Тарихи ономастикалық кеңістік (Х-ХІV ғғ. түркі жазба ескерткіштері негізінде)


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 811. 512. 1'373. 2 Қолжазба құқығында

ИМАНБЕРДИЕВА СӘУЛЕ ҚҰРМАНБАЙҚЫЗЫ

Тарихи ономастикалық кеңістік

(Х-ХІV ғғ. түркі жазба ескерткіштері негізінде)

Мамандығы - 10. 02. 06 - түркі тілдері

Филология ғылымдарының докторы ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалды

Ғылыми кеңесшісі:

Ресми оппоненттер:

Жетекші ұйым:

филология ғылымдарының докторы,

профессор Г. Б. Мадиева

филология ғылымдарының докторы,

профессор Е. Ә. Керімбаев

филология ғылымдарының докторы,

профессор В. У. Махпиров

филология ғылымдарының докторы,

профессор Ш. Ш. Жалмаханов

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Диссертация 2010 жылы «9» шілдеде сағат 14. 00-де ҚР БжҒМ ҒК
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жанындағы 10. 02. 06 - түркі тілдері және 10. 02. 02 - қазақ тілі мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын
Д 53. 38. 01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29) .

Диссертациямен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28) .

Автореферат 2010 жылдың «9» маусымында таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, филология

ғылымдарының докторы, профессор Ж. Манкеева


ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі лингвистикада көркем мәтін түзудің маңызды мәселелерінің бірі көркем шығарманың ономастикалық кеңістігін қалыптастыру болып табылады. Осыған орай, көркем мәтін онимдерін зерттеу нысаны ретінде алған еңбектер санының артуы - заңды құбылыс. Жалқы есімдердің көркем мәтін түзудегі қызметін зерттеуде автордың ойын және мәтіндегі ақпаратты жеткізу мақсатында онимдік бірліктерді қолдануда автордың құқығы басты назарда ұсталады.

Көркем мәтін авторларының шығармашылық шеберлігін онимдерді мәтін түзу заңдылығына бейімдеп, олардың мәтін ішіндегі эстетикалық маңыздылығын аша түсуінен, қажетті ақпаратты жеткізуде, әртүрлі қызметте орынды пайдалана алуынан байқаймыз. Сонымен қатар жалқы есімдерді лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлармен байланысты қарастырылатын тілдік құрал ретінде зерттеу онимдердің ерекше мәдени құндылық екендігін таныта түседі.

Поэтикалық ономастика - қазақ тіл білімінде көп зерттелмеген, тың саланың бірі. Осы бағыттағы зерттеулер түркі, соның ішінде қазақ тіл біліміндегі онимдердің құрылымдық таптастырылуын айқындауға; антропонимдердің, топонимдердің шығу тегін зерделеуге, олардың көркем шығармадағы алатын орнын анықтауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты тарихи ескерткіштердегі ономастикалық кеңістікті зерттеу тіл біліміндегі көркем мәтін ономастикасын жаңа қырынан талдап, жалпы көркем шығарма ономастикасымен салыстыра қарастырып, нақты тұжырым жасауда, ерекшеліктерін анықтауда маңызды. Орта ғасырда өмір сүрген философ, ақындар Ж. Баласағұн, Қ. А. Ясауи, А. Йүгінеки, Хорезми шығармалары - қазақ халқының тарихи-мәдени өмірінен ақпарат беретін құнды дүниелер. Олардың тілдік бірліктерді (соның ішінде онимдерді) шеберлікпен қолдануларынан «Құтты білік», «Диуани хикмет», «Ақиқат сыйы», «Мұхаббат-наме» шығармаларын қарастыра отырып, сол кездегі қоғамдық құрылым, мәдени құндылықтарды, қоршаған ортаны, аспан әлемін, өзіндік көзқарастарын т. б. авторлардың танымы арқылы анықтауға болады.

Ж. Баласағұн, Қ. А. Ясауи, А. Йүгінеки, Хорезмидің ономастикалық поэтикасының көркемдік ерекшелігін ашу ақынның көркем-бейнелік ойлау қабілетін толық анықтау, оның адамзаттың дамуына, көркеюіне қосқан құнды үлесін айқындау дегенді білдіреді.

Жоғарыда айтылғандар түркітануда, соның ішінде қазақ тіл білімінде поэтикалық ономастиканы кешенді ғылыми зерттеуді қажет ететін жеке сала ретінде қалыптастыру қажеттілігін айқындайды. Сонымен қатар орта ғасыр, тарихи поэтикалық шығармалардың ономастикалық кеңістігі қазақ тіл білімінде кешенді зерттеу нысаны болған емес. Бұл жайттар диссертациялық жұмыс тақырыбының өзектілігін айғақтай түседі.

Зерттеу нысаны. Жұмыстың міндеттерін шешу мақсатында зерттеуге «Құтты білік», «Диуани хикмет», «Ақиқат сыйы», «Мұхаббат-наме» шығармаларындағы онимдік бірліктер алынды, құрамында онимдік бірліктер кездесетін лексика-фразеологиялық бірліктер, мақал-мәтелдер, қазіргі ақын-жазушылардың шығармаларындағы онимдік бірліктердің қолданыстары, жалпы саны 3 мыңнан асатын тілдік материал жинақталды.

Зерттеу пәні ретінде тарихи ескерткіштердегі онимдік бірліктердің лексика-семантикалық, құрылымдық түрлері, олардың мәтін ішіндегі қызметі, прецедентті есімдердің қолданысы, қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі қарастырылды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты - орта ғасыр поэтикалық ескерткіштеріндегі ономастикалық кеңістікті анықтау, соның ішінде онимдердің мәтін ішіндегі қызметін анықтау, олардың автордың шығарма идеясын жеткізудегі мәнін ашу, шығарма кейіпкері, кеңістік-мезгілдік қатынасты қалыптастырудағы рөлін айқындау. Бұл мақсатты орындауда шешілетін міндеттер топтамасы:

Міндеттердің бірінші топтамасы поэтонимдерді зерттеуге арналған еңбектерге бағытталған:

  • поэтонимдердің зерттелу бағыттарына ғылыми-анықтамалық шолу жүргізу;
  • тарихи жазба ескерткіштердің қалыптасуына ықпал еткен тарихи экстралингвистикалық факторларды айқындау;
  • тарихи ескерткіштердің зерттелуіне шолу жасау.

Міндеттердің екінші топтамасы тарихи ескерткіштердегі ономастикалық кеңістікті талдауға бағытталған:

  • тарихи ескерткіштердің ономастикалық кеңістігінің мазмұнын өзектік-шектік қатынас негізінде анықтау және оның құрылымдық типтерін ашу;
  • ескерткіштер онимдерінің лексика-семантикалық және атау түзу модельдерін айқындау.

Міндеттердің үшінші топтамасы тарихи ескерткіштер онимдерінің функционалды-прагматикалық аспектісіне бағытталған:

  • көркем мәтіндегі жалқы есімдердің тура және қосымша қызметтерін айқындау;
  • мәтін түзудегі автор қолданысындағы онимдердің уәжділік, ақпараттық негіздерін анықтау;
  • тарихи ескерткіштердегі прецедентті есімдердің табиғатын, мәтін ішіндегі қызметін ашу.

Міндеттердің төртінші топтамасы онимдердің тарихи ескерткіштердегі және қазіргі тілдегі қолданысындағы сабақтастықты зерделеуге бағытталған:

  • тарихи ескерткіштердегі онимдердің қазіргі қазақ тіліндегі қолданысын анықтау;
  • «Жаратушы» концептісінің құрылымдық түрлерін талдау және ғылыми зерттеулер негізінде «концепт» терминіне анықтама беру;
  • «Жаратушы» концептісінің лингвокогнитивтік құрылымын айқындау.

Зерттеу материалдары ретінде «Құтты білік» (Ж. Баласағұн), «Диуани хикмет» (Қ. А. Ясауи), «Ақиқат сыйы» (А. Йүгінеки), «Мұхаббат-наме» (Хорезми) түркі тарихи жазба ескерткіштерінің бірнеше нұсқалары, қазақ тілінің көп томдық түсіндірме сөздігі, Бабалар сөзі (Алматы, 1-100 томдары), Қазақстан энциклопедиясы (Алматы, 1-10 томдары), Фразеологиялық сөздік (І. Кеңесбаев. Алматы, 2007), мақал-мәтелдерден және қазіргі поэтикалық шығармалардан алынған тілдік деректер пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы - диссертациялық зерттеудің тарихи поэтонимдерді кешенді түрде талдаудың алғашқы тәжірибесі. Ескерткіштердің ономастикалық кеңістігі өзектік-шектік қатынастан тұратын түрлерінен құралғандығы анықталды. Қазіргі кезде адамның қызметіне қатысты жиі қолданылатын онимдер (эргоним, урбаноним т. б. ) тарихи ескерткіштерде қолданылмаған. Диссертацияда топонимдер арқылы берілген кеңістік бейнесін бірегейлендіруде шығармада анық көрініс тапқан мынадай критерийлер тірек ретінде ескерілді: жиі қолданысы, онимнің мәтіндегі алатын рөлі, яғни синергетикасы; поэтонимдік ақпарат (автордың өмірбаяны, мәтіннің жазылған жері т. б. ) . Онимдердің жасалу ерекшеліктерін анықтау барысында «аппроксимация» термині екіншілік атау жасаудың тәсілі ретінде ұсынылып, ұқсастық бойынша атау ретінде ең алдымен белгілеудің мүшелік сипаттау құралдары арқылы жасалатыны, бұл синтаксистік құрылымға тән екені дәлелденді. Шығарманың ономастикалық кеңістігінде әртүрлі қызмет атқару үшін қолданылған прецеденттi есімдердің шығу тегi аясына қарай әртүрлі болып келетіні мысалдар негізінде дәйектелді . Мәтін дискурсындағы прецедентті есімдердің семантикалық предикат жағдайындағы құрылымдары анықталды. Тарихи ескерткіштерде төрт ғасыр бойы идеологиялық мақсатта санаға ықпал ету үшін прецедентті есімдерді белсенді түрде қолдану - автордың оқырманмен ұжымдық тығыз қарым-қатынас жасауға талпынуымен байланысты екені айқындалды. Когнитивтік лингвистикада қалыптасқан «концепт» терминіне қатысты анықтамаларды қарастыра отырып, материалды зерттеу негізінде «концепт» терминіне анықтама берілді. Тұңғыш рет теонимдік бірлік концепт тұрғысынан талданып, құрылымдық типтері айқындалып, ассоциативтік эксперимент негізінде лингвоконцептуалдық көрінісі зерделенді.

Зерттеу әдістері . Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты диахронды-синхрондық сипаттама, шығарма онимдерінің өзектік-шектік қатынасынан тұратын ономастикалық кеңістікті анықтауда маңызды болып табылатын интерпретация әдісі, талдау мен жинақтау, тұжырымдау, ономастикалық кеңістікті талдау үшін дескриптік әдіс, концептуалдық талдау, жиі қолданылатын онимдік бірліктерді анықтау үшін сауалнама, ассоциативтік-эксперимент әдістері, мәтінді талдау мен онимдік бірлік санын анықтау тәсілдері пайдаланылды.

Зерттеудің теориялық маңызы. Зерттеудің тұжырымдары, алынған нәтижелері көркем мәтін ономастикасын зерттеудің болашақ бағытын анықтауда ерекше маңызды. Диссертацияда қарастырылған өзектік-шектік қатынасты құрайтын оним түрлерінен қалыптасқан тарихи поэтикалық ономастикалық кеңістікті айқындау принципі ғылыми теориялық еңбектерге бағыт бола алады. Жұмыста берілген прецедентті есім, тарихи онимдердің қолданыс жиілігі, автор есімдерінің қолданыс сөздігі әртүрлі ономастикалық сөздіктер түзуде негіз бола алады, сонымен бірге зерттеу барысында талдау жасалған тілдік деректерді қазақ тілінің лексикографиялық теориясына, фразеологиялық, ассоциативтік сөздіктерін құрастыруда пайдалануға болады. Алғаш рет теонимнің концепт ретінде қарастырылуы оним түрлерін жаңа қырынан талдауға алғышарт болады. Тарихи ескерткіштердегі прецедентті есімдер табиғатының анықталуы осы бағыттағы зерттеулерге өзіндік үлес бола алады.

Зерттеудің практикалық мәні. Алынған нәтижелерді этнос тарихын, этникалық дүниетанымды тіл арқылы тануға арналған дәрістерде, жоғары оқу курстары және ономастика теориясы, түркітану, когнитивтік лингвистика, мәдениаралық қатынас, лингвоелтану арнайы курстарында, ономастика бойынша бағдарлама, оқу құралдары мен оқулықтар даярлауда, қазақ тілінің түсіндірме сөздігін құрастыруда қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

1. Тарихи жағдаят идеологиялық, саяси мәндегі құнды ескерткіштердің «дүниеге келуіне» себеп болған. Саяси мәнде жазылған «Құтты білік», «Мұхаббат-наме», «Ақиқат сыйы» ескерткіштерінде осы шығармалар арналған тұлғалардың - сол кездегі билік басындағылардың есімдері берілген, ал сопылық ілімді таратуды көздеген «Диуани хикмет» ескерткішінің авторы оны мақсат етпеген. Аталған соңғы ескерткіште билік басындағы тарихи тұлғалар туралы ақпарат берілмеген, яғни осыған қатысты антропонимдер ономастикалық кеңістікте орын алмаған. Бұл жайт шығарманың жанр ерекшелігін анықтауда қосымша рөл атқарады. Көркем шығарма ономастикасына қатысты зерттеулерде негізінен мына мәселелерге аса назар аударылған: а) басты кейіпкер және шығарма ішіндегі басқа да тұлғалар есімдерінің уәжділігі мен жасалу тәсілдерін қарастыру; ә) «тірек сөз» (шығарма атауы немесе тарау атауы) ұғымына қатысты айырым белгілерін анықтау; б) көркем мәтіндегі «сөйлейтін» есімдердің стилистикалық экспрессиясын ашу; в) жалпы және мәтін ішіндегі онимдік бірліктердің атқаратын қызметін айқындау т. б.

2. Тарихи ескерткіштердегі өзектік-шектік қатынасты құрайтын онимдік бірліктерден тұратын ономастикалық кеңістікте мынадай оним түрлері анықталды: антропоним, топоним, теоним, ороним, гидроним, библионим, фитоним, зооним, этноним, космоним, хрематоним, яғни тарихи ескерткіштерде қазіргі кезде ономастикалық зерттеу нысанына айналған адам қызметіне қатысты оним түрлері (эргоним, урбоним, ойкодомоним, т. б. ) қолданылмаған. Дегенмен ескерткіштердегі ономастикалық кеңістікті құрайтын оним түрлері сол кезде нақты термин түрінде қолданылмағанымен, бұл құбылыстың кездесетіндігі айқын көрінеді.

3. Ортағасыр ескерткіштерде антропонимдердің 40%-ы - мұсылман қауымға сол кездің өзінде кеңінен таралған ислам дінін уағыздаған шайық есімдері, екіншісі − шығарма кейіпкерлерінің есімі, үшінші топ − халиф, пайғамбарлар, олардың жақындарының ныспылары. Автор шығармада адресанттардың аялық біліміне сүйене отырып, кейбір антропонимдерді сөзжұмбақ түрінде берген, бұл сол кездің өзінде көрсетілген онимдердің кеңінен таралғанынан ақпарат береді.

4. Ескерткіштегі онимдер мәтінде ең басты атау, адрестік қызметімен қоса бірегейлендіру мен әлеуметтендіру құралы болған. Сонымен бірге саяси мәнде немесе сопылық ілімді тарату мақсатында қолданылған онимдер ықпал етуші, экспрессивтік және мәтінтүзушілік қызметтер де атқарған. Мәтін ішінде тарихи онимдер шығарманың мезгілі мен кеңістігін ұйымдастыратын өзіндік үйлестіруші, яғни хронотоп қызметін атқарған. Хронотоп құбылысы «Диуани хикмет» ескерткішінде басқа ескерткіштерге қарағанда ерекше көрінеді. Басты кейіпкер - автордың сопылық ілімді таратуда жерүсті ( Түркістан ) және жерасты (пейіш, дозақ, сират) кеңістігінде әр мезгілде ( тоғыз, он жеті, отыз, алпыс екі, алпыс үш жас) зікір салу қозғалысы арқылы мезгіл мен кеңістікті байланыстырып, шығарма хронотопын анықтаған.

5. Тарихи онимдер ақпарат беретін мәдени код болып табылады: біріншіден, сол кезде ұстанған дін - ислам екендігін аңғартады; екіншіден, төрт ғасыр ішінде ескерткіштерде әртүрлі автордың қолданысы негізінде қазіргі кезде прецедентті есімге айналған жалқы есімдер сол кездің өзінде ықпал етуші синергетикасы зор бірлік ретінде қалыптасқан; үшіншіден, ескерткіш авторларының аялық білімі негізінде сол кездегі зиялы қауым үшін білім ошақтарының кеңістігі үлкен; төртіншіден, библионимдер шығармалардың жазылу мақсатын аңғартады: «Құтты білік» - патшаларға арналған, «Мұхаббат-наме» - Аллаға деген махаббат адамға деген махаббаттан басым т. б. ; бесіншіден, ескерткіштердегі онимнің түрлері адамға қатысты ақиқат өмір мен бейақиқат өмірдің байланысы суреттелетін санада қалыптасқан танымнан ақпарат береді.

6. «Жаратушы» концептісінің құрылымдық типтеріне қатысты фреймнің қалыптасуына 1) Х рақым етеді А-ға ; 2) Х тірілтеді (жан береді) А-ны (-ға) ; 3) Х сұрақ-жауап алады А-дан ; 4) Х ақыл, сана береді А-ға ; 5) А құлшылық етеді Х-қа т. б. субфреймдер себеп болған. Орта ғасыр ескерткіштері мен Кеңес өкіметі орнағанға дейінгі, тіптен Кеңес өкіметі тұсындағы ақын-жазушылардың шығармаларынан «Жаратушы» концептісіне байланысты көп ұқсастық анықталды. Адам тарапынан пассивтілік, бойұсынғандық, «өзі қадағалай алмайтындық» тілдік деңгейде «бәрін көруші» субъектінің көрініс беретінін айқындауға септігін тигізді. Жаратушы концептісінің инварианттық сипаты зайырлы және діни дискурста мейірімді және мінсіз, адамды жаратушы, бәрін көруші, қорғаушы ретінде суреттеледі.

Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Жұмыстың негізгі тұжырымдары республикалық және шетелдік ғылыми басылымдарда 40-тан аса мақала түрінде жарық көріп, отандық және халықаралық конференцияларда, симпозиумда баяндалды. Олар: «Имя. Социум. Культура» ІІ Байкал халықаралық ономастикалық конференциясы (Улан-Удэ, 2008) ; «Русский язык и литература в международном образовательном пространстве: современное состояние и перспективы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция (Гранада, 2007) ; «Родной язык: проблемы теории и практики преподавания» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция (Борисоглебск, 2009) ; «Русский язык в социально-культурном пространстве ХХІ века» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция (Алматы, 2001) ; «Тіл және мәдениет: қызметі мен өзара қарым-қатынасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция (Шымкент, 2003) ; «С. Аманжолов және қазіргі қазақ филологиясының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция (Алматы, 2004) ; «Академик Ә. Қайдар және қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция (Алматы, 2004) ; «Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция (Астана, 2004) ; «Түркітану мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция (Алматы, 2005) ; «Қазақ және түрік халықтарына ортақ мәдени құндылықтары» атты симпозиум (Алматы, 2007) ; «Қазақ тілінің лексикология, лексикография, фольклортану мен көркем аударма мәселелері: қалыптасуы, дамуы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция (Алматы, 2007) ; «Филология: вчера, сегодня, завтра» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция (Павлодар, 2008) . Сонымен бірге зерттеудің жеке нәтижелері «Қала ономастикасының кейбір мәселелері» атты монографияда, «Ономастика: зерттеу мәселелері» атты (бірлескен автор) кітап, «Ономастикалық анықтағыш» атты (бірлескен автор) нұсқаулықта, «Алматы қаласының ономастикалық атауларының көрсеткіш-анықтамалығы» атты (бірлескен автор) нұсқаулықта, бірнеше аймақтық топонимдік сөздіктерде (құрастыраушылардың бірі) пайдаланылды. Жұмыстың негізгі нәтижелері мен мазмұны бойынша А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Лингвистикалық жұма» атты ғылыми-әдістемелік семинарында (Алматы, маусым, 2009) баяндама жасалды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, бес тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың соңында алты қосымша берілді.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Диссертацияның кіріспесінде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, мақсаты мен міндеттері белгіленді, зерттеудің нысаны, пәні айқындалды және ғылыми жаңалығы, зерттеу әдістері, теориялық құндылығы мен практикалық маңызы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, зерттеу нәтижелерінің жариялануы мен талқылануы көрсетілді.

«Ескерткіштер зерттелуінің теориялық негіздері» атты бірінші тараудың «Көркем шығармалардағы онимдер» атты тараушасында жеке автор стилін немесе бір шығарма ішіндегі жалқы есімдерді зерттеу топтастырылған ономастикалық құралдарды толық талдаудан басталатыны жөнінде сөз болады. Антропонимдер, топонимдер көркем мәтін ономастикалық кеңістігінің өзегін құрайды, сонымен қатар олар ономастикалық кеңістіктің шектік кеңістігін құрайтын, мәтін ішінде талдауды қажет ететін басқа да ономастикалық атаудың мәтін ішіндегі құралдармен тығыз байланысты болатыны анықталды.

Онимдердің көркем мәтінді байытуда маңызы зор десек, сонымен бірге онимдерді байытуда көркем мәтіннің де маңызы орасан. Халық антропонимиясын тануда әсіресе фольклордың орны аса ерекше. Ондағы кейіпкерлердің есімдері мен образдары бүгінгі ұрпақтарға жетіп, өмірде, күнделікті тұрмыста қазірге дейін кеңінен қолданылып келеді.

Көркем шығармадағы онимдер жанр түріне қарай әртүрлі болып келеді. Оларды ойдан шығарылған кейіпкерлер, тарихи тұлғалар, прототипі бар есімдер деп бөлуге болады. Көркем шығармада ономастикалық лексика ерекше орын алады. Әр жазушы оны ерекше көзге түсетін, стильдік экспрессивті құрал, стильдің ерекше көрсеткіші ретінде қолданады.

Көркем шығармалардағы онимдердің зерттелуі. Қазақ ономастикасында көркем шығармадағы онимдер мәселесіне көп уақыттан бері назар аударылып келеді. Поэтонимдер көптеген еңбектердің зерттеу нысанына айналған. Мәселен, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастанындағы онимдерді қарастыруда үш мәселе көтеріледі: 1) поэманың «дүниеге келу» дәуірі; 2) таралу географиясы; 3) оларды жалпы түркі ономастикасының тарихи даму кезеңдері мен тілдік ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру (Ә. Қайдаров,
А. Мұқатаева), М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы онимдерге толық талдау жүргізіліп (Т. Жанұзақ), көне тарихи ескерткіштердегі онимдік бірліктер зерттелген (В. У. Махпиров) . Сондай-ақ «Абай жолы» эпопеясының тілі арнайы зерттеліп, ономастикалық материалдары анықталып, ондағы тікелей кейіпкерлерге статистикалық талдау жүргізілген (Е. Жанпейісов),
Ш. Уәлихановтың «Манас» қырғыз эпосын талдауы жөнінде мысал келтіріліп, қазақ халқының эпикалық жырларының бірі «Қобыланды батыр» ономастикасы қарастырылған (А. Жұбанова, Е. Жұбанов) . Сонымен бірге жалқы есімдердің қызметі (К. З. Жаппар), прозадағы түркі тіліндегі топонимдер (Г. Оразғалиева), жалқы есімдердің құрамы мен лингвостилистикалық қызметі (Д. М. Керімбаев), эпопея онимдерінің лексика-семантикалық, құрылымдық сипаты (К. Еспаева), топонимдер мен этнонимдердің таралу ареалы анықталып (С. Сәкенов), орыс тіліндегі шығармалардағы онимдердің қазақ тілінде берілуі (Г. Е. Исабекова), басты кейіпкер есімдерінің уәжі мен стильдік қызметі (С. У. Тәукеев) анықталған.

Көркем мәтін ономастикасы бойынша көптеген мақалалар мен еңбектердің жарық көруі оларды зерттеу заңдылықтары мен жаңа бағыттарын ашуға және зерттеу бойынша теориялық концепциялар жасауға мүмкіндік береді.

X-XIV ғғ. түркі тарихи жазба поэтикалық ескерткіштеріне тарихи анықтама. А. В. Суперанская: «Әр дәуірдің өзіндік фактілері мен шындық болмысы бар, олармен кейіпкерлердің сөздері мен есімдері, әдеби шығарманың мәтіні байланысты болады. Аталмыш фактілер авторлардың замандас оқырмандарына белгілі, бірақ олар дәуір өзгеруіне, жаңа ұрпақ келуіне байланысты ұмытылады. Сондықтан шығарманы дұрыс қабылдау үшін сол кезеңге байланысты экстралингвистикалық факторларды анықтау керек» [1], - деп атап көрсеткен.

Демек, «Құтты білік», «Диуани хикмет», «Ақиқат сыйы», «Мұхаббат-наме» шығармаларын дұрыс қабылдап оқып, онимдерін анықтау үшін тарихи жағдайларды сараптау қажет.

«Құтты білік» - түркілердің саяси, рухани, өмірлік құндылықтарының өтпелі кезеңді басынан кешіріп отырған кезінде «дүниеге келген» шығарма, Өгдүлміш пен Одғұрмыштың пікірсайысынан біз екі дін - ислам мен будданың түркі жерінде орнығу сипатын аңғарамыз, сонымен бірге автор түркілердің рухы мен қуатының әлсіреуіне және де «осы әлемнен қашыратын, әлемде болып жатқан оқиғаларға бейқам қарататын» діннің таралуына деген қаупін білдірген. Бұл ескерткіш - моралдық құндылықтарға көңіл бөліп, жалпыадами сипатты жоғалтпауға шақыратын шығарма.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тіліндегі sona сөзін монғ
Орхон - Енисей ескерткіштеріндегі ономастикалық кеңістік
Рабғұзидің Адам ата - Хауа ана қиссасындағы ономастикалық атаулар
ҮІІ-ІХ ғғ. түркі жазба ескерткіштері тілін зерттеу нәтижелері - көне түркілер тілін антропоөзектік бағытта зерттеудің базалық негізі
Қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындау
Ортағасырлық Отырар: тарихи-археологиялық деректер негізінде
Ортағасырлар дәуірі кезеңіндегі Арыс өзені бойындағы қалалық мәдениеттердің дамуы мен генезисі
Түркі жазуларының зерттеу барысы
Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы – Қазақстанның ортағасырлық қалаларын зерттеудің жаңа кезеңі
Топонимдер сөздігі немесе топонимдер тізбегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz