Басқару қызметiн ұйымдастыруды жетiлдiруге Заң



1.тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2.бап. Осы Заңның қолданылу шектерi
3.бап. Әкiмшiлiк рәсiмдердi белгілеу қағидаттары
2.тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ
МЕМЛЕКЕТТIК ФУНКЦИЯЛАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫҚ ӨКIЛЕТТIКТЕРДI ЖYЗЕГЕ
АСЫРУЫ КЕЗIНДЕ ШЕШIМДЕР ҚАБЫЛДАУ ТӘРТIБI ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕСIМДЕУ
4.бап. Мемлекеттiк органдардың өз функцияларын жүзеге асыруы кезiнде шешiмдер қабылдауы
5.бап. Құқықтық актілерге және олардың 6.бап. Құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру мен рәсiмделуiне қойылатын талаптар бақылау
3.тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ РӘСIМДЕРI
4.тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МYДДЕЛЕРIН ҚОРҒАУ РӘСIМДЕРI
Осы Заң басқару қызметiн ұйымдастыруды жетiлдiруге, мемлекеттiк органдардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге, басқарушылық шешiмдердi жедел қабылдауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, мемлекеттік мүдделердi қорғауға, мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық өкілеттікті қызметтен тыс мақсаттарда пайдалануына жол бермеуге жәрдемдесетiн әкiмшiлiк рәсiмдердi белгiлеуге бағытталған.
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.18 N 262; 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Әкiмшiлiк рәсiмдер деп:
1) мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттiк функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыру кезiнде шешiмдер қабылдау мен орындау тәртiбi және оларды ресiмдеу, оның ішінде электрондық нысанда ресімдеу;

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Осы Заң басқару қызметiн ұйымдастыруды жетiлдiруге, мемлекеттiк органдардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге, басқарушылық шешiмдердi жедел қабылдауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, мемлекеттік мүдделердi қорғауға, мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық өкілеттікті қызметтен тыс мақсаттарда пайдалануына жол бермеуге жәрдемдесетiн әкiмшiлiк рәсiмдердi белгiлеуге бағытталған.
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.18 N 262; 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1. Әкiмшiлiк рәсiмдер деп:
1) мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттiк функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыру кезiнде шешiмдер қабылдау мен орындау тәртiбi және оларды ресiмдеу, оның ішінде электрондық нысанда ресімдеу;
2) мемлекеттiк аппараттың жұмысын ұйымдастыру рәсiмi;
3) азаматтардың өз құқықтарын iске асыру жөнiндегi өтiніштерiн қарау рәсiмдерi, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн әкiмшiлiк қорғау рәсiмдерi;
4) экономика саласындағы шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң негiзгi бастаулары ұғынылады.
2. Мемлекеттiк органдар деп мемлекет атынан Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актiлер арқылы:
1) жалпыға бiрдей мiндетті мiнез-құлық ережелерiн белгілейтiн актiлер шығару;
2) әлеуметтiк мәнi бар қоғамдық қатынастарды басқару мен реттеп отыру;
3) мемлекет белгiлеген жалпыға бiрдей мiндеттi мiнез-құлық ережелерiнiң сақталуына бақылау жасау жөнiндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттік берiлген мемлекеттiк мекемелер ұғынылады.
2-1. Мемлекеттiк органның құзыретi деп мемлекеттiк орган қызметiнiң нысанасын айқындайтын оның белгiленген өкiлеттiктерiнiң жиынтығы ұғынылады;
мемлекеттiк органның өкiлеттiктерi деп мемлекеттiк органның құқықтары мен мiндеттерi ұғынылады;
мемлекеттiк органның құқықтары деп белгiлi бiр iс-әрекеттi жасау, басқа тұлғадан (басқа тұлғалардан) белгiлi бiр мiнез-құлықты (ic-әрекеттi немесе iс-әрекет жасаудан тартынуды) талап ету мүмкiндiгi ұғынылады;
мемлекеттiк органның мiндеттемелерi деп мемлекеттiк орган орындауға мiндеттi iс-әрекет шеңберi ұғынылады;
мемлекеттiк органның мiндеттерi деп мемлекеттiк орган қызметiнiң негiзгi бағыттары ұғынылады;
мемлекеттiк органның функциялары деп мемлекеттiк органның қызметтi өз құзыреті шегiнде жүзеге асыруы ұғынылады.
Мемлекеттік органның құзыреті, өкілеттігі, функциялары мен міндеттері Конституцияда, заңдарда және Президент, Үкімет, өзінен жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.
2-2. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-3. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-4. Алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
2-5. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-6. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-7. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-8. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-9. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-10. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-11. Мәліметтер нысаны - мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келетіні туралы ақпаратты қамтитын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген электрондық немесе өзге де нысандағы құжат.
3. Лауазымды адамдар деп осы Заңда мемлекеттiк функцияларды (өкiмет өкiлiнiң функцияларын) тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiмдiк немесе әкiмшілiк-шаруашылық функцияларын орындайтын адамдар ұғынылады.
Конституцияның, заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына байланысты лауазымды адамдар өздерiне жүктелген функцияларды:
1) жеке-дара өкiм жүргiзу тәртiбiмен мемлекеттiң нақты лауазымды адамының атынан;
2) нақты мемлекеттiк органда шешiмдер қабылдаудың заңдарда көзделген тәртiбiне байланысты жеке-дара өкiм жүргiзу тәртiбiмен не алқалық тәртiппен нақты мемлекеттiк органның және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң атынан жүзеге асыра алады.
4. Алынып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Алынып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.12 N 536, 2007.06.18 N 262, 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 N 337-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Осы Заңның қолданылу шектерi
1. Осы Заңда көзделген әкiмшiлiк рәсiмдер заң актiлерiмен реттелмеген бөлiгiнде:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Мемлекет басшысының қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың, Президентке тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың;
2) Қазақстан Республикасының Парламентi Палаталары, Орталық сайлау комиссиясы аппараттарының;
3) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Жоғарғы Соты мен өзге де соттары аппараттарының;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Премьер-Министрi Кеңсесiнің, орталық атқарушы органдарының;
5) Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi органдары аппараттарының;
6) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының қызметінде қолданылады.
7) алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы Заңда көзделген рәсiмдердiң күшi:
1) азаматтардың өтiнiштерiн қарауға және қаралу тәртiбi әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарда, қылмыстық iс жүргізу және азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген өзге де iстердi қарауға;
2) дайындалу рәсiмi өзге заң актiлерiнде көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi дайындауға;
3) жүзеге асырылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін стратегиялық, бюджеттікжәне экономикалық жоспарлау түрлеріне қолданылмайды.
Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.18 N 262, 2010.04.02 № 263-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-бап. Әкiмшiлiк рәсiмдердi белгілеу қағидаттары
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заңда көзделген әкiмшiлiк рәсiмдер:
1) заңдылық;
2) төменгi мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдарға бағынуы;
3) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;
4) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;
5) әкiмшiлiк рәсiмдерiнде көзделген iс-әрекеттер мен актiлердiң барлық азаматтар, ұйымдар мен лауазымды адамдар үшiн мiндеттiлiгi;
6) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерiнiң теңбе-тең болуы;
7) мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңдарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
8) мемлекеттiк билiктiң беделiн қолдау мен Қазақстан Республикасының беделiн түсiретiн және мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерге жол бермеу, соның iшiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңдарда белгіленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтау;
9) барлық деңгейдегi мемлекеттік органдар үшiн әкiмшiлiк рәсiмдер талаптарының бiрыңғай болуы;
10) барлық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiң лауазымды адамдары құзыреттерiнiң ара-жiгін айқын межелеу және олардың келісе отырып жұмыс iстеуi;
11) үнемдiлiк пен тиімділік қағидаттарына негізделеді.
12) алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.18 N 262; 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ
МЕМЛЕКЕТТIК ФУНКЦИЯЛАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫҚ ӨКIЛЕТТIКТЕРДI ЖYЗЕГЕ
АСЫРУЫ КЕЗIНДЕ ШЕШIМДЕР ҚАБЫЛДАУ ТӘРТIБI ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕСIМДЕУ
4-бап. Мемлекеттiк органдардың өз функцияларын жүзеге
асыруы кезiнде шешiмдер қабылдауы
1. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар мемлекеттiк функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыруы кезiнде құқықтық актiлер шығару арқылы шешiмдер қабылдайды.
2. Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiсi жеке қолданылатын актiлерге жатады, белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат болып табылады және:
1) бiр мәрте не уақыт бойынша өзге де шектеулi қолдануға есептелген;
2) жеке-дара белгiлi бiр тұлғаларға қолданылады;
3) жеке-дара белгiлi бiр тұлғалардың заңнамада белгіленген құқықтары мен міндеттерін қолданады және (немесе) іске асырады.
3. Жеке қолданылатын құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының заңдарына кiрмейдi және нормативтiк құқықтық актiлерге жатпайды.
4. Жеке қолданылатын құқықтық актiлердi қабылдау рәсiмдерi, олардың ресiмделуiн, орындалуын және орындалуына бақылау жасауды ұйымдастыру осы Заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-бап. Құқықтық актілерге және олардың ресiмделуiне
қойылатын талаптар
1. Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiсi мынадай талаптарға сай келуге тиiс:
1) құқықтық акт Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға және жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың құқықтық актiлерiне қайшы келмеуге тиiс;
2) құқықтық актiнiң құрылымы реттеу нысанасының толық ашылуын қамтамасыз етуге, ал мазмұны дайындалып жатқан құқықтық актiнiң бiркелкi түсiнiлуi мен қолданылуын қамтамасыз етуге тиiс;
3) құқықтық актiде белгiленiп отырған шаралардың мазмұны анық баяндалуға, құқықтық актiнiң күшi қолданылатын және (немесе) оларды белгiленген мерзiмде iске асыру үшiн жауапты адамдар тобы айқын белгiленуге тиiс;
4) басқарудың төменгi деңгейлерiнде iске асыруды қажет ететiн құқықтық актiлерде белгiлi бiр мемлекеттiк органдарға және (немесе) лауазымды адамдарға оларды орындау жөнiнде берiлетiн нақты тапсырмалар болуға тиiс.
2. Мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн құқықтық актiлерi қабылданған кезiнен бастап жарамсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылмауға тиiс.
3. Әртүрлi деңгейдегi мемлекеттiк органдар қабылдаған құқықтық актiлер бiр-бiрiне қайшы келген жағдайда, жоғары тұрған мемлекеттiк органның құқықтық актiсi қолданылады.
4. Бiр деңгейдегi мемлекеттiк органдар қабылдаған құқықтық актiлер бiр-бiрiне қайшы келген жағдайда осы шешiмдi қабылдау құзыретiне кiретiн органның құқықтық актiсi қолданылады. Мүдделi тұлғаның арызы бойынша бiр құқықтық актiнiң басқа құқықтық актiден басымдығы туралы шешiмдi жоғары тұрған мемлекеттiк орган немесе сот қабылдайды.
5. Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiсiнде, осы баптың 1-тармағында көзделген талаптардан басқа, мынадай деректемелер болуға тиiс:
1) құқықтық актінiң атауы;
2) сол актіде қаралатын нысананы белгiлейтiн тақырып;
3) актiнің қабылданған орны мен күнi;
4) тиiстi актiге қол қоюға уәкiлетті адамның (адамдардың) қойған қолы (қолдары);
5) органның мөрi.
6-бап. Құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру мен
бақылау
1. Құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың (лауазымды адамдардың) қабылданған шешiмдi уақтылы және толық орындау жөнiндегi ұйымдастыру шараларын әзiрлеуi мен қабылдауы болып табылады.
2. Қажет болған жағдайда құқықтық актiнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган (лауазымды адам) оны орындау жөнiндегi ұйымдастыру шараларының жоспарын әзiрлеп, бекiтедi, ол тiкелей орындаушыларға жеткiзiледi.
3. Егер құқықтық актiде оны орындаудың нақты мерзiмдерi мен тiкелей орындаушылары айқындалмаса, оларды орындаушы мемлекеттiк орган немесе жоғары тұрған орган белгiлейдi және дереу тiкелей орындаушылардың назарына жеткiзiледi.
4. Қабылданған шешiмдердi уақтылы және толық орындау мақсатында мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға тиiс.
5. Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7-бап. Құқықтық актiнiң орындалуын бақылауды жүзеге
асыру тәртiбi
Құқықтық актінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-бап. Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiлерiнiң
күшiне енуi және қолданылуының тоқтатылуы
1. Егер мемлекеттiк органның құқықтық актiсiнде неғұрлым кеш мерзiм белгiленбесе, ол қабылданған кезiнен бастап күшiне енедi.
2. Мемлекеттiк органның құқықтық актiсi осы құқықтық акт арналған адамдар оның талаптарын немесе онда қамтылған тапсырмаларды орындаған кезден бастап қолданылуын тоқтатады.
3. Құқықтық актiнiң қолданылуы тоқтатылғанға дейiн бұл құқықтық актiнi қабылдаған мемлекеттiк орган, одан жоғары тұрған мемлекеттiк орган не сот оның қолданылуын тоқтата тұруы, өзгертуi немесе күшiн жоюы мүмкiн.
4. Мүдделi тұлғалардың жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа құқықтық актiнiң күшiн жою, оны өзгерту немесе қолданылуын тоқтата тұру туралы өтініш беруi тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн құқықтық актiнiң (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актісін, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларын қоспағанда) қолданылуын тоқтата тұрады.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ РӘСIМДЕРI
9-бап. Мемлекеттік органдардың жұмысын жоспарлау
1. Мемлекеттік органдар өз қызметін стратегиялық және операциялық жоспарларға, сондай-ақ қажет болған жағдайда тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
2. Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін мемлекеттік органдар өз қызметін тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның жұмыс жоспарлары органның құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде және құқықтықжәне нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін алдын ала жасалады.
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері өз жұмыс жоспарларын осы органның жұмыс жоспарының негізінде жасайды.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-1-бап. Регламент, мемлекеттік орган және мемлекеттік
органның құрылымдық бөлімшесі туралы ереже
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Мемлекеттік орган өз қызметін ұйымдастыру және оның ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды.
2. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4-1. Мемлекеттік органның мәртебесі мен құзыреті мемлекеттік орган туралы ережемен айқындалады.
Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу мен бекіту жөніндегі нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Мемлекеттік орган туралы үлгі ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
5. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін айқындау мәселелері бойынша ереже бекітіледі.
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Ескерту. 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.06.18 N 262, жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - 2011.07.05 N 452-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін), 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
9-2-бап. Мемлекеттік органның функциялары
Мемлекеттік органның функциялары стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау функциялары болып бөлінеді:
жоспарлы құжаттарды әзірлеу, қабылдау, мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындау, халықаралық қатынастарды, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар стратегиялық функциялар болып табылады;
мемлекеттік функциялардың іске асырылуын нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі функциялар реттеушілік функциялар болып табылады;
жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуге, оның ішінде рұқсаттарды, сондай-ақ оларға қосымшаларды беруге, ұзартуға, қайта ресімдеуге, қалпына келтіруге және оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады;
жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік мекемелер қызметінің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және бақылау жөніндегі функциялар бақылау функциялары болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік органдардың құрылымында функцияларды стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау деп бөлуді - Қазақстан Республикасының Президенті, ал орталық атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында өздеріне көзделмеген функцияларды жүзеге асыруына тыйым салынады.
Ескерту. 9-2-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.27 N 315, өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Tабиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу
Оқушылар ұжымы және оның қалыптасу кезеңдері
Қазақстан Республикасының сайлау құқығы және сайлау жүйелері
Қызметкерді басқару әдістері
Өндіріс шығындарының есебін жүргізу
Аудиттің негізі, мақсаты және мәселелері
Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері
Сот жүйесін реформалау және сот органдары қызметі
Ұйымдағы ішкі бақылауды ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Шығындардың экономикалық элементері
Пәндер