Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тіл дамытуы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

Педагогика және психология факультеті

Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі:

п. ғ. д., проф. Қ. А. Аймағамбетова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:

Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту

Орындаған: 3 курс студенті

Л. Акжаркынова

Жетекшісі: п. ғ. к., аға оқытушы

К. М. Метербаева

Алматы

2007

Мазмұны

КІРІСПЕ 3

1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері 6
  2. Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың ерекшеліктері 19

2. БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1. Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың жолдары мен әдіс-тәсілдері 24

2. 2. Тәжіриелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері 37

Қорытынды 52

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 53

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі : Елдік пен еркіндікті аңсаған қазақ елі бүгнде іргесін бекемдеп, саяси-экономикаық, әлеуметтік жағынан өркениетті елдер қатарынан орын алуда.

Өтпелі кезең өзгерістеріне орай халыққа білім беру жүйесі де, реформалануда. Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында бірсыпыра шаралар жүзеге асырылып, жас ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жасалып, мектеп өміріне енгізілді. Мұнда көздеген ең басты мәелелердің бірі - болашақта қоғам мүддесін өтеуге қабілетті, жан-жақты дамыған, өз еліне сүйіспеншілігі зор тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндеттер мемлекеттік құжаттарда, Қазақсатн Республикасының Конституциясында, «Тіл туралы» Заңдарында т. б. атап көретілген.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы жаңа ұрпақты өз ана тілінде оқытуға, білім беруге, әдеби, мәдени мұраларымзды танып-білуге мол мүмкіндік туғызды. Ата-бабадан бүгінгі күнге жеткен тарихи мұраларды таныту халық қазынасы ауыз әдебиеті, балаларға арналған көркем әдеби шығармалардлы кеңінен пайдалану арқылы жүзеге аспақ. Бұл жөнінде ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде: « . . . біз тарихи мүмкіндіктерді, әдеби-мәдени мұраларды таныта тәриелеуді мектепке дейінгі кезеңнен бастап, үзіліссіз жүзеге асыруға тиіспіз. Осы арқылы жастарды адамгершілікке, өз еліне сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеуге тиіспіз», - дей келе, «бәріміз де бала кезімізде халық ауыз әдебиетінің баға жеткісіз бай мұрасымен сусындап өттік. Қазақ ертегілерін, батырлар жырларын оқымаған қазақ баласы жоқ шығар деп есептеймін», - деен болатын.

Табиғат пен өмір әлемін поэзиялық өрмекпен біртұтас бейнеде суреттеп көрсететін, балалардың ойын орнықтырып, игілігіне айналдыруда, олардың сөз мәнісін түсінуге баулуда, тілін дамытуда балалар әдебиетінің тәлім-тәрбиелік мәні ерекше.

Тәрбие - тарихи үрдіс, оған адамзат қоғамында талай ғасырды бастан өткізіп, қасиетті мұраларға айналып, бүгінгі жас ұрпаққа жеткеніне, Отанымызға оралған Күлтегін жазба ескерткіші әл Фарабидің философиялық, педагогикалық, дидактикалық ой-пікірлері дәлел. Осы мақсатта қазақ халқының ғұлама ғалымдары, ойшыл ағартушылары асыл мұралар қалдырған. Орта ғасыр ойшылдары: «Қорқыт ата кітабы», ұлы бабамыз Ж. Баласағұнидың «Құтты білік», М. Қащқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» шежіресі, А. Жүйнекидің «Ақиқат сыйы» ғылыми-философиялық, әдеби тарихи еңбектерінің келер ұрпақты туған тілге, әдеби-мәдени мұраларды танып-білуге қызығушылыққа, туған жерге, Отанға сүйіпеншілікке тәрбиелеуде басты құрал екені сөзсіз.

Біз зерттеу барысында қазақ философтары Д. Кішібеков, Ұ. Сыдықов, А. Қасабек, Қ. Мұханбетәли, Ж. Алтай т. б. еңбектерін негізге алдық.

Қазақстанда психология ғылымының негізін қалаушы ғалым Ж. Аймауытов пен психлогтар: Т. Тәжібеков, М. Мұқанов, Е. Суфиев, С. Балаубаев, А. Темірбеков, Қ. Жарықбаев, Х. Т. Шерьязданова т. б. зерттеулерінде оқушылардың тілін дамытуда ауыз әдебиетінің алатын орны туралы ой толғады.

Бала тілін дамытуда көркем әдебиеттің құдіретті күші туралы ой түйіндеген Ресей психологтары В. В. Давыдов, Д. В. Эльконин, Л. С. Выготский, А. В. Запарожец, А. Леонтьев т. б. еңбектері зерттеуімізге өзек болды.

Қазақстан Ркспубликасы көлемінде балалар әдебиетінің дамуы туралы Ш. Ахметов, С. Қалиев, Ә. Табылдиев, . Нұғыбаева, Б. Ыбырайымов, С. Ахметова, К. Сейембаев, Н. Албытова т. б. зерттеулерінде балалар әдебиетінің бастауыш сынып оқушыларын оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі тәлімдік және білімдік мәні, әдеби шығармаларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану тәсілдері жөнінде келелі ой қозғағанына көз жеткіздік.

Ғылыми зерттеу нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту жөнінде С. Рахметованың «Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту», Т. Әбдікәрімованың «Мәтін арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту» атты монографиялық еңбектері жарияланып, оларды көркем әдебиет арқылы оқушылардың тілін дамытудың маңыздылығын байқадық.

Десек те, балалар әдебиетінің баланың дамуындағы құдіретті күші туралы зерттеу еңбектері болғанымен, оқушылардың тілін дамытуда балалар әдебиетін пайдаланудағы әдістемесі жайында арнайы нысана болған емес. Осының нәтижесінде оқушылардың тілін дамытуда балалар әдебиетінің педагогикалық мүмкіндіктері мен оларды пайдаланудың қазіргі жағдайының арасында қарама-қайшылықтар туындап отыр. Аталған қайшылықтарды шешу мақсатыда жұмысымыздың тақырыбын «Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту» деп алуымызға тура келді.

Зерттеудің мақсаты: Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың териялық және әдістемелік жолдарын айқындау.

Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі

Зерттеудің ғылыми болжамы: Оқушылар тілін дамытуда балалар әдебиетін пайдаланудың тиімділігі артады, егерде оқу-тәрбие үрдісінде балалар әдебиетінің ілімдік және тәрбиелік мүмкіндіктері мен мазмұны ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделсе, оны іс-тәжірибеде қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері айқындалып, оқу-тәрбие үрдісіне енгізілсе, онда балалар әдебиетін пайдаланудың мүмкіндігі жоғары деңгейде болады.

Зерттеу міндеттері:

  • балалар әдебиеті арқылы бастауыш оқушыларының тілін дамытудың теориялық негіздерін айқындау;
  • оқушылардың тілін дамытуда балалар әдебиетін пайдаланудың мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықтау;
  • балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың моделін құру өлшемдері мен деңгейлерін және тиімді педагогикалық әдістерін айқындау.

Зерттеудің әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты теориялық және әдістемелік әдебиеттерді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау, мектептегі озық тәжірибелерді жинақтау, оны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану, жүргізілге іс-тәжірибені сараптау, эксперимент нәтижесін қорытындылау, оларды математикалық тұрғыда өңдеу.

Зерттеу нысанасы: Эксперименттік жұмыс Жаркент қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте өткізілді. Экспериментке 30 оқушы қатысты.

Диплом құрылымы: Диплом кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысында 5 кесте, 3 сурет берілген.

1. Оқушылардың тілін дамытудың теориялық негіздері.

1. 1. Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері

Жаңа қоғамның тізгінін берік ұстайтын елдің ертеңгі болашағын оқыту мен тәрбиелеу бесіктен, баланың нәрестелік шағынан басталып үздіксіз ұдайы даму барысында қалыптасады. Бұл білім беру жүйесінің барлық буындарында үлкен міндеттер жүктейді. Ол міндеттер Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында және басқа да мемлекеттік құжаттарда нақты көрсетілген.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында жасына және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құрайтын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейің анық белгілеген.

Бала тілін сәби кезінен бастап дамыту олардың ойын өрбіту, сол арқылы жеке басының қалыптасуына жағдай жасау - оқу-тәрбие мәселесіндегі негізгі мақсаттардың бірі. Бала өз ойын тілм арқылы жеткізеді. Ал бала тілінің дамуы, оның сөйлеу мүмкіндігінің қалыптасуы бірде пайда болмайтын күрделі психологиялық процесс. Ол жүйелі жүргізілетін жұмыс түрлерінің негізінде жүзеге асады.

Осы міндеттерді жүзее асырудың алғы шарты ретінде үздіксіз тәрбие мен білім берудің тұжырымдамалары жасалып, соның негізінде оқыту, тәрбиелеу мазмұнын түбегейлі жақсарту көзделіп отыр.

Белгілі философтар Ә. Нысанбаев, Д. Кішібеков, Т. Әбжанов, т. б. адамның рухани дамуы ана тілі негізінде жүргізілетінін қарастырады. Философтардың ой-пікірлеріне сүйене отырып, біз оқушының тілінің дамуы оны көркем әдебиетке деген сезімін, ойын тәрбиелеуге ықпал жасайды деген тұжырымға келдік.

Баланың тілді меңгеруі жайлы ғылыми зерттеулер жазған психолог-ғалымдар (Л. С. Выготский А. Л. Имедадзе, А. Л. Леонтьев, Н. С. Рождественский т. б. ) жас кезінде баланың танымдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына байланысты тілді тез меңгеретінін ғылыми негізде дәлелдеп берді.

Баланың тілдік сезгіштік қасиеті оқушылардың мектептің бастауыш оқыту кезеңдерінде өз ана тілінің ерекшелігін айыра білу қабілетін дамытып отырады. Тіл арқылы ойды қабылдау және сезінудің жолдары әрүрлі екендігі белгілі, яғни оқылған көркем шығарма мазмұнын есту, түсіну, сөйлеу қабілеті практикалық жұмыстармен байланысты дамиды. Осымен байланысты белгілі психолог В. Б. Богословскийдің тұжырымдауынша, біз тыңдаған мазмұны санамыздан ізсіз жоғалып кетпейді. Ми қыртысында бейнелер түрінде сақталады, және қайта жаңғыртып айту болып табылады.

Психикалық процестерді бір-бірімен тығыз байланыстыра қарастырған С. Л. Рубинштейн шығарма мазмұнын адам санасында дерексіздендіру, қорыту, тұжырымдау олардың қатынастарымен байланыстарын анықтап, белгілеу ойлау процесі екендігін дәлелдейді.

Қазақ халқының белгілі психологы Ж. Аймауытов тіл үйретуде оқушының өз тәжірибесі, көрген-білгенін және балалар әдебиетінің орнын ереше бағалай келе, сол балалар әдебиеті арқылы оқушының ойы қабылдауы, сезінуі қалыптасып, тіл байлығы жетілетіндігін көрсеткен.

Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты туралы тұңғыш ұлттық педагогика пәнінің негізін қалаған М. Жұмабаев тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт - тілінің болуы. Ұлт тілінің кеми бастауы, ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмауы тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұратындығын көрсете келе, ана тілін ұмытқан халықтың толыққанды ел болып өркендеп, қанат жаюы мүмкін еместігін дәлелдеген.

Белгілі қоғам қайраткері, тілші ғалым А. Байтұрсынов «Өз ана тіліндегі сөз ақыл-ой дамуының асыл қазынасы», дей келе, «жас баланың лингвистикалық тәрбиесінде өмірге келген сәттен бастап, өз ана тілінде жүргізілуі керектігін ерекше атап көрсеткен. Сондай-ақ ғалымның тіл мен сөйлеу психологиясы жөнінде: «Тілдің міндеті, - деп жазды ол, - ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түйінін түйгенінше айтуға жарау . . . Сөз көңілге сипатын жағына көркемдігімен мағына жағының күштілігімн жағады. Тіл дәлелдеу деп, ойлаған ұғымға сөз мағынасының сәйкес келуін айтады».

Бұдан шығатын қорытынды: ғалым ауыз әдебиетіінң бай мұраларын халықтың рухани қазынасының сарқылмас көзі деп таныған. «Әліпбидегі» танымдық материалдар ретінде ұсынылған тақырыптардың барлығы дерлік адамгершілікті, еңбексүйгіштікті, ізгілік сияқты және тіл дамыту қасиеттерді насихаттайтын дидактикалық мәні зор мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, өлең жырлар болып келеді. Мұның өзі оқушылардың тілін дамытуда ауыз әдебиеті үлгіерін пайлануға негіз болады деп тұжырымдаймыз.

Баланың жас кезінде танымдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына байланысты тілді тез меңгеретіндігі туралы психологтар Ә. Алдамұратов, Ғ. Рақымбеков, т. б. ғылыми тұрғыда зерттеп, құнды тұжырымдар жасаған.

Ғалым Ә. Алдамұратов баланың сөйлеуінің дамуын бірнеше сатыда қарастыра отырып, олардың психологиялық ерекшеліктерін көрсетсе, Ғ. Рақымбековтың айтуынша шығарма мазмұнын қабылдау жүйесінің ойлау процестерімен қатар дамып, қабылдаған мәтіннің мазмұнын, мәнін біліріп отырады. Бұл - қабылдау процесінің дамуы. Бастауыш сыныпта оқушының жүйелі қабылдауы тәлім тәрбие мен жеке пәндерді оқып үйрету нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дамып өрістейді. Бұл пікірден біз, егер оқушы шығарма мазмұнын дұрыс қабылдаса, онда оның ол туралы білімі қалыптаса бастайтындығын пайымдаймыз.

Белгілі психолог М. Мұқанов «Жас және педагогикалық психология» атты еңбегінде баланың психологиялық дамуына қойылатын талаптарды атапк көрсеткен. Онда: «біріншіден, мектепке кірген баланың оқуға деген ықыласы болуы шарт. Кейде бала оқуға барам дегенмен, оған онша қызықпайды. Балалар үшін мектепке тек партаға отырып, не арқасына сумканы салып жүруге мәз болады. Ықылас дегеніміз - оқу процесінің өзіне қызығуы. Екіншіден, оқу ойынға қарағанда өзінше жаңа әрекет болғандықтан, бала осыған төзе білуі қажет, мектепке келгеннен кейін белсенді түрде тапсырмаларды орындап, мұғалімнің сөзіне 45 минут шыдап, құлағын салып отыруы керек. Бұл бастапқыда балаға қиын болса да, осыған орай баланың ерік-жігерін дамытып, өзінің осындай ұзақ уақыт шыдамды болуына мектепке дейінгі кезеңде даярлау қажет. Үшіншіден, сабақ үстінде мұғалімнің не өзге балалардың сөзіне зейін қойып, соны қабылдай алуы шарт. Сабақ үстінде сан алуан сөздер не мазмұндар қамтылады. Солардың қайсысы ең негізгісі, қайсысы екінші дәрежедегі мазмұн екендігінен ажырата білуі керек. Төртіншіден, оқу материалын ұғынып, оны саналы түрде есінде қалдырып, қиын мәселелерді шешуге бала ойлана бастауы тиіс. Мектепке кірерде балалардың ойлауға қабілеті әртүрлі: біреуінікі нашар дәрежеде кездеседі. Сонымен қатар, бала өзінің айтайын деген ойын ана тілінде түсінікті етіп жеткізе алуға дағдылануы қажет», - дейді. Психолог ғалымның пікіріне сүйеніп, оқушының тілін ұстартуда басшылыққа алуға болатын талаптар деп білеміз.

Осы бағытта белгілі психолог Т. Тәжібаев «Қазақстанның ауылдары мен мектептерінде қазақ балаларын тәрбиелеу» атты еңбегінде: «Қазақтардың мәдени өмірінде фольклор, музыка, қосалқы өнер және халықтық тәрбие дәстүрлері маңызды роль атқарады. Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде және тілін дамытуда фольклор үлкен мәнге ие: батырлар жыры, лирикалық эпос, әртүрлі жанрдағы ертегілер және т. б. Фольлрдың үлгілері ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, адамдардың психологиясында байытылып, нығайып отырады».

Балалар әдебиетінің өсу, даму қарқыны олардың өзіндік ерекшеліктері туралы Қазақстан оқу комиссириатының «Жас балалар кітабына қойылатын шарттар» атты (Жаңа мектеп, 1927) нұсқау хатында бастауыш жастағы оқушылар үшін жазылатын әдебиетке мынадай талаптар қойылады: : «Бала кітабы жай бір қара тақпақ тілмен жазылмасын. Кітап балаға қызғылықты, ойын оятатын, тілін байытып көркейтетін болсын, бірігіп жұмыс қылуға тартатын болсын. Бала кітабындағы кейіпкерлер айқын болсын. Кітапты бала бал жалағандай сүйетін болсын. Кітап адам тұрмысын, жаратылыс, құбылысын түсіндірерлік, араларындағы байланыстарын көзге елестетерлік болсын. Балаларға кітап жазамын деген кісі ел әдебиетін, ел ертегісін зерттесін. Бұл жастағылар нәрсенің сыртқы пішінінен көп әуескерлік болады. Сондықтан, суреттің әсері мықты болады. Кітап суретті болуы керек. Суретпен бірге сөз болса, қысқа және дауыстап оқылатын болсын. Бұл жаста баланың тілі байитын кезі. Тіл байлығының қоры осы жаста жиналады».

Ы. Алтынсарин қазақ халқының ағартушы-педагогы, қазақ даласына ғылым мен білімнің алғашқы қоңырауын соққан. Қазақ балаларына арнап көптеген оқулықтар жазып, олардың жан дүниесіне әсер етіп, ұлттық дүниетанымын қалыптастыру жолын ашты. 1879 ж. «Қазақ хрестоматиясы» атты кітап шығарып, «қазақ балалар жазба әдебиетінің атасы» атанды. Ол қазақ балаларының табиғи ерекшеліктеріне байланысты өлең-жырлар, әңгімелер жазып, олардың жан дүниесіне әсер етіп, ұлттық көзқарасын қалыптастыру жолын ашып берді. Оның» Таза бұлақ», «Әке мен бала», «Мақта қыз бен мысық», «Асыл шөп», «Екі жолдас» т. б. шығармалары жас ұрпақты еңбек етуге, шыдамдылыққа, сабырлылыққа, үлкеннің сөзін екі етпеуге, құрметтеуге, өз жолдастарына қол ұшын беруге, қамқорлыққа т. б. тәрбиелеуде және әңгімелеп айтып беруде маңызы зор.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев әдеби мұралары арқылы жас ұрпаққа көптеген ағартушылық насихат қалдырған. Ұлы Абай баланың дүниеге келген күннен бастап тәрбиеленетінін және оның тәрбиесіне бірден-бір жауапты - ата-ана екендігін көрсетті. Сондықтан да, бала ес біле бастаған күннен бастап, отбасында тәрбиеленуі керек десе, балаға білім берудің, ғылым игерудің мәні жайында жан-жақты тоқталды. Қазақ халқының классигі А. Құнанбаев әдебиеттің халықтығын ту ғып көтерді, поэзия алдымен халық өмірінің айнасы болып, онда халықтық мәні бар келелі, шындықтар суреттелуін талап етті. А. Құнанбаев адамның өсіп жетілуіндегі тәрбиенің роліне ерекше тоқтала келе, өзінің 19-қара сөзінде: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: көріп, естіп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады», - деп ақыл-естің, тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абайдың балаларға үлгі боларлық, өнеге тұтарлық 7-қара сөзінде жас баланы тәрбиелеуден бастап, бүкіл ұлттық өмір-тіршілікте көбінесе жан азығына (білімге, өнерге, әсемдікке) ерекше көңіл бөліп, елді надандықтан арылтуды өсиеттейді. Ол жас баланың психологиясын еске алып, талдаған. Бала тәрбиелеу ісінде Абай оларды тіпті жас шағынан тәрбиелеу қажеттігін ескерткен. Баланың психологиясын еске алып, дұрыс тәрбие беріп отыру, олардың болашағын қамтамасыз етуде ата-аналардың да жауапкершілігін естен шығарған емес. Осындай ойды жинақтай келе, Абай: «тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», - деген қорытынды жасады.

Қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология ғылымдарына өзіндік үлесін қосып, сүбелі ғылыми еңбектер жазған Ж. Аймауытов болды. Автордың педагогика ғылымы саласына байланысты «Тәрбиеге жетекші» атты еңбегінің маңызы зор. Аталған еңбекте автор: Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі - дидактикаға төмендегідей анықтама берген: «Дидактика мұғалімге жалпы жол-жоба көрсетіп, жетекшілік етеді . . . сыннан өткен тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды», - деп көрсете отырып, оқытудың принциптері, әдіс-тәсілдердің тиімдісін шығармашылықпен мұғалім қалай пайдалану керек дегенді меңзейді.

Оқу-ағарту саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған белгілі қоғам қайраткері, жазушы, ағартушы-педагог А. Байтұрсынов болды. Ол ауыл мектебінде бала оқытып, тәрбие жұмысын жолға қоюға ат салысты. Автордың «Әліпби», «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш» атты еңбектері қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашудан бастап, мектеп және оған керекті құралдар жөнінде, сонымен бірге, қазақ тілінде жаңа емле енгізуі, қазақ тілінің пән ретінде оқытылуына ат салысты. «Әліпби» оқу құралының материалдарын әріптерді өтіп болған соң, тақырыптық жүйеде ұсынылған. Мысалы: «Ойын - ойыншықтар», «Кимідер», «Дене мүшелері», «Туысқан-туған іліктес», «Ыдыс-аяқ», «Малдар аты», «Құстар», «Құрт-құмырсқа», «Жаңылтпаш», «Жұмбақ», «Мақалдар», «Өтірік өлеңдер» т. б. Оқу құралының басты ерекшелігі балалардың жас ерекшелігіне сәйкес, оларға лайықты тілмен жазылуында, тәрбиелік мәні бар жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді, шағын мәтіндерді жүйелеп, саралап берілуінде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ауыз әдебиеті түрлері
Оқушылардың сөздік қорын дамыту
Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорының ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту туралы
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс -әрекетін және жаңа технология негіздерінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Қазақ тілін оқыту методикасының мазмұны
Мектептің басқа пәндерінің арасында әдебиеттің орны қандай екенін анықтасақ
Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәні
Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қабілетін деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетерін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz