Экологиялық кауіпсіздік


13. 05. 2004,:
:
13. 05. 2004,: 13. 05. 2004,
13. 05. 2004,:
13. 05. 2004,:
:
13. 05. 2004,:

Kazakhstan today

Бүгін, 13-мамырда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары Нұра өзенін тазарту жобасын жүзеге асыруға Халықаралық қайта құру және даму банкінің несиесін тарту туралы келісімді бекітті, - деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

Бұл келісімге 2003-жылдың 17-желтоқсанында Вашингтонда қол қойылған.

Келісімнің мақсаты - қорғасынмен ластанған Нұра өзені бассейнінің аумағын тазарту, сенімді, қауіпсіз, баламалы әрі тиімді су көзімен қамтамасыз ету және өзен ағысын реттеуді қалпына келтіру болып табылады.

Жоба өзен бассейнінде тұратын 1, 5 млн. адамның мүддесіне сай келеді. Ластанған материалдар мен жер қыртысының жалпы көлемі 5 млн. текше метрді құрайды.

Халықаралық қайта құру және даму банкі жобаға 40, 39 млн. доллар көлемінде несие бөлсе, республикалық бюджет есебінен қосалқы құн салығын қоса есептегенде 22, 85 млн. доллар жұмсалады

13. 05. 2004,:

Сұрақ: Осыдан біраз бұрын Нұра өзені табанында сынап шөгіп қалғаны жайлы, оны тазалау қажеттігі айтылып жүрді. Сынаптың бір түйірінің өзі адам ағзасына қаншалықты зиян екендігін ескерсек, Нұра өзені бойына жағалай қонған елдімекендердің адамдарының денсаулығына үлкен қауіп-қатер төніп тұрған жоқ па?

Нұра өзенінің түбіндегі сынап шөгіндісінің тарихы советтер кезеңінің 50-ші жылдарынан басталады. Сол жылы Теміртауда синтетикалық каучук өндіретін зауыт іске қосылды. Зауыттың ацетальдегид блогында сынаптың сульфаттық тұзы пайдаланылған. Ол кезде қоршаған ортаға көңіл бөлінбеді, зауыттың сынабы бар қалдықтары сумен бірге Нұра өзеніне, Жауыр батпағына, Қарағанды ГРЭС-інің күлтөкпесіне түсіп жатты. Бұл процесс 40 жыл бойы, совет үкіметі ыдырағанға дейін жүрді. Соның салдарынан аталған нысандарда сынаптар жиналып, көптеген жылдар бойы қоршаған ортаны, өзенді ластады.

Өзіңіз айтқандай сынаптың адам ағзасына зияны орасан зор. Ол туралы совет үкіметі жұмған аузын ашпады. Ауырған адамдарға мүлдем басқа диагноз қойып алдарқатты, шындықты барынша жасырды. Мұндай сынап қордаланған нысандар Павлодар облысында да бар. Оларды залалсыздандыру жұмыстары тек егемендік алғаннан кейін жүргізіле бастады.

Нұра өзенін сынаптан тазалау да соңғы жылдары, Президентіміздің тікелей қолдауымен, қолға алынды. 2002-2003 жылдары жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) жасалды. Негіздемеде Нұраны сынаптан тазалау үшін, сынап көздерін де тазалау қажеттігі атап көрсетілді, яғни зауытты, зауыт алаңын, қашыртқы суларды аластататын коллекторды және Жауыр батпағын тазалау керек. Осы нысандардың барлығы жобаға кірді. Жобаға, күні бүгінге дейін Қорғалжын көлдер жүйелерін сынаптан қорғап келген, бірақ жағдайы сын көтермейтін, Ынтымақ су қоймасын жаңарту жұмыстарын қостық. Барлық жұмыстар көлемі 63, 24 млн. АҚШ долларына бағаланды.

Жұмыс өткен жылы басталды. Бүгінгі күні зауытты толығымен бұзып, көметін жерге апаруға дайындап қойдық. Күздің салқыны түсіп, сынаптың булануы азайған соң тасимыз. Қазір сынапты, сынаппен ластанған зауыт үйіндісі мен топырақты көметін алаңды дайындап жатырмыз. Тамыз айынан бастап өзенді тазалауға кірісеміз. Келесі жылы зауыттың алаңын, коллекторды тазалаймыз, Ынтымақ су қоймасын жөндейміз. Алла қаласа, барлық жұмыстар 2010 жылы бітуге тиісті.

Осы жұмыстың ТЭН-і жасалып жатқанда жапондық ғалымдар келіп ластанған топырақтың, сол жерде өскен шөптердің, балықтардың бойындағы сынап деңгейлерін зерттеп кетті. Сынаптың бар-жоғын тексеретін біраз аспаптар мен қондырғыларды беріп кетті. Былтыр, Дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемесінен мамандар келіп, арнайы әдістемемен біраз адамдардың ағзасын тексерді. Жекелеген топтардағы адамдардың ағзасындасы сынаптың деңгейі мөлшерден жоғары екендігі анықталды. Енді ары қарай өзіміздің Денсаулық сақтау министрлігіміз жүйелі түрде жұмыс жүргізеді деген ойдамыз.

Басты мәселе - экологиялық кауіпсіздік12 августа 2006: Басты мәселе - экологиялық кауіпсіздік 12 августа 2006
Басты мәселе - экологиялық кауіпсіздік12 августа 2006: Соңғы уақытта, Қарағанды облысы мен Теміртау аумағының бір бөлігіне қатысты ең экологиялық және әлеуметтік мәселелердің бірінің төңірегіндегі, дәлірек айтқанда - Нұра өзенінің арнасын, бұрынғы АҚ “Карбид” өндірісін және оған жақын жатқан аумақтарды тазартуға, улы заттарды көмуге арналған полигон құрылысына байланысты іс- шаралардың орындалуының мақсаттылығы жөніндегі дау-таластар әлі де жалғасуда.
Аумақтың тұрғылықты халқының бір бөлігі құрамында сынап бар қалдықтарды көмуге арналған арнайы Апан алқабындағы орынға полигон құрылысын жүргізуге қарсы болса, енді бір бөлігі бұл мәселені дұрыс шешілген деп санайды. Екі жақтың да белсенділігі мен алаңдауы орынды.
Теміртау қаласының және оған жақын жатқан аудандардың тұрғындары, ондаған жылдар бойы өнеркәсіптендірудің «кереметтерінен» зардап шегуде. Сондықтан Апан алқабында, құрамында сынап бар қалдықтарды көмуге арналған полигонды салу жобасының ұсынысына байланысты тұрғындардың алаңдауын түсінуге болады.
Бұл мәселенің туындау тарихына көз жүгіртіп өтелік. Соғыстан кейінгі жылдарда еліміз Ұлы Отан соғысы кезінде бұзылған экономикасын қалпына келтіре бастаған болатын, отандық өндіріске қажетті өнімдер шығарылуын жақсарту керек болды.
Осыған байланысты, 1950 жылы Теміртау қаласында синтетикалық кәушікті өндірумен айналысатын зауыт жұмыс жасай бастады (СК зауыты) . Өндірістік блоктардың бірі - ацетальдегидтік Д-19 цехына синтетикалық кәушікті өңдіру үшін, сынап қосылысы пайдаланылған.
Ол кезеңде қоршаған ортаны қорғау мәселесіне аса көңіл бөлінбеген. Соның салдарынан кәсіпорын аумағы оған жақын аумақтары және Нұра өзені құрамында сынап бар заттармен ластанды.
1987-1989 жылдары геохимиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген Мәскеулік СССР ИМГРЭ Мингеологиялық институтының мәліметтеріне Қарағанда, ластанған су ағынына СК зауытынан бастап, 100 шақырым аумақта (Самарқанд су қоймасынан кейін) тексу асты шөгінділерінің өзінде ғана 150 тонна сынап жиналған. Сынап қосылыстары, соның ішінде металлдық сынап түріндегі қосылыстар бұрынғы “Карбид” АҚ зауытының аумағында және оған жақын аумақтардың топырағында да аз емес.
Металлдық сынап және сынаптық қосылыстар қауіптілігі бірінші кластық улы заттарға жатады және әр түрлі дене мүшелерінде (бауырда, бүйректе, көкбауырда, мида, жүректе) жиналу қабілетіне ие. Сынаппен улану тыныс алу жолдары арқылы сынап буымен дем алу үрдісінде, сілекейлік қабықша және зақымданбаған тері арқылы сынап буы өткен жағдайда туындайды. Бұл ағзаның улануына әкеліп соғады. Сонымен қатар эмоционалдық тұрақсыздық, ашуланшақтық, көңіл-күйдің, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, түнгі үйқының бұзылып, күндізгі ұйқышылдық, бас аурулары, есте сақтау қабілетінін төмендеуі, тершендіктің жоғарылауы, тахикардия, тіс қызыл етінің жарылуы және қансырауы пайда болады. Сынаптың органикалық қосылыстары анық сипатталған эмбриотоксикалық әсер береді.
1997 жылы ацетальдегидтік өндіріс жабылды, осылайша Нұра өзені мен оған жақын аумақтарға синаптың тікелей түсуі тоқтатылды.
Бірақ, “сынап мәселесі” толығымен шешілген жоқ, себебі беткі қабатта және шөгінділерде жиналған металдық сынап пен сынаптық қосылыстар, сол кезде де, кәзіргі уақытта да Теміртау қаласының және оған жақын аумақтардың қошаған ортасы мен тұрғындарының денсаулығына қауіп төндіруде.
Сөйтіп, Теміртау қаласының тұрғындары және оған жақын маңда орналасқан тұрғылықты жерлердің халқы, тікелей адамның қатысуымен жасалған, құрамында сынап бар қалдықтардың табиғи полигонының, былайша айтқанда “тұтқындары” болып отыр. Ыстық күндері, жердің беткі қабатынан ауаға сынап булары бөлінеді, Нұра өзенінің суын қолданудың нәтижесінде, бақшада өсірілетін көкөністер мен жемістерді, өзеннен ауланған балықты тұтыну арқылы адам ағзасына сынап қосылыстары түседі.
1997 жылы облыстық экология басқармасы Нұра өзенінің түбіндегі шөгінділерін тазарту жобасына конкурс жариялады, бірақ маңызды ұсыныс болған жоқ.
Бірақ бұл мәселеге, Ұлыбританиядан грант алған Алматы қаласының Қазақ Мемлекеттік сәулеттік-құрылыс академиясы ынта білдіріп, 1997-1998жылдары екі жылдық зерттеу бағдарламасы бойынша Нұра өзенінің сынаппен ластануына қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізді. ҚР ҒА-ң Гидрогеология және гидрофизика институты мен ҚРҒА-ң Микробиология және вирусология институты ынтымақтастық танытты.
Екіжылдық зерттеу жұмыстарының нәтижесі мен халықаралық және қазақстандық сараптаушылардың қорытындысы қоршаған ортада үлкен көлемде сынап және сынаптық қосылыстар қалғанын дәлелдеді.
Қарастырылып отырған аумақтың, болашақта сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі “Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарын және Астана қаласының тұрақты дамыту үшін қоршаған ортаны жақсарту” аралық жобасы, дәлірек айтқанда оның «Нұра - Есіл» өзендері алабының су ресурстарын басқару» деп аталатын құрамдас бөлігін бекіткен болатын. Оның басты мақсаты Астана қаласын және Қарағанды - Теміртау өнеркәсіптік ауданын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады.
Жобаның құрамында Нұра өзенінің түбіндегі шөгінділерін, одан кейін “Карбид” АҚ өндірістік аумағын, Д-19 цехының бөлігі мен оның аумағын және оған жақын жатқан аумақтардың беткі қабатың сынаптан және сынаптық қосылыстардан тазарту жөніндегі жұмыстар тіркелді.
Осы жобаны үйлестіруші Үкімет, Нұра өзенінің түбіндегі шөгінділерін және бұрынғы «Карбид”АҚ аумағын тазарту жұмыстарының орындалуымен байланысты барлық мәселені Су ресурстары жөніндегі комитет ретейтін болды. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін қарыз туралы келісімге сәйкес (№ 556-II ҚРЗ “Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Дамыту Банкі арасындағы қарыз туралы Келісімнің бекітілуі (ратификациясы) туралы» Заңы, 26. 05. 2004ж. ҚР Президентінің қолымен қаражаттарын бөлді.
Жобаны жүзеге асырудың маңызды бөлігі улы қалдықтарды көмуге арналған полигонды салу үшін арнайы орынды анықтау еді.
Осы мақсатта Қарағанды облысы әкімінің 11. 09. 2002ж. № 147-р өкімімен құзыретті комиссия құрылды. Оның жұмысының мақсаты полигон құрылысы үшін, оны салу үрдісі кезінде және кейін пайдалану уақытында қоршаған ортаны ластандырмайтын аумақты таңдау болатын. Жұмыстың бастапқы кезеңінде комиссия 8 баламалы аумақ ұсынды. Қарастырылған 8 аумақтан бастапқы кезеңде сынаптың ластаушы қалдықтарын көму үшін қажетті талаптарға сәйкес келетін 3 нұсқа тандалынып алынды. Нұсқаларды бағалау ҚР 1. 04. -14-2003 “Улы қалдықтар полигоны” СН және Е сәйкес көрсеткіштер кешені бойынша өткізілді.
Сынаптың ластаушы қалдықтарын көму үшін нақты полигон - аумақты таңдау бойынша жұмыс комиссиясының 14. 02. 2002ж. отырысының № 4 хаттамасымен, ұсынылған үш мүмкін нұсқалардан: бұрыңғы “Карбид” АҚ зауытының аумағы, жазықтар, Нұра өзенінің арнасы мен жайылымдары ішінен, құрамында құзыретті мамандары бар комиссия, ҚР 1. 04. -14-2003 СН және Е талаптарына сәйкес жағымды факторларды есепке ала отырып, улы қалдықтар полигонын Апан алқабында орналастыру нұсқасын таңдады.
Облыс әкімінің 28. 03. 2003ж. №04-10 өкімімен ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетіне берілген аумақта инженерлік-геологиялық және жобалық-зерттеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілді.
2005 жылдың шілде және маусым ауларында осы сияқты полигон аумақтарын бағалау және таңдауда жұмысында үлкен халықаралық тәжірибесі бар COWI (Дания) фирмасының мамандары “АзимутэнерджиСервисез” АҚ Павлодар филиалымен біріге отырып, полигон аумағының гидрогеологиялық, шарттарын нақтылау және оның жер асты суларына әсер ету мүмкіндігін анықтау мақсатында далалық жұмыстардан туратын, қосымша зерттеу жұмыстарын өткізді.
Бұл жұмыстардың нәтижесі, Апан алқабындағы аумақтың, полигон құрылысына жарамдылығын растады.
Орхусск конвекциясының 2001 жылдан бастап Қазақстан
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Саясаттағы ұлттық қауіпсіздік, оның құрылымы»
Экологиялық қауіпсіздік ұғымы және оның экономикалық аспектісі
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері
Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру
Мұнай кенорындарындағы экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық аспектісі
Азаматтық қорғаныс құрамалары
Қазақстан Респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру жолдары
Ұлттық қауіпсіздік ұғымы
Жаһандағы қауіпсіздік мәселесі
Қауіпсіз экологиялық материалдар, органикалық заттардың, мұнайдың суды ластауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz