Экономика және еңбек тәрбиесі: экономикалық жүйелер мен еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Экономика (гр. Oikonomia - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың негізі болып табылады. Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді. Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде - қандай тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керектігін; қандай технологияны пайдаланып, қалай өндіруді, кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету қажет деген мәселелерді шешеді. Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық жүйелер: дәстүрлі, командалық және нарықтық болып жіктеледі.

  • Дәстүрлі экономикалық жүйедеөндіру, бөлу және тұтыну қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделеді.
  • Әміршіл-әкімшілік экономикалық жүйебұл мәселелерді директивалық әдістермен, яғни жоғарыдан түсіріліп жататын бұйрықтармен шешеді.
  • Алнарықтық экономикалық жүйедешаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылады.

Еңбек тәрбиесі - тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілеттерін, еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке және оның өнімдеріне жауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға, мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекеті. [1] Еңбек тәрбиесі - жасөспірімдерді еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы. Е. т. барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған. Мыс., қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулынған әрбір жас сәби “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген (қ. Халықтық педагогика) . 18 ғ-дың ағартушылары (Ж. Ж. Руссо, И. Г. Пестолоций) оқыту мен Е. т-н ұштастыру мәселесін алғаш рет ғыл. тұрғыдан талдады. Қазақстанның халыққа білім беру жүйесінде Е. т. отбасында, мектепте, мектептен тыс мекемелерде жүзеге асады. Отбасында бала кішкене кезінен еңбек тапсырмаларын орындауға, еңбекқорлыққа, төзімділікке баулынады. Е. т. мектепте білім берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу еңбегінің барысында балада ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу процесінде өзіне-өзі қызмет ету, оқу құралдарын дайындау, мектеп үйін жөндеу, табиғатты қорғау, т. б. қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуы олардың ой-өрісінің кеңеюіне, қабілеттіліктерінің, бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік жасайды. Педагогика ғылымы Е. т-н жас ұрпақты отбасы мен мектепте тәрбиелеудің жалпы үрдісінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Оқушыларды еңбек етуге, еңбекқорлыққа баулу, оларға кәсіптік бағдар беру қазіргі таңда барлық оқу жүйесінде оқушы әрекетінің белсенділігін қамтамасыз етудің бір тәсілі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері мен әдістемесі
Отбасындағы бала тәрбиесі мен еңбек тәрбиесінің теориясы және ұйымдастыру жүйесі
Бала тәрбиесіндегі еңбек тәрбиесінің негіздері
Еңбек тәрбиесі: теориялық негіздері және мектеп оқушыларының психолого-педагогикалық қалыптастыруы
Әл-Фарабидің педагогикалық ілімі: еңбек тәрбиесі, білім және гуманизм
Еңбек тәрбиесінің құралдары, әдістері және формаларының еңбек мәдениетін қалыптастыруға әсері
Көркем еңбек пен технологияны оқыту әдістемесі: тері бұйымдары мен еңбек тәрбиесінің негіздері
Антон Семенович Макаренконың педагогикалық идеялары: ұжым, еңбек және жанұя тәрбиесі
Еңбек тәрбиесі мен кәсіптік бағдар беру: тұлға дамуы және педагогикалық технологиялар
Еңбек тәрбиесінің негіздері: тарихи-теориялық аспектілері, мазмұны және кәсіптік бағдарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz