ХХ ғасырдың басында капитализм


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

ХХ ғасырдың басында капитализм өзінің ең жоғарғы сатысы империализмге көшті. Әрбір дәуірдің өзіне сәйкес философиясы болады, өйткені философия сол дәуірдің рухани жиынтығы. Ендеше, империализмге де өзіндік философияға тән. Ондай философияны беймаркстік немесе маркстік емес философия деп айтады. Сонымен дүниежүзілік философия беймарктік және маркстік болып екіге бөлінеді. Көп жылдар бойы біздер беймаркстік философияның дағдарысы мен күйзелісіне, беймаркстік және маркстік философия арасындағы күреске баса көңіл аударып келдік. Оның дүниежүзілік рухани байлыққа қосқан үлесі ескерілмеді. Маркстік философия дүниежүзілік философиялық процестен оқшауланып қалды. Осының салдарынан ол асыра дәріптеліп, бір ғана ақиқат ілім ретінде қарастырылды. Беймаркстік философия іштей біртекті емес, онда көптеген бағыттар мен ағымдар, концепциялар мен теориялар бар. Оның өкілдері кезінде көптеген құнды идеалар мен пікірлер ұсынды. Мысалы, капиталистік елдердегі көрнекті философтар осы құрылысты сынап, адамгершілікке еш үйлеспейтін жақтарын дәлелдеп, адамзаттың болошағына қауіп туғызғандығын көрсетті. Кейінгі жылдарда олар жаңа әлемдік проблемаларды, соның ішінде экологиялық проблеманы күн тәртібіне қойды. Әлбетте, творчестволық маркстік-лениндік философия -қазіргі заманның пәрменді және революциялық-сыншыл философиясы. Осы философия мен беймаркстік философия арасында пікір таластыру мен ортақ проблемаларды талқылау адамзаттың философиялық ойының дамуына ауадай қажет. Беймаркстік философияны тереңірек талдап, әрі сын көзбен қарай отырып меңгеру -ғылыми философияның ілгері қарай дамуына қолайлы жағдай жасады.

Беймаркстік философияның қалыптасуына позитивизм, иррационализм және әлеуметтік философия сияқты бағыттар әсерін тигізді. ХІХ ғасырдағы француз философы О. Конт позитивизмның негізін қалады. Оның пікірінше философия ғылым емес, әрбір ғылым өзінше философия. Позитивизмның ХХ ғасырдың басындағы тарихи формасы ретіндегі механизмге кейінірек тоқталамыз. Иррационализм саласында Шопенгауэр мен Гартман ХХ ғасырдың беймаркстік философиясына едәуір кері әсерін тигізді. Олардың пікірінше, әлемнің негізгі бөлігінде санадан тыс ойламай іске асатын ерік бастамасы жатыр, сондықтан волюнтаризм мен қара дүрсіндікке жол беру керек. Сонымен қатар беймаркстік философияның әлеуметтік бағыттары, оынң ішінде этикалық социализм мен реформизм шапшаң дамыды.

1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясының сәтсіздікке ұшырауын пайдаланып, реакцияшыл күтер бас көтеріп марксизмге және оның философиясына қарсы шықты. Буржуазия өкілдері осы ревалбцияның жеңілісін маркстік ревалюциялық идеологияның жәнеоның философиялық негіздерінің жеңілісі деп түсіндірді. Осыған орай әр түрлі діни-идеалистік үйірмелер мен бағыттар қылаң бере бастады. Кейбір орыс социал-демакраттары миханизмнің немесе эмпириокритицизмнің реакцияшыл философиясына бой ұрды. Мұны В. И. Ленин “Материализм және эмпириокритицизм” атты еңбегінде талдап, өткір сынға алды.

ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында физика ғылымында бірқатар жаңалықтар ашылды. Ірі жетістіктер қашан да философиялық жаңа мәселелер туғызады және философиялық ой тұрғысынан түсіндіру талап етеді. Мұнда философиялық ой қорытулар мен тұжырымдарды диалектикалық және тарихи материализм тұрғысынан ғана жасау мүмкін еді.

Ал махизм сол революцияның жетістіктерін идеалистік тұрғыдан түсіндіру арқылы материализмге қарсы шықты. Оның Мах, Авенариус сияқты өкілдері және Богданов, Суворов сияқты орыс махистері: біз жаңа бағытты ұстаймыз, біздің іліміміз материализм мен идеализммен басқа олардан жоғарғы тұрады, біздің іліміміз философиялық партиялардың күресіне еш қатысы жоқ деп дәріптемек болды.

Метафизикалық материализм мен идеализмнен түңілген жаратылыстанушыларға Мах философиясы бастапқыда ұнап та қалды. Олар үшін дағдылы “тәжірибе”, “элемент” деген терминдерді кеңінен қолданып және өзінің субьективтік-идеалистік мәнін бүркемелеген махизм осылайша қолдаушылар тауып, кең тарай бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАРКСТІК ФИЛОСОФИЯНЫ ЛЕНИННІҢ ДАМЫТУЫ
Жасанды тіл
Қазақстанда ұлттық интелекцияның қалыптасу тарихы
Әлеуметтік шаруашылық нарығын құру қадамдары
Жаңа және қазіргі заманғы Еуропа және Америка елдерінің тарихы
ШЫҒЫС ЕЛДЕРІН ОТАРЛАУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
Қазақстан өнеркәсібін игеруге қатысты патшалық саясат
«Әлеуметтану» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері контактілік дәріс сабақтары
Әлеуметтану, әлеуметтану гуманистік әлеуметтік ғылымдар жүйесі. әлеуметтану пәнінің негізгі бағыттары. xx ғасыр әлеуметтану. қоғам әлеуметтік жүйе. әлеуметтік институттардың әлеуметтік процестер
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz