Қылмысқа оқталу және квалификация тәртібі



1 Қылмыстық құқық теориясында қылмысқа оқталудың түсінігі
2 Аяқталмаған оқталу ҚК
ҚК 24 бабының 3 бөліміне сәйкес, «тікелей қылмыс жасауға бағыт-талған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мэн-жайлар бойынша ақырына дейін жет-кізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады». «Қылмыс жасауға тікелей бағытталған әрекет» ретінде қылмыстың объективтік жағы белгілерін орындауға бағытталған немесе обьективтік жағы белгілерін орын-дағанмен, бірақ тиісті зардаптың туындамауы алынады. Бұл екі жағдайда да, яғни қылмыстың объективтік жағы белгілерін орындауға ба-ғытталған немесе ол белгілер орындалғанмен зардаптың туындамауы кінәлінің еркіне тәуелсіз жағдайларға, себептерге байланысты болуы керек. Осы екі жағдайға қарай қылмыстық құқық қылмысқа оқталу-дың екі түрін, аяқталған және аяқталмаған оқталуды келтіреді.
1 Кузнецова Н.Ф. Ответственность за приготовление к преступлению и покуше¬ние на преступление по советскому уголовному праву. -М.: Издательство Москов¬ского университета, 1958. С.89.
2 Тишкевич И. С. Приготовление и покушение по советскому уголовному праву (понятие и наказуемость). -М.: Госюриздат, 1958. С.93.
3 Гаухман Л.Д. Квалификация преступлений. -М.: С.182-183

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
§ 3. Қылмысқа оқталу және квалификация тәртібі

ҚК 24 бабының 3 бөліміне сәйкес, тікелей қылмыс жасауға бағыт-талған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мэн-жайлар бойынша ақырына дейін жет-кізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады. Қылмыс жасауға тікелей бағытталған әрекет ретінде қылмыстың объективтік жағы белгілерін орындауға бағытталған немесе обьективтік жағы белгілерін орын-дағанмен, бірақ тиісті зардаптың туындамауы алынады. Бұл екі жағдайда да, яғни қылмыстың объективтік жағы белгілерін орындауға ба-ғытталған немесе ол белгілер орындалғанмен зардаптың туындамауы кінәлінің еркіне тәуелсіз жағдайларға, себептерге байланысты болуы керек. Осы екі жағдайға қарай қылмыстық құқық қылмысқа оқталу-дың екі түрін, аяқталған және аяқталмаған оқталуды келтіреді.

Кузнецова Н.Ф. Ответственность за приготовление к преступлению и покушение на преступление по советскому уголовному праву. -М.: Издательство Московского университета, 1958. С.89.

Қылмыстық құқық теориясында қылмысқа оқталудың түсінігі тура-лы мынандай анықтамалар кездеседі. қылмысты қасақана орындаған-мен, оны ойлаған субъектінің еркіне тәуелсіз жағдайларда қылмыстың нәтижесінің аяқталмауы,1 немесе Аяқталған қылмыстың құрамын орындауға тікелей бағытталған қоғамға қауіпті қасақана іс-әрекет осындай әрекеттер жасап отырған адамның еркіне тәуелді емес себептермен мақсаттына жетпеуі болып табылады1, сонымен қатар қылмысқа оқта-лу- бұл тікелей қасақаналықпен қылмыс жасауға тікелей бағытталған, ҚК Ерекше бөлімінің тиісті баптарының диспозицияларында бейнелен-ген аяқталған қылмыс құрамдарының объективтік жағының белгілері бар, яғни материальдық құрамдардағы қылмыстарда зардаптарға соқтырмаған немесе осы баптарда көрсетілген іс-әрекеттердің тек бас-тапқы бөлімін қамтитын әрекет немесе әрекетсіздіктің кінәліге байла-нысты емес жағдайлар бойынша аяғына дейін жеткізілмеуі болып табылады.2

Қылмысқа оқталудың түсінігін беруге арналған бұл анықтамалар-дың сапасы туралы сөз қозғамаймыз. Бұл біздің міндетімізге жатпай-ды, тек бұл жерде қылмысқа оқталу түсінігінің қылмыстық құқықта даулы екендігін ескертеміз.

Аяқталмаған оқталу ҚК Ерекше бөлімінің баптарындағы қасақана-лықпен жасалатын қылмыстарды жасауға тікелей бағытталған әрекеттер болып табылады. Анығырақ айтқанда, аяқталмаған оқталу-қаса-қаналықпен жасалатын қылмыстардың объективтік жағы белг-ілерінің жасалған іс-әрекетте болмауын, яғни қылмысты орын-дауға бағытталған әрекеттердің құрамның объективтік жағы белгілерін сипаттайтын іс-әрекетке дейін үзілуін білдіреді. Мысалы қылмыскер ңщық жасау орнына бара жатырғанда оны құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ұстап алуы немесе қылмыс жасайтын жерге жеткенімен қылмыстың затының орнында болмауы, өзге адамдардың бөгет болуы сияқты т.б себептерге байланысты қылмыстық жоспар не-месе қылмыстың бастапқы кезеңі аяғына дейін жеткізілмеуі мүмкін.

Тишкевич И. С. Приготовление и покушение по советскому уголовному праву (понятие и наказуемость). -М.: Госюриздат, 1958. С.93.

Гаухман Л.Д. Квалификация преступлений. -М.: С.182-183

Аяқталған оқталуда қылмыстың обьективтік жағын білдіретін іс-әрекеттер толық немесе ішін-ара жасалады, бірақ кінәлінің еркіне тәуелсіз себептерге байланысты қылмыстың зар дабы туындамайды немесе қылмысты әрекет мақсатына жетпей аяқта-лады. Сондықтан аяқталған оқталу материальдық құрамдарға жататын қылмыстарға тән деуге болады, өйткені материальдық құрамдарда қылмыстың обьективтік жағын білдіретін әрекеттер жасалғанмен, қылмыс-тық зардап туындамай тұрып аяқталды деуге болмайды. Мысалы ұрлық қылмысы материальдық құрамға жатады, бірақ бөтеннің меншігіне қарсы бағытталған әрекетті кінәлі адам жасағанмен, сол жердегі қылмыс затына, жағдайды толық білмеуіне байланысты аз көлемдегі мүлік не-месе өздерінің жоспарына кірмеген басқа, жарамсыз затты алып кетуі мүмкін. Сондай-ақ кісі өлтіру мақсатымен адамға қаратып мылтықтың шүріппесін басқанмен мылтық атылмауы немесе оқ тимей кетуі мүмкін. Міне осы тәрізді іс-әрекеттер кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен аяғына дейін жеткізілмегенде де қылмысқа оқталу деп бағаланады. Демек аяқталмаған оқталу мен аяқталған оқталудың айырмашылығы қылмыстың объективтік жағын құрайтын іс-әрекетті жасауы немесе жасауға үлгірмегендігінде болып табылады. Ал ұқсастығы қылмыстың мақстына жетпеуінде немесе қылмыстың заң жүзінде аяқталу моменті-не жетпеуінде.

Жоғарыда аяқталған оқталуда қылмыстың объективтік жағын құрай-тын іс-әрекеттер толық немесе ішін-ара жасалады дедік (бұл жерде біз бір неше әрекеттерден тұратын және осы әрекеттердің біреуі жасалса да қылмыстың аяқталуын білдіретін диспозицияларды айтып отырған жоқ-пыз). Қылмыстың объективтік жағын құрайтын әрекеттер Ерекше бөлім нормалары диспозицияларының ерекшелігіне қарай жай диспозиция түрінде бір әрекеттен, сипаттамалы диспозиция түрінде бірнеше әрекет-тен де тұрады. Қылмысқа оқталу мәселесінде Ерекше бөлім баптары-ның диспозицияларындағы іс-әрекеттерді толық немесе ішін-ара жасау, қылмыстың аяқталған немесе аяқталмағанын шешуде ролі болмайды. Бұл тек формальдық құрамдарға жататын қылмыстарда ғана өзгеше анықталады. Формальдық құрамдарды білдіретін қылмыстарда қылмыстың обьективтік жағын құрайтын әрекеттерді толық жасау қылмыстың аяқталғанын білдіреді. Мысалы адам ұрлау қылмысында жәбірленушіні басқа жаққа алып кеткен кезден адамның жеке басы бостандығы шек-телді деп саналады және қылмыс осы кезден аяқталды деп танылады. Қылмыстық заңда объективтік жағы бір белгіден ғана құралмайтын формальдық құрамдар да кездеседі. Мысалы жыныстық қылмыстарда жәбірленушіні ұрған, қорқытқан немесе дәрменсіз жағдайын пайдала-нған кезден қылмыс аяқталды деп бағаланбай, объективтік жағы толық орындалғанда, яғни жыныстық қатынас басталғанда ғана қылмыс аяқталы деп танылады. Бірақ қылмыстық заңдағы формальдық құрамдарға жататын көпшілік қылмыстарда обьективтік жағын құрайтын іс-әрекеттің біреуінің жасалуы-ақ қылмыстың аяқталғанын білдіреді. Бұл формаль-дық құрамдарға жататын іс-әрекеттерге қылмыстық-құқықтық шектеу қою негізіне байланысты. Ал материальдық құрамдарда қылмыстың объективтік жағын құрайтын әрекеттер толық жасалса да, ішін-ара жа-салса да қылмыстың аяқталғанын немесе аяқталмағанын анықтауға ролі жоқ, материальдық құрамдарда қылмыстың аяқталғанын анықтаушы негізгі белгі, ол заңда келтірілген зардаптың түрі мен көлемінің туын-дауы болып табылады.

Қылмысқа оқталудың орын алу мүмкіндігін қысқартылған (келте) құрамдар бойынша да келтіруге болады. Қысқартылған құрамдар-дағы қылмысқа оқталу-қылмыстың аяқталу уақытын немесе аяқталғанын білдіретін іс-әрекеттер жасауға тікелей бағытталған әрекеттердің кінәлінің еркіне байланысты емес себептермен аяғына дейін жеткізілмеуін көрсетеді. Қылмыстық құқықта қысқар-тылған құрамдарға бандитизм, қарулы бүлік, теңіз қарақшылығы, заң-сыз эскерилендірілген құраманы ұйымдастыру, террористік топ құру сияқты негізінен ұйымдасқан топпен, қылмыстық қауымдастықпен жасалатын қылмыстардың әр түрлі көріністері жатқызылған. Мүндай қылмыстарда олардың аяқталғанын білдіретін әрекеттер аяғына дейін жеткізілмесе қылмысқа оқталу ретінде бағаланып, ҚК Ерекше бөлімінің тиісті бабымен және 24 баптың тиісті бөліміне сілтеме жасау арқылы квалификациялануы керек. Мысалы ар-найы жауаптылығы 235 бапта қарастырылған ұйымдасқан топпен, қауым-дастыққа оқталу ретінде ұйым, топ басшысының басқа адамдарға осы топқа кіру туралы ұсыныс жасауын немесе өзге топтың басшысына қауым ретінде қылмыстылықпен айналысуға шақыруын, болашақта жасалатын қылмыстардың түрі мен жоспарын ұсынуын, бірақ ұсыныс жасалып отырған адамның бұл ұсынысты қабылдамауы немесе құқық қорғау органдарына мәлім болуы нәтижесінде ауыздықталуы алынады.

Бұл ереже сырттай қарағанда, ҚК 24 бабындағы топты құруға немесе қылмысқа қатысушыларды іздестіруге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аяқталмаған қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. Оқулық
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері
Қате және оның түрлері бойынша квалификациялау
Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы
Аяқталмаған қылмысқа қатысушылық және квалификация тәртібі
Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
АЯҚТАЛМАҒАН ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
Пәндер