Қытай Халық Республикасы туралы мағлұмат



1 Жалпы мағлұмат
1.1 Қытайлар
1.2 Қытай тілі
1.3 Қытай жазуы
1.4 Қытай медицинасы
1.5 Қытай философиясы
1.6 Саясат жайғасы
1.7 Тайвань
2 Тарихы
2.1 ҚХР (тарихы және қазіргі заман)
2.2 Қытайдағы мұсылмандар көтерілісі
2.3 Қытай тарихын мерзімдеу
3 Экономикасы
4 Әдебиеті мен өнері
5 Мәдениеті мен ғылымы
6 Мәдени мұралары
6.1 Қытай қорғаны
6.2 Қытайдағы гугун мұражайы
7 Қытай мен Қазақстанның байланысы
7.1 Сауда қатынасы мен статистика
7.2 Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы
7.3 Қытай тіліндегі Қазақстан тарихы туралы деректемелер
7.4 Қытайдағы қазақ әдебиеті, өнері және баспасөзі
8 Қытайтану
9 Қытай күнтізбесі
10 Қытайдағы екінші революция
11 Пайдаланылған әдебиет
12 Әкімшілік бөлінісі
Қытай Халық Республикасының негізгі халқы. Жалпы саны 1 миллиард. 300 миллион-нан астам. Қытайлар Сингапурда, Таиландта, Малайзияда, Индонезияда, Филиппинде, Мьянмада, сондай-ақ АҚШ –та, кейбір Батыс Еуропа елдерінде де тұрады. Антропология жағынан моңғол тектес нәсілдің Тынық мұхит бұтағына жатады. Солтүстік қытайлар арасында шығыс азиялық топ, ал оңтүстік қытайларда оңтүстік азиялық топтардың түрлері басым. Қытайлардың этногенезі мен тарихы күрделі. Кейбір этнограф ғалымдардың айтуынша, қазіргі қытайлар этносы хань-тибет, малайя-полинезия, мопкхмер, тохар және алтай тілдерінде сөйлейтін көшпелі халықтардың араласуынан қалыптасқан. Синологияда ең көп тараған ғыл. пікір бойынша, қытайлардың арғы этникалық тегі Хуаньхэ өзенінің орта және төменгі аңғарында б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықта Яншао, Луншаннеолит мәдениетін жасаушы тайпалар болған. Б.з.б. 21 – 8 ғасырларда осы аймақтарда көптеген ұсақ мемлекеттер өмір сүрді. Бұлар әр түрлі тайпалардан құрылды. Батыс Чжау әулеті билеген дәуірде Хуанхэ мен Янцзы (Чанцзян) өзендерінің орта, төменгі аңғарларындағы әр түрлі тайпалар ұзақ уақыт аралас өмір сүріп, Хуа және Ся, кейінірек біртұтас Хуася атты этнологиялық қауымдастыққа айналды.
1. kaznex Қазақстан үшін инвестициялық мүмкіндіктер.
2. “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қытайлар (өз атаулары – Хань, Ханьзужэн, Хуа, Хуажэн) – ұлт, Қытай Халық Республикасының негізгі халқы. Жалпы саны 1 миллиард. 300 миллион-нан астам. Қытайлар Сингапурда, Таиландта, Малайзияда, Индонезияда, Филиппинде, Мьянмада, сондай-ақ АҚШ –та, кейбір Батыс Еуропа елдерінде де тұрады. Антропология жағынан моңғол тектес нәсілдің Тынық мұхит бұтағына жатады. Солтүстік қытайлар арасында шығыс азиялық топ, ал оңтүстік қытайларда оңтүстік азиялық топтардың түрлері басым. Қытайлардың этногенезі мен тарихы күрделі. Кейбір этнограф ғалымдардың айтуынша, қазіргі қытайлар этносы хань-тибет, малайя-полинезия, мопкхмер, тохар және алтай тілдерінде сөйлейтін көшпелі халықтардың араласуынан қалыптасқан. Синологияда ең көп тараған ғыл. пікір бойынша, қытайлардың арғы этникалық тегі Хуаньхэ өзенінің орта және төменгі аңғарында б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықта Яншао, Луншаннеолит мәдениетін жасаушы тайпалар болған. Б.з.б. 21 – 8 ғасырларда осы аймақтарда көптеген ұсақ мемлекеттер өмір сүрді. Бұлар әр түрлі тайпалардан құрылды. Батыс Чжау әулеті билеген дәуірде Хуанхэ мен Янцзы (Чанцзян) өзендерінің орта, төменгі аңғарларындағы әр түрлі тайпалар ұзақ уақыт аралас өмір сүріп, Хуа және Ся, кейінірек біртұтас Хуася атты этнологиялық қауымдастыққа айналды. Бұл атау оңтүстіктегі Мань, шығыстағы И, солтүстік пен батыстағы Ди және Жун (Роң) сияқты көшпелі тайпаларға тарады. Қытайда б.з.б. 3 ғасырға дейін біртұтас мемлекет қалыптасқан жоқ. Бұл дәуірде Чанцзяннан оңтүстікке қарай Юэ тайпалары өмір сүрсе, батысы мен солтүстікнде үнді-арий және алтай тілдес көшпелі халықтар мекендеген. Қытайлардың ата-бабалары бұл халықтармен өте тығыз қарым-қатынаста болып, олардың материалдық және рухани мәдениетінің көптеген белгілерін қабылдады. Әсіресе динлин, ғұн-дунху, юечжи-тохар, тағы басқа көшпелі халықтардан металл өңдеуді, арбаны пайдалануды, атқа салт мінуді, соғыс өнерін, тағы басқа үйренді. Чжанго дәуірінде Қытайда бір-бірімен жауласқан жеті бірдей патшалық өмір сүрді. Солардың ішіндегі ең қуаттысы Цинь Шихуанди б.з.б. 221 жылы өзге алты патшалықты өзіне бағындырып, Қытай тарихындағы тұңғыш біртұтас мемлекет – Цинь империясын құрды. Бірақ көп ұзамай, б.з.б. 206 жылы билікке Хань әулеті келді. Қытай ұлтының негізгі этнологиялық құрылымы осы кезеңде қалыптасты. Қазіргі қытайлардың этнологиялық атауы – Хань да осы әулеттің атымен байланысты. 3 – 6 ғасырда қазіргі Қытай жерінде бір-бірімен ымырасыз күрескен көптеген патшалықтар қатар өмір сүрді. Бұлардың бірсыпырасын түркі, моңғол тектес тайпалар құрды. 618 – 907 жылы Тан империясы билік құрған Қытайдың ең елеулі әрі мәдениетінің өркендеген мерзімі болып есептелді. Хань дәуірінде пайда болған Ұлы Жібек жолының рөлі артып, солтүстіктегі және батыстағы көршілес елдермен саяси-мәдени байланыстары күшейді. Бұл кезеңде қытайлар этнология жағынан да біртұтастанып, нығая түсті. 10 – 13 ғасырларда қытайлар бөлшектенген жағдайда өмір сүрді. Таза Қытай әулеттері елдің орталық және оңтүстік аймақтарына үстемдік етті. Ал қазіргі Солтүстік Қытайда көшпелі түркі, моңғол, тағы басқа халықтардың мемлекет бірлестіктері бірінен соң бірі ауысып жатты. Олардың ішіндегі ең қуатты мемлекеттер – қидандар құрған Ляо (916 – 1125), шүршіттер құрған Цзинь (1115 – 1234) және таңғұттар құрған Ся (1032 – 1227) әулеттері болды. 1271 – 1363 жылы Қытайда Шыңғысханның немересі Құбылай негізін қалаған Юань әулеті билік етті. 1368 – 1644 жылы Мин әулеті мемлекет билікті қолға алды. 1644 – 1911 жылы маньчжурлік Цин әулеті тұсында Қытайдың қазіргі шекарасы қалыптасып болды. Соңғы рет қытайлар 1949 жылы ҚХР құрылғаннан кейін бірікті. Қытайларды әлем халықтары әр түрлі атайды. Шетелдіктер (негізінен ағылшын тілді елдер) Chіna, мұсылман елдері Чин, ал түркі, славян тектес елдер Қытай деп атайды. Chіna, Sіna, Чин атаулары ежелгі қытайдағы Цинь империясының атауынан шыққан. Жалпы түркі тектес елдер Қытайды тарихтың әр кезеңінде билік басына келген әулеттердің атымен атаған. Ежелгі ғұндар мен сақтар Қытайды Чин деп атаса, көне түркілер Табғаш елі (Солтүстік Қытайды билеген түркі тектес тобашы Вэй әулеті), Оңтүстік Қытайды Шин-Машин деп, ал моңғол тектес қидандар билеген кезден бастап Қытан, кейін Қытай деп атады. Бұл атау түркілер арқылы Шығыс Еуропаға таралды. 16 – 18 ғасырларда қазақтар Қытайды билеуші әулет шүршіт атымен де атаған. Елде біртұтас дін қалыптаспаған. Дао (даосизм) дінінің қағидаларын халықтың көпшілігі мойындамайды. Әрі дін, әрі филос. ілім болып саналатын конфуцийшілдікті (конфуцианство – жуцзяо) көбінесе билеуші және зиялы қауым өкілдері ұстанды. Б.з. 2 ғасырында Орталық Азиядағы Кушан патшалығынан Шығыс Түркістан арқылы Қытайға будда діні таралған. Буддизм қытай мәдениетіне, философиясына, әдебиетіне, архитектурасы мен бейнелеу өнеріне күшті ықпал етті. Орта ғасырлар мен жаңа заманда қытайға арагідік зорастризм, ислам, христиан (католик, несториан, манихей) діндері де таралып, өріс жайды. ҚХР-да тұратын қытай халқының 70 пайызы ауыл шаруашылығында еңбек етіп, тары, күріш, бидай, жүгері, мақта, соя, шәй өсірумен айналысады. Көкөністің 100-ден аса түрі бар. Негізгі ұлттық тағамдары күріш пен ұннан, балық, құс етінен (тағы басқа жәндіктерден), мал, шошқа етінен жасалады. Желінбейтін нәрсе жоқ, тек аспаз соны дәмді етіп пісіре білсін деген мақал қытай тағамдарының ерекшеліктерін көрсетеді. Қытайлар ұлттық киімдерінде ерлер мен әйелдердің сырт киімдерінің үлгі пішімі ұқсас, тек кейбір жеке бөліктері ғана өзгеше. Отбасында ерлердің рөлі басым. Дәстүрлі ұлттық мерекелері – қытайдың күнтізбесі бойынша жаңа жылдың басы – Көктем мерекесі (Чуньцзе) аса салтанатты жағдайда өтеді. Ол қаңтардың 21-нен ақпанның 19 аралығына тура келеді. Ай күнтізбесі бойынша 4-айда өтетін Цинмин (таза жарық) мерекесінде ата-баба аруағына мінәжат етеді. Бұдан басқа да 5-айдағы Дуакоу және 8-айдағы Чжунцю (орта күз) мерекесінде шаруашылыққа, діни нанымға қатысты ғұрыптық іс-шаралар өткізіледі.
Мазмұны

1 Жалпы мағлұмат

1.1 Қытайлар

1.2 Қытай тілі

1.3 Қытай жазуы

1.4 Қытай медицинасы

1.5 Қытай философиясы

1.6 Саясат жайғасы

1.7 Тайвань

2 Тарихы

2.1 ҚХР (тарихы және қазіргі заман)

2.2 Қытайдағы мұсылмандар көтерілісі

2.3 Қытай тарихын мерзімдеу

3 Экономикасы

4 Әдебиеті мен өнері

5 Мәдениеті мен ғылымы

6 Мәдени мұралары

6.1 Қытай қорғаны

6.2 Қытайдағы гугун мұражайы

7 Қытай мен Қазақстанның байланысы

7.1 Сауда қатынасы мен статистика

7.2 Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы

7.3 Қытай тіліндегі Қазақстан тарихы туралы деректемелер

7.4 Қытайдағы қазақ әдебиеті, өнері және баспасөзі

8 Қытайтану

9 Қытай күнтізбесі

10 Қытайдағы екінші революция

11 Пайдаланылған әдебиет

12 Әкімшілік бөлінісі

Қытай тілі

Қытай – Тибет тілдері тобына жатады, Тайвань, Сингапур, Малайзия, тағы басқа елдерде қолданылады, 1,5 миллиардқа жуық халық күнделікті қарым-қатынаста пайдаланады. Қытай тілінің басты ерекшеліктері: 1) Қытай тілінде төрт үн бар, мағына үн (тон) арқылы анықталады; 2) әрбір иероглиф бір буын болып есептеледі; 3) жалаң буынды сөздер жиі кездеседі, күрделі сөздер көп түбірден құралады, бірақ морфолагиялық түрлену болмайды; 4) сөздердің орын тәртібі мен шылаулар қолданысы негізінде грамматикалық мағына айқындалады. Тарихи жазбаларға қарағанда Қытай тілінің диалектілері мұнан 2500 жыл бұрын байқалған. Ұсақ диалектілер көп болғанымен, негізінен үлкен жеті топқа бірігеді: олар – Солтүстік, У, Шияң, Гань, Кыжия, Юэ және Минь. Қытай әдеби тілі солтүстік. диалекті негізінде қалыптасқан. Осы тіл мен ортақ иероглиф болмаса әр диалектіде сөйлейтіндер бір-бірін еркін түсіне бермейді. 12 – 13 ғасырларда кітаби тіл – Байхуавин (жаңаша әдеби тіл мағынасында) қалыптасты, Су бойында, Оқымыстылар шежіресі, Қызыл сарай түсі сияқты көркем туындылар осы тілде жазылған. Қытай тілін жаңаша ғылыми түрде зерттеу Ма Цзянь Чжунның Ма Ши Вань ун (1898 жылы) атты грамматикалық еңбегінен басталады.
Қытай жазуы

Қытай жазуы

Қытай жазуы– қытай халқының жазу жүйесі. Қытай жазуы морфема – логографтық жазу саналады. Көне қытай тілінде сөздер бір буынмен, яғни бір ғана иероглифпен жазылса, кейін көп буынды – бірнеше иероглифті сөздер саны ұлғайып, бір буынды сөздер көп буынды сөздердің түбір морфемаларына айналған. Қытай жазуы Дауынкоу өңірінен табылған алғашқы жазудан (қыш ыдыстағы жазу) басталады, бес мыңжылдық тарихы бар. Археологиялық зерттеулер жазудың қытайдың Инь-шан дәуірінде (б.з.б. 2140 – 1711) пайда болғандығын көрсетті. Хань дәуірі тұсында түрліше жазылып жүрген иероглифтер бірізділікке түсті. Қытай жазуы дамудың үш түрлі кезеңін бастан кешірді: 1) сауыт-сүйек жазуынан қола, Дачуан, Шиау жуан жазуларына дейінгі дәуір; 2) Шиау жуаннан Линшу үлгісіне дейін; 3) Линшу жазуынан Жие шу, Сау шу, Шиң шу уақыты және жазудың бергі дәуірі. Иероглифті зерттеу ертеден басталды, бірақ қазірге дейін қытай жазуында қанша иероглиф бар екені нақты анықталмаған. Б.з. 100 – 121 жылы Шүй-Шин жасаған Шуо вын жие зы сөздігінде 9353 иероглиф қамтылған, Цинь патшалығы тұсында (1644 – 1911) Жаң Шу құрастырған Каң ши сөздігінде 47035 иероглиф бар. Қытай – жапон сөздігінде 48902 иероглиф, Қытай тілінің үлкен сөздігінде 49905 иероглиф қамтылған (Тайвань, 1968). Ғалымдар қазір иероглифтер саны 60 мың шамасында деп болжайды.
Қытай медицинасы

Қытай медицинасы – дәстүрлі медицинаның белгілі және дамыған саласы. Қытай медицинасының негізі, қайнар көзі қытай халқының көне мәдениеті мен дәстүрінен, қытай өркениетінің жетістіктерінен бастау алады . Қытай медицинасы адамның организмін біртұтас дене деп қарастырады, ал дененің саулығы адам организміндегі қуаттың (энергияның) тепе-теңдігіне байланысты деп санайды. Мұнда бір мүшеге ғана қатысты диагноз жоқ (мысалы, гастрит, тағы басқа); ол адамның денесін жанынан айырып қарамайды, ондағы сезімдік (эмоциялық), ділдік, рухани қызметтер тек миға ғана емес, әр мүшеге, әр клеткаға тән қасиет деп саналады. Жалпы алғанда, басты назарды емделуге емес, аурудың алдын алуға аударады. Дәрігер, ең алдымен, салауатты өмір сүруге үйрете алатын ұстаз әрі ақылшы. Сау адамның алдымен дәрігерден кеңес сұрауы дағдылы құбылыс. Мұндай ерекшелік, тіпті, көне жазбалардан-ақ айқын көрінеді. Мысалы, Нэйцзин қағидатында (б.з.б. 3 – 2 ғасырларда) былай жазылған: Нағыз дананың ісі былықты түзегенінде емес, тәртіпті сақтағанында.... Дәрілер дайындау үшін қытай медицинасы тек қана табиғи құрамдарды қолданады; бұл батыстық медицинада жиі кездесетін асқыну мен жанама қауіп-қатерлердің болуын азайтады. Осындай ерекшеліктері арқасында оның ресми медицина әдістерінен белгілі бір артықшылықтары бар. Сонымен бірге, қытай медицинасының ұстанымдарының тиісті ғылым негіздеуі болмаса да, көп жағдайда оның емдік әдістерінің тиімділігінің жоғары екені байқалады. Оған мысал, әсіресе дүние жүзіне белгілі қытай медицинасының бір бағыты – чжэнь-цзю терапиясы, яғни инемен емдеу және күйдіру. Қазіргі кезде қытай медицинасы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымында (ДДСҰ) ресми түрде танылды. Бірнеше халықаралық медицина ғылымы форумдар мен кездесулерде қытай медицинасы кеңінен зерттелуі, қолданылуы қажет деп көрсетілген. Бұл жөнінде 1978 жылы 6 – 12 қыркүйекте Алматыда өткен ДДСҰ-ның халықар. конференциясының декларациясы қабылданды. ҚХР-да үкімет қолдауымен жыл сайын 30 мыңдай қытай медицинасы мамандары даярланады. Ал Қазақстанда қытай медицинасын оқыту Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында, Шығыс медицина институтында (Түркістан қаласы) және бірқатар медицина жоғары оқу орындарда ашылған кафедралар мен факултеттерде жүргізіледі.
Қытай философиясы

Конфуций

Қытай философиясы – Қытай халқының дәстүрлі философиялық білімдер жүйесі. Қытай философиясының пайда болу тарихы б.з.б. 1-мыңжылдықтан бастау алады. Қытай философиясы діннен гөрі дәстүр аясында дамыды. Ежелгі Қытайда Чжау әулеті тұсында аспан (Тянь) жоғарғы бастама болып, аспан-жер қатынасы құндылық тұрғысынан қарастырылды. Осыдан келіп ел, мемлекет мағынасын білдіретін Аспан асты (Тянь ся) ұғымы қалыптасты. Қытай философиясы екі мектеп (бағыт) түрінде пайда болды: даосизм (дао цзя) және конфуцийшілдік философиясы (жу цзя). Кейін басқа мектептер: легизм (фа цзя), моизм (мо цзя), атаулар мектебі (мин цзя), ньян мектебі (иньян цзя), тағы басқа қалыптасты. Жаңа дәуір басында Қытайға таралған Махаяна буддизмі даосизммен бірігіп, Қытайдағы философия мен діннің үшінші тармағы болған қытайлық буддизмді (чань-буддизм) құрады. Елдің әлеуметтік-мемлекеттіл құрылымының түбірлі өзгеруі нәтижесінде мемлекет басқаруға философтарды қатыстыру мен философтар академия құрудың өзі ертедегі Қытайда философияның мемлекеттік сипатта болғанын көрсетеді. Өзінің филосoфиялық ұстанымдарын алғаш ұсынғандардың бірі Конфуций (б.з.б. 6 – 5 ғ.) негізін қалаған конфуцийшілдік ілімі Хань дәуірінде негізгі идеологияға, біртұтас жүйеге айналды. Буддизм мен даосизмнің қоғамдық рөлдерінің өсуі конфуцийшілдік ілімнің доктриналарын жаңа тұрғыдан қарастырып, оның рөлін арттыруға себеп болды. Конфуцийден кейін оның шәкірттері ұстазының этикалық, әлеуметтік, онтолагиялық-гносеолды түсініктерін дамытты. Бір-біріне қарама-қарсы ілімді Мэн-цзы мен Сюнь-цзы ұсынды. Мэн-цзының пікірінше, адамның табиғаты о бастан қайырымды; адамгершілік, ақылдылық, данышпандық, әділеттілік адамға дене мүшелері сияқты берілген. Сюнь-цзының ойынша, адам табиғатынан – зұлым, яғни адам туғаннан бастап пайда табуға, тән рақатына ғана талпынады, ал жақсы қасиеттер адам бойына оқудың, тәрбиенің арқасында ғана сіңеді. Мэн-цзы адамгершілікпен басқару (жэнь чжэн) теориясын жасаса, Сюнь-цзы басқарушыны тамырмен, халықты жапырақпен салыстырып, басшының мақсаты өз халқын бағынышта ұстауда деп есептеген. Конфуций ілімінің негіздерін, әсіресе әлеуметтік сатылаудың мызғымастығы жөніндегі теориясын қатал сынға алған Мо-цзы (б.з.б. 5 ғ.) болды. Ол дүниедегі бақытсыздық пен тәртіпсіздіктің бәрі адамдар арасында мейірімсіздіктен туады, баршаның мейірбандылығы принципі адамдарды теңдікке жеткізіп, қоғамда әділеттілік орнатады деп уағыздады. Мо-цзы басқыншылыққа, соғысқа қарсы шығып, дәстүрге айналған Тәңір құдіретіне сенуді жоққа шығарды, мемлекет басқару орындарына адамның ата-тегіне қарамай, оның іскерлігіне, даналығына байланысты тағайындаған дұрыс деп санады. Ол қарапайым халықты ақсүйектермен теңестіруге тырысып, өкімет пен халықты бірлікке, ортақ мүддеге шақырды. Қытайда даосизм стихиялы материализм сипатында қалыптасты. Бұл ілім Дао дэ цзин, Чжуан-цзы атты кітаптарда баяндалған. Даосизм бүкіл табиғатқа тән объективті жалпы заңдылық дао (жол) бар деп дәлелдейді. Даосизмнің негізін қалаушылар Дао-цзы және Чжан-цзы адамның іс-әрекетіне шек қоятын заңдар мен ережелерге (Конфуцийдің моральдық ережелері) қарсы шығады. Даосизм идеяларымен толықтырылған конфуцийшілдік б.з.б. 136 жылдан 1912 жылға дейін Қытайда ресми идеология болып, қытай халқының мәдени-рухани өмірінің өзегіне айналды. Б.з.б. 1 ғасырда Қытайда буддизм діні таралып, төрт ғасыр аралығында толығымен енді. Бастапқыда буддизм қытайлық филосафия дәстүрлердің қарсылығына кездесті. Буддизмді уағыздаушылар өздерінің қарсыластарымен пікірталас кезінде буддизм ұстанымдарын емес, қытайлық рухани дәстүрдің буддизмдік дәстүрлермен сәйкестігін сөз етті. Олар өз тұжырымдарының дұрыстығын дәлелдеу үшін Лао-цзы, Конфуций, Чжау-цзыға жүгінді. Яғни, қытай философиясын буддизм тұрғысынан талдады. Буддизм даосизм философиясының табиғилық, әрекетсіздік, барлық заттардың теңдігі туралы идеяларын қабылдап, өз ілімін жетілдірді. Конфуцийшілдік пен даосизм буддизмге қарсы тұрғанымен, оның кейбір элементтерін бойына сіңірді. Даосизм буддизмнің салт-жоралары мен әдет-ғұрпын қабылдауының нәтижесінде соңынан балгерлік пен сәуегейліктің бір түріне айналып, философиялық ағым ретінде мәнін жоғалтты (3 ғ.). Конфуцийшілдіктің буддизм философиясының идеалистік-рационалистік рухын бойына сіңіруі нәтижесінде неоконфуцийшілдік пайда болды (12 ғ.). Неоконфуцийшілдік ілімінің тууына Ван Тун, Хань Юй, Ли Ао идеялары себепкер болды. Бұл ілім алдына негізгі 2 міндетті қойды: конфуцийшілдік ілімді қалпына келтіру және буддизм мен даосизм көтерген мәселелерді нумерологияның методологияның көмегімен шешу. Бұл мәселені бірінші болып шешуге тырысқан Чжоу Дуньидің идеялары жүз жылдан соң Чжу Си шығарм-нда шешімін тапты. Чжу Си ілімі 20 ғасырдың басына дейін конфуцийшілдік ілімді түсіндірудің негізі болды. Кейін оның ізбасарлары дамытқан конфуцийшілдік ілімі жаңадан пайда болған мемлекет басқарудың бюрократиялық түрінің ерекше құқықтарына теория негіз болып, мемлкет ресми идеологияға айналды. 17 – 18 ғасырлар философиясы Конфуций мен Мэн-цзының киелі кітаптарына түсіндірмелер жазумен шұғылданып, Чжу Си мен Чжан Цза немесе Ван Чуань-шань идеялары төңірегінде дамыды. 19 ғасырда Қытайда әлеуметтік реформа мен ағартушылықтың саяси идеологиясы пайда болды. Қытай реформаторлары (Кан Ю-вэй, Лян Ци-чао, Тань Си-тун) абсолюттік монархияны конституциялық монархиямен ауыстыруды талап етті. Олар мемлекет пен халық арасында жарасымды қатынасты орнату тұжырымдамасын ұсынды. Қоғамдық құрылысты революциялық жолмен өзгертуге қарсы шығып, халықты конфуцийшілдік этика нормаларында тәрбиелеуді қуаттады. 20 ғасырда Қытайда саяси филосафия мен әлеуметтік теориялар (ағылшын философы Г.Спенсердің позитивтік эволюционистік идеялары) кең өріс алды. ҚХР-дың құрылуымен Қытай философиясында бірден бір теория негіз – марксизм ілімі, диалект. және тарихи материализм тарала бастады.
Саясат жайғасы

1949 жылдың желтоқсанында ҚХР құрылғалы елде төрт Конституция қабылданды(1954, 1975, 1978 и 1982). Қытай Халық Республикасының Конституциясы бойынша (1982 жылдың желтоқсаны), ҚХР — халықтың демократиялық өктемдігі бар социалистік мемлекет. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы — жергілікті жиналыста 5 жылға сайланатын халық қалаулыларынан тұратын 2979 депутаттан тұратын бір палаталы Бүкіл Қытай халық қалаулыларының жиналысы (БҚХҚЖ). БҚХҚЖ сессиясы жыл сайынғы тәртіппен шақырылады. Депутаттардың санының көптігінен БҚХҚЖ функцияларын сессия мерзімдерінің арасында делегаттардан сайланған тұрақты комитет атқарады (шамамен 150 адам).Сайлауға тек қана Қытай Коммунистік партиясы мен Халықтың саяси кеңес Советіне кіретін сегіз демократиялық партия қатысады. Шәңғаңда және Макаода өз заң шығару жүйелері бар.БҚХҚЖ барлық депутаттары коммунистер және демократтар блогінен тұрады.

Тайвань

Тайвань картасы

Тайвань – Шығыс Қытай теңізіндегі арал. Жер аумағы 35961 квадрат километр. Халқы – 22 миллион (1998). Әкімшілік орталығы – Тайбэй (2,7 миллионнан астам). Халқының 97%-ы қытайлықтар. 1949 жылы ҚКП-дан жеңілген Чан-Кайши өкіметі Тайвань аралына көшті. 1950 жылы өзара келісім арқылы аралға АҚШ-тың 7-флоты кіргізіліп, одақтастық шарт жасалды. Қытай Тайвань аралын өзінің бір бөлшегі деп санайды әрі онымен бір мемлекет, екі жүйе принципі бойынша бірігуді ұсынып отыр. Ал Тайвань бір ел, екі үкімет принципі бойынша бірігуді қалайды. Жалпы Тайваньды әлемнің көпшілік елдері (соның ішінде Қазақстан) жеке мемлекет емес, Қытайдың бір бөлшегі деп есептейді. Әрі онымен дипломатиялық байланыстар жасамайды. Тайвань жеке мемлекет ретінде АҚШ-тың әскери көмегі арқасында ғана өмір сүріп отыр. Олардың одағын Жапония қолдайды. Тайвань 2-дүниежүзілік соғыстан кейін өте жоғары қарқынмен дамып, Шығыс Азиядағы Оңтүстік Корея, Сингапур сияқты аса дамыған елдердің қатарына кірді. 1997 жылы есеп бойынша елдің ішкі өнімі – 290 миллиард доллардан астам, кісі басына шаққанда – 13,3 мың долларға жеткен. Импортқа аса ірі мөлшерде компьютерлер, электронды тұрмыс тауарлары, киім-кешек, химия өнімдерін шығарады. Қазақстан мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 3 қаңтардан бастап орнады. 1992 жылы ақпанда Алматыда Қытай елшілігі, Пекинде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасында сауда-экономикалық мәдени, әскери байланыстар дами бастады. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Пекинде, ҚХР төрағасы Цзянь Цзэмин Алматыда ресми сапармен бірнеше рет болды. 1994 жылы 26 сәуірде екі ел үкіметі шекара мәселесін түпкілікті шешу жөнінде келісімге келіп, шекара анықталды. 1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда ҚХР, Ресей, Қазақстан, Қырғызия, Тәжікстан басшылары шекара мәселелері бойынша Шанхай келісіміне қол қойды. 1998 жылы 3 шілдеде Шанхай келісіміне қатысушы – 5 ел басшылары Алматыда бас қосты. Сауда байланыстары тез өсіп келеді. Соңғы жылдары Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға шығу (яғни Ұлы Жібек жолын қайта дамыту) перспективалары қаралуда.
Тарихы

Б.з.б. 140 – 87 жылы конфуцийшілдік ресми идеологияға айналды. Хань әулеті тұсында бірыңғай қытай халқы қалыптасты. Халық өзін ханьдықтармыз деп атай бастады. Бірақ 184 жылы 20 жылдан астам уақытқа созылған көтерілістен Хань әулеті құлап, үш патшалық құрылды. Хань әулетімен бірге Қытайда құл иеленушілік қатынастар да жойылып, жаңа қоғамдық қатынастар (феодализм) орнады. Солтүстік Қытайды көшпелі тайпалар басып алды. Елде түрлі кезеңдерде қытайлық емес 16 патшалық құрылды. 589 жылы ел Суй әулетінің төңірегіне қайта бірікті. 618 жылы оның орнына Тан әулеті келді. Қытай елі қайта гүлденді. Империя түрлі бағытта басқыншылық соғыстар жүргізді. 630 жылы Шығыс Түрік қағандығын жойды. 8 ғасырдың бас кезінде Жетісуға басып кіріп, 751 – 52 жылы Атлах шайқасында арабтар мен жергілікті түркі тайпаларының одағынан күйрей жеңілді. 10 ғасырдың басына қарай Тан империясы ыдырап, 960 – 1279 жылы Оңтүстік Қытайды Сун әулеті біріктірді. Солтүстікте, солтүстік-шығыста, солтүстік-батыста көшпелі тайпалар билеген мемлекеттер өмір сүрді. Олар бір-бірімен және Сун әулетімен үздіксіз соғыстар жүргізді. 13 ғасырдың бас кезінен Қытайды Шыңғыс хан билеген түркі-моңғол тайпалары жаулап ала бастады. 1271 жылға қарай Шыңғыс ханның немересі Құбылай бүкіл Қытайды өзіне бағындырып, Юань әулетінің негізін қалады. 14 ғасырдың 2-жартысында Юань әулеті биліктен кетіп, орнына қытайлық Мин әулеті келді. 16 ғасырда Қытайға еуропалықтар келе бастады. 1551 жылы Португалия Аомэн (Макао) жерін жалға алады. Миссионер-иезуиттер келіп, христиан дінін уағыздай бастады. 17 ғасырда солтүстікүстіктен көшпелі тайпалардың шабуылы күшейді, аса ірі шаруалар көтерілістері басталды. Мин әулеті биліктен кетіп, өкімет көтерілістерді басу үшін көшпелі маньчжур билеушілерінен көмек сұрауға мәжбүр болды. Билікке маньчжурлік Цинь әулеті (1644 – 1911) келді. Жаңа әулет Қытайды қайта біріктірді. 17 ғасырдың аяғына қарай олар Халханы (қазіргі Моңғолияны) жаулап алды, 1757 жылы жоңғар хандығын жойды, Шығыс Түркістан Шыңжаң (жаңа шекара) деп аталды. 18 ғасырдың аяғына қарай Тибет алынды. Осы кезден Цинь әулеті дағдарысқа ұшырай бастады. 19 ғасырда Қытайға еуропалықтардың әсіресе ағылшындардың экспансиясы күшейді. 1840 – 42, 1856 – 60 жылы еуропалықтармен арада апиын соғыстары болды. Жеңіске жеткен Англия, Франция, АҚШ өкіметтері елдің кейбір аралдарын алды. Солтүстікте пайда болған қуатты көрші Ресеймен шекара белгілене бастады. Халықтың тұрмысы күрт төмендеді. 1850 – 64 жылы елде аса ірі шаруалар көтерілісі болып, еуропалықтардың көмегімен зорға басылды. Шеткі аймақтарда да халық көтерілістері болып жатты. Оның ішіндегі ең ірілері 1862 – 77 жылы болған дүнгендер мен ұйғырлардың көтерілістері еді. 1860 – 70 жылы Қытайда капиталисттік қатынастар дами бастады. Жаңа экономикалық орталықтар (Шанхай, Ухань, тағы басқа) құрылды. Цинь империясы дағдарысқа ұшырап, Англия, Германия, Жапония, Франция, Ресей, АҚШ, тағы басқа елдер Қытайды өзара бөліске сала бастады. Халық тұрмысының нашарлығымен шетелдіктердің үстемдігі төңкерісшіл қозғалыстардың күрт күшеюіне алып келді. 1898 жылы басталған Ихэтуаньдар көтерілісі шетелдіктердің көмегімен басылып, Қытайдың ішкі-сыртқы саясатына толық бақылау орнатылды. 1911 – 13 жылы елде Синьхай революциясы болып өтті. Цинь әулеті биліктен кетіп (1912 жылы 12 ақпан), оңшыл күштер билікке келді. Бірақ Қытай жартылай отар ел ретінде қалып қойды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914 – 18) Жапония еуропа елдердің өзара соғысып жатқанын пайдаланып, Қытайға жаңа талаптар қойды. Жаңа үкімет ол талапты мойындап, Жапонияға тәуелді елге айнала бастады. 1917 жылы Ресейдегі Ақпан революциясынан кейін елде Сунь Ятсен басқарған ұлт-азаттық қозғалысы басталды. Қозғалыс Оңтүстік Қытайда жеңіске жетіп, Сунь Ятсен Кеңес өкіметіне хат жазып, империалистерге қарсы бірлесіп күресуді ұсынды. 1923 жылы ақпанда, Кеңес өкіметі Сунь Ятсен басқарған Гоминьдан партиясының өтініші бойынша Қытайға саяси, әскери кеңесшілер, қару-жарақ, тағы басқа көмек жібере бастады. 1927 жылы 18 сәуірде Гоминьдан партиясының оңшыл қанаты әскери төңкеріс жасап, билікті өз қолдарына алды. Оған қарсы 1921 жылы іргесі қаланған Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) бірқатар көтерілістер ұйымдастырды. Сөйтіп, солтүстік. Аудандарда ҚКП-ның басшылығымен Қытай Қызыл Армиясы мен Кеңестер деп аталатын өкіметтік органдар құрылды. 1930 – 36 жылы Гоминьдан өкіметі солтүстікке үздіксіз жорықтар жасап, ҚКП -ның базасын жойып жіберуге тырысты. 1931 жылдан бастап Жапония Қытайды жаулап алуға кірісті. Солтүстік-шығыс Қытайды басып алған жапондар орталық аудандарға ұмтылды. 1937 жылы шілдеде Жапония Қытайды толық жаулап алу үшін шабуылға шықты. Олар Солтүстік, Орталық Қытайдың едәуір бөлігін және Оңтүстік Қытайдағы теңіз порттарын басып алды. 1945 жылы 8 тамызда Кеңес өкіметі Жапонияға соғыс жариялап, Солтүстік-Шығыс Қытайды және Ішкі Моңғолияны азат етті. КСРО жапондардан қолға түскен қару-жарақтар мен әскери техниканы ҚКП-на беріп, оны күшейтіп жіберді. 1946 жылы басталған ҚКП мен Гоминьдан өкіметі арасындағы азамат соғысы, 1949 гоминьдан әскерлерінің талқандалып, Тайвань аралына қашуымен аяқталды. 1949 жылы 1 қазанда Қытай Халық Республикасы жарияланды. 1950 жылы 14 ақпанда кеңес-қытай келісімі жасалып, ол бойынша КСРО ҚХР-ға 300 миллион доллар көлемінде көмек көрсетті. 1953 – 57 жылы тағы да бірқатар келісімдерге қол қойылып, КСРО Қытайға 125 ірі өнеркәсіп орындарын салуға көмектесті. 50 жылдардың 2-жартысынан бастап Мао Цзедун бастаған ҚКП басшылығы ұлтшылдық бағыттағы саясатты күшейтті. Үлкен секіріс саясатын жүргізді. Аз ұлттарға қысым күшейді. 1960 жылдан бастап кеңес-қытай шекарасы жиі бұзыла бастады. 1966 – 76 жылы мәдени революция саясатын жүргізді. Үлкен секіріс және мәдени революция жылдарында мыңдаған адамдар репрессияға ұшырады. Мао Цзедун қайтыс болғаннан (1976) кейін, 1978 жылы желтоқсан айынан бастап ҚКП ОК елде Дэн Сяопиннің басшылығымен экономикалық реформалар жүргізе бастады. Бұл реформа нәтижесінде ҚХР экономикасы тез дамып, халықтың тұрмысы күрт жақсарды. Қытай әлемдегі жетекші елдермен бәсекеге түсе бастады. 2003 жылы күзде ҚКП ОК басшылығы ауысып, билікке жаңа буын өкілдері келді (Бұрынғы басшы Цзян Цзэминнің орнына Ху Цзиньтао тағайындалды).

ҚХР (тарихы және қазіргі заман)

1949-1956 КСРО көмегімен өндірістің негізгі салалары салынды, өндірісті ұлттандыру және ауыл шаруашылығын коллективизацияландыру жүргізілді, жаппай социалистік құрылыс басталды. 1956 жылы ҚКП 8 съезінде Мао Джетуң идеяларының жеңісімен, үлкен адым саясатымен, коммунизацияландырумен аяқталған жаңа бағыт жарияланды. Одан кейін негізгі ұраны болған социализм құру кезіндегі класстық күресті күшейту және Қытайдың мемлекет пен қоғам құрудағы ерекше жолы екі жақтың теке-тіресінен мәдени революция жарияланды (тауарлық-ақшалай қатынастарды мойындамау, мемлекеттік емес жекешелендірудің болмауы, сыртқы экономикалық қатынастарды болдырмау, адалсыз саясаткерлерді жұрт алдында соттау, хунбэйбиндер және т.б.) Бұл саясат кейін төрт банданы құлатқаннан соң, кейін билік басына келген Дэн Сяопинмен әшкереленді. Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің 11 шақырылымымен өткен ІІІ Пленум (1978 жылдың желтоқсаны): жоспарлы-тарату және күллі шетелдік инвестицияны кірістіру, ұйымның кеңірек шаруашылық қарекет етуіне рұқсат беру, ауылдарда жанұялық тәртіпті енгізу, экономикадағы мемлекеттік сектордың пайызын кеміту, ашық экономикалық аумақты ашу, кедейшілікпен күресу, ғылым мен техниканы дамыту сияқты нарықтық болатын екі жүйенің біріктіруі арқылы социалистік нарықтық экономикаға курс жарияланды. Қытайды хаостан, артқа қалудан және кедейшіліктен алып қалып, қалыпты әлеуметтік-экономикалық даму жолына салға Дэн Сяопин болатын. 1980 жылдың аяғы мен1990 жылдың бастарында Қытай толықтай халықты тамақтандыру мәселесін, ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) және өндірісті жылдам түрде ұлғайтуын дамуын, халықтың өмір деңгейін көтеру мәселесін шешті. Бұл түбегейлі жаңартулар одан кейінгі келген Цзян Цземинмен және Ху Джинтаомен жалғастырылды. 2002-2005 жылдары Ху Цзинтао(қыт. 胡锦涛) өзінің қолына жоғары партиялық, мемлекеттік және әскери лауазымдарды алды (ҚКП ОК жоғарғы төрағасы, ҚХР председателі, ҚХБАбас қолбасшысы). ЖІӨ-нің орташа өсуі 1990-1999 жылдары — 10,3%, 1998-2001 жылдары— 10%, 2002-2005 жылдары— 9% құрады. ЖІӨ көлемі бойынша, Қытай АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленіп жатыр. Валюталық резервтері жылдам өсті. Сыртқы сауда көлемі 2004 жылға қарай 850 млрд. доллардан асып кетті. Бірақта Қытайдың орасан зор экономикалық өсуі өсіп келе жатқан саяси және әлеуметтік тұрақсыздықпен тіресті. Жасалған реформалар елдің тек жағажайдағы шығыс провинцияларға септігін тигізсе, өзге аймақтағы халық жағдайы өте төмен болып табылады, сонымен қатар әр аймақтың экономикалық жағдайының айырмашылығы ұлғаюда. Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен түрлі-түсті революцияларға күдікпен қарады, әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп, шетелдік Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен түрлі-түсті революцияларға күдікпен қарады , әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп , шетелдік ықпалды шектетті. 2005 жылдың қазан айында ең ірі ұялы байланыс операторларының қызметін мемлекеттік бақылауға алу науқаны басталды. Жаппай сыбайластығы үшін жиі сыналатын Гуандун провинциясында партиялық және мемлекеттік басшылығын соттау басталды. ҚКП ОК пленумы 2005 жылдың қазанында Қытайда үйлесімді қоғамды құруды стратегиялық мақсат ететін 11-інші бесжылдық жоспар қабылдады. 2006 жылдың 5 наурызында ВСНП кезекті отырысында бағдарламалық баяндамамен Вэнь Цзябао шығып, елдің экономикалық өсуінің тежеуді, ал босатылған ақшаны шаруалардың өмір деңгейін көтерумен қатар әскері шығындарды өсіруді ұсынды. Үкімет Қытайдың ЖІӨ-ін қазіргі жылына 10%-дан 7,5%-ға тежеуді жоспарлауда. Босатылған қаржы қаланың тұрғындары мен шаруалардың арасындағы өмір деңгейінің айырмасын жабуға жұмсалады (елдегі шаруалар саны шамамен 900 млн., немесе халықтың 75%-ы). ҚХР-да түрлі-түсті революцияның алдын алу мақсатында 2006 жылы аграрлық секторға шамамен 340 млрд. юань жұмсау көзделіп отыр (2005 жылғыдан 14 пайызға көп). Әскери шығындар да көбейеді. Ресми әскери қаражат 2006 жылы 14,7%-ға көбейіп, 284 млрд. юаньды құрайды (35,5 млрд. доллар). Жоспарланып отырған ауыл шаруашылыққа және әскерге жұмсалатын қаржының көбейюі жағажайдағы бай провинцияларды пайдаланады. Сондықтан, бұл саясаттың өткізілуі бұрынғы басқарушы Цзян Цзэмин шыққан Шанхай тайпасының қарсы әрекетіне кезігуі мүмкін.

Қытайдағы мұсылмандар көтерілісі

Қытайдағы мұсылмандар көтерілісі – қытай үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалыс. Оған дүнгендер, ұйғырлар, қазақтар, тағы басқа мұсылман халықтары қатысты. 18 ғасырдың 2-жартысынан бастап Шыңжаңда Цинь империясының билігі орнаған еді. Бұл өлкедегі қытайдың жергілікті әкімшілік жүйесінің ұзақ жылдар бойғы шектен шыққан қанауына шыдамы таусылған халық 19 ғасырдың 1-ширегінде бас көтере бастады. Қашқарда Зия ад Дин (1815) және қожа Жаһангер (1826 – 27) бастаған ірі халық көтерілістері болды. 1847 – 57 жылы бірнеше халық көтерілістері бой көрсетті. Бірақ бұл көтерілістердің барлығын қытай әскері аяусыз басып отырды. Цинь империясына қарсы бүкіл аймақтық көтеріліс 1864 жылы басталды. Кучар қаласында, Шэньси мен Ганьсу провинцияларында дүнгендер көтерілді. Бұл топқа ұйғырлар келіп қосылды. Көп ұзамай көтерілісшілер қаланы өз қолдарына алып, дүнгендер мен ұйғырлар келісе отырып, Кучардың билігіне Рашид-ад-Дин қожаны отырғызды. Ол билікте Хан қожа деген атпен белгілі болды. Мұсылман көтерілісшілерінің қысымымен 1865 жылға қарай Цинь империясы бүкіл Үрімжі округіндегі билігінен айрылды. Көтеріліс Жаркент, Хотан, Тұрфан, тағы басқа қалаларды шарпып, бүкіл аймаққа тарала бастады. Шыңжаңдағы Цинь билігіне орасан зор қауіп төнді. Көтеріліс жасауға бастамашы болған дүнгендер мен ұйғырларды қазақтар мен қырғыздар да қолдады. Көтерілістің бүкіл аймаққа өршуі нәтижесінде Шыңжаң аумағында Цинь билігінен азат болған дербес бес мұсылман мемлекеті – Кучар, Хотан және Қашқар ұйғыр сұлтандықтары, Жоңғарияда дүнген хандығы және Құлжада Тараншы сұлтандығы құрылды. Біріне-бірі тәуелсіз бұл хандықтар өз аумақтарын кеңейту үшін күрес жүргізді. 1867 жылы ұйғыр сұлтандықтары Бұзрұк қожа басшылығымен біртұтас мұсылман мемлекеті – Жетішаһарға бірікті. Сол жылы Бұзрұк қожаның әскери қолбасшыларының бірі, тегі қоқандық – Мұхаммед Якупбек (Жақыпбек) билікті өз қолына алды. Ол 1870 – 71 жылы Түркиямен, Англиямен тығыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Шет елдер экономикасы» пәнінің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының он алты жылдан астам уақыт ішінде Қытай Халық Республикасымен орнатқан мәдени және рухани қарым – қатынастары
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қазақстан-Қытай қатынастарының дамуы
ШЫҰ халықаралық құқықтың субъектiсi ретiнде
ҚХР (тарихы және қазіргі заман) Экономикасы
Қытай философиясының тарихы
Қазақстанның мәдени мұра жобасы
«Арқалық батыр» жырының нұсқалары
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер