Экономикалық қылмыстардың алдын алу жөніндегі нормаларды тиiмділеу


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

Тарау 1. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға құқықтық сипаттама . . . 7

1. 1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар түсінігі және оның түрлері . . . 7

1. 2 Кәсіпкерлік және басқа да экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстар . . . 8

1. 3 Ақша-несие саласындағы кейбір қылмыстар . . . 25

1. 4 Экономикалық қызмет саласындағы басқа да қылмыстар . . . 42

Тарау 2. Экономика саласындағы қылмыстарға криминологиялық шолу . . . 66

2. 1 Экономика саласындағы қылмыстардың динамикасы, жалпы жағдайы мен құрылымы . . . 66

2. 2 Экономика саласындағы қылмыстардың себептерi мен шарттары . . . 72

2. 3 Экономика саласындағы қылмыскердiң тұлғасы . . . 76

2. 4 Экономика саласындағы қылмыстардың алдын алу шаралары . . . 81

Қорытынды . . . 89

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 92

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектiлiгi. Қазақ мемлекетi тарихы тұсында алғаш рет 1991-жылы 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Конституциялық заңы қабылданып, оның кiрiспесiнде бiздiң елiмiздiң мемлекеттiк тәуелсiздiгi бүкiл әлемге салтнатты түрде жарияланды. Ендiгi жерде тоталитарлық режимге экономика, саясат пен идеологияның жалпы тәуелдiгiне еш уақытта қайта оралмауға серт етiлдi.

Бүкiл халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам, мемлекет және азаматтардың негiзгi қағидалары мен өмiрлiк қызмет бағыттарын бекiттi. Оның алғашқы бабы, Қазақстан өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыратыны; ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екенiн жария еттi[1] .

Бiрнеше он жылдықтар бойы сақталған «социалистiк» қоғамдық қатынастан «нарықтық» қатынасқа көшу кезеңi, нақты тәуелсiздiктi жүзеге асыру мен жас мемлекеттiң егемендiкке жетуi оңай қару болмай, өзiндiк қиындықтарға кез болады, экономика саласында күйзелiстерге ұшырады. Жұмыссыздар пайда болды, еңбек ақы мен жәрдемақының төленбеуi нәтижесiнде Республикамыз бiрқатар ереуiлдер туғызады. Қоғамымызда қоғамдық және құқықтық тәртiп деңгейi төмендейдi.

Қазақстан халқына ел Президентi Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030 даму, қауiпсiздiк және болашақ қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту» атты жолдауында бiздiң қоғамымыз бен мемлекетiмiздiң перспективтi дамуы жоспарланды. Жинақталған өмiрлiк тәжiрибиеден арылмас үшiн қоғамға қайта қарау және ғылыми баға беру қажеттiгi туындайды. Басқа сапалық құқықтық және әлеуметтiк жүйеге өту кезеңi бойынша уақыт күрделi жұмыстар жүргiзудi қажет етедi[2] .

Осыған орай қоғамымыздағы өзгерiстерге сәйкес мемлекеттiк таразаланған саясатымен қолдау табатын рухани атмосфераны қалыптастыру маңызды.

Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтардың қылмыстардан тұрақты өсу тенденциясы қоғамдағы табиғи - саяси климатқа терiс әсер етедi, адамдар ертеңгi күнге сенiмсiздiк тудырады.

Соңғы жылдары республикамыздағы қылмыстардың жалпы саны төмендегiдей көрiнедi.

2000 ж. - 150790, 2001 ж. - 152168, 2002 - 135151, 2003 ж. - 118485, 2004 ж. - 143550, 2005-146347, 2006ж. -141082, 2007ж. -185252, 2008ж. -18566, 2009ж. -19544.

Жоғарыда келтiрiлген нақты тiркелген көрсеткiштерден қылмыстылық санының соңғы жылдары екi есеге өсiп отырғандығын байқаймыз. Жалпы қылмыстылықтың қатарында экономикалық қылмыстар елеулi орын салады: 2000ж. -15609, 2001ж. -14741, 2002ж. - 15099, 2003ж. - 12687, 2004ж. -10032, 2005ж. - 8832, 2006ж. - 8178, 2007ж. - 8199, 2008ж. - 9155, 2009ж. -9211.

Берілген көрсеткіштерден экономикалық қылмыстардың соңғы жылдары азайғандығы байқалады. Алайда, экономикалық қылмыстылыққа латтентілік тән құбылыс.

Экономикалық қылмыстарың ерекше «ядросы» банктiк қылмыстар болып табылады. Себебi қаржы саласы нарықтық экономиканың иiнi. Соңғы жылдары жалпы мемлекеттiк дәрежеде экономикалық, әсiресе банк қызметi саласындағы жұмыстар мен күрес жалпы экономикалық қылмыстылықпен күресудiң негiзгi бағыты болып табылады.

Банктiк қылмыстардың қауiптiлiгi ұлттық байлықтың шетелге кетуiмен тағыз байланысты. Үш жылдың өзiнде (2007 - 2009) несиенi заңсыз және мақсатсыз пайдаланудан банкке 20 есе шығын келген. 2007 жылы 3 млрд. теңгеден 2009 жылы 80 млрд. теңгеге дейiн несие қайтарылмаған. Бұл қаражаттың елеулi бөлiгi шетелге өткен. Банктiк қызметтегi қылмыстардың қоғамға қауiптiлiгiн тек экономикалық шығындармен ғана өлшеуге болмайды. Оның әлеуметтiк - псхологиялық және рухани зардаптары бар түрлi әлеуметтiк топ иелерi өз араларында негiзсiз бөлiнуiне және топ иелерi өз араларында негiзсiз бөлiнуiне және тәуелдiгiне алып келуде. Банктiк қызмет саласында түрлi қылмыстық (криминалды) бiрлестiктердiң арасында заңсыз баюға байланысты кектi соғыс болуды. Бұл әрекеттер адамдардың өмiрi, денсаулығы, бастандығына қарсы, отбасы мүшелелерi мен туыстарына қарсы қылмыстарға жалғасуда. 2005 - 2009 жылдарда банк ұйымындағы жауапты қызметшiлер мен басшылардың өмiрiне қол сұққан 100- ден аса қылмыстар құқық қорғау органдарымен тiркелген. Сондықтан да банк қылмыстардан қазiргi кезде жәбiр көретiндер өте көп деуге негiз бар.

Кейбiр ғалымдардың пiкiрiнше, экономикалық қылмыстардың өсу себебiне мыналар жатады: әкiмшiлiк - бюрократиялық механизiмдердiң етек алуы, жемқорлықтың өсуi, қос моральдық, жоғары билеушi эшелондардың қылмысқа қатысуы, екi жақты заңдылық, яғни заң алдында шын мәнiсiнде азамат пен басшылардың теңдiгi, жұмыс нәтижесiне шын қызығушылықтың болмауы.

Бүгiнгi таңда экономикалық қызметтегі қылмыстылықтың алдын алу тұтас зерттелiп болмағанын айтпай кете алмаймыз. Жалпы және арнайы әлеуметтiк, сондай - ақ қылмыстық құқықтық шараларды сәйкестендiру, экономикалық қылмыстық істерді ашуда, тиімдеу арқылы экономика саласындағы қылмыстардың алдын алуды тиiмдi ұйымдастыруға болады. Ол ел экономикасын қорғау және дамытудың, қаржы-несие қызметiн дұрыс қамтамасыз етудiң басты алғышарттары болмақ.

Сондықтан да Қазақстан Республикасы ел Президентiнiң «Елдiң жағдайы мен iшкi жеке сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы» жолдауында былай делiндi[3] :

«Мыналарды жасау қажет:

- шаруашылық субъектiлерiнiң банктiк несие алуына мүмкiндiк бередi;

- мемлекет қарыздарын кезектiлiкпен жоюдың кешендi шараларын жүргiзу экономикадағы қарыздарды қайтаратында мақсатты топтар құру;

- экономиканың өсуiне, мемлекет қатынасы түсетiн және азаматтарға тiкелей пайдалы болатын бағдарламаларға мемлекет қаражатын бөлу».

Бұл жағдайлар зерттеу тақырыбының өзектiлігін құрайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты экономикалық қылмыстардың алдын алу жөніндегі нормаларды тиiмділеу болып табылады. Аталған мақсатқа жетуде төмендегiдей мiндеттер туындайды:

- Экономикалық қылмыстарды зерттеу;

- Экономикалық қылмыстарың ажай-күйін ашу;

- Қылмыскерлердің жеке басын бағалау;

- Экономикалық қылмыстылықтың себеп-шарттарын зерделеу;

- Экономикалық саласындағы қылмыстық істерді алдын ала шараларын анықтау.

Iздену жұмысын жүргiзуге материалистiк диалектика, әлеуметтану, қылмыстық құқық және криминология теориялары және олардың әдiстемелiк, концептуалды қағидалары негiз болады.

Жұмыс процесiнде жалпы - логикалық, заңды, статистикалық, әлеуметтiк және салыстырмалы құқықтық зерттеу әдiстерi қолданылады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

1. Экономикалық қылмыстарды ауыр және аса ауыр қылмыстар қатарына жатқызу;

2. Салықтар үшін барлық жағдайда да мүлікті тәркілеу түріндегі қосымша жазаны қолдану.

Магистрлік диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығына экономикалық қылмыстарға криминологиялық және қылмыстық құқықтық баға беріліп, кешенді түрде ғылыми зерттелгендігін жатқызуға болады.

Магистрлік диссертациялық зерттеудің теориялық және тәжірбиелік маңызы: Іздену жұмысын жүргізу барысында қылмыстық құқық және криминология теориялары мен қағидаларына сүйене отырып, жанама салықтан жалтару мен күресу шаралары жүйесін құруға және азаматтардың, ұйымдардың кіріс туралы декларациясы мен өзге де қаржы құжаттарын тапсырмауы, көрінеу кіріс туралы бұрмаланған деректер беру және акциздік алым маркаларын таңбалаудың тәртібі мен ережесін бұзу және жалған көрінеу акциздік алым маркасын жасау, пайдалану жөніндгеі қылмыстық нормаларды жетілдіру жолындағы мақсатқа жеткізудің теориялық іргесін қалауға талпынған зерттеу нәтижесін құқық қорғау және қаржылық бақылау органдары, жоғары оқу орнының ұстаздары қолдана алады.

Магистрлік диссертациялық зерттеудің теориялық негіздері: Зерттеліп отырған диссертациялық жұмысты жазу кезінде логика, философия, экономикалық теория, қылмыстық құқық және криминология, құқықтық статистика, криминалистика, сот сараптамасы, қаржы құқығы, құқық қорғау органдары ғылым салаларына жүгінген.

Магистрлық диссертациялық жұмыстың нормативтiк базасын Қазақстан Республикасы Конституциясы, ҚР қылмыстық кодексі, қаржы-несие саласындағы заңнамалар және басқа да экономикалық қызмет саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк актiлер құрайды.

Жұмыс нәтижелерiн экономикалық қылмыстармен күрес шараларын әрi қарай жетiлдiруге, қаржы-несие саласындағы практикалық қызметтерді ұйымдастыру барысында қолдануға болады.

Іздену жұмыстардың сыннан өтуі. Магистрлік диссертациядағы негізгі теориялық тұжырымдар мен ұсыныстар, сонымен бірге тәжірибелік ұсыныстар автордың екі ғылыми мақаласында жарық көрді: Салықтан, кеден төлемдері және алымдарынан жалтару мен сыбайлас жемқорлық қылмыстарының байланысы. // Қазақстанның ғылыми әлемі. №6(28), Алматы 2009, 177-180б. б; Қылмыстардың алдын алудағы қылмыстық пен қылмыстық іс жүргізу заңнамаларының мақсаттары. // «Инновациялық технологиялардың білім беру мен ғылымындағы қазіргі кездегі мәселелер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері, Шымкент 2009ж, 83-85б. б. Ізденіс қорытындылары халықаралық ғылыми конференция материалдарында және журналда жарияланады.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі . Зерттеу жұмысы кiрiспе, екi тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

ТАРАУ 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМА

1. 1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар материалдық және басқа да құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті өндіруге, бөлуге, айырбастауға және тұтынуға байланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін, қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындарда сол қызмет процесінде қалыптасқан бірыңғай тектік қоғамдық қатынас болады.

Экономикалық қызмет саласындағы бірқатар қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны-ондағы қылмыс заты болып табылады. Мысалы, тауарлық белгі (ҚК-тің 199-бабы, ) коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтер (200-бап), бағалы қағаздар (202, 205-бап), жалған ақша (206-бап), төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттары (207-бап), акциздік алым маркалары (208-бап) .

Қарастырылатын қылмыстың көбісінің обьективтік жағы қылмыстың жасалуымен сипатталады. Кейбіреулері әрекетсіздік арқылы да жасалынады. Мысалы, несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚК-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), бухгалтерлік есел ережелерін бұзу (218-бап), салықтарды төлеуден жалтару (221, 222-баптар) .

Экономикалық қызмет саласындағы кейбір қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны, ол-заңда көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың болуы. Оларда матриалдық құрам болады. Мысалы, ҚК-тің 192-194, 196-198, 203-205, 215-222-баптарында көзделген қылмыстар.

ҚК-тің осы, қарастылырып отырған қылмыстардың бірқатар баптарында бланкеттік сипат бар. Мысалы, ҚР ҚК-тің 197, 205, 218-баптары.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы, субьективтік жағынан, өздерінің әдейі, қасақана жасалғандығымен сипатталады. Олардың кейбіреулерінің субьективтік жағының міндетті түрдегі нышаны, оларда себеп пен мақсаттың болуы (ҚР ҚК-тің 192, 193, 198, 204-баптары) .

Экономикалық кызмет саласындағы қылмыстардың субьектісі қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған, есі дұрыс адам бола алады. Ал, мұндай қылмыстардың кейбіреулерінің субьектісі тек лауазымды адамдар (ҚК-тің баптары), банк қызметкерлері ғана (189, 202 -баптары) болады.

Тікелей субьектісі бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды шартты түрде мынандай түрлерге бөлуге болады:

1) кәсіпкерлік саладағы және экономикалық қызметтің басқа да саласындағы қылмыстар: заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚК-тің 189-бабы, ) заңсыз кәсіпкерлік (190-бап), заңсыз банктік қызмет (191-бап), жалған кәсіпкерлік (192-бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (193-бап), монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу (196-бап), көрінеу жалған жарнама беру (198-бап), тауарлық белгіні заңсыз пайдалану (199-бап), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету (200-бап), кәсіптік спорт жарыстарының және ойын- сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу (201-бап), банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер (215-бап), әдейі банкроттық (217-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап), табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәліметтерді тіркеу (225-бап), мәліме жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға тәжбүр ету (ҚК-тің 226-бабы) ;

2) ақша-несие саласындағы қылмыстар: несиені заңсыз алу және
мақсатсыз пайдалану (ҚК-тің 194-бабы), несиелік берешекті өтуден әдейі жалтыру (195-бап), бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу (202-бап), бағалы зағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (203-бап), бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (204-бап), бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (205-бап), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (ҚК-тің 207-бапы) ;

3) қаржылық қызмет саласындағы қылмыстары: акциздік алым
маркаларын қолдан жасау және пайдалану (208-бап), экономикалық контрабанда (209-бап), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (219-бап), банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану (220-бап), азаматтың салық төлеуден жалтаруы (221-бап), ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (ҚК-тің 222-бабы) ;

4) сауда және халыққа қызмет көрсету саласындағы қылмыстар:
көпшілік сауда-саттықтар мен аукцияндардағы өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу (197-бабы), тұтынушыларды алдау (223-бап), заңсыз сыйақы алу (ҚК-тің 224-бабы) ;

5) экономикалық қызмет саласындағы басқа да қылмыстар: компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (ҚК-тің 227-бабы) .

1. 2 КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР

Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау жөніндегі қылмыстың қауіптілігі сонда-заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау арқылы әрбір адамның кәсіпкерлік қызмет үшін өз мүмкіндіктері мен мүлкін еркін пайдалану құқығын шектейді, сондай-ақ экономикалық қызметті реттеу міндеті жүктелген мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының беделін түсіреді. Бұл қылмыс жасалғанда мемлекеттің кәсіпкерлік қызметіне еркіндік беретін және оны қорғап, оған қолдау көрсететін кепілдігі бұзылады, яғни Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 10-бабы 2-бөлігінің ережелері өрескел бұзылады.

Бұл қылмыста екі обьектіге қол сүғылады. Бұл талданып отырған қылмыстың негізі тікелей обьектілері экономикалық қызметті реттеумен байланысты қоғамдық қатынастарды құрайды, ал қосымша обьектісі-кәсіпкерлікпен және басқа да заң тыйым салмаған қызметпен айналысу құқығы. Бұл құқық Қазақстан Республикасының Конститциясында жарияланған, ал кәсіпкерлік қызметі Азаматтық кодекс, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет түрлерін қарастыратын бірқатар заңдар мен заңдық актілер реттейді. Атап айтқанда, олар-1990 жылғы 11 желтоқсандағы «Қазақ ССР-інде шаруашылық қызметтің бостандығын және кәсіпкерлікті дамыту туралы», 1992 жылғы 4 шілдедегі «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және оған қолдау көрсету туралы», 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы», 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Лицензиялау туралы», 1995 жылғы 2 мамырдағы «Шаруашылық серіктестіктер туралы», 1995 жылғы 19 маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», 1991 жылғы 11 маусымдағы «Бәсекелестікті дамыту және монополиялық қызметті шектеу туралы» зандар.

Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау обьективтік жаққа жатады, ол мынадай формаларда болады: а) жеке кәсіпкердің құқығы мен заңды мүдделерін шектеу; б) ұйымдастыру-құқықтық формасына немесе меншік формасына байланысты коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу; в) жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның қызметіне басқадай да заңсыз араласу. Мұндай іс-әрекеттерді жасағанда лауазымды адам кәсіпкердің (жеке немесе заңды тұлғаның) қызметіне толықтай кедергі жасайды немесе ол іс-әрекетін заңда белгіленген тәртіпке және шекте жартылай жүзеге асырады. Жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның қызмет аясын заңдар (ҚК-тің АК-інің 18- бабы және 35-бабының 11-бөлігі) негізінде ғана шектеуге жол берілді.

Кәсіпкерлік-меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен занды тұлғалардың, тарауларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі.

АК-тің 34-бабының 2-бөлігіне сәйкес коммерциялық ұйым мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі немесе өндірістік кооператив түріндегі заңды тұлғаны құра алады.

Жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтарымен заңды мүдделерін шектегенде лауазымды адам тиісті шешім қабылдайды немесе занды кәсіпкерлік міндетке талап қою, нұсқау беру, тыйым салу, т. б. жолдармен араласады, олардың еркін іс-әрекет жасауына қиындық тудырады. Мұндай кедергілерге тіркеуден заңсыз бас тарту, тіркеуден жалтару, белгілі бір қызметті жүзеге асыруға арнайы рұқсат (лицензия) берудн заңсыз бас тарту, лицензия беруден жалтару жатады. Мысалы, заңды тұлғаның еншілес коммерциялық кәсіпорындар ашуына лауазымды адамның тыйым салуы, коммерциялық ұйымды тіркегенде заңда тыйым салынбаған кейбір қызметтерді жарғыдан алып тастауды талап етуі-кедергі жасағандық деп санауға болады. Шешімді өзі қабылдап, істі өзі жүргізу құқығы кәсіпкердің негізгі экономикалық құқығы болып табылады. Жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның еркіндігіне шек келтіргенде осы құқықтарға елеулі нұқсан келеді. Еркіндікті шектеу коммерциялық ұйымды бірлесіп құруға мәжбүрлеу, бірлесіп құрған тізімінен нақты адамды шығарып тастауды талап ету, банкке аманат бермей несие алатын клиенттерді жүктеу, тауардың белгілі бір түрін өндіруге нұсқау беру, заңда тыйым салынбаған белгілі бір қызметпен айналысуға дәлелсіз тыйым салу формасында да болуы мүмкін. Еркіндікті шектеуге жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның өкілеттігін басқа адамға заңсыз беру, жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның өзінің заңды қабілетін және әрекет жасау қабілетін толық көлемде жүзеге асыруына кедергі келтіру де жатады.

Жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның қызметіне заңсыз араласудың басқа тұрлеріне мыналар жатады-жоғарыда аталған қылмыстың іс-әрекеттерге жатпайтын түрде өз қызмет бабын пайдаланып лауазымды адамның қиянат жасауы немесе билігін асыра пайдалануы. Бұған-үй-жайларды, материалдық құралдарды заңсыз алу, банктегі есеке тыйым салу т. б.

Бұл қарастырылған қылмыста формальдық құрам бар, түсініктеме-берілген диспозициясында аталған әрекеттердің (әрекеттің немесе әрекетсіздіктің) біреуі жасалған кезден бастап қылмыс аяқталған болып табылады.

Субьективтік жағы ондағы ниетпен сипатталады. Адам өз әрекетінің қоғамға қауіпті және заңға қайшы екендігін біледі, оны жасауға ұмтылады.

Қылмыс субьектісі-лауазымды адам болып табылады (ҚК-тің 307-бабының талдауын қара) .

190-бап. Заңсыз кәсіпкерлік. Заңсыз кәсіпкерлік қоғамға қауіптілігі сонда, мүны жасаудың нәтижесінде мемлекеттің экономикасына зиян келеді.

Бұл әрекеттің обьектісі-қалыпты экономикалық қызмет.

Азаматтар мен занды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өөтуі тиіс. Мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап азаматтың жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар. Заңды тұлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығы негізінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар 1997 жылғы 17 маусымдағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңы негізінде тіркеледі.

Кәсіпкердің лицензия алуды қажет ететін қызметпен айналысу құқығы сол лицензияны алған кезден бастап немесе онда көрсетілген мерзімде күшіне енеді, егер занда, өзге де құқықтық актілерде басқадай көрсетілмеген болса, мірзімі біткен соң лицензия күшін жояды.

Кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрін лицензиялау-тұтынушы мүддесін қорғауды қамтамасыз ету, халыққа қызмет ету сапасын жақсарту, қала құрылысы, экология және санитария нормаларын сақтау мақсатында жасалынады. Егер:

- тіркелмеген болса;

- арнайы рұқсат (лицензия) қажет болып, бірақ ол болмаса;

- лицензиялау шарты бұзылса кәсіпкерлік заңсыз деп танылады.

Бұл қылмыстың ұғымы болуы үшін заңсыз кәсіпкерлік азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруге, не ірі мөлшерде одан табыс табумен ұштасуға тиіс.

Азаматқа ацлық көрскткіштен жүз есе асатын сомға зиян келсе, 6л ірі зиян деп саналады (ҚК-тің 198-бабына ескертуді қара) .

Субьективтік жағынан қылмыс қасақана жасалынады. айыпты адам кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз немесе арнайы рұқсат (лицензия) керек бола тұра онсыз жасап отырғанын немесе лицензиялау шартын бұзғандығы, өзінің іс әрекеті нәтижесінде азаматтарға, ұйымдарға не мемлекетке ірі зиян келуі мүмкін екендігін, не қалайда келетіндігін не өз іс-әрекетінің ірі мөлшердегі табыспен ұштасатынын біледі, сол қылмыстық салдардың болуын қалайда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар түсінігі және олардың түрлері
Жапониядағы жазаны өтеу
Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқықтың арақатынасы және өзара әрекеттестігі
Көлік қылмыстарының қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілері
Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру
Қылмыстық саясаттың негізгі бағыттары
Салықтық құқық бұзушылықтың экономикалық негіздері мен ерекшеліктері
Қылмыстық істе куәнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Халықаралық қылмыстық құқық
Мамандықтың пәндер каталогы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz