Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды реттеу Заңы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Ескерту. Мәтінде сөздер алмастырылды - ҚР 2006. 01. 10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009. 02. 09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Ескерту. Тақырыбы мен кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР 2009. 02. 09 N 126-IV Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) .
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) », «облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) », «Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) », «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) », «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) », «Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) », «облысты (республикалық маңызы бар қаланы, астананы) », «облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) », «Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) », «облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) », «Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық және астаналық) », «Облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) », «Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) », «облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) », «облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) » деген сөздер тиісінше «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «облыс, республикалық маңызы бар қала және астана», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана», «Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы», «облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық», «Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «облыс, республикалық маңызы бар қала, астана», «Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық», «Облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана», «Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық», «облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана», «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2011. 07. 22 N 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «ауылдық (селолық) », «ауыл (село) », «ауылдың (селоның) », «ауылдарда (селоларда) », деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауыл», «ауылдың», «ауылдарда» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03. 07. 2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) .
РҚАО-ның ескертпесі!
Бүкіл мәтін бойынша «ставкаларын», «проценті», «проценттен» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерін», «пайызы», «пайыздан» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 28. 11. 2014 № 257-V Заңымен (01. 04. 2015 бастап қолданысқа енгізіледі) .

Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әкім - жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігі және өзін-өзі басқару функциялары берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі;
2) әкім аппараты - жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда) және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме;
3) әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасы - тиісті аумақта орналасқан, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар жүйесі;
3-1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасы - мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою бойынша құзыреті шегінде жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихаттық және өзге де шаралар кешені;
4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме;
6) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
6-1) жергілікті қоғамдастық жиналысы - жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;
6-2) жергілікті қоғамдастық жиыны - тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті мәні бар аса маңызды мәселелерді шешуге тікелей қатысуы;
7) жергілікті маңызы бар мәселелер - реттелуі осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінесәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері;
8) жергілікті мемлекеттік басқару - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық құзыреті шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі;
9) жергілікті өзін-өзі басқару - халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын осы Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;
10) жергілікті өзін-өзі басқару органдары - осы Заңға сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар;
11) жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;
12) мәслихат аппараты - тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме;
13) мәслихат сессиясы - мәслихат қызметінің негізгі нысаны;
14) мәслихат сессиясының төрағасы - мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық-билік ету функцияларын жүзеге асыратын, мәслихаттың лауазымды адамы;
15) орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі - тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс шегінде орталық атқарушы органның функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009. 02. 09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 13. 06. 2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен; 03. 07. 2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

2-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі
басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы

Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009. 02. 09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз) Заңымен.

1. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Осы Заң Алматы қаласының айрықша мәртебесi және астана мәртебесi туралы заңдарға қайшы келмейтiн бөлiгiнде Алматы қаласы мен астананың аумағында қолданылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009. 02. 09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

2-1-бап. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру
негіздері

1. Жергілікті өзін-өзі басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл шегінде жеке жүзеге асырылады.
2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қоғамдастық мүшелері тікелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың әкімі мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады.
3. Жергілікті қоғамдастық жиыны және жергілікті қоғамдастық жиналысы жергілікті қоғамдастық қызметінің нысаны болып табылады.
Ескерту. Заң 2-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009. 02. 09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 13. 06. 2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен.

3-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі
басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық
негiзi

1. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзiн:
1) жергiлiктi бюджет;
2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiліп берілген мүлiк;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiк құрайды.
2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыруға құқылы.
3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздері мынадай түсімдерден қалыптастырылады:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беруден түсетін кірістер;
1-1) облыстық бюджеттен және (немесе) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер;
2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;
3) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:
аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумақтары арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;
аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумақтары арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;
аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;
аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;
ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы;
4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204, 386, 408 және 505-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін алатын айыппұлдар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер.
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша есептеледі және төленеді.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 13. 06. 2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 05. 12. 2013 № 152-V (01. 01. 2014 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 05. 07. 2014 № 236-V (01. 01. 2015 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 29. 09. 2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) ; 28. 11. 2014 № 257-V (01. 04. 2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Мәслихаттар мен әкiмдіктер үшiн белгiленетiн
негiзгi талаптар мен шектеулер

1. Мәслихаттар мен әкiмдіктер өз қызметiнде:
1) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

2. Мәслихаттар мен әкiмдіктерге Қазақстан Республикасының шегiнде бiрыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетудi еркiн алмасуға кедергi келтiретiн шешiмдер қабылдауға тыйым салынады.

3. Мәслихаттар мен әкiмдіктер қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиiс.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012. 01. 09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-тарау. МӘСЛИХАТТАРДЫ ҚҰРУ, ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТI ЖӘНЕ
ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ

5-бап. Мәслихаттарды құру тәртiбi

1. Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
2. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
3. Тиiстi мәслихат депутаттарының санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде: облыстық мәслихатта, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарында - елуге дейiн; қалалық мәслихатта - отызға дейiн; аудандық мәслихатта - жиырма беске дейiн белгiлейдi.
4. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген оның депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшi сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледi.
5. Мәслихаттар депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарымен регламенттеледi.
6. Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.
7. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қайта ұйымдастырылған (бiрiккен, қосылған, қайта құрылған, бөлiп шығарылған немесе бөлiнген) жағдайда жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейiн мәслихат депутаттары өз өкiлеттiгiн сақтайды және құрамына өз сайлаушыларының басым бөлiгi кiрген, қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады.
Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс таратылған жағдайда тиiстi мәслихат таратылады.
8. Мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009. 02. 09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

6-бап. Мәслихаттардың құзыретi

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ, БИЛІК ЖҮЙЕСІ
Атқарушы биліктің орталық органдары
Мемлекет басқару жүйесі реформасының бесінші кезеңі
Жергілікті атқарушы органдардың түсінігі
Конституциялық құқық пәнінен дәрістер
Конституциялық құқық әдістері
Атқарушы билік
Әкімшілік қызметтегі заңдылықты қамтамасыз етудегі өзекті мәселелер
Жергілікті атқарушы билік органдары туралы
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының конституциясын құқықтық негіз ретінде қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz