Өндірістік іс-тәжірибе


Жұмыс түрі: Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Қазіргі танда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Ел Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы». Жолдауында былай делінген: «біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау деп санймын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы-өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс».
Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек өнімділігін арттыру ғылыми- техникалық прогресті жеделдету, қолданылып жүрген негізгі құралдарды тиімдірек пайдалану және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салынған әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық салаларының тиімділігін жақсарту қажет.
Мен, өндірістік іс-тәжірибемді 2017 жылдың сәуір айының 3-ші жұлдызынан 2017-жылдың 24-ші маусымына дейінгі аралықта Ақтөбе қаласында орналасқан «» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде өттім.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.
Іс-тәжірибені өту бағдарламасына сәйкес келесі құжаттармен танысып, жұмыс жасадық:
1. Баланс - жыл қорытындысы бойынша;
2. Ақша құралдары айналымы есебі;
3. Кіріс және шығыс есептері;
4. Меншікті капитал өзгерістері жайлы есеп;
5. Қаржылық есепке түсіндірмелік жазба;
6. Жарғы;
7. Есеп саясаты;
8. Негізгі құралдар жайлы есеп;
9. Еңбек бойынша есеп;
10. Шоттар талдауы.
Іс-тәжірибе уақытында мекеме еңбеккерлерінің еңбек жалақысын есептеуге және оны банктен өткізіп, жеке карточкаларына аударым жасау жұмысына қатыстым. Сонымен бірге есеп жұмыскерлері арасында міндеттемелердің бөлінуімен танысып, бухгалтерлік құжаттарды толтыру мен өңдеу, түгендеу және тексеру жүргізу жұмыстарына да қатыстым.
Тәжірибеден өту барысында «» ЖШС-нің қызметі, атқаратын жұмысы, алдағы мақсаттары, міндеттерімен өз алдына таныссам, шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайымен, бухгалериясымен барынша таныстым. Осының бәрі есеп беруде көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуына дейін құрылыс кешенінде құрылыс-монтаж жұмыстарына қажетті құралдардың экономикалық салауатты құқықтық-техникалық базасына негізделген. Инвестицияны қолдануды, нақты өзіндік құн мен нормативті пайданың құрылуын және құрылыс шикізаттарын бақылау, олардың жүйелік есебін жүргізуге мүмкіндік беретін, жақсы қалыптасқан салалық жүйе орын алған.
Қазіргі мың құбылып өзгеріске ұшырап отырған нарықтың шарттарына сәйкес кәсіпорынның қаржылық қызметі маңызды рөл атқарады. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жоспарлаудың және оған керекті техниканы жалға алудың арнайы шарттарына байланысты барлық ресурстардың ұтымды жүргізілетін есебі мен оның негізінде ұйымдастырылған ресурстардың қолданылуына қатаң бақылау жүргізу ең тиімді құрал ғана емес, ресурстарды рационалды қолдану мен экономика режимін қажетті шарттармен қамтамасыз ету болып табылады. «» ЖШС-гі өзге де кәсіпорындармен, ірі құрал-жабдықтар дүкендерімен келісімшартқа отыру арқылы іскерлік қатынасқа түседі. Шаруашылық қызмет барысында құрылыс-монтаж құралдарын сатып алып, мердігерлер мен тапсырыс берушілерге жасаған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері бойынша, тағы басқа заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысу жүргізіп отырады.
Серіктестіктің берілген айналым құралдарынан қосымша алынған қаржы бойынша есеп айырысуы керектігі де туады. Сондықтан шаруашылық және қаржылық қызметінде таза табыс табу және кәсіпорынның ұқыпты жүргізілген бухгалтерлік есебі серіктестікте маңызды орын алады. Сонымен қатар, табыс кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуында да маңызды рөл атқарады. Себебі, есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма-қол ақысыз жүргізіледі және қызметтер мен тауарлар есеп айырысудан бұрын алынады, көрсетіледі.
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып тұтынуды таратуды айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерін негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметінің құрылымды ұйымның нысанынан айрықша ерекшелігімен есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Бұл орайда шаруаға қырсыздыққа кәсіпорынның материалдық құндылықтарының ақшалай қаражаттарын және басқа да ресурстардың заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәні айрықша бағалауға болмайды.
Есепке алынған ақпараттың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін экономикалық даму заңдылықтарымен зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.
Экономикалық саласында мамандар, оның ішінде6бірінші кезекте бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақталуы керек.
Іс-тәжірибе есебінде кәсіпорын қызметіне де талдау жүргізіп, ішкі шаруашылық аудитіне қатысты анықтамалармен де танысу жұмысын орындадық. Негізгі құралдары бойынша есеп жасау жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп отырды. Тікелей кейбір еңбек құралдарын есептен шығару операциясына қатыстым. Бұл жұмыстар бухгалтерлік есепті жүргізу, шаруашылық қызметін экономикалық талдау және қаржылық есеп аудиті, салық салуды ұйымдастыру мен техникасы жөнінде қажетті тәжірибе жинақтау мүмкіндігімен қатар теориялық сабақтарда алған білімдерді тереңдету және бекіту мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз етті.
Берілген жұмыстың басты мақсаты - кәсіпорынның жұмысы, оның жарғысы, өндірістік процесс пен технологиялары, басқару жүйесі және ішкі бөлім қызметтері, бәсекелесік стратегиясы туралы ақпаратты көрсету; қаржы көздері мен ақша ағымдары туралы есеп арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау және де кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын, кәсіпорынның қызметтерінің артықшылықтарын бейнелеу.
Қаржылық есеп жүйесінде шоттар табысты реттеудегі тиімді құрал болып саналады. Пайда мен шығындар есебі, ақша қозғалысы бухгалтерлік есепті байланыстырып отыратын тетік болып саналады. Табыстар ақшалай және қолма-қолсыз сипатта болады.
Тәжірибе туралы есеп беру жұмысы «» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің мәліметтері негізінде орындалған. Болашақта бухгалтер мамандығы бойынша жұмыс жасаған кезде тәжірибеде үйренген қабілеттерім көп көмегін тигізеді. Сондықтан танысу тәжірибесіне көп көңіл бөліп, бағдарламаға сай өтуін жетекшім күнбе-күн қадағалап отырды.
Танысу тәжірибесінен өту мақсатым- теориялық алған білімімді бекіту үшін кәсіпорынның қызметі, құжаттары мен есеп саясатымен танысу болды. Бухгалтерлік есептің жан-жақтылығын кәсіпорын мысалында анықтау мен атқаратын рөлін зерттеуде тәжірибеден өтудегі басты мақсаттарымның бірі болды.
Бухгалтерлік есептің алдындағы міндеттерді шешкен кезде оны ұтымды ұйымдастырылуын тексеру қажет. Бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастыру дегеніміз- ұйымның қаражатын шаруашылық қызметіне бақылау жасап, оның жұмысының нәтижесіне талдау жасауға мүмкіндік туғызуын айтады.
Бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастырудың алғышарттары:
• Шаруашылық операцияларында озық есептеуді басқару;
• Есеп мәліметінің сапасы мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік беретін есептің жұмысын компьютерлендіру;
• Есептеудің жеделдігін және сенімділігін арттыру;
• Алғашқы есептеумен құжаттар айналымы жүйесінің құрылуы- бұл артық операциялардың болмауына себебін тигізеді.
1. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау
Кәсіпорында еңбекті қорғау бойынша жалпы басшылық ету кәсіпорынның директорына жүктеледі. Жұмыскерлердің еңбегінің салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау, өндірістік жарақаттандыру мен кәсіптік аурулардан сақтандыру «» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде ең бірінші жолға қойылған.
«» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде жазатайым оқиғалардың, кәсіби аурулардың, өрттің мүмкін болатын себептерін анықтау мен зерттеу, сонымен бірге оларды жоюға бағытталған іс-шараларды әзірлеу адамның еңбек етуге қалыпты және қауіпсіз шарттарын жасауға мүмкіндік береді.
ҚР «Еңбекті қорғау туралы» 8-бабына сәйкес еңбекті қорғауға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органдар болып мыналар табылады:
- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, бұл орган еңбек, еңбекті қорғау, жұмыспен қамту туралы заңдардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- Ауыл шаруашылық министрлігі, бұл министрлік машина - тракторлық парктердің техникалық жағдайына, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік, бұл орган орталық және жергілікті атқарушы органдардың табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ғылыми мекемелердің жұмысын үйлестіреді, сонымен катар, өнеркәсіпте жұмыс жүргізудің қауіпсіздігіне қадағалау жүргізеді;
- Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімі жанындағы тәртіптік кеңес, бұл орган мемлекеттік тәртіпті нығайту және жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін қамтамасыз ету мәселелерін қарайды;
- Бас Прокуратура, бұл орган республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады;
- жергілікті өкілдік және атқарушы органдар, бұлар тиісті аумақтың әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларын орындауды, жергілікті жерлерде ҚР Конституциясының, ҚР заңдарының, Жоғарғы Сот қаулыларының, ҚР Президентінің және Үкіметінің актілерінің, мәслихаттардың және әкімшілік басшыларының актілерінің орындалуын, республикалық және жергілікті билік органдарының өзара байланысын, халықты жергілікті істерді басқаруға тартуды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қадағалау және басқару органдарының негізгі құқықтары. Ескеріп өтетін маңызды жайт, ҚР «Еңбекті қорғау туралы» заңының 9-бабына сәйкес, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары, олардың уәкілетті тұлғалары өздерінің кызметінде жұмыс берушілерге, шаруашылық органдарына, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік билік пен басқарудың жергілікті органдарына тәуелсіз болады, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес әрекет етеді.
Кәсіпорында жұмыскерлердің қауіпсіз жұмыс істеуі мен қауіпсіздік ережелерін сақтауды бақылауы үшін қауіпсіздік ережелері туралы тақтайшалар ілінген. Осыған орай, ұйымда еңбекті қорғаудың негізгі міндеттерінің бірі- еңбекті қорғаудың тиімді басқару жүйесін әзірлеу мен оны жүзеге асыру болып табылады.
Компьютермен атқарылатын жұмыстарға, қызмет көрсетуге жасы 18-ге толған, медициналық тексеруден өткен адамадар қабылданады. Себебі, ұзақ уақыт компьютер алдында жұмыс жасау адам дене мүшелеріне өз әсерін тигізеді. Сол себепті, тәжірибедегі жетекшім компьютермен жұмыс жасаған кезде арнайы көз, қол жаттығуларын жасап отыруымды қадағалап, компьютер жанында кактус гүлін қоюға кеңес берді.
Тәжірибедегі жетекшім алғашқы күннен бастап менен техника қауіпсіздігін сақтап, ұқыпты әрі таза жұмыс істеуіме баса назарын салды. Ол маған жұмыс істеп болған соң барлық электр көздерін өшіріп, бөлмені бақылаусыз қалдырмауымды және бөлме терезесін мен есігін шығарда жауып жүруімді айтып отырды. Өрт немесе басқа да қауіпті жағдайларда тез арада бөлмені босатуымды ескертті. Немесе жұмыс жасап отырған кезде күйік иісі шықса немесе өзгеше дыбыстар естілген жағдайда оған хабарлауымды ескертті. Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетілуіне нұсқау берді.
Қызметкер бөлмені жиі ылғалдандырып, шаң болмауын қадағалауы қажет. Себебі, адам дем алған кезде ағзасына тамақпен, сумен қоса, тері арқылы кірген кезде шаң кәсіби аурулардың пайда болуына әкеліп соғады. Сондықтанда «» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде мекеме тазалығы- қауіпсіздіктің ең бірінші ережесі.
Жұмыс орнында жазатайым оқиғалардың өсуі жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін үнемі бақылап отыруын талап етеді. Сондықтан маған жетекшім бірінші күннен бастап, қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін және мекемедегі сақталатын қауіпсіздік ережелерін үйретті. Осыған орай, мекемедегі еңбекті қорғаудың негізгі міндеттерінің бірі- еңбекті қорғаудың тиімді басқару жүйесін әзірлеу мен оны жүзеге асыру болып табылады.
Жасалған жұмыстың негізгі мақсаты- еңбекті қорғауға қатысты барлық негізгі мәселелер мен сұрақтарды қарастыру.
Бұл аталған мақсатқа жету үшін «» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде келесідей талаптар орындайды:
- еңбекті қорғауға түсінік беру;
- еңбекті қорғау жөніндегі мәселелерді реттейтін нормалардың қайнар көздерін көрсету;
- еңбекті қорғауға қатысты еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қарастыру;
- қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуын бақылау.
Мекемеде маған қойылған техника қауіпсіздігі талаптары төмендегідей:
- компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге тиіспеу және жабдықтарды жетекшімнің рұқсатынсыз орнын жылжытпау;
- ДК-де суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істемеу;
- үстелде қалам мен танысатын құжаттардың ғана тұруы;
- бөлмені жиі ылғалдандыру;
- бөлме терезесі мен есігін шығарада жауып жүру;
- барлық электр көздерін өшіріп кету.
2. Кәсіпорынның қаржы қызметі жұмыстарымен танысу, талдау
Тәжірибе өткен «» ЖШС Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі арқылы есепке қою жөніндегі куәлігі негізінде ашылған. Кәсіпорынның толық атауы: «» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі. «» ЖШС шағын кәсіпкерліктің субъектісі ретінде құрылды, серіктестіктің орташа жылдық жұмысшылар саны 22 адамнан аспайтын және активтердің жалпы құны жылына орта есеппен 60 мыңдық айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.
Бұл заңды тұлғада өзінің дербес балансы, өз атауы жазылған шеңбер мөрі, банктегі жеке шоттары және басқа да реквизиттері бар.
Серіктестіктің қызметінің мақсаты: Қазақстан Республикасының және серіктестікке қатысушылардың мүдделері үшін шаруашылық, кәсіпкерлік қызметтерді біріктіре отырып жүзеге асыру болып табылады.
Коммерциялық кәсіпорын ЖШС «» - атқаратын мақсаты заңды тұлғалық, құрылыс-монтаж жұмыстары, жобалық қызметтер мен геологиялық іздестіру қызметтерін көрсету.
«» ЖШС-гі - тұрақты түрде дамып келе жатқан шағын кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын иесі Избасар Ж. И. . Аталған кәсіпорын өз жұмысын электромонтаждау жұмыстарынан бастап, жобалық-сметалық жұмыстар, профилактикалық сынаулар, электр құрылғыларын күрделі жөндеу қызметтерінен бастап, жылдан жылға қызмет көрсету ауқымы кеңейіп өсуде. Кәсіпорын басшысы қоғамдық жұмысқа атсалысып, қала аумағында өткізілетін шараларға белсенді көмек көрсетеді.
Серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшы салымынан, серіктестік алған кірістер мен заңмен тиым салынбаған көздерден кірістер есебінен құрылады. Серіктестіктің жарғылық капиталының салымы ақша қаражат-тары, құнды қағаздар, мүліктік құқықтар, соның ішінде жер пайдалану құқығы және өзге де мүліктер бола алады. Серіктестіктің жарғылық капиталы 130 000 (бір жүз отыз мың) теңгені құрайды.
Серіктестік қатысушының ерекше құзіреті:
- Серіктестік жарғысын өзгерту, соның ішінде жарғы капиталының көлемінің өзгеруін қоса алғандағы, тұрған жерін және фирмалық атауын өзгерту немесе серіктестік жарғысын жаңа редакцияда бекіту;
- Серіктестіктің атқарушы органдарын құру және оның өкілетін тоқтату, сондай-ақ серіктестікті немесе мүлікті оралымды басқаруға беру;
- Бақылау кеңесі мен тексеру комиссиясын сайлау және олардың өкілет-тілігін ерте тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының есептерін және қорытындыларын бекіту;
- Серіктестіктің жылдық қаржылық есептерін бекіту, таза кірістерді бөлу;
- Серіктестіктің ішкі қызметтерін реттейтін ережелер, құжаттарды бекіту
- Серіктестіктің басқа да шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдау;
- Серіктестікті тоқтату және қайта құру;
- Тарату комиссиясын тағайындау және тарату балансын бекіту;
- Серіктестіктің ағымдағы қызметіне басшылық жасаушы, серіктестіктің атқарушы органы болып директор табылады;
- Серіктестіктің директоры:
- Серіктестіктің өкілі болуға құқық беретін сенімхат береді;
- Қызметкерлерге қатысты оларды қызметке тағайындау және босатуға бұйрық шығарады, еңбек төлемдерінің жүйесін, қосымша ақы белгілейді, сыйақы беру мәселесін шешеді, тәртіптік шаралар қолданады;
- Қатысушы немесе байқау органдарының құзіретіне жатпайтын өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.
Таза табысты бөлу.
Серіктестіктің жыл ішіндегі қызметінің нәтижелері бойынша алған таза пайдасы, серіктестік қатысушының шешіміне сәйкес бөлінеді.
Серіктестікте резерв капиталға құрылған жағдайда серіктестіктің ықтимал шығындары осы қордың есебінен жабылады. Резерв капиталдың қаражаты жетіспеген кезде немесе резерв капитал болмаған жағдайда шығындарды жабудың көздері туралы шешім қатысушымен қабылданады.
Серіктестіктің жұмыс тәртібі.
Серіктестіктің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңына сәйкес жасалынады.
Осы Жарғыға өзгертулер енгізу тәртібі.
Серітестіктің Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізуі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте қатысушының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Серіктестік бір айдың ішінде Жарғының өзгергені туралы Әділет органдары хабардар етуге міндетті. Осы мерзім өткеннен кейін кез келген мүдделі адам сот тәртібімен Жарғының өзгерулеріне заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік регистріне енгізуді талап етуге құқықты.
Серіктестіктің басқару органдары болып табылатындар: Жоғарғы орган- Қатысушы, Атқару органы-Директор, Бақылаушы орган-Тексеруші.
Серіктестіктің мүлкі.
Серіктестіктің мүлкін құрайтындар: негізгі қорлар және айналымдағы қорлар, сонымен қатар серіктестіктің қаржылық есебінде көрсетілген өзге де мүліктер болып табылады.
Мүлік серіктестікке жеке меншік түрінде жатады.
Серіктестіктің мүлкін қалыптастыру көздері:
- қатысушының жарғылық капиталға салған салымы;
- серіктестік қызметінен түскен табыс;
- ҚР заңдарымен тыйым салынбаған басқа да табыс көздері болып табылады.
Амортизацияны есептеу біркелкі есептеу әдісімен жүргізіледі, яғни құнынан келе және амортизация нормасы келесідей орнатылады:
Ғимараттар мен құрылыстар - 5%;
Транспорттар - 25%;
Негізгі құралдардың басқа да объектілері - 15%.
Материалды-өндірістік қорлар 1300 шотында есептеледі, өндіріске жіберілгендер орташа құны бойынша бағаланады.
Түгендеу жүргізіледі:
- Негізгі құралдар мен материалды-өндірістік қорлар - есептілік жыл біткеннен кейін жылына 1 рет;
- Кассадағы ақша қаражаттары - есептілік жыл біткеннен кейін айына 1 рет;
- Несиелік қарыздар - есептілік жыл біткеннен кейін жылына 1 рет;
Міндетті түрде мүлік және міндеттемелердің түгендеуі жүргізіледі:
- Жылдың есептілік жасау алдына есептік жылдың 1қазанынан кеш емес, түгендеу жүргізілген мүліктен басқасы;
- Материалды жауапты адамдардың ауысуы кезінде;
- Ұрлық, қасақана зиян жасау, сонымен қатар құндылықтарды бүлдіру болған кезде;
- Экстремальді жағдайдарме байланысты табиғт апаттар жағдайында;
- Ұйымның қайта құрылуы немесе жабылуы кезінде.
... жалғасыЕсеп саясатының орындалуына бақылау жасайтын бас бухгалтер Калжанова Ж. Н. .
Бухгалтерлік есепке қатысты мағлұматтар коммерциялық құпия ретінде жасырын сақталады. Есептік-бухгалтерлік құжаттар Мемлекеттік комитеттер мен министрліктер іс-әрекеті нәтижесінде пайда болатын типтік құжаттар тізіміне сәйкес сақталады.
Есептік кезең біткеннен кейін, бухгалтерияда тұрған құжаттар, мұражайға өткізіледі, ол есептік саясатта көрсетілген. Мұражайға өткізілген құжаттардың сақталу мерзімі төмендегі 1 кестеде көрсетілген.
1- кесте
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz