Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы ақпарат


Жоспар
І. Кіріспе
Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау
органдары туралы жалпы түсініктеме . . . 3-6
ІІ. Негізгі бөлім
- Қазақстан Республикасының соттар . . . 6-18Сот билігінің ұғымы.
Сот төрелігі және оның принциптері.
- Сот жүйесінің негізгі буыны және орта буыны.
- Сотта және аралық соттарда азаматтық істерді қарау
және шешу . . . 19-32
- Азаматтық сот жүргізудің жалпы сипаттамасы. Аралық сот қызметінің тәртібі және оның шаруашылық дауларды шешудегі рөлі.
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 37
Кіріспе
Қолданылып жүрген заңдарда «құқық қорғау органдары» деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады.
Құқық қорғау қызметін құқық қатынастары субъектілерінің санасы мен мінез-құлқына заң жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық нормаларды сақтау және дұрыс қолдану жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде заңға және белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық-пайдалы қызмет деп сипаттауға болады.
Құқық қорғау қызметіне тән белгілер:
құқық қорғау міндетінің болуы;
құқық қатынастарының субъектілеріне ықпал етудің арнаулы заңдық шараларын қолдану;
заңмен қатаң түрде регламенттеу;
белгіленген рәсім-іс жүргізу тәртібі болып табылады.
Белгілерін негізге ала отырып, құқық қорғау қызметін басқа қызмет түрлерінен ажыратуға болады. Мысалы, республикалық «Барлау» қызметінің негізгі міндеті - еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлауды ұйымдастыру мен жүргізу, сондықтан оның құқық қорғау қызметінің бірқатар белгілері (заң негізінде қызметті қатаң регламенттеу, билік сипатындағы өкілеттік беру) болғанымен де, ол құқық қорғау органы емес.
Құқық қорғау қызметінің мақсаты - құқықпен міндетті қорғау олардың қолданылу пәрменділігін қамтамасыз ету, нормаларды сақтау және олардың сақталмағаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану. Міндеттер айқындалған соң оның негізгі бағыттары (нысандары) :
конституциялық бақылау;
сот төрелігі;
прокурорлық қадағалау;
әділет органдарының қызметі;
қылмыстық қудалау;
адвокатура органдарының қызметі болып бөлінеді.
Конституциялық бақылау елдің бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық заңдардан, заңдарға тәуелді және өзге де нормативтік құқықтық актілерден үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады. Оны Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жүзеге асырады.
Сот төрелігі құқық қорғау қызметі жүйесіндегі іргелі негіз болып табылады. Ол құқық туралы даулардың көпшілігін шешуді, көптеген заңдық мәселелерді анықтауды қамтамасыз етеді, көбінесе заң жүзіндегі жауапкершілік шараларын қолдауға байланысты мәселелерде соңғы саты болады. Мысалы, алдын ала тергеу органдарының қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапқа тартуы тек сот органдарында ғана қисынды аяқталады. Лауазымды адамдар мен заңды тұлғалардың әрекеттеріне сотқа шағым беріліп, дау айтылуы мүмкін.
Прокурорлық қадағалау да құқық қорғау қызметінің маңызды нысаны, өйткені ол Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәл әрі бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен алдын ала тергеудің, әкімшілік және атқарушы іс жүргізудің заңдылығына жоғары дәрежеде қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.
Әділет органдарының қызметін, сөз жоқ, құқық қорғау қызметіне жатқызу керек, өйткені бұл органдар құқықтық нормалардың қалыпты жұмыс істеу режимін сақтау жөніндегі міндетті жүзеге асырады, қылмыстық істер жөніндегі сот шешімдерін орындау мәселелерін шеше отырып, сот төрелігі міндеттерін іске асыруға тікелей жәрдемдеседі. Олардың жекелеген қызметтері, бөлімшелері азаматтық құқықтар мен фактілерді куәландырумен (нотариаттың жылжымайтын мүлік агенттігінің, АХАЖ мекемелерінің азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу, заң жөнінде ақылы қызмет көрсетуді жүзеге асыру құқығын лицезиялау) айналысады.
Қылмыстық қудалау құқық бұзушылықтың әлеуметтік ең қауіпті түрлері - қылмыстарға қарсы күреске багытталған. Ол қылмыстарды табу мен ашу, оларды жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу және оларды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі шараларды жүзеге асырудан көрінеді.
Адвокатуралық қызметі көмек сұраған азаматтар мен ұйымдарды білікті заң көмегін көрсету жолымен құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге тиіс, ондай көмек, мысалы, сотта азаматтық және өзге де істер бойынша олардын мүдделерін білдіру, негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау және т. б. арқылы көрінуі мүмкін.
Құқық қорғау кызметі белгілі бір дәрежеде барлық құқық қолдану субъектілеріне тән, бірақ ол біреулер үшін негізгі, басқалар үшін екінші дәрежелі қызмет болып табылады. Құқық пен қоғамдық қатынастардың тұрақтылығына мүдделі мемлекет құқық қорғау үстемдік ететін, кейде бірден-бір міндеті болатын органдарды арнайы құрады. Мысалы, прокуратура заңдардың дәл әрі бірыңғай қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды, қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық қудалауды жүзеге асырады, сот органдарында мемлекеттің мүделлерін білдіреді. Ал құқық қорғау шараларына қатысатын басқа органдар, айталық, Парламент немесе Үкімет олар сияқты емес, өйткені олардың негізгі міндеттері тиісінше заң шығарушылық және атқарушылық болып табылады. Демек, құқықтық нормалардың сақталу мен дұрыс қолданылу жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде арнаулы өкілеттік берілген, құқық қорғау міндеттері басым болатын органдарды құқық қорғау органдары деп түсіну керек. Мәселен, Конституциялық Қеңесті, сотты, прокуратураны, юстицияны, адвокатураны, қылмыстық қудалау органдарын құқық қорғау органдары мен мекемелеріне жатқызуға болады.
Егер алғашқы бес мекеме дербес, тәуелсіз құрамалар болса анықтауды және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын қызметтердің көпшілігі өз кезегінде құқық қорғау шеңберіне сыймайтын едәуір кең көлемді өкілеттік тобы бар басқа да мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
Ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарын олардың құқық қорғау шараларымен айналысатын бөлімшелерінің басқа құрамалар арасында едәуір көп үлес салмағы бар деген пікірлер толығымен құқық қорғау органдарына жатқызуға болады.
Жалпы алғанда, құқық қорғау органдары ауқымының олардың құзыреті мен міндеттерінің үнемі өзгеріп отыратынын атап өткен жөн. Уақыт пен тәжірибе өз түзетулерін енгізіп отырады.
Қазақстанның 1995 жылғы 30 тамыздағы жаңа Конституциясының 3-бабы мемлекеттік биліктің біртұтастығын және оның заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлінуін, сондай-ақ тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалана отырып, олардың өзара іс-қимыл жасауын бекітіп берді. Сол сәттен бастап сот билігін нығайту процесі шынайы көрініс таба бастады. Бұл тәуелсіз судьялар корпусының тәуелсіз болуына жағдай жасаудан, судьялар мен соттардың материалдық қамтамасыз етілуін арттырудан, сотты сыйламағаны үшін жауапкершілік белгілеуден, сот өкілеттігін айтарлықтай кеңейтуден айқын байқалды. Әсіресе азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын шектеу қаупі бар жағдайларда, қылмыстарды іздестірумен және ашумен шұғылдануға жұмылдырылған құқық қорғау органдары әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігін бақылауға соттар біртіндеп өкілеттік алуда. Мәселен, тұтқынға алу және күзетпен ұстау сотқа шағымдануы мүмкін (Қазақстан Рсспубликасы Конституциясының 16-бабы) .
1. Қазақстан Республикасының соттар
Сот билігі деп соттар жүзеге асыратын адамдардың мінез-құлқына және әлеуметтік процестерге ықпал ету мүмкіндігі мен қабілетін айтамыз.
Сот билігі Қазақстан Рсспубликасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету. Ол осылардың негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қатысты болады.
Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады, оларды орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көріністері заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады (Конституцияның 76-бабы, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" 2000 ж. 25 желтоқсандағы заңның 1-бабы) .
Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады (Конституцияның 76-бабы, заңның 1-бабы) . Сот білігінің Қазақстандағы иелері құқық қорғау органдары пирамидасының жоғарғы сатысын айғақтайтын соттар болып саналады.
Құқық қорғау қызметінің жүйесінде сот төрелігі орталық орын алады. Оны соттар мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып және заңда белгіленген тәртіп пен рәсімді сақтай отырып, қылмыстық, азаматтық және өзге де істерді қарау мен шешу жөніндегі құқық қорғау қызметі деп түсіну керек.
Сот төрелігі конституциялық принциптерге - сот қызметін ұйымдастырудың және реттеудің мәні мен мазмұнын анықтайтын жалпы басшылық идеялары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Оған құқық қорғау қызметінің барлық жалпы принциптері жатады.
Бұған қоса, оның тек қана өзіне тән сапалары бар, мәселен:
1. Сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
(Қазақстан Республикасының Конституциясы 75-бабының 1 тармағы) . Ол мыналардан көрініс табады:
соттардың айрықша юрисдикциясына жатқызылған істерді ешқандай басқа органдар қарай алмайды;
сот құзыретін, оның юрисдикциясының аясын, сот ісін жүргізуді жүзеге асырудың тәртібін заң белгілейді және оны ешкім өз бетінше өзгерте алмайды;
қандай да бір атаумен төтенше немесе арнаулы соттарды құруға жол берілмейді;
адамды қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп табуға тек соттың ғана құқығы бар;
қылмыстық жаза тағайындауға тек соттың ғана құқығы бар;
сот қаулыларын тек жоғары тұрған сот қана белгіленген тәртіп бойынша бұзуы мүмкін.
2. Судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады (Қазақстан Республикасы Конституциясы 77-бабының 1- және 2-тармақтары) . Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Бұл принциптің мәні сотқа бөгде біреулердің араласуынсыз, қандай да бір қысымсыз немесс өзге де сырттан жасалатын ықпалсыз өз бетінше жауапты шешімдер қабылдауға шынайы мүмкіндік беретіндей жағдай туғызуға ұмтылу болып табылады.
3. Сот төрелігі тараптардың тартысы және тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Қылмыстық қудалау, қорғау және қылмыстық істі сот арқылы шешу бір-бірінен бөлінген және әртүрлі органдар мен лауазымды адамдар арқылы жүзеге асырылады. Мұның азаматтық процестердегі тараптарға да бірдей қатысы бар. Сот құқық мүддесінен басқа біреулердің сойылын соқпайды және қандай да бір мүдделерді қолдамайды. Ол әділдік пен алалықсыз қағиданы сақтай отырып, тараптардың процессуалдық міндеттерін орындауына және өздеріне берілген құқықтарын жүзеге асыруларына жағдай жасайды. Тараптарға (айыптаушы мен қорғаушы, талап иесі мен жауап беруші) өз қөзқарастарын қорғайтындай бірдей мүмкіндіктер берілген. Олар дәлелдер тапсыру, қолдаухат беру, наразылық білдіру, дәлелдерді тексеруге қатысу және сотта сөз сөйлеу жөнінде бірдей құқықтарды пайдаланады. Сот олардың бірінші және наразылық шағымы, сот үкімін бұзу инстанциясы бойынша қаралатын істерге қатысу құқығын қамтамасыз етеді.
4. Қылмыстық істер бойынша да, азаматтық істер бойынша да сот төрелігі сот актілерін қайта қарау мүмкіндігіне жол береді. Сот үкімі мен апелляциялық қадағалау тәртібімен немесе жаңадан ашылған айғақтар бойынша шағым бершуі және наразылық келтірілуі мүмкін.
5. Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін сот төрелігі актісінің міндетті күші бар. Заңды күшіне енген сот қаулылары Қазақстан Республикасының барлық аумағында орындалуға тиіс.
6. Сот төрелігін жүзеге асыруда судья мынадай ережелерді басшылыққа алады:
бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;
сотгт әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
ешкім өзіне-өзі, жұбайыңа (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес;
қылмыстық заңды ұқсастығына қарап қолдануға жол берілмейді.
7. Сот төрелігінің кінәсіздік презумпциясы принципін ерекше атап өту керек. Оның мәні адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.
Өздерінің құзыретіне және алдарына қойылған міндеттері мен мақсаттарына сәйкес орналасқан соттар жиынтығы сот жүйесін құрады. Қазақстан Республикасы Конституциясы 75-бабының 3 және 4 тармақтарына және "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы заңның 3-бабына сәйкес, республикадағы сот жүйесін Жоғарғы Сот және жергілікті соттар құрайды.
Жергілікті соттарға жататындар:
1) облыстық және соған теңестірілген соттар (Астана және республикалық мәні бар қалалардың соттары, әскерлердің Әскери соты) ;
2) аудандық (қалалық) соттар, біріккен күштердің (гарнизондардың, құрамалардың, армиялардың) әскери соттары.
Ешқандай орган, лауазымды немесе өзге адам сот міндетін мойнына алуға хақысы жоқ. Қандай да бір атаумен арнаулы төтенше соттарды құруға жол берілмейді.
Республикада соттардың мамандандырылуы және осы мақсатпен: экономикалық, салықтық, әкімшілік және өзге де мамандандырылған соттардың құрылуы мүмкін.
Сот жүйесін мынадай тұтастық сипаттайды:
сот төрелігінің конституциялық принциптері;
заңдарда бекітілген сот ісін жүргізу нысандарында сот билігін жүзеге асыру;
соттардың бірыңғай заңдар қолдануы;
соттарды құрудың тәртібі;
заңды күшіне енген сот шешімдерінің бүкіл Республика аумағында орындалу жүйесі;
барлық соттарды республикалық бюджет есебінен қаржыландыру.
Сот жүйесін шартты түрде үш буынға бөлуге болады:
1) негізгі (аудандық, қалалық соттар, гарнизондардың, құрамалардың, армиялардың әскери соттары) ;
2) орта (облыстық соттар, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың соттары, әскерлердің әскери соттары) ;
3) жоғары (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты) . Сот буыны ұғымынан айыра қарауды қажет ететін сот инстанциясы ұғымы да бар. Сот жүйесінің буындары ұйымдық құрылым принциптерін сипаттайды, ал сот инстанциялары (бағыныштылық сатылары) шешілетін міндеттердің өзіндік ерекшелігін, өкілеттілік аумағы мен сипатын, сондай-ақ сот ісін жүргізудің соған тән ерекшеліктерін даралайды. Сот инстанциясы деген ұгымды сот істерін шешумен байланысты (істің мәні бойынша шешім қабылдау немесе осы шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексеру) қандай да бір сот функциясын атқаратын сот деп түсінген жөн.
Бірінші инстанция соты деп қарайтын және сол іс бойынша нақты шешім қабылдайтын сотты айтады. Ондай сот аудандық, облыстық немесе Жоғарғы сот болуы мүмкін.
Екінші инстанция соты деп бірінші инстанция соты қабылдаған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеретін сотты айтады (апелляциялық инстанция) .
Апелляциялық инстанция деп, бірінші инстанция сотының заңды күшіне енген үкімдеріне, шешімдеріне және қаулыларына апелляциялық шағымдар және наразылықтар бойынша істер қарайтын екінші инстанция сотын айтады.
Бұлардан басқа қадағалау инстанциясы бар - ол алдыңғы сот инстанцияларының заңды күшіне енген сот шешімдеріне шағымдар немесе прокурорлық наразылықтар бойынша қадағалау ретінде іс қарайтын сот.
Сот жүйесінде сот төрелігін атқаруда негізгі салмақ негізгі буынға - аудандық (қалалық) және әскери соттарға түседі. Олар азаматтық және қылмыстық істердің көпшілігін, әкімшілік құқық бұзушылық материалдарын және басқаларын қарайды.
Мәселен олар заң бойынша жоғары тұрған соттардың қарауына жатқызылған істерді қоспағанда, бірінші инстанция бойынша қаралатын істердің бәрін қарайды.
Негізгі буынның соттары істерді жеке өзі қарайды.
Ауданда, қалада (ауданның бағынысындағы қалаларды қоспағанда) қалалық ауданда аудандық (қалалық) сотты сот әкімшілігі жөніндегі Комитеттің Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады және таратады. Президент бірнеше аудандарға және қалаларға бір сот құра алады. Аудандық соттарда сот учаскелер құрылуы мүмкін.
Аудандық (қалалық) сот төрағадан және тұрақты судьялардан тұрады. Егер штат бойынша ауданға (қалаға) бір ғана судья тиісті болса, ол сонымен қатар төрағаның (бірқұрамды сот) өкілеттігін де қоса атқарады. Судьялардың жалпы санын Президент ҚР-сы Жоғарғы Сотының жанындағы әкімшілігі жөніндегі комитеттің ұсынысы бойынша белгілейді. Сот учаскесінде судьялардың жұмысына аға судья басшылық етеді.
Аудандық (қалалық) соттың төрағасы судьяның және сот буыны басшысының міндеттерін қоса атқарады.
Аудандық соттың төрағасы уақытша қызметте болмаған жағдайда, оның міндетін атқару осы сот төрағасының өкімімен осы сот судьяларының біріне жүктеледі (заңның 9 бабының 2 тармағы) .
Судьялардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасының келісімі бойынша облыс соттарының әкімшілігі белгілейді (заңның 7 бабының 2 тармағы) . Бұлардан басқа облыс соттарының әкімшілігі тағайындайтын сот отырыстарының хатшылары, сот орындаушылары, сот приставтары сот қызметкерлері болып саналады.
Облыстық соттар және оларға теңестірілген астананың және республикалық маңызы бар қалалардың соттары, Қазақстан Республикасы әскерлерінің Әскери соты орта буын соттары болып есептеледі. Олар бірінші, апелляциялық және қадағалау инстанцияларының соттары ретінде әрекет етеді, сонымен бірге, олар заңмен белгіленген жағдайларда, жаңадан ашылған жағдаяттар бойынша қылмыстық істерді қарайды.
Бірінші инстанция соты ретінде олар, мәселен, аса ауыр жағдайда кісі өлтіру, геноцид, мемлекетке опасыздық жасау, террорлық, баскесерлік, жаппай тәртіпсіздік туралы қылмыстық істерді, сондай-ақ өз қалаулары бойынша неғұрлым күрделі және маңызды азаматтық істерді қарайды.
Мұнымен қоса, орта буындағы соттар заңды тұлғалар арасындағы экономикалық дауларды қарайды.
Орта буын соттары апелляциялық тәртіппен қылмыстық және азаматтық істер бойынша шағымдар мен наразылықтарға байланысты негізгі буын соттары қараған істерді қарайды.
Бұл соттар қадағалау инстанциясы ретінде заңды күшіне енген сот қаулыларының заңдылығы мен негізділігін тексереді, жаңа ашылған жағдаяттар бойынша істерді қайта қарайды.
Мұнымен қоса, орта буын соттары сот статистикасын жүргізеді және талдайды, сот практикасын зерттейді, қорытындылайды, өзіне заңмен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Орта буын соттарын сот әкімшілігі жөніндегі Комитеттің ҚР-сы Жоғарғы Соты Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады және таратады. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын ҚР-ның Президенті бекітеді.
Орта буын соттары төрағадан, сот алқасы төрағаларынан және судьялардан құралады. Қадағалау алқасы қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот алқалары соттың жалпы отырысы.
Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын - алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы басқарады. Әрбір алқадағы судьялар саны сот төрағасының ұсынысы бойынша жалпы отырыста белгіленеді.
Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отырысыңда жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік даусымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.
Қадағалау алқасы шағымдар мен наразылықтар, сондай-ақ жаңа ашылған мән-жайлар бойынша қадағалау тәртібімен істер қарайды.
Орта буынның сот төрағасы судья болып есептеледі және соттың жұмысын ұйымдастырады.
Орта буын соттарының аппараттары негізгі буын соттарының аппараттарына ұқсас.
Жоғарғы сот - сот жүйесінің жоғары буыны болып табылады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізуді нысындарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелерін бойынша түсіндірмелер береді.
Жоғарғы сот төрағадан, сот алқалары төрағаларынан және судьялардан тұрады.
Жоғарғы соттың органдары:
1) Қадағалау алқасы;
2) азаматтық істер жөніндегі алқа;
3) қылмыстық істер жөніндегі алқа;
4) соттың жалпы отырысы.
1) алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды;
2) сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша республика соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;
3) сот практикасында заңдардың қолданылу мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz