Құқықтың қайнар көзі



1 Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және түрлері
2 Нормативтік.құқықтық актілер
Қорытынды
Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және түрлері. Позитивтік құқықтың өзіне тән белгісі болып оның формальды сипаты табылады. Оны құрайтын нормалар заңдарда немесе мемлекетпен танылатын басқа да , жалпыға міндетті болып танылуы мүмкін.
Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми - құжаттық нысандары, оларға заңды , жалпыға міндетті мағына беру.
Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тән , оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдауын қамтамасыз етеді.

Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі:

1.Құқық шығармашылық жол арқылы; бұл жағдайда нормативтік құжаттарды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемлекет шығарады.
1 «Мемлекет және құқық теориясы» Жоламан Қ. Д. Аламаты-2005.
2. «Мемлекет және құқық теориясы: Сұрақ және жауап»
3. «Мемлекет және құқық теориясы. Сызбалар мен анықтамалар альбомы».
4. «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы»

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Құқықтың қайнар көздері

Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және түрлері. Позитивтік құқықтың өзіне тән белгісі болып оның формальды сипаты табылады. Оны құрайтын нормалар заңдарда немесе мемлекетпен танылатын басқа да , жалпыға міндетті болып танылуы мүмкін.
Құқықтың қайнар көздері - бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми - құжаттық нысандары, оларға заңды , жалпыға міндетті мағына беру.
Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тән , оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдауын қамтамасыз етеді.

Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі:

1.Құқық шығармашылық жол арқылы; бұл жағдайда нормативтік құжаттарды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемлекет шығарады.

2.Санкциялау жолы арқылы ; бұл жағдайда мемлекеттік органдар белгілі бір түрде әлеуметтік нормаларды(әдет-ғұрып,корпоративтік нормалар) қолдап , оларға заңды күш береді.

Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
1) Нормативтік заң актілері - бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын , құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сәйкес актілер жатады.
2) Санкцияланған әдет нормалары - бұл адамдардың санасынан орын алған және көп рет қолданылуының нәтижесінде әдетке айналған , тарихи қалыптасқан жүріс - тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән беріп , оларды орындауды өзінің мәжбүрлеу күші арқылы кепілденуі. Әдет - ғұрып нормаларына заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі:
а) нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау арқылы;
б) оларды сот шешімдерінде және басқа да мемлекет органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы.
3 ) Заңды прецедент - бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын және жалпыға міндетті заңды мағына иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе әкімшілік шешім.
4) Нормативтік шарт - бұл екі немесе одан да көп субъектілердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған келісімі.
5) Құқықтың жалпы қағидалары - бұл құқықтық жүйенің негізгі бастамалары. Мысалы , заңнамалық норма , міндетті прецедент немесе әдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер әділеттілік , ар - ождан , құқықтың әлеуметтік бағыттылық қағидаларына негізделуі мүмкін( Грецияның , Испанияның , Ауғаныстанның Азаматтық кодекстері).
6) Діни мәтіндер - бұлар , әсіресе мұсылмандық құқыққа тән. Ең алдымен , бұл Құран мен Сүннет. Құран - бұл Алланың сөздері , өсиеттері және ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап . Сүннет- бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ.

Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) -- жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы. Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық, мысалы жүйелілігі. Құқық -- бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі -- табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік-құқықтық талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуғе бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ (15-бап). Құқықтық жүйенің екінші бөлігі -- мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі -- субъективтік (тұлғалар) құқықтар. Адам өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы керек. Адамның әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы -- оны мемлекеттің тануы, қорғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.
Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әнгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.
Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола түрса да құқық негіздері ұғымының тар мағынасы да бар. Заң ғылымында құқық негіздері дегеніміз -- қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері.
Әдетте құқық негіздері төрт түрге бөлінеді: құқықтық әдеттер, сот прецеденттері (үлгілер), құкықтық келісім-шарттар, нормативтік-құқықтық актілер.
Құқықтық әдеттер -- қоғам өмірінен шыққан, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілген әдет-ғұрыптар.
Кезінде қазақ даласында құқықтық әдет-ғұрыптар қоғамдық қатынастардың негізгі реттеушісі болған.
Оған дәлел Қасымханның қасқа жолы (XV ғ.), Есім ханның ескі жолы (XVI ғ.), Тәуке ханның Жеті жарғысы (XVIII ғ.). Сонымен қатар қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан, қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Роман - герман құқықтық жүйесі құқығының қайнар көздері
Құқық нысаны
Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерінің түсінігі
Әкімшілік құқықтың қайнар көздерінің түсінігі мен түрлері
Әкімшілік құқықтың пәні
Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі
Әкімшілік құқықтың жүйесі
Нормативтік шарттар
Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының пәні, әдісі, және бастаулары
Аграрлық құқық
Пәндер