Жеке кәсіпкерлерге салынатын салықты талдап, оны жетілдіру жолдарын ұсыну


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1. Жеке кәсіпкердің табысына салық салудың теориялық аспектілері
Табысқа салық салудың алғышарттары . . . 5
Орта және жеке кәсіпкерліктің экономикалық мәні және қажеттілігі . . . 9
Кәсіпкерліктің табысына салық салу салудың шетелдік тәжірибесі . . . 15
2. Жеке кәсіпкердің табысына салынатын салықты талдау
2. 1 Арнайы салық режимі бойынша жеке кәсіпкерліктің табысына салық салу механизмі . . . 19
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілердің салықтық түсімдері және олардың бюджет кірістерін қалыптастырудағы ролі . . . 25
Қызылорда облысы бойынша жеке кәсіпкерлердің табысынан салықтық түсімдер жағдайын талдау . . . 28
3. Жеке кәсіпкердің табысына салық салудың дамыту жолдары
3. 1 ҚР орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамыту тенденциялары . . . 31
3. 2 Жеке кәсіпкердің табысына салық салуды жетілдіру бағыттары. . 35
Қорытынды . . . 40
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 42
Кіріспе
Салық салу бойынша жүз пайыздық тиімділікке жету дамыған нарықтық экономика жағдайында мүмкін еместігін әлемдік тәжірбие көрсетіп отыр. Кез-келген мемлекет өзінің экономикалық саясатын жүзеге асырған кезде салықтық реттеу құралдарының кең спектрін қолданады. Салықты шаруашылық қызметті реттеуші құрал ретінде қолдану мүмкіндігі салықтың өзінің табиғатынан, ішкі мәні мен қызметінен шығады. Бұл мүмкіндікті қолдану салық механизмі арқылы жүзеге асады. Қаражаттарға деген қажеттілікті сезе отырып мемлекет салықтық құрал арқылы қаржылық қаражаттардың максималды мүмкін болатын көлемін алуға ұмтылады.
Мемлекет бұл жағдайда төлеушіге қатысты ашық әділетсіздікке баруға даяр: дұрыс әрекет етуге қажетті ресурстардың бір бөлігін алып қалуға, салық ауыртпалығын табыспен мүлік иесінен өнімді немесе қызметті сатып алушыға жүктеуге, қосарланған салық салуға, тағы басқаға баруы мүмкін. Осындай фискалды саясат кәсіпорынының қаржылық әрекет етуін бұзып, ал өзінің күн көруін жоққа шығара алады, салықтан жалтару көпшілік сипатқа ие етіп, экономикадағы қаржылық қылмыстарды көбейтеді. Салықтық ауыртпалықты қаталдату әрдайым, салықтық түсімдерді көбейтеді. Бұл Лаффер теориясымен дәлелденген салықтың екінші жағы мемлекеттің экономикаға реттеуші әсерін сипаттайды. Бұл жағдайда салық өзінің әсер ету бағытына қарай мемлекетпен тумалас болады, яғни ол қызметтердің қоғамға қажетті арналарға бағыттайды. Осыған сәйкес салықтық механизм бұл жағдайда мемлекеттік табыстардың кепілді түрде түсуін талап ететін жағдайларға қарағанда мүлдем басқаша қағидалармен құрылады. Бұл жерде басты назар төлеушіні белгілі бір әрекетке ынталандыруға ауысады. Сонда мемлекет өзіне қажетті тиімді нәтижеге жету үшін салықтық қаражаттарын уақытша жоғалтуға барады. Жоғарыда айтылып кеткендерді ескере отырып, шағын және орта бизнес субъектілерінің әрекет етуін реттеу үшін салық құралдарының қолданылуы Республикамызда қоғамның барлық экономикалық қызығушылықтарына сай келеді.
Экономикасы жаңа дамып отырған елдер үшiн орта және шағын бизнестi жандандыру шешушi рөл атқарады. Кәсiпкерлiк қызмет бұл елдер үшiн дағдарыстан алып шығатын бiрден-бiр сара жол болып отыр. Оның аясында жалпы iшкi өнiмнiң үлес салмағын артып, экономикалық тұрғыдан жұмысқа жарамды тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етiледi. Бұл индустриалды, дамыған экономикасы бар және өтпелi кезеңдi басынан кешiрiп отырған елдер экономикасы үшiн тым жағымды көрiнiс. Курстық жұмыстың мақсаты жеке кәсіпкерлерге салынатын салықты талдап, оны жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады.
Мақсаттан мынадай міндеттер туындады:
- жеке кәсіпкердің табысына салық салудың теориялық аспектілерін қарастыру:
- жеке кәсіпкердің табысына салынатын салықты талдау;
- жеке кәсіпкердің табысына салық салудың дамыту жолдарын қарастыру.
Қазақстан Республикасында салық салу ерекшеліктері кәсіпкерлікті қолдау мен экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралы болып отыр. Соның өзінде экономиканы мемлекеттік реттеу және кәсіпкерлікті қолдау өзара байланысты элементтерді құрайтын жүйе болып қалыптасады. Бұл жүйеде басты орынды кәсіпкерлікке салық салу механизімі алып отыр.
Осыған байланысты салық салумен байланысты проблемалар өзекті және кәсіпкерлікті дамыту жолында біраз қиыншылық көрсетеді.
Ескі салық кодексі бойынша қызмет еткен салымдар мен алымдар көп жағдайда нарықтың жаңа шарттарына сай болмағаны бәрімізге белгілі.
Айта кету керек шағын және орта кәсіпорындардың дамуы импорт ауыстырушы тауар өндіру, жаңа жұмыс орындарын дайындау, бюждетке ақша массасының ағылып келіп түсуін қамтамасыз ету.
Осының барлығы нарықтық экономика дамуының басты мәселесі болып келеді.
1 Жеке кәсіпкердің табысына салық салудың теориялық аспектілері
Табысқа салық салудың пайда болу алғышарттары
Салықтар кез-келген өркениетті мемлекеттердің негізгі кіріс көзі. Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген заңды тұлғалардан алынатын барлық салықтар мен алымдардың ішінде табыс салығының алатын орны ерекше. Әлемнің қандай мемлекеті болмасын, барлығында табысқа не пайдаға салық салынады. Бұл экономикалық категориялардың мазмұны, әсіресе олар салық салу объектісі ретінде қызмет атқарса, олар тұрақсыз болады. Жалпы алғанда, пайда дегеніміз шығыстарды шегергеннен кейінгі табыс, ал табыс-шаруашылық субъектілерінің өз тауарын, қызметін, жұмысын сатқаннан түскен түсім. «Табыс» категориясы қашанда «пайда» ұғымынан кең екендігі белгілі.
Қазақстанда қабылданған салықтық есеп ережесіне сәйкес, табыс - бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі немесе міндеттемелердің азаюы. Табыс алынған немесе алынуға тиіс өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны салық төлеуші мен сатып алушы немесе активтерді қолданушы арасындағы келісіммен анықталады. [1]
Қазақстан Республикасының табысқа салық салудың қысқа ғана тарихы бар.
Қазақ ССР-нің 1991 жылғы ақпанның 14-дегі «Кәсіпорындардан, бірлестіктерден және ұйымдардан алынатын салықтар туралы заңына сәйкес салық салу объектісі ретінде пайда алынады. Осы заңды ауыстырған Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы ақпанның 12-дегі «Пайда мен табысқа салық салу туралы» Заң күші бар Жарлығында салық салу объектісі ретінде табыс та, пайда да алынады. Ал 1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар Жарлығы мен қазіргі Салық кодексінде де табыс салығы нысанына тоқтады және салық салудың ерекше категориясы салық салынатын табысты енгізеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында заңды және жеке тұлғаларды қамтитын табыс салығының біртұтас конструкциясы енгізілді. Бірақ бұл субъектілер арсында олардың табыс түрлері мен оны алу әдістерінде айтарлықтай (едәуір) айырмашылық болуы бұл біріктірудің тиімсіздігін көрсетті және заңды және жеке тұлғаларға салық салудың екі режимі сақталды. Бұған қоса Қаржы Министрлігі заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу мен төлеудің тәртібі туралы бөлек 2 нұсқаулық дайындады. Жаңа Салық Кодексінде осы кемшіліктер ескеріп Салық Кодексінің табыс салығына байланысты ең негізгі ерекшелігі заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығының бір тұтастығы бұзылып, жеке-жеке салық болып бөлінген және дүниежүзілік халықаралық стандартқа сәйкес заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы корпорациялық табыс салығы деген жаңа терминмен алынатын болды. Қабылданған концепцияға сәйкес корпорациялық табыс салығының салық салу негізінде заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының салық салу принциптері алынған. Салық заңдылықтарының нормаларын біркелкі түсіндіруді қамтамасыз ету, салық төлеушінің қолдануын жеңілдету, салық тәртібін сақтау деңгейін жоғарлату мақсатында Салық Кодексінде нормативтік-құқықтық актілерінің бірнеше ережелері біріктірілген, яғни Салық Кодексінде бұрынғы салық заңдылығындай, салықтың төлеушілері, салық салу объектісі, Жылдық жиынтық табысты қалыптастыру әдістемесі, оны кейін түзету мүмкіндіктері, шығындарды шегеріске жатқызу, сол сияқты табысты анықтау, залады көшіру құқығы және бюджетке төлеуге жататын салықты есептеу жолдары анықталған.
Табыс салғының бұрынғы есептеу әдісін сақтай отырып, жылдық жиынтық табыс пен салықтық шегерістердің құрамын қайта қарау жолымен корпорациялық табыс салығы бойынша салық ауыртпалығын төмендету ұсынылған.
Корпорациялық табыс салығының құрылу негізі. Корпорациялық табыс салығы корпорациялардың табысына салынатын тікелей салық. Сондай-ақ бюджеттің реттеуші кірісі болып табылады.
Бюджеттің кірісін реттелетін және бекітілетін салықтар құрайды.
Реттелетін салықтар -қалыпты мөлшер бойынша бюджеттің әр деңгейі арасындағы бөлінетін салықтар.
Бекітілетін салықтар -тек бір бюджетке түсетін салықтар.
Заңды тұлға дегеніміз ҚР-ның не шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған дербес мүлкі бар, сол мүлікпен құқықтар мен міндеттерге мүліктік және мүліктік емес қатынастарды жүзеге асыратын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Корпорациялық табыс салығын төлеушілерге ҚР ҰБ мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ҚР резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе ҚР-дағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады.
Резидент заңды тұлға -ҚР-ң заңдарына сәйкес құрылған немесе оның нақты басқару органдары Қазақстанда болатын заңды тұлға.
Резидент емес заңды тұлға -ҚР аумағында кәсіпкерлік қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, сондай-ақ тұрақты мекеме құрмай ҚР-нан табыстар алатын шетел заңды тұлғалары.
Табыс салығының салық салу объектілері болып:
салық салынатын табыс;
төлем көзінен салық салынатын табыс;
ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табыс корпорациялық табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.
Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде анықталады.
Салық салынатын табыс=жылдық жиынтық табыс-шегерістер
30% 20% 15% 10% 5%
Сурет 1 - Корпорациялық табыс салығын есептеу мен төлеу механизмі
Жылдық жиынтық табыс -заңды тұлғалардың бір жыл ішінде түрлі көздерден алған табысы.
Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық жылы ішінде салық төлеушінің ҚР-да және одан тыс жерлерден алынуға тиіс (алынған) табыстарынан тұрады.
Резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы қазақстандық көздерден алынған табыстарынан тұрады.
ЖЖТ-та салық төлеуші табыстарының барлық түрлері, соның ішінде:
1. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін табыс;
2. Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жататын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар;
3. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыстар;
4. Күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар;
5. Мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;
6. Кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған табыстар;
7. Шығып қалған тіркелген активтер құнының ішкі топтың баланстық құнынан асып түсуінен алынатын табыстар;
8. Ортақ үлестік меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар;
9. Өтеусіз алынған мүлік, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер;
10. Дивидендтер;
11. Сыйақылар;
12. Ұтыстар;
13. Әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстардың шығыстардын артығы қамтылады.
Салықтық шегерістер -заңмен бекітілген шекте салық төлеушінің ЖЖТ-ты алуға байланысты шығындары. Оған өткізілген тауар, қызмет, жұмыс бойынша шығындар және басқа да шығындар, оның ішінде:
Тауарла-материалдық қорлар бойынша;
Тіркелген активтер;
Еңбекке ақы төлеу;
Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша;
Сыйақы бойынша;
Теріс бағамдық айырма бойынша;
әлеуметтік төлемдрге жұмсалған шығыстар бойынша;
сақтандыру сыйақылар бойынша;
тіркелген активтерді жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша;
бюджеттен төленген салықтар бойынша;
басқа да шығыстар бойынша шегерімге жатады.
Салық ставкалары.
Төлем көзінен салық салынатын табыстарға:
Дивидендтер;
ҚР ҰБ лицензиясы бар банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы жеке тұлғалардың салымдары бойынша оларға төленетін сыйақыларды қоспағанда, депозиттер бойынша сыйақы;
Ұтыстар;
Резидент емес тұлғалардың ҚР-ғы көздерден алған табыстар;
Резидент банктерге, жинақтаушы зейнетақы қорларына, лизинг берушілерге және борыштық бағалы қағаздар бойынша төленетін сыйақыны қоспағанда, заңды тұлғаларға төленетін сыйақылар;
Эмитент борыштық бағалы қағаздар бойынша шығару шарттарына сәйкес төлейтін купон түріндегі сыйақы жатады.
Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған салық сомасы осы салықтың төлем көзінен ұсталғанын растайтын құжаттар болған жағдайда, салық төлеушінің салық кезеңі ішінде есептелген корпорациялық табыс салығының есебіне жатқызылады.
Салық төлеушінің салық салынатын табысы 30%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.
Негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеушінің салық салынатын табысы 10%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.
Резидент еместердің ҚР-ғы көздерден алынатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 15%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.
ҚР-да тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығының үстіне белгіленген тәртіппен 15%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.
1. 2 Орта және жеке кәсіпкерліктің экономикалық мәні және қажеттілігі
Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау - оның жалпы экономикалық ой-пiкiр сияқты ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендiгiн көрсетедi. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсiпкерлiк туралы, оның индустриялық кезiне дейiн қалай аталғанына қарамастан, ерекше пiкiрлер қалыптасқан. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әрбiр азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерiнiң кез-келгенiнiң қолынан келе бермейдi. Сондықтан, кәсiпкерлiктiң шын, нақты субъектiсi - бұған деген алғышарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы бар субъектілер жатады.
кәсiпкерлiктiң соңғы нәтижесi өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет және ең бастысы - әр кәсiпкер оның тек өзiне тиiмдiсiн, пайдалысын ғана жасайды. Мiне, осы себептен кәсiпкерлердiң басты мақсаты - өз кәсiпорынының пайдасын барынша жоғарылату немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсiпкердiң табысы көбiне оның бизнестi ұйымдастыруына тiкелей байланысты. Қызметiнiң бастапқы кезеңiнде кәсiпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшiн өндiрiс факторларын жүйелеудің жаңа жолдарын iздейдi, яғни, бұл кәсiпкерлiктiң ең басты мәселесi [2, 24 б] .
Бірқатар авторлар шағын және орта бизнес монополияланған экономика жағдайында маңызы ерекше бәсекелестік ортаны құрайды деп пайымдайды. Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, шағын және орта бизнес өзінің табиғаты жағынан монополияға қарсы, ол оның қызметінің әртүрлі жақтарында көрінеді. Бір жағынан ол, монополияны қалыптастырушы элементтердің сирек және қозғалыс жылдамдығының жоғары деңгейде болатындығынан монополиялауға аз ұшырайды. Екінші жағынан, тар мамандану және жаңа техниканы пайдалану барысында шағын және орта бизнес ірі корпорациялардың монополистік позицияларын бұзатын, қауіпті бәсекелес ретінде болады.
Шағын кәсіпкерліктің басқа артықшылықтарынан, автолар айналымдылықтың жоғары жылдамдығымен, құрылыс мерзімдерінің қысқартылуымен, негізгі қорлардың жалпы құнындағы белсенді бөлігінің жоғарлауымен, басқару персоналдарын ұстау шығындарының төмендігімен, ірі капиталды тарту қажеттігінің жоқтығымен қамтылған күрделі және ағымдағы шығындардың тиімді қолданылуынан көреді.
Сонымен, кәсіпкерліктің ұсынылған тұжырымының және шағын және орта бизнестің қолдағы бар тұжырымдарын талдау негізінде, шағын және орта бизнестің келесі анықтамасын көрсетуге болады: Шағын және орта бизнес - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне, ынталы, инновациялық қызметіне негізделген, қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін, қауіптің және белгісіздіктің жоғарғы үлесімен жанасатын, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріспен басқару үдерісіне жеке қатысуын талап ететін, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту жүйесі болып табылады.
Құрамдас бөлігінің бірі - бизнес инкубаторлары болып табылатын кәсіпкерлік ортаның дамуына ықпал ететін нарықтық инфрақұрлымның қалыптасуы орын алды. Қазіргі уақытта бизнес инкубаторлар 10 облыста құрылған. Жалпы елде 31 бизнес инкубаторлар қызмет атқаруда. Бизнес инкубаторлар территориясында өндірістің түрлі саласында 200-ден астам кәсіпорындар әрекет етуде.
Соңғы кездерде ШОБ-ті қолдауды және дамытуды реттейтін заңнамалық және нормативтік база құрылды. Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бұрынғы мемлекеттік бағдарламаларын (1992-1994 жж., 1994-1996 жж., 1999-2000 жж., 2001-2004 жж., 2005-2007 жж. ) талдау оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті. Тауарлар мен қызметтер көрсетудің бәсекелі нарығы құрылды және шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың институтционалдық шаралары айқындалды.
Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі орынға ие болды. Басты стратегиялық мақсатқа: кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының конститутциялық құқықтарының шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізілді, ол үшін мемлекет қажетті жағдайларды жасады.
Ресми статистика деректері бойынша республикада осы сектор дамуының оң серпіні, шағын және орта бизнес субъектілерінің тұрақты өсуі 2008 жылы 521, 5 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері есепке алынған, оларда шамамен 1, 2 миллион адам жұмыс істейді. Шағын кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің үлес салмағы жұмыс істейтіндердің жалпы санының 17, 6%-ын құрайды.
Экономикасы жаңа дамып отырған елдер үшiн орта және шағын бизнестi жандандыру шешушi рөл атқарады. Кәсiпкерлiк қызмет бұл елдер үшiн дағдарыстан алып шығатын бiрден-бiр сара жол болып отыр. Оның аясында жалпы iшкi өнiмнiң үлес салмағын артып, экономикалық тұрғыдан жұмысқа жарамды тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етiледi. Бұл индустриалды, дамыған экономикасы бар және өтпелi кезеңдi басынан кешiрiп отырған елдер экономикасы үшiн тым жағымды көрiнiс. Ол бәсекелестiкке сай келе алатын динамикалық диверсификациялық бағытта халықтың жұмыспен қамтамасыз етiлуiне, оның әлеуметтiк тұрмыс жағдайын көтеретiн шын мәнiндегi қуатты экономикаға жол ашады [3, 67 б] .
2008 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілері тауарлар сату мен қызметтер көрсетуден 625, 5 млрд теңгеге жуық сомада кіріс алды. Елдің жалпы ішкі өнімінің құрылымындағы шағын кәсіпкерліктің үлесі осы жылдың алдын ала жасалған қорытындылары бойынша 2007 жылмен салыстырғанда 2, 9%-ға өсуге және 19, 5%-ды құрауға тиіс. Шағын кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік құқықтық негізі құрылды. 2006-2008 жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының Салық кодексіне шағын бизнес субъектілері үшін салық ауыртпалығын одан әрі төмендетуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Банк секторын тұрақты дамуы қаржылай қызметтер көрсету нарығын дамытуға және шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары активтерінің ұлғаюын ынталандыратын қаржы-кредиттік қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Дегенмен, зерттеу барысында шағын және орта бизнес алдында тұрған проблемалардың жеткілікті екендігі анықталды және олар терең ғылыми ізденісті талап етеді. шағын және орта бизнестің дамуына кері әсер ететін бірқатар факторларды былайша топтауға болады:
Кесте 1 - Шағын және орта бизнестің дамуына кері әсер етуші факторлар
Келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай Қазақстан нарығында шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуіне кедергі болып отырған мәселелердің бірі - салық саясатының жетілмегендігі. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту факторларын атайтын болсақ онда мына төмендегі жағдайды көруге болады. Аталған мәселелерді салық заңнамасында шешу үшін мыналар қажетті болып келеді:
жаңа өндірістік - инновациялық кәсіпорындарға салық салудың жеңілдетілген режимін енгізу;
өндірістік сектордағы кәсіпорындардың несиені өтеу кезінде салық салу процедурасын қайта қарау;
ынталандырушы салық режимін орындау жолымен шағын бизнеске жанама қаржылық талдау көрсету;
салық саясаты шағын кәсіпкерлік субъектілер санының өсуін ынталандырушы, жұмыс орындарының өсуіне, өндірілген жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің экономикалық реттеушісі болуы керек.
Шағын бизнес субъектілерінің жұмысына кедергі болатын мәселелердің екінші түрі - жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы. Яғни, АҚШ доллары бағамының тез өзгеретіндігі, макроэкономикалық жағымсыз өзгерістерге байланысты инфляция және жоғары тәуекелдер, әлемдік қаржы дағдарысының орын алуы және т. б.
Сурет 2 - Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz