Қазақ жазуы және Ахмет Байтұрсынов


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТI
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТI
ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТIЛI ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ
Қорғауға жiберiлдi
№ хаттама
« » 2006 жыл
Кафедра меңгерушiсi
Профессор Б. Шалабай
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қазақ жазуы және Ахмет Байтұрсынов
Орындаған: қазақ филологиясы
факультетінiң 4-курс студенті
Орманбекова А.
Ғылыми жетекшісi: филология
ғылымдарының докторы Г. Қосымова
АЛМАТЫ 2006
Ж о с п а р
Кіріспе: . . . 3-5
І тарау. Аналитикалық септіктің жалпы сипаттамасы
1. 1 Аналитикалық септіктің зерттелу тарихы . . . 6-20
1. 2 Аналитикалық септік мағыналары . . . 20-30
ІІ тарау. Септіктің аналитикалық формасын жасайтын тілдік бірліктер . . . 30-35
2. 1 Септеулiк шылаулар . . . 35-43
2. 2 Көмекші есімдер . . . 43-49
Қорытынды: . . . 50-51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 52-54
К і р і с п е
Дипломдық жұмыс морфология саласына арналған. Қазақ тілі типологиялық жағынан жалғамалы тілге жатады. Себебі, тіліміздегі төрт жалғау да, етістіктің лексика - грамматикалық түрлері де синтетикалық тәсіл арқылы жасалады. Бірақ, қазақ тілі таза синтетикалық тіл емес. Қазақ тіліндегі грамматикалық мағыналар тек синтетикалық емес, аналитикалық форма арқылы да беріледі.
Жұмыстағы негізгі зерттеу осы тілдегі аналитикалық септік туралы.
Тілімізде аналитикалық форманың бар екені дәлелденген. Ол әсіресе етістік сөз табында көп, себебі етістік - тілдегі категориясы көп сөз табы.
Профессор Н. Оралбаева «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форматтары» деген еңбегінде бұл мәселе туралы толық қамтып дәлелдеді.
Ал, сын есім категориясындағы дегендегі шырай формаларының аналитикалық қосарлану, тіркесу тәсілі арқылы жасалса да, оның грамматикалық аналитизм ретінде зерттеу әлі қолға алынбай отыр.
Зат есімнің септік категориясының аналитикалық формасы туралы да осы пікірді айтуға болады.
Біздің тіліміздегі бар мысалдар арқылы татар, өзбек тіліндегі аналитикалық септік формасы дәлелденген. Мәселен, татар тіліндегі аналитикалық септіктің 8 түрі анықталған. Аналитикалық септікті жасаушы элементтер ретінде біздің тіліміздегі бар септеулік шылаулар мен көмекші есімдер көрсетіледі. Тілімізде осындай мысалдар болса да, септіктің аналитикалық формасы туралы зерттеу морфологияда жасалмаған.
Дипломдық жұмыста осы аналитикалық септік сипаты, оның табиғаты, көмекшілерге қатысы туралы сөз болады.
Жұмыстың өзектілігі
Грамматикалық аналитизм осы уақытқа дейін бірнеше ғылыми зерттеулерге негіз болды. Аналитикалық форманың типологиялық жағынан әр түрлі тілдердегі көрінісі туралы көлемді зерттеулер, мақалалар жоқ деп айта алмаймыз. Бірақ, грамматикалық аналитизмнің әр сөз табына қатысты жүйелі түрде зерттеліп, бір жолға қойылды деп айта алмаймыз. Әсіресе, зат есімнің септік категориясы туралы қазақ тіл білімінде зерттеу еңбегі мүлде жоқ деп айтуға болады.
Көмекшілердің морфологиядағы грамматикалық қызметі де, олардың ортақ қасиеттері де, олардың грамматикалық мағынасы туралы да
3
пікірлер әр қилы. Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды көмекшілер деп бір атпен топтастырылған элементтер өз грамматикалық мазмұны мен қызметіне сай әр категория құрамында қарастырылу керек. Мәселен, көмекші етістіктер етістік категориясына тән, септеуліктер мен көмекші есімдер зат есімнің септік котегориясына тән т. с. с.
Қазақ тілінің аналитика - синтетикалық тіл екенін ескеріп түркі тілдес тілдердің мысалдарымен салыстырмалы түрде аналитикалық септіктің қазақ тілінде бар екенін және оның қызметі, жасалуы мен құрылымы, мазмұнын зерттеу қазақ тілі морфологиясы үшін маңызды. Себебі, жалғамалы тілдер грамматикалық құрылысынан сөздің аналитикалық формасы қандай орын алады деген мәселе өзекті мәселеге жатады. Септіктің қазақ тіліндегі аналитикалық түрі жеке обьект ретінде зерттелетіндей шегіне жетті. Олай дейтініміз, әр түрлі еңбектер мен жинақтарда септік пен септеуліктердің, көмекші есімдердің ортақ белгілері, грамматикалық аналитизмнің септік категориясына қатысы да айтылып жүр. Олай болса осы зерттеу еңбектерін жүйелік бір жолға қою қазақ тіл білімі үшін қажет-ақ.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері
Зерттеудің негізгі мақсаты - қазақ тіліндегі аналитикалық септіктің бар екенін дәлелдеу, аналитикалық септік жасайтын тілдік элементтердің септік жалғауымен ортақ белгілерін анықтау, оның мағыналық топтарын жүйелеу. Қазақ тіл білімінде барлық мысалдар арқылы аталған мақсаттарды жүзеге асыру.
Аталған мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер атқару көзделді:
- Аналитикалық септік туралы тілдердегі зерттеулерге шолу жасау;
- Септеуліктер мен көмекші есімдердің ортақ белгілерін анықтау;
- Осы екі аналитикалық септік жасаушы элементтердің септік категориясына қатысын ашу;
- Аналитикалық септіктің септікке тән грамматикалық мағынасын бере алу мүмкіндігін көрсету . . .
- Қазақ тіліндегі септікке тән сөзөзгерім жүйесіне қатысын анықтау;
- Аналитикалық септіктің грамматикалық мағыналарына саралау.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы
Септіктің аналитикалық түрінің лалғаш рет зерттеу нысаны болуы. Септеулік шылаулар мен көмекші есімдердің аффикстерге синоним қызмет ету қабілетінің дәлелденуі. Септіктің аналитикалық түрінің жалпы септік котегориясына тән грамматикалық мағынасын беруі және оған қатынасатын элементтердің табиғаты туралы сөз қозғауы.
4
Зерттеу нысаны:
Қазақ тіліндегі аналитикалық септік.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар
- Аналитикалық септік жасалу жолдары ( таза аналитикалық ана- литика-синтетикалық) ;
- Көмекші есімдердің қосқызметтілігі ( әрі аналитикалық септік, әрі есім сөз болуы)
- Аналитикалық септіктің синтаксистік қызметі;
- Септік жалғауы дамуындағы септеулік шылаулардың орны;
- Аналитикалық септіктің жай септік бере алмайтын грамматикалық мағынаны бере алу қабілеті;
Жұмыс құрылымы
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
5
І тарау
Аналитикалық септіктің жалпы сипаттамасы
- Аналитикалық септіктің зерттелу тарихы
Аналитикалық септік туралы кеңес ғалымдары да, шетел ғалымдары аз зерттемеген.
Мысалы, Демесинова Галина «Англиские предлоги пространственного значения и их соответствия в казахском языке» деген кандидаттық диссерта-циялық жұмысында былай деп жазады:
«Падеж традиционном понимании представляет собой словоизменитель-ную категорию; наличие в языке категории падежа свидетельствует о синтетизме. Однако ряд языковедов, например Яхонтов, и упомянутые Ч. Онионз, М. Дойчбайн, Д. Керм, Б. А. Ильин считают возможным говорит о так называемых аналитических падежах. В этом случае падежными формами могут считаться сочетания существительные с предлогами, послелогами или даже существительные в определенной синтаксической позиции » /1, 26/. Бұл зерттеуден ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастап жазылған Ч. Онионз (1932) ; М. Дойчбайн (1959) ; Д. Керм (1966) еңбектерінде аналитикалық септік ұғымын танығанын көреміз.
Латын, ағылшын тілінде аналитикалық септіктерді салыстыра зерттеген бұл ғалымдар көне ағылшын тілінде қанша категориялық формалы септік болса, аналитикалық септік те сонша болады деп есептейді /1, 19/.
Біз бұдан аналитикалық септік ұғымының жалпы тіл білімінде ХХ ғасырдың басынан анықталып, зерттеле бастағанын байқаймыз. Бұл әсіресе латын, ағылшын, француз тілдерінде ерте зерттелген. Себебі бұл тілдердегі негізгі септік ұғымы қазіргі кезде предлог арқылы беріледі.
Мысалы: The young woman was walking from her own village
Жас әйел өз селосынан шығып келеді /1, 15/
From - нан шығыс септігінің орнына қолданылынған.
Ал Серебрянников Б. А. « Сводимость языков мира, учет специфики конкретного языка, предназначенность описания языков мира» деген еңбегінде ағылшын тіліндегі септік формасының предлогтар арқылы жасалуын айта келіп, бұл конструкцияның жалпы тіл біліміндегі ерекшелігін көрсетеді:
1. Синтаксистік қызметі жағынан да, мағынасы жағынан да септік категориясының эквиваленті болады.
6
2. Тарихи тіл дамуында септеуліктер синтетикалық септікті
нақтылайды, толықтырады. Ал аналитикалық тілде негізгі септік қызметін атқарады.
3. Септеуліктер өзінің заттық мағынасынан айырылады да, септіктің синтетикалық түрінің мағынасын береді /2, 31/.
Бұл жерде Серебрянников көмекші сөздер септік орнына
жұмсалғанда, өзінің лексикалық мағынасынан айырылады деген пікірді айтқысы келген. Демек, ғалым аналитикалық септік тілде бар екенін, әр тілде де болу мүмкін екендігін айтқысы келген. Шынында да, септіктің аналитикалық формасы бір тілде негізгі септік қызметін атқаруы мүмкін.
Ал кей тілдерде белгілі бір сөз табының қосалқы қызметі ретінде де көріну мүмкін. Мысалы: Қазақ тілінде бері - әрі үстеу, әрі аналитикалық септік жасаушы форма.
Аналитикалық септік туралы құнды пікір айтқандардың бірі - Джон Лайонз. Ол:
«В одном и том же языке эти грамматические и локальные функции, могут выражаться частично посредством падежных окончании, а частично другими способами, чаще всего предлогами, послелогами. Это значит что нельзя рассматривать категорию падежа исключительно с морфологической точки зрения » /3, 318/, - деп септікті тек синтетикалық түрде емес, послелогтар, шылаулармен қатыста аналитикалық түрде де қарастырылуын алға тартады да түрік тіліндегі
Ahmet icin - Ахмет үшін деген мысал келтіреді.
Бұндай пікірді «Дело о падеже» деген мақаласында Ч. Флелимор да айтады: «Мне кажется, что обсуждение проблемы падежей могла бы предстать в несколько лучшем свете если бы как на процесс, в точности ана- логичный правилам, приписывания послелогом в японском языке » /4, 391/.
Осы пікірді айтуында да ғалымның септіктің тек морфологиялық тұрғыда көрінетін септік жалғауымен тоқтап қалмай, шылаулармен дербес сөздер тіркесін де септік ретінде қарауды ұсынады.
« Ал, егер - дейді ғалым - кей шылаулардың лексикалық мағынасын ескерсе, оны әрі шылау - сөз табы, әрі - септік деп қарастыруға болады» /4, 391/.
П. С. Кузнецов « Морфологическая классификация языков» деген кітабында аналитикалық тілдердің кейбіреуінде тіпті септіктің синтетикалық формасының жоқ екенін, бұндай қызметті предлогтар атқаратынын айтады.
«Следует иметь в ввиду что аналитическии строй больше распространяется на имя, вследствие чего, как уже было сказано в аналитических языках или совсем нет, или почти нет падежей» /5, 21/.
Ал, аглютинативті тілдегі септік туралы П. С. Кузнецов: «В большой части аглютинативных языков падежи характиризуются окончаниями в
7
качестве же служебных слов, выражающие отношения между словами
употребляются не предлоги, а послелоги. Слова стоящие после тех самостоятельных слов в котором они относятся, эти послелоги сочетаются обычно не косвенным падежом имени, как наши предлоги, а с формами имени характиризующися нулевым окончанием » дей келе мынадай мысал келтіреді:
Коми тілінде tүй вылоt «по дороге» /5, 22/.
Аналитикалық септік туралы келелі пікір айтып, септік конструкциясы-ның аналитикалық сипаты бар екенін дәлелдеуге тырысқан ғалым В. М. Жирмунский. «Аналитические конструкции в языках различных типов» деген жинақта ғалым:
- Септеуліктердің қызметі жағынан да, септіктің эквиваленті болып табылатыны;
- Тілдердің тарихи дамуында септіктермен қатарласа қолданылып, оларды жартылай немесе толық алмастыра алатындығы.
- Септеуліктердің бастапқы заттың мағынасынан айырылып, абстрактілі синтаксистік қатынасты білдіреді. Нәтижесінде грамматикалық септіктер тәрізді өзгереді - деп сипаттайды /6, 53/.
Бұған қоса, дәл сол мақаласында орыс тіліндегі в городе - на даче, в магазине - на заводе тәрізді предлогты аналитикалық септік конструкциясы деп санайды. Сөйтіп, орыс тіліндегі предлогтың қызметіне жұмсалатын « іші » көмекші сөзінің нақтылы мекендік мағына білдіретін, соның нәтижесінде, стол ішінде тіркестерінің аналитикалық сипатқа ие бола алмайтынын айтады /6, 53/.
Ғалым, бұл зерттеуде септеуліктер мен көмекші есімдерді септіктің аналитикалық формасы болып қарау керектігінің себебін түсіндіреді. « Неліктен септік пен предлогтарды қатар қарауымыз керек?» деген сұраққа жауап беруге тырысады.
Осы жинақта В. М. Жирмунскиидің айтқанына ұқсас пікірді Н. М. Александров та айтады. Ол: «О взаимосвязах аналитических и синтети-ческих форм» деген мақаласында тілде зат есім септелуінің аналитикалық формасының бар екенін айтып, тиісті септік формалары қандай грамматикалық қатынасты білдірсе, септеулікті тіркес те аналитикалық форма ретінде осындай қатынасты білдіреді. Сондықтан септеудің аналитикалық формасы ретінде қаралуы тиіс дейді /7, 177/.
1963 жылы шыққан «Аналитические конструкции в языках различных типов» деген жинақта да аналитизм, аналитикалық септік ұғымына біршама құнды пікірлер келтірілген.
О. П. Суник « О понятиях «аналитическая конструкция» и «аналитический строй речи» » деген мақаласында аналитикалық тәсіл жөнінде мынадай пікір айтады: «Аналитическими признаются и некоторые лексиколизованные словосочетания (сложные слова, устойчивые словосочетания ) и сочетания грамматилизованные
8
(аналитические формы слова) » / 8, 5/. Яғни, ғалым аналитикалық тәсіл сөзжасамның да, морфологияның да обьектісі бола алады. Ал біздің талдап отырғанымыз аналитикалық тәсілдің форма жасау қабілеті. Осы жинақта Н. В. Солнцева форма синтаксистік сөйлем байланыстыра алушылық, қабілетінің бар екенін алға тартады /9, 6/.
Аналитикалық септік туралы осы жинақта К. Е. Майтинская да сөз қозғайды. Ол: «Два направления развития аналитических конструкции в венгерском языке» деген мақаласында « В аглютинативных языках, как и флективных, аналитические способы выражения грамматических значений употребляются наряду с синтетическими одной сфере языка (например, в выражений падежный отношении у существительных » /10, 15/.
Яғни, ғалым Венгер тіліндегі аналитикалық септіктің бар екенін айтады.
Ал, А. С. Чикобава « О некоторых процессах трансформации анали-ических образований в синтетические» деген мақаласында шылаулардың септік жасау мүмкіндігін кавказ тілі материалдары арқылы дәлелдегісі келеді. Біз бұл туралы жұмысымыздың келесі бөлімінде сөз етеміз /11, 20/.
Осы жинақта Чукотко - камчат тіліндегі аналитикалық конструкция туралы пікір айтқан П. П. Скорик бұл тілдегі аналитикалық конструцияның 3 түрін көрсетеді:
- Словосочетание с производными именами от вспомогательных глаголов ( аяваң вогыргын «перемена»: аяваң - иначе, ва-гыргын - бытие) .
- Сочетание имен с наречиями в функции послелога ( ветғығ гыргоча «над отцом»: ветлыгык - у отца, гыргоча - вверху) .
- Словосочетание с наречным союзным значением ( қынвэр эвыр «постепенно», қынвэр - наконец, эвыр - если) .
Ғалымның саралаған екінші жасалым түрі біздің обьекті етіп алып отырған аналитикалық септікке мысал бола алады. /12, 27/.
Ал А. С. Чикобава болса «О некоторых процессах трансформации аналитических образовании в синтетическом» деген мақаласында кавказ, авар, чечен тілдеріндегі септік санының әртүрлі болуы негізгі септіктер мен шылау (послелог) арқылы жасалған септіктердің шатасып кетуінен деп түсіндіреді /11, 20/. Демек, кавказ тіліндегі септік жасалуында септеуліктер арқылы септіктің жасалуы бар - яғни, септіктің аналитикалық формасы бар.
Осы айтылып отырған екі жинақта ( «Аналитическая конструкция в языках различных типов» Ленинград 1963 жыл, «Аналитическая конструкция в языках различных типов» Наука 1965 жыл) әр тілдердегі аналитикалық септік туралы біршама сөз болды. Көмекші есімдер
9
мен шылаулардың септік категориясына қатысы туралы түркітанушылар да аз зерттемеген. Аналитикалық септік және оны жасайтын тілдік элементтер, көмекші сөздер туралы пікір айтқандар баршылық. Жалпы бұл пікір аясындағы ойларды былай топтауға болады:
- Тілде алғаш көмекші сөздер одан соң септік жалғаулары пайда болған;
- Көмекшілердің қосқызметтілігі;
- Көмекшілердің септік жалғаудың грамматикалық мағынасын бере алу қабілеті;
Жалпы зерттеулерге сүйенсек, түркітанушылардың көпшілігі түркі тілдеріндегі септік категориясын зерттегенде де, көмекші сөздерді зерттегенде де оның әлдеқайда қиын, әлі де көп зерттеуді қажет ететінін алға тартады.
Бұл обьектілер туралы зерттеушілердің қатарына А. М. Щербак, Ф. А. Ганиев, Н. К. Дмитриев, А. М. Казембек, Н. А. Баскаков, А. Н. Кононов, В. А. Серебрянников және т. б. айтуға болады.
Түркі тілін зерттеген бұл ғалымдар септіктің аналитикалық түрі туралы зерттеулер жасап, олардың алғышарттарын көрсетті.
Тек ол туралы әртүрлі тілінің төл авторлары жеткілікті дамытып, өз дәрежесінде таныған жоқ. Жалпы септік категорисының пайда болуы туралы алғашқы түркі тілдерінің жалпы грамматикасы туралы еңбек жазған А. М. Казембек былай деп жазады:
« Буквы или слоги характиризующие падежи в склонении имен или местоимений, как-то, -нин, - дан, - да и прочие сут падежные послелоги » /13, 312/
Яғни, ғалымның ойынша, септік жалғауларының негізі септеулік шылаулардан шыққан. Олай болса, тіл білімінде айтылып жүргендей септеулік шылаулар септіктің емес, септіктер септеулік шылаулардың орнына жұмсалып жүрген болып шығады.
Н. К. Дмитриев грамматиканың даму жолының 4түрлі сатысын көрсетеді:
1) дербес сөз
2) көмекші сөз
3) шылау
4) қосымша /14, 47/
Демек, дербес сөз лексикалық мағынасын сақтап мағыналы тұлғаға айналған да, көмекші сөз, шылау, жалғау бір-бірінен туындап, шылауды кей бөліктері жалғауға айналған, соған қарамастан, тілде сол шылау да, жалғау да грамматикалық мағыналары бір-бірімен мәндес түрде өмір сүреді.
Айырмашылығы бірі дербес сөзге тіркессе /аналитикалық/, бірі жалғанады / синтетикалық/.
Түркітануда септік санының әр түрлі көрсетілуі де
10
сондықтан. Мысалы, Көп түркі тілдерінде көмектес септік көрсетілмейді. Себебі, оның орнында бенен - бірге шылауы қолданылады. Соңынан грамматикалық мағынасына байланысты ол септік құрамында қарастырылды.
А. М. Щербак түркі тілдеріндегі септікті 9-ға бөледі:
1. Именительный падеж
2. Родительный падеж
3. Винительный падеж
4. Дательный падеж
5. Местный падеж
6. Исходный падеж
7. Творительный падеж
8. Сравнительно - огрничительный падеж
9. Уподобительный падеж /15, 16 - 25/
Аналитикалық септік деп атамаса да, ғалым септік жасаау үшін шылау-лардың қолданылуын көрсетеді.
Мысалы: Местный падеж - жатыс септік бөлімінде ғалым артында, алдында деген көмекші есімдермен берсе, Исходный падеж - жатыс септікке үстінен, алдынан т. б. көмекші есімдер тіркесімен береді Сравнительно - ограничительный падеж, Уподобительный падеж бөлімінде ғалым -ше, -ше, -дай, - дей сын есім тудырушы жұрнақтарын көрсетеді /15, 26/.
Түркітанушылар әр тіл бойынша зерттеулерінде, шылаулардың кей түрін септіктердің қатарына қосады, бірақ аналитикалық септік деген атауды көрсетпейді.
А. М. Щербак өзінің тағы бір еңбңгінде септіктің 9 түрінен басқа әр түркі тілінде кездесетін септік жалғауларының мынадай түрлерін атап өткен:
« Предель ный -ғача, - гаса ( татар, башқұрт)
Причинно - целовой -шан (чуваш)
Причинно - достигательный -чен, -үчен (чуваш)
-чәнен (қырғыз)
Совместный -лын, - дын
Винительный - непределенный (частным партиктивным) -да, -до, -та (як ат-та тут)
Мешительный - сар (чуваш)
-сыз (общетюрк) » /16, 29-61/
Чуваш тіліндегі «чан», «чен», «үчен», деп отырғаны тілімізде үшін шылауы. Ғалым, олай болса, шылаулардың септікпен теңдес жұмсалатынын дұрыс таныған. «Үшін» шылауын сол кездің өзінде себептік септік деп аталғанын білеміз. Демек, А. М. Щерба аналитикалық септіктің кей түрлерін байқағанын көреміз.
Түркітанушылардың ішінде аналитикалық септікті жеке обьекті етіп қараушылар да болды.
11
Мысалы: Ф. А. Ганиев аналитикалық септік деп есім сөз бен көмекші сөздер тіркесін көрсетеді.
Ондай аналитикалық септіктің 8 түрін көрсетеді:
1. Социатив (орудийно - совмесный падеж) - белән септігі тіркесу арқылы жасалады. Ол қазақ тіліндегі бергі септігінің баламасы.
2. Дестинатив (причинно - целовой) өчен - үшін шылауы қатысымен жасалады да, септіктік мағына береді.
3. Уподобительный - сравнительный падеж.
Зат есімге кебек, ешекемле, кадәр, төсле, хәтле шылауларының бірі қатысуы арқылы. Мағынасы екінші бір затқа ұқсауды не салыс-тыруды білдіреді. Соған қарағанда ол тіліміздегі сияқты, секілді, тәрізді септеулік шылаулардың эквиваленті.
4. Изьяснительный падеж.
Бұл турасында, хақында шылауларының тіркесуі арқылы жасалады. Әңгіменің кім, не туралы екендігін білдіреді.
5. Местный падеж.
Нольдік формадағы зат есімге буенча, бүйлап, өстенда, астында көмекшілері тіркеседі.
Демек, ғалым көмекші есімдердің де септіктің аналитикалық формасын жасауға қабілеттілігін көрсетеді.
6. Исходный падеж.
Зат есімге астынан, өстенән шылаулары тіркесіп, қимыл бағытын білдіреді.
7. Направительный падеж.
Зат есімге өстенә, астына көмекші есімдерінің тіркесуі арқылы жасалады.
Қимылдың бағытталған затын білдіреді.
8. Причинный падеж.
Зат есімге арқасында, сәбәпле тіркесуі арқылы жасалып себептік мағына жасайды /17, 28-30/.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz