Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың медициналық қызметі



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. АҚ және ТЖ медициналық қызметі.
2. АҚ және ТЖ өртке қарсы қызметі.
3. АҚ және ТЖ жанар.жағар май материалдары қызметі.
4. АҚ және ТЖ жолдар мен көпірлер қызметі.
5. АҚ және ТЖ жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б.
1. «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» (оқулық) С. Арпабеков, Алматы, 2004.-256бет.
2. «Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған.» І – том.
3. «Табиғат қорғау», Е. Мамбетқазиев, Қ. Сыбанбеков, Алматы, 1990.-412 бет.

Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
АҚ және ТЖ медициналық қызметі.
АҚ және ТЖ өртке қарсы қызметі.
АҚ және ТЖ жанар-жағар май материалдары қызметі.
АҚ және ТЖ жолдар мен көпірлер қызметі.
АҚ және ТЖ жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе

Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері,  газбен,  сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б. Қазақстан Республикасында  азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады.

АҚ және ТЖ медициналық қызметі.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың медициналық қызметі (Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметі) Азаматтық қорғаныс іс-шараларын медициналық қамтамасыз ету, зардап шеккендерге медициналық қызмет көрсету мақсатымен құрылады.
Қызметтің міндеттері:
төтенше жағдайлардың медициналық-салдарының деңгейін азайтуды қамтамасыз ететін республикадағы бірыңғай саясатты негіздеу мен өткізу;
Азаматтық қорғаныстың медициналық іс-шараларын жүзеге асыру, емдеу-эвакуациялық, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу;
төтенше жағдайлардың медика-санитарлық, эпиедмиологиялық және гигиеналық салдарын болжау, қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану, ықтимал шығындарды азайту жөніндегі жоспарларды әзірлеу;
медициналық қалыптасуларды құру және ұстау, оларды техникамен, мүлікпен және құралдармен жабдықтау;
зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге үнемі дайындықты қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар аймақтарында және зақымдау ошақтарында медициналық қызмет күштері мен құралдарын алғашқы қатарға қоюды қамтамасыз ету;
медициналық қызметті уақытында көрсету, зақымданғандарды эвакуациялау мен емдеу, зардап шеккендердің денсаулығын еңбекке қайта баулу арқылы жылдам қайтару, төтенше жағдайлар мен зақымдану аймақтарындағы қайтарымсыз шығындардың ең көп мөлшерде азаюы, сонымен бірге медициналық эвакуация сатысы мен жолдарында мүгедектер көрсеткіштерін азайту;
төтенше жағдайлардың психоневрологиялық және эмоционалды әсерін азайтуға бағытталған емдеу-алдын-алу іс-шараларын өткізу, халыққа зарарсыздандыру құралдарын қолдану және оларды жылдам зарарсыздандыру;
халықтың санитарлық ыңғайлылығын қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар кезінде елді мекен аймақтары мен зақымдалған жақын территорияларда жаппай жұқпалы аурулардың туындайы мен таратылуын алдын алу;
құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды өткізу кезіәнде жеке құрамның денсаулығын сақтау, оларға қажетті медициналық қызмет көрсету;
қаза болғандарға сот-медициналық сараптамасы мен еңбекке жарамсыздығын жоғалту бағасына болжау, жарақат ауырлығының дәрежесін анықтау үшін зақымдалушыларға сот-медициналық куәландыру;
халықты өзіндік және өзара көмек көрсетуге оқыту;
медициналық мекемелерде медициналық препараттардың қорын жасау.

АҚ және ТЖ өртке қарсы қызметі.
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың өртке қарсы қызметі Азаматтық қорғаныстың өртке қарсы іс-шараларын қамтамасыз ету, қоршаған орта мен мүлікті, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатымен құрылады.
Қызметтің міндеттері:
Төтенше жағдайлар аймақтарында өрттің алдын алу мен өртті сөндіру, іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың өртке қарсы қызметтерінің жоспарын әзірлеу мен уақытында жоспарға түзету енгізу;
қалалардың, аудандардың, елді мекендер мен ұйымдардың ірі өрттерге қарсы беріктігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың уақытында орындалуын (техникалық, ұйымдастырушылық және өрт-сақтандыру және т.б.) жүзеге асыру, сонымен бірге құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды өртке қарсы қамтамасыз етуге, оларды сөндіруге қажетті шараларды құруды қамтамасыз ету;
төтенше жағдайлар аймақтарында өртке қарсы қызметтің үнемі дайын болуын құру, дайындау және қолдау;
өртке қарсы қызмет жүйелері мен байланыс, ақпарат тарату құралдарын, басқару пунктерінің дайындықта болуын құру және қолдау;
өртті сөндіру мен ескерту бөлімінде қазіргі заманғы құралдарды қолдануда, төтенше жағдайларда халықтың әрекетін дайындау мен оқытуға қатысу;
төтенше жағдайларды ескерту мен шығындарды азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру, халықты олардың салдарынан қорғауды жүзеге асыру;
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүйесін нығайту мен қарулық қабілеттілігін сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, соның ішінде жеке құрамды өртке қарсы жабындар мен жер төлелермен, қорғану құрылыстарын өрт техникасымен қамтамасыз ету, жарықпен бөлу іс-шараларын өткізу;
Өрт техникасын, өрт-техникалық жабдықтарды және өрт сөндіруші құралдардың қорын үнемі дайындықта ұстау;
елді мекендер мен ұйымдардың бөлімшелерінің ведомостволық меншіктілігі мен жеке меншік түріне қарамастан өртке қарсы дайындылығын қамтамасыз ету, және де өртті сөндіруде олардың әрекеттерін басқару;
өртке қарсы қызмет күштері мен құралдарының есебін жүргізу.

АҚ және ТЖ жанар-жағар май материалдары қызметі.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жанар-жағар май материалдарының қызметі Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауда халыққа жанар-жағар май материалдарымен, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметін құру, Азаматтық қорғаныс күштерін қамтамасыз ету мақсатымен құрылады.
Қызметтің міндеттері:
Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау үшін бейбіт және соғыс уақытына жанар-жағар май материалдарының қорын жоспарлау мен құру;
төтенше жағдайлар аймақтарында Азаматтық қорғаныс іс-шараларын жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету;
тұрақты және стационарлы құю станцияларының жұмысын есепке алу мен бақылау, жанар-жағар май материалдарына арналған сыйымдылықтың болуы, сонымен бірге Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз етуге арналған республиканың құю станцияларының мүмкіндіктерін бақылау;
құтқару және шұғыл жұмыстардың орнын, эвакуацияланатын халыққа жанар-жағар май материалдарын жеткізу.

АҚ және ТЖ жолдар мен көпірлер қызметі.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың жолдар мен көпірлер қызметі төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Азаматтық қорғаныс іс-шараларын өткізгенде жолдар мен көпірлерді жөндеу мен қалпына келтіру, жол-көпір қамтамасыз етуді жоспарлау мен ұйымдастыруға арналған.
Қызметтің міндеттері:
Азаматтық қорғаныстың жол және арнайы іс-шараларын бейбіт және соғыс уақытында ұйымдастыру мен орындау;
тағайындалуына қарай қызметтердің әрекеттерге дайындығын құру мен қолдау;
төтенше жағдайлар аймақтарында құтқару және шұғыл жұмыстарды өткізгенде апатты-құтқару қызметінің қалыптасуы мен Азаматтық қорғаныс күштердің әрекеттерін қамтамасыз ету;
республиканың автожол желісін, ондағы ең маңызды нысандарды техникалық жабу;
автомобиль жолдарының жағдайын барлауды ұйымдастыру мен жүргізу;
төтенше жағдайлар туындағанда көлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қорғаныстың міндеттері
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері»
Алматы қаласы «құтқару қызметінің» төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыруы және өткізуі
Бейбітшілік және соғыс уақыты кезіндегі төтенше жағдайларда тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру
Алкоголизм, шылым шегу, нашақорлық және адам денсаулығы мәселелері
Төтенше жағдай кезіндегі білікті медициналық көмек ұйымдастыру
Төтенше жағдайда қорғау
Төтенше жағдайдағы объектілер жұмысының тұрақтылығын арттыру жолдары
Төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсету
Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Пәндер