Айырбас шарты



1.Кіріспе;
2.Айырбас шарты;
3. Айырбас шарты бойынша баға мен шығындар.
4. Аралас шарт
5.Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргізуді, оралымды басқаруды басқа тараптың меншігіне бір тауарды екіншісіне айырбасқа беруге міндеттенеді (бұл ҚР АҚ 501-бабының тұжырымдамасы).
Түсініктілеу айтатын болсақ, айырбас шарты бойынша бір тарап өз тауарын өзге (екінші) тараптың тауарына айырбастайды.
Тараптардың әрқайсысы бір біріне тауарды меншікке, шаруашылық жүргізуге, оралымды басқаруға беруге міндеттенеді.
Айырбас шарты Рим құқығында шарт нысаны ретінде сатып сату шартынан бұрын қалыптасқан. Жеке құқықтық қатыстарды құқықтық реттеу Римде сияқты жоғары дәрежеде болмаған қоғамдарда айырбас қатынастары материалдық объективті ең басты нысаны болды.
Одақ кезіндегі (кеңес одағы) кезіндегі азаматтық құқықта яғни ұйымдардың қатысуымен айырбас шарттары өте шектеулі қолданылды. ҚР-да қаржы-несие жүйесінің құлдыраған кезінде заңды тұлғалардың қатысуымен жасалған айырбас шарты, шарттық қатынастардың негізгі нысандарының бірі болды. Әсіресе, бұл 1993 ҚР ұлттық валютасы енгізілгенге дейін айқын сезілді. Өз кезегінде бартерлік (айырбас) қатынастар қаржы қатынасына кері әсерін тигізді.
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Алматы, 2003.
2. Азаматтық құқық. Жайлин Ғ.А., Оқулық, Ерекше бөлім. 1 том.- Алматы: Заң әдебиеті.-2005.- 90-110 б
3. Гражданское право: Учеб. / Под ред. М.К. Сулейменова, Ю.Г. Басина. Алматы, 2000.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Айырбас шарты
Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргізуді, оралымды басқаруды басқа тараптың меншігіне бір тауарды екіншісіне айырбасқа беруге міндеттенеді (бұл ҚР АҚ 501-бабының тұжырымдамасы).
Түсініктілеу айтатын болсақ, айырбас шарты бойынша бір тарап өз тауарын өзге (екінші) тараптың тауарына айырбастайды.
Тараптардың әрқайсысы бір біріне тауарды меншікке, шаруашылық жүргізуге, оралымды басқаруға беруге міндеттенеді.
Айырбас шарты Рим құқығында шарт нысаны ретінде сатып сату шартынан бұрын қалыптасқан. Жеке құқықтық қатыстарды құқықтық реттеу Римде сияқты жоғары дәрежеде болмаған қоғамдарда айырбас қатынастары материалдық объективті ең басты нысаны болды.
Одақ кезіндегі (кеңес одағы) кезіндегі азаматтық құқықта яғни ұйымдардың қатысуымен айырбас шарттары өте шектеулі қолданылды. ҚР-да қаржы-несие жүйесінің құлдыраған кезінде заңды тұлғалардың қатысуымен жасалған айырбас шарты, шарттық қатынастардың негізгі нысандарының бірі болды. Әсіресе, бұл 1993 ҚР ұлттық валютасы енгізілгенге дейін айқын сезілді. Өз кезегінде бартерлік (айырбас) қатынастар қаржы қатынасына кері әсерін тигізді.
Сондықтан, бартерлік шарттарға тиым салынатын болды. Қазіргі кезде ҚР АҚ қабылдауына байланысты мұндай шектеулер қойылуы мүмкін емес, өйткені занды тұлғаларға, негізінен жеке меншіктегілерге тиісті әрекет қабілеттігіне сәйкес қандай да болсын құқыққа сәйкес қатынастарға кіруіне болады. Бірақ та сол субъектілер құқықтарын теріс мақсаттарда пайдалана алмайды. Мысалы, егер кәсіпкерлер өздерінің іскерлік белсенділігін жасыру мақсатымен жаппай заттай айырбасқа көшсе, онда бұл заң шығарушы тарапынан теріс бағалануы тиіс.
Айырбас шарты өзінің заңды табиғатына сәйкес-консенсуалды, өзара және өтеулі (ақылы) шарт болып табылады. Айырбас қатынастары тек тауарларды басқа бір тауар айырбастағанда емес, сонымен бірге тауарларды белгілі бір қызмет, жұмысқа (оның нәтижесінде) айырбастағанда орын алады, әсіресе егер бір тарап екінші тарап одан белгілі затты жасау үшін материалын артығымен беретін болса.
Зат қызметке, жұмысқа айырбасталса, онда мердігерлік қатынастарын, ақылы қызмет көрсету бойынша қатынастардың құқықтық реттелуінің ерекшелігін, туындайтын мінеттемелердің мәнісін ескеру керек болады.
Айырбас қатынастарына -бір тауар мен екіншісін айырбастағанда, олардың құны бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты тараптардың бірі қосымша ақшалай өтемақы беретін жағдайларда жатады.
Егер шартта немесе заңнамада өзгеше қөзделмесе айырбас сатып алу-сату шартының ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Сондықтан, бұл мәміленің нысанына, оны мемлекеттік тіркеу бойынша талаптар сатып алу-сату шарты бойынша қойылатын тең болып келеді.
Айырбас шартының элементтері. Шарттың тараптары азаматтар, занды тұлғалар танылады. Айырбас шартының ерекшелегі, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністердің сату шарттарды жасасу мүмкіншілігі өте төмен болып келеді. Бірақ аталған көзқарас даулы болып көрінгенмен айырбас қатынастарында мемлекеттің қатысу мүмкіндігіне көңіл аудару қажет.
Бұл жерде мәселе азаматтардың меншігіндегі тұрғын үйлердің жер учаскелері мемлекет қажеттілігіне алу жағдайына қатысты көтеріледі. Тұрғын үй аталған жағдайға байланысты алынатын болса, меншік иесінің таңдауына сәйкес, оған жабдықталған тұрғын үй беріледі немесе тұрғын үйдің нарықтық бағасына сәйкес өтемақы төленеді (ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы Заңының 15-бабы).
Мемлекет алдымен азаматтың тұрғын үйіңе меншік құқығына иеленеді, сонан соң оған өз қарауы бойынша билік етеді. Біз көріп отырғанымыз тұрғын үй иелерінен таңдау мүмкіншілігі беріледі, олар айырбас жасаймыз десе жасайды, жасамаймыз (өтемақы аламыз) десе жасамайды. Содан соң, олар айырбас жағдайларын анықтаса алады, тұрғын үй қандай болатыны, қай жерде болатыны туралы.
Айырбас қатынастарына мемлекеттік ұйымдар, қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің қатысуына олардың балансында тұрған мүлікке шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы көлемінде шектеу қойылған.
Айырбас шартының бағасы тараптардың әрқайсысы беретін мүліктің құнымен анықталады. Жалпы ерекше сәйкес, айырбасталатын мүліктің құны тең деп танылады.
Айырбасталатын мүліктің (заттардың) құнының айқын теңсіздігі орын алса ғана теңсіз айырбас туралы айтуға болады. Мәміле нотариатты рәсімделетін болса, онда бұл жағдай нотариатта мәміленің жарамдылығы жөнінде белгілі бір күдік тудыруы қажет.
Заттар бағасының бір-бірінен елеулі айырмашылығы болса, парасат ойға негізделсек, осыған қатысты келіспеушілікті құқығы бұзылатын тарап айту керек екенін танимыз.
Ал, айырбасталатын мүлік бағасының айырмашылығы аз болса, заттардың құнының теңдігі туралы презумпцияны қолдану керек (ҚР АҚ 502-бап 1-тармақ).
Айырбас шарты бойынша бағасы ақшалай көрсетілмеуі мүмкін.
Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Айырбас шартында әрбір тарап өзі беретін заттың сатушысы, ол алатын затының сатып алушысы болып келеді. Сонымен қатар, шарт еркіндігінің қағидаты тараптарға өзіне қолайлы құқықтар мен міндеттерді таңдауға мүмкіншілік береді.
Сондықтан айырбас шартында бір тараптың екіншісіне қарағанда құқығынан міндетінің көп болуында шек қойылмайды. Бірақ, бұл айырбас қатынастарының түпкі негізіне айтарлықтай әсер етпеуі керек. Айырбас қатынасыныі мәнісі, яғни бір тауардың орнына өзгесі берілуінің талабы мызғымас болып келеді.
Шарттың әрбір тарабы тиісінше шығындалады, бұл оның тауарын берумен және қарсы қанағаттануды қабылдаумен байланысты болады. Айырбасталатын тауарлардың саны, сапасы, түр түрі және де жиынтылығы туралы жағдайлар сатып алу-сату туралы жалпы ережелер бойынша анықталады. Егер шарт кәсіпкерлік болса, онда тараптар оған өнім тапсыру туралы ереже қолданылатынын қарастыруы мүмкін.
Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарлар бір-біріне тең емес деп танылған жағдайда бағасы айырбастауға берілетін тауардың бағасынан кем тауарды беруге міндеттенген тарап, тауар беру міндетін орындауға дейін немесе одан кейін бағадағы айырманы төлеуга тиіс.
Азамат жер учаскесі мемлекеттік қажеттілігіне алынуына байланысты өз тұрғын үйін бұзуға берген кезде сол азаматқа ерекшелік жасалады. Егер тұрғын үй орнына берілген үйдің құны алғашқысынан қымбат болса, оның бағасының айырмасы меншік иесінен алынбайды.
Тараптар айырбастайтын тауарларды бір мезгілде беруге міндетті. Түсініспеушіліктер туындағанда ҚР АҚ 286-бабының ережелері қолданылуы керек, қарсы міндеттемелер бір мезгілде орындалуы тиіс деп танылады. Міңдеттеменің орындалу мерзімі әдет-ғұрыптармен заңнамада немесе шартта тікелей көрсетілсе, олар әртүрлі мерзімде орындалады.
Айырбас шарты бойынша тараптардың меншік құқығы (шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқықтары) олардың әрқайсысының шарт бойынша міндеттемелігі орындағаннан кейін пайда болады. Бұл норма дисдозитивті және тараптармен өзгертілуі мүмкін, сонымен бірге тауар өткізу кезінде мүліктің кездейсоқ бүлінуі немесе жойылуы қаупі туралы мәселе жеке шешілуі мүмкін.
Егер заңнамамен немесе шартпен өзгеше көзделмесе айырбас шартында әрбір тарап үшінші тұлғалардың кезкелген құқықтарынан тыс тауарды беруге міндетті. Осы міндетті орындамаған жағдайда бір тарап екінші тарапқа тауарды қайтаруға міндетті. Тауарды өз күйінде қайтару мүмкін болмаса, оның құнын қайтаруы тиіс. Бұл шараны қолдану мүдделері бұзылған тараптың қарауына байланысты болып келеді.
Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi.
Айырбас шартына тиiсiнше сатып алу-сату шартының ережелерi қолданылады, өйткенi бұл осы тараудың ережелерiне және айырбас мәнiне қайшы келмейдi. Бұл орайда тараптардың әрқайсысы тауарды беруге мiндеттенетiн сатушы деп және айырбастап алуға мiндеттенетiн сатып алушы деп танылады.
Осы тарауда көзделген ережелер, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе және ол тиiстi мiндеттемелер мәнiнен туындамаса, құқықтарды айырбастауға (жұмыстар, қызмет көрсетулер) қолданылады.
Айырбас шарты бойынша баға мен шығындар.
Егер шарттан өзгеше туындамаса, айырбастауға жататын тауарлар бiр-бiрiне тең деп ұйғарылады, ал оларды беру мен қабылдап алу жөнiндегi шығындарды әрбiр жағдайда тиiстi мiндет жүктелетiн тарап жүзеге асырады.
Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарлар бiр-бiрiне тең емес деп танылған жағдайда бағасы айырбастауға берiлетiн тауардың бағасынан кем тауарды беруге мiндеттенген тарап, егер шартта өзгеше тәртiп көзделмесе, тауар беру мiндетiн орындағанға дейiн немесе одан кейiн бағадағы айырманы тiкелей өзi төлеуге тиiс.
Айырбас шарты бойынша өзара тауар беру мiндеттемелерiн орындау.
Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарларды беру мерзiмдерi тұспа-тұс келмейтiн жағдайларда тауар беруге тиiстi тараптың тауарды беру мiндеттемелерiн басқа тарап тауар берген соң орындауына өзара мiндеттемелердi орындау туралы ережелер қолданылады.
Айырбасталатын тауарларға меншiк құқығының ауысуы.
Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, айырбасталатын тауарларға меншiк құқығы айырбас шарты бойынша сатып алушы болатын тараптарға тараптардың әрқайсысы тиiстi тауарларды беру мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн бiр мезгiлде ауысады.
Айырбас шарты бойынша сатып алынған тауарды алып қойғаны үшiн жауапкершiлiк.
Айырбас шарты бойынша сатып алынған тауарды үшiншi тұлғалар алып қойған тарап Кодекстiң 414-бабында көзделген негiздемелер болған кезде басқа тараптан оның айырбасқа алған тауарын, ал тауарды заттай алу мүмкiн болмаған жағдайда оның құнын қайтаруды талап етуге құқылы.
Меншiк құқығы субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.
Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы оған мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен кейін жүзеге асады
Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.
Азамат өлген жағдайда оған тиесілі жылжымайтын мүлік меншігіне құқық, мұрагерге немесе заңға сәйкес басқа тұлғаларға өтеді.
Заңды тұлғаның таралуы жағдайында оған тиесілі жылжымайтын мүлік меншігіне құқық, қайта құрылған заңды тұлға құқық мұрагері заңды тұлғаларға өтеді.
Қайта құрылған жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен бастап жүзеге асады.
Мүлік иегерінің қалауысыз, иегердің мүлігін басқа тұлғаға меншікке беру жол берілмейді, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көрсетілген жағдайлардан басқа (бұдан әрі ҚР АҚ).
Жарна қорына құқығы бар, пәтерге, саяжайға, гаражға, басқа да жайға өзінің пай жарнасын толық қосқан бұл тұлғаларға кооперативпен қолдануға берілген тұтынушы кооператив мүшелері (үй-жайлық, үй-құрылыстық, саяжайлы немесе гаражды) және басқа да тұлғалар көрсетілген мүлікке меншік құқығына иелікті алады.
Шартқа екiжақты және көпжақты мәмiлелер туралы ережелер қолданылады.
Екiден көп тараптармен жасалатын шарттарға (көпжақты шарттар), егер бұл осындай шарттардың көпжақтылық сипатына қайшы келмесе, шарт туралы жалпы ережелер қолданылады.
Шарттан туындайтын құқықтық қатынастар
Шарттан мiндеттемелiк, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкiн.
Шарттан туындаған мiндеттемелерге, осы тараудың ережелерiнде және осы Кодексте аталған шарттардың кейбiр түрлерi туралы ережелерiнде өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттемелер жөнiндегi жалпы ережелер қолданылады.
Шарттан (бiрлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы тараудың ережелерi қолданылады.
Шарт еркiндiгi. Азаматтар және заңды тұлғалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЙЫРБАС ШАРТЫНЫҢ ТАРАПТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
АЙЫРБАС ШАРТЫ БОЙЫНША СУБЪЕКТІЛЕРІ
Айырбас шартының түсінігі
Айырбас шарты туралы жалпы түсінік
Айырбас шартының ұғымы
Айырбас шартының элементтері туралы
Кəсiпорынды сатып алу-сату шарты
Айырбас шарты туралы
Сатып алу шарты
Ақша аудару шартының элементтері
Пәндер