Алакөл ойысына физикалық-географиялық сипаттама және экологиялық мәселелері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.АЛАКӨЛ ОЙЫСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1.Алакөл ойысының географиялық орны, аумағы және шекарасы ... ... ... 4
1.2.Геологиялық даму тарихы және жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.3.Алакөл ойысының климаты ... ... ..10
1.3.1.Климат қалыптастырушы факторлары
1.3.2.Ауаның темпеартурасы ... ... ... ... 12
1.3.3.Жауын.шашыны ... ... ... ... ... ... ...12
1.3.4. Желдері ... ... ... ...14
1.4 Ішкі сулары ... ... ... ... ... .15
1.4.1.Ойыс өзендері ... ... ...15
1.4.2.Ойыс көлдері ... ... 16
1.4.2.1.Алакөл ... ... ... ... 16
1.4.2.2.Сасықкөл ... ... ... ... 22
1.4.2.3. Ұялы ... ... ... .25
1.4.2.4. Жалаңашкөл ... ... ... 27
1.5.Топырақ.өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі ... ... ... ... ... 28
2.АЛАКӨЛ ОЙЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТЫН ҚОРҒАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1.Алакөл ойысына полигондардың әсері .32
2.2.Адам әрекетінің ойыс экологиясына әсері
2.3. Алакөл қорығы және табиғатын қорғаудың кейбір мәселелері ... ... ... ...37
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... .42
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ...43 ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... 45

Алакөл ойысы Қазақстанның оңтүстік – шығысында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі және Алматы облысының солтүстік – шығыс бөлігі осы ойыс үстінде жатыр. Алакөл ойысының көлемі 30000 км 2 -қа тең.
Ойысты үш жағынан таға тәріздес жоталар қоршап жатыр. Солтүстігінде – Тарбағатай, оңтүстігінде – Жоңғар Алатауы, ал шығысында Барлық және Майлы жоталары орналасқан. Алакөл ойысы батысында Балқаш ойысымен, ал оңтүстік шығысында тау аралық өткел – Жоңғар қақпасы арқылы Қытай халық Республикасының территориясындағы Ебінұр көлінің ойысымен ұласады.
Ойыс өзінің пішіні жағынан көп бұрыштылығымен және тегіс еместігімен ерекшелінеді. Ол оңтүстік – шығыстан солтүстік –батысқа қарай 300 км-ге созылып жатыр. Оның жазық бөлінің ені оңтүстік – шығысында 10 км – ден, солтүстік – батысында 100 км – ге, ал орталық бөлігінде Жоңғар Алатауынан Тарбағатай жотасына дейін 150 км – ге дейін барады.

1. Алакольская впадина и ее озера. Алма-Ата, Академия наук Казахской ССР. 1965
2. Гидрогеологическое районирование и региональная оценка ресурсов подземных вод Казахстана. Алма-Ата, Академия наук Казахской ССР. 1964.
3. Войтович В.С. К вопросу о палеозойском фундаменте Алакульской впадины. Извести Академия Наук Казахской ССР, 1962. Вып. 1.
4. Диденко-Кислицына Л.К. По Джунгарском Алатау и Алакольской впадине . Алма-Ата, Академия наук Казахской ССР, 1961.
5. Омарғалиева С.Алакөл көлдер жүйесіне қамқорлық керек // Журнал Дүние, 2004, №5, 21-23 беттер
6. Омарғалиева С. Көлдер экологиясы толғандырады «Алакөл» //География және табиғат. 2005, №4, 11-13 беттер
7. Түментай Қ. Алакөл айшықтары //Журнал .Ақиқат, 2005, №10, 37-39 беттер
8. Омарғалиева С.Алакөл көлдері жүйесіне қамқорлық керек. //Атамекен, 2003, 28 маусым
9. Толғанбаев С. Алакөл жетім қалмаса екен //Дүние. 2003, №6, 19 бет
10. Алакөл ауылға таяп қалды //Егемен Қазақстан, 2000, 19 қараша
11. Шәріпов С.Алакөл қорығы //Жетісу, 2004, 6 қараша
12. Ә.С.Бейсенова, А.Смақов, Т.Есполатов, Ш.Шілдебаев.Экология және табиғатты тиімді пайдалану.Алматы, «Ғылым баспасы».2004
13. Омаров Т., Филотенц П. Қазақстан көлдері. Алматы, 1975 ж.
14. Қазақстан Республикасының ландшафтық және биологиялық әр түрлілігі.// журнал Алматы, 2005
15. Водные ресурсы Казахстана в новом тясячилетии.//Журнал Алматы, 2004
16. Иващенко А.А. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары. Алматы, “Алматыкітап”, 2006
17. Жетісу. Энциклопедия. Алматы: «Арыс баспасы», 2004. 119-122 беттер
18. Жер туралы ғылым.// Журнал, №1, 2007
19. «Қазақстан» Ұлттық Энциклопедия.Алматы.: «Қазақстан Энциклопедия баспасы». 1,2,3 томдар, 1989-2001 жж.
20. Жетісу газеті. Табиғат қаскөйлері. 2004, №1
21. В.Шевченко, З.Буланова. «Алаколь ждет милосердных». // Казахстанская правда, 2007,15 июня, стр.7

ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЕЛТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Алакөл ойысына физикалық-географиялық сипаттама және экологиялық
мәселелері
Қорғауға жіберілді.
___ ________ 2007 ж.
Кафедра меңгерушісі
__________ доцент Каймулдинова К.Д.
Норма –бақылаушы
__________ Тургумбекова Н.М.
Ғылыми жетекшісі:
профессор Карпеков Қ.Д.
Орындаған:
511030-
География мамандығының
4 курс студенті
Ибраева Айжан
Алматы, 2007
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.АЛАКӨЛ ОЙЫСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1.Алакөл ойысының географиялық орны, аумағы және шекарасы ... ... ... 4
1.2.Геологиялық даму тарихы және жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.3.Алакөл ойысының климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3.1.Климат қалыптастырушы факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3.2.Ауаның темпеартурасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3.3.Жауын-шашыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3.4. Желдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.4 Ішкі сулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.4.1.Ойыс өзендері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.4.2.Ойыс көлдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
1.4.2.1.Алакөл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.4.2.2.Сасықкөл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
1.4.2.3. Ұялы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
1.4.2.4. Жалаңашкөл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
1.5.Топырақ-өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі ... ... ... ... ... 28
2.АЛАКӨЛ ОЙЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТЫН ҚОРҒАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1.Алакөл ойысына полигондардың әсері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..32
2.2.Адам әрекетінің ойыс экологиясына әсері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.3. Алакөл қорығы және табиғатын қорғаудың кейбір мәселелері
... ... ... ...37
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..42
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
ҚОСЫМШАЛАР

... ... ... ... ... 45

1.1.Алакөл ойысының географиялық орны, аумағы және шекарасы
Алакөл ойысы Қазақстанның оңтүстік – шығысында орналасқан. Шығыс
Қазақстан облысының оңтүстігі және Алматы облысының солтүстік – шығыс
бөлігі осы ойыс үстінде жатыр. Алакөл ойысының көлемі 30000 км 2 -қа тең.
Ойысты үш жағынан таға тәріздес жоталар қоршап жатыр. Солтүстігінде –
Тарбағатай, оңтүстігінде – Жоңғар Алатауы, ал шығысында Барлық және Майлы
жоталары орналасқан. Алакөл ойысы батысында Балқаш ойысымен, ал оңтүстік
шығысында тау аралық өткел – Жоңғар қақпасы арқылы Қытай халық
Республикасының территориясындағы Ебінұр көлінің ойысымен ұласады.
Ойыс өзінің пішіні жағынан көп бұрыштылығымен және тегіс еместігімен
ерекшелінеді. Ол оңтүстік – шығыстан солтүстік –батысқа қарай 300 км-ге
созылып жатыр. Оның жазық бөлінің ені оңтүстік – шығысында 10 км – ден,
солтүстік – батысында 100 км – ге, ал орталық бөлігінде Жоңғар Алатауынан
Тарбағатай жотасына дейін 150 км – ге дейін барады.
Алакөл ойысының жазық бөлігінде үстірттер мен ұсақ шоқы тәріздес
жекелеген аласа таулар кездеседі. Ойыстың оңтүстік бөлігінде, яғни Жоңғар
Алатауының батысындағы аласа таулар Сайқан, Арқарлы – Арғанаты,
солтүстігінде яғни Тарбағатай тауының оңтүстігінде батыстан-шығысқа қарай
Сиректас, Көрпебай, Жайтөбе, Бахты, Балтабай – Арқарлы және тағы да басқа
аласа таулар орналасқан. Ойыстың аласа бөліктері – Алакөл және Сасықкөлдегі
аралдарда палеозойлық ірге тастары жер бетіне шығып, жекелеген төбе болып
кездесіп отырады. Ойыстың көп бөлігі құмды массивтермен көмкерілген.
Сасықкөл көлінің оңтүстік- батысында Қарақұм, Сарықұмдар бірте-бірте
Тасқара құмдарына ауысады. Алакөлдің солтүстік шығысында Биікқұм,
Бармаққұм және тағы да басқа құмдар жатыр. Алакөл ойысының жазақ бөлігі тау
алды беткейлерде 800 м – ден батып, Алакөл көлінің бассейндерінде 347 м –
ге дейін төмендейді. Алакөл ойысы Солтүстік Кавказ тауларымен, Қырым
түбегімен, Румыниямен, Солтүстік Италиямен, Франциямен бірдей бір ендік
бойында жатыр.
Алакөл ойысы Еуразия материгінің өте ішкері бөлігінде жатыр. Алакөл
ойысынан Солтүстік Мұзды мұхитының жағасына дейін және батысындағы Қара
теңіздің жағасына дейінгі арақашықтық шамамен 3000 км, ал Тынық мұхитынан
4000 км., Үнді мұхитынан 2500 км – ден астам қашықтықта жатыр. Географиялық
орнының бұл ерекшелігі ойысытың климатынаң шұғыл континетті болып
қалыптасуына әсер етеді. Шұғыл континенттік климат өз кезегінде шөл және
шөлейт зоналарын қалыптастырады. Көтеріңкі тау жоталары ауданның табиғат
жағдайын түрлендіреді және де ауыл шаруашылығының дамуына қолайлы жағдай
туғызады.
1.2.Геологиялық даму тарихы және жер бедері
Алакөл ойысының қазіргі рельфінің қалыптасуы оның геологиялық даму
тарихымен тығыз байланысты. Ойыс тау аралық иін болып табылады.
Палеозойдың соңында герцин қатпарлығында бұл территорияда таулар
түзілген. Кейін мезозойда күшті эрозиялы–денудациялы процестерге байланысты
бұзылып, пенепленденген. Бұны дәлелдейтін Тарбағатай, Барлық және Жоңғар
Алатауы.
Палеогон дәуірінің аяғында және антропоген дәуірдің соңында
Тарбағатай мен Жоңғар Алатауында өте күшті көтерілулер болған. Алакөл
ойысын Балқаш маңы ойысынан Жоңғар жарлысы бөліп жатыр. Палеозойлық
фундаменттің ең терең жатқан жері геофизиктердің зерттеуі бойынша Жоңғар
жарлысының маңында – 1500 – 1600 м – ге дейінгі тереңдікте. Ауданның
палезойлық фундаментінің үш негізгі құрамдық бөліктері: калеодондық –
Кіндіктас- Шу – Іле, Бетпақдала және Ерейментау , Шығыс – Тарбағатай
қатпарлы жүйелерін құрайды. Бұл батыстан – шығысқа қарай Жоңғар – Балқаш
геосинклинальды облысын қоршап жатыр. Ерейментау – Шығыс–Тарбағатай
қатпарлы жүйесіне Тарбағатай антиклинорийі сай келеді. Жоңғар – Балқаш
қатпарлы жүйесі Солтүстік Балқаш маңын және Жоңғар Алатауының жоталарын
құрайды. Ол сильурдан карбонға дейінгі эффузивті шөгінді жыныстардың
қабаттарынан тұратын бірнеше антиклинорийлер мен синиклинорийлерден тұрады.
Мезозойдағы күшті эрозиялы – денудациялы процестердің әсерінен
таулардың бұзылып пенепленге айналуының нәтижесінде Тарбағатай, Барлық және
Жоңғар Алатауының төбелері тегіс болып келеді. Мезозойдың жыныстары Балқаш
ойысында өте сирек кездеседі. Тирас, юраның шөгінді жыныстары Батыс және
Солтүстік Балқаш маңында кездеседі.
Неогенде полезой жыныстарынан құралған пенепленді территориялар
көтерілуге ұшырады. Соның нәтижесінде қызыл түсті құм, саздар және үгілген
тау жыныстары тау етегінде сырғып түсіп, қабат түзеді.Неоген дәуінің аяғы
мен антропоген дәуірінің басында Тарбағатай мен Жоңғар Алатауы тектоникалық
зонасында күшті блокты көтерілулер мен сынулар болды. Таулардың күрделі
сатылы рельфін түзген блокты қозғалыстармен бірдей бір уақытта Алакөл
ойысының түбі төмен түсті.
Күшті болған эрозиялық процестердің нәтижесінде таулардан тасымалданған
материалдар тау етегінде аллювийлі- проллювийлі шельфті жазықтар түзді. Ол
әсіресе Алакөл ойысының Жоңғар Алатауы мен Барлық тауының жоталарының
етегінде айқын байқалады.
Қазіргі уақытта, Алакөл ойысы – ортасына қарай майысқан аккумулятивті
жазық. Абсалюттік биіктігі 344 метр. Одан басқа төмендегідей рельеф типтері
тән:
I.Эрозиялы – денудациялы таулар: Батыс Тарбағатай, Жоңғар Алатауы.
II.Төбелі жонды лесті және сазды,Тарбағатай және Барлық жоталарының
бөктері.
III. Аллювийлі – проллювийлі тау алды көлбеу жазықтары: Жоңғар Алатауы,
Барлық Майлы жоталары және Тарбағатай.
IV. Аллювийлі және көлдік – аллювийлі тегіс жазықтар.
V. Аласа және ұсақ шоқылы таулар.
VI. Құмдар.
I.Эрозиялы – денудациялы таулар:
Оған жататындар – Жоңғар Алатауы мен Батыс Тарбағатай. Олар негізінен
палезойдың тығыз, өте күшті дислокацияланған жыныстарынан тұрады. Арасында
метаморфты жыныстар, сазды тақтатастар мен құмдар, конгломераттар және
эффузивті, интрузивті жыныстар кездеседі. Батыс Тарбағатай жотасы ендік
бағытта созылып жатыр. Ұзындығы – 150 км – ге жететін жақпарлы таулар.
Орташа биіктігі – 2100 – ден 2200 метрге жетеді. Ең биік нүктесі – Ақтас –
2709 м, жота асиметриялы оңтүстік ендік бағытта ұзына бойы созылған тау
жоталарынан тұрады.
Алакөл ойысына қарай жоталар тік жар жасап батыстан -шығысқа қарай
Жоңғар жарлысы бойымен созылған. Абсолюттік биктігі 2923 м – Жабық
тауында. Таулардың төбелері тегіс. Жоңғар Алатауының шығыс беткейі аз
тілімденген. Бірақ, бұл бөлікте әр түрлі абсолюттік биіктегі грабен типтес
тау аралық жонды – төбелі ойпаттар кездеседі. Ең ірісі – Колпаков ойпаты.
II.Төбелі – жонды лесті, сазды Тарбағатай және Барлық жоталарының
бөктері.
1. Төбелі – жонды лесті Тарбағатай бөктері тау жотасының оңтүстік
беткейімен батысында – Қызыл Белдеу тауынан, шығысында мемлекеттік шекараға
дейін – 150 км – ге созылып жатыр. Алып жатқан ауданы – 2620 км².
Абсолюттік биіктігі шеттерінде 1000 м – ден орталығына 400 м – ге дейін
төмендейді.
Алакөл ойысының аллювийлі жазықтарында өзендердің ысырынды конустарынан
қалыптасқан бірқатар массивтер кездеседі. Бөктерлерге толқынды төбелер мен
суайрықты жондар тән. Төбе мен жондардың салыстырмалы биіктері 20 – 50 м.
Бөктерлердің беткі қабатары саздар мен саздақтардан тұрады, кей жерлерінде
палеозойлық аналық жыныстар шығып жатыр. Көптеген өзен аңғарларында лессті
жыныстардың астыңғы қабатынан ежелгі өзен террассаларының беткі қабатында
сақталған ысырынды конустардың малта және қиыршық тасты материалдарын
кездестіруге болады.
Лесті жыныстардың қалыңдықтары әр түрлі. Тау алды жазықтарында ол жұқа.
Өзен аңғарларында 4 м – ге дейін барады. Лессті жотаның батыс беткейінде
Ұржар өзен аңғарының опырылмасынан лестің қалыңдығы 35 м екенін көруге
болады, кейбір мәліметтер бойынша 70 м. Тарбағатайдың төбелі – жонды
бөктері өзендермен өте күшті тілімденген, ысырынды конустардың қалдықтары
да 10 – 20 м – ге дейін барады. Үлкен өзендердің атырау беткейлерінде 2 – 3
террасса жасайды. Ұржар өзенінің солтүстік саласы – Құсақ таудан шыға
берісінде, яғни тау беткейінде 40 – 50 м биіктікте, биіктіктері 1,5; 1,5;
1,1 және 4 м биіктіктердегі 4 терраса жасайды.
2. Барлық жотасының төбелі – жонды, лессті бөктері - Алакөл ойысының
шығысында орналасқан. Абсолюттік 500 – 1000 м –ге жетеді. Солтүстігінде
Ескек аңғарынан, оңтүстігінде Шұршұт өзенінің құрғап қалған арнасына дейін
мемлекеттік шекара бойымен 50 км – ге созылады, ені 20 км, ауданы 750 км² .
Палеозойлық аналық жыныстардың қалыңдығы беткі қабатта 60 м.
III..Аллювийлі – пролювийлі тау алды көлбеу жазықтары
1.Жоңғар Алатауы тау алды көлбеу жазығы. Солтүстігінде Алакөл көлінің
оңтүстік жағалау бойымен, оңтүстігінде Жоңғар тау етегімен, ал батысында
Шынжылы өзенімен, шығысында мемлекеттік шекараға дейін 180 км – ге
созылған жазық. Ауданы 2220 км², абсолюттік биіктігі 347 – 800 м.
2. Барлық және Майлы жоталары алды көлбеу жазығы – Барлық және Майлы
жоталарының батыс және оңтүстік- батыс беткейлерімен және Жоңғар Алатауының
қақпасының шығысымен шектеседі. Ұзындығы 120 км, ені 20 км. Ауданы 1370 км
Ойыс жазық ысырынды конустан түзілген шлейф болып табылады. Оның абсолюттік
биіктіктері 360 – тан (Алакөл маңында) 900 м-ге (тау беткейіне) дейін.
3. Тарбағатай көлбеу жазығы жотаның оңтүстік беткейлрі бойымен 180 км –
ге созыла келе солтүстігінде төбелі – жонды тау алдымен бірігеді.
Оңтүстігінде Арқарлы – Балтабай төбелерімен шектеседі. Ені 20 км – ден
астам, ауданы 3200 км². Абсолюттік биіктіктері 400 – 800 м.
IV.Аллювийлі және көлдік – аллювийлі тегіс жазықтары
1. Аллювийлі жазықтар Алакөл ойысының түбін алып жатыр. Абсолюттік
биіктіктері 360 – 450 м.
Бұдан негізінен Ай, Қаракөл Ұржар, Қатынсу және Еміл өзендері
бассейндерінің төменгі бөліктері мен Сасықкөл көлімен Сарықұм құмы
арасындағы территория жатады.
Көлдік – аллювийлі жазықтар Алакөл ойысының абсолюттік биіктіктері 347
– ден – 360 м-ге дейінгі ең төмен жатқан бөлігін алып жатыр. Солтүстік –
батысында Алакөл көлінің жағалауларынан бастап, оңтүстік – шығысында Жоңғар
қақпасына дейін созылып жатыр. Ені 1 км – ден 50 км – ге созылған. Ауданы
2570 км².
V. Аласа және ұсақ шоқылы таулар
Оларға аридті – денудациялық күштердің әсерлеріне ұшырап, өңделген
Алакөл таулардың шеткі бөлігінде ұласып жатқан кайназойлық шөгінді
жыныстардың сатынан көтерілген аласа тау тізбектері жатады.
1.Арғанаты және Арқалы аласа таулары диаметрі 40 – 45 км – ге жететін
тұйық шеңбер құрайды. Араларына құмды массивтер мен тау аралық төбелі
жазықтар алып жатыр. Биіктіктері 710 м.
2.Бала – Сайқан, Үлкен – Сайқан және Ерке – Сайқан аласа таулары.
3.Балтабай – Арқарлы аласа таулары Қатынасу мен Еміл өзендерінің
аралығында, яғни Алакөл ойысының солтүстік-шығысында жатыр. Балтабайдың
абсолюттік биіктігі – 723 м. Арқарлы – 848 м. Таудың оңтүстік – шығыс
бөліктері күшті эрозиялы тілімденген. Бұл таулардың батыс беткейлеріне
куэсталы рельеф формалары тән.
4.Бақты аласа тауы – Алакөл ойысының солтүстік шығыссында Қаработа және
Ақшоқы кішігірім өзендердің аралығында жатыр. Батыстан шығысқа қарай 16 км
– ге созылып өтетін беткейлері (200 – 250 м тереңдікке дейін) каньондармен
тілімденген.
5.Сейректас аласа тауы. Алакөл ойысының солтүстік – батысында, Ай және
Қаракөл өзендерінің аралығында, Сасықкөлден 40 км солтүстікте орналасқан.
Солтүстік батыстан шығысқа қарай 25 км – ге созылып жатыр.
VI.Құмдар
Құмдар Алакөл ойысында Балқаш маңымен салыстырғанда аз таралған. Оның
көлемі – 4350 км². Құмдар тегіс алювийлі жазықтардың араларында жеке
массивтер түрінде кездеседі. Оларға: солтүстіктігінде – Қарақұм, оңтүстік
– Тасқарақұм, орталығында Сарықұм. Алакөл көлінің солтүстік – шығысында
Ұржар және Қатынсу өзендерінің аралығында Байқұм құмы жатыр. Еміл өзенінің
төменгі ағысында Бармаққұм, ал сол жағында Үмбетқосса шағылы жатыр.
1.3. Алакөл ойысының климаты
Алакөл ойысы Еуразия материгінің өте ішкері бөлігінде орналасқандықтан,
оның климаты құрғақ әрі шұғыл континентті болып келеді.
1.3.1.Климат қалыптастырушы факторлар
Климат қалыптастыушы факторлар күн радиациясы, ауа церкуляциясы және
төсеніш беттің сипаты.
Алакөл ойысында күннің түсу ұзақтығы жылына 2600 – 2800 сағатқа
созылады. Күннің түсу ұзақтығының ең көп мөлшері маусым айларында
байқалады. Шамамен жаз айларында күннің түсу ұзақтығы мүмкіндіктің 70 – 85%
– ын құрайды. Жазықтарға қарағанда тауларда және тауалды беткейлерде
күннің әсері азаяды.
Ойпатта қыста ашық күндер басым болады. Сонымен қатар Сібір
максимумының барикалық тармағының әсеріне байланысты антициклон қайталанып
отырады. Сондықтан мұнда аязды ашық күндер басым.
Күн жиынтық радициясының жылдық мөлшері 125 – 130 ккалсм2. Қыс
айларында жылу айларында жылу азаяды. Желтоқсан айында күннің жиынтық
радиациясы не бәрі 3 ккал см2. Жиынтық радиацияның көп мөлшері маусым
айына тура келеді. 15 – 17 ккал см2. Жыл бойында радиациялық баланс оң
белгіге сай. Ал қыста радиациялық баланс теріс.
Жылдық радициялық баланс ойыс жерінде 28 – 29 ккалсм.
Ауа циркуляциясы қыста аймақ территориясының климатын қалыптастыруда.
Шығыстан батысқа қарай бағытталған Орталық Қазақстан арқылы өтетін Сібір
максимумының рөлі зор.Ол шығыстан батысқа қарай бағытталған Орталық
Қазақстан арқылы өтеді. Ал жазда Орта Азияның термикалық депрессияларының
әсерінен Алакөл ойысына батыстан келетін Азор максимумының шығыс тармағы
басым болады. Сондықтан қыста да, жаздада да жоғарғы қысым орнайды.Бірақ
таулы жоталар бұл режимді өзгертеді.
Жылдың суық маусымында Қазақстан территориясында Сібір максимумының
батыс тармағының әсеріне байланысты антициклональды алаптар азонасын
қалыптастырады. Орта Азия территориясынан жылы ауа массаларының енуіне
байланысты қыста ауа райы уқытына жылынады. Сондықтан Қазақстанның оңтүстік
– шығысында ауа райы бұлтсыз, ауаның температурасы жоғары болады және осы
уақытта жел аз соғады.
Алакөл ойысының климатының қалыптасуында оның орографиясының да әсері
байқалады. Алакөл ойысын қоршап жатқан Жоңғар Алатауы, Тарбағатай және тағы
басқа жоталар жүйесі жалпы ауа циркуляциясына әсер етеді, температуралық
инверсия байқалады. Таулардың беткейлерінің биіктіктері экспозициялары, тау
аңғарының тереңдігі енді, болып келуі климаттың ерекшелуіне себеп болады.
Таулы жоталар мен массивтер ауа массаларының жергілікті өзіне тән
ерекшеліктерін қалыптастырады. Атап айтсақ тау аңғарлық церкуляция, тау
өткелдерінен соғатын желдер, фенді желдер.
1.3.2.Ауаның температурасы
Ойыстың жазық бөлігінде климат шұғыл континентті болып келеді. Қары
жұқа, қыста аяз кейбір күндері – 48˚– 51˚ – қа дейін төмендейді. Аязды
күндер болып тұрады. Жазы ыстық, құрғақ, ауаның температурасы +40˚ + 42˚ –
қа көтеріледі.
Алакөл ойысындағы таулар мен тауалды беткейлерінде температуралық режим
шұғыл өзгереді. Ойысытың солтүстігі мен оңтүстігі температурасы жағынан бір
– бірінен айырмашылық жасайды. Ойыстың солтүстігіндегі орташа ауаның жылдық
температурасы – 2,7˚ – 4,3˚(Аягөз-Таңсық) ,ал оңтүстігінде – 6,0˚ –
6,5˚(Жоңғар-Достық)
Қаңтардың орташа температурасы – 10˚ – 18,0˚С. Ал ақпан айы қаңтар
айына қарағанда бір шама жылы болады. Ауа температурасының күрт көтерілуі
наурыз айында байқалады +7˚ + 11˚С, ал сәуір айында + 10˚ + 13˚С.
Көктем және жаз айларында ауа температурасы жоғарлайды. Ең жоғарғы
температура шілде айында байқалады. Қазан айында жылдың жылы уақыт
аяқталады. Орташа температурасы 3,4˚ – 8,2˚С.
Вегетациялық кезең сәуір айының бірінші декадасынан басталып қазан
айының соңғы декадасында аяқталады. Ол 167 – 205 күнге созылады.
Үсіктердің таралуы мен интенсивтілігі жергілікті жердің ораграфиялық
ерекшелігіне байланысты. Үсіктер жеміс дақылдары мен бау – бақша
шаруашылығына зиянын тигізеді. Алакөл ойысында күзгі үсіктер қыркүйектің
аяғында болады. Көктемде мамырдың ортасында және соңында байқалады.
1.3.3. Жауын-шашыны
Ойыста құрғақшылық айқын байқалады. Бұл оның Евразия материгінің
орталығында орналасқандығы және ылғалдың негізгі көзі болып табылатын
атланттық ылғалдың аз, тікелей келмеуі. Ойыстағы жауын – шашынның жылдық
орташа мөлшері 165 – 521 мм. Алакөл ойысында атмосфералық жауын – шашын
біркелкі түспейді. Жылдың суық маусымында (қараша, наурыз айларында) 51 –
247 мм, түссе жылдың жылы маусымында (сәуір, қазан) түсетін жауын – шашын
106 – 447 мм. Қыста (желтоқсан, қаңтар) Сібір антициклонның әсері басым
болуына байланысты қысы құрғақ болады.
Ойыстағы жауын – шашынның максимумы көктемде түседі. Жазықтарда сәуір
және мамыр айларында, тауларда мамыр, маусым айларында түседі. Жаздағы
минимумдары тамыз, қыркүйекте жауын – шашынның минимумы қыста оңтүстік
шығыстан Ебі желінің соғуына байланысты байқалады.
Жауын – шашын мөлшері кей жылдары күрт өзгеріп отырады. 150 – ден 750
мм – ге дейін жетеді.
Ойыстың жеке аудандары бойынша нөсерлі жаңбырлар 12 – 25 күнде болады.
Қарашаның екінші декадасының басынан бастап қар жамылғысының көп жылдық
мөлшері байқалады. Биік таулы аудандарда жаздың өзінде – ақ қар жамылғысы
жатады. Көпшілік жағдайда алғаш жауған қар еріп кетеді. Қар ойыста алғаш
рет қарашаның ортасында жауады. Жоңғар қақпасында жүргізілген бақылау
жұмыстары бойынша қар жамылғыс жұқа болғандығы байқалған. Оның себебі
оңтүстік – шығыстан соғатын Ебі желінің әсері.
Қаңтар айының ортасында қар қалың болып жауады. Ал наурыз айында қар
қалыңдығы тез өзгереді. Қар жамылғысы біркелкі ерімейді. Жекеленген
аудандарда қар жамылғысы сәуірге дейін жатады. Қар жамылғысы әр жылда әр
түрлі түседі. Минимум – 25 – 47 см болса, ал максимум 70 – 71 см – ге
жетеді.
Ойыс бойынша ауаның салыстырмалы ылғалдылығын 52 – 67%. Жылдың суық
маусымында қарашадан бастап наурызға дейін 73 – 82%, ал жылдың жылы маусымы
маусымнан тамыз айларына дейін 33 – 56%. Бұл температураның жоғары, жауын –
шашынның аз түсуіне байланысты. Ыстық, әрі құрғақ күндері ауаның
салыстырмалы ылғалдылығы 5 – 10% – ға дейін төмендейді.
1.3.4. Желдері
Алакөл ойысында қыста Сибирь максимумының барикалық тармағы әсерінен
қалыптасатын солтүстік – шығыс желдері соғады. Сондай – ақ шығыстан-
батысқа қарай күшті желдер соғады. Оңтүстік – шығыстан соғатын желдер 19 –
75 күн 15 м сек жылдамдықпен соғады. Желдің жылдық максимумы көктем мен
күзде байқалады.
Ебі желі –Эбі желі Жоңғар Алатауының оңтүстік шығысында Қытайда
орналасқан. Эбі-Нұр көліқазаншұңқырында, жоғарғы қысым пайда болғанда
соғады. Мұндай антициклонда шығыс желі тұрады да, қазақстан аумағындағы
Алакөл көліне қарай соғады. Осы кезде төменгі қысым аймағы пайда болады.
Жоңғар қақпасы –ені тар тектоникалық жарық, ені 20 км-ден 40 кмболатын, ең
тар жері-10 км шамасында. Ауа тау жоталарының арасымен қысылып, үйкеліске
ұшырап өтеді, жылдамдығы секундына60-80 м-ге жетеді. Қыс кезінде қысылып
өткен ауаның температурасы қоршаған ортасынан 8-10 0С жоғары
болады.Сондықтан ол жылы желге жатады. Жалпы бұл жел жыл ішінде орта
есеппен 70-100 күндей соғады.Жазда Еуразия материгі қызған кезде Ебінұр
қазаншұңқыры үстіндежоғары қысым сирек кездеседі. Ебі желі де баяулайды.
Ебі желін алғаш рет сипаттап жазған қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханов.
Жоңғар қақпасынан ескен күшті жел Алакөл маңы көлдерінен балық аулауды
қиындатады, жол қатынасына, басқа да шаруашлыққа зиянын тигізеді.
Сайқан желі –еіб желіне кері бағытта Жоңғар қақпасы арқылы Орталық
Азияға қарай соғып тұратын жел. Алакөл үстінде жоғары қысым орнағанда,
антициклон тұрақтап күшіне енген кезде, Сайқан желі солтүстік-батыстан
оңтүстік-шығысқа қарай соғады. Желдің жылдамдығы 50-60 мсек. Алакөл
ойысында температура -30-37 0С-қа дейін төмендейді. Сайқан жоталарын
бойлай соғатын болғандықтан Сайқан желі деп аталады. Жел қыркүйек пен сәуір
айлары аралығында күшті соғып, қалған айларда бәсеңдейді. Қатты соққан
кезде Алакөлдің су деңгейі 1 м-ге дейін көтеріледі.Табиғат жағдайына желдің
тигізер зияны көп. Сайқан желі 2-3 тәулікке созылуы мүмкін. Жауған қарды
ұшырып, топырақты құрғатады, мал басын шығынғаұшыратып, жол қатынасын
қиындатады, балық аулауға зиянын тигізеді.
1.4.Ішкі сулары
Алакөл ойысы өзен торларымен күшті тілімденген. Өзен торларымен сирек
тілімденген екі ауданды атауға болады. Олар: Тентек өзенінің жоғары ағысы –
100 км² – қа – 12 – 16 км және Ұржар өзенінің жоғарғы ағысы – 100 км² – қа
– 10 – 14 км. Алакөл ойысының батыс бөлігінде өзендер жоқ. Тек көлдер алып
жатыр.
1.4.1. Ойыс өзендері
Ай, Қарақол, Еміл, Ұржар, Қатынсу, Тарбағатайдың оңтүстік
беткейлерінен басталып Сасықкөл және Алакөл көлдеріне құяды. Сондай – ақ,
ірі өзендер Тентек, Жаманты, Ырғайты, өзендері Жоңғар Алатауынан басталып
көлдерге құяды. Өзендер – негізінен қар суымен қоректенеді, сондай – ақ
жаңбыр және грунт суларымен де қоректенеді.
Алакөл ойысындағы өзендердің деңгейлері көктемгі толысу кезіндегі 1м,
ірі өзендері 1,5 – 2,0м көтеріледі. Алакөл ойысының барлық өзендерінде
вегетациялық кезеңінде ΙV – XΙ жылдық ағынның 80 – 85 – тен 90 – 95 %-ы
ағып өтеді. Ойыстың өзендерінің сулары қараша айынан бастап қата бастайды.
Еміл өзенінің ұзындығы – 205 км. Оның 102 км Қазақстандағы су жинайтын
алқабының 21800 км²-і Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауданының жерімен
ағады. Еміл Тарбағатай тауының сілемі Орқашор баурайынан басталып Алакөлге
құяды. Басты салалары: Жантезек, Көктұма, Шағантоғай. Өзен арнасы жоғары
бөлігінде тар, сағасына қарай кеңейеді. Атырауы сортаңды, шалғынды болып
келеді. Қар және жаңбыр суымен қоректенеді. Көп жылдық орташа су шығыны
сағасы тұсында 11,4 м³ С. Суы мол және аздап жер суғаруға пайдаланады.
Қатынсу өзенінің ұзындығы – 155 км. Су жинау алабы – 1650 км². Тастау,
Жалаулы тауларынан басталып, Алакөл көліне құяды. Арнасы ортаңғы және
төменгі бөліктеріндегі кең 0,5 – 0,6 км. Жағасы тік жар. Биіктігі – 1 – 3
м. Суының 40 – 50 % қар. 10 – 12 % жаңбыр, қалғаны жер асты суымен
қоректенеді. Жылдық орташа су шығыны Қызыл Жұлдыз станциясы тұсында
секундына 4,67 м³. Суы ауыз суға, суғаруға пайдаланады. Қатынсудан 8 канал
таралған.
Ұржар өзені ұзындығы – 206 км су жинайтын алабы – 5280 км². Тарбағатай
жотасының оңтүстік – батысында беткейінен басталып, Рыбачье селосы тұсында
Алакөл көліне құяды. Аңғары Ұржар селосына дейін терең, шатқалды. Биіктігі
5 – 8 м. Ақжар елді мекеннен аңғары бірте – бірте кеңейіп, бірнеше
өзектерге бөлініп, сағасы сазды қорысты атырауға айналады. Жылдың орташа су
шығыны Құсақ өзенінің сағасында секундына 13,5 м3. Суы тұщы, ауыз суға,
егіндік, шабындық суғаруға пайдаланады. Алакөлге құятын барлық өзен
суларының жартысына жуығы Ұржар өзенінің үлесіне тиеді.
Тентек өзенінің ұзындығы 200 км, су жинау алабы 5390 км 2, Жоңғар
Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтардан басталып, Сасықкөлге
құяды. Таулық бөлігінде аңғары тар, терең шатқалмен ағады. Аралас
қоректенеді.Жылдық орташа су шығыны 44,2 м3сек.
Ай өзенінің ұзындығы 152 км. Су жинау алабы 3090 км 2 Тарбағатай
жотасындағы Ақшәулі тауынан басталып, тау шатқалдарынан жазыққа шықанан
кейін жерге сіңіп кетеді. Жауын-шашын мол жылдары Сасықкөл көліне құяды.
Жайлмасы шабындық.
1.4.2. Ойыс көлдері
Алакөл ойысындағы көлдер жүйесі негізінен ойыстың орталығында
шоғарланған. Көлдерді солтүстігінен тарбағатай жотасы, шығысында Барлық,
оңтүстігінде Жоңғар Алатауы қоршап жатыр. Бұлкөлдер жүйесінің өзіндік
ерекшелігін анықтайды. Алакөл ойысындағы негізгі көлдер: Алакөл, Сасықкөл,
Ұялы, Жалаңашкөл.
1.4.2.1.Алакөл
Көл ағынсыз, ол солтүстік – батыста оңтүстік – шығысқа қарай созылып
жатыр.
Алакөл теңіз деңгейінен 347,3 метр биікте жатыр. Көлдің көлемі
аралдарымен қоса есептегенде 2696 шаршы километр, ұзындығы 104 км, ені 52
км, жағалауының ұзындығы 384 км, орташа терңдігі 22,1 м., көлдің су қоры
58,56 миллиард текше метр, судың жинау алабы 47859 шаршы километр. (сурет).
Алакөлдің түбінің рельефі әр түрлі, мұнда көптеген аралдар, шығанақтар
кездеседі. Көлдің ең терең жері – 50 – 54 метр.
Көлдің лайының түріне қарай төмендегідей биотоптарға бөлуге болады: сұр
биотопты лай, ол ең терең кездеседі, оның аумағы көл түбінің 54% құрайды.
Қара лай биотобы (7 %) енсіз, бірақ ұзынан – ұзақ солтүстік, шығыс және
оңтүстік жағалауларын қамтиды. Құмды биотоп (4 %) ішінара, әсіресе,
аралдардың солтүстігінде және Сарытүбек мүйісінде кездеседі. Тасты құмайт
биотоп – оңтүстік және батыс жағалауларын алып жатыр.
Алакөл жағалауының бір қалыпта болмауына толқыны, су деңгейінің оқтын –
оқтын өзгеруі, өзендер, мұздықтардың жылжуы, фитогендік және эолды
процестер әсер етеді. Мұнда көптеген түбек, мүйіс, құм қайраң, шығанақ,
қойнау кездеседі. Ең ірі шығанақ Кіші Азия шығанғы, ол көлдің оңтүстік –
шығысында жатыр. Алакөлдің оңтүстік – батыс және оңтүстік – шығыс
жағалауларын су баспайды, ал қалған жағалауларын әр түрлі аумақта су басып
кетеді.
Алакөл жағалаулары төрттік дәуірдегі әр түрлі топырақтан – балшық
топырақтан, құмды топырақтан және құмды тастардан, ал солтүстік – шығыс
жағалауы күлді құмнан құралған. Топырақтың негізгі жыныстары тек аралда
ғана кездеседі. Көлдің жағалауын бірнеше ауданға бөлуге болады:
• оңтүстік – батыс жағалау ауданы – образионды –
аккумулятивті, ол Жоңғар Алатауынан шығатын өзеңдер ағызып
әкелген ұсақ тау жыныстары ысырындыларынан пайда болған.
Көл жағалауының негізі төрттік кезеңдегі тау жыныстарының
шөгіндісі, ол балшықты топырақты. Жағалауы (2 метрден 8
метрге дейін) көлге тік түсетін сатылы, бұл тек Жаманты
өзен атырауында ғана кездеспейді. Көлдің Көктұма поселкесі
маңындағы жағалауы доға тәріздес, ылдилы мүйістерге
бөлінген, одан әрі олар құм өңірге ұласады, Жағалау көл
түбіне ұқарай бір қалыпты ылдиланады.;
• оңтүстік жағалау ауданы – аккумулятивті, фитогенді. Бұл
аудан оңтүстік аккумулятивті белестер мен лагуналар, Кіші
Алакөл шығанағы болып екіге бөлінеді. Кіші Алакөл шығынағы
көлдің оңтүстік – шығысындағы тау аралығындағы ойыста
орналасқан. Шығанақтың бір бұрышы Жоңғар қақпасына
тіреледі. Шығанақтың шығыс жағалауының топырағы балшықты,
құмдауытты, Шығанақ жағалауы төмен, сазды, балдыр өседі.
Шығанақ қамыс басқан Жаманөткел өзеніне жалғасады;
• шығыс жағалау ауданы – образионды – аккумулятивті. Көлдің
бұл жағалауы ылдилана біткен жазықтық, топырағы балшықты,
құмдауытты. Солтүстік жағалауы аккумулятивті қойнау,
оңтүстігі – образионды, тегіс борпылдақ шөгін басқан.
• солтүстік – шығыс жағалау ауданы – аккумулятивті,
потомогенді. Бұл жағалау шығанақ пен қойнаулардан, аралдар
мен түбектерден тұрады.
• солтүстік жағалау ауданы – аккумулятивті, потомогенді. Бұл
жағалаудың қалыптасуында Ұржар өзенінің әсері болды. Соңғы
жүз жылда бұл жағалау солтүстікке қарай 20 км – дей
шегінген, соның нәтижесінде ені 2,5 км, ұзындығы 12 км
құм аралы пайда болған;
• солтүстік – батыс жағалау ауданы – образионды –
аккумулятивті. Алакөл мен Ұялы көлдерінің су айырығы.
Жағалаудың бойы сәл сатылай биіктеген, ол сусымалы
топырақтан тұрады.
• батыс жағалау ауданы – аккумулятивті, эолды. Көлдің батыс
жағалауы жазық. Алакөлде бірнеше аралдар бар. Алакөлге 15 –
тен астам өзен құяды. Атап айтқанда, солтүстіктен және
солтүстік – шығыстан құятын Ұржар, Хатынсу және Емел,
оңтүстік – шығыстан құятын Жаманөткел, Ырғайты және Жаманты
өзендері құяды.
Алакөлге келіп құятын өзендердің орташа ағыны
Құятын өзендер м³ сек %
Ұржар (соның ішінде Ұялы) 25,9 50
Емел 14,2 27,4
Хатынсу (Мақаншы) 4,6 8,8
Жаманты 4,6 8,8
Жаманөткел мойыны 2,6 5
Барлығы: 51,9 100
Жер және су бетіндегі орташа температура мамыр айында 4,9 градус,
қараша айында 8,1 градус. Ал су бетіне түсетін ылғал жердегіден артығырақ.
Судың ең жылы болатын көзі қыркүйек айының орта шені. Көлдің терең
жеріндегі судың жылылығы 24 – 26 градус болса, таяз жерінде (солтүстігінде)
ол 30 градусқа жетеді. Су температурасының тереңдікке байланысты
айырмашылығы шілде – тамыз айларында 10 – 25 метр тереңдікте, ал қыркүйек
айының аяғы мен қараша айының басында 30 метр тереңдіктен байқалады. Мамыр,
маусым айларына дейін көлдің терең жерінде судың минералдануы жоғары
болғандықтан су салқын болады.
Судың жылылық температурасының өзгеруі су бетінде 26 – 30 градус, 20
метр тереңдікте – 15 – 17 градус, ал 50 метр тереңдікте 7 – 9 градус. Судың
көпжылдық орташа температурасы 4,5 градустан 15,3 градусқа дейін өзгеріп
тұрады.
Көлдегі жел режимі өте құбылмалы және әр түрлі. Желдің су бетіндегі
жылдамдығы жер бетіне қарағанда әлдеқайда жоғары. Желдің ең күшті жері
көлдің солтүстік – батыс мен солтүстігінде. Мұнда жел секундынына 40 – 50
мерт, ал солтүстік – шығысы мен орталығында секундына 50 – 60 метр
жылдамдықпен соғады. Жел күз бен қыс айларында жиі болады.
Алакөл жерінің ерекшелігіне байланысты оның толқындары әр түрлі сипатта
болады. Шығыстан соққан желдің әсерінен толқын 2 – 2,5 метрге дейін
көтеріледі. Бұл жағдай көбіне қазан – желтоқсан айларында болады. Кей
жылдары ұйытқи соққан дауыл 4 – 5 тәулікке созылады, толқынның биіктігі 6 –
7 метрге жеткен кездері де болған.
Алакөлге тән жоғарыда аталған ерекшеліктер күрделі де ұзақ процестің
нәтижесі. Ал көл суының қату процесі де әр түрлі сипатта жүреді. Көлдің
оңтүстік – батыс жағының таяз жерінде қараша айының аяғында көл беті
қабыршықтанып қата бастайды, ал Көктұма поселкесінің тұсында бұл бір ай
кішірек басталады. Көл ақпанның басында тегіс қатады. Мұз жалпы екі айға
дейін басып жатады, ал кей жылдары бұл бір айға ғана созылады. Мұздың
орташа қату ұзақтығы Көктұма поселкесінің тұсында 91 күн, көлдің солтүстік
– батысында 120 күн және оңтүстік – батысында 60 күн. Мұздың қалыңдығы
ақпан айында 55 см (ең қалың жері 80 см), ал мұз бетіндегі қардың қалыңдығы
5 – 10 см болады. наурыз айының басынан бастап мұз жұқара бастайды. Наурыз
айының аяғында Көктұманың тұсынан су беті мұз ашыла бастайды, ал солтүстік
– батысында мұз 1 – 2 жеті кешірек кетеді. Мұздың еру мерзімі 30 – 40 күнге
созылады.
Алакөлге бірнеше өзен құяды. Мұнда жер асты суының да елеулі орын бар.
Көлге қосылатын жауын – шашын су жылына 306 мм, жылы кезінде 169 мм –
55,2%, ал салқын уақытта – 137 мм – 44,8 % суы буға айналады. Су балансының
циклдік өзгеруі, сондай – ақ су деңгейінің өзгеруі көл суның барлық
компоненттерінің де өзгеріп отыруына әсер етеді.
Су деңгейінің өзгеруі екі түрлі жүреді. Мысалы: жылдық өзгеруін алайық.
Бұған өзен суының қосылуы және көл суның буға айналуы әсер етеді. Наурыз
айынан бастап су деңгейі көтеріледі де мамыр – маусым айларында ең жоғары
шегіне жетеді, ал су деңгейінің ең төмендеуі ақпан – қаңтар айларында
байқалады. Сонда көл деңгейінің жылдық өзгеру мөлшері 40см – ден 121 см –
ге дейінгі аралықта болады. Көпжылдық өзгеруі ауа температурасының
өзгеруіне, жауын – шашынның түсу мөлшеріне байланысты ауытқып отырады.
Үстіміздегі ғасырда Алакөлде су деңгейінің ең жоғары көтерілуі 1908 және
1974жылдары, ал ең төмендеуі 1946 жылы болды. 1908 жылдан 1946 жылға дейін
көл суының деңгейі 5,27 метрге дейін азайды, нәтижесінде көл көлемі 460
шаршы километрге дейін қайтып, оның суы 12 текше метрге кеміді. 1947 жылдан
1974 жылға дейін көл деңгейі 7,18 метрге дейін көтерілді, соның әсерінен
оның көлемі 600 шаршы километрге өсіп, 17 текше километр су қосылды. 1975
жылдан бастап Алакөл суының деңгейі қайта төмендей бастады. Алакөлдің
көпғасырлық өзгеру деңгейі 2,1 – 2,5 метр болды.
Алакөлдің минералдануы 1,2 – 11,6 гкг арлығында. Минералдануы көлдің
орта шеніне қарай арта түседі. Орташа минералдығы көл түбіндегі
минералдылығынан жоғары. Жылдық орташа минералдылығынан жоғары. Жылдық
орташа минералдануы 6,39 – 7,42 гкг. Су деңгейінен көтерілген кезде суының
минералдығы азаяды. Көлге, өзен т.б. сулармен келген тұздың мөлшері
көпжылдық орташа есеппен 1335,1 мың тонна, оның ішінде 313 мың тонна көл
түбінің лайына сіңеді, ал 1021,5 мың тоннасы көл суы құрамында жүреді.
Көпжылдық орташа минералдануының төмен деңгейі жауын – шашынмен 71 гм³,
өзен суларымен 435 гм³ және жер саты суымен 750 гм³, тұз келеді. Судың
орташа минералдылығы 7,1 гкг болған жағдайда Алакөлге шамамен 415миллион
тонна тұз қосылады екен. Көл суының химиялық құрамына сәйкес ол хлоритті –
натрий, сульфатты – натрий немесе хлоритті – сульфатты – натрий түрлеріне
өзгеріп отырады, ал РН – түрі 7,2 – ден 9,1 аралығында болады.Көл суының
мөлдірлігі 0,6 метр, солтүстік – батыс жағындағы тайыз жерінде 6 метр
тереңдікке дейін мөлдір. Көлдің биогендік заттар құрамы фосфордан, азоттан,
темір мен кремнийден тұрады. Алакөлде фосфар ерітіндісі жыл ішініде 0,003 –
0,047 мгл аралығында өзгеріп тұрады, ал қыс айында бұдан көбірек болады.
Азоттың нитрат түрі жыл ішінде 1 мгл – ден нольге дейін өзгереді, ал қыс
айларында бұл біршама көбейеді. Кремний түрі 1,2 – 6,4 мгл, ал темір 0,04
– 0,96 мгл шамасында өзгереді. Оттегінің қосындысы 45 % – тен 118 % – ке
дейін болады, ал су бетінің беткейінде көбірек кездеседі.
Көл суы сілтілі (20 – 30 мг – эквл); суында фтор және бормнан басқа
микроэлементтер түрі өте аз кездеседі.
Фитопланктонның 58 балдыр түрі құрайды. Зоопланктондардың 80 түрі бар,
олардың ішінде өзен суы құятын жерде, шығанақтарда жамбасқұрттар өте жиі
кездеседі.
Су өсімдіктері Алакөлдің солтүстік және солтүстік – шығысындағы таяз
жерлерде, өзендердің көлге құятын жерлерінде және Кіші Алакөл шығанағында
өседі. Олардың негізігісі қамыс, сондай – ақ шалғын шөптер, қоға, шалаң,
қарақұмық, жебе жапырақтар, мүйіз жапырақ, т.б. кездеседі. Қамыс 14 мың
гектар жерді алып жатыр.
Алакөлде сегіз түрлі балық бар. Бұлардан ауланатындары: сазан,
көксерке, алабұға және шармай. Мұнда кәсіптік негізде жылына орта есеппен
2500 тонна балық ауланады.
Көлдің солтүстігінде және солтүстік – шығыс жағалауларында және өзеннің
көлге құятын жерінде ондатр өседі. Алакөлдің көгілдір айдынын бірқазан,
гагара, жылқышы, аққу, шағала, көкқұтан, тағы басқа да көптеген жабайы
құстар мекендейді.
Қамыс арасынан түлкіні, қамыс мысығын, су тышқанын, т.б. жиі
кездестіруге болады.
1.4.2.2.Сасықкөл
Алакөл ойысының солтүстік – батысында орналасқан, ол батыстан – шығысқа
қарай созылып жатыр, ағынды. (сурет).
Көл теңіз деңгейінен 350,5 метр биіктікте жатыр. Сасықкөлдің көлемі
736 шаршы километр (аралдарын қоса есептегенде 797 шаршы километр),
ұзындығы 49,6 км, ені 19,8 км, жағалауының ұзындығы 182 км. Жағалауының
кеңею коэффициенті 1,8, орташа тереңдігі 3,32 метр, ең терең жері 4,7 метр,
ал көлге 2,43 миллиард текше метр су жиналады.
Сасықкөлдің ең терең жері шығысында. Көл түбі тегіс, тек қана батыстан
шығысқа қарай сәл ылдилау. Көлдің тұнба лайын негізгі үш биотопқа бөлуге
болады, олар су боитоп, құмайтты боитоп және құмды биотоп. Сұр боитоп
көлдің ең шұңғылдау жеріне жиналған, ол көлдің 61% көлемін алып жатыр.
Құмайтты биотоп су жағасынан басталып, 1,5 – 2 метр тереңдікке дейін
созылады. Көлдің 20 – 30 % құмды биотоп. Құмайтты – лайлы биотоп жоғары екі
биотоптың аралығында орналсқан.
Сасықкөлдің жағасы иірімді. Оңтүстік – шығысында Аралтөбе тауы Борған
және Жартас шығанақтарын бөліп тұр. Солтүстік – батысында Аралтөбе (көлемі
11,2 шаршы километр, ұзындығы 5 километр, ені 2,8 километр, су бетінен
биіктігі 47 метр) аралы орналасқан. Көлдің жағалауы жалпы төмен, сазды,
айналасын қамыс қоршаған. Бұл көл жағасын толқынның шайып кетуінен
сақтайды.
Сасықкөлге оңтүстік – шығысынан Тентек, солтүстігінен Қаракөл, сондай –
ақ батысынан Ай өзені құяды. Ылғал аз жылдағы Ай өзені мен Қаракөл өзендері
көлге жетпей жерге сіңіп кетеді. Тентек өзені үш тармақтанып көлге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz