Өкілеттік



1 Өкілдік институтының маңыздылығы
2 Өкілдіктің негізгі белгілері
3 Коммерциялық өкілдіктедің ерекше сипаты
Өкілеттік деп басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет жасаған жағдайынан көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабы).
Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы келеді.
Іс-әрекеттердің бәрін өкілет арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі қол қоюы керек,некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді (АК-тің 163-бабы,5-тармағы).

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Өкілеттік деп басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет жасаған жағдайынан көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабы).
Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы келеді.
Іс-әрекеттердің бәрін өкілет арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі қол қоюы керек,некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді (АК-тің 163-бабы,5-тармағы).
Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді.
Өкілдіктің негізгі белгілері:
1. Өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан-өкілдік беруші, өкіл және үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілер, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады. Өкілеттікті жүзеге асыру кезінде екі бірдей құқықтық қатынас жүзеге асырылады: өкілдік беруші мен өкіл арасындағы ішкіқұқықтық қатынас, өкіл мен үшінші жақ арасындағы сыртқы құқықтық қатынас. Алайда екінші құқықтық қатынаста өкіл іс-әрекетке өз атынан түспейді.
Ал азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез-келген тұлға, яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттігі толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқықтық қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс. Азаматтық Іс жүргізу кодексі сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар тобын белгілейді. Олар: судьялар, тергеушілер, прокурорлар, істі қарауға қатысы бар лауазымды тұлғамен туыстық қатынасы бар тұлғалар.
Өкіл беруші кез-келген азаматтық құқық субъектісі бола алады. Өкілеттік берушінің әрекет қабілеттігі тек ерікті түрдегі өкілдік үшін қажет.
Үшінші жақ -- азамат немесе заңды тұлға. Өкілдік онымен әрекетке түсуі нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқық қатнастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.
2. Өкілдік шартсыз болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің әрекет қабілетсіз азаматтар атынан заңды өкіл болу шартын қарастыратын 164-бабынан басқа АІК-де соттағы заңды өкіл туралы ереже қарастырылған. АІК 38-бабында әрекет қабілетсіз азаматтардың, толық әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың, әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары мен қорғаншылары сотта өздерінің өкілетті құжаттарын көрсете отырып қорғай алады. Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы" Заңының 111 - бабына сәйкес қамқоршылар мен қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті мәмілелерді олардың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды.
Қамқоршылар өздерінің қамқоршылығындағы адамдардың өз бетінше жасауға құқығы жоқ мәмілелерді жасауға келісім береді, қамқоршылығындағылардың өз құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін атқаруына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан ықтимал қиянаттардан қорғайды.
3. Өкілдіктің құқығы мен міндетінен туындайтын қандайда бір әрекеттер өкілдік беруші үшін жасалады. Өкілдің барлық әрекеттері өкіл беруші үшін заңды салдарлар туғызады.
4. Өкіл өкілеттік негізінде әрекет етеді. Өкілеттік бұл -- өкілдің жасай алатын әрекеттер шеңбері, құқықтық қатынастардағы өкілдің мәміле негізінде белгіленген мүмкіндіктерінің шектері.Өкілдіктің түріне қарай өкілеттік әртүрлі тәсілдермен қалыптасады. Ерікті өкілдікте өкілеттік екі жақтың келісімімен жүзеге асырылатын әрекеттер сипаты шарт немесе сенімхат мәтінінде көрсетіледі.
Өкілдік негізі бір тұлғаның (өкілдік беруші, сенім беруші) екінші тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған және өкілдік қатнасын асыра пайдаланған екінші жақтың өкілдік беруші тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірақ Азаматтық кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір адамның атынан немесе өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші кейін осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оны жасаған кезінен бастап жарамды етеді.
Өкілеттік туындауының негізі - заң фактісі болып табылады. Заңда мынандай өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда көрсетілген фактілер; мәселен ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері бола алады, әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және заңды тұлғалар алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы өкіл болып қатыса алады (АК-тің 164-бабы); уәкілетті органның актісі-тұлғалар өкіл болып қатысуға рұқсат беретін акт. Мысалы өкілеттік міндетті атқаруды талап ететін лауазымға тағайындау өкілеттік сондай-ақ өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т.с.с.) әрекет жасайтын жағдайынан да көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабының 1-тармағы).
Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КОНСУЛДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Дипломатиялық құқық
Өкілдіктің түсінігі мен маңызы. Сенімхат
Өкілдіктің қолдану аясы
Ұйымдық-өкілеттік құжаттар және олардың түрлері. Іс қағаздарының формалары мен түрлері
Қылмыстық құқық жүйесі
Азаматтық құқығының негіздері
Конституциялық құқықтар мен бостандық
Сотта өкілдік ету
Қазақстан Республикасындағы биліктің заң шығарушы тармағы
Пәндер