Өнім өндіру мен өткізуді талдау



1 Өнім
2 Өндіріс шығындарының классификациясы
3 Өнім өндіру мен өткізу
4 Өнімді өткізу және тарату
5 Өнімді өткізудің маркетингтік жүйелері
6 Кәсіпорындағы өткізу қызметінің рөлі
7 Өндірістік және өткізілетін өнімдердің жоспарлық орындалуы мен динамикасын талдау
Өнім– 1) белгілі бір уақыт аралығында дүние жүзінде, елде, кәсіпорында, т.б. өндірілген өнімдердің бүкіл көлемі; ғылыми-техникалық талдамаларды, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді, халық тұтынатын тауарларды, құрылыс нысандарын, жұмыстарды, қызметтерді қоса қоғамдық және жеке бастың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған еңбек қызметінің нәтижесі; кәсіпорында дайындалған өнім. Еңбек нәтижелері заттандырылған (шикізат, материалдар, тамақ, химия өнімдері, техикалық қондырғылар мен олардың бөлшектері) және заттандырылмаған (энергия, ақпарат, көрсетілетін қызметтің кейбір түрлері) болуы мүмкін. Өнім тұтыну құнымен – белгілі бір тиімділікті қанағаттандыра алуымен және құнмен – оны дайындауға жұмсалған қоғамдық еңбекпен сипатталады.

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Өнім - 1) белгілі бір уақыт аралығында дүние жүзінде, елде, кәсіпорында, т.б. өндірілген өнімдердің бүкіл көлемі; ғылыми-техникалық талдамаларды, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді, халық тұтынатын тауарларды, құрылыс нысандарын, жұмыстарды, қызметтерді қоса қоғамдық және жеке бастың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған еңбек қызметінің нәтижесі; кәсіпорында дайындалған өнім. Еңбек нәтижелері заттандырылған (шикізат, материалдар, тамақ, химия өнімдері, техикалық қондырғылар мен олардың бөлшектері) және заттандырылмаған (энергия, ақпарат, көрсетілетін қызметтің кейбір түрлері) болуы мүмкін. Өнім тұтыну құнымен - белгілі бір тиімділікті қанағаттандыра алуымен және құнмен - оны дайындауға жұмсалған қоғамдық еңбекпен сипатталады. Осыған байланысты оны есепке алу мен жоспарлау заттай тұлғада ғана емес, ақшалай тұлғада да жүргізіледі. Өнімге заттай (машина, жабдық, аяқ киім, т.б.) және өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстарға (жөндеу жұмыстары, сақтау, буып-түю, тасымалдау, т.б.), негізгі және жанама өнім түрлеріне бөлінеді. Аяқталған жұмыстар кешені, құрылыс нысаны да Өнім деп ұғынылады. Негізгі түріне өндірістің жалпы көлеміндегі үлес салмағы көп және кәсіпорын дайындауға бағдарланған Өнім жатады. Жанама түріне негізгі Өніммен қатар бірыңғай технол. үдеріс барысында жасалатын Өнім(мысалы, мақта тазарту, май шайқау зауыттарындағы қалдықтар, астық өндірісіндегі сабан, т.б.) жатады. Ө. шаруашылық салаларына қарай: өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, сауда, қоғамдық тамақтандыру, мал ш., өсімдік ш. Ө-деріне ажыратылады. 2) Адам еңбегінің заттанған немесе бейматериалдық нәтижесі (зат, ғылыми ашылым, идея), яғни адам еңбегінің, шаруашылық қызметтің заттай нысанда немесе нәтижесі материалдық-заттай нысанда (материалдық өнім), рухани нысанда не бейматериалдық-зияткерлік, рухани, ақпараттық нысанда (зияткерлік өнім, ғылыми ашылым, идея) не орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер түрінде бейнеленген нәтижесі.
Өнім сапасы - өнімнің сатып алушының белгілі бір қажеттерін қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын сапалық қасиеттерінің жиынтығы және тиімділігінің өлшемі. Өнім сапасының көрсеткіштері абсолюттік, салыстырмалы немесе меншікті көрсеткіштер болуы мүмкін. Өнімнің сапалық қасиеттері өнімнің өндірістік және тұтынушылық қасиеттері болып бөлінеді. Өнімнің өндірістік қасиеттері оны әзірлеу барысында қалыптасады және оған өнімді дайындау сатысында қол жеткізіледі. Өнімнің тұтынушылық қасиеттері тұтынушылардың нақты сұранымын қанағаттандыруға бағытталған. Қолданыстағы стандарт талаптарына сай келетін өнім тұтынуға жарамды деп есептеледі. Осы талаптарға сай келмейтін өнім сапасыз өнімге жатқызылады. Жоғары сапалы өнімде жақсартылған немесе жаңа тұтынушылық қасиеттер болуға тиіс және өнімділік, беріктік, төзімділік, материал сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы, шикізат шығыны жөнінен орташа көрсеткішпен салыстырғанда елеулі сапалық және сандық көрсеткіштерге ие болуға тиіс. Өнім сапасына қойылатын талаптарды тұтынушылар (тапсырыс берушілер), сарапшылар, дайындаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар қалыптастырады және тиісті нормативтік-техникалық құжаттар мен шарттарда баянды етіледі. Қолданыстағы заңдар тұтынушылардың мүдделерін көздей отырып, қоғамдық өндіріске қатысушылардың ғылыми-техникалық, өндірістік, құрылыс, ауыл шаруашылық өнімдерінің, көлік, жабдықтау, сауда, т.б. қызмет түрлерінің сапасын қамтамасыз етумен байланысты міндеттерін айқындап, заң жүзінде бекітеді.
Өндіріс шығындарының классификациясы

Жоғарыда келтірілген схемаға мынадай тұжырым жасауға болады. Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.
Экономикалық шығындар ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді.
Айқын шығындар - өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға ресурстарды сатып алу шығындар; жұмысшылар; қызметкерлерге жалақы төлеу, көлік шығындары т.б.
Айқын емес шығындар - өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б.
Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:

Тұрақты шығындар - (FC) белгілі уақыт аралығында өндіріс пен өткізу көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындарды атаймыз. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін бөлігіне паралельді түзу сызық көрсетеді.

Тұрақты шығындарға: облигациялық заем, міндетті төлемдер, ренталық төлемдер; ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемдерінің бөлшегі; сақтандыру жарналары, жұмысшылардың еңбек ақысы т.б. Олар старттық (бастапқы) және қалдық шығындар болып бөлінеді. Старттық шығындарға - өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады. Бұл шығындарды координата осінде көруге болады.

Қалдық шығындар дегеніміз - өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытта толық тоқтағанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорындардың тұрақты шығындардың бір бөлігін жатқызуға болады.
Өзгермелі шығындар (VC) - белгіленген мерзімде өнімді өткізу мен өндіру көлеміне тікелей байланысты шығындар. Оларға жалақы, шикізат отын, көлік қызметіне, электр жүйесіне шығындар. Ол шығындарды кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерте отырып болжай алады. Өзгермелі шығындар 3 түрге бөлінеді:
1. Пропорционалды өзгермелі шығындар - егер көлемі мен шығындарының өзгерісіне пара-пар келсе қалыптасады.
2. Дегерессивтік өзгермелі шығындар - шығындардың салыстырмалы өсуі өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болған жағдайда қалыптасады.
3. Прогрессивтік өзгермелі шығындар - өзгермелі шығындардың өсуі өндіріс көлемінен артық болған жағдайда орындалады.

3. Кәсіпорынның жалпы шығыны (ТС) деп тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысынан тұрады.

Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі шығындардың сомасындай шамаға өсіп отырады. Кәсіпкер үшін өнімнің бір бөлігін өндіруге жұмсалған шығындардың маңызы зор. Ол орташа шығындар деп аталады.
4 Өндірістің тиімділігін және табыстылығын анықтайтын шығындар:
4.1. Өнім өндірісінде бір данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа шығындар есептелуі:
- орташа тұрақты шығындар;
- орташа өзгермелі шығындар;
- орташа жалпы шығындар.
Осы көрсеткіштер арқылы фирманың пайдасын анықтауға болады:
1. Егерде тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) кем болса, яғни РАТС, фирма шығынға қалады.
2. Егер тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) артық болса, РАТС, фирма әр бір тауардан осы айырмашылық көлемде пайда алады.
3. Егер баға орташа шығындарға тең болса, яғни Р=АТС, фирма нолдік жағдайда болады, пайда да алмайды, шығынға да қалмайды.
1.1. Өнім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындар МС есептеледі.
Шекті шығындар - бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.
Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар өзгермейді. Сондықтан өндірілген өнім көлеміне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі түрде болады.
Тұрақты (ҒС) шығындар - фирма өнім өндірмеген жағдайда да төленетін шығындар. Өзгермелі (VС) өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын шығындар (шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына т.б. кететін шығындар.)

1. МС= ТС, мұнда: МС-шекті шығындар,
Q Q = өндірілген өнім саны.

3. АС = ТС ,
Q АС - орташа жалпы шығындар.

4. АҒС = ҒС . АҒС- орташа тұрақты шығындар.
Q

2. АVС = VС АVС - орташа өзгермелі шығындар.
Q
Фирма тұрақты шығындарын өтеген соң қысқа мерзімнен ұзақ мерзім кезеңге ауысады. Мұндай жағдайда кәсіпорын іс-әрекетін жалғастыратын болса, фирманың барлық шығындары өзгермелі болады.
Егер өнімнің қосымша бірлігін өндіру шығыны сату бағасынан арзан болса, онда шекті шығындар фирманың өнімінің бағасымен теңескенше, фирма өндірісті кеңейте береді.
Қысқа мерзімде шекті шығындардың қисығы U формада болады, бұл қысқарманы табыстылық заңымен байланысты еселеп өсіп отыратын қосымша күш шектелген немесе тіркелген өндіріс факторларында қолданылады. Оны төмендегі қисықтан көреміз

Бастапқыда шекті шығындар азаюы мүмкін, бұл өндіріс масштабының өсуі табыстылықты өсіретін масштабының эффектісімен байланысты. МС, АС және АVС қисық сызықтарының тәртібі шекті-орташа деп аталатын ережеге бағынады. Осыған сәйкес, шекті шығындар орташа шығындардың барынша төмен мағынасына тең болады.

Яғни MC=minAC
Егер нарықтық баға (Р) фирма белгісімен және оған өндіріс көлемі сәйкес деп есептесек, онда ол өнімді Qont оның бағасы шекті шығындармен теңескенше өндіруге болады. Одан ары өндіру тиімсіз.
Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал жабдықтарының шығындарынан тұрады. Фирма өндіретін өнім бірлігі - зат немесе құн түрінде өндіріс нәтижесін, яғни оның тиімділігін құрайды.
Фирманың басты мақсаты - пайда табу. Пайда дегеніміз - табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Табыс дегеніміз - сатқан өнімнен түскен түсім. Шығындарға сәйкес табыстардың бірнеше түрі болады:
1. Жалпы табыс - ТR = PxQ
2. Орташа табыс - АR = TR = P Q
3. Шекті табыс - MR = ТR
Өндірісті ұйымдастыру кезінде әдетте кәсіпкер өндірістік процестің тиімді болуын қалайды. Сондықтан өндірістегі өзгермелі фактордың ықпалын анықтау үшін тиімділік көрсеткіштері қолданылады: жалпы, орташа және шекті өнім. Жалпы өнім (Q) - өзгермелі факторлардың белгілі бір көлемін қолданғандағы өндірілген өнімнің саны.
Орташа өнім (АР) - көрсеткіш жалпы өнімді (Q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:

АР =
мұнда Ғ1-өзгермелі факторлар
Шекті өнім (МР) - бұл көрсеткіш жалпы өнімнің (Q) өзгеруін өзгермелі фактордың (Ғ1) өзгеруіне бөлумен анықталады:

Масштаб эффектісі ұзақ мерзім кезеңінде фирманың іс-әрекет процесінде пайда болады. Бұл процесте орташа шығындар мен өндірістің қарқыны өзара байланыста болады. Өндірістің қарқыны өскен сайын белгілі бір кезеңге дейін орташа шығындар азая береді, яғни масштаб эффектісі дегеніміз - өндіріс қарқынының (күш, куаты) өсуі арқылы ресурстардың тиімділігінің артуы, яғни үнемділігінің өсуі. Мұның мағынасы: өндіріс кеңейіп өсе бастағанда, барлық факторлар іске кіріскенде өнімнің саны өсе бастайды да шығындардың азаюына төмендегі себептер әсерін тигізеді:
1. Еңбектің мамандандырылуы. Өндіріс күрделенген сайын, жоғары деңгейлі кәсіптік жұмысшыларға қажеттілік өседі. Осы жағдайда еңбектің өнімділігі де өседі.
2. Басқару аппаратының мамандандырылуы.
3. Капиталды тиімді пайдалану. Фирманың қарқыны өскен сайын, қымбат құрал-саймандарды сатып алу мүмкіншілігі туады.
4. Тәжірибелік жұмыстарға ғылыми зерттеу жүргізу қаржыландырудың артықшылығы.
5. Жарнаманы қаржыландырудың артықшылығы.
6. Тауар өткізуді (сатуды) қаржыландырудың артықшылығы.
Сонымен, осы келтірілген факторлар бір данаға кететін шығындарды азайтуға мүмкіншілік береді. Бірақ та өндіріс қарқыны өсуінің шегі болады. Келесі бір кезеңде өндіріс қарқыны баяулайды да, шығындардың өсімі өндірістің өсуіне әсерін тигізе де алмайды, сонымен бір данаға шаққандағы шығындар өсе бастайды, себебі кәсіпорын өзінің тиімді қарқынының ең жоғары деңгейіне жеткеннен кейін, келесі кезеңдегі өндірістің өсуі шығынға әкеледі де өндірістің жағымсыз жағдайы пайда болады.
Фирманың қысқа мерзімдегі тепе-теңдігі: қазіргі кезеңдегі экономикалық теорияның дәлелдеуі бойынша кәсіпорын пайданы ең жоғары деңгейде (шығындардың ең төмен деңгейі) шекті табыс шекті шығынға тең болған жағдайда алады. (МR=МС).
Қысқа мерзім кезеңіндегі фирманың тепе-теңдігін 4 типке бөлуге болады:
1. Өзінің орташа өзгермелі шығындарын ғана (АVС=Р) жаба алатын фирманы шектеулі деп атайды. Мұндай фирма аз ғана уақытта ғана шаруашылығын жүргізеді.
2. Баға төмендеген жағдайда фирма бәсекеге түсуге қабілетсіз болады, яғни ағымдағы шығындарын жаба алмаған соң саладан кетуге мәжбүр болады. (АVС Р) Бұл пайдасыз фирма деп аталады.
3. Егерде баға жалпы орташа шығындардан артық болса (АТСР), онда фирма әдеттегіден тыс артық пайда алады. Бұл артық пайда алатын фирма деп аталады.
4. Баға өскен жағдайда фирма ағымдағы шығындармен қатар барлық шығындарын жауып, орташа шамада пайда алатын болса, бұл әдеттегі пайда алатын фирма деп аталады.
Ұзақ мерзім кезінде фирма орташа шығындарын азайту арқылы өндірісін кеңейтуге ұмтылады. Өнімділіктің өсуімен орташа жалпы шығындар азаяды, керісінше өнімділіктің азаюымен орташа шығындар өседі.
ӨНІМ ӨНДІРУ МЕН ӨТКІЗУДІ ТАЛДАУ
Өнім өндіру мен өткізу көлемін талдаудың қажеттілігі, міндеттері және ақпарат көздері Қазіргі кезде әрбір кәсіпорын шаруашылық қызметін өз бетімен жоспарлап, өндіретін өніміне (қызмет, жұмыс) нарықтағы сұранысты зерттеудің негізінде өзінің даму болашағын анықтай алады. Егер жоспарлы экономика жағдайында бірінші орынға өндірістік көрсеткіштер қойылса, ал нарық жағдайында өнімді өткізу көлемі өндірістік бағдарламаны жасаудың негізі болып табылады. Кез келген кәсіпорын өз қызметінде тұтынушылардың мүдделері мен өндірілетін өнімнің сапасына қоятын талаптарын басты назарда ұстауы тиіс. Кәсіпорын өнімін нарықта нақты өткізе алатындай көлемде ғана өндіруі қажет. Өнімді өндіру мен өткізу көлемі - бұл кәсіпорын қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер және оларды талдау кәсіпорынның өндіріс пен өткізу көлемін жоспарлаудағы қызметін бағалауда маңызы зор. Өнімді өндіру мен өткізу көлемінің өсу қарқыны, оның сапасының жақсаруы кәсіпорынның қаржылық нәтижелеріне, яғни табыс пен шығынның мөлшеріне, рентабельділік деңгейіне тікелей әсер етеді. Сондықтан әрбір өнеркәсіптік кәсіпорынның жұмысы өнімді өндіру мен өткізу көрсеткіштерін зерттеуден басталады. Кәсіпорын қызметі көрсеткіштерінің серпінін бағалау үшін өндірістік бағдарламаны жасауда және талдауда бастапқы өлшемдердің өзгеру индекстері (өсу қарқындары) және бастапқы өлшемдердің абсолютті өсімдері қолданылады. Өндірісті жоспарлауда жылдық көлем өнім өндіру мен тұтас кәсіпорын қызметінің бір қалыптылығын қамтамасыз ету үшін тоқсандарға бөлінеді. Өнімді өндіру мен өткізу көлемін талдаудың негізгі міндеттері: Өнімді өндіру мен өткізу серпіні мен жоспарының орындалу деңгейін бағалау; Осы көрсеткіштер мөлшерінің өзгерісіне факторлардың әсерін анықтау; Өнімді өндіру мен өткізу көлемін арттыратын ішкі шаруашылық резерв қорларын ашу; Көрсетілген резервтерді жүзеге асыру шараларын жасау. Өнімді өндіру мен өткізу көлемі заттай, шартты-заттай, еңбек және ақшалай (құндық) өлшемдерде болады. Өнім өндірудің жалпылама көрсеткіштері құндық бағалаудың (ағымдағы және салыстырмалы бағаларда) көмегімен анықталса, ал өнімді өткізу көлемі тауарды сатып алушыларға тиеп жіберу немесе оның ақысын төлеуімен анықталады. Өнімді өндіру мен өткізу көлемінің заттай көрсеткіштері біртекті тауарды жекелеген түрлері мен топтары бойынша талдауда қолданылады. Ал шартты-заттай көрсеткіштер ақшалай өлшемдер сияқты өнім өндіру көлемін жалпылама сипаттау үшін қолданылады. Мысалы, мың шартты банкі, шартты жөндеулер саны, т.с.с. Нормативті еңбек шығындары көп номенклатуралы өнім өндірісінде, яғни заттай және шартты-заттай өлшемдерді пайдалану мүмкін болмаған жағдайда өндірілген өнім көлемін жалпылама сипаттау үшін қолданылады. Өнім өндіру көлемі тауарлы және жалпы өнім көлемі көрсеткіштерімен көрсетіледі. Тауарлы өнім - барлық өндірілген тауарлардың (қызметтер) құны. Ал жалпы өнімге барлық өндірілген тауарлардың (қызметтер) құнымен қоса аяқталмаған өндіріс жатады. Өнімді өткізу көлемі мына екі әдіспен анықталады: тиеп жіберілген тауарлардың, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің құны; ақысы төленген тауарлардың, қызметтер мен жұмыстардың құны. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі жөніндегі барлық ақпараттар жиыны экономикалық талдаудың ақпараттық базасын құрайды. Кәсіпорынның өнім өндіру мен өткізу көлемін талдаудың есептік және есептен тыс ақпарат көздеріне мыналар жатады: Баланс, пайда және зиян туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру мәліметтері; Бизнес-жоспар, өндірістік бағдарлама, өндіру кестесі; Соңғы бірнеше жылдағы өнім шығару есебі; Бас кітап, №11 журнал ордер; Өнімді шығаруға ұсынылатын құжат (накладная), сапа сертификаты, өнім ақауының актісі және т.б. Өнімді өндіру мен өткізу жоспарының орындалуын талдау Өнім өндіру мен өткізу көлемін талдау оның серпінін, өсуі мен өсімінің базистік және тізбекті қарқындарын есептеуден басталады. Талдау барысында нақты орындалған көрсеткіштер мәні жоспарлы, яғни өткен кезең көрсеткіштерімен салыстырылады. Сөйтіп жоспардың пайыздық орындалу деңгейі, жоспарлы мәнінен немесе базистік кезең көрсеткіштерінен абсолютті және салыстырмалы ауытқулары есептеледі. Базистік өсу қарқыны базистік кезеңге қатысты анықталады: (3.1) Ал тізбекті өсу қарқыны өткен кезеңмен анықталады: (3.2) мұндағы, Vi-1, Vi - сәйкесінше i-1 және i-ші кезеңдегі салыстырмалы бағада ақшалай нысандағы тауар өндірісінің көлемі; V0 - салыстыруға алынған кезеңдегі тауар өндірісінің көлемі. Алынған көрсеткіштердің негізінде орташа геометриялық (Торг) өлшем бойынша аталған көрсеткіштердің өсуі () мен өсімінің () орташа жылдық қарқындарын есептеуге болады. (3.3) (3.4) 3.1-мысал: Төмендегі 4-ші кестеде берілген өнімді өндіру мен өткізудің өсу қарқынына талдау жасаймыз. Кесте 4 - 2007-2010 жж. салыстырмалы бағадағы өнімді өндіру мен өткізу қарқынын талдау Өндіріс көлемі, млн теңге Өсу қарқыны, % Сату көлемі, млн теңге Өсу қарқыны, % базистік тізбекті базистік тізбекті 2007 50 100,0 100,0 49,5 100,0 100,0 2008 52,4 52,6 2009 55,8 54,3 2010 54,1 53,5 Сонымен үш жыл ішінде тізбекті өсу қарқынының негізінде өндіріс пен өткізу көлемі де бірдей 3,9 пайызға өскен. Есепті кезеңдегі (ай, тоқсан, жыл) өнімді өндіру мен өткізу жоспарының орындалуын бағалау төмендегі 5-кестеде келтірілген әдіс бойынша жүргізіледі. 3.2-мысал: Өнімді өндіру мен өткізу жоспарының орындалуын бағалаймыз. Өнім өндіру мен өткізу жоспарының орындалуын талдау Бұйым Жоспарланған бағадағы өнім өндіру көлемі, млн.теңге Жоспарланған бағадағы өнім өткізу көлемі, млн.теңге жоспар нақты +,- жоспарға %-бен жоспар нақты +,- жоспарға %-бен А 28,8 25,2 -3,6 -12,5 28,5 24,25 -4,25 -14,9 В 33,6 33,3 -0,3 -1,0 33,6 31,8 -1,8 -5,35 С 19,2 22,2 +3 +15,5 18,9 21,35 +2,45 +13,0 D 14,4 20,3 +5,9 +40,0 14,25 19,2 +4,95 +34,7 Барлығы 96,0 100,8 +4,8 +5,0 95,25 96,6 +1,350 +1,42 Кестеден есепті кезеңдегі дайын өнімді шығару жоспары 5%-ға артық орындалғанын, ал өткізу жоспары тек 1,42%-ға ғана артық орындалғанын байқаймыз. Бұл жағдай өткізілмеген өнім қалдығының өсуін білдіреді. Сонымен өнімді өндіру мен өткізу жоспарының орындалуын талдау кәсіпорындағы жоспарлау сапасын, яғни ұйымның алдына қойған мақсаттарына жету мүмкіндігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Өнімді өндіру мен өткізу көлеміне кәсіпорынның қаржылық жағдайы, яғни пайдасы, төлем қабілеттілігі және т.б. тікелей байланысты. Жоспардың орындалуын ай, тоқсан, жыл сайын тұрақты түрде талдау қажет. Өнімді өткізу көлемін талдау өнімді жеткізудегі келісім міндеттемесінің орындалуын талдаумен тығыз байланысты. Өйткені келісім-шарт бойынша жоспардың орындалмауы кәсіпорынның өнімді өткізу нарығын жоғалтуына, сөйтіп өндірісінің құлдырауына әкеп соқтырады. Өнімнің ассортименті мен құрылымын талдау Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесіне өнімді өндіру мен өткізу ассортименті мен құрылымы елеулі әсер етеді. Өндірілетін өнімнің ассортименті мен оның құрылымын анықтауда нарықтағы сұраныс пен кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігін, яғни қолда бар материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді етіп пайдалану жағдайын есепке алу қажет. Ассортимент - әрбір түрі бойынша шығарылған көлемі көрсетілген өнім атауларының тізімі. Ал өнім ассортиментінің құрылымы - бұл кәсіпорынның жалпы өндіріс көлеміндегі әрбір өнім атауының өндіріс көлемінің үлесі. Өнім ассортиментін талдау ассортимент бойынша жоспардың орындалуын бағалаудан басталады. Номенклатура бойынша жоспардың орындалуын бағалау номенклатурадағы өнімнің негізгі түрлері бойынша олардың жоспарлы және нақты өндіру көлемдерін салыстыруға негізделеді. Номенклатура - бұл коды көрсетілген бұйымдар атауының тізімі. Ассортимент бойынша жоспардың орындалуын бағалау төмендегі үш әдіс бойынша жүзеге асырылады: 1) ең аз пайыз әдісі бойынша; 2) бұйымдар атауының жалпы тізіміндегі орындалған өнім өндіру жоспарының үлес салмағын анықтау; 3) ассортименті бойынша жоспардың орындалу коэффициентін есептеу. Ассортимент бойынша жоспардың орындалу деңгейінің көрсеткіші ретінде жоспардың орындалу коэффициенті қолданылады. Жоспардың орындалу коэффициенті ассортименті бойынша жоспардың орындалуында есепке алынған нақты өндіріс көлемін жалпы жоспарланған өндіріс көлеміне бөлу арқылы анықталады. Мұнда жоспардан артық өндірілген өнім ассортимент бойынша жоспардың орындалу коэффициентін есептеуге қосылмайды. Ассортименті бойынша жоспардың орындалуын қарастырамыз. 3.3-мысал: Ассортимент бойынша жоспардың орындалуын бағалау Өнім атауы Өнім өндіру көлемі, мың теңге Жоспардың орындалуы, % Ассортименті бойынша жоспардың орындалуында есепке алынған өнім көлемі, мың теңге Жоспар Нақты Ж Н (НЖ)*100 Егер Ж Н болса, онда Н Егер Н Ж болса, онда Ж А 1 000 950 95 950 Ә 600 630 105 600 Б 700 790 112,86 700 Барлығы 2 300 2 370 103,04 2 250 Кестеде көрсетілген мәліметтерге қарап мынадай түйін жасауға болады: ең аз пайыз әдісі бойынша өнім ассортиментіне қарай жоспар 95 пайызға орындалған (мұнда өнімнің жекелеген түрлерінің өндірілу жоспарының ең аз орындалған пайызы алынады). Ал бұйымдар атауының жалпы тізіміндегі орындалған өнім өндіру жоспарының үлес салмағы бойынша жоспар шамамен 60 пайызға орындалған. Енді өнім ассортименті бойынша жоспардың орындалу коэффициентін есептеу үшін ассортимент бойынша жоспардың орындалуында есепке алынған нақты өндіріс көлемін жалпы жоспарлы өндіріс көлеміне бөлеміз: (3.5) Демек өнім ассортименті бойынша жоспар 97,82 пайызға орындалған. Сонымен қатар жекелеген өнім түрлері үлесінің абсолютті ауытқуларын анықтап, есепті кезеңдегі өнім ассортиментінің құрылымын өткен кезеңдердегі ассортимент құрылымымен салыстыру қажет. Өнім ассортиментінің құрылымын талдау соңғы жылдардағы өнім ассортиментіндегі құрылымдық ілгерілеулерді анықтауға мүмкіндік береді. Ассортимент құрылымының өзгерісі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық көрсеткіштеріне, атап айтсақ өнімді өндіру мен өткізу көлеміне, материал сыйымдылығына, өзіндік құнға, пайда мен рентабельділік деңгейіне әсер етеді. Өндірілетін өнім ассортименті құрылымының әсерін тізбекті алмастыру әдісімен есептеуге болады. Сондай-ақ өнім ассортиментінің құрылымын талдау үшін АВС-талдау әдісі кеңінен қолданылады. ABC-талдау - бұл кәсіпорынның ресурстарын маңыздылығына қарай дәрежесі бойынша жіктеуге мүмкіндік беретін әдіс. АВС-талдау әдісін жүргізудің негізгі кезеңдеріне мыналар жатады: Талдау жүргізу үшін көрсеткіштерді таңдау. мұнда өнімді өткізу көлемі, пайда, шығындар сомасы және т.б. көрсеткіштер алынады. Таңдап алынған көрсеткішті өнімнің әрбір атауы бойынша есептеу. Көрсеткіштің жалпы сомасын есептеп шығару. Көрсеткіштің жалпы сомасы 100 пайыз деп алынады. Өнімнің әрбір атауы үшін жалпы сомадағы (пайыздағы) оның көрсеткішінің салыстырмалы үлесі анықталады. Барлық салыстырмалы үлестер сомасы 100 пайызға тең болады. Тауарлар үлестеріне қарай азаю тәртібімен сараланады. Сараланған қатардағы тауарлардың салыстырмалы үлестері сараланған қатардағы бірінші тауардан бастап өсу нәтижесі бойынша қосылады. Тауарларды А, В және С топтары бойынша бөлу. 75% үлес сомасын құрайтын барлық тауарлар А тобына жатады. Егер тауарлар үлесі 75-95% аралығын құраса, онда В тобына жатады. Ал бұл топтарға жатпайтын барлық тауарлар С тобын құрайды. Өнім ассортиментін оңтайлы етіп құруға және оларға өзгерістер енгізуге ұсыныстар жасау. А тобының тауарларын ассортиментте сақтап қалу қажет, өйткені олардың таңдап алынған көрсеткішті қалыптастыруда маңызы өте зор. В тобының тауарларын басқа көрсеткіштер бойынша талдауға ұсыныс жасалады. Ал С тобының тауарларын ассортменттен алып тастау жағдайы қарастырылады. АВС-талдау әдісін қолдану үдерісін мысалмен қарастырамыз. 3.4-мысал: АВС-талдау әдісін жүргізу үшін қажетті мәліметтер Бұйым нөмірі Өткізу көлемі, млн. теңге Үлесі, % Тауардың реттік нөмірі 1 200 12,7 4 2 50 3,2 7 3 290 18,4 3 4 450 28,6 1 5 80 5,1 5 6 60 3,8 6 7 400 25,4 2 8 45 2,8 8 Барлығы 1575 100 Енді тауарларды А, В және С топтарына жіктейміз. АВС-талдаудың нәтижелері Тауар дәрежесі Үлесі, % Тауардың атауы Жалпы сомалық үлесі, % Топ 1 28,6 4 28,6 А тобы 2 25,4 7 54 3 18,4 3 72,4 4 12,7 1 85,1 В тобы 5 5,1 5 90,2 6 3,8 6 94 7 3,2 2 97,2 С тобы А тобына жататын тауардың 4,7,3 атаулары өнімді өткізудің жалпы көлеміне елеулі үлес қосады. Оларды ассортиментте сақтау қажет. Ал В тобындағы тауардың 1,5,6 атаулары өнімді өткізу көлеміне айтарлықтай үлес қоспайды, бірақ бұл тауарларды пайда тұрғысынан қайтадан талдауға болады (бұл жағдайда көрсеткіш ретінде өнімді өткізу көлемі емес, пайда алынады). С тобындағы тауарды кәсіпорын өнімінің ассортиментінен шығарып тастау қажет. Кәсіпорын жұмысының бірқалыптылығын талдау Өнімді өндіру мен өткізу көлемін талдаудың келесі маңызды кезеңі - тауарды шығару мен сатудың бірқалыптылығын талдау. Бірқалыптылылық - өнімді жоспарда көрсетілген көлемде және ассортиментте кестеге сәйкес бірқалыпты өндіру немесе өткізу. Өнімді өндіру мен өткізудің қалыптылығы бұзылған жағдайда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық көрсеткіштері төмендейді, яғни капиталдың айналымдылығы тежеледі, аяқталмаған өндіріс көлемі өседі, дайын өнімнің жоспардан артық қорлары пайда болады, өндіріс үдерісінде тұрып қалулар орын алады, келісім міндеттемелері орындалмайды. Сөйтіп нәтижесінде өнімнің өзіндік құны өсіп, алынатын пайда азаяды. Бірқалыптылықты бағалау уақыт интервалы бойынша өндірістің нақты көлемінің жоспарлы мәндеріне сәйкестігін, сондай-ақ өндірістің бірізділік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бірқалыптылық көрсеткішінің екі негізгі түрі бар: тікелей және жанама. Бірқалыптылықтың тікелей көрсеткіштеріне бірқалыптылық коэффициенті, вариация (түрлену) коэффициенті, жылдық өндіріс көлеміндегі і-ші кезеңдегі (декада, ай, тоқсан) тауар өндірісінің үлес салмағы және т.б. жатады. Бірқалыптылық коэффициенті әрбір кезеңдегі өнім өндірісі көлемінің жоспарлы мәнінен артық емес нақты үлес салмағын қосу арқылы анықталады. 3.5-мысал: Өнім өндірісінің бірқалыптылық коэффициентін анықтау Тоқсан Өнім өндірісі, млн. теңге Өнімнің үлес салмағы, % жоспар нақты жоспар нақты Бірінші 20 21,5 25 26,4 Екінші 20 24 25 29,5 Үшінші 20 19 25 23,3 Төртінші 20 17 25 20,8 Барлығы 80 81,5 100 100 Сонда бірқалыптылық коэффициенті: 25+25+23,3+20,8=94,1% болады. Бірқалыптылық коэффициентінің мәні 0-100% аралығында ауытқиды. Бірқалыптылық коэффициенті неғұрлым жоғары болса, онда кәсіпорында өнім өндіру (өткізу) де соғұрлым қалыпты болғаны. Вариация ауқымы белгіленген кезеңдегі өнімді өндіру мен өткізу көлемінің ең жоғарғы және ең төменгі көрсеткішінің арасындағы айырманы көрсетеді. (3.6) мұндағы, R - вариация ауқымы; OKmax - есепті кезеңдегі өндіріс көлемінің айлық мәнінің ең жоғарғысы, теңге. OKmin - есепті кезеңдегі өндіріс көлемінің айлық мәнінің ең төменгісі, теңге. Вариация коэффициенті (Кв) тәуліктегі (декада, ай, тоқсан) жоспарлы мәннің орташа тәуліктік (орташа декадалық, орташа айлық, орташа тоқсандық) өнім өндірісінің жоспарлы мәніне орташа квадраттық ауытқуының қатынасы ретінде анықталады: (3.7) мұндағы, - орташа тоқсандық мәннен квадраттық ауытқу; n - кезең саны; - өнім өндірісінің орташа тоқсандық көлемі. 3.5-мысалында вариация коэффициенті 0,025 құрайды. Бұл тоқсандар бойынша өнім өндіру көлемінің жоспардан орта есеппен 2,5 пайызға ауытқығанын білдіреді. Кәсіпорында өнім өндіру мен өткізудің бірқалыптылығының бұзылуы тауарды сатудың қиындығынан, өндірісті ұйымдастырудың, технологиялар мен өндірістің материалдық-техникалық қамсыздандыру деңгейінің төмендігінен, сондай-ақ жоспарлау мен бақылаудың салғырттығынан болады. Бірқалыптылықтың жанама көрсеткіштеріне артық орындалған жұмыстар үшін үстеме ақы төлеу, келісім бойынша тауарды уақытында жеткізбегені үшін айыппұлдар төлеу, тұрып қалулар үшін ақы төлеу жатады. Өндірілген өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін талдау Нарықтық қатынастардың дамуы өнім өндірушілердің алдына ұсынылатын өнімдер ассортиментін өзгертуде жаңа талаптар қоя бастады. Осы жағдайдағы негізгі талап - өнімнің (қызмет, жұмыс) тұтынушылар сұранысын толық дәрежеде қанағаттандырарлықтай қабілетінің болуы. Бұл орайда, кәсіпорындар өз өнімдерінің тұтынушылар сұранысына сай болуын, яғни сапасы мен бәсекеге төзімді болуын жіті қадағалап отыруы шарт. Өнімнің сапасы - бұл оның тұтынушылардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын қасиеттерінің жиынтығы. Жоғары сапалы тауар өнімге сұранысты арттырып, тек сату көлемінің есебінен ғана емес, сонымен қатар жоғарғы бағаның негізінде пайданы өсіруге мүмкіндік береді. Сапа көрсеткіштері негізгі үш түрге бөлінеді: жалпылама, жекелеген және жанама сапа көрсеткіштері. Сапаның жалпылама көрсеткіштері - барлық өндірілген өнімнің түріне және белгісіне қарамастан төмендегідей сапалық белгілерін сипаттайды: жалпы өндірілген өнім көлеміндегі жаңа өнімнің үлес салмағы; жоғары санатты сапалы өнімнің үлес салмағы; өнімнің орташа салмақты баллы; сертификатталған өнімнің үлес салмағы; дүниежүзілік сапа стандартына сай өнімнің үлес салмағы; экспортталатын өнімнің үлес салмағы, т.с.с. Сапаның жекелеген көрсеткіштері өнімнің төмендегі бір қасиетін ғана сипаттайды: пайдалылық (сүттің майлылығы, тамақ өніміндегі ақуыздың мөлшері, көмірден көп күл қалу және т.б.); сенімділік (ұзаққа төзу (пайдалану), тоқтаусыз жұмыс істеу, т.с.с.); технологиялылық (еңбек сыйымдылық, энергия сыйымдылық); бұйымның әдемілігі. Сапаның жанама көрсеткіштеріне сапасыз өнім үшін төленетін айыппұлдар, ақауы бар өнімдердің көлемі мен үлес салмағы, сатып алушылардан арыз-шағым түскен тауарлардың үлес салмағы және т.б. жатады. Өнім сапасының көрсеткіштерін талдауда олардың серпіні, қол жеткізген деңгейі және өзгеру себептері зерттеледі. Тауар сапасы бойынша жоспардың орындалуын бағалу үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Бағалаудың баллдық әдісінің мәні мынада: алдымен тауар сапасының орташа салмақты баллын анықтап, содан соң нақты және жоспарлы деңгейді салыстыру арқылы жоспардың орындалу пайызын анықтау. Тауар сапасына қарай жоспардың орындалуын бағалау ақауы бар және жарнамалайтын тауарлардың үлес салмағы бойынша жүргізіледі. Тауар сапасын талдауды келесі кестеден көруге болады. 3.6-мысал: Тауар сапасының жалпылама көрсеткіштерін талдау Көрсеткіш Өткен кезең Есепті кезең Жоспар Нақты Тауар сапасының орташа салмақты баллы 0,65 0,81 0,75 Үлес салмағы, % а) жоғары санатты сапалы тауардың ә) экспортталатын тауарлардың б) ақауы бар жарамсыз тауарлардың в) жарнамалайтын тауарлардың 70 0,5 0,8 0,4 80 1,5 0,4 0,7 80 1,0 0,3 0,6 Ақаудан жоғалтулар, млн. теңге 520 450 400 Кестеде берілген бағалау есепті кезеңде кәсіпорында тауардың сапасын жақсарту жұмыстарының жүргізілгенін дәлелдейді, яғни жоғары санатты сапалы тауардың үлес салмағы өткен кезеңмен салыстырғанда 10 пайызға артқан, сондай-ақ экспортталатын тауарлар үлесі де өскен. Ақауы бар тауарлардың үлес салмағының азаюы ақаудан болатын жоғалтурларды 120 млн. теңгеге қысқартты. Мұнда жағымсыз фактор болып тауарды тұтынушылардан түскен арыз-шағымдардың өсуі табылады. Сапасы сұрыппен (сорт) сипатталатын тауарлар сапасын бағалау үшін жалпы өндіріс көлеміндегі олардың үлесі, сұрыптылықтың орташа коэффициенті, салыстырмалы жағдайдағы тауарлардың орташа салмақты бағасы есептеледі. Сапа құрылымы бойынша жоспардың орындалуын бағалауда тауарлардың жалпы көлеміндегі әрбір сұрыптың нақты үлесін жоспармен, ал сапа серпінін зерттеу үшін өткен кезең көрсеткіштерімен салыстырады. 3.7-мысал: Тауар сапасын талдау Тауар сұрыпы Тауар бірлігінің бағасы, мың теңге Өндіріс көлемі, дана Өндіріс көлемі, мың теңге Жоспар Нақты Жоспар Нақты I-ші сұрып бағасы бойынша жоспар нақты I 1,2 10450 11200 12540 13440 12540 13440 II 0,8 4800 5050 3840 4040 5760 6060 Барлығы: 15250 16250 16380 17480 18300 19500 Кестеден көріп отырғанымыздай егер барлық тауар I-ші сұрыптың бағасымен сатылған болса, онда жоспарлы өндіріс көлемі 18,3 млн. теңгені құрайды, яғни жоспарлы өндіріс көлемінен 3050 мың теңгеге артық болады. Ал нақты өндіріс көлемі 19,5 млн. теңгеге өседі, ал бұл нақты мәннен 3250 мың теңгеге артық. Мұнда 3250 мың теңге - кәсіпорынның жоғалтқан пайдасын құрайды. Жекелеген тауар үшін сұрыптылық коэффициенті мына формуламен есептеледі: , (3.8) мұндағы, Qi - i-ші сұрыпты тауарлар саны; Рi- i-ші сұрыпты тауар бірлігінің бағасы; Рж - жоғары сұрыпты өнім бірлігінің бағасы; m - берілген тауар түрінің сұрыптарының саны. Егер барлық тауарлар бірінші сұрыпты болса, онда тауардың жоспарланған құны 18,3 млн. теңге, ал нақты құны - 19,5 млн. теңгені құрайды. Сұрыптылықтың жоспарлы және нақты коэффициенттері сәйкесінше төмендегідей болады: . . Есепті кезеңдегі сұрыптылығы бойынша тауарларды шығару көлемінің жоспармен салыстырғанда артуы мен қысқаруы келесі формуламен анықталады: . (3.9) 3.7-мысалында болады. Тауар сапасын арттыру резерві тауардың нақты көлемінің құны мен тек бірінші сұрыпты тауар көлемінің құнының айырмасына тең, яғни: жоспарлы көрсеткіштер үшін: 18300 - 16380 = 1920 мың теңге. нақты көрсеткіштер үшін: 19500 - 17480 = 2020 мың теңге. Тауардың сапасы өндіріс көлеміне, сатудан алынатын түсім мен пайданың мөлшеріне тікелей ықпал етеді. Сапаның өзгеруі ең алдымен тауар бағасы мен өзіндік құнының өзгеруіне әкеледі, оларды төмендегі формулалардың көмегімен есептеуге болады: тауар өндірісі көлемінің өзгеруі: (3.10) сатудан түсетін түсімнің өзгеруі: (3.11) пайданың өзгеруі: (3.12) мұндағы, Р0, Р1 - сапа өзгерісіне дейінгі және кейінгі бұйым бағасы; О0, О1 - сапа өзгерісіне дейінгі және кейінгі бұйымның өзіндік құны; Qсо - жоғары сапалы өндірілген тауарлар саны; Qсс - жоғары сапалы сатылған тауарлар саны. Ақау - бұл тауар сапасының маңызды жанама көрсеткіші. Ол жөнделетін және жөнделмейтін, ішкі (кәсіпорында анықталған) және сыртқы (тұтынушымен анықталған) болып бөлінеді. Ақауы бар тауарды көптеп шығару өндіріс көлемінің қысқаруына және тауардың өзіндік құнының өсуіне, пайда мен рентабельділік деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Ақаудан болатын жоғалтуларды талдауда оның мәні абсолюттік сомада есептеледі және өндіріс көлеміндегі ақауы бар тауарлардың үлес салмағы анықталады. Тауар сапасының төмендеуіне мына факторлар тікелей әсер етеді: шикізаттың сапасыз болуы; өндірісті ұйымдастыру мен технологияның төмен деңгейі; жұмысшылар біліктілігінің төмендігі және т.б. Шаруашылық қызметті жоспарлау, жобалау, өндіріс, өткізу және қызмет көрсету аясындағы жұмыстарды жандандыру тауар сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Бәсекеге қабілетті тауар - кәсіпорынның нарықтағы берік ұстанымының кепілі. Бәсекеге қабілеттілік - тауардың нарықтағы ұқсас бәсекелес-тауарлармен салыстырғанда бәсекеге төтеп беруі. Тауардың тұтынушылар қажеттілігін қанағаттандыратын төмендегідей өлшемдері болады: техникалық (тауардың қасиеті, қолданылу аясы); эстетикалық (тауардың сыртқы түрі); эргономикалық (тауардың адам ағзасы қасиеттеріне сәйкес келуі); нормативтік (тауардың нормалар мен нормативтерге сәйкес болуы); экономикалық (тауар бағасы, қызмет көрсету мәдениеті, тұтынушылар табысы және т.с.с.). Өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалауда оның сапасы мен бағасын бейнелейтін бірлік, топтық және интегралдық индекстер қолданады. Бірлік көрсеткіштер (g) тауардың техникалық немесе экономикалық өлшемі деңгейінің бәсекелес-тауардың 100% деп алынатын дәл сондай өлшемінің мөлшеріне пайыздық қатынасын көрсетеді.

Өнімді өткізу және тарату
Өткізу - өнімді кеңістік пен уақыт ішінде жылжытып ауыстыру жөніндегі іс - әрекет түрлерінің жиынтығы, сондай - ақ меншік құқығын өндірушіден тұтынушыға беру. Қысқаша айтқанда: өнім мен қызметтерді тұтынушыға жеткізу.
Өткізу арнасына қатысушылардың міндетті қызмет аясы (5):
1. Ақпараттық - маркетингтің зерттеулер жүргізу, ақпаратты жинау және оларды тарату.
2. Комуникациялық - жарнамалық ақпаратты жасау және тарату.
3. Тауарды бейімдеу - тауарларды сатып алушының талабына сай ыңғайлау (өндіріс, іріктеу, құрастыру және орау.)
4. Байланыстарды орнату - мүмкін болатын сатып алушылармен байланысты орнату және қолдап отыру.
5. Келіссөздер жүргізу - тауар меншігін иемденуге беру әрекетін жүзеге асыру үшін бағаны және басқа да шарттар туралы келіссөздер жүргізу.
6. Тауар қозғалысын ұйымдастыру - тауарды тасымалдау және қоймаға қою.
7. Қаржыландыру - арананың қызмет атқаруына қажетті шығындарды жабатын қаржыны іздеу және пайдалану.
8. Тәуекелге бару - өткізу арнасының жауапкершілігін өз міндетіне алу.
9. Төлем жасау - тауарды өндірушіден алуға және тұтынушыға сатуға байланысты операциялар.
10. Меншік құқығын табыстау - тауарларды иемдену құқығын бір жеке немесе заңды тұлғадан екінші бір тұлғаға табыстау.
Арнаның өткізу қызметтерін тек өндірушілер де, делдалдар да жүзеге асыруы мүмкін. Өткізу процестерін жалпы сипаттай келе, оның арналар, деңгейлер, жүйелер және өткізу нысандары деген құрамдастарын бөліп айтады.
Өткізу арнасы - ол өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жылжыту процесіне қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы.Маркетингтік әдебиеттерде кездесетін тарату арналары, тауар қозғалысының арналары, өткізу арналары немесе маркетингтік арналар деген терминдердің мағынасы бірдей.
Өткізу арналарын таңдау кезінде мынадай факторлар ескеріледі:
:: Өндіруші фирманың мінез - құлқы оың мақсаттары, пайдамен табатын өткізу процесін бақылау мүмкіндігі; ресурстары, өндіріс көлемі және мерзімділігі, жүк жөнелту жиілігі, тәжірибесі, әдістері, өткізу жүйесі.
:: Тұтынушылар, олардың саны, территориялық орналасуы, сатып алудың орташа мөлшері, сұраныс деңгейі, тұтынушылардың мінез - құлқы, нарық сегменттерң, төлем тәсілдері (қолма - қол төлеу, несие алу, қарызға алу), сатып алу орындарының нысандары (супермаркет, пошта арқылы тапсырыс және т.б.).
:: Тауар немесе қызмет көрсетудің сипаты, ассортименті және сапасы. Тауарларды өткізу кезінде сапалық қасиеттері, оны жасау күрделілігі, жаңалығы, құны және басқа да параметірлері ескеріледі. Қызмет көрсетуді сатып - өткізу кезінде - оның материалдық еместігі, сапасының өзгергіштігі, ұзақ уақыт сақталмайтындығы, өндіру мен тұтынудың бөлінбейтіндігі қарастырылады.
Маркетинг жөнініндегі мнеджердің стратегиялық шешімі тікелей немесе көтерме және бөлшек саудадан тұратын жанама өткізуді таңдауына байланысты. Жанама өткізуді таңдаған кезде оның міндеттерінің бір бөлігін маркетингтік концепциялары сенімді, іскер серіктес болып табылатын делдалдарға беріледі. Оңтайлы өткізу арналарын таңдағанда, қанша және қандай сауда орындарын жұмылдыру қажет екенін шешу керек.
Тәжірибеде өткізу арналарының тікелей және жанама деген 2 негізгі типі қолданылады. Олардың әрқайсысы бірнеше топтарға бөлінеді.
Тікелей өткізу арнасы - тауарлар мен қызмет көрсетулердің өндірушілерден тұтынушыларға тәуелсіз делделдарсыз тікелей ауысып, жылжуы. Өндіріс құралдарын өндірушілер тікелей өткізуді жиі қолданады, өйткені олардың мақсатты нарықтары шектеулі, олар тұтынушылармен тығыз байланыста болуға тырысады. Мысалы, Алматы ауыр машина зауыты (АЗТМ), Қазмұнайгаз және Қазхром компанияларына поршеньдік насостарды, тербелмелерді, редукторларды, ал Соколов - Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігіне (ССГПО) - сым созатын станоктарды.
Жанама өткізу арналары - тауарлар мен қызметтердің өндірушіден тәуелсіз делдалға, одан кейін - тұтынушыға жылжуына байланысты арналар. Мұндай жағдайда өндіруші тауарды кімге сатқанын білмеуі мүмкін. Мысалы, тамақ өнеркәсібінде өндірушілер әдетте тауаларын көтерме саудагерлер арқылы сатады, ал олар бөлшек сауда дүкендерімен жұмыс істейді.
Өткізу арнасын қалыптастырудың кезінде басты мәселе оған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында өнімдерді өткізу жөнінде мәлімет және өткізудің кәсіпорын жұмысына тигізетін әсері
Ескендір ЖШС тауар ассортиментінің қалыптасуы
Өндірістік процесс ұғымы
Баспа өнімдері саласындағы кәсіпорындағы маркетингтік қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Қайсар Сүт ЖШС-де өнімді жаңарту және оның тиімділігі
Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық–экономикалық механизмін қалыптастыру жолдары
Нарықтағы өндірістік және басқару жүйелері
Маркетинг жайлы жалпы түсінік
Қазақстан Республикасының азық-түлік нарығындағы кәсіпорын тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маркетингтің рөлі
Экономиклық талдаудың теориялық негіздері
Пәндер