Мемлекет пен құқық теориясының пәні


І Мемлекет пен құқық теориясының пәні, функциясы және әдісі.
- Мемлекет пен құқық теориясының түсінігі мен пәні.
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәніне мемлекет пен құқытың пайда болуы мен қызмет етуінің негізгі даму заңдылықтарының әлеуметтік құрылымы ретінде, олардың негізін және құрылымын, негізгі элементтерін, принцптерін, институттарын, олардың қоғам өміріндегі орны мен рөлін зерттеужатады.
Мемлекет және құқық теориясының пәніне, мемлекеттік-құқықтық құбылыстың маңызды функционалды (негізгі) ерекшеліктері кіреді. Оған жататындарға: мемлекет пен құқықтың түсінігі және олардың жіктелуі, белгілері, негізгі принцптері және мемлекет пен құқықтың функциясы, мемлекеттің механизмі (тетігі) мен құқықтық реттеу ерекшеліктері, заңды факторлар, құқықтық қатынастар, құқық жүйесі, заңдар мен мемлекеттік органдар жүйесі, сонымен бірге басқа да көптеген, юриспруденцияның неден қалыптасатын алғашқы элементтерінің бәрі жатады.
Сонымен, мемлекет пен құқық теориясы - бұл мемлекет пен құқық туралы көбірек заңдылықтардағы белгілердің жалпы жүйесі, оның пайда болуы, негізі, қызмет етуі және мемлекеттік-құқықтық құбылыстың дамуының салалық және қосымша заң ғылымдарының әдістемелік негізі болатын жағдайлар кіреді.
Мемлекет пен құқық теориясын игеру кезінде үлкен маңыздылыққа ие болатын категориялды - түсіндіруші аппарат, себебі, жалпы ғылыми жүйелер (философиялық, социологиялық, психологиялық, политологиялық, культуралогиялық) және жекелеген ғылыми (арнайы заңдылықтағы) категориялар және түсініктер, мемлекет пен құқық теориясының ең маңызды танымдық инструментариясының қайнар көзінің бөлігі.
Мемлекет пен құқық теориясы бай эмпириялық материалдарды салалық заң ғылымдарынан алады және маңызды деңгейде сол ғылымдардың көбірек жалпылама методологиялық проблемаларын кеңейтеді, функционалды негізгі пән ретінде болады: жекелеген пәндердің білімдерін қорыта келіп, негізгі түсініктер мен категорияларды шығарады, сол білімдерді жүйелейді. Оның категориялары мен түсініктері, салалық құқықтық ғылымдардың тәжірибесін біріктіріп, сайып келгенде, заңгердің қызметін тиімді қамтамасыз етуге бағытталады.
2. Мемлекет пен құқық теориясының функциялары.
Білім жүйесінде, қоғамдық даму заңдылықтарында негіздемеде мемлекет пен құқық теориясының өзінің қатаң түрде белгіленген орны бар және ол заң ғылымдары үшін жол сілтемесі болып табылады, себебі ол оның магистралды бағытынжәне іске асыру жолын қалыптастырады. Сол рөлі оның мынадай функцияларында көрініс табады:
Онтологиялық функция - (бұл функция мемлекеттік құқықтық құбылыстың негізін түсіндіреді, яғни юриспруденцияның пәнін тануға мүмкіндік береді. Бұл функцияның мазмұнына мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы ақпаратты зерттеу жатады және оларды талдау мен (топтастыру) жүйелеу кіреді) .
Гносологиялық функция - (теоротике познавательное) (теориялық-танымдық функция мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың мәнін, мазмұнын, нысанын, тәртібін тоқтаусыз зерттеуге бағытталған) ;
Прогностикалық функция - мемлекет пен құқық теориясының әрі қарай ғылыми дамуы туралы болжамдар мен гипотезалар жасап олардың болашақ проблемаларына көңіл аударады;
Идеологиялық функциясы бойынша мемлекет пен құқық теориясы өзінің көбірек актуальды және маңызды, қазіргі кездегі қоғамның құқықтық дамуындағы жаңа жағдайларды бекіте отырып, оның дамуының барлық маңызды парадигмасын көрсетеді, өмірге гуманистікті бастап, құқықтық таным мен құқықтық мәдениетті негіздейді;
Аксиологиялық функцияның қажеттігі сонда, ол мемлекет пен құқықты зерттеуде, ондағы мемлекет пен құқықтың құбылыстардағы бағалылық және маңыздылыққа көңіл аударылып, олардың қоғам өміріндегі қажеттілігін және маңыздылығын негіздеу мақсатында көрінеді;
Тәжірибелік функция - модельдік көзқарас бойынша (стандарт идеалынан) тұрады, өзіне юриспруденцияның барлық бастамасын шоғырландырып негізінен оның әлемін аша отырып, заңдық өміртанымының негізін қалыптастырады.
Метадалогиялық функция - мемлекет пен құқық теориясының негізі болып табылады, яғни басқадай заң ғылымдарының негізі: мемлекеттік құқықтық құбылыстардың метадалогиясын, құқықтың негізгі түсініктері мен категорияларын қалыптастырады (құрайды) . Оныммен салалық және арнайы (қосымша) заң ғылымдары пайдаланады және оларды зерттейтін сара жолдың бағытын белгілеп береді.
Қосымша функция - мемлекеттік-құқықтық аядағы әртүрлі субъектілердің қызметін жетілдіру мақсатындағы тәжірибелік жағдайды ұсыну жатады. Ондай ұсыныстар диссертацияларда және мемлекеттік зерттеушілер мен құқықтанушылардың мақалаларында бекітіледі.
Эвристикалық - (мемлекет пен құқықтың дамуындағы жаңа заңдылықтарды, олардың қоғамға ықпал жасайтын нысандары мен әдістерін және ондағы ашады) .
3. Мемлекет пен құқық теориясының әдістемесі.
Мемлекет пен құқық теориясының әдістемесі - бұл солардың көмегімен, қоршаған ортаның шындығын зерттейтін әдістер мен жолдардың жиынтығы. Ондай әдістерді, жалпыға бірдей, (әмбебап, жалпылама ғылыми, философиялық) және арнай әдістемелерге бөліп көрсетеді. Жалпыға бірдей әдістемебарлық ғылымдардың білім саласына және оқулық пәндерге тән, себебі, олардың негізінде табиғаттың, қоғамның және ойлаудың дамуындағы заңдылықтар бар. Ал жекелеген әдістемелерді, бір ғана ғылым не болмаса, ғылымдардың жиынтығы және арнайы ғылымдар қолданады.
Жалпылама ғылыми әдістемеге мынадай таным әдістемесін жатқызуға болады: идеалистік (метафизика) және материалистік (дуалистика) ;
Мемлекет пен құқық метафизика шеңберінде өзіндік мәні бар құбылыс ретінде қаралады, адам рекінен тәуелсіз өмір сүреді, тұрақты өзгермейтін құбылыс; олардың пайда болуы объективті танымдылықпен не адам сезімімен байланысты
Диалектика , табиғаттың, қоғамның және ойлаудың жалпы дамуы туралы ғылым; тұрмыс пен таным туралы жалпы заңдылықтар. Осындай сөзсіз басымдылықтағы отандық ғылыми зерттеуде, мемлекеттік құқықтық құбылыс өмірді қоршаған ортада өз дамуында динамикада басқадай қоғамдық тұрмыстық факторлармен экономикамен, саясатпен, мәдениетпен тығыз байланыста зерттеледі.
Метафизика мен динамикадан басқа, маңызды әдістемелердің біріне - синергетика - өзін-өзі ұйымдастыратын, күрделі әлеуметтік процесстер туралы ғылым жатады.
Мемлекеттік құқықтық-құбылыстарды зерттейтін жекелеген ғылыми әдістерге жататы мыналар:
- Формальды заңдылық (догматикалық) әдіс, ол құқықты зерттеу үшін пайдаланылады, жалғыз ғана өзіндік ерекшелігі бар «феномен» ретінде басқа құбылыстардан бөлек, жекешеленіп зерттеледі. Құқық ешнәрсемен бірдейлестірілмейді және салыстырылмайды (экономикамен, саясатпен, моральмен және этикамен) . Мемлекеттік-құқықтық элементтер (олардың құрамы, қарым-қатынасы, негіздері) өздерінше «таза» конструкцияны жасау үшін зерттеледі.
- Терминологиялық зерттеу әдісі- мемлекеттік-құқықтық проблемалардыңнегізгі және шеттегі түсініктемелерімен пайдалану, мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды ғылымда бекіген түсініктер мен дефиницилерге талдау жасау арқылы зерттеу.
- Салыстырмалы-құқықтық әдіс дегеніміз- белгілі мемлекеттік-құқықтық институттарды, құқықтық құбылыстарды және процесстерді басқа елдердің құқықтық жүйесімен салыстырып, олардың арасындағы ұқсастығы мен айырмашылығы ескере отырып және оларды көбірек тиімді жолдарын табу мақсатында пайдаланылады.
- Нақты социологиялық әдіс- мемлекет пен құқықты зерттеу кезіндегі мемлекет пен құқық туралы факторларды еске алу, ол туралы қоғамдық пікірді, статистикалық мәліметті, тұрғындардың пікірін жинау және құқықтық эксперименттер жүргізу, т. б. байқау (құқық социологиясы) .
- Құқықтық модельдер- таза (теориялық), заңды нормаларға қажетті идеяларды жасауға қажет (не үшін және ол қалай көрінетін болады, басқа нормалармен қандай қарым-қатынаста болады) бұл моль идеалдарын көрсету;
- Мемлекет пен құқық теориясының, тарихи- салыстырмалы әдіс - дегеніміз зерттеудегі пайда болу мен даму заңдылығы, сонымен қатар, мемлекеттік және құқықтық институттарды, әртүрлі тарихи даму кезеңдерімен салыстыру.
- Логикалық әдіс- құқықты түсіндіруге логикалық жолдар мен құралдарды пайдаланады. Формальды логикаға заңдарына негізделген құқық - формальды белгіленген дұрыс жүйе, ол қандай құқық нормасы болмасын - біткен келісім нәтижесі.
Логикалық әдістердің түрлеріне: анализ, синтез, индукция және дедукция жатады:
- Анализ- тұтастықты оның элементтеріне бөлу (мемлекеттік аппараттың құрамын бөлу, құқық жүйесін салаларға бөлу, қарым-қатынастары мен ерекшеліктерін белгілеу, заңды құжаттарға талдау жасау (контент- анализ, яғни бөліп алып олардың негізгі элементерін зерттеу) ;
- Синтез- алынған деректерді біріктіріп, тұтас көрініс жасау;
- Индукция- жекешеден бастап жалпыға қарай зерттеу; Мемлекет пен құқықтың жекелеген қасиеттері арқылы көріністі қалыптастыру. Мысалы, белгілі құқық нормаларының негізінде, заңды нормалардың құрылымынжәне барлық заңдардың құрылуындағы тұтастықты түсіндіруге болады. Нақтылы мемлекеттік органдардың белгілерін анықтау арқылы мемлекеттің механизмін түсінуге болады - бұл белгілі мемлекеттік функцияларды орындайтын мемлекеттік органдардың жиынтығы.
- Дедукция- жалпыдан жекешеге қарай әңгімелеу (мысалы, нақтылы құқық саласынан оның құқықтық нормаларының ерекшелігі жөнінде) .
- Арнайы әдістерге, әлеуметтік психологиялық, кибернетикалық, статистикалық т. б. жатқызуға болады. Мысалы, кибернетикалық әдіс, құқықтық информацияларды автоматты түрде тексеруге, сақтауға және құқықтық информацияны іздеуге пайдаланылады.
4. Мемлекет пен құқық теориясының басқадай заң ғылымдарының арасындағы орны.
Заң ғылымдарын үш үлкен топқа бөлу дағдыға айналған, олардың өзіндік жиынтығы құқықты жүргізуді құрайды. Бұл:
- теориялық-тарихи ғылымдар(мемлекет пен құқық теориясы, мемлекет пен құқық тарихы, саяси құқықтықілімдер тарихы) ;
- Салалық заң ғылымдары(конституциялық құқық, қылмыстық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, кедендік құқық, отбасы құқығы, жер құқығы, халықаралық құқық, салық құқығы, қаржы құқығы, азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы т. б) ;
- Қосымша (арнайы) заң ғылымдары, әртүрлі басқа ғылымдардың теориялық білімдерін тікелей пайдалануды іс жүзіне асырушы (математиканы, химияны, психологияны), яғни тәжірибедегі құқықтық мәселелерді шешуге қажеті (криминалистиканы, сот медицинасын, сот психатриясын, сот бухгалтериясын, құқықтық статистикасын және заң психологиясын т. б. ) пайдаланады.
Халықаралық құқықтық бағыт зерттейтін ғылымдар бар - халықаралық жекеше және көпшілік құқық, теңіз құқығы, космос құқығы, шетелдердің мемлекеттік құқығы т. б. Кейінгі кезде, жаңа құқық салалары пайда болды. Себебі, ол қоғамдық дамудың нәтижесі. Оларға: банктік құқық, биржалық құқық, спорттық, медициналық, информациялық жатады.
Сонымен, мемлекет пен құқық теориясының рөлі мен орнын заң ғылымдарыныңжүйесінен бөліп көрсетуге болады:
- Мемлекет пен құқық теориясы - барлық заң ғылымдарының жиынтығын біріктірушіблім жүйесі.
- Мемлекет пен құқық теориясы, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың жалпы заңдылықтарын зерттесе, салалық заң ғылымдары тек жекелеген жақтарын зерттейді (мысалы, қылмыстық құқық - қылмыс пен қылмыстық жауапкершілікті, ал мемлекет пен құқық теориясы - құқық бұзушылық пен жалпы заңды жауапкершілікті зерттейді) ;
- Салалық заң ғылымдары үшін, мемлекет пен құқық теориясы олардың негізі (базасы) ретінде, мықты қалыптағы пән ретінде - негізгі түсініктемелер мен категорияларды, жеклеген пәндердің білімдерін жинақтап қорытындылау арқылы шығарады, сол білімдерді жүйелейді;
- Мемлекет пен құқық теориясы эмпириялық материалдарды салалық заң ғылымдарынан алады және көп деңгейде жалпылама методологиялық проблемаларды шешумен шұғылданады.
- Мемлекет пен құқық теориясы заңгерлік оқу пәндерінің жүйесінде ерекше орын ала отырып, студенттерге мемлекеттік-құқықтық қоғам өмірі туралы білім береді, жалпы заңды мәдениеттің, заңды ойлаудың негізін қалыптастырады және мемлекет пен құқық туралы алғашқы түсініктер мен категорияларды үйретеді, себебі онсыз басқа заң пәндерін зерттеу мүмкін емес.
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы.
5. Мемлекеттің пайда болуы туралы жалпы заңдылықтар.
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауымен байланысты, өзінің дамуында, ұзақтығына қарай және кезеңді толтыруына сай төрт әр түрлі кезеңдерден өтті.
Біздің эрамызға дейінгі 40 мың жыл шамасында рулық құрылым пайда болды (отты табу, күршектерді, садақты ойлап табу, бір бірімен адамдардың сөйлесу қабілеттілігінің дамуы) . Біздің эрамызға дейінгі 9-6 мың жылдары неолит кезеңі (жаңа тас заманы) басталады, ол кезде адам аң аулаудан жер өңдеуге және кәсіпкерлікке көшеді. Келе-келееңбектің бөліну процесі айқындала түседі. Біртіңдеп қоғамның жекешеленген аясы ретінде, мал бағу бөлініп шығады (мал айырбас құралы болды, яғни ақша функциясын қабылдаған) .
Кәсіпшілік жер өңдеуден бөлінді. Содан кейін, бір топ адамдар пайда болып (сатып алушылар) жер өнімдері мен мал шаруашылығы өнімдерін айырбастаумен шұғылданған.
Алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасып, рулар бірігіпбір атаның ұрпағы ретінде туыстасып біріккен шаруашылықпен шұғылданады. Онда рудың ішінде бір біріне үйленуге рұқсат болмағанына байланысты, солай айтылатын дуальдық ұйым қалыптасады да екі рудың қандас туыстығы бойынша бір екендігі мойындалады.
Жер өңдеу мен мал өсіруге байланысты еркетің (патриархат) рөлі бастайды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы басталды.
Бұл кезеңде, билік еркектердің жалпы жиналыстарының қолында болды, онда басқару, руластырудыңтеріс қылығы үшін жазалау, табысты бөлу сияқтымәселелер шешілген. Сонымен қатар, онда ақсақалдар мен ру басшыларының әкімшілік жұмыстары қаралған. Ру басындағы ақсақалдардың және әскер басшыларының билігі, әскери әрекеттер кезінде сайланған, сайлау ол адамдардың беделдері мен тәжірибесі барлығын сыйлағандыққа негізделген. Ақсақалдардың биліктегі лауазымы, оларға деген ерекшелікке жол бермеген. Қоғамдық билік, рулық қоғаммен тікелей сай келген, лдан бөлінбеген.
Құқық сол күйінде болмаған, оның орнында, әдет-ғұрып нормалары болған. Кейіннен біртіндеп мононормалар қалыптасып, әрекет еткен.
Келе-келе қандастық туыстық қатынастар ыдырап аумақтықпен алмастырылады, басқару қажеттігінің маңыздылығы мойындалады. Биліктің функциясы бөлініп, светтік (басқаруға), әскери (әскер басшылық), діни (бар тәртіп жолын қолдау үшін идеологиялық негіздеме) құрылады. Ақсақалдар кеңесі ағымдағы басқару органына айналады. Тайпалық бюрократия пайда болады (басқарушылық, әскери, діни), олар қоғамды басқаруды оның жалпы мүддесі үшін емес, меншіктік, топтық, таптық мүдделер үшін басқаруды көздеген. Бұл мемлекеттілік элементтердің алғашқы пайда болу кезеңі - әскери демократия режимі (Л. Г. Морган), қоғамда әскери басшылардың күшті билігі қалыптасып, қоғамдық басқаруда ұйымшылдықтың қалдықтары сақталған.
Қоғам өмірін тұтас организм ретінде сақтауға, қамтамасыз етуге қабілеті бар сана жағынан жаңа ұйым қажет болды. Қоғамнан жоғары тұратын көпшілік биліктің қажеттілігі пайда болды, себебі, ол ұйым арнайы адамдардан құралған және тек басқарумен шұғылданып, ұйымдастырушылық кезінде қыстау мүмкіндігімен пайдаланған. Ондай ұйымға - протогосударства жатады. Ондай көне қоғамның ұйымы таптыққа дейінгі ертетаптық қоғамдағы өтпелі кезеңге тән болады. Ондай ұйымдар алғашқы рет оңтүстік Азияда және Солтүстік Африкада пайда болды. Әдеттегідей олар үлкен өзендердің бойындағы, кеңістікте орналасты. Тигр, Ефрат, Инда, Янцзы өзендерінің бойында: Индия, Ассирия, Персия, Китай, Хетт мемлекеттері орналасты. Олардың көне тарихы біздің эрамызға дейінгі IV мыңжылдықтан басталады. (Шумер, Египет, Вавилон) .
Сонымен, мемлекеттің пайда болу себептерінің қатарына төмендегідей қажеттілікті айтуға болады:
- Өндірістің даму нәтижесіндегі қыйындықтарға байланысты қоғамды басқаруды жетілдіру, еңбекті бөлу, табысты бөлу жағдайының өзгеруі, тұрғындардың санының өсуі және қоғамның әлеуметтік біртектес емес топтарға бөлінуі (таптарға) ;
- Қоғамдағы тәртіптілікті қолдау, оның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету, жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік (ең алдымен заңдық) нормалардың көмегімен жетуге болады.
- Қоғамның әлеуметтік біртектес еместоптарға бөлінуінің негізінде пайда болатын қанаушы таптың қарсылығын басу;
- Мемлекеттің аумағын қорғау және қорғану және басып алумақсатында соғыстар жүргізу;
- Үлкен қоғамдық жұмысты ұйымдастыру, сол мақсатта үлкен топтағы адамдарды біріктіру.
6. Дүние жүзінің әртүрлі халықтарындағы мемлекеттердің пайда болу ерекшеліктері.
Алғашқы мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуы әртүрлі халықтарда әртүрлі жолдармен жүреді, себебі, олар географиялық, мәденилогикалық, экономикалық, саяси және басқа да факторлармен қамтамасыз етілгені белгілі. Қандай болмасын қоғамда мемлекеттілітің пайда болу негізіне тән, маңызды сипатына қарай мемлекеттің пайда болу тәсілін батыстық (европалық), шығыстық (азиялық), германдықтар ретінде айырып зерттейді.
Шығыстық жолмен (тәсілмен) мемлекеттің пайда болуы, басынан бастап Вавилонның, Египеттің, Қытайдың, Индияның құрылумен байланысты. Бұл көне мемлекеттер, біздің эрамызға дейінгі үш мың жылдар бұрын, рулық құрылымның біртіндеп, қоғамның мемлекеттік ұйымға өту процесінде пайда болған. Бұл мемлекеттердің пайда болуындағы ерекшеліктерге жататыны, тұрақты ирригациялық (суармалы өңдеу) жұмысты жүргізу қажеттілігіне байланысты болды. Тұрғындарды тамақпен қамтамасыз ету, әсіресе құрғақшылық не тұрақсыз климат жағдайына қажеттілігі арта түсті. Мұндай жағдай, тармақтарға бөлінген басқару аппаратын көпшілік жұмыс басқару, қаржы және әскер қалыптастыртып өте көлемді аумақтармен және көпшілік адамдармен жұмыс жүргізуді мәжбүр етеді.
Батыстық жолдың ерекшелігі сонда, мемлекеттік институттардың құрылуы жеке меншіктің пайда болып, қоғамда антогонистік рухтағы топтардың болуымен байланысты. Көне елдердің тарихында оның көрініс тапқан германдық мемлекеттің варварлық корольдіктердің пайда болуына көрінді.
Афиндік республика - шын мәніндегі классикалық мемлекеттердің құрылуындағы үлгі болды. Себебі, мемлекеттіліктің пайда болуы мұндағы рулық құрылымның ішіндегі қарама-қайшылықты тежеу процессінің нәтижесі болды. Біздің эрамызға дейінгі VII ғ. - Драконта реформалары (жеке адамдар арасындағы қарама-қайшылықты, басқарушы элиталардың басынушылығын тежеді, көріне бастаған жеке меншікті қорғады) ; б. э. д. 594 жылғы - Солон реформасы бойынша (қандас-рулық қатынастар жойылып, барлық тұрғандарды өздерінің тұрмыстық жағдайларына байланысты разрядтарға бөлді) ; б. э. д. 509 ж. - Клистфен реформаларына бай ланысты (аумақтарды бөлу кіргізіліп Аттикада рулық-тайпалықтың орнына, саяси қайта құру жүргізілді) .
Римдік мемлекеттің пайда болу нысаны - мемлекеттің пайда болу концепциясы, рулық қоғамды тұйық аристократияға айналдыруға негізделген және оны көптеген құқығы жоқ плебейлер тобынан айырып, партиялық (құлдықтағы) патисциямен саяси қатынастарды орнату, оның қираған орнына сайып келгенде мемлекеттің пайда болуы көзделген.
Германдық мемлекеттердің құрылуы «великого переселения народов» процесімен байланысты алынған ат, яғни IV-VII ғғ. Европадағы көптеген этникалық бір жерден басқа жерлерге ауысуы, яғни Рим империясының сырт жағынан сол аумақтың ішіндегі белгілі жеріне көшуі. Мұндай жағдайдың басталуы ғұндардың шабуыл жасауынан басталады. Басты сипаттамаға варварлармен Рим империясының көп жерлерін жаулап алуы және бағындырып өз биліктерін жүргізуі жатады. Басып алынған жергілікті жерлерінде Римдік мемлекеттіліктің аппараты қызметте болған. Жаулап алған жерлерді басқару мақсатында, арнайы мемлекеттік органдар құрылған. Мысалы, әскери басшының орнына король сайланған, көпшілік халық билігі және қыстау (қинау) мемлекеттілік органдары құрылған.
Шығыс словяндарының мемлекеттігінің пайда болуындағы ерекшеліктерге жататын факторларға ерекше географиялық орнын айтуға болады. Батыс (европалық) жағына және шығыс (азияттың) жерлердің (мәдениетімен, өркениеттігімен) арасындағы үлкен аймақта V-Х ғғ. бір-бірінен бөлек тайпалар өмір сүрген. Сондықтан, шығыс славян мемлекеттігі тұрақты түрде көшпелілер мен варягтар жағынан шабуыл жасап басып кіру қауіптілігін күткен. Климат жағдайының тұрақсыздығына байланысты ауылшаруашылықпен шұғылдануға мүмкіндік болмаған және қарсыластардың кезекті шабуылына байланысты жұмыс істеу тоқтатылған. Алғашқыда кәсіби (жалдамалы) әскери дружиналар жаудан қорғану үшін құрылып, кейіннен бір орталықтағы салық жинау қажеттілігіне байланысты және басқа міндетті төлемдерді жинайтын міндеттілікті қоса атқарған.
7. Құқықтың пайда болу ерекшеліктері.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде маңызды әлеуметтік реттеушіге әдет-ғұрып (көптеген жылдар бойы қайталанудың нәтижесінде адамдардың үйреншікті әдетіне айналған тәртіп жолдары) және діни (культтік) нормалар болды. әдет нормалары табиғи райға қажеттіліктен қауымның өмірінің барлық жағына маңызды болған - рудың, тайпаның шаруашылық өміріне және отбасылық, тағы басқа рудың арасындағы қарым-қатынасқа, моральға, діни салт-дәстүрге.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz