Мердiгерлiк шарты түсінігі



Кіріспе
Негізі бөлім
1.Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы
1.1 Мердігерлік шартының түсінігі
1.2 Мердігерлік шартының элементтері
1.3 Мердігерлік шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері
2. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
Құрылыс мердігерлігі
Мердігердің құқықтары мен міндеттері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердiгерлiк бұл қызмет, оның нәтижесi заттай мiнезде болып келедi (белгiлi мүлiк пайда болады). Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелерi болуы мүмкiн, бiрақ бұл мердiгерлiк қатынастарының мәнiсiн жоққа шығармайды, себебi оларда қол жететiн нәтижемен қатар белгiлi қызметтiң өзi де (оның барысы) маңызды болып келедi. Осы қызметтi негiзiнен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп мiнездеуге болады, сондықтан мердiгерлiк шарттарында тараптардың өзге қатынастарымен бiрге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледi.
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметi жалпы түрде реттеледi, өйткенi ол тұлға мердiгерлiк шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта болса, тұлғаның қызметiнiң нәтижесiнде оны беру бойынша мiндеттi де қамтиды.
1. Азаматтық құқық кодексі .- Алматы., 2001
2. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім. – Алматы., 2005
3. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім. Т.2.-Алматы., 2005
4. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері.- Алматы., 2003
5. Ағдарбеков.Т. Мемлекет және құқық теориясы.- Алматы.,2003
6. Ынтымақов С.А. Азаматтық құқық .- Алматы ., 2004
7.Е.Баянов Қазақстан Республикасының Мемлекеті мен Құқығының негіздері -Алматы 2003

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.

Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердiгерлiк бұл қызмет, оның нәтижесi заттай мiнезде болып келедi (белгiлi мүлiк пайда болады). Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелерi болуы мүмкiн, бiрақ бұл мердiгерлiк қатынастарының мәнiсiн жоққа шығармайды, себебi оларда қол жететiн нәтижемен қатар белгiлi қызметтiң өзi де (оның барысы) маңызды болып келедi. Осы қызметтi негiзiнен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп мiнездеуге болады, сондықтан мердiгерлiк шарттарында тараптардың өзге қатынастарымен бiрге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледi.
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметi жалпы түрде реттеледi, өйткенi ол тұлға мердiгерлiк шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта болса, тұлғаның қызметiнiң нәтижесiнде оны беру бойынша мiндеттi де қамтиды. Сондықтан мердiгерлiк шарты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетiлген қызметтi реттеу бойынша ережелерiмен елеулi ерекшеленсе де, жасалған мүлiктiң өзi және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда мердiгерлiк шартының тараптардың құқықтары мен мiндеттерi бойынша сатып алу-сату шартымен ортақтығы болып келетiнiн тануымыз мүмкiн. Азаматтық құқықтық әдебиеттер еңбек және мердiгерлiк қатынастардың жақындығы жөнiнде айтылады. Бiрақ негiзiнен мердiгерлiк қатынастарды сатып алу-сату және еңбек қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтары олардың әрқайсыларының қатысушыларының құқықтары және мiндеттерi жүзеге асырылатын шарттардың мазмұнынан айқын көрiнедi.

1.Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы.
1.1 Мердігерлік шартыныңтүсінігі.
Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттi.
Мердiгерлiк шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшiн белгiлi уақыт керек, сондықтан мердiгерлiк шарт бойынша шарт жасалу кезi және оның орындалу кезi сәйкес келмеуi мүмкiн. Өз кезегiнде бұл оларға тәуелдiлiкке мердiгердiң жұмыс орындары қойылатын мерзiмдерге әсер етедi. Кейбiр мердiгерлiк шарттардың орындалуы және жасалуы бiр уақытта болуы мүмкiн, мысалы, суретке түсiру шарттары "тез" фотосуреттер дайындаумен байланысты мердiгерлiктiң осындай мерзiмдерiнiң ерекшелiгi олардың барынша қысқалығы болады, және осы мердiгерлiк жасайтын шарттың тапсырысшының себептенушi негiзiнде болуы мүмкiн.
Мердiгерлiкке арналған нормалар, көбiнесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (616-683-б) ұстанылып келедi. Одан басқа Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк комитетiнiң 22.09.1996ж. №97-қаулысымен бекiтiлген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртiптерiнде қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн Ерекше бөлiмiн қабылданғаннан кейiн құрылыс аясында мердiгерлiк қатынастарда бұрын қолданған, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлiгiнiң 3 наурыз, 1994. №5-5-өкiмiмен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының күрделi құрылыста мердiгерлiк шарттарының уақытша тәртiптерi, Қазақстан Республикасының Құрылыс Министрлiгiнiң 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен бекiтiлген, бас мердiгерлердiң ұйымдарының қосалқы мердiгерлiк қатынастарымен өзара қатынастарының ережелерi күшiн жойды.
1.2 Мердігерлік шартының элементтері.
Мердiгерлiк шартының тараптары болып мердiгер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы - екiншi тарапқа - мердiгерге шарт бойынша келiсiлген белгiлi-бiр жұмысты орындауға тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретiнде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады. Мердiгерлiк шарттарда мемлекеттiң қатысу ерекшелiктерi жеке заң актiлерiмен белгiленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация ми-нистрлiгiнiң 18.01.1998ж. №123-бұйрығымен бекiтiлген, жол жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердiгерлiк саудалар) ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiнiң ережелерi.
Мердiгерлiк шартының нысанасы - бұл мердiгер мен орындаған жұмыстың нәтижесi. Мердiгерлiктiң нәтижесi әрқашан олармен жұмыс жүргiзiлетiн белгiлi заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзiнiң бейнеленуiн табады.
Мердiгерлiк жұмыстар кезiнде мердiгердiң қызметiнiң өзi де реттелiнедi. Кейбiр жағдайларда мердiгер мердiгерлiк жұмыстарды өзi орындауға мiндеттенедi. Тапсырысшы жұмыстың жүргiзiлуiн бақылай алады, демек оларды орындауға қойылатын белгiлi талаптар да бар. Бақылау жасалмаса мердiгер жұмысты орындау технологиясынан ауытқып кетуi, материалдарды арзанға ауыстыруы мүмкiн және т.б. бұзушылықтарға жол беруi мүмкiн. Мердiгер бұзушылықтарының нәтижесi көрiнбеуi де мүмкiн, кейде олар оларға қатысты наразылық ұсыну мерзiмдерiнiң шегiнде анықталмауы мүмкiн. Мердiгердiң қызметiнiң өзi реттелетiнiн растайтын келтiргеннен өзге де мысалдарды келтiруге болады. Жалпы аталған қызметтiк реттелуi жұмыстың соңғы нәтижесiне де өз әсерiн тигiзетiнi түсiнiктi.
Мердiгер жұмыстың және материалдардың құндары жөнiнде бiлiктiлеу болған соң смета көбiнесе онымен дайындалады. Сонымен қатар, тапсырысшының өзiнiң де сметаны жасауына шек қойылмайды. Мердiгермен жасаған смета, тапсырысшымен бекiтiледi және шарттың ажырамас бөлiгiне айналады. Өз кезегiнде тапсырысшы дайындаған смета мердiгердiң келiсiмiн талап етедi. Жалпы смета жөнiнде келiсуде оны шартты жасасу тәртiбiмен салыстырғанда ешқандай жаңалық жоқ.
Мердiгерлiк шарттың мерзiмдерi мердiгердiң және тапсырысшының олардың шарт бойынша мiндеттерiн атқаруға байла-нысты қызметiнiң (iс әрекеттерiнiң) уақыттық өлшемдерiн анықтайды. Мысалы, тапсырысшы белгiлi мерзiмге мердiгерге материалдарды және жабдықтарды беруге мiндеттi. Ең жоғары мән жұмыстың орындалуының мерзiмдерiнде болады, себебi мердiгерлiк шарттарының ақырында орындалуы сол мерзiмдерге тiкелей тәуелдi болады. Оның аралығында жұмыс толығынан (аяқты түрде) жасалып бiтуi тиiс уақыт кезеңi мердiгерлiк шартының жалпы мерзiмiн құрайды. Онымен қатар шартта жұмыстар орындалуы үшiн қарастырылған ақырғы мерзiмдер де бекiтiледi (ҚР АК 628 бабы 1 тармақ). Жұмыстың жекелеген кезеңдерiнiң аяқталу мерзiмдерi - аралық мерзiмдер де көзделуi мүмкiн.
Аралық мерзiмдер екi жақты қызмет атқарады. Бiрiншi жағынан, жұмыстың орындалуына байланысты мердiгердiң қызметiнiң бiрдей етiп бөлiнуiн қамтамасыз етедi. Екiншi жағынан, олар тапсырысшыға жұмысты орындалуын бақылауын қамтамасыз етедi. Егер жұмыс жай, уақытылы емес орындалса және оны белгiленген мерзiмiнде аяқтау мүмкiн еместiгi айқын болса тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтiрiлген шығындарды өтеудi талап етуге құқылы. Егер мердiгерлiк шартта мердiгер бастапқы мерзiмiн бұзса, оны орындауға уақытылы кiрiспесе де осы нәтиже орын алады.

1.3 Мердігерлік шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері.
Мердiгер шартта келiсiлген жұмысты өзiнiң тәуекелiмен орындауға мiндеттi. Яғни мердiгердiң мойнында ол кәсiби субъект болған соң, оның жұмысты орындамағандығына байланысты қолайсыз салдар болып келедi. Мердiгердiң осы мiндетiнiң мазмұны тапсырысшының орын алған заңсыз мiнез құлығы ескерiлiп тиiстi дәрежеде өзгертiлуi мүмкiн. Оған жұмысты орындамағаны үшiн немесе дұрыс орындамағаны үшiн мердiгердi жауапкершiлiктен босататын жағдайлар да әсер етедi.
Мердiгер жұмысты өз материалдарымен, күштерiмен және құралдарымен орындауға мiндеттi. Егер материал онымен берiлсе, ол тапсырысшының алдында материалдардың сатушысы болып табылады және олардың тиiстi сапасы үшiн жауапты болады. Жұмыстың өзi тапсырысшының тапсырмасы бойынша орындалады және оған сәйкес болуы керек, яғни ол да сапалы орындалуы керек. Мердiгерлiк шарт бойынша орындалатын жұмыс заттарды сериялық жасауға жатқызылмайды, сондықтан оның тиiстi орындауының негiзгi белгiсi ретiнде тапсырысшының нұсқаулары болып табылады. Мердiгер мемлекеттiк стандарттардың аясында жасау технологиясының тәртiптерiн сақтауға және нормативтi-техникалық құжаттарда көзделген талаптарды сақтауға мiндеттi. Осындай талаптар бiрiншi кезекте кәсiпкер ретiнде жұмыс жасайтын мердiгерлерге қолданылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 632-б. 2-тармақ), бiрақ кәсiпкер емес мердiгердiң де жұмыс орындау кезiнде мiндеттi қойылған талаптарынан шегiнуiне құқығы жоқ, егер мiндеттi талаптарды орындамаса оның қызметiне тиым салынуы тиiс. Бұл жаңа заттарды жасау мен байланысты емес жұмыстарға да қатысты.
Егер жұмыстың сапасына қойылатын талаптар шартта белгiленбесе немесе толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар негiз ретiнде алынады. Мердiгер белгiленген мiндеттi талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетiн жұмысты орындау мiндетiн шарт бойынша өзiне алуы мүмкiн.
Мердiгер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиiстi күйiнде (түзеу) болуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Ол өзi жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының оның күнделiктi шаруашылық қызметiне кiрiсуiне құқығы жоқ. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер үшiншi тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ материалдар мен құралдарды беруге мiндеттi.
Кейбiр жағдайларда, мердiгер жұмысты тапсырысшының материалдарымен де орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен пайдалануына мiндеттi. Сонымен қатар, мердiгер оларды дұрыс пайдалану үшiн жауапты болады. Жұмыс аяқталғаннан кейiн мердiгер тапсы-рысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге мiндеттi. Егер материалдардың қалдықтары болса, мердiгер оларды тапсырысшыға беруге мiндеттi. Мердiгер тапсырысшының келiсiмiмен, қалған пайдаланылмаған материалдың құнына сәйкес жұмыстың бағасын кемiтiп сол материалды өзiнде қалдыруға құқылы.
Материалдарды тапсырысшы берген болса, мердiгер сол материалдарды сапасына қарай қабылдап алуға мiндеттi. Мердiгер тапсырысшы берген жабдықтарды, техникалық құжаттарды және өңдеуге берiлген заттың өзiнде қабылдап (бағалауға) алуға жауапты болады. Тапсырысшымен берген нұсқауларды және тағы да басқа жұмыстың орындау жағдайларын, мердiгер өзiнiң кәсiби тәжiрибесiне байланысты бағалайды.
Мердiгер:
1) тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық құжаттаманың немесе өңдеуге берiлген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы;
2) оның жұмысты атқару әдiсi туралы нұсқаулармен орындаудан тапсырысшы үшiн болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;
3) орындалатын жұмыс нәтижелерiнiң жарамдылығына немесе берiктiгiне қауiп туғызатын не оны мерзiмiнде аяқтауға мүмкiндiк бермейтiн мердiгерге қатысты емес өзге де мән-жайлар аяқталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертiп, одан нұсқау алғанға дейiн жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi.
Осындай мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не ескертуге жауап алу үшiн қисынды мерзiмнiң аяқталуын күтпестен немесе жұмысты тоқтата тұру туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауына қарамастан жұмысты жалғастырған мердiгердiң тапсырысшы оған тиiстi талаптар қойған кезде аталған мән-жайларға сiлтеме жасауға құқығы жоқ (ҚР АК 628 бабы 2 тармағы). Осы норманың мағынасы бойынша тапсырысшы мердiгердiң хабарлауына байланысты жауапты қисынды мерзiмiнiң iшiнде беруi тиiс.
Мердiгерде үнемдеуге құқығы бар (ҚР АК 622-б). Бұған қатысты норма заңнамада және бұрын ҚКСР АК-сында ол болмаған едi. Оны кiрiстiру мердiгердiң тиымды шаруашылық жүргiзуiн қолдайды, себебi онда оның қолданылуына байланысты үнемдеуге тiкелей мүлiктiк мүддесi пайда болады. Үнемдеу материалдардың жұмсалуын азайтуда орындалатын жұмыстың өзiнiң құнын азайтуда болып келедi. Үнемдеу әдеттегiге қарағанда шығындарды азайтатын, жаңа технологияларды енгiзетiн мердi-гердiң жоғары дәрежелi кәсiпқойлығының салдарынан болады. Мердiгердiң нақты шығыны бағаны белгiлеу (сметаны жасау) кезiнде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердiгер алған үнем орындалған жұмыстың сапасына терiс әсер еткенiн дәлелдей алмаса, мердiгер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын сақтайды.
Мердiгерлiк шартта мердiгер алған үнемдi тараптар арасында бөлу көзделуi мүмкiн (ҚР АК 622-б. 2-тармақ). Осы жағдайда, тапсырысшымен шарт бойынша төленетiн баға азаяды. Егер тапсырысшы жағынан үнемдеуге көмектесуi орын алмаса бұл норманы қолдану ақыл ойға сиыспайтын болып келедi. Басқа жағынан, нарықтық экономика жағдайында мердiгердiң қызме-тiн пайдалану үшiн, оның тұрақты iскерлiк атағы пайда болу үшiн, үнемдеу туралы норманы қолдану қосымша ынталандыру болуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс 638-бабы әрбiр тарапқа қарсы тараптың оның ақпаратпен азаматтық құқықтардың мүлiктiк объектiсiмен1 сияқты иеленуiне байланысты мүдделердiң (құқықтарын) қамтамасыз ету мiндетi жүктеледi. Бiр тарап шарт бойынша өзiнiң мiндеттемесiн атқарудың арқасында басқа тараптан жаңа техникалық шешiмдер мен бiлiмдер туралы ақпарат алса, сол ақпаратты үшiншi тұлғаларға өзге (қарсы) тараптың келiсiмiнсiз бере алмайды (бұл ақпараттың құрамына ноу-хауды қосқанда өнеркәсiптiк меншiктiң барлық түрлерi туралы ақпарат кiре алады). Мердiгерлiк шарты бойынша жалпы тәртiбiне құқықтық қорғауы болмайтын ақпарат және де тараптардың бiреуiнiң коммерциялық құпиясы болып келетiн ақпарат та қорғалады. Осындай ақпаратты (барлық түрлерiн) жарияламау мiндетi тараптар оны шартта бекiткенiне, бекiтпегенiне байланысты болып келедi, бiрақ ақпараттарды пайдалану тараптары мен тәртiбi тараптардың келiсiмiмен анықталады (ҚР АК 638 бап). Мұндай ақпаратты пайдаланудың тәртiбi мен талаптары тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
Мердiгер жұмысты атқарған соң, оған тапсырысшы шартты орындау үшiн берген құралдарды қайтаруға мiндеттi. Сол сияқты тапсырысшы мердiгер жұмысты орындауға кiрiспегенi немесе тым баяу орындағанына немесе орындалған жұмыста елеулi және жойылуы мүмкiн емес кемшiлiктерi болғаны себебiнен шартты бұзса (одан бас тартса), онда мердiгер тапсырысшымен берiлген материалдарды, жабдықтарды өңдеу үшiн берiлген затты немесе өзге мүлiктi қайтаруға мiндеттi. Мүлiк тапсырысшы көрсеткен тұлғасына қайтарылуы мүмкiн. Егер мүлiктi қайтарып беру мүмкiндiгi жоқ болса, мердiгер материалдардың құрал-жабдықтарды және тапсырысшыдан алынған басқа мүлiктiң бағасын қайтаруға мiндеттi (ҚР АК 639 бабы).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 629 бабының мағынасы бойынша, тапсырысшы мердiгердiң мiндетiн тиiстi орындауға қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асыруы керек, егер осы шаралар тапсырысшының әрекеттерiне байланысты болса. Мысалы тапсырысшы салынып жатқан объектiге жолды тазалауға, тиiстi мерзiмде,егер бұл шартта қарастырылса, жабдықтарды, бөлмелердi (жайларды) беруге мiндеттi. Мердi-герге көмектесу мiндетi тапсырысшы оған жұмыстарды орындаудың бұдан бұрын бекiтiлген тәртiбiн қайта құруды талап етпеу керек екенiн, оған жұмыстың орындалуында өзге кедергi жасамау керек екенiн, керiсiнше онымен ынтымақтастықта болу керек екенiн бiлдiредi. Тапсырысшы осы мiндеттерiн орындамаған жағдайда, мердiгер зиянды, соның iшiнде жұмыстың тоқтап қалуына, жұмысты орындаудың мерзiмдерiнiң өзгеруiне немесе жұмыс бағасы көбеюiне байланысты келтiрiлген шығындарды (қосымша шығындарды) өтеудi талап етуге толық құқылы. Егер мердiгерлiк шарты бойынша жұмысты орындау тапсырысшының әрекеттерiнiң (қателiктерiнiң) мүмкiн болмай қалса, мердiгер жұмыстың орындалған көлемiне сәйкес келетiн мөлшерде жұмыс үшiн ақыны алу құқығын сақтап қалады.
Тапсырысшы мердiгер жасаған жұмысты қабылдап оған ақы төлеуге мiндеттi. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 630-бабында жұмысты қабылдау тәртiбi реттелген және ол шартта да көрсетiлуi мүмкiн. Жасалған жұмысты қабылдау шартта көрсетiлген мерзiмде егер сол мерзiмдер шартта қарастырылмаса, онда қабылдау қисынды мерзiмдерде жүргiзiледi. Қабылдауға жұмыс нәтижелерiн тексеру кiредi. Егер жаңа зат жасалынса немесе бар затты жөндеу, оны жақсарту жүргiзiлсе қабылдау мiндетi затын иелiкке алу бойынша iс жүзiндегi әрекеттердi де өз құрамына енгiзедi. Орындалған жұмысты қабылдаудың мерзiмiн өткiзiп алу меншiк құқығы жаңадан жасалған (қайта өңделген) затқа тапсырысшыға затты беру орын алғанда өтетiнiне әкеледi. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi-нiң 630-бабы 8-тармағы). Сiлтеме жасалған норманың мәтiнiнде бiздiң ойымызша қателiк бар, себебi жұмыс нәтижесiн қабылдап алу мерзiмiн өткiзiп алу тапсырысшыға меншiк құқығы өту сәтiн анықтауға байланысты болуы тиiс емес (меншiк құқығы онсыз да жалпы тәртiп бойынша тапсырысшыға оған зат берiлгенiн өтедi), мерзiмдi өткiзiп алған несие берушiде (тапсырысшыда) осының салдарынан болған барлық қолайсыз нәтижелер (тәуекелдер) оның қабылдау мерзiмiн өткiзiп алудағы кiнәсi болмаса, онда ол мүлiктi қабылдауға мiндеттi болған және оны қабылдаған сәттер арасындағы уақыт аралығындағы мүлiктi күтiп ұстау бойынша, шығындарда оған жүктелетiнiне (ол сол шығындарды өтеуге мiндеттi болатынына) әкеледi.
Мердiгерге тапсырысшыға қатысты құқықтарын өз бетiмен қорғау құқығы берiледi. (ҚР АК 9 бабы, 3-тармақ). Бұл құқық затты ұстап қалу құқығы болып келедi (ҚР АК 624 бабы).
Мердiгерлiк шарттағы тараптардың арасындағы тәуекелдердiң қайта бөлiнуiне әкелетiн жағдайлардан тараптардың бiреуiнiң кiнәлi iс-әрекеттерi болатын жағдайларды айыра бiлу қажет. Мысалы тапсырысшының кiнәсi болуы мүмкiн. Егер мердiгерлiк затының жойылуы немесе жұмысты орындаудың мүмкiнсiздiгi тапсырысшы берген материалдың санасыздығынан болса, немесе оның берген жұмысты орындау туралы нұсқауына байланысты болса және осының салдары туралы мердiгер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мердігерлік шартын түрлері
Мердігерлік шартының жеке түрінің ерекшеліктері
Жалға алу шарты
Мердігерлік шартының элементтері
Өтелмелi қызмет көрсету шартының мазмұны мен түсінігі
Мердігерлік шартының түсінігі
МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Азаматтық құқық (Ерекше бөлім)
Еңбек құқығы жүйесі
Өтелмелі қызмет көрсету
Пәндер