Мүк тәрiздiлер бөлiмi



1 МҮК ТӘРIЗДIЛЕР
2 ШЫМТЕЗЕК МҮГI ЖӘНЕ ШЫМТЕЗЕКТIҢ ТҮЗIЛУI
Мүк тәрiздiлер бөлiмi түрлерiнiң саны жағынан гүлдi өсiмдiктерден кейiнгi екiншi орында. Дүние жүзi бойынша олардың 22000-нан 27000-ға дейiн түрлерi кездеседi.
Мүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. Әсiресе ылғалы мол жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның батпақты жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi ағаштан салынған үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың, жартастардың бетiнен көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тiптен терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге болады. Климаты аса қатал Артика мен Антарктиданың бiр қатар аудандарында жоғары сатыдағы өсiмдiктерден тек мүктер ғана өседi. Мүктердi зерттейтiн ғылымды «Бриология» дейдi.
Мүк тәрiздiлер аласа болып келетiн көпжылдық, сирек жағдайда бiржылдық өсiмдiктер.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
МҮК ТӘРIЗДIЛЕР БӨЛIМI (отдел моховидные — Bryophyta)

Мүк тәрiздiлер бөлiмi түрлерiнiң саны жағынан гүлдi өсiмдiктерден кейiнгi екiншi орында. Дүние жүзi бойынша олардың 22000-нан 27000-ға дейiн түрлерi кездеседi.

Мүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. Әсiресе ылғалы мол жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның батпақты жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi ағаштан салынған үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың, жартастардың бетiнен  көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тiптен терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге болады. Климаты аса қатал Артика мен Антарктиданың бiр қатар аудандарында жоғары сатыдағы өсiмдiктерден тек мүктер ғана өседi. Мүктердi зерттейтiн ғылымды Бриология дейдi.

Мүк тәрiздiлер аласа болып келетiн көпжылдық, сирек жағдайда бiржылдық өсiмдiктер.

Мүктердiң биiктiгi бiр миллиметiрден 70 сантиметрге дейiн жетедi. Мүктердiң құрылысы өте қарапайым, түрлер де болады. Бiрқатар мүктердiң жер бетi бөлiгi тармақталып төселiп өседi, оны таллом деп атайды. Талломды мүктер көп клеткалы балдырларға ұқсас келедi. Мүктердiң басым көпшiлiгiнiң сабағы мен жапырағы болады. Барлық мүктерде тамыр болмайды. Тамырдың қызметiн ризоидтары атқарады. Ризоид — бiр немесе бiрнеше клеткалардан тұратын жiңiшке жiп тәрiздi эпидермистiң өсiндiсi. Ризоид арқылы өсiмдiк топырақтан суды және онда ерiген минералды затарды бойына сiңiредi.

Мүк сабағының сыртын бiр қатар клеткалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл клеткалардың хлорофилдерi болмайды. Қабықшаның астында клеткалары хлоропластарға толы, жақсы жетiлген фотосинтездеушi ұлпа орналасады. Өткiзгiш, тiрек, қор жинаушы және жабын ұлпалары нашар жетiлген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен тасмалдануы өткiзгiш ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады.

Мүктердiң аса кең тараған екi өкiлiн қарастырамыз. Олар: жасыл мүк — көкек зығыры мен шымтезек мүгi.

Жасыл мүк — көкек зығыры (кукушкин лен – Polytrichum commune)

Жалпы сипатамасы. Көкек зығыры топырақтың бетiн кiлемдей тұтасып жауып жататындықтан, басқа мүктердi оңай ығыстырады. Бойына ылғалды көп сiңiредi. Бұл орманның батпаққа айналуына себепшi болады. Көк зығыры екi үйiлi өсiмдiк (6 – сыныпты еске түсiрiңдер). Аталық өсiмдiк көп жылдық, ал аналық өсiмдiк бiр жылдық болады. Көк зығырының биiктiгi 40 см шамасында болады. Сабағы бұтақтанбайды, оның сыртын қалың, майда жапырақтар жауып тұрады. Сабағының құрылысы өте қарапайым. Сабақтың қабықшасының астында тiрек ұлпасы орналасады. Сабақтың ортасында қарапайым өткiзгiш шоқ орналасады. Жасыл мүк топыраққа ризоидтары арқылы бекiнедi.

Жасыл мүктер басқа жасыл өсiмдiктер секiлдi автотрофты жолмен қоректенедi. Топырақтан ризоидтары арқылы суды және онда ерiген минералды заттарды сiңiредi. Жапырақ клеткаларында хлорофилл дәндерi бар. Жапырақтар арқылы ауадан көмiрқышқыл газын сiңiредi. Нәтижесiнде олардың хлоропластарында фотосинтез процесi жүрiп органикалық зат түзiледi.

Көбеюi.  Көкек зығыры жынысты және жыныссыз жолдармен көбейедi. Жынысты көбеюi былайша жүзеге асады. Аталық өсiмдiктiң жоғарғы ұшында аталық жыныс клеткалары болады. Аналық өсiмдiктiң сабағының жоғарғы ұшында аналық жыныс клеткалары жетiледi. Осы жыныс клеткаларының қосылу нәтижесiнде өсiмдiк ұрықтанады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан қауашақ жетiледi. Қауашақтың iшiнде споралар дамиды. Спора – екi қабықшалы жыныссыз көбеюге маманданған клетка. Жыныссыз көбеюi осы споралардан басталады. Пiсiп жетiлген споралар қауашақтан жерге шашылады. Қолайлы жағдайда споралар өнiп, тармақталған жiп тәрiдi жасыл балдырларға ұқсас өскiншелер пайда болады. Осы өскiншелердiң бүршiкшелерiнiң бiреулерiнен аналық өсiмдiктер, ал екiншiлерiнен аталық өсiмдiктер жетiледi.

ШЫМТЕЗЕК МҮГI ЖӘНЕ  ШЫМТЕЗЕКТIҢ ТҮЗIЛУI

Жалпы сипаттамасы. Шымтезек мүгi (сфагнум — Sphagnum)  ылғалды, батпақты жерлерде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МҮК ТӘРІЗДІЛЕР БӨЛІМІ (МОХОВИДНЫЕ) – ВRҮОРНҮТА
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Қырықбуынтәрізділер және қырықжапырақтәрізділер бөлімі
Жоғары сатыдағы өсімдіктер. Мүк тәрізділер бөлімі
Мүк тәрізділердің практикалық маңызы
Саңырауқұлақтар бөлімі-mycophyta
Кладофоралы балдырлар қатары
Жасыл балдырлардың табиғатта таралуы
Бауыр Мүктер Класы
Жасыл мүктің құрылысы
Жапырақты сабақты мүктер
Пәндер