Лизингтің мағынасын зерттеу


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Лизингтік операциялардың теориялық аспектілері

1. 1 Лизингтің экономикалық мәні . . . 5

1. 2 Лизингтік операциялардың негізгі элементтері . . . 7

1. 3 Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері . . . 25

2 ҚР лизингтік операциялардың дамуын талдау

2. 1 ҚР лизингтік операциялардың дамуын 2012-2015 жылдарда талдау . . . 30

2. 2 «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы туралы, тарихы, бәсекелік жағдайын бағалау . . . 33

2. 3 «Қазагроқаржы» АҚ 2015 жылға арналған несиелендіру және лизинг шарттары . . . 38

3 ҚР лизингтік операциялардың мәселелері мен дамуы

3. 1 Қазақстан Республикасындағы лизингтік операцияларға байланысты туындаған проблемалар . . . 48

3. 2 ҚР лизингтік операция проблемаларын шешу жолдары . . . 51

Қорытынды . . . 54

Пайдаланған әдебиеттер . . . 56

Кіріспе

Бүгінгі күнде, еліміз әлемдік шаруашылықтың толық құқылы мүшесіне айналуы, КСРО ыдырап, орнына нарықтық қатынастар орнауынынан кейін біз саяси, әлеуметтік-эконоикалық проблемаларға тап болдық.

Проблемалар саны аз емес, оларды бірден толығымен шешу ешкімнің қолынан келмес. Нарықтық экономикалық қатынастарға өрлеп бара жатқан мемлекет үшін барлық мәселерді мұқият қарастыру керек, өйткені мұнда тым кеткен ауытқулар ертеңгі жағдайға елеулі әсерін тигізуі мүмкін.

Проблемалардың көбісі, біздің ойымызша, мемлекет үшін стратегилық маңызыды экономика салаларында шоғырланған. Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылық салаларындағы кәсіпорындардың қаржылары болып табылады. Міне осы буында ңақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі. Мұндағы физикалық және моралды тозған жабдықтарға ерекше назар аудару қажет деп ойлаймыз.

Сапасы жоғары (әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеттік мүмкіндіктерін былай қойғанда) тауарларды тозығы жеткен жабдықтар көмегімен өндіру мүмкін емес екендігін бәріміз де жақсы түсінеміз. Дегенмен бүгінгі таңда кәсіпорындардың бағасы қымбат, оған қоса ғылыми-техникалық даму нәтижесінде тез жаңартылып отыратын жаңа құралдарды сатып алуға мүмкіндіктері жетіспейді. Жабдықтарды несиеге сатып алып, айналыс құралдарына қайтадан инвестиция тарту де проблемаға айналады.

Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы дүние жүзінде 40 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан лизинг қатынастарын дамытуда жатыр деп ойлаймыз. Оның себебі, көптеген кәсіпорындар өндірісті интенсификациялау мен техникалық жаңартуларға қомақты қаржы ресурстарын бөлу қиынға соққан кезде, өндіріс аясын дамыту мен меншіктің барлық формаларындағы, соның ішінде, кіші және орта кәсіпкерлікпен айналысатын отандық өндіріске қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік беретін лизинг бизнесінің рөлін арттыру қажеттігі туды. Сонымен қатар, бұл экономиканың барлық саларындағы физикалық тоған және моралды ескірген негізгі капиталды толығымен жаңартудағы күрделі проблеманы шеше отырып, салықтық жеңілдіктерді иемденуге көмектесе алады. Лизинг бизнесінің құқықтық, салықтық және басқа да негіздерін құру шағын және орта бизнес дамуының қарқынын және даму көлемін жылдамдатады.

Лизингтік қатынастар өндірісті дамытудың перспективті бағыты мен техникалық қайта жарақтандыру екпіні бола алады.

Қазақстан экономикасының дамуын тежеп тұрған өзекті мәселелерінің бірі экономиканың базалық және басыңқы салаларындағы негізгі құралдардың физикалық және моральді тозуы. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша, негізгі қорларға инвестициялаудың ерекше түрі ретіндегі - лизингтің маңызы өте жоғары.

Лизингтік келісімнің объектісіне - өндіріс циклінде жойылмайтын кез келген мүлік бола алады. Іс жүзінде лизингке берілетін мүлікке моралды ескіруі жылдам техникалық жабдытар, бағасы қымбат машиналар, станоктар, автомобильдер, су көлігі, ауыл шаруашылығы техникасы, ғимараттар мен құрылыстар және т. б. жатады.

Лизингтік келісімнің негізгі қатысушыларына Лизинг беруші, Лизинг алушы және Жабдықтаушы жатады. Соған қоса, көпжақты мәміле орын алса, брокерлік лизингтік, трасталық, сақтандыру және қаржы компаниялары, дилерлер, брокерлер, комиссионерлер, маклерлер, консигнаторлар, агенттер сияқты түрлі делдалдар да қатыса алады. Шетелде жасалған ірі мәмілеге 6-7 субъект қатыса алады.

Зерттеудің негізгі мақсаты: лизингтің мағынасын зерттеу және оның шетел тәжірибесіндегі ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстандағы даму жолдарын іздеу.

Курстық жұмысының алдындағы міндетіне:

  • Теорияны зерттеу негізінде лизингтік мәмілеге қатысушылар мен жалпы мемлекет экономикасы үшін лизингтің артықшылықтарын анықтау.
  • Тәуелсіздік алған жылдардан бастап лизинг бизнесінің дамуын талдау.
  • Қазақстандағы коммерциялық банктердің лизинг қатынастарын қарастыру.
  • Еліміздегі лизинг бизнесін тежеп тұрған проблемаларды анықтау мен оларды шешу жолдарын қарастыру жатады.

Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Бірінші бөлімде, лизингті пайдаланудың теориялық аспектілері, яғни лизингтің шығу тегі, пайда болуы, лизинг түсінігі мен лизингтік операциялардың негізгі элементтері, жалпы экономикалық мәніне тоқталамыз.

Екінші бөлімде, ҚР лизингтік операциялардың дамуына талдау, және«ҚазАгроҚаржы» АҚ лизингті пайдалану мен даму жағдайына талдау жасалады. Яғни «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы туралы, тарихы, бәсекелік жағдайын бағалау жүргізіледі, бағдарламалары талданады, 2014 жылға арналған несиелендіру және лизинг шарттары қарастырылады.

Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы лизинг мәселелері мен дамуын қарастырамыз.

1. лизингті пайдаланудың теориялық аспектілері

  1. Лизингтің экономикалық мәні

«Байлық көзі иелену құқығында емес, пайдалану құқығында жатыр»

Аристотель.

Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.

Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Лизингтің идеясы жас емес. Берілген деректер бойынша адамзатқа лизингтің ертеден болуы белгілі. Көптеген тарихшылар мен экономистердің пікірінше, лизингтік келісім-шарттар б. э. д. Шумер мемлекетінде де жасалды. Аристотельдің (б. э. д. 384 / 383 - 322 ж. ж. ) “Богатство состоит в пользовании, а не в праве собственности” атты еңбегінде лизинг идеясы туралы пікірлер жазылған. Басқа сөзбен айтқанда, пайда алу мақсатында мүліктің иесі болуы міндетті емес, осы мүлікті пайдалану құқығы болу керек, соның нәтижесінде пайда алу мүмкін болады дейді. Лизинг ертеде тек белгілі бір меншік түрлерін жалға алумен шектелген жоқ. Тарихи мәліметтер бойынша, ауылшаруашылық техниканың түрлері және шеберлік құрылғылар, сонымен қатар әскери техника да жалға алынды.

Венецияда 11 ғасырда лизингтік операцияларға ұқсас мәмілелер жасалынды: венециандықтар сол уақытта өте қымбат болған якорларды саудагерлер мен сауда қайықтарын жалға берді. Жүзі аяқталғаннан соң якорлар өз иелеріне қайтарылған және қайтадан жалға берілді. Ұлыбританияда лизингтік қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін алғашқы нормативтік акт болған 1284 жылы Уэльс заңы болды (Statute of Wales) .

1572 жылы Ұлыбританияда тек қана нақты лизингті қолдануға рұқсат беретін заң актісі шығарылды. Осы заңның мәні: осы уақытта келісім-шарт жасасқан жақтардың мүліктің нақты иесі кім екені жасырылды, ол несие берушілерді адастыру мақсатында жүргізілді, сондықтан оны реттеу үшін қолданылды.

1930 жылдары Генри Форд өз автокөліктерін өткізу мақсатында жалға беруді кеңінен қолданды. Бірақ автокөліктік лизингтік бизнестің бастамашысы ретінде Золли Фрэнкті есептейді. Ол 1940 жылдары алғаш рет автокөліктерді ұзақ мерзімді жалға беруді ұсынушы сауда агенті болды.

Жалға беру қатынастарында болатын құбылысты Америкада 1950 жылы революция деп атауға болады. Осы уақытта өндірістің көптеген құралдары жалға берілді: технологиялық құрылғылар, машиналар мен механизмдер, кемелер, ұшақтар, т. б. . АҚШ Үкіметі осы құбылысты бағалап, оны ынталандыратын мемлекеттік бағдарламаны жедел түрде әзірледі және жүзеге асырды. Экономикалық лексикалық терминологияға жаңа “лизинг” терминінің енгізілуін (ағыл. lease - жалға беру) “Белл” телефон компаниясының операцияларымен байланыстырады. Осы компанияның басқармасы 1877 жылы өз телефон аппараттарын сатпайтыны туралы, оны жалға беру туралы шешім қабылдады.

Сан-Францискода белгілі болған “United States Leasing Corporation” американ компаниясы 1952 жылы лизингтік операциялар іскерліктің негізгі болған алғашқы акционерлік қоғам болып саналады. Сонымен, АҚШ жаңа бизнестің отаны болды. 60 жылдардың ортасында лизингтік операциялар 1 млрд. $, ал 80 жылдары олар110 млрд. $-дан асып түсті. Осындай жоғары қарқынды темптің болу себебі лизингтік мәміле бойынша серіктестіктер ала алатын артықшылықтарға байланысты болды. Лизингтік операциялар өте тез АҚШ шекарасынан өтіп, халықаралық лизингке айналды.

АҚШ-та лизинг экономикалық бизнестің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Өз қызметтерінің кең спектрін ұсынған жаңа лизингтік компаниялар санының өсуі, және лизингтік келісім-шарттарының үлкен модификациясы экономиканың әртүрлі сфераларында кәсіпкерлердің инвестициялық қаражаттарын алудың әртүрлі нұсқаларын анықтады. Кейіннен лизингтік компаниялар “қаржы-лизингтік қоғамдар” деген атқа ие болды.

Батыс Еуропада алғашқы алғашқы қаржы-лизингтік қоғамдар 50-60 ж. ж. пайда болды. Бірақ та лизингтік операциялардың дамуына көптеген факторлар әсер етті, т. қ. салықтық заңнамада лизингтік келісім-шарттардың заңды түрде қабылдауы көптеген қиыншылықтардан шығуға мүмкіндік берді.

Мысалы, алғашқы француз лизингтік компания “Локафранс”1982 жылы құрылды. Ал төрт жылдан кейін лизингтік компаниялардың жалпы саны 30 тең болды. 1987 жылы елде жылжымайтын мүлікпен айналысатын 56 лизингтік компания жұмыс істеді, олардың жылдық келісім-шарттар саны 57 тең болды. Ал жылжымайтын мүлікпен айналысатын компаниялар саны 94-ке тең болды. Франция мемлекетінің ірі компаниялары “Локафранс”, “Слибай”, “Локабай”, “Софимобай”, “Слиминико”, т. б. .

Италияда алғашқы лизингтік компания 1963 жылы құрылды, бірақ та лизингтік бизнестің кең өріс кезеңі 70-80 ж. ж. болды. Олардың ішінен 50 ең ірі компаниялар “Ассима” ұлттық ассоциациясының мүшелері болып табылады. осы уақытта он ірі лизингтік компаниялардың лизингтік операциялар санының жалпы үлесі 80%-ға тең болды.

60 жылдары лизингтік бизнес Азия континентінде дами бастады.

Қазіргі уақытта лизингтік қызметтерің негізгі бөлігі “АҚШ - Батыс Еуропа - Жапония” мемлекеттерінде шоғырланды. Батыс Еуропада лизинг берушілер ретінде, көбінесе, арнайы лизингтік компаниялар бола алады. Осы лизингтік компанияларды 75-80%-ға жуық банктер немесе оларды еншілес қоғамдар бақылайды. Жапония үшін сипатты белгі ретінде лизингтік операциялардың қаржыландырудан “қызметтер пакетіне” дейін ұлғайтты.

КСРО-да лизингтік бизнестің дамуы 1989 жылы басталды. Лизингті қолданудың бастапқы ережелерінің белгілі құбылысы ретінде жалға беру туралы 23 қарашаның 1989 жылы № 810-1 КСРО заңнаманың және 16 ақпанның 1990 жылы қабылданған, лизингті бухгалтерлік есепте көрініс табу тәртібі көрсетілген № 270 “бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары” КСРО Мемлекеттік Банктің хаты негізі болды.

1991 жылдың маусым айында халықаралық кеңес - неміс лизингтік компания “Евролизинг”құрылып, ал желтоқсан айынан бастап өз қызметін жүзеге асырды. Оның құрылтайшылары болып, кеңес жағынан КСРО-ның Сыртқы экономикалық банк, КеңесМорфлот және КСРО-ның Госснаб болды, ал француз жағынан - Еуропаның бір ірі лизингтік компаниясы “ Насиональ де Пари Банкісі”, ал неміс жағынан - Батыс Германияның ірі лизингтік компания - “Митфинанц ГмбХ” болды. [12, 9б]

1. 2 Лизингтік операциялардың негізгі элементтері

Лизингтік мәміле-бұл лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы (жабдықтаушы) арасындағы лизинг келісім-шартты жүзеге асыру үшін қажетті келісім-шарттар жиынтығы.

Лизингтік мәмілеге келесі субъектілер қатыса алады:

Лизинг алушы -лизинг келісім-шартына сәйкес лизинг объектісін белгілі бір төлемге, уақытқа және шарттар негізінде уақытша пайдалану үшін алуға міндетті жеке немесе заңды тұлға.

Мүлікті сатушы (жабдықтаушы) - лизинг берушімен сату-сатып алу шарты негізінде лизинг берушіге немесе лизинг алушыға белгіленген уақытта лизинг объектісін сатушы жеке немесе заңды тұлға.

Банк (немесе басқа да несиелік мекеме) - лизинг объектісін сатып алуға қажетті қаржы ресурстарын беретін заңды тұлға. Сонымен қатар лизинг нарығындағы арнайы субъектілерді көрсетуге болады, Оларға:

Сақтандыру компаниясы - лизинг мәмілесін іске асыру кезінде пайда болатын әр түрлі тәуекелдерді сақтандыратын заңды түлға. Лизингтің кез-келген субъектісі Қазақстан Республикасының резидент немесе резидент емес тұлға болуы мүмкін, сонымен бірге ол шетел инвесторларының қатысуымен құрылған кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бола алады.

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операцияларымен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден айырмашылығын келісім-шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Лизинг объектісі ретінде ғимараттар мен құрылыстарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, транспорттық құралдарды, жер учаскелерін және т. б. тұтынылмайтын заттарды қарастыруға болады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг объектісі болып табылмайды.

90-шы жылдардың бірінші жартысында, нарықтық өзгерістер нәтижесінде, бұрын біздің экономикамызда болмаған қаржы құралдары, банктер, несие орталықтарында және жай ғана мекемелерде қолданыла бастады.

Осы сияқты шарттардың бірі, Батыста кеңінен қолданған, жаңа инвестицияның қайнар көзі болып табылатын «қаржылық жалға беру» немесе «қаржылық лизинг», басқаша айтсақ жай ғана лизинг.

Осылайша лизинг терминін қолдану жалға берудің жаңа түрін енгізуге үлкен әсерін тигізді.

Қаржылық лизинг шарты бойынша мүлікті шығарушы мен оны қолданушының арасында қаржы жұмысы бойынша делдал (посредник) жүреді. Оның атқаратын қызметі: шартты қаржыландыру.

Қаржылық лизиг - жеке меншік мүліктік белгілі бір төлемақыға басқа біреуге уақытша пайдалануға берудің нәтижесінде шыққан мүліктік және экономикалық қатынас. Ал классикалық лизинг бойынша үш тұлғаның шартқа қатысты байқалады: лизинг беруші, лизинг алушы және мүлікті сатушы.

Лизинг операциясының мәні мынада: артық қаржы жоқ потенциялды лизинг алушы лизинг мекемесінде шарт жасауға ұсыныс жасайды.

Бұл келісімшарт бойынша лизинг алушы өзіне алатын мүлікті жақсы білетін сатушыны таңдайды, ал лизинг беруші меншігіндегі мүлікті лизинг алушыға лизинг төлем шарты бойынша уақытша қолдануға береді. Келісімшарт аяқталғаннан кейін - шарт бойынша мүлік лизинг берушіге қайтарылады немесе лизинг алушының жеке меншігінде қалады.

Егер сатушы немесе лизинг беруші, немесе сатушы не лизинг алушы бір адам болса, онда шартқа катысушылар саны екіге қысқарады.

Егер лизинг мүлігі өте қымбат болса шартқа катысушылар саны да көбейеді. Ол лизинг берушінің қаржы мөлшеріне байланысты.

Мүліктік қатынас жағынан қараганда лизинг шарты екі сатыдан тұрады.

1. Сату-сатьш алу құқығы.

2. Мүлікті уақытша пайдалану күкығы.

Бұл кұқықтар әртүрлі келісім шарт арқылы жасалады.

Егер лизинг келісімшартында мүлікті келісімшарт біткеннен кейін сатылады деп алдын-ала көрсетсе, онда мүлікті уақытша пайдалану қатынасы сату-сатып алу қатынасына ауысады да, лизинг беруші мен пайдаланушы арасыңда тек мүлік болады.

Айта кетерлік бір жайт лизинг процесі кезіндегі барлық элементтер бір-бірімен тығыз байланысты.

Мүлікті уақытша қолдану катынасы (яғни лизинг келісімшарты) сату-сатып алу туралы келісім шарттарға өз күшіне енгеннен кейін ғана күшіне енеді» яғни бір келісім шартты жасау, екінші үлкен істі атқаруға бастама болады, ал лизинг процесіне қатысушылар тығыз байланыста бола отырып, әртүрлі сатыда өзара қызмет атқарады. Бірінші сатыда, құрал-жабдықты жөндеуші және болашақ лизинг беруші сату-сатып алу келісім шартын жасай отырып сатушы және сатып алушы ретінде таныла алады. Осыдан мүлікті пайдаланушы, сату-сатып алу келісімшартында заңды түрде қатыспаса да, лизинг шартының белсенді тұлғасы болып қала береді. Сату және сатып алу келісімшартының техникалық сұрақтарын (мәселен, мүлікті қабылдап алу тәртібі) дайындаушы мен лизинг алушының арасында шешіледі, ал лизинг берушіге шартты каржыландыру міндеті артылады.

Ал екінші сатыда мүлікті сатып алушы, сол мүлікті лизинг беруші ретінде уакытша колдануға береді. Бірақ екінші келісімшарт бойынша қарым-қатынастар мүлікті қолданушы мен лизинг берушінің арасында болмайды. Мүлікті сатушы лизинг берушімен келісімшартқа тұрғанымен, құрал-жабдықтың сапасына қатысты жауапкершілігі пайдаланушының алдында қала береді.

Лизинг қатынасындағы үлкен де маңызды рөлді мына бір құбылыс атқарады: Ол мүлікті уакытша қолдануға беру катынасы. Ал мүлікті сату және сатып алу қатынасы екінші орында. Сондықтан да жұмыс барысында лизинг келісімшартындағы шарттардың барлығының орындалуына көбірек көңіл бөлген жөн.

Экономикалық жағынан лизинг несие және инвестициямен ұқсас болып келеді. Осылайша несиелік қарым-қатынастары үш үлкен принципке тоқталады.

1. Несие белгілі бір мерзімге ғана беріледі.

2. Белгіленген мерзімнің қайтарылуы (возвратность)

3. Көрсетілген қызмет үшін белгілі бір төлем алынады.

Лизинг бойынша мүлік иесі, затын уақытша басқа біреуге қолдануға береді де, белгіленген уақытта оны қайтадан алады, ал жасаған қызметі үшін төлемақы алады. Сырт көзге несие қатынасының элементі сияқты. Бірақ, қатысушылар ақшамен емес, мүлікпен жұмыс істейді, Осыған байланысты ол тауар нссиесіне, ал формасы жағынан инвестициялык, қаржыландыруға ұқсайды. Лизинг шарты толық мәнді орындалуы үшін лизинг берушінің өзінің жеке қаржысы болуы керек немесе ол "арзан" ақшаға қолы жете алуы керек. "Арзан" ақшаға қол жеткізу дегеніміз - банк, несие орталықтары, қаржы құрамының көмегімен жасалған лизинг компаниялары.

Лизингтің бүкіл әлем таныған, ең белгілі түрі қаржы лизингі және операциялық лизинг. Операциялық лизингті баскаша оперативті лизинг деп атайды. Лизингтің осындай түрлерге бөлінуі көбінесе мүлікті қолдану уакыты және тәуекелге бел буумен лизингке берілген мүліктің байкаусызда бүлінуімен байланысты.

Оперативті лизингте келісімшарт мерзімі мүліктің пайдалану мерзімімен қысқа болады және лизингтік төлемдер мүліктің толық құнын жабады. Сондықтан да лизинг беруші мүлікті уақытша колдануға бірнеше рет беруге мәжбүр болады және де оның мүлкіне сұраныс жоқ болса, мүлік құнын жоғалтады. Осындай шарттарға байланысты оперативті лизингтің құны қаржы лизингінен анағұрлым жоғары болады.

Қаржы лизингіне жалға беру мерзімінің ұзақ болуы мүлік құнының (көп немесе барлығының амортизациясы) үлкен болуы тән. Лизинг шарты уақытында лизинг беруші лизинг төлемдерінің арасында өзіне мүліктің толық құнын қайтара алады және лизинг шартынан өзіне пайда көреді.

Отандық әдебиеттерде көп жағдайда, лизинг деп машиналарды, жабдықтарды, транспорт түрлерін, кұрылыс салуда алатын жал немесе ұзақ мерзімге жалға алу деп түсінеді. Бірақ "лизинг" түсінігінің тар мағынасын мазмұны жағынан ыңғайлау, шаруашылық қатынас формасында оның мәнін толығымен ашпайды.

Лизингтің арендасы едәуір үлкен айырмашылығы бар. Жалға алушыға қарағанда лизинг алушы объектіні тек ұзақ мерзімге қолдануға ғана алмайды. Оның мойнына жеке меншік құқыұымен байланысты сатып алушының дәстүрлі міндеттері ілінеді, олар: мүлік ақысы, кездейсоқ жағдайда мүлік жоғалса орнына келтіру, оны сақтандыру және техникалық жабдықтау, сонымен бірге жөндеу. Алайда лизингті беруші мүлікке жеке меншілік етеді.

Лизингті келісім объектісінің өлімі мен қолдана алмасушылығы қарызды өтеу міндетінен бастайды. Лизингті алушының жалға алушыдан айырмашылығы - лизингті алушы лизингті берушіге объектіні қолданған құқығы үшін әр ай сайын ақша төлейді, оның толық бағасын төлейді. Лизингтік келісімде объектінің кейбір ақаулықтары болып калса, лизингті беруші барлық кепілдік міндеттерінен басталады деп есептелінеді, ал лизингті алушы барлық талабын тікелей жеткізіп берушіге қояды.

Лизингті беруші объектіні лизингті алушылардың сұрауымен орындайтындықтан, мұндай тәсіл дәлелденген. Сонымен қатар, міндеттерді осылайша бөлу объектіні күтудің кепілі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы лизингті жетілдіру
Қаржылық лизинг
Коммерциялық банктердің лизингтік қызметінің тиімділігі
Шартты мерзімінен бұрын тоқтату және лизинг берушіге құқығы мүлікті қайтару
Қазақстан Республикасындағы лизинг шарттары, оның ерекшеліктері мен дамуының қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялар
Қазақстан Республикасында лизинг шартын құқықтық реттеу
Лизингтік операциялар туралы ақпарат
Өндірістік кәсіпорында лизингті пайдалану тиімділігі
Лизингтік мәміледе опционның болуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz