Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жолдары


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастырудың мазмұны.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың мақсаты.
3. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары, нормативтік құқықтық актілері және оларға қойылатын негізгі талаптар.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер ұйымдық техникалық, технологиялық, санитарлық - гигиеналық, биологиялық, физикалық және қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығы сақтауға бағыттталған өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді белгілейді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында салалық нормативтерді әзірлеуді және бекітуді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілетін тәртіппен жүзеге асырады. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуді және бекітуді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жұмыс беруші жүзеге асырады.
Өндірістік обьектілер мен өндіріс құралдарын жобалау, салу және пайдалу кезінде қойылатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар.
1. Мемлекеттік стандарттардың еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың, санитарлық, құрылыс ережелері мен нормаларының талаптарына жауап бермейтін өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалуға, салуға және қайта жаңғартуға, технологияларды әзірлеу мен пайдалануға, машиналарды, тетіктерді, жабдықтардыжәне басқа да ұйымдарды құрастыру мен жасап шығаруға жол берілмейді.
2. Егер жаңадан салынған немесе қайта жаңғартылатын өндірістік обьектілер, өндіріс құралдары немесе өнімнің басқа да түрлері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына, сондай - ақ санитарлық және құрылыс ережелері мен нормаларының талаптарына сай келмесе, қабылданбайды және пайдалануға берілмейді.
3. Өндірістік обьектілер уәкілетті орган белгіленген тәртіпке сәйкес еңбек жағдайлары бойынша міндетті түрде мезгіл-мезгіл аттестаттаудан өтуге тиіс.
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастырудың мазмұны.
Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыруды «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» туралы 2004 жылғы 28 ақпандағы №528-II Қазақстан Республикасы Заңының 5-тарауының, 21-бабына сәйкес, қызметкерлер саны елу адамнан асатын өндiрiстiк ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушi еңбек қауіпсіздігi және еңбектi қорғау қызметiн құруға мiндеттi. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi өзiнiң мәртебесi жағынан негiзгi өндiрiстiк қызметтерге теңестiрiледi. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi ұйымның қызметi тоқтатылған жағдайда ғана таратылады. Қызметкерлер саны елу адамға дейiн болатын ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi маманның лауазымын енгiзу туралы шешімдi жұмыс беруші осы ұйымның қызмет ерекшелiгiн ескере отырып қабылдайды не еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi мiндеттер қосып атқару үшiн басқа маманға жүктеледi.
Қоғамда еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұйымдастырушылық, техникалық, методикалық, өндірістік, санитарлық-гигиеналық кешендерінен және басқа шаралардан құрылады. Шаралардың негізгі бағыттары - бұл:
- прогрессті технологияны, комплексті механизацияны, ауыр және ауыр еңбек жұмыстарын енгізу, өндіріс мәдениетінің деңгейін арттыру;
- қол көмегімен жасалатын еңбекті қысқарту үшін кіші механизация құралдарын енгізу;
- еңбек жағдайларын жақсартуға бағыталған техникалық құралдарды енгізу және қызметкерлерді қауіп жоғарылаған зонадан шығару;
- еңбекті қорғау нормалары мен ережелеріне сәйкес, қоршаған ортаның шаң болуын, газ болуын төмендету, жұмыс орындарында шуыл деңгейін және температуралық режимді келтіру, еңбек жағдайлары бойынша өндірістік нысандарды аттестациялау;
- қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту;
- қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандартарын енгізу.
Еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың мақсаты.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың мақсаты - еңбек қызметі үдерісінде яғни, өндірісте қызметкерлердің денсаулығын қорғау және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық және өзге де нормаларды сақтау және еңбекті қорғауға жағдайлар жасау болып табылады.
- Қазақстан Республкасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары, нормативтік құқықтық актілері және оларға қойылатын негізгі талаптар.
Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының еңбек туралы Заңы реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Олардың қатарына мына заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді жатқызуымызға болады:
1. Қазақстан Республикасының 15. 05. 2007 жылғы N251 Еңбек кодексі. 19. 12. 2007. жылғы №9-ІV Заңымен мазмұы өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) , (05. 05. 2009 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
2. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» 2004 жылғы 28 ақпандағы N528-II Қазақстан Республикасының Заңы (05. 06. 2006 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы №278-Ө бұйрығымен бекітілген « Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» ережесі.
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 22 тамыздағы № 200-П бұйрығымен бекітілген «Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі» туралы үлгі ережесі.
Мыналардың күшi жойылды:
1. "Еңбектi қорғау туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 3, 40-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 23, 931-құжат) ;
2. "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 3, 41-құжат) .
Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің мазмұны. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер қызметкерлердің еңбек қызметі үдерісінде олардың өмірі денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді белгілейді. Нормативтік құқықтық актілер «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары ескеріле отырып әзірленеді және қабылданады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуге жатады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер:
1) еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптарын;
2) жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
3) жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
4) авариялық жағдайларындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
5) жұмыс аяғындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
6) өндірістік (технологиялық) үдерістерге қойылатын талаптарды;
7) өндірістік үй-жайларға қойылатын талаптарды;
8) өндірістік алаңдарға (өндірістік үй-жайлардан тыс жерлерде атқарылатын үдерістер үшін) қойылатын талаптарды;
9) бастапқы материалдарға, дайындамалар мен шала өнімдерге қойылатын талаптарды;
10) өндірістік жабдықтарға қойылатын талаптарды;
11) өндірістік жабдықтардың орналастырылуына және жұмыс орындарының ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды;
12) бастапқы материалдарды, дайындамаларды, шала өнімдерді, дайын өнімдер мен өндіріс қалдықтарын сақтау және тасымалдау тәсілдеріне қойылатын талаптарды;
13) өндірісте жұмыс істейтіндердің еңбек ету және демалу режимін;
14) қызметкерлерді кәсіптік іріктеуге және олардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруге қойылатын талаптарды;
15) өндірісте жұмыс істейтіндерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды;
16) қорғаныс құралдарын қолдануға қойылатын талаптарды;
17) қызметкерлерді санитарлық-тұрмыстық үй - жайлармен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қамтуы тиіс.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттiк нормативтiк талаптар:
1. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөнiндегi мемлекеттік нормативтiк талаптар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгіленедi және олар қызметкерлердiң еңбек қызметi процесінде өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерден, рәсiмдерден және өлшемдерден тұруға тиіс.
2. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асырған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарды орындауға мiндеттi.
3. Мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актiлерді әзірлеуi мен бекiтуінің тәртібiн Қазақстан Республикасының Үкіметi белгілейді.
Қорытынды
Елді индустриялау, өндірісті жаңғырту, өндіріс пен технологиялық процестердің жаңа түрлерінің пайда болуы еңбекті қорғау саласында жаңа әрі күрделі міндеттерді қойып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz