Мемлекеттік басқару органдары



1 Мемлекеттік қызмет
2 Мемлекеттік басқару органдары
3 Мәслихат
Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 21-бабында әрбір адамның өз елін басқаруға қатысуға құқы танылған. ҚР сол декларацияға қосылушы мемлекет ретінде өзінің әрбір азаматының Мемлекеттік қызметке кіруге деген тең құқығын Конституцияда белгіледі. Мемлекеттік қызметке үміткерге қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына қарай әртүрлі болады. Соған орай азаматтың Мемлекеттік қызметке кіруіне кедергі болатын негіздер де заңдарда көрсетіледі. Басты негізге азаматтың қасақана қылмыс үшін сотталғандығы жатады. Шет ел азаматтарының ҚР-ның Мемлекеттік қызметіне кіруіне құқы жоқ. Конституцияға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жасы 60-тан, ерекше жағдайларда 65- тен аспауы
екендігі көрсетілген. ҚР-да Мемлекеттік қызмет жүйесін
• саяси
• әкімшілік болып екі санатқа бөлінген лауазымдар құрайды. Саяси лауазымға мемлекеттік саясатқа ықпалды жоғары лауазымдар жатады, қалған лауазымдар әкімшілік санатта одан әрі жіктеледі.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 21-бабында әрбір адамның өз елін басқаруға қатысуға құқы танылған. ҚР сол декларацияға қосылушы мемлекет ретінде өзінің әрбір азаматының Мемлекеттік қызметке кіруге деген тең құқығын Конституцияда белгіледі. Мемлекеттік қызметке үміткерге қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына қарай әртүрлі болады. Соған орай азаматтың Мемлекеттік қызметке кіруіне кедергі болатын негіздер де заңдарда көрсетіледі. Басты негізге азаматтың қасақана қылмыс үшін сотталғандығы жатады. Шет ел азаматтарының ҚР-ның Мемлекеттік қызметіне кіруіне құқы жоқ. Конституцияға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жасы 60-тан, ерекше жағдайларда 65- тен аспауы
екендігі көрсетілген. ҚР-да Мемлекеттік қызмет жүйесін
* саяси
* әкімшілік болып екі санатқа бөлінген лауазымдар құрайды. Саяси лауазымға мемлекеттік саясатқа ықпалды жоғары лауазымдар жатады, қалған лауазымдар әкімшілік санатта одан әрі жіктеледі.

Тәуелсіздік алған елдің тоқсаныншы жылдардың бел ортасында қалыптасқан мемлекеттік қызмет жүйесі қарыштап дамыған уақыт талабына төзбеді. Сөйтіп көнерген жүйенің жаңғыртылуын қолға алған ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Әлихан Бәйменов мемлекеттік қызметтің жаңа моделін ұсынды. Мемлекеттік қызметшінің ұлтқа қызмет етуші тұлға екенін айқындай түсетін салмағы мықты тұжырымдамаға Елбасы қол қойғаннан бері екі жылға жуық ел арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оның нәтижелі болғандығының белгісі -- халық қалаулылары заңның жаңа өзгерістерін мақұлдады.
Жалпы қоғамдық пікір туғызған бұл құжатты қазақстандықтар мемлекеттік қызмет жүйесін түбегейлі жаңартатын реформа, ұлттық заңнаманың жаңа жобасы ретінде қабылдады. Қоғамның мемлекеттік аппаратқа деген жоғары талабын ескерген Елбасы Жарлықтары арқылы реформаның басымдықтарын анықтады.
Кадрларды іріктеу мен жоғарылатуда меритократия қағидасын күшейту, А басқарушылық корпусын құру, басқару тетіктерін жетілдіру және кадр қызметінің мәртебесін көтеру, мемлекеттік қызметшінің тәртібі мен этикасын бақылау жаңа модельдің бағыттары болып табылады. Мемлекеттік қызметтің кәсіби деңгейін көтеруді мақсат ететін реформаға байланысты ҚР Президентінің 7 Жарлығы және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның 4 бұйрығы қабылданды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша бақармасы заңнама өмірге жолдама алған күннен бастап аймақтағы мемлекеттік қызмет органдарынан жұмысты жаңа үлгіде талап етуді қолға алды.
4554 мемлекеттік қызметші
Жаңа жүйеде мемлекеттік қызметшілер саяси қызметшілер, А және Б корпусындағы мемлекеттік қызметшілер болып үшке бөлінді. Еліміз бойынша саяси мемлекеттік қызметшілердің саны осыған дейін 3271 болса, қазір -- 400, яғни 8 есеге қысқарды. Біздің облыс деңгейінде бұл қатарға облыс әкімі,облыс әкімінің 4 орынбасары және Ақтөбе қаласының әкімі кіреді. Ал республика бойынша 500 лауазымнан тұратын А корпусына облыс әкімі аппаратының жетекшісі, аудандар әкімдері, облыстық ревизия комиссиясының төрағасы және мүшелері, мемлекеттік қызмет істер жөніндегі агенттіктің облыстық басқармасының басшысы сияқты лауазымдар ғана ілікті.
Б корпусын еліміздегі 90 200 мемлекеттік қызметші құрайды десек, бұл санатқа аудан әкімдерінің орынбасарлары, ауыл әкімдері мен басқарма басшылары да кіріп отыр. Міне, 26 наурыздан кейін, өзгерістер заңды түрде жұмыс істей бастаған күні облыстағы 4554 мемлекеттік қызметшінің, оның ішінде 174 саяси мемлекеттік қызметшінің тағдыры осылай шешілді.
-- Мемлекеттік қызмет жүйесіне енгізілген реформа әлемнің озық тәжірибелерін пайдалану арқылы ұлтқа, қоғамға қызмет етуді насихаттайды. Мемлекеттік қызметтің БАҚ және азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығын, транспаренттігін, халық алдында есеп беруін, сапалы қызмет көрсетуін талап ететін түбегейлі өзгерістер бұл салада кәсіби деңгей мен ар-намысты жоғары қоятын қызметшілердің қатарын көбейтуге бағытталып отыр. Елбасының Жарлықтары негізінде мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі, кадр саясаты жөніндегі Ұлттық комиссия туралы және аймақтық кадрлық комиссиялар туралы ереже, А корпусының кадр резервіне іріктеу және А корпусының лауазымдарына іріктеу ережесі, мемлекеттік қызметті өткеру, бағалау және аттестация, жалпы кадр резервін қалыптастыру ережелері бекітілді, А корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасу мәселелері
Қазақстан Республикасын жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі
Жергілікті мемлекеттік органдар түрлері
Құқық қорғау органдары
Мемлекет механизмі түсінігі және сипаты
Қазақстан Республикасының кеден саясаты
Жергілікті атқарушы билік органдары
Ресей Федерациясындағы муниципалды баскарудың дамуы
Пәндер