

1. 2. Негізгі құралдардың есебі

Банктік есеп саясаты бас банктің келесідей ескертулерімен банк бөлімшелері негізгі құралдарды ақысыз өздігінен қабылдай ала ма жоқ әлде тек банктің рұқсатымен бе деген сұрақтары қарастырады.

Негізгі құралдарды алуда жасалған келісімшарт орталықтандырылып төлеуінде франт - офис бөлімшелері оны төлеу үшін банктің бэк -офистерінде көрсетіледі. Бэк -офис келісімшарттың дұрыс рәсімделуін және төлемді жүзеге асыру бұйрығын тексеріп, содан кейін ған келісімшарттарымен келісе отырып сомаларды төлейді. Сондықтан қосымша құнға төленген салықтар негізгі құралдарды алумен қосымша құнға салықтарды төлеу шотында бейнелейді. Банктің бас бухгалтері әрбір жасалған келісімшарт бойынша банк бөлімшелеріне сәйкес келетін жекелей шарттар ашады.

Банк бөлімшелерінің франт -офисі жабдықтаушылардан негізгі құралдарды алғаннан кейін айрықшалау және шот -фактура келісімінде көрсетілген негізгі құралдардың атауын, санын, баға өлшемін және жалпы құнын салыстырып қабылдап -өткізу актісін толтырады. Негізгі құралдарды қабылдағанда негізгі құралдарды қабылдау актісі толтырылады .

Банктің бэк - офисі ақысыз алған негізгі құралдарды балнасқа есепке алу банктің бағалау коммисиясы орнатқан негізгі құралдардың құнына сәйкес жасалады.

Негізгі құралдары кірістегенде және сатып алғанда кезде қойма басшысы, тауар тасымалдау үстемесі салыстыру шоттар жиынтығы және негізгі құралдардың нақтылығын растайтын басқа да құжаттар негізінде кіріс түбіртегін жазады. Кіріс квитанциялары бэк - офис бөлімшелеріне беріледі, оларды өз кезегінде кірістеу үшін банктің бэк - офисіне береді.

Есепке алынатын негізгі құралдардың әрбір обьектісіне түгендеу нөмері жазылады. Ол обьектіні барлық пайдалану және ондағы жазылған бояуларды және т. б. білдіреді. Негізгі құралдардың аналикалық есебі әрбір зат үшін жасалған түгендеу карточкасында, сонымен қатар негізгі құралдардың есебі журналында да жүргізіледі. [5]

Ешқандай алдын ала төлеусіз негізгі құралдарды алу :

құрастыруды қажет етпейтін (алдын ала төлеусіз ) негізгі құралдарды алу :

Дт 1652 «Жер, үйлер және ғимараттар »

1653 « Компьютер жабдықтары »

1654 « Өзге негізігі құрал -жабдықтар »

Кт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»

құрастыру жұмыстарын талап ететін негізгі құралдарды алу :

Дт 1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал - жабдықтар»

Кт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар» ;

құрастыруды талап ететін алынған негізгі құралдар үшін төлемдер :

Дт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»

Кт 1050 « Банктердің корреспонденттік есепшоттары»;

құрылыс -жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 3 және 2 -нысаны бойынша актілерді ұсынғаннан кейін құралдарды кірістеу жүзеге асырылады :

Дт 1652 «Жер, үйлер және ғимараттар »

1653 « Компьютер жабдықтары »

1654 « Өзге негізігі құрал -жабдықтар »

Кт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»;

Негізгі құралдарды алдын ала төлеу арқылы сатып алу :

сатып алынатын негізгі құралдар үшін ( 50% аспайтын ) алдын ала төлеу кезінде :

Дт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»

Кт 1050 « Банктердің корреспонденттік есепшоттары»;

соңғы есеп айырысу сомасына:

Дт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»

Кт 1050 « Банктердің корреспонденттік есепшоттары»;

құрастыруды талап ететін негізгі құралдар бойынша :

Дт 1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан ) негізгі құрал -жабдықтар»

Кт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» ;

Сатып алынған негізгі құралдар үшін бюджетке ҚҚС төлеу

ҚҚС есептеумен қатар негізгі құралдар үшін алдын ала төлеу сомасына:

Дт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»

Кт 1050 « Банктердің корреспонденттік есепшоттары»;

Негізгі құралдарды, яғни бюджетке төленген ҚҚС сомаларына оларды алу фактісі бойынша кіріске алу кезінде:

Дт 1851 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бйынша есеп айырысу»

Кт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»;

Салық заңдылықтарына сәйкес салық салу айналымының үлес салмағы бойынша есептелген ҚҚС бойынша жүргізілетін есептеу сомасына:

Дт 2851 «Салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» Кт 1851 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу». [9]

Негізгі құралдардың құрылысы шаруашылық немесе мердігерлік әдіспен жүргізіледі. Капитал құрылысы бойынша келісімшартта көрсетілген мөлшерде аванстың бірінші бөлігін төлеу бекітілген келісімшартта анықталған мерзімде банк бэк-офисінде жүргізіледі, ал қалған сомаларды төлеу 2-3 нысаны бойынша орындаған жұмыстарды қабылдау актісі мен бюджетпен қарастырылған ақша сомасы шегінде бөлімше басшысының қолы қойылған, бұрын төлемге аванстарды ұстап қалудың үйлесімді есебімен нақты сомасы көрсеілген шоттарды төлеуге ұсынылған жұмыстардың құны туралы жабдықтаушылардан алынған анықтама (3-нысаны) негізінде жүзеге асырылады. Мердігерлік ұйымдас әр айдың 27жұлдызынан кешіктірілмей 2-3 нысандағы орындалған жұмыстар ұсынады.

Сонымен қатар банктің бэк-офисінің (бөлімшесінің) жауапты қызметкер төлем жүргізгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей жүргізілген төлемдер журналына белгілеп қояды. [8]

Банктің бас бухгалтериясы әрбір мердігер бойынша төленген аванстардың сомасы есебінде бөлек дербес шоттар ашады. Капитал құрылысы бойынша жүргізілетін шығында есебі негізгі құралдардың сәйкес топтары арқылы жүргізіледі. Келісімшарт қосымшаларымен бірге құрылысы және жөндеу бойынша мердігерлік жұмыстармен қатар тарифтерді, калькуляцияларды, еркін сметалық есеп айрысуларды банк немесе оның бөлімшелерінің басшылары тексеріп, қолдарын қоюлары керек.

Банк (бөлімшелер) фронт-офисі қарыздың нақты сомасын төлеу нұсқауларымен қатар, негізгі құралдарды кірістеудің нұсқауларын береді, сонымен бірге келесі жағдайларды көрсетеді: негізгі құралдардың жалпы сомасы; амортизациялық аударым әдісін; пайдалану мерзімі мен аударылған амортизация мөлшері; өтімділік құнын; негізгі құралдарды өндірістік және өндірістік емес салада пайдалануын.

Құрылыстың шаруашылық әдісі кезінде банктің шаруашылық қызмет жұмысшыларымен есептеуі төлем кестесіне сәйкес жүргізіледі. Құрылыстың мердігерлік әдісі кезінде мердігерлік ұйымдармен есептеу банктің жоғары басшыларымен қарастырылып, бекітілуіне сәйкес құжаттар және сметалар шегінде келісіліп жасалған шарт негізінде жүргізіледі. Егер құрылысы банк алған материалдар есебінен жүргізілсе, онда бөлімше материал құнын төлеу үшін материал алуға мердігердің хаты мен сенім хатының жазбаша көшірмесін банкке жібереді.

Құрылыс жұмыстары аяқталысымен мердігермен, ал өндірістің шаруашылық әдісі кезінде жұмысшылар және міндетті тұлғалармен барлық есеп айырысулар аяқталуы керек. Материалдардың қалдықтары басқа еобьектіг жіберіледі немесе қоймаға қайтадан кірістіріледі. Түпкілікті есепайырысу банк бөлімшесінің бастығымен тексерілген және арнайы комссиямен бекітілген еобьектіні пайдалануға қабылдау туралы актісі негізінде жүргізіледі, сонымен қатар келісімшарт журналында түпкілікті есеп айырысуды жүргізу туралы белгі қойылады. [11]

1. 3. Негізгі құралдарды күрделі және ағымды жөндеу есебі

Күрделі жөндеу жүргізу үшін бас офис таңдап алынған саясатқа байланысты келісімшартта берілген сомаларды олармен жасалған келісім - шартпен өздерінің филиалдарының өкілдігін анықтайды. Келісімшарт төлемі орталықтандырылған немесе жекелей болып жүргізіледі.

Ағымдық жөндеу жұмыстарының шығындары банктің фронт -офисі арқылы алынатын шот фактура немесе келісімшарт негізінде көрсетілетін банктің бэк -офисімен төленуі мүмкін . Негізгі құралдардың ағымдық жөндеуге жасалған келісімшарттың немесе шот фактураны орталықтанған төлемінде фронт - офис бөлімшелері төлеу, үшін банктің бэк - офисіне ұсынады. Жекелей есептің тәртібінде фронт -офис келісімшартына сәйкес фронт -офисі басшысының қолымен банк төлеуге өкім жазып береді және өз кезегінде келісімді орындау жауапкершілігінде өкімді бэк -офис бөлімшелеріне жібереді.

Күрделі жөндеуді жүзеге асыру барысында мердігермен жасалған келісімшартты немесе шот-фактураны жекелей төлеу кезінде бөлімшелердің бэк -офисінде өз бетінше тіркеледі.

Ағымдық жөндеу бойынша келісімшартта қарастырылған мөлшерде аванстың бірінші бөлігін төлеу банк бөлімшесінің басшысымен бекітілген төленуге тиісті шоттар мен банктің жауапты қызметкері тексеріп, қолы қойылған 3 және 2 -нысандағы орындалған жұмыс туралы ұсынылған акті негізінде жасалған келісімшартта анықталған мерзімде банктің бэк -офисімен жүргізіледі. [5]

Банк бэк -офисінің жауапты қызметкері төлемді жүргізгеннен кейін бір күннен кешіктірмей келесілерді жүргізеді: төленген төлем туралы журналда белгілейді; орталықтандырылған төлем кезінде бөлімшенің бэк -офисіне жүргізілген төлем жөніндегі мемориалды орлердің көшірмесін қоса отырып, дербес шот бойынша көшірмесін жібереді.

ҚҚС есебімен аванс төлеу кезінде:

Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»

Кт 1050 « Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

3 және 2 - нысанында жасалған жұмыстар актісі негізінде шығындар көрінісі кезінде келесі өткізбелер жасалады:

Дт 5744 «Жөндеу шығындары» -орындалған жұмыс сомасына

1851 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» -төленген ҚҚС сомасына.

Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар» -аванс сомасына .

3 және 2 - нысанында жасалған жұмыстар актісі негізінде түпкілікті есеп айырысу кезінде келесі өткізбелер жасалады:

Дт 5744 «Жөндеу шығындары» -орындалған жұмыс сомасына

1851 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» -төленген ҚҚС сомасына.

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары». [9]

Негізгі құралдардың тозуы. Негізгі құралдар құнын қайта бағалау және амортизациялық аударымдар есебінің тәртібі.

Амортизациялық аударымдар мен негізгі құралдарды қайта бағалау құны банктің ағымдағы жылға қабылданған бухгалтерлік есеп әдістеріне сәйкес жүргізіледі.

Амортизацияларды есептеу үшін келесі әдістер қолданылуы мүмкін : құнды бір қалыпты (түзу сызықты) есептен шығару, құнды орындалған жұмыс көлеміне сәйкес есептен шығару (өндірістік) , құнды сандардың жиынтығы бойынша есептен шығару, қалдық кему әдісі .

Құнды бір қалыпты есептен шығару әдісі. Осы әдіске сәйкес обьектнің амортизацияланатын құны оны пайдалану мерзімі ішінде бірқалыпты есептен шығарылады. Бұл әдіс амортизация сомасының қызмет ету мерзімінің ұзақтығына тәуелді болуына негізделген . Амортизациялық құндарды пайдаланудың обьектінің есепті кезеңдерінің санына бөлу жолымен есептеледі.

Аударылған амортизациялар : түзу сызықты әдіс, мың теңге

Мерзімі
Бастапқы құн
Амортизацияның жылдық сомасы
Жинақталған тозу
Қалдық құны
Мерзімі:

Сатып алған күні :

Жыл соңында :

Бірінші

Екінші

Үшінші

төртінші

бесінші

Бастапқы құн:

100

100

100

100

100

100

100

Амортизацияның жылдық сомасы:

18

18

18

18

18

18

Жинақталған тозу:

18

36

54

72

90

Қалдық құны:

82

64

46

28

10

Кестеден үш жағайды көруге болады :

  1. барлық 5 жыл ішінде амортизациялық аударымдар бірдей ;
  2. жинақталған тозу бірдей өсуде ;
  3. бағалық жою құнына жеткенге дейін, қалдық құны бір қалыпты төмендейді. [12]

Амортизацияларды есептеу : өндірістік әдіс, мың теңге

Мерзімі
Бастапқы құн
Мың бет
Амортизацияның жылдық сомасы
Жинақталған тоз
Қалдық құны
Мерзімі:

Сатып алған күні :

Жыл соңында :

Бірінші

Екінші

Үшінші

төртінші

бесінші

Бастапқы құн:

100

100

100

100

100

100

Мың бет:

200

200

300

100

200

100

Амортизацияның жылдық сомасы:

20

30

10

20

10

Жинақталған тоз:

20

50

60

80

90

Қалдық құны:

Қалдық құны

100

80

50

40

20

10

ІІ Негізгі құралдардың қалыптасу жолдары АҚ « Цесна банк » тәжірибесі бойынша

2. 1. АҚ « Цеснабанктегі » негізгі құралдарының алғашқы бағалануының есебі

Банктің активтермен байланыс болашақтағы экономикалық табыс алу үшін өте маңызды. Мұнда активтердің өзіндік құны жақсы бағаланады.

АҚ «Цеснабанктің» негізгі құралдары бастапқы сомасына жатпайды:

сатып алынатын баға; басқа да шығындар (тауарды жеткізіп беру, жөндеу жұмыстары) .

АҚ «Цеснабанктің» негізгі құралдарының есептелу бірлігі - Инвентарлы объект болып табылады. Олардың инвентарлы объектісі барлық құралдармен анықталады. Жаңа активтерге бұрынғы активтердің инвентарлы номеры берілмейді.

АҚ «Цеснабанктің» негізгі құралдарыдың Инвентарлы карточкаларында мына мәліметтер болуы керек: инвентарлық номер; толық атауы; моделі, маркасы, зауыт номеры; есепке алу белгісі; эксплуатацияға шығу белгісі; бастапқы баға; жинақталған тозу; баланстық құн; жұмыс істеу уақыты; бақылау жөніндегі анықтама; материалды жауапты тұлғаның аты-жөні; активтің тұрған жері; бөлімі; жағдайы.

АҚ «Цеснабанктің» негізгі құралдарына қосымша аналитикалық белгілері беріледі. АҚ «Цеснабанктің» негізгі құралдарының есепке алынуы ақша қаражаты есебінен жүргізіледі.

АҚ «Цеснабанктің» негізгі құралдары інің төленуі үшін келесі транзакциялар қолданады:

Құжат түрі
Операция атауы
Бухгалтерлік транзакция
Құжат түрі: Төлем тапсырмасы
Операция атауы: Төлем үшін
Бухгалтерлік транзакция:

Дт 1856

Кт Клиент шоты

Құжат түрі: Валюталық төлем құжаты

АҚ «Цеснабанктің» негізгі құралдарының кіріске алу процесі келесі құжаттар арқылы жүзеге асырылады: сатып алу сату туралы келісім-шарт; жеткізуші ҚҚС-төлеуші болып саналса, шот-фактура; есепке алу және есептен шығару туралы акт; импорт кезінде кедендік Деклорация; ғимараттар мен көлік құралдарды кірістеген уақытта техникалық куәлік; жерге деген жеке меншікті құқықтандыратын акт (жер участіктерді сатып алған уақытта) ; және басқа да құжаттар.

Фронт-офис жаңа түскен негізгі құралдарға номер береді. Олар активтердің өзінде және белгілі құжаттарда бейнеленеді.

Егер негізгі құралдар складқа кірістелмей, эксплуатацияға кіргізілсе, онда Фронт-офис кірістеу актісін жасайды, оны барлық құжаттармен қоса Бэк-офиске жібереді. Бұл кезде келесі транзакциялар қолданады :

Құжат түрі
Операция атауы
Бухгалтерлік транзакциялар
Құжат түрі:
Құжат түрі: Мемариалдық ордер
Операция атауы: Эксплуатацияға кірістеу
Бухгалтерлік транзакциялар:

Дт 1652-1658

Кт 1651

Бэк-офис барлық құжаттарды тексергеннен кейін, АҚ «Цеснабанктің» негізгі құралдарыды есепке алу транзакциялары өткізіледі

Құжат түрі
Операция атауы
Бухгалтерлік транзакция
Құжат түрі: Ұлттық валютамен сатып алу
Құжат түрі: Мемориалдық ордер
Операция атауы: Негізгі құралдардың есеке алынуы
Бухгалтерлік транзакция:

Дт 1650

Кт 2856

Құжат түрі: Мемориалдық ордер
Операция атауы: Жабылуы
Бухгалтерлік транзакция:

Дт 2856

Кт 1856

Құжат түрі: Шетел валютасымен сатып алу
Құжат түрі: Валюталық мемориалдық ордер
Операция атауы: Негізгі құралдардың есепке алынуы
Бухгалтерлік транзакция:

Дт 1650

Кт 2859

Құжат түрі:

Дт 1858

Кт 2856

Құжат түрі: Валюталық мемориалдық ордер
Операция атауы: Курстық айырма есебінен кіріс
Бухгалтерлік транзакция:

Дт 2859

Кт 4530

Құжат түрі: Курстық айырма есебінен шығын
Операция атауы:

Дт 5530

Кт 2859

Құжат түрі: Валюталық мемориалдық ордер
Операция атауы: Жабылуы
Бухгалтерлік транзакция:

Дт 2856

Кт 1856

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық банк: оның мақсаттары, міндеттері мен қызметтері
Банк ресурстарынын қалыптастыру теориясы
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құқықтық жағдайы
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы мәлімет
Ақша айналысын басқару
Ұлттық банктің қызметтері және ақша-несие жүйесі
Валюталық реттеу және валюталық бақылау
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және оның атқаратын қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz