Халық санағы


Халық санағы - белгілі бір уақыт шеңберінде бүкіл елдің халқының немесе оның бір бөлігінің демографиялық, экономикалық, әлеуметтік сипаттағы ақпаратын жинау, өңдеу, жариялау, тарату мақсатындағы жалпы мемлекеттік статистикалық шаралар. Бұл санақ халықтың дәл сол уақыттағы мәліметін "лезде суретке түсіріп" алуға мүмкіндік береді. Халық санағында сол аумақтағы халықтың саны, құрылымы, әлеуметтік-экономикалық сипаты туралы ақпарат жиналады. Халық санағы көпшілік елдерде негізгі, ал, кейбіреулерінде - демографиялық және әлеуметтік, экономика мәліметгер жинаудың жалғыз жолы. Сонымен қатар, халық санағы халық өмірінің қырларын таңдамалы түрде немесе үй шаруашылығын есепке алуда қолданылады. Халық санағын жүргізудің ғылыми және үйымдастырулық негіздері XX ғ. екінші жартысында қалыптасып болды. Көптеген елдерде тұрақты 5 немесе 10 жыл мерзімде бір жүргізілетін Ұлттық халық санағының бағдарламаларында БҰҰ-ның және өзге де ұйымдардың ұсыныстары есепке алынады. Санақ қорытындылары бойынша халықтың табиғи және миграциялық қозғалысын нақтылауға болады. Халық санағын отбасына және үй шаруасына жүргізеді. 1950 ж. бері БҮҮ эр 10 жыл сайын бүкіләлемдік халық санағын өткізеді. 2004 ж. әдеттегі онжылдық раунд (1994- 2004) аяқталды. XXI ғ. басында әлемде халық санағы өткізілмеген бірде-бір ел қалмады. Ұлттық санақ қорытындылары өзара сәйкес келу керек, ал негізгі қорытындылар бүкіләлемдік халық санағының бөлігі болып есептеледі. Бұл өз кезегінде әлемдік экономиканың жаһандану дәуірінде үлкен мәнге ие болып отыр
Қазақстан тарихында 1897 жыл мен 2009 жылдар аралығында он бір рет халық санағы өткізілген болатын. Халық санағының бастапқы екеуі (1897, 1911 ж) патшалы Ресей заманында яғни бодандық қамыты мойынға ілінген отаршылдық кезеңде Ресей империясының мүддесі тұрғысынан жүргізілді. Отарланған елдер арасында қазақтар арасында жүргізілген халық санағы әр отбасында орташа есеппен 5 адамнан болмағы керек деген мөлшерді ұстанды. Халық санағын өткізуде әр отбасы мөлшерін негізге алу жүйесі түрік халықтары тарихында көне дәуірден орта ғасыр кезеңіне дейін белгілі болатын. Мысалы б. э. д. үйсін қағандығында әр түтін басынан бір сарбаздан алу дәстүрі орныққан еді. Ал осы көріністі 751 жылы Талас өзені бойында араб империясы мен Қытай империясы арасында болып өткен, сол заман үшін теңдесі жоқ қырғын соғысқа Түркеш қағандығы да тікелей араласқан еді. Екі империя арасында қысымда қалған Түркеш қағандығына уақыт пен жағдайға байланысты екі империяның біреуін жақтау қажеттілігі туады. Егер қытай армиясы жағына шықса, қытайлар кетпей жерге орнығып қалуынан сескенеді. Сондықтан Түркеш мемлекеті мүддесі үшін таңдау арабтар жағына ауды. Осы себепті екі жақ бір-біріне бата алмай тұрғанда қытайларға қарсы майданды Түркештер ашты. Осы Түркештер қатарына шымыр тайпасынан 20 мың атты сарбаз қосылғаны тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі ғалым Әлімғазы Дәулетханның «Түркештер» деген ғылыми еңбегінде аталып көрсетіледі. Түркештер өз әскері қатарына әр отбасынан бір сарбаз алып отырған. Егер отбасында жарарлық жалғыз бала болса, ол отбасының түтіні өшіп қалмауы үшін сарбаздық міндетінен босатылатын дәстүр болған. Сонда халық санын білудің тәсілі әр отбасынан алынған сарбаздар санына қарай анықталып отырған. 1897, 1911 жылғы қазақтар арасында Ресей империясы жүргізген халық санағында әр отбасында орташа есеппен 5 адамнан болады деген мөлшерді негізге алған болатын. Бірақ 1897 жылғы халық санағында қазақтар жайлаған ұлан байтақ жерлер тұтас қамтылмаған еді. Әрине, шекараның ар жағындағы қытай, монғол қазақтары да есепке түспей қалған болатын. Осының өзінде Ресей қоластындағы қазақтардың саны - 3 787 000 адам деп көрсетілсе, 1911 жылғы санақта 4 692 000 қазақ болды. Яғни 15 жыл ішінде қазақтар 905 000 адамға көбейген. Әрине, бұл көріністен Ресей империясы қазақтарға жанашырлық танытты, қамқорлық жасады деген ұғым тумасы анық. Ресей империясы бодан болған түрік халықтарының ішінде қазақтар мен ноғай және қырым татарларының тағдырына аса қатыгездікпен қарап, оларды шоқындырып, орыстандырып жіберу мақсатын қойды. Егер бұл саясатқа көнбесе, жер бетінен сыпырып, жою мақсатын ашық қойғанына тарих куә. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін басу үшін Николай-2-патша өзінің ең сенімді аса тәжірибелі досы Куропаткинді Сырдария губерниясының генерал-губернаторы қызметіне тағайындады. Орта Азиядағы ұлт-азаттық көтерілісін түрлі саяси айла-амалдармен тұншықтырған генерал-губернатор өз күнделігінде жазғанындай, Ресей саяси элитасының 1876-1916 жыл аралығында, яғни 40 жыл ішінде қазақтар үшін жасаған саяси қорытындысы - қазақтарды жер бетінен тұтастай жойып жіберу мақсатын ашық қойғаны әшкере болып отыр. Өйткені Ресей патшалығын Ш. Уәлиханов атап көрсеткендей, қазақтардың Ресейге бодан болған түрік халықтары ішінде санының көп болуы, әрі болашағы зор, ұлттық санасының жоғары болып, еркіндікке ұмтылуы шошытты. Ресей империясына халық емес, оның жері керек екенін жұртшылық ерте сезінді. ХVI ғасырда орыстар 4 миллионға жеткенде, қырым татарларының саны 2 млн. болатын. Ал қазір орыстар 4 млн-нан 150 млн-ға жетсе, қырым татарлары өз жерінде жарты млн-нан әрең асып отыр. Өйткені қырым татарлары жайлаған Қырым жері ең шұрайлы, курортты жер болуымен бірге стратегиялық жағынан аса қолайлы мекен болуы себепті. Қырым өлкесін татарларынан тазалауды Ресей алдына мақсат етіп қойса, осы саясатты Кеңес өкіметі жалғастырып, мүлде азайып кеткен қырым татарларын 1944 жылы жер аударып, қырғынға ұшыратуы геноцидтік саясаттың өзі болып шықты.
Кеңес өкіметі заманында 1917-1991 жылдар арасында жеті рет жүргізілген халық санағында қазақтардың тағдыры басқа түрік халықтарының өсу деңгейімен салыстырғанда өсіп жетілудің орнына кері кетіп, 1916 жылғы 6 миллион қазақтың 1 900 000-ға шейін құлдырап, өз жерінде 82%-дан 29%-ға дейін мүлде азайып кетуінде қандай құпия сыр жатыр? Бір жағынан қарағанда Кеңес үкіметі мен Орталық Комитеттің саяси бюросында Ресей империясының ұстанған дәстүрін жалғастырушы болғанын Кеңес үкіметі кезінде алты рет өткізілген халық санағының нәтижесі нақтылы түрде айғақтап отырса, қалайша үнсіз отыра алмақсың.
«Бетпақ жеңдім дейді, бишара көндім дейді», - деп халық мақалы айтқандай, бишара болып шындықты ашпауға енді тәуелсіз заманы көнбесе керек. Өйткені 1911 жылғы патшалық санақтан кейін қазақтардың саны 1959 жылға дейін жыл өткен сайын тұрақты түрде азайып, оталып отырды.
Билік басына қазақ ұлтының өкілі Қонаев отырған кезден бастап қазақтар саны жыл өткен сайын молығып, тұрақты түрде өсу жолына түсті.
Күдік тудыратын мәселенің өзекті желісі - басқа түрік халықтары тұрақты түрде еселеніп көбейіп отырғанда, ноғай, қырым татарлары мен қазақ халқының кеңестік дәуірде жыл өткен сайын азайып, қазақтардың өз жерінде 29 %-ке шейін түсіп кетуінде қандай құпия жасырын сыр жатыр?
Мәселенің түп төркіні осы сырға қанығып, оқырман көзін шындыққа жеткізуде жатыр.
Осы саясатты Кеңес өкіметі де жүргізіп, соғыс кезінде, 1944 жылы Кавказ, Қырымдағы мұсылман халықтарды жерді тазарту үшін тұтас депортациялап, қоныс аударып, қырғынға ұшыратты. 1926 жылы Кеңес одағында 194 ұлт болса, ол 1991 жылы 101 ұлт қана қалып, 93 ұлттың жұтылып, жоқ болып сіңісіп кетуі - мойны жуан Ресейдің дәстүрлі қатыгез отаршылдық саясатының жалғастық табуында жатыр. Қазақ, ноғай, қырым татарлары Кеңес өкіметінің ерекше назарына алынуы - ұлттың тағдырына қасіретті өзгерістер әкелді.
1) Ресейдің өкпе тұсына орналасқан ноғай хандығы құлаған соң, ноғайлар күшпен шоқындырылып орыстандырылды. Ақыры орыстарға сіңіп, тарихи орнын жоғалтты. Ал қырым татарларын Ресей 1771 жылы жаулап алуына байланысты қырым татарларының саны азайып ¾ парасы сыртқа қашты. Өйткені Қырымның генерал-губернаторы Борозциннің: «А татарам велел уходить на четыре стороны», - деп астамдық көрсетуі осының айғағы болатын-ды.
2) 1780 жылы қырым татарлары өз жерінде мүлдем азшылыққа айналып, саналы түрде қуғындауға түсті. Қырымдағы 680 село қаңырап бос қалды. Осы қасіретті көрген журналист: «… татарские семейства все, от стара до мала, пошли на кладбища сказать последнее «прости» своим похороненным предкам, эти изгнанники опускаются на колени, бьют кулаками в грудь и целуют землю. Ни воя, ни криков не слышно, тихо струятся слезы на их загорелых лицах» (Крым, Симферополь. 1930, с. 114) деп жазуынан халық қасіретін көзбен көргендей боламыз. Бұл қасірет қырым татарларына аз болғандай олардан қалған-құтқан ұрпақтарын 1944 жылы түгелдей жер аударып жіберді. XVI ғасырда саны жағынан орыс халқының жартысына тең қырым татарлары бүгінде 0, 5 млн-ға жетпес халде тұр. Бір кезде Бақшасарайдай астанасы бар қырым татарларының мемлекеті құлап, Ресей тарапынан қуғындалып, жер бетінен жойылудың алдында тұр.
3) Ресей империясының құрбандығына ұшырай жаздаған үлкен халықтың бірі қазақтардың да тағдыры бір кездері хал үстінде түрды. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқының қасіретін танып білу, оны халық ретінде жер бетінен жойып жіберу жолындағы Ресей империясының қаскөй саясатын зерттеп, санасынан өткізіп отыру - бүгінгі ұрпақ парызына айналып отыр.
Қазақ халқы орталықтың саналы түрде жүргізген қаскөйлік әрекеті болмағанда, санымыз жағынан түрік халықтарының арасында ең көбі болып 30 млн-ға жетер едік. Санымыз өсудің орнына азаю - ұлттық қасіретімізге айналды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz