Ұжымдық еңбек шарты


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ШАРТЫ

ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ШАРТЫҚызметкерлердің әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін қамтамасыз ету, кәсіпорынның қызметіне тиімді жағдай жасау мақсатында жұмыс берушілер атынанДәрібаев Марат Болатбекұлыжәне қызметкерлер мен кәсіподақ комитетінің (бастама тобы) атынанОразбаев Азат Маратұлыөзара бірлесіп, осы Ұжымдық еңбек шартын жасасты.1. Жалпы ережелер1. 1. Шартқа қол қойған жақтар негізгі, облыстық, салалық (тарифтік) келісімдерге сәйкес міндеттемелерді өз мойнына алады.1. 2. Ұжымдық шарт қол қойылған сәттен бастап үш жылға дейін заңды болып табылады.1. 3. Ұжымдық шарт осы уақытта жұмыс істеп жүрген барлық қызметкерлерге, сонымен бірге жаңадан қабылданған қызметкерлерге де қатысты болады.1. 4. Ұжымдық шартқа енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар екі жақтың келісімімен жүргізіледі.1. 5. Ұжымдық шарттың орындалуын бақылау тоқсан сайын жүзеге асырылады.2. Еңбекақы төлеу2. 1. Жұмыс беруші кепілдендірілген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмайтын айлық жалақы төлеуге міндеттенеді.2. 2. Жалақының мөлшері осы Шартқа қосымша болып табылатын және жұмыс беруші кәсіподақпен бірлесе отырып әзірлеген еңбекақы туралы ережеге сәйкесанықталады.2. 3. Жалақы әрбір айдың23күні төленеді.2. 4. Қызметкерлерге осы Шартқа қосымша болып табылатын және жұмыс беруші кәсіподақпен бірлесе отырып әзірлеген еңбекақы туралы ережеге сәйкес, жұмыстың қорытындылары бойынша сыйақы төленеді.2. 5. Кәсіподақпен келісе отырып, тоқсан сайын тиімді түрде еңбек еткені үшін қызметкерлерге тоқсандық сыйақы төленеді.2. 6. Кәсіподақпен келісе отырып, жыл қорытындылары бойынша қызметкерлерге 13-інші айлық жалақы төленеді.2. 7. Жаңа өндірісті (технологияны, өнімді) игеру кезеңінде қызметкерге бұрынғы орташа жалақысы деңгейінде қосымша төлем жүргізеді. Қосымша ақыны төлеу мерзімі екі айдан аспау керек.2. 8. Жұмыс беруші жалақыға қосылатын үстемеақы мен қосымша ақылардың төмендегідей түрлерін белгілейді:- кәсіби шеберлігі үшін 60 мың теңге;- бір-бірімен байланысты кәсіптерді игергені үшін 50 мың теңге;- зиянды және қиын еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін 80 мың теңге;- ұзақ іссапарлар үшін 100 мың теңге.2. 9. Кәсіпорын қызметі тоқтап тұрған жағдайда жұмыс беруші қызметкерлердің жалақысы бойынша берешектерді жабатын қаражаттар іздеуге міндетті.2. 10. Жалақыны 1 айдан көп уақытқа кешіктерілген жағдайда жұмыс беруші қызметкерлерге берешек соманың 0, 1% мөлшерінде өсімақы төлеуге, сонымен бірге көлік шығындарын, балаларды мектепке дейінгі және мектепте ұстау, денсаулық сақтау қызметтеріне байланысты төлемдерді төлеуге міндетті.3. Еңбекті ұйымдастыру және қорғау3. 1. Жұмыс беруші мен қызметкерлер осы Ұжымдық шартқа тіркелген қосымшада белгіленген еңбек тәртібін қатаң сақтауға міндетті.3. 2. Жұмыс берушінің міндеттері:- қызметкерлерді бір күнтізбелік күн ішінде12сағаттан артық мерзімінен тыс жұмысқа тартпау;- осы Ұжымдық шартқа қосымша болып табылатын және кәсіподақпен бірлесе отырып әзірлеген жоспарға сәйкес, қызметкерлерді қажетті жағдайлармен және еңбегін қорғаумен қамтамасыз ету шараларын жүргізу;- осы Шартқа қосымша болып табылатын және кәсіподақпен бірлесе отырып әзірлеген тізім бойынша денсаулыққа зиянды жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлерге қосымша жеңілдіктер жасау (қосымша демалыс, демалу үшін қосымша үзілістер, арнайы тамақ) ;- қызметкерлерді жұмыстың ке+з келген ауысымында (смена) ыстық тамақпен қамтамасыз ету. Цехтарда және басқа да құрылымдық бөлімшелерде жұмыс уақытында тамақ істеп ішуге жағдай жасау.3. 3. Еңбек және демалыс тәртібі:- күндізгі ауысым - сағат 08. 00-ден сағат (10. 00-ге) дейін, түскі үзіліс уақыты (13. 00-ден) сағат (14. 00-ге) дейін .- кешкі ауысым - сағат (18. 00-ден) сағат(19. 00-ге) дейін, түскі үзіліс уақыты (13. 00-ден) сағат (14. 00-ге) дейін.4. Жұмыспен қамтуНегізгі себептерге байланысты штат кестесінің қысқаруы қажет болған жағдайда Жұмыс беруші кәсіподақпен кеңесе отырып, оның жағымсыз зардабын жеңілдету мақсатында мына шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге міндетті:- жұмысшы саны немесе штат қысқартылған жағдайда қызметкерлерге жұмыста қалуға басым құқық беру:а) кәсіпорында 15 жылдан (еркектер) және 10 жылдан (әйелдер) артық қызмет істеген қызметкерлер;б) толық емес отбасыларында бала тәрбиелеп отырған қызметкерлер;- жұмыстан босатылатын қызметкерлерге кәсіпорын есебінен, кәсіпорында бар бос орын бойынша білім алуға мүмкіндік жасау;- зейнетке шығуына байланысты бірінші рет жұмыстан шығарылатын зейнеткерлерге және кәсіпорында 25 жыл (еркектер) және 20 жыл (әйелдер) еңбек еткен қызметкерлерге кәсіпорын қаражаты есебінен орташа бес жалақы сомасында жәрдемақы төленеді.5. Әлеуметтік еңбек кепілдіктері5. 1. Қызметкерлерге ақылы қосымша демалыс беру:№1 цех үшін - 3 жылдан артық үзіліссіз еңбек өтілі бар қызметкерлерге - 3 күн;5 жылдан артық үзіліссіз еңбек өтілі бар қызметкерлерге - 5 күн;10 жылдан артық үзіліссіз еңбек өтілі бар қызметкерлерге - 10 күн.№ 2 цех үшін - 3 жылдан артық үзіліссіз еңбек өтілі бар қызметкерлерге - 5 күн;5 жылдан артық үзіліссіз еңбек өтілі бар қызметкерлерге әрбір жұмыс істеген жылы үшін 3 күн қосылады, бірақ ол 21 күннен аспау керек.5. 2. Балалы болған қызметкерлерге ақылы қосымша 5 жұмыс күні немерелі болғанда - 2 жұмыс күні; жақын туысқаны қайтыс болғанда (анасы, әкесі, жұбайы, балалары, туған ағалары, әпкелері, әжелері, аталары) - 3 күн демалыс беріледі.5. 3. Бастауыш мектептерде (1-4-сынып) оқитын балалары бар әйелдерге әрбір оқу жылының бірінші күнінде ақылы қосымша демалыс күні беріледі.5. 4. Қалалық көліктегі жолақы құнының өсуіне байланысты қызметкерлерге жолақы құнының мөлшерінде өтемақы төленеді.5. 5. Кәсіпорында 20 (әйелдер) және 25 жылдан (еркектер) артық қызмет істеген мерейтой иелеріне (50, 75 жас) кәсіпорын қаражаты есебінен100мыңсома мөлшерінде құнды сыйлықтар жасалады.5. 6. Өндірісте еңбек жарақатын алған қызметкерлерге мына мөлшерде бір жолғы жәрдемақы төленеді:- өндірістегі сәтсіз жағдайға байланысты немесе кәсіби аурудан қайтыс болған қызметкерлерге он есе жылдық жалақысы беріледі;- еңбек жарақатынан немесе кәсіби аурудан бірінші және екінші топтағы мүгедек болып қалған жағдайда қызметкерге бес есе жылдық жалақысы төленеді;- еңбек жарақатынан немесе кәсіби аурудан үшінші топтағы мүгедек болып қалған жағдайда қызметкерге екі есе жылдық жалақысы төленеді;- мүгедектігі белгіленбеген, бірақ еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан қызметкерлерге оның бір жылдық жалақысы төленеді.5. 7. Қызметкер қайтыс болған жағдайда оны жерлеуге байланысты200мыңсома мөлшерінде шығындарды кәсіпорын көтереді.5. 8. Осы Ұжымдық шартқа қоса тіркелген қосымша болып табылатын тәртіпке сәйкес, баспанаға мұқтаж қызметкерлерге үй салуға немесе сатып алуға несие және жәрдемақы беру.5. 9. Тоқсан сайын кәсіподақтың есепшотына кәсіпорынның мәдени-бұқаралық және спорттық шаралар өткізуі үшін200 мыңсома мөлшерінде ақша аударылады.6. Кәсіподақ қызметінің кепілдіктері6. 1. Жұмыс берушінің міндеттері:- кәсіподақ комитетіне кәсіпорынның қызметі туралы ақпарат беру;- кәсіподаққа жұмыс істеу үшін телефоны бар үй-жай беру;- негізгі қызметінен босамаған кәсіподақ мүшесіне қоғамдық міндеттерді орындау үшін кәсіподақпен келісілген мерзімде ақылы бос уақыт беру;- кәсіподаққа жұмыс уақытында кәсіподақ мүшелерінің жиналысын өткізуге рұқсат беру (бірақ ол бірінші ауысымның жұмысы аяқталғанға дейінгі бір сағат ішінде өткізілуге тиіс) . Келісілген мерзімде жиналыс өткізу үшін мәжіліс залын босатып беру.- кәсіподақтың есепшотына бас бухгалтердің атына жазбаша түрде кәсіподақ комитеті берген тізім бойынша кәсіподақ мүшелерінің жарналарын аудару.Жұмыс беруші атынанДәрібаев Марат БолатбекұлыҚызметкер атынанОразбаев Азат МаратұлыАстана қ. 07. 11. 2013ж.:

ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ШАРТЫ


Қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін қамтамасыз ету, кәсіпорынның қызметіне тиімді жағдай жасау мақсатында жұмыс берушілер атынан Дәрібаев Марат Болатбекұлы және қызметкерлер мен кәсіподақ комитетінің (бастама тобы) атынан Оразбаев Азат Маратұлы өзара бірлесіп, осы Ұжымдық еңбек шартын жасасты.

1. Жалпы ережелер
1. 1. Шартқа қол қойған жақтар негізгі, облыстық, салалық (тарифтік) келісімдерге сәйкес міндеттемелерді өз мойнына алады.
1. 2. Ұжымдық шарт қол қойылған сәттен бастап үш жылға дейін заңды болып табылады.
1. 3. Ұжымдық шарт осы уақытта жұмыс істеп жүрген барлық қызметкерлерге, сонымен бірге жаңадан қабылданған қызметкерлерге де қатысты болады.
1. 4. Ұжымдық шартқа енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар екі жақтың келісімімен жүргізіледі.
1. 5. Ұжымдық шарттың орындалуын бақылау тоқсан сайын жүзеге асырылады.

2. Еңбекақы төлеу
2. 1. Жұмыс беруші кепілдендірілген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмайтын айлық жалақы төлеуге міндеттенеді.
2. 2. Жалақының мөлшері осы Шартқа қосымша болып табылатын және жұмыс беруші кәсіподақпен бірлесе отырып әзірлеген еңбекақы туралы ережеге сәйкесанықталады.
2. 3. Жалақы әрбір айдың 23 күні төленеді.
2. 4. Қызметкерлерге осы Шартқа қосымша болып табылатын және жұмыс беруші кәсіподақпен бірлесе отырып әзірлеген еңбекақы туралы ережеге сәйкес, жұмыстың қорытындылары бойынша сыйақы төленеді.
2. 5. Кәсіподақпен келісе отырып, тоқсан сайын тиімді түрде еңбек еткені үшін қызметкерлерге тоқсандық сыйақы төленеді.
2. 6. Кәсіподақпен келісе отырып, жыл қорытындылары бойынша қызметкерлерге 13-інші айлық жалақы төленеді.
2. 7. Жаңа өндірісті (технологияны, өнімді) игеру кезеңінде қызметкерге бұрынғы орташа жалақысы деңгейінде қосымша төлем жүргізеді. Қосымша ақыны төлеу мерзімі екі айдан аспау керек.
2. 8. Жұмыс беруші жалақыға қосылатын үстемеақы мен қосымша ақылардың төмендегідей түрлерін белгілейді:
- кәсіби шеберлігі үшін 60 мың теңге;
- бір-бірімен байланысты кәсіптерді игергені үшін 50 мың теңге;
- зиянды және қиын еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін 80 мың теңге;
- ұзақ іссапарлар үшін 100 мың теңге.
2. 9. Кәсіпорын қызметі тоқтап тұрған жағдайда жұмыс беруші қызметкерлердің жалақысы бойынша берешектерді жабатын қаражаттар іздеуге міндетті.
2. 10. Жалақыны 1 айдан көп уақытқа кешіктерілген жағдайда жұмыс беруші қызметкерлерге берешек соманың 0, 1% мөлшерінде өсімақы төлеуге, сонымен бірге көлік шығындарын, балаларды мектепке дейінгі және мектепте ұстау, денсаулық сақтау қызметтеріне байланысты төлемдерді төлеуге міндетті.

3. Еңбекті ұйымдастыру және қорғау
3. 1. Жұмыс беруші мен қызметкерлер осы Ұжымдық шартқа тіркелген қосымшада белгіленген еңбек тәртібін қатаң сақтауға міндетті.
3. 2. Жұмыс берушінің міндеттері:
- қызметкерлерді бір күнтізбелік күн ішінде 12 сағаттан артық мерзімінен тыс жұмысқа тартпау;
- осы Ұжымдық шартқа қосымша болып табылатын және кәсіподақпен бірлесе отырып әзірлеген жоспарға сәйкес, қызметкерлерді қажетті жағдайлармен және еңбегін қорғаумен қамтамасыз ету шараларын жүргізу;
- осы Шартқа қосымша болып табылатын және кәсіподақпен бірлесе отырып әзірлеген тізім бойынша денсаулыққа зиянды жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлерге қосымша жеңілдіктер жасау (қосымша демалыс, демалу үшін қосымша үзілістер, арнайы тамақ) ;
- қызметкерлерді жұмыстың ке+з келген ауысымында (смена) ыстық тамақпен қамтамасыз ету. Цехтарда және басқа да құрылымдық бөлімшелерде жұмыс уақытында тамақ істеп ішуге жағдай жасау.
3. 3. Еңбек және демалыс тәртібі:
- күндізгі ауысым - сағат 08. 00-ден сағат (10. 00-ге) дейін, түскі үзіліс уақыты (13. 00-ден) сағат (14. 00-ге) дейін .
- кешкі ауысым - сағат (18. 00-ден) сағат ( 19. 00-ге) дейін, түскі үзіліс уақыты (13. 00-ден) сағат (14. 00-ге) дейін.


4. Жұмыспен қамту
Негізгі себептерге байланысты штат кестесінің қысқаруы қажет болған жағдайда Жұмыс беруші кәсіподақпен кеңесе отырып, оның жағымсыз зардабын жеңілдету мақсатында мына шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге міндетті:
- жұмысшы саны немесе штат қысқартылған жағдайда қызметкерлерге жұмыста қалуға басым құқық беру:
а) кәсіпорында 15 жылдан (еркектер) және 10 жылдан (әйелдер) артық қызмет істеген қызметкерлер;
б) толық емес отбасыларында бала тәрбиелеп отырған қызметкерлер;
- жұмыстан босатылатын қызметкерлерге кәсіпорын есебінен, кәсіпорында бар бос орын бойынша білім алуға мүмкіндік жасау;
- зейнетке шығуына байланысты бірінші рет жұмыстан шығарылатын зейнеткерлерге және кәсіпорында 25 жыл (еркектер) және 20 жыл (әйелдер) еңбек еткен қызметкерлерге кәсіпорын қаражаты есебінен орташа бес жалақы сомасында жәрдемақы төленеді.

5. Әлеуметтік еңбек кепілдіктері
5. 1. Қызметкерлерге ақылы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығы жүйесі
Еңбек даулары
Еңбек құқығы пәні, әдісі, қағидаттары, жүйесі, деректік негіздері
Еңбек шартының нысанасы
Еңбек шартында пайдаланылатын негізгi ұғымдар
Қазақстан Республикасының еңбек кодексінде еңбек шарттарын жасасу және бұзу негіздері
Еңбек құқығындағы құқықтық реттеу әдістері
Қазақстан Республикасының еңбек кодексі негізінде еңбек шартының реттелуі
Жеке еңбек шартының ұғымы
Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz