Мердігерлік шартының жалпы сипаттамалары



1.Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы.
1.1 Мердігерлік шартының түсінігі.
1.2 Мердігерлік шартының элементтері.
1.3 Мердігерлік шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері.

2. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері.
2.1 Мердігерлік шартының түрлері.
2.2 Мердігерлік шарт түрлерінің жалпы сипаттамасы.
Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердiгерлiк бұл қызмет, оның нәтижесi заттай мiнезде болып келедi (белгiлi мүлiк пайда болады). Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелерi болуы мүмкiн, бiрақ бұл мердiгерлiк қатынастарының мәнiсiн жоққа шығармайды, себебi оларда қол жететiн нәтижемен қатар белгiлi қызметтiң өзi де (оның барысы) маңызды болып келедi. Осы қызметтi негiзiнен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп мiнездеуге болады, сондықтан мердiгерлiк шарттарында тараптардың өзге қатынастарымен бiрге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледi.
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметi жалпы түрде реттеледi, өйткенi ол тұлға мердiгерлiк шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта болса, тұлғаның қызметiнiң нәтижесiнде оны беру бойынша мiндеттi де қамтиды.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы
Мазмұны:
1.Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы.
1.1 Мердігерлік шартының түсінігі.
1.2 Мердігерлік шартының элементтері.
1.3 Мердігерлік шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері.

2. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері.
2.1 Мердігерлік шартының түрлері.
2.2 Мердігерлік шарт түрлерінің жалпы сипаттамасы.

Кіріспе.
Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердiгерлiк бұл қызмет, оның нәтижесi заттай мiнезде болып келедi (белгiлi мүлiк пайда болады). Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелерi болуы мүмкiн, бiрақ бұл мердiгерлiк қатынастарының мәнiсiн жоққа шығармайды, себебi оларда қол жететiн нәтижемен қатар белгiлi қызметтiң өзi де (оның барысы) маңызды болып келедi. Осы қызметтi негiзiнен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп мiнездеуге болады, сондықтан мердiгерлiк шарттарында тараптардың өзге қатынастарымен бiрге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледi.
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметi жалпы түрде реттеледi, өйткенi ол тұлға мердiгерлiк шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта болса, тұлғаның қызметiнiң нәтижесiнде оны беру бойынша мiндеттi де қамтиды. Сондықтан мердiгерлiк шарты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетiлген қызметтi реттеу бойынша ережелерiмен елеулi ерекшеленсе де, жасалған мүлiктiң өзi және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда мердiгерлiк шартының тараптардың құқықтары мен мiндеттерi бойынша сатып алу-сату шартымен ортақтығы болып келетiнiн тануымыз мүмкiн. Азаматтық құқықтық әдебиеттер еңбек және мердiгерлiк қатынастардың жақындығы жөнiнде айтылады. Бiрақ негiзiнен мердiгерлiк қатынастарды сатып алу-сату және еңбек қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтары олардың әрқайсыларының қатысушыларының құқықтары және мiндеттерi жүзеге асырылатын шарттардың мазмұнынан айқын көрiнедi.

1.Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы.
1.1 Мердігерлік шартының түсінігі.
Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттi.
Мердiгерлiк шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшiн белгiлi уақыт керек, сондықтан мердiгерлiк шарт бойынша шарт жасалу кезi және оның орындалу кезi сәйкес келмеуi мүмкiн. Өз кезегiнде бұл оларға тәуелдiлiкке мердiгердiң жұмыс орындары қойылатын мерзiмдерге әсер етедi. Кейбiр мердiгерлiк шарттардың орындалуы және жасалуы бiр уақытта болуы мүмкiн, мысалы, суретке түсiру шарттары "тез" фотосуреттер дайындаумен байланысты мердiгерлiктiң осындай мерзiмдерiнiң ерекшелiгi олардың барынша қысқалығы болады, және осы мердiгерлiк жасайтын шарттың тапсырысшының себептенушi негiзiнде болуы мүмкiн.
Мердiгерлiкке арналған нормалар, көбiнесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (616-683-б) ұстанылып келедi. Одан басқа Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк комитетiнiң 22.09.1996ж. №97-қаулысымен бекiтiлген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртiптерiнде қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн Ерекше бөлiмiн қабылданғаннан кейiн құрылыс аясында мердiгерлiк қатынастарда бұрын қолданған, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлiгiнiң 3 наурыз, 1994. №5-5-өкiмiмен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының күрделi құрылыста мердiгерлiк шарттарының уақытша тәртiптерi, Қазақстан Республикасының Құрылыс Министрлiгiнiң 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен бекiтiлген, бас мердiгерлердiң ұйымдарының қосалқы мердiгерлiк қатынастарымен өзара қатынастарының ережелерi күшiн жойды.
1.2 Мердігерлік шартының элементтері.
Мердiгерлiк шартының тараптары болып мердiгер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы - екiншi тарапқа - мердiгерге шарт бойынша келiсiлген белгiлi-бiр жұмысты орындауға тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретiнде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады. Мердiгерлiк шарттарда мемлекеттiң қатысу ерекшелiктерi жеке заң актiлерiмен белгiленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация ми-нистрлiгiнiң 18.01.1998ж. №123-бұйрығымен бекiтiлген, жол жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердiгерлiк саудалар) ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiнiң ережелерi.
Мердiгер - шарт бойынша белгiлi жұмысты орындауға мiндеттенетiн тұлға, көбiнесе кәсiпкерлiк қызметiнiң субъектiсi, жеке тұлға немесе жеке кәсiпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бiр реттi (жүйелi емес) негiзде мердiгерлiк жұмысты кез келген әрекет қабiлеттiлiгi бар жеке тұлға атқара алады. Кейбiр жағдайларда, "Лицензиялау туралы" 17.04.1995ж. Қазақстан Республи-касының заңына сәйкес, (содан кейiнгi өзгерiстер мен және толықтырулармен) мердiгерлердiң қызметi лицензиялануы тиiс. Мысалы, жобалау-iздестiру, құрылыс-монтаждық жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек.
Кейбiр жұмыстарды орындау үшiн арнайы дағды, дәрежелi мамандық қажет. Сондықтан мердiгер, мердiгерлiк шартты жал-пы жасап, шартты орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердiгер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердiгерлiк шарттарында мүмкiн.
Бүкiл жұмыстың мөлшерiн орындауға алғашқы шарт жаса-ған және басқа тұлғаларды тартқан тұлға бас мердiгер деп аталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 619-б. 1-тармағы). Тартылған тұлға (тұлғалар) қосалқы мердiгер болып табылады. Алғашқы мердiгер оның алдында тапсырысшы болады. Жалпы тәртiп бойынша қосалқы мердiгерлiк шартты жасауға тапсырысшысының келiсiмiнiң керегi жоқ. Бас мердiгер тапсырысшысының алдында мердiгерлiк шартының толығынан орындалуына жауапты болады.
Бас мердiгердiң келiсiмiмен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшiншi тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мердiгердiң келiсiмi барлық жұмыс орындайтын тұлғалардың iс әрекеттерiн үйлестiру қажет болғасын талап етiледi, болмаса бас мердiгердiң құқықтары мен мүдделерi тiкелей немесе жанама зиян шегуi мүмкiн. Алғашқы мердiгер және үшiншi тұлға тапсырысшысының алдында iс жүзiнде ортақ (немесе үлестi) борышкерлер болып келедi, себебi олардың жасаған барлық әрекеттерiне (орындаған жұмыстарына) жұмыстың ақырғы нәтижесi де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине, олар бөлек, бiр-бiрiне байланысты (тәуелдi) емес құқықтық қатынастардың субъектiлерi, өйткенi олардың әрқайсысымен бөлек (дербес) мердiгерлiк шарттары жасалады.
Тапсырысшы ең басында бiрнеше тұлғалармен бiр шарт жасасуы мүмкiн, осы жағдайда тұлғалардың көптiлiгi орын алған бiр мiндеттемелiк құқықтық қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбiр айырмашылықтары орын алады. Бiр мердiгерлiк шартын жасаудың себебi болып мiндеттеме затының бөлiнбейтiнi келуi мүмкiн (ҚР АК 287 ба-бының 1 тармағы), сондықтан мердiгерлiк, кәсiпкерлiк қызметiмен байланысты болуы себебiнен бiрнеше борышкер тапсырысшысының алдында ортақтасқан борышкерлер болып келе алады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 287 бабы, 2 тармағы).
Бiрнеше мердiгерлер өзара қосымша (акцессорлық) келiсiмдер жасауы мүмкiн және олардың мәнi де төмен емес, өйткенi оларсыз жұмыстарды орындау тәртiбiнде түсiнiспеушiлiктер пайда болуы мүмкiн. Басқа жағынан, акцессорлық (қосымша) келiсiмдер, олар аталғандай мәселелердi шешуге көмектесетiнiне қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердiң пайда болуына әкелуi мүмкiн. Ю.Г.Басин мынадай мысал келтiредi: Төрелiк сот тә-жiрибесiнде үш жеке орындаушы тапсырысшы үшiн ортақ төлем ақыны алып бiр жұмысты орындауға келiскен соң пайда болған дау орын алды. Алғашқы (негiзгi) шартты жасасқан соң мердiгерлер алынатын ақыны өзара бөлуге байланысты келiсiм жасасқан болатын. Көп кешiкпей, тапсырысшы мердiгерлердiң бiреуiнiң қызметiнен бас тартқан бiрақ сол мердiгер басқа мердiгерлерден соманың 35 пайызын құрайтын өз үлесiн берудi талап еткен. Бұны ол ақыны бөлу туралы мердiгерлердiң өзара келiсiмiне сүйенiп жасаған және шарт бойынша төлемақыны бөлу туралы келiсiмде сол шарттың бiреуге қатысты тоқтатудың салдары қарастырылмағанға сiлтенген.
Келтiрген мысалды талдай отырып бұндай талаптарды, олар ақыны бөлу туралы акцессорлық келiсiмге негiзделген соң негiзгi шарт тиiстi бөлiгiнде тоқтатылғасын негiздi деп тануға болады.1 Қосымша мердiгерлер өзара келiсiмдермен тапсырысшының құқықтық жағдайын өзгерте ала алмайтыны туралы қорытынды жасай аламыз.
Мердiгерлiк шартының нысанасы - бұл мердiгер мен орындаған жұмыстың нәтижесi. Мердiгерлiктiң нәтижесi әрқашан олармен жұмыс жүргiзiлетiн белгiлi заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзiнiң бейнеленуiн табады.
Мысалы, бұл мүлiктiң құнын көбейтетiн күрделi жөндеу, тек заттың тиiстi халiн қалпына келтiретiн ағымды жөндеу болуы мүмкiн. Сол сияқты кейбiр өзге жұмыстар да мысалы, көгал алаңдарды қию, киiмдердi химиялық тазалау, мүлiктiң тиiстi күйiн қалыпқа келтiруге және оны күтiп ұстауға бағытталған.
Мердiгерлiк жұмыстар кезiнде мердiгердiң қызметiнiң өзi де реттелiнедi. Кейбiр жағдайларда мердiгер мердiгерлiк жұмыстарды өзi орындауға мiндеттенедi. Тапсырысшы жұмыстың жүргiзiлуiн бақылай алады, демек оларды орындауға қойылатын белгiлi талаптар да бар. Бақылау жасалмаса мердiгер жұмысты орындау технологиясынан ауытқып кетуi, материалдарды арзанға ауыстыруы мүмкiн және т.б. бұзушылықтарға жол беруi мүмкiн. Мердiгер бұзушылықтарының нәтижесi көрiнбеуi де мүмкiн, кейде олар оларға қатысты наразылық ұсыну мерзiмдерiнiң шегiнде анықталмауы мүмкiн. Мердiгердiң қызметiнiң өзi реттелетiнiн растайтын келтiргеннен өзге де мысалдарды келтiруге болады. Жалпы аталған қызметтiк реттелуi жұмыстың соңғы нәтижесiне де өз әсерiн тигiзетiнi түсiнiктi.
Шарттың бағасы орындалған жұмыстың құнына сәйкес келуi керек. Баға әр кезде ақша сомасымен белгiленедi, бiрақ төлеудiң нысандары әртүрлi болуы мүмкiн. Мердiгерлiк шартында орындалатын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау тәсiлдерi көрсетiледi. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және тараптар баға туралы келiсiмге келмеген жағдайда бағаны, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға қолданылатын бағаларды негiзге алу арқылы сот белгiлейдi. Бағаны есептеу үшiн, тараптарға келтiрiлген шығындар еске алынуы қажет. Егер, шарт негiзiнде орындалатын жұмыстың күрделi құрамы болса, яғни сол жұмыстың өзi бiрнеше олардың түрiнен құрылса, бiрнеше кезеңдердi қамтыса және т.б. жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгiленуi мүмкiн. Смета бұл мердiгерлiк шарты бойынша орындалатын бар-лық жұмыстың құнын жұмсалатын материалдарды (олардың құнын) анықтайтын құжат.
Мердiгер жұмыстың және материалдардың құндары жөнiнде бiлiктiлеу болған соң смета көбiнесе онымен дайындалады. Сонымен қатар, тапсырысшының өзiнiң де сметаны жасауына шек қойылмайды. Мердiгермен жасаған смета, тапсырысшымен бекiтiледi және шарттың ажырамас бөлiгiне айналады. Өз кезегiнде тапсырысшы дайындаған смета мердiгердiң келiсiмiн талап етедi. Жалпы смета жөнiнде келiсуде оны шартты жасасу тәртiбiмен салыстырғанда ешқандай жаңалық жоқ.
Смета шамалас және тұрақты болуы мүмкiн. Мердiгер тұрақты сметаны көбейтудi талап ете алмайды, ал тапсырысшы оның азайтылуын талап ете алмайды. Тұрақты сметаны бiр жақты өзгертуге құқық шартты жасау кезiнде орындалуға тиiс жұмыстардың толық көлемiн немесе бұл үшiн қажеттi шығындарды анықтау мүмкiн болмаса да пайда болмайды. Шарт жасас-қаннан кейiн мердiгер беруге тиiстi материалдар мен жабдықтардың, сондай-ақ оған үшiншi тұлғалар көрсететiн қызметтердiң құны едәуiр өскен кезде мердiгердiң белгiленген бағаны (сметаны) көбейтудi талап ету құқығына иеленедi. Егер тапсырысшы осымен байланысты талаптарды орындаудан бас тартса, онда мердiгердiң шартты бұзуды талап ету құқығы пайда болады.
Шамалас сметаның ерекшелiгi, оны қарастырған жағдайда мердiгер өзi шығындарының көлемiн оларды аздап көбейту жағына өзгерте алады. Жұмыстың шамамен белгiленген бағасын (шамалас сметаны) елеулi өсiру қажет бола қалса, мердiгер бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi. Қандай болса да қосымша жұмыстарды орындау керектiгi анықталғасын немесе материалдарға, үшiншi тұлғалардың қызметтерiнiң бағалары өссе, осындай қажеттiлiк болуы мүмкiн. Бағаны елеулi өсiруге көбейтуге келiспеген тапсырысшы шарттан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердiгер өзiне тапсырысшыдан жұмыстың орындалған бөлiгiнiң бағасын төлеудi талап ете алады. Шартта көрсетiлген бағаны (сметаны) өсiру қажеттiгi туралы тапсырысшыға уақытылы ескертпеген мердiгер жұмысқа шартта белгiленген алғашқы баға бойынша ақы төлеу құқығын сақтай отырып, шартты орындауға мiндеттi.
Мердiгерлiк шарттың мерзiмдерi мердiгердiң және тапсырысшының олардың шарт бойынша мiндеттерiн атқаруға байла-нысты қызметiнiң (iс әрекеттерiнiң) уақыттық өлшемдерiн анықтайды. Мысалы, тапсырысшы белгiлi мерзiмге мердiгерге материалдарды және жабдықтарды беруге мiндеттi. Ең жоғары мән жұмыстың орындалуының мерзiмдерiнде болады, себебi мердiгерлiк шарттарының ақырында орындалуы сол мерзiмдерге тiкелей тәуелдi болады. Оның аралығында жұмыс толығынан (аяқты түрде) жасалып бiтуi тиiс уақыт кезеңi мердiгерлiк шартының жалпы мерзiмiн құрайды. Онымен қатар шартта жұмыстар орындалуы үшiн қарастырылған ақырғы мерзiмдер де бекiтiледi (ҚР АК 628 бабы 1 тармақ). Жұмыстың жекелеген кезеңдерiнiң аяқталу мерзiмдерi - аралық мерзiмдер де көзделуi мүмкiн.
Аралық мерзiмдер екi жақты қызмет атқарады. Бiрiншi жағынан, жұмыстың орындалуына байланысты мердiгердiң қызметiнiң бiрдей етiп бөлiнуiн қамтамасыз етедi. Екiншi жағынан, олар тапсырысшыға жұмысты орындалуын бақылауын қамтамасыз етедi. Егер жұмыс жай, уақытылы емес орындалса және оны белгiленген мерзiмiнде аяқтау мүмкiн еместiгi айқын болса тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтiрiлген шығындарды өтеудi талап етуге құқылы. Егер мердiгерлiк шартта мердiгер бастапқы мерзiмiн бұзса, оны орындауға уақытылы кiрiспесе де осы нәтиже орын алады.

1.3 Мердігерлік шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері.
Мердiгер шартта келiсiлген жұмысты өзiнiң тәуекелiмен орындауға мiндеттi. Яғни мердiгердiң мойнында ол кәсiби субъект болған соң, оның жұмысты орындамағандығына байланысты қолайсыз салдар болып келедi. Мердiгердiң осы мiндетiнiң мазмұны тапсырысшының орын алған заңсыз мiнез құлығы ескерiлiп тиiстi дәрежеде өзгертiлуi мүмкiн. Оған жұмысты орындамағаны үшiн немесе дұрыс орындамағаны үшiн мердiгердi жауапкершiлiктен босататын жағдайлар да әсер етедi.
Мердiгер жұмысты өз материалдарымен, күштерiмен және құралдарымен орындауға мiндеттi. Егер материал онымен берiлсе, ол тапсырысшының алдында материалдардың сатушысы болып табылады және олардың тиiстi сапасы үшiн жауапты болады. Жұмыстың өзi тапсырысшының тапсырмасы бойынша орындалады және оған сәйкес болуы керек, яғни ол да сапалы орындалуы керек. Мердiгерлiк шарт бойынша орындалатын жұмыс заттарды сериялық жасауға жатқызылмайды, сондықтан оның тиiстi орындауының негiзгi белгiсi ретiнде тапсырысшының нұсқаулары болып табылады. Мердiгер мемлекеттiк стандарттардың аясында жасау технологиясының тәртiптерiн сақтауға және нормативтi-техникалық құжаттарда көзделген талаптарды сақтауға мiндеттi. Осындай талаптар бiрiншi кезекте кәсiпкер ретiнде жұмыс жасайтын мердiгерлерге қолданылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 632-б. 2-тармақ), бiрақ кәсiпкер емес мердiгердiң де жұмыс орындау кезiнде мiндеттi қойылған талаптарынан шегiнуiне құқығы жоқ, егер мiндеттi талаптарды орындамаса оның қызметiне тиым салынуы тиiс. Бұл жаңа заттарды жасау мен байланысты емес жұмыстарға да қатысты.
Егер жұмыстың сапасына қойылатын талаптар шартта белгiленбесе немесе толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар негiз ретiнде алынады. Мердiгер белгiленген мiндеттi талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетiн жұмысты орындау мiндетiн шарт бойынша өзiне алуы мүмкiн.
Мердiгер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиiстi күйiнде (түзеу) болуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Ол өзi жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының оның күнделiктi шаруашылық қызметiне кiрiсуiне құқығы жоқ. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер үшiншi тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ материалдар мен құралдарды беруге мiндеттi.
Кейбiр жағдайларда, мердiгер жұмысты тапсырысшының материалдарымен де орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен пайдалануына мiндеттi. Сонымен қатар, мердiгер оларды дұрыс пайдалану үшiн жауапты болады. Жұмыс аяқталғаннан кейiн мердiгер тапсы-рысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге мiндеттi. Егер материалдардың қалдықтары болса, мердiгер оларды тапсырысшыға беруге мiндеттi. Мердiгер тапсырысшының келiсiмiмен, қалған пайдаланылмаған материалдың құнына сәйкес жұмыстың бағасын кемiтiп сол материалды өзiнде қалдыруға құқылы.
Материалдарды тапсырысшы берген болса, мердiгер сол материалдарды сапасына қарай қабылдап алуға мiндеттi. Мердiгер тапсырысшы берген жабдықтарды, техникалық құжаттарды және өңдеуге берiлген заттың өзiнде қабылдап (бағалауға) алуға жауапты болады. Тапсырысшымен берген нұсқауларды және тағы да басқа жұмыстың орындау жағдайларын, мердiгер өзiнiң кәсiби тәжiрибесiне байланысты бағалайды.
Мердiгер:
1) тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық құжаттаманың немесе өңдеуге берiлген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы;
2) оның жұмысты атқару әдiсi туралы нұсқаулармен орындаудан тапсырысшы үшiн болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;
3) орындалатын жұмыс нәтижелерiнiң жарамдылығына немесе берiктiгiне қауiп туғызатын не оны мерзiмiнде аяқтауға мүмкiндiк бермейтiн мердiгерге қатысты емес өзге де мән-жайлар аяқталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертiп, одан нұсқау алғанға дейiн жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi.
Осындай мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не ескертуге жауап алу үшiн қисынды мерзiмнiң аяқталуын күтпестен немесе жұмысты тоқтата тұру туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауына қарамастан жұмысты жалғастырған мердiгердiң тапсырысшы оған тиiстi талаптар қойған кезде аталған мән-жайларға сiлтеме жасауға құқығы жоқ (ҚР АК 628 бабы 2 тармағы). Осы норманың мағынасы бойынша тапсырысшы мердiгердiң хабарлауына байланысты жауапты қисынды мерзiмiнiң iшiнде беруi тиiс.
Егер мердiгер белгiленген талаптарды сақтамай жұмысты тапсырысшының берген сапасыз материалдардан орындаса, ол тек материалдардың кемшiлiктерiн тиiстi қабылдау кезiнде анықтау мүмкiн болмаған ретте ғана жауапкершiлiктен босатылуы мүмкiн. Яғни, тапсырысшы берген материалдардың сапасын тиiстi бағаламауда мердiгердiң кiнәсi болуы керек. Осыған байланысты, жұмыс мердiгердiң материалынан орындалса, мердiгерлiк шартында тапсырысшының кепiлдiгi көбiрек болады, себебi материалдарды қамтамасыз еткен мердiгер олардың сапасы үшiн кiнәсi барлығы немесе жоқтығына қарамастан жауапты болады.
Мердiгер тапсырысшы берген мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi және мердiгерлiк шартты орындауға байланысты мердiгердiң иелiгiне өткен заттардың тапсырысшы берген материалдардың өзге мүлiктiң жабдықтардың сақталмағаны үшiн мердiгер жауапты болады. Бұл жауапкершiлiк мердiгерлiк шартының орындауына арналған мүлiкке ғана емес мердiгердiң иелiгiне түскен басқа да мүлiкке де қатысты болады. Мысал қылып мердiгерге (оның жұмысшыларына) тынығу үшiн бөлiнiп берiлген бөлмелердi, жөндеу кезiнде оны алып кету қажеттiлiгi болмаған жиһазды және т.б. осындай мүлiктi айтуға болады. Осындай мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етудiң өлшемi болып, әдетте орын алатын меншiк иесiнiң өзiнiң шаруашылық ұқыптылығы келедi, бiрақ жұмыстарды орындау үшiн арналған жабдықтар мен материалдар туралы айтатын болсақ, онда бұл жағдайда мердiгердiң кәсiби субъект ретiнде қараушылық дәрежесi жоғары болуы керек екенiн танимыз. Кез-келген жағдайда, егер мүлiк сақтауды қамтамасыз ететiн барлық шараларды қолданбаса, мердiгер кiнәлi болып табылады.
Мердiгерде үнемдеуге құқығы бар (ҚР АК 622-б). Бұған қатысты норма заңнамада және бұрын ҚКСР АК-сында ол болмаған едi. Оны кiрiстiру мердiгердiң тиымды шаруашылық жүргiзуiн қолдайды, себебi онда оның қолданылуына байланысты үнемдеуге тiкелей мүлiктiк мүддесi пайда болады. Үнемдеу материалдардың жұмсалуын азайтуда орындалатын жұмыстың өзiнiң құнын азайтуда болып келедi. Үнемдеу әдеттегiге қарағанда шығындарды азайтатын, жаңа технологияларды енгiзетiн мердi-гердiң жоғары дәрежелi кәсiпқойлығының салдарынан болады. Мердiгердiң нақты шығыны бағаны белгiлеу (сметаны жасау) кезiнде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердiгер алған үнем орындалған жұмыстың сапасына терiс әсер еткенiн дәлелдей алмаса, мердiгер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын сақтайды.
Мердiгерлiк шартта мердiгер алған үнемдi тараптар арасында бөлу көзделуi мүмкiн (ҚР АК 622-б. 2-тармақ). Осы жағдайда, тапсырысшымен шарт бойынша төленетiн баға азаяды. Егер тапсырысшы жағынан үнемдеуге көмектесуi орын алмаса бұл норманы қолдану ақыл ойға сиыспайтын болып келедi. Басқа жағынан, нарықтық экономика жағдайында мердiгердiң қызме-тiн пайдалану үшiн, оның тұрақты iскерлiк атағы пайда болу үшiн, үнемдеу туралы норманы қолдану қосымша ынталандыру болуы мүмкiн.
Мердiгер тапсырысшыға жұмыстың нәтижесiмен бiрге, шарттың нысанасын пайдалану немесе өзгеше iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты беруге мiндеттi. Осы мiндеттi қарастыратын нормада Азаматтық кодексте жаңа болып келедi. Мердiгердiң осы мiндетi тағы шартты да көрсетiлуi тиiс. Кейбiр жағдайларда, осы жұмыстың нәтижелерiн шартта көрсетiлген мақсаттарда пайдалану тиiстi ақпаратсыз мүмкiн болмаса, онда сондай сипаттағы ақпарат мердiгердiң осы жөнiндегi мiндетi шартта бекiтiлмей-ақ берiлуге тиiс болады. (ҚР АК 637-б.). Осындай ақпараттарда белгiлi технологиялық схемалар, нұсқаулар, түсiнiктемелер және т.б. жатады. Жалпы мердiгердiң ақпарат беру бойынша мiндетi мердiгерлiк нәтижесiнiң ерекшелiгiне, жасалған бұйым арнайы күтiмдi талап ететiнiне және т.б. себептерге байланысты болып келедi.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс 638-бабы әрбiр тарапқа қарсы тараптың оның ақпаратпен азаматтық құқықтардың мүлiктiк объектiсiмен1 сияқты иеленуiне байланысты мүдделердiң (құқықтарын) қамтамасыз ету мiндетi жүктеледi. Бiр тарап шарт бойынша өзiнiң мiндеттемесiн атқарудың арқасында басқа тараптан жаңа техникалық шешiмдер мен бiлiмдер туралы ақпарат алса, сол ақпаратты үшiншi тұлғаларға өзге (қарсы) тараптың келiсiмiнсiз бере алмайды (бұл ақпараттың құрамына ноу-хауды қосқанда өнеркәсiптiк меншiктiң барлық түрлерi туралы ақпарат кiре алады). Мердiгерлiк шарты бойынша жалпы тәртiбiне құқықтық қорғауы болмайтын ақпарат және де тараптардың бiреуiнiң коммерциялық құпиясы болып келетiн ақпарат та қорғалады. Осындай ақпаратты (барлық түрлерiн) жарияламау мiндетi тараптар оны шартта бекiткенiне, бекiтпегенiне байланысты болып келедi, бiрақ ақпараттарды пайдалану тараптары мен тәртiбi тараптардың келiсiмiмен анықталады (ҚР АК 638 бап). Мұндай ақпаратты пайдаланудың тәртiбi мен талаптары тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
Мердiгер жұмысты атқарған соң, оған тапсырысшы шартты орындау үшiн берген құралдарды қайтаруға мiндеттi. Сол сияқты тапсырысшы мердiгер жұмысты орындауға кiрiспегенi немесе тым баяу орындағанына немесе орындалған жұмыста елеулi және жойылуы мүмкiн емес кемшiлiктерi болғаны себебiнен шартты бұзса (одан бас тартса), онда мердiгер тапсырысшымен берiлген материалдарды, жабдықтарды өңдеу үшiн берiлген затты немесе өзге мүлiктi қайтаруға мiндеттi. Мүлiк тапсырысшы көрсеткен тұлғасына қайтарылуы мүмкiн. Егер мүлiктi қайтарып беру мүмкiндiгi жоқ болса, мердiгер материалдардың құрал-жабдықтарды және тапсырысшыдан алынған басқа мүлiктiң бағасын қайтаруға мiндеттi (ҚР АК 639 бабы).
Тапсырысшыға мердiгерге жәрдемдесу мiндеттерi жүктеледi. Бұл тапсырысшы мердiгермен бiрге белгiлi бiр жұмыстың бөлiгiн iстеу керектiгiн бiлдiрмейдi. Жұмыс мердiгердiң қамқорлығымен орындалса, онда тапсырысшының материалдарды беру мiндетi болмайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 629 бабының мағынасы бойынша, тапсырысшы мердiгердiң мiндетiн тиiстi орындауға қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асыруы керек, егер осы шаралар тапсырысшының әрекеттерiне байланысты болса. Мысалы тапсырысшы салынып жатқан объектiге жолды тазалауға, тиiстi мерзiмде,егер бұл шартта қарастырылса, жабдықтарды, бөлмелердi (жайларды) беруге мiндеттi. Мердi-герге көмектесу мiндетi тапсырысшы оған жұмыстарды орындаудың бұдан бұрын бекiтiлген тәртiбiн қайта құруды талап етпеу керек екенiн, оған жұмыстың орындалуында өзге кедергi жасамау керек екенiн, керiсiнше онымен ынтымақтастықта болу керек екенiн бiлдiредi. Тапсырысшы осы мiндеттерiн орындамаған жағдайда, мердiгер зиянды, соның iшiнде жұмыстың тоқтап қалуына, жұмысты орындаудың мерзiмдерiнiң өзгеруiне немесе жұмыс бағасы көбеюiне байланысты келтiрiлген шығындарды (қосымша шығындарды) өтеудi талап етуге толық құқылы. Егер мердiгерлiк шарты бойынша жұмысты орындау тапсырысшының әрекеттерiнiң (қателiктерiнiң) мүмкiн болмай қалса, мердiгер жұмыстың орындалған көлемiне сәйкес келетiн мөлшерде жұмыс үшiн ақыны алу құқығын сақтап қалады.
Тапсырысшы мердiгер жасаған жұмысты қабылдап оған ақы төлеуге мiндеттi. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 630-бабында жұмысты қабылдау тәртiбi реттелген және ол шартта да көрсетiлуi мүмкiн. Жасалған жұмысты қабылдау шартта көрсетiлген мерзiмде егер сол мерзiмдер шартта қарастырылмаса, онда қабылдау қисынды мерзiмдерде жүргiзiледi. Қабылдауға жұмыс нәтижелерiн тексеру кiредi. Егер жаңа зат жасалынса немесе бар затты жөндеу, оны жақсарту жүргiзiлсе қабылдау мiндетi затын иелiкке алу бойынша iс жүзiндегi әрекеттердi де өз құрамына енгiзедi. Орындалған жұмысты қабылдаудың мерзiмiн өткiзiп алу меншiк құқығы жаңадан жасалған (қайта өңделген) затқа тапсырысшыға затты беру орын алғанда өтетiнiне әкеледi. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi-нiң 630-бабы 8-тармағы). Сiлтеме жасалған норманың мәтiнiнде бiздiң ойымызша қателiк бар, себебi жұмыс нәтижесiн қабылдап алу мерзiмiн өткiзiп алу тапсырысшыға меншiк құқығы өту сәтiн анықтауға байланысты болуы тиiс емес (меншiк құқығы онсыз да жалпы тәртiп бойынша тапсырысшыға оған зат берiлгенiн өтедi), мерзiмдi өткiзiп алған несие берушiде (тапсырысшыда) осының салдарынан болған барлық қолайсыз нәтижелер (тәуекелдер) оның қабылдау мерзiмiн өткiзiп алудағы кiнәсi болмаса, онда ол мүлiктi қабылдауға мiндеттi болған және оны қабылдаған сәттер арасындағы уақыт аралығындағы мүлiктi күтiп ұстау бойынша, шығындарда оған жүктелетiнiне (ол сол шығындарды өтеуге мiндеттi болатынына) әкеледi.
Тапсырысшы жұмысты нашарлатқан шарттан ауытқуларды немесе жұмыстағы өзге кемiстiктердi анықтаса, онда ол бұл туралы дереу мердiгерге хабарлауы тиiс. Болашақта тапсырыс берушi қабылдау сәтiнде анықталған кемiстiктердi жою туралы талап қоймақ болса, онда кемiстiктер қабылдауды куәландыратын актiде немесе өзге құжаттарда көрсетiлсе ғана, ол соларға сiлтеме жасай алады. Осы қойылатын талапты ескерсек, бiз мердiгерлiк жөнiндегi нормалар мердiгерлiк шартының нысанасын қабылдау бойынша сатып алу-сату шартына (оның нормаларына қарағанда) қатаңдау талаптар бекiтетiнiн айта аламыз.
Егер тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн тексерiссiз қабылдаса, онда ол қабылдаудың кәдiмгi болып келетiн тәсiлдерiн қолданғанда анықталуы мүмкiн болған кемiстiктерге (айқын кемiстiктерге) сiлтеме жасау құқығынан айырылады. Егер тапсырысшы жұмыс нәтижелерiн қарап қабылдағаннан кейiн қарапайым қарағанда көрiнбейтiндей кемiстiктердi (жасырын кемшiлiктердi) сол сияқты оларды мердiгер қасақана жасырған кемiстiктердi анықтаса, онда тапсырысшы бұл туралы мердiгерге қисынды мерзiмде хабарлауға мiндеттi. Тапсырысшы мердiгерге оның орындаған жұмысының кемшiлiктерi туралы хабарлаудың ең ақырғы мерзiмi кемшiлiктер табылғаннан, яғни жұмыс нәтижесi қабылдағаннан кейiн бiр жылды құрайды. Мердiгерге ғимараттардың, құрылыстардың кемiстiктерi туралы немесе мердiгер қасақана жасырған кемiстiктер туралы хабарлаудың ең ақырғы мерзiмi үш жылды құрайды. Көрсетiлген мерзiмдердi кепiлдiк мерзiмдерi ретiнде бағалауға болады. Аталған мерзiмдер заң актiлерiмен немесе шарттармен ұзартылуы мүмкiн. Сапа кепiлдiгi, егер шартпен өзгеше қарастырылмаса, жұмыс нәтижесiнiң барлық құрамаларына тарайды. (ҚР АК 633 бабы 2-тармағы). Егер мердiгерлiк шартында бұл өзгеше көзделмесе, кепiлдiк мерзiмi тапсырысшы жұмыс нәтижелерiн қабылдағаннан кейiн бас-тап немесе тапсырысшы оларды қабылдауы керек сәттен кейiн бастап есептеледi.
Егер тапсырысшы мен мердiгер арасында жасалған жұмыс кемшiлiктерi немесе оның себептерi туралы тартыс болса, олардың әрқайсысының талабы бойынша сараптама жүргiзiлуi мүмкiн. Сараптау шығындарын мердiгер өтейдi. Егер сараптау шарт бұзылмаған деп тапса немесе мердiгердiң жасаған iс-әрекеттерiнiң және табылған кемшiлiктердiң өзара байланысы жоқ деп тапса мердiгер осы шығындардан босатылады. (ҚР АК 630 бабы 6-тармағы). Бұл жағдайларда шығындарды кiм сараптау жүргiзудi қаласа, сол өтейдi. Егер сараптауды тараптар келiсiмiмен жүргiзсе, онда екi жақ тең шығынды өтейдi.
Жасалған жұмысқа ақы төлеу мiндетi - тапсырысшының негiзгi мiндетi. Бұл мiндет жалпы тәртiп бойынша мердiгер жасаған жұмысты толығынан тапсырған соң орындалуы тиiс. Шартта алдын-ала жұмысқа ақы төлеу немесе жеке жұмыс кезеңдерiнде ақы төлеу мiндетi қарастырылуы мүмкiн. Ақы төлену үшiн жұмыс уақытылы орындалуы керек. Жұмыс мерзiмiнен бұрын аяқталса, оған алдын алу құқығы алдын ала төлеу тараптар келiсiмiне бұрын кiрсе, немесе тапсырысшы содан соң алдын ала төлеуге келiссе пайда болады. Аванс төлемiн жасау немесе кепiлпұл беру осылар шарттарда немесе заңнамада қарастырылған жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Аванс төле-мiнiң, кепiлпұлдың мөлшерi де шарттармен немесе заңнамамен анықталады.
Мердiгерге тапсырысшыға қатысты құқықтарын өз бетiмен қорғау құқығы берiледi. (ҚР АК 9 бабы, 3-тармақ). Бұл құқық затты ұстап қалу құқығы болып келедi (ҚР АК 624 бабы).
Тапсырысшы белгiленген бағаны немесе шартпен белгiленген өзге соманы төлеу мiндетiн орындамаса, мердiгер шарт нысанасын (жұмыс нәтижесiн) орындамағанымен байланысты ұстап қалумен қатар тапсырысшыға тиесiлi құрал-жабдықтарын да, жұмысты орындау үшiн берiлген пайдаланылмаған материалдар қалдығын да және тапсырысшының өзге мүлiктерiн тапсы-рысшы керектi ақша соммасын төлегенше бермеуге құқылы. Бұл құқық шартта қаралмаса да жүзеге асырыла бередi.
Мұндай жағдайлар шартта қаралса, тапсырысшыға да сондай құқық берiледi, ол мердiгерге тиесiлi сыйақы мөлшерiнен өз уақытылы анықталған кемшiлiктердi жоюға арналған шығындарды өтеу үшiн ұстап қалуға құқылы.
Егер тапсырысшы жасалған жұмыс нәтижесiн қабылдауды жалтарып, жұмыс үшiн төлемесе мердiгер жұмыс нәтижесiн өз бетiмен сатуға (өткiзуге) құқылы болады. Бұл тапсырысшы жұмысты қабылдау уақыты өтiп кеткеннен кейiн бiр айдан соң және тапсырысшыға екi рет ескертiлгеннен кейiн жүзеге асады. Мердiгер жасалған жұмыс нәтижелерi егер шартта басқаша қарастырылмаса сатады, өзiне тиесiлi ақысын алып қалғанын егер шартпен өзгешелiк көзделмесе тапсырысшы депозитiне салады.
Мердiгерлiк шарты бойынша тараптарда тиiстi көлемде тәуекелдер болып келедi. Егер шартта немесе заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе мүлiктiң кездейсоқ жойылуының немесе бүлiнуiнiң тәуекелiн шарт бойынша келiсiлген жұмысты тапсырудың мерзiмi келгенше мердiгер көтередi. Егер мердiгерлiк заты тапсырылғанға дейiн кездейсоқ жойылса немесе жұмысты аяқтау мүмкiндiгi болмаса, онда тараптар кiнәсi болмаса, мердiгердiң жасал-ған жұмысқа ақы төлеудi талап етуге құқығы болмайды. Яғни жұмыстар орындалмауының тәуекелi барлық жағдайда мердiгерге жүктеледi. Затты қабылдауды немесе берудiң мерзiмiн өткiзiп алу болса егер шартта немесе заңда басқаша көзделмесе тәуекел мерзiмдi өткiзiп алған тарапта болады. Сондықтан тапсырысшы затты қабылдаудың мерзiмiн өткiзiп алса мердiгер сыйақы алу құқығын сақтайды.
Мердiгерлiк шарттағы тараптардың арасындағы тәуекелдердiң қайта бөлiнуiне әкелетiн жағдайлардан тараптардың бiреуiнiң кiнәлi iс-әрекеттерi болатын жағдайларды айыра бiлу қажет. Мысалы тапсырысшының кiнәсi болуы мүмкiн. Егер мердiгерлiк затының жойылуы немесе жұмысты орындаудың мүмкiнсiздiгi тапсырысшы берген материалдың санасыздығынан болса, немесе оның берген жұмысты орындау туралы нұсқауына байланысты болса және осының салдары туралы мердiгер алдын ала ескертсе, онда мердiгер орындалған жұмыс үшiн ақы алу құқығын сақтап қала бередi.
Мердiгерлiк шарты бойынша жауапкершiлiк өзiнiң мiндеттерiн орындамаған немесе тиiстi орындамаған шарт тараптарының бiреуiнiң кiнәлi жүрiс тұрысының салдары болып келедi. Егер мердiгерлiк шартындағы мiндеттемелердiң кәсiпкерлiк сипаты болса немесе осы шартта арнайы көзделсе, тарап шарт бойынша мiндеттемесiн тиесiлi орындамауы үшiн оған кiнәсiз жауапкершiлiк жүктеледi. Жауапкершiлiктiң мөлшерi азаматтық заңнамамен немесе шартпен белгiленедi, әдетте зиянды өтеу мiндетiн атқарады. Көбiнесе, залал егер жұмысты мердiгер жұмысты нашарлататын ауытқулармен немесе оны шартта көзделген не шартта тиiстi ережелер болмаған кездегi - әдеттегi пайдалану үшiн оларды жарамсыз ететiн өзге де кемшiлiктермен орындаса тапсырысшыға келтiрiледi.
Осыған қарай, Азаматтық кодексте жұмысты сапасыз орындауы үшiн мердiгердiң жауапкершiлiгi көзделген (635-б.). оның нормалары мердiгер - бұзушыға жауапкершiлiк туралы жалпы нормалармен жүктелетiн қолайсыз нәтижелермен бiрге тапсырысшыға өзiнiң құқықтарын арнайы тәртiпте қалпына келтiру мүмкiншiлiгiн бередi. Тапсырысшы өз таңдауы бойынша мердiгерден:
1) қисынды мерзiмде жұмыстың кемшiлiктерiн өтемсiз жоюды;
2) жұмыс үшiн белгiленген бағаны тиiстi мөлшерде азайтуды талап етуге құқылы.
Осымен бiрге тапсырысшы кемшiлiктердiң өзiнiң қаражаттарымен мысалы, басқа мердiгердi жалдау жолымен жоюы мүмкiн. Бұл үшiн мердiгерлiк шартында тапсырысшының жұмыстың кемшiлiгiн өз iс-әрекеттерiмен жою құқығы көзделуi керек.
Мердiгер өзi жауап беретiн жұмыстың кемшiлiктерiн жоюдың орнына, тапсырысшыға орындаудың мерзiмiн өткiзiп алу арқылы келтiрген зиянды өтей отырып, жұмысты тегiн қайта орындауға құқылы. Бұл жағдайда тапсырысшы, егер жұмыс сипаты бойынша ондай қайтарып беру мүмкiн болса, оған бұрын тапсырылған жұмыс нәтижесiн мердiгерге қайтарып беруге мiндеттi.
Сонымен қатар, егер жұмыста шарттың талаптарынан ауытқу немесе жұмыстың өзге де кемшiлiктерi елеулi болғанда және жоюға келмейтiн болса не анықталған кемшiлiктер тапсырысшы белгiлеген қисынды мерзiмде жойылмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.
Кейбiр жағдайларда, жұмысты орындау жоғарланған қауiп-қатермен (тәуекелмен) байланысты болса, шартта белгiлi бiр кемшiлiктерi үшiн мердiгердi жауаптылықтан босату көзделуi мүмкiн.
Шартты бұзғаны үшiн мердiгердi жауапкершiлiкке тартудың тәжiрибелiк мүмкiншiлiгi талап қою мерзiмiн сақтауға байланысты болып келедi. Мердiгерлiк шарттан талаптарға талап қоюдың жалпы - үш жылдық мерзiмдерi тарайды.
Мердiгерлiк шарт бойынша орындалған жұмыс сапасының лайықсыз болуынан туындаған кемшiлiктер туралы талап бойынша талап қою мерзiмi, олар туралы тиiстi мерзiм шегiнде тапсырысшы мердiгерге хабарлаған болса, кемiстiктер анықталған күннен өз ағымын бастайды2. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері.

2.1 Мердігерлік шартының түрлері.
Азаматтық заңнамада мердiгерлiк қатынастардың түрлерiнiң ең маңызды және ерекше белгiлерi барлары реттелген. Мердiгерлiк шартының түрлi сипаттамасына мыналар кiредi: 1) тұрмыстық мердiгерлiк; 2) құрылыс мердiгерлiгi; 3) жобалау немесе iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк; 4) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк. Оларға Азаматтық кодекстегi мердiгерлiк қатынастарды реттеуге арналған тарауында жеке параграфтар арналған. Мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерiне егер Қазақстан Республика-сының Азаматтық кодексiнiң бұл түрлер туралы ережелерiнде өзгеше белгiленбесе мердiгерлiк туралы жалпы ережелер де (нормалар) қолданылады.

2.2 Мердігерлік шарт түрлерінің жалпы сипаттамасы.
Тұрмыстық мердiгерлiк. Бұл шарт мердiгердiң тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы қатынастарды реттейдi. Ол арқылы азаматтар бөлшектеп сатып алу-сату шарттарды жасасып иелене алмайтын заттарға иелене алады, сол сияқты тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша олардың нәтижесi зат болып келмейтiн жұмыстар орындалады. Мысалы: косметика салондарының шаштараздар, моншалар, шеберханалар және т.б. қызмет көрсетуi осы сипатта болады. Тұрмыстық мердiгерлiк қатынасында бөлшектеп сатып алу-сату шартына секiлдi бiр тарабы болып тұтынушы қатысады.
Тұрмыстық мердiгерлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 640-650 баптарымен реттеледi. Сонымен бiрге Қазақ КСР "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" заңы қолданылады. Тұрмыстық мердiгерлiк қатынастарының белгiлi бөлiгi 1996 жылғы 20 қыркүйектегi №97 баға және антимонополиялық саясаты бойынша, Қазақстан Республикасының Мем-лекеттiк комитетiнiң Қаулысымен бекiтiлген тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесiмен реттеледi. Тұрмыстық мердiгерлiк шарты ерекшелiгiнiң үлкен бөлiгi оның тұтынушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруда болатын арнайы мақсатының салдарынан болып келедi. Бөлшектеп сатып алу сатуда сатып алушы қалай қорғалса, тұрмыстық мердiгерлiк қатынастарында тұтынушы сол шекте қорғалады. Тұтынушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын бiрқатар нормалар Азаматтық Кодекстiң өзiнде де бар.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы мердiгер тапсырысшының тапсырмасы бойынша, тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға арналған белгiлi-бiр жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге мiндеттенедi.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бiрге бұл шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады.
Тұрмыстық мердiгерлiк шартының нысаны. Жалпы ереже бойынша егер заң актiлерiнде немесе шартта, оның iшiнде формулярлар ережелерiнде немесе тапсырысшы қосатын өзге де стандартты нысандарда басқаша көзделмесе, тұрмыстық мердiгерлiк шарты мердiгердiң тапсырысшыға түбiртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиiстi нысанда жасалған болып есептеледi.
Жұмысты орындауға берiлген тапсырыста (шартқа немесе бекiтiлген нысандағы құжатта) мыналар көрсетiлуi тиiс: орындаушының заңды мекен-жайы; тапсырысшының тегi және аты, оның мекен-жайы және телефоны; тапсырыс қабылданған мерзiм, тапсырысты орындаудың басталу және аяқталу мерзiмi, аванс сомасы (толық сомасы), тапсырысты қабылдаған және өткiзген тұлғалардың қолы, қызмет көрсету (жұмыс) түрлерi, орындаушы мен тұтынушының материалдарының (заттарының) толық тiзiмi, бағасы және саны (қанша материалдар жұмыс орындау үшiн қажет екенi көрсетiледi), жөндеуге берiлген заттың зауыттық нөмiрi және өзге де реквизиттер. Түбiртектегi бұндай толық ақпарат болуына талаптар тұрмыстық мердiгерлiк шарты жазбаша нысанда жасалатынын бiлдiредi. Алайда тапсырысшыда аталған құжаттардың болмауы оны шарттың жасалу фактiсiн немесе оның ережелерiн растауда куәгерлiк айғақтарға сiлтеме жасау құқығынан айырмайды.
Жоғарыда аталғанның барлығын тұрмыстық мердiгерлiк шартының мiндеттi талабы (елеулi жағдайлары) деп қарастыру керек емес. Онда, жалпы мәндегi нормаларға сәйкес жасалатын мердiгерлiк шартында да сияқты елеулi жағдайларға нысана (орындалатын жұмыс туралы) және жұмысты орындау мерзiмдерi туралы жағдайлар жатады.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарттары ауызша нысанда да жасалуы мүмкiн. Және жетон, талон, кассалық түбiртек және тағы басқаларды берумен расталуы мүмкiн. Барлық жағдайда да затты дайындауға тапсырыс, тұтынушының немесе мердiгердiң эскизi бойынша немесе үлгiлерi бойынша қабылданады. Оның қолымен (қол қоюымен) расталатын тұтынушының қалауы бойынша және осы туралы бiр уақытылы мердiгермен келiсу нәтижесiнде үлгiлерден және (немесе) жұмыс орындау (зат жасау) технологияларынан ауытқу болуы мүмкiн. Бұндай ауытқулар тұтынушының өмiрi мен денсаулығына, қауiпсiздiгiне және оның мүлкiне, қоршаған ортаға зиян келмеуi тиiс.
Тапсырыс рәсiмделген құжат немесе шарттың талабы тұтынушының құқығын шектейтiн болса, ол Қазақ ҚСР-ң "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" Заңына сәйкес жарамсыз деп есептеледi. Тұрмыстық мердiгерлiк шартында жұмыстың бағасы тараптардың келiсiмiмен белгiленедi, бiрақ ол мердiгер жариялаған прейскурантта көрсетiлгеннен жоғары болмауы керек.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 644-бабына сәйкес мердiгер тұрмыстық мердiгерлiк шарт жасалғанға дейiн тапсырысшыға ұсынылатын жұмыстар, олардың түрлерi мен ерекшелiктерi туралы, жұмыстың бағасы мен оған төленетiн ақы туралы, қажеттi және сенiмдi ақпарат беруге, сондай-ақ тапсырысшының сұрауы бойынша шартқа және орындалатын жұмысқа қатысты басқа да мәлiметтердi хабарлап отыруға мiндеттi. Егер жұмыстың сипаты бойынша мұның маңызы болса, тапсы-рысшыға мердiгер оны орындайтын нақты тұлғаны көрсетуге тиiс.
Жоғарыда аталған мiндеттердi орындау үшiн жұмысты орындайтын кәсiпорынның қызметi туралы маңдайшасы, заңды мекен жайы мен атауы, жұмыс iстеу режимi көрсетiлген маңдайшасы керек. Жеке кәсiпкер өзiнiң тiркелген органы туралы ақпаратты, көрсетiлетiн қызметтiң мiндеттi талаптарының стандарты туралы ақпаратты және жұмысы сертификатталғаны туралы ақпаратты ұсынуға мiндеттi.
Орындалуға жататын жұмыс туралы ақпарат оның түрлерi, ерекшелiктерi, бағасы және төлеу нысаны туралы) кәсiпорынның тұрақты мекен-жайынан тыс, мысалы уақытша мекен жайда, жылжымалы пунктiлерде, орынға барып жұмыс iстейтiн бригадалармен қызмет көрсету жүргiзген кезде де ұсынылуға тиiс.
Тапсырысты қабылдау жүргзiлетiн кәсiпорынның бөлмесiнде тұтынушыға керектi ақпарат көзге көрiнетiн жерде орналасуға тиiс. Оның тiзiмi Қазақстан Республикасының тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесiнiң 5-пунктiнде берiлген. Жекелеп алғанда онда жұмыс түрiн орындауға лицензия, тұты-нушыға ұсынылатын мердiгердiң және өзге бұйымдардың (фур-нитураның) үлгiлерi, типтiк шарттардың түбiртектердiң, жетондардың, қолхаттардың, талондар және мердiгер тапсырысты қабылдағанын және тұтынушы жұмыс үшiн төлегенiн растайтын өзге де құжаттардың үлгiлерi көрсетiлуi тиiс.
Тапсырысшының тұтынушы ретiндегi құқықтары оған оның құқықтары, шарт жағдайлары, орындалатын жұмыстардың сипаттамалары туралы толық ақпарат берумен қатар мердiгерге шартқа қосымша ақылы жұмыстарды немесе қызметтердi қосуына тиым салу арқылы да қамтамасыз етiледi. Бiр жұмысты орындау өзге жұмыстар орындалуының мiндеттiлiгiне әкелмеуi керек.
Тапсырысшы өзiне жұмыс нәтижелерiн өткiзгенге дейiн кез келген уақытта шарттан бас тартуға құқығы бар. Бас тартуы алдында ол орындалған жұмыс үшiн мердiгерге белгiленген бағаның бiр бөлiгiн төлеуi керек. Бұл мiндет мердiгер жұмысты тапсырысшыдан ол шартты бұзатыны туралы хабарлама алғанға дейiн орындалса ғана болып келедi. Тапсырысшы мердiгердiң мәлiмдеме жасау сәтiне дейiн орын алған өзге де шығындарын өтеуге мiндеттi. Ал негiзiнен тапсырысшының әрқашан шартты бiр жақты бұзуға құқығы бар және одан айыратын тұрмыстық мердiгерлiк шартының жағдайлары жарамсыз болып келедi.
Мердiгердiң негiзгi мiндетi шарт талаптарына және мiндеттi талап етiлген стандарттарға сай жұмысты орындау. Кейбiр жағдайларда жұмыс мердiгердiң материалдарымен орындалады. Мұндай жағдайда ол материалдар сапасының стандарттар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрмыстық мердігерлік шарты
Тұрмыстық мердігерлік шартының нысаны
Мердігерлік шартының жеке түрінің ерекшеліктері
Шарт жасасудың кезеңдері
Мердігерлік шартының түсінігі
Мердігерлік шарты
Мердігерлік шарты жайлы
Еңбек құқығы жүйесі
Тапсырысшы екінші тарапқа мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға
Мердігерлік шартының жауапкершілігі
Пәндер