ҚР салықтық құрылысы


Мазмұны
- Салық төлеуші
- Салық төлеушінің құқықтары
- Салық қызметі органдарының құқықтары.
- Салық қызметі органдарының міндеттері.
- Салық құқығының пәні, әдісі және жүйесі.
- Салықтың қайнар көздері
ҚР салықтық құрылысы
Салық төлеушінің құқықтары.
Салық төлеуші:
- қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы; салық заңдарындағы өзгерістер туралы салық қызметі органдарынан ақпарат алуға
- салық қатнастары мәселелері бойынша өз мүдделерін жеке өзі не өз өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен білдіруге
- салық бақылауы нәтижелерін алуға
- жеке шотын салық міндеттемелерінің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай - күйі туралы көшірме алуға
- салық құпиясының сақталуын талап етуге
- салық салуға қатысы жоқ ақпарат пен құжаттар табыс етпеуге құқылы
- салық төлеушінің ҚР салық заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.
Салық төлеушінің міндеттері.
Салық төлеуші:
- салық қызметі органдарының анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай - ақ қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамауға
- нұақама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық салу объетісі және салық салумен байланысты объект болып табылптын мүлікті тексеруіне жол беруге
- заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына және таратылуына, жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметінің тоқтатылуына байланысты құжаттық тексеруді жүргізу туралы салық органыны өтініш беруге міндетті.
Салық қызметі органдарының құқықтары.
- Салық кодексіне сәйкес кесімдік құқықтық актілерді жасау және бекіту
- өз өкілеттілігі аумағында салық міндеттерінің туындауы, атқаруды және тоқтатылуына байланысты түсініктем беру
- салықтық бақылауды жүргізу
- ҚР заңнамасында бекітілген талаптарды сақтай отырып салық төлеушінің міндеттемесімен байланысты ақша қаражаттаоының құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарды, есептерді, сметаларды, қолма - қол ақшаларды, бағалы қағаздарды, есеп айырысуларды, декларацияларды және өзге де құжаттарды тексеру
- салық төлеушілерден есептелген және төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы жинақтаушы зейнетақы қорына жасалатын міндеттерді зейнет ақы жарналары туралы құжаттарды талап ету
- салықтарды тексеру барысында салық заңдылықтарын бұзушылықтарын растайтын құжаттарды тәркілеу
- ҚР Үкіметі бекіткен тізбе бойынша салық төлеушіден электрондыққұжаттарды алу
- банктерден және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан салық төлеушінің банк шоттарының номерін ондағы ақша қозғалысымен қалдық туралы мәліметтер алу және тағы басқа құқықтары бар.
Салық қызметі органдарының міндеттері.
- салық құқықтарын сақтау
- мемлекет мүддесін қорғау
- салық төлеушілердің салықтық міндеттерін дұрыс орындауын және жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын толық әрі уақтылы аударуын бақылау
- салық төлеушілердің салық салу объектілерінің және төленетін басқа да міндетті төлемдердің есебін жүргізу
- салықтық тексерулерін нұсқама бойынша жүргізу
- салық құпиясын сақтау
- салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге әкімшілік шараларын қолдану
- мемлекет меншігіне айналған мүліктерді есепке алу, сақтау, бағалау, өткізу және оны өткізуден түскен түсімінің бюджетке толық әрі уақтылы түсуін бақылау және тағы басқа міндеттер.
Салық құқығының пәні, әдісі және жүйесі.
Салық құқығы дегеніміз мемлекеттің салық құқығыың барысында туындайтын қоғамдық қатнастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Салық құқығының әдістеріне императивтік және диспазитивтік әдістер жатады. Салық салу аясында мемлекет тарапынан қолданылатын негізгі әдіс - императивтік әдіс болып табылады. Салық құқығының болмысының нысаны ретінде салық заңдарын айтуға болады. Салық заңдарына мемлекеттік салық салу аясындағы қоғамдық қатнастарды реттейтін құқықтық нормативтік актілердің жиынтығы жатады.
Салық жүйесі - мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржы қатнастары және осы қатнасты анықтайтын салықтар салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен тәсілдері, жолдары мен салық заңдары жәнесалыққа қатысты келісімдердің салық қызметі органдарының жиынтығын құрайды. Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасаудың ең негізгі құралы болыуы мен қатар ел экономикасын қайта құруға өндірістің ұлғаюын, дамуына және саяси әлеуметтік шаралардың толығы мен іске асатын мүмкіндік туғызады.
1-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші (салық агенті) арасындағы салық міндеттемеcін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Осы Кодексте көзделмеген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.
3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.
4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің арасында қайшылықтар болған кезде салық салу мақсатында осы Кодекстің нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық қатынастарды реттейтін нормаларды салықтық емес заңнамаға енгізуге тыйым салынады.
5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, көрсетілген шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.
2. Салық әкімшілігін жүргізу, салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту жөніндегі өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.
4-бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.
2. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.
5-бап. Салық салудың міндеттілігі принципі
Салық төлеуші - салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
6-бап. Салық салудың айқындылығы принципі
Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салық міндеттемесі, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.
7-бап. Салық салудың әділдігі принципі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz