Отбасы құқығының мақсаты мен қағидасы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Отбасы құқығының мақсаты мен қағидалары
  2. Отбасы мен некенің тарихи нысандары. Қазіргі жағдайдағы
  3. Неке мен отбасы
  4. Отбасы құқығының пәні мен әдісі
Құқық саласы ретіндегі отбасы құқығының түсінігі, оның азаматтық құқықтан ерекшелігі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Отбасы түсінігі әртүрлі ғылым салаларында кеңінен қолданылады. Әлеуметтік мағынада отбасы дегеніміз неке отбасы және басқа да жеке байланыста өмір сүріп жатқан адамдардың одағы. Құқықтық мағынада отбасы белгілі бір құқықтар мен міндетердің жүктелуін атамыз.

Құқықтық түсініктер көлемі бойынша әлеуметтік түсініктермен сәйкес келмейді. Құқықтық мағынада ер мен әйелдің заңды некеге тұрмай нақты отбасылық қатынастары есептелмейді. Заң ғылымдарында отбасы дегеніміз некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынаста рын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Отбасының қоғамдағы басты функциясы адам өмірін жалғасуын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге отбасы балалар дың қоғамдық өмір сүруін, олардың рухани мен физикалық дамуын, тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді.

Отбасы адамдырдың рухани қажеттіліктерін қанағаттандырылуын қамтамасыз етеді.

Отбасы тек некелік қатынастар мен негізделмейді, сонымен қатар туыстық қатынастар мен негізделеді. Туыстық сызықтар мен дәрежелер мен анықталады. Сызықтар тікелей және шекті болады. Тікелей сызық бойынша тұлғаның біртұлғадан пайда болуын көрсетеді, яғни, ата . әже., ана, бала, немере. Шеткі сызықтарға ата-анасының інісі - қарындасы жәнеолардың балалары, немерелері.

Отбасы әр адамға керек, өйткені қоғамның дамуына көп әсерін тигізеді және де адамдардың әлеуметтік белсенділігін көтерілуінің факторы болып табылады. Отбасында адам мінезінің негіздері қалыптасады. Отбасы мен неке күрделі байланыстағы қоғамдық құбылыстарды көрсетеді. Әдетте неке отбасының негізі болып табылады, ал отбасы бұл азаматтардың жәнемемлекетпен қоғамның мүдделерін көрсететін әлеуметтік ұяшық.

Отбасы құқығы деп некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзгеде нысндарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен мііндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы қатынастарын реттейтін құқық саласын айтамыз.

Неке отбасы: қатынастарының жиынтығы. Дәлірек айтатын болсақ отбасы мүшелерінің : ерлі- зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың арасындағы, сондай-ақ басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастар.

Отбасы құқығының мақсаты мен қағидалары

Отбасы құқығының мақсаты - отбасы мүшелерінің арасында (бұрынғы мүшелерінің) пайда болатын отбасы қатынастарын реттеу. «Неке және отбасы туралы» ҚР заңының 3 бабында Қазақстан Республикасының неке және отбасы заңдары еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі, отбасы ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол бермеу, отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу және т. б. айтылған. Біздің мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі отбасы құқығы субъектілерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету және ол құқықтарды соттық қорғау мүмкіндігін жүзеге асыру.

Отбасы құқығының қағидалары деп осы құқық саласының мәнін және олардың құқықтық бекітілу күшіндегі жалпыға міндетті мәнін анықтайтын басты жағдайларды айтамыз.

Отбасы құқығының негізгі қағидалары мыналар:

1. Некені секуляризациялау, яғни шіркеу мен басқа да діни ұйымдарды барлық неке-отбасы сұрақтарын шешуден аластату. Қазақстандық заң некенің тек зайырлы нысанын ғана таниды. Соңғы жылдары неке қию немесе басқа да діни дәстүрлерді жасау кең тарауда, өйткені, дінді таңдау еркіндігі адамның конституциялық еркіндіктерінің бірі болып саналады. Бірақ бұл фактілердің барлығы адамның өзіндік қалауы болып саналады, ол үшін ешқандай құқықтық салдар туындамайды. Неке тек азаматтардың хал актілерін жазу органдарында ғана тіркеледі.

2. Моногамиялық қағидат адамның бір мергізлде тек бір ғана тіркелген некеде тұра алатындығын көрсетеді. Басқа некеге отыру үшін бірінші некесін бұзуы керек. Неке саны заңмен шектелмеген.

3. Неке еркіндігін екі тұрғыдан қарастыруға болады:

А) некеге тұру еркіндігі

Б) ажырасу еркіндігі

Біріншісі кез-келген еркек пен әйел некеге тұру немесе тұрмауды өз еркімен шешетіндігін көрсетеді. Неке одағына тұру кезінде қандай да бір зорлық көрсету салдарынан некені жарамсыз деп тану мүмкін.

Ажырасу еркіндігі - бұл егер ерлі-зайыптылардың біреуі қарсы болса да неке қатынасын тоқтату. Неке және отбасы туралы заңның 15 бабының 1 тармағына сәйкес неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екуінің де өтініші бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін. Сонымен қатар АХАЖ органдары мен соттар да ерлі-зайыптылардың өзара келісімі болған кезде олар не үшін некені бұзатындығын айқындамай-ақ некені бұза алады, өйткені некені бұзу сұрағын шешу - ол субъективтік және неғұрлұм жеке іс.

4. Әйел мен еркектің теңдігі туралы конституциялық жағдайға негізделген отбасындағы ерлі-зайыптылардың теңдігі қағидасы отбасының нығаюына әсер етеді.

5. Балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру. Әр бала өзінің отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы бар (НОТЗ 52 бабының 2 тармағы), бірақ объективтік немес субъективтік себептердің күшіне байланысты олар көбшілік жағдайда отбасынан тыс қалып қояды.

Отбасы заңы осы қағиданың күшіне сәйкес ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды ең алдымен отбасына (асырап алушының, қамқоршының) орналастыруды қарастырады, ал тек отбасында тәрбиелеу мүмкін болмаған жағдайда ғана кәмелетке толмағандарды балалар үйіне тәрбиелеуге береді.

6. Отбасының кәмелетке толмаған, еңбеккке жарамасыз мүшелелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үстемдігі. Отбасындағы өзіндік қарым қатынас біріне-бірі қамқор болу, ал егер кімде-кім ерекше қамқорлыққа мұқтаж болса - бұл отбасының басқа мүшелерінің қасиетті борышы. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңы кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларды өздерінің еңбекке жарамсыз немесе қартайған ата-анасына қамқорлық көрсетуге міндеттейді. Балалар ерекше қорғауда болуы керек: ата-ананың азаматтық парызы - әр баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету.

Отбасы мен некенің тарихи нысандары. Қазіргі жағдайдағы

неке мен отбасы

Қоғамның әлеуметтік институты ретінде неке мен отбасы өте ертеде пайда болды және өзінің дамуында бірнеше сатыдан өтті. Қоғам рулық белгі бойынша бөлінген промискуитет кезеңінде жыныстық қатынастар аралас болды. Дүниеге келген балалар бүкіл рулық қауыммен тәрбиеленді. Руын анасының жағынан анықтады, өйткені әкесін анықтау мүмкін болмады. Бұл кезең матриархат деп аталды.

Қоғам дамыды, онымен бірге мораль дамып, ата-ана мен балалардың арасындағы неке қатынастарының моральға қайшы екені туралы тұжырымдар пайда болды. Нәтижесінде адамзат жаңа неке қатынасының нысаны: топтық некеге көшті. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес ол екі нысаннан өтті: қандық туыстық отбасы мен пуналуалық отбасы. Қандық туыстық отбасында неке ұрпақ бойынша құрылды, яғни ата-ана мен балалар ұрпағы өзінің неке қауымдастығын құрды. Басқаша айтқанда, Ф. Энгельс дұрыс атап көрсеткен, апайы әйел болды және ол моральдық тұрғыдан дұрыс саналды. Бірақ біртіндеп некелік қарым-қатынас шеңберінен қандас туыстар, яғни туған аға мен апай шығарылды; пуналуалдық отбасы пайда болды. Онда бір рудағы туысқан қыздар тобы келесі топтағы туысқан ұлдар тобының ұжымдық әйелдері болып табылды. Бұндай неке қандық араласуды болдырмау салдарынан туындаса керек.

Өндіріс құралдарының дамуы, жер өңдеу мен мал өсіру сияқты алғашқы еңбек бөлінісінің пайда болуы, сонымен қатар қоғамдағы одан әрі пргрессивті өзгерістер артық өнімнің пайда болуына әкелді. Бұл некенің келесі сатысы - бір әйел мен бір еркектен тұратын некенің дамуына әсерін тигізді. Бірақ олардың тұрақты экономикалық жағдайларының болмауына байланысты, олар жеке мүліктік дербестікке жете алмай, сол өздерінің рулық ұйымдарында қалуларына мәжбүр болды. Тек адамдардың белгілі бір тобының (ақсақалдар, абыздар және әлеуметтік дәрежесі бар басқа да тұлғалар) өзіндік жеке отбасын құру мүмкіндігі болды. Осы кезеңде патриархат, яғни руын әкесінің жағынан анықтау пайда болды. Дегенмен әлі де болса да барлық жағдайда баланың биологиялық әкесін нақты анықтау мүмкін емес болды, өйткені бұл некелер де әлсіз, мықты емес болды.

Экономикалық қатынастардың, құқықтың одан әрі дамуына байланысты некелік одақтарды заңдастыру қажеттілігі туындады. Осыдан келіп дінмен қиылған моногамиялық некелер пайда болды. Бұл некелік қана емес сонымен қатар мүліктік қауымдастықтан тұратын әйел мен еркектің тұрақты одағы.

Моногамиялық неке - ол біздің елімізде танылған жалғыз некелік одақ.

Аталған неке нысандарымен қатар басқа да неке нысандары бар. Олар: полигамиялық және бір жыныстық неке.

Полигамиялық неке - ол үш және одан да көп мүшеден тұратын одақ. Егер бұл бір еркектің екі немесе одан да көп әйелмен одағы болса, онда оны полигинея деп атайды; керісінше - бір әйел мен бірнеше еркек болса, онда полиандрия деп атайды. Полигамниялық некелер көбінесе мұсылман елдерінде кездеседі, ал полиандриялық неке көп кездеспейді (аралдық африка мемлекеттерінде) . Әлемде бір жыныстық неке аз кездеседі, бірақ бірқатар мемлекеттер оларды заңдастыруға ниет білдіруде.

Отбасы құқығының пәні мен әдісі

Құқықтың кез-келген саласы сияқты отбасы құқығының да өзіне тән пәні мен құқықтық реттеу әдісі бар. Отбасы құқының пәні болып қоғамдық қатынастың екі тобы табылады: отбасы құқығының субъектілерінің арасында пайда болатын жеке мүліктік емес және олармен байланысты мүліктік қатынастар.

Қатынастардың негізгі бөлігін мүліктік емес қатынастар құрайды, ал мүліктік қатынастардың тек екі түрі бар; алименттік және неке кезінде бірге жинаған мүліктеріне қатысты ерлі-зайыптылардың арасындағы қатынастар.

Отбасы өмірінің көптеген жақтарын құқық емес мораль реттейді. Отбасы қатынастары өзінің мәні жағынан дербес қатынас болып табылады, сондықтан мемлекет ол қатынастардың неғұрлұм ерекше мағанасы барын және қоғамдақ мүддеден туындайтынын, әсіресе, отбасының кәмелетке толмаған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне байланысты қатынастарын реттейді.

Отбасы заңымен реттелетін қатынастардың нақты түрлері «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 9 бабында қарастырылған:

- некеге отыру тәртібі мен шарты,

- некені тоқтату және оны жарамсыз деп тану,

- отбасы мүшелерінің арасындағы жеке мүліктік емес және мүліктік қатынастар (ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, асырап алушылар мен асырап алынғандардың, отбасы заңымен қарастырылған көлемде - басқа туыстар мен тұлғалардың арасында),

- ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды орналастыру тәртібі мен нысаны.

Отбасы құқығы үшін императивті-ерікті әдіс тән. Оның мәні келесіде, отбасы құқығының нормалары кейбір жағдайларда отбасы құқығының мүшелеріне өздерінің мінез-қылығын анықтауда еріктілікті қарастырады.

Мысалы, ерлі-зайыптылар мүліктік қатынаста ортақ меншік режимін өзгерту үшін:

- неке келісімін ресімдеуге,

- алимент төлеу туралы келісім жасау құқығы арқылы алимент төлеу немес алуға,

- фамилиялары әр түрлі ата-аналар баланың тегін өз қалаулары бойынша анықтауға т. б. құқылы.

Сонымен қатар отбасы құқығының субъектілері өз қалауы бойынша әрекет ету мүмкіндігінде шектелген. Мысалы:

- неке келісімі тек мүліктік сипаттағы шартты ғана қарастыра алады;

- алименттік келісімде кәмелеттік жасқа толмаған балаларға төленетін алименттің көлемін анықтау кезінде алимент көлемі заңда қарастырылған мөлшерден кем болмауы керек;

- баланың тегін екі нысанда таңдайды - әкесі немесе шешесінің тегі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқығының бастаулары
Қазақ құқығындағы көп әйел алушылық
Неке шартының түсінігі және маңызды шарттары
Ертедегі қазақ халқының некелесу дәстүрі
Сот талқылауының тікелейлігі
Отбасы құқығының мақсаты мен қағидалары
Іс жүргізу құқығы
Жаңа дәуірдегі Германия мемлекетінің азаматтық құқығы
Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан, жеті жарғы
Қазіргі заманның негізгі құқықтық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz