"Химия" мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы


1. Органикалық химияның алдынғы қатарлы теориялық негізі және жоғары молекулалы қосылыстар химиясы
1.1. Химиялық процестердің кинетикасы мен термодинамикасы
1.2. Химия және бейорганикалық қосылыстардың теориялық негіздері
1.3. Күкірт және оның қосылыстары.
Күкірт қышқылының өндіру технологиясы
1.4. Фосфор және құрамында фосфор бар қосылыстар
Бір атомды спирттер. Алкендерден, карбонилді қосылыстардан, галогеналкандардан, күрделі эфирлерден және карбон қышқылдарынан алыну әдістері.
Спирттердің қасиеттері. Спирттер - әлсіз О-Н қышқылдар. Спирттер - Льиюс негіздері. Спирттердегі гидроксил тобын галогеннің орынбасуы. Орынбасудың механизмі мен стереохимиясы, гидридтің орын ауыстыруы арқылы қайтатоптасу. Пинаколинді жоне ретропинаколинді кайтатоптасу. Бейорганикалық қышкылдардың эфирлері: алкилсульфаттар, -нитраттар, - нитриттер. Спирттердіц дегидраттануы. Жай эфирлер. Алу әдістері: Вильямсон реакциясы, алкендерді алкоксимеркурлеу, спирттердің молекула аралық дегидраттануы. Жай эфирлердің қасиеттері. Гидроасқын тотықтар. Краун эфирлері. Алынуы және синтездік практикада қолданылуы. Диэтил эфирі, этиленгликоль эфирлері, тетрагидрофуран жөне диоксан.
Литий- және магнийорганикалық қосылыстар. Синтездеу әдістері: металдың алкил- немесе арилгалогенидтермен әрекеттесуі. Гриньяр реактивтерінің құрылысы. Көмірсутектер, спирттер, альдегидтер, кетондар. карбон қышкылдары синтезіндегі литий-және магнийорганикалық қосылыстар. Органикалық синтезде ауыспалы металдардың металлорганикалық қосылыстарының қолданылу мысалдары.
1. Позин М.Е. Технология минеральных удобрений. - Л.: Химия, 1989, 1983.
2. Копылев Б.А. Технология экстракционной фосфорной кислоты. - Л.: Химия, 1981.
3. Кармышев В.Ф. Химическая переработка фосфоритов. – М.: Химия, 1983. 304 с.
4. Технология фосфорных и комплексных удобрений. Под ред. Эвенчика С.Д., Бродского А.А. – М.: Химия, 1987.
5. Дохолова А.Н., Кармышов В.Ф., Сидорина Л.В. Производство и применение аммофоса. – М.:Химия, 1977.
6. Термическая фосфорная кислота, соли и удобрения на ее основе. Под ред. д.т.н., проф. Постникова Н.Н. - М.: Химия, 1976.
7. Кононов А.В., Стерлин В.Н., Евдокимова Л.И. Основы технологии комплексных удобрений. – М.: Химия, 1988.
8. Кармышов В.Ф., Соболев Б.П., Носов В.Н. Производство и применение кормовых фосфатов. – М.: Химия, 1987.
9. Позин М.Е. Технология минеральных солей. Ч. 1,2. - Л.: Химия, 1983.
10. Кочетков В.Н. Технология комплексных удобрений. – М.: Химия, 1971.
11. Дохолова А.Н. Производство аммофоса. – М.: НИИТЭХИМ, 1981.
12. Рекомендации по пуску и освоению производств на предприятиях основной химической промышленности. – М.: НИИТЭХИМ, 1987.
13. Расчеты по технологии неорганических веществ. Учебное пособие для вузов. 2-е изд. Перераб. Под ред. Позина М.Е. - Л.: Химия, 1977.
14. Ершов В.А. Технология фосфора. - Л.: Химия, 1976.
15. Производство аммиака. Под ред. В.П. Семенова. - М.: Химия. 1985.
16. Справочник азотчика: Физико-химические свойства газов и жидкостей. Производство технологических газов. Синтез аммиака.-2-е изд., перераб., -М.: Химия, 1986.
17. Кузнецов Л.Д. Синтез аммиака. - М.: Химия, 1982.
18. Производство азотной кислоты в агрегатах большой единичной мощности. Под ред. В.М. Олевского. - М.: Химия, 1982.
19. Расчеты по технологии неорганических веществ. Учебное пособие для вузов. 2-е изд., перераб. Под ред. М.Е. Позина. - Л.: Химия, 1977.
20. Иванов М.Е., Олевский В.М. Технология аммиачной селитры. - М.: Химия, 1978.
21. Экономика химической промышленности. Под ред. Окименко В.Л. - Л.: Химия, 1990. 288 с.
22. Краснов К.С, Воробьев Н.К., Годнев И.Н. и др. Физическая химия. - М.: Высш. шк., 1995. Кн.1,512 с; Кн. 2, 319 с.
23. Глазов В.М. Основы физической химии. - М.: Высш. шк., 1981. 456 с.
24. Еремин Е.Н. Основы химической кинетики. - М.: Высш. шк., 1976. 374 с.
25. Оспанов Х.К. Кинетика гомогенных и гетерогенных химических процессов. - Алматы: Казак университеті, 1997. 195 с.
26. Дамаскин Б.Б., Петрий О.А. Электрохимия. - М.: Высш. шк., 1983. 295 с.
27. Панченков Г.М., Лебедев В.П. Химическая кинетика и катализ. - М.: Химия, 1985. 207 с.
28. Кудряшов И.В. и др. Сборник примеров и задач по физической химии. - М.: Высш. шк., 1991. 527 с.
29. Практикум по физической химии /Под редак. Мищенко К.П. - Л.: Химия, 1982. 400 с.
30. Краткий справочник физико-химических величин /Под ред. Равделя А.А. и Пономаревой А.М. - Л.: Химия, 1983. 232 с.
31. Оспанова А.К., Сыздыков P.P. и др. Физическая химия. Тесты и программа курса. - Алматы: 2003. 126 с.
32. Прикладная электрохимия. Под ред. Ротинян А.А. 3-е изд. - Л.: Химия, 1974. 536 с.
33. Скорчеллетти В.В. Теоретическая электрохимия. - Л.: Химия, 1974. 567 с.
34. Оспанов К.Х., Қамысбаев Д.Х. т.б. Физикалық химия. - Өскемен, 1997. 575 б.
35. Полторак О.М. Термодинамика в физической химии. - М.: Высшая школа, 1991. 319 с.
36. Еремин Е.Н. Основы химической термодинамики. - М.: Высш. шк., 1978. 391 с.
37. Артеменко А.И. Органическая химия. Теоретичеие основы. Углубленный курс. 2-е изд. – М.: Просвещение, 2001.
38. Березин Б.Д., Березин Д.Б. Курс современной органической химии. Учебное пособие для вузов. – М.: Высшая школа, 2001.
39. Шабаров Ю.С. Органическая химия. – М.: Химия, 2000. Т.1,2.
4. Робертс Дж., Кассерио М. Основы органической химии. В 2 т. – М.: Мир, 1978. Т.1,2.
40. Терней А. Современная органическая химия. В 2 т. - М.: Мир, 1981. Т.1,2.
6\41. Несмеянов А.Н., Несмеянов Н.А. Начало органической химии. В 2 кн. – М.: Химия, 1974.
42. Нейланд О.Я. Органическая химия.- М.: Высш.школа, 1990. 750 с.
43. Практикум по органической химии. /Под ред. Гинзбурга О.Ф. и Петрова А.А. – М.: Высшая школа, 1983.
44. Реутов О.А., Курц А.Л., Бутин К.П. Органическая химия.- М.: Химия, 1981. Т.1,2.
45. Шур А.М. Высокомолекулярные соединения. - М.: Высшая школа, 1981. 656 с.
46. Тагер А.А. Физико-химия полимеров. - М.: Химия, 1978. 544 с.
46. Тугов И.И., Кострыкина Г.И. Химия и физика полимеров.–М.: 1989. 433 с.
47. Оудиан Дж. Основы химии полимеров. - М.: Мир, 1974. 615 с.
48. Киреев В.В. Высокомолекулярные соединения. – М.: Высшая школа, 1992. 512 с.
49. Стрепихов А.А., Деревицкая В.А. Основы химии высокомолекулярных соединений. - М.: Химия, 1976. 436 с.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 16 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы

Электрохимиялық технологиялар кафедрасы

Бекітемін
ҒЗЖжХҚ жөніндегі проректор м.а.
_________________ Бажиров Т.С.

______________ 2010 ж.

6М060600 Химия

мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның

БАҒДАРЛАМАСЫ

Шымкент, 2010 ж.

Қабылдау емтиханның бағдарламасы (050606-Химия) мамандықтың пәндері
(Органикалық молекулалардыңфункционалды тундыларының химиясы, Химиялық
термодинамика. Ерітінділер тепе-теңдігі, Химиялық кинетика және
электрохимия, Жалпы химиялық технология, Зерттеудің физикалық әдістері, ЖМҚ
химиясы , ҚО нысандарының химиясы және СМШ, Бейорганикалық заттар
сараптамасы, Органикалық заттардың сараптамасы, Технологиялық сараптама)
типтік бағдарламалары негізінде құрылған

Қабылдау емтиханның бағдарламасы кафедраның мәжілісінде талқыланған
12 06 2009_, № 21 хаттамасы

Кафедраның меңгерушісі _____________ Анарбаев А.А.

Қабылдау емтиханның бағдарламасы Химия технологиялық факультеттің
әдістемелік комиссиясымен мақұлданған 2009ж., №
хаттамасы

Төрағасы _______ Ибрагимова Г.Н.

Қабылдау емтиханның бағдарламасы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
орталығымен келісілген

ЖООКББО бастығы ______Қ.Сыпабек

Алғы сөз

6N0606 – Химия мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиқанының
бағдарламасы негізгі жоғары білім алу кезінде студентердің оқыған арнайы
пәндерінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Бағдарлама маңызды бейорганикалық және органикалық заттарға қатысты
теориялық негіздердің үлкен аумағын және қолданбалы қосымшамаларды
қарастыруды қамтиды.
Емтихан тапсырушы өндірістің тиімді технологиялық тәртібін негіздеу
үшін керекті бейорганикалық және органикалық өнімдерді алудың теориялық
негіздерін (химизмін, термодинамикалық сипаттамасын, механизімін,
кинетикасын), нақты өнімді өндірудің нақты жағдайларын, өнімге шикізатқа,
жанама материалдарға, қалдықтарға сипаттама және пайдаға асыру әдістерін
білуі керек.

1. Органикалық химияның алдынғы қатарлы теориялық негізі және жоғары
молекулалы қосылыстар химиясы

Бір атомды спирттер. Алкендерден, карбонилді қосылыстардан,
галогеналкандардан, күрделі эфирлерден және карбон қышқылдарынан алыну
әдістері.
Спирттердің қасиеттері. Спирттер - әлсіз О-Н қышқылдар. Спирттер -
Льиюс негіздері. Спирттердегі гидроксил тобын галогеннің орынбасуы.
Орынбасудың механизмі мен стереохимиясы, гидридтің орын ауыстыруы арқылы
қайтатоптасу. Пинаколинді жоне ретропинаколинді кайтатоптасу.
Бейорганикалық қышкылдардың эфирлері: алкилсульфаттар, -нитраттар, -
нитриттер. Спирттердіц дегидраттануы. Жай эфирлер. Алу әдістері: Вильямсон
реакциясы, алкендерді алкоксимеркурлеу, спирттердің молекула аралық
дегидраттануы. Жай эфирлердің қасиеттері. Гидроасқын тотықтар. Краун
эфирлері. Алынуы және синтездік практикада қолданылуы. Диэтил эфирі,
этиленгликоль эфирлері, тетрагидрофуран жөне диоксан.
Литий- және магнийорганикалық қосылыстар. Синтездеу әдістері: металдың
алкил- немесе арилгалогенидтермен әрекеттесуі. Гриньяр реактивтерінің
құрылысы. Көмірсутектер, спирттер, альдегидтер, кетондар. карбон қышкылдары
синтезіндегі литий-және магнийорганикалық қосылыстар. Органикалық синтезде
ауыспалы металдардың металлорганикалық қосылыстарының қолданылу мысалдары.
Алъдегидтер мен кетондарды спирттерден, карбон кышқылдары
туындыларынан, алкендерден (озонолиз), алкиндерден (гидроборлау),
металлорганикалық косылыстар негізінде алыну әдістері. Арендерді ацилдеу
және формилдеу. Формальдегидтің, ацетальдегидтің және жоғарғы
альдегидтердің өнеркәсіптік алынуы (гидроформилдеу).
Альдегидтердің тотығуы, тотығу реагенттері. Кетондардың
асқынқышқылдармен тотығуы. Канниццаро бойынша альдегидтердің
диспропорциялануы (тура және кері реакция).
(, (-Қанықпаған альдегидтер мсн кетондар. Алу әдістері:
конденсациялар, аллилді спирттерді тотықтыру жоне т.б Карбонилді топтың С=С
қос байланысымен қосарлануы. Винилогия. Карбоксил тобының қүрылысы.
Қышқылдарлың физика-химиялық қасиеттері: ассоциация, диассоциация,
орынбасарлардың қышқылдыққа ықпалы. Қышқылдарды Гель-Фольгард-Зелинский
бойынша галогендеу. Пиролитикалық кетондау, Кольбе бойынша электролиздеу,
Хунсдиккер бойынша декарбоксилдеу.
Жоғары молекулалы қосылыстар химиясының негізгі түсініктері мен
анықтамалары. Полимер, олигомер, мономер, "полимер" және "жоғары
молекулалык косылыстар'' түсініктерінің қатынасы. Макромолекула.
кайталанатын курылымды буын. Полимерлену дәрежесі, макромолекула
құрылымының сандық өзгерісінің жаңа сапалық өзгеріске өтyi. Конфигурациялық
негізгі буын. Моноалмаскан этилендер мен диендердің стереоретті полимері,
макромолекулалардың әр түрлі құрылымдық түрлері. Полимерлердің қасиеттері
мен құрылысын түсіндіргендегі орташаланған мәндердің мазмұны. Полимерлердің
молекулалық-массалық сипаттамалары. Молекулалық масса бойынша таралуы.
Орташаланған (орташа) молекулалық массалар (орташа сандык, орташа массалық
және z-орташа).
Полимерлер номенклатурасынын төменгі молекулалық қосылыс-тардан
ерекшеліктері. Рационалды номенклатура және оның кемшіліктepi. Қайталанатын
буындардың құрамдарының бөлінуіне және аталуына негізделген peттi сызықты
полимерлердің жүйелік номенклатурасынын негізі.
Полимерлер классификациясынын химиялық құрылымға, алыну жолдарына,
пайда болуына тәуелділігі. Табиғи және синтетикалық полимерлер.
Органикалык, элементорганикалык және бейорганикалык полимерлер.
Сополимерлер, сополимерлер, блок-сополимерлер, жалғанған сополимерлер.
Карботізбекті және гетеротізбекті полимсрлер.
Негізгі тізбектің химиялық құрылымының өзгеруіне негізделген
полимерлердің жалпы классификациясы. Гомотізбекті және гетеротізбекті
полимерлер. Оларды кластарга, топтарға, топшаларға т.б. болу принциптері.
Макромолекуланың конформациялық изомериясы мен конформа-циясы.
Макромолекуланың ішкі молекулалық айналуы және иілгіштігі. Тізбектің
ұзындығы: тізбектің басы-соңы арақашықтығының орташа шамасы және
макромолекуланың инерциялык радиусы. Еркін мүшеленген тізбектің моделі.
Еркін мүшеленген тізбектің басы-соңы арақашықтығының таралу функциясы
(Гаусс шумақтары). Валенттік бұрыштың тұрактылығын ескере отырып
макромолекуланың өлшемін аныктау. Ішкі айналудың энергетикалық қырғауылы.
термодинамикалық және кинетикалык иілгіштік. (катаңдылықтың) сандык
сипаттамалары, статистикалык сегмент туралы түсінік, Реалды тізбектердің
иілгішігіне әсер ететін факторлар.
Макромолекулалардың ерітінділердегі mәpmiбі. Полимерлер
ерітінділерінің табиғаты. Epiгіштіктің термодинамикалык критериі және
ерітіндінің термодинамикалық тепе-теңдігінің дәлелі полимер-еріткіш
жүйелерінің фазалық диаграммалары. Ерудің критикалық температуралары.
Орташа салмақты молекулалық салмақты және макромолекуланың инерциялык
г-орташа радиусын жарық шашырату әдісімен анықтау. Орташа салмақты
молекулалық салмакты ультрацентрифугиялық әдіспен анықтау, Жылдамдық
седиментация, седиментация константасы, седиментациялык тепе-теңдік.
Макромолекуланың ерітіндідегі диффузиясы.
Иондаушы макромолекулалар (полиэлектролиттер). Ионданушы
макромолекулалардың (поликышқылдар, полинегіздер және олардың тұздарының)
химиялық және физика-химиялық ерекшеліктері. Полиэлектролиттердің
ерітінділерінің гидродинамикалык қасиеттері. Амфотерлі полиэлектролиттер.
Изоэлектрлік және изоионды нүктелер. Полимерлердің концентрлі ерітінділері,
полимерлі гидрогельдер. Концентрлі epiтiндiлеpдiң aғy ерекшеліктері.
Иондаушы макромолекулалар (полиэлектролиттер). Ионданушы
макромолекулалардың (поликышқылдар, полинегіздер және олардың тұздарының)
химиялық және физика-химиялық ерекшеліктері. Полиэлектролиттердің
ерітінділерінің гидродинамикалык қасиеттері. Амфотерлі полиэлектролиттер.
Изоэлектрлік және изоионды нүктелер. Полимерлердің концентрлі ерітінділері,
полимерлі гидрогельдер. Концентрлі epiтiндiлеpдiң aғy ерекшеліктері.
Поликонденсация. Поликонденсациялау реакцияларынын түрлері. Гомо- және
гетерополиконденсациялау. Полиамидтердің, полиэфирлердің, полиуретандардың,
полиимидтердің, полиалкиленфенилендердің, полиалкиленфенилендердің,
элементорганикалық полимерлердің алыну жолдары. Полимерлеу және
поликонденсациялау процестерінің негізгі ерекшеліктері. Полифункционалды
косылыстардың реакциясының бағыты. Полимерлердің поликонденсациялық тепе-
теңдік және молекулалық массасы. Өнімнің молекулалык массасына
стехиометриялық, монофункционалды қоспаның және қосалқы реакцияның әcepi
және торлы құрылымның, деструкция реакциясының түзілуі. Сызыкты
поликонденсациялаудың сақиналардың сатылап полимерленуі, кинетикасы.
Поликонденацияны балқымада, ерітіндіде және фазалардың бөліну шекарасында
жүргіу.

1.1. Химиялық процестердің кинетикасы мен термодинамикасы

Химиялық кинетика. Формалды кинетика. Химиялық реакция жылдамдығы.
Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері. Бірінші ретті күрделі
қайтымсыз реакция. Күрделі реакция кинетикасы.
Екінші ретті күрделі қайтымсыз реакция. Тізбекті реакциялар. Тізбекті
реакциялар кинетикасы. Фотохимия заңдары. Химиялық кинетика теориясының
негіздері. Катализ. Химиялық реакциялардағы катализатордың орны гомогендік
және гетерогендік катализ кинетикасы. Гетерогендік катализдегі адсорбцияның
маңызы.
Электрохимия. Электролиз. Электролиттер теориясы.
Буферлі ерітінділер. Күшті электролиттер үшін. Дебай-Хюккель теориясы
Электролит ерітінділерінің электрөткізгіштігі. Иондардың тасымалдау саны.
Кольрауша заңы. Дебай-Озангер теориясы. Кондук-тометрия. Нернст теңдеуі.
ЭҚК. Лютер ережесі. Электродтар классификациясы. Стандартты және тепе-
теңдік потенциалы. Потенциометрлік титрлеу әдісі электрохимиялық реакция.
Кинетикасы.
Термодинамика және жалпы түсінік. Жылу және жұмыс. Термодинамика
бойынша жұмыс пен жылу. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Ішкі энергия
және энтальпия олардың арасындағы байланыс. Термодинамиканың бірінші
бастамасынан шығатын салдар. Гесс заңы оның термодинамикалық тұрғыдан
негізделуі. Жылусыйымдылық оның түрлері және олардың өзара қатынасы.
Термодинамиканың 2-бастамасы оның тұжырымдамасы. Карно принципі және Карно
циклі. Энтропия, физикалық мағынасы. Планк постулаты. Заттың абсолютті
энтропиясы, оның температураға тәуелділігі. Жылу сыйымдылық және химиялық
реакцияның жылу эффектісінің температураға тәуелділігі.
Гомогенді тепе теңдік. Массалар әрекеттесу заңы және әрекеттесу заңы
және химиялық тепе теңдік константасы. Гетерогенді химиялық тепе теңдік
шарттары. Гетерогенді жүйелердің изотермиялық теңдеулерінің қорытындысы.
Гетерогенді жүйелердің химиялық тепе-теңдік константасы. Тепе-теңдік
константасының температураға тәуелділігі. Жылжымалы тепе теңдіктің Ле-
Шателье-Браун принципі. Термодинамиканың 3 заңы. Нернсттің жылу теңдеуі.
Гетерогенді тепе теңдік. Гиббстің фазалар ережесі. Клаузиус теңдеуі. Бір
компонентті жүйенің күй диаграммасы, олардың жалпы сипаттамасы және
ерекшеліктері. Екі компонентті жүйенің диаграммасы: бір эвтевтикалық
жүйелер, компоненттері химиялық әрекеттесетін жүйелер. Ноды . Алексеев
ережесі. Үш компонентті жүйенің құрамын бейнелеу әдістері. Бір біріне
ерімейтін екі сұйықтық арасында үшінші компоненттің таралуы. Таралу
коэффициенті және таралу константасы. Экстракция. Ерітінділер. Ерітінділер
теориясы. Идеал ерітінді Қатты заттардың сұйықтықтарда еруі. Шредера-Ле-
Шателье теңдеуі. Рауль заңы. Рауль заңынан ауытқу және ауытқудың
себептері, Коновалов заңы. Осмос. Термодинамиканың осмостық қысымы. Еріген
заттың молекулалық күйін сипаттау. Қатты заттың сұйықтарда ерігіштігі.
Экстракция .

1.2. Химия және бейорганикалық қосылыстардың теориялық негіздері
Азот, оттегі және азот қосылыстары

Азот өндірісі үшін шикізат (атмосфералық ауа, табиғи және жолшыбай
газдар, мұнайды өңдеудегі газдар, коксты газдар).
Азотты және оттегіні ауадан алу әдісінің теориялық негізі. Азот және
оттегіні ауадан алу өндірісі.
Аммиак синтезі. Аммиак синтезінің теориялық негізі. Азоттан және
сутегінен аммиакты синтездеу реакциясының термодинамикалық талдауы.
Катализаторлар, олардың құрамы, синтез процесіндегі катализатордың құрамды
бөлігінің қызметі. Процесс механизмі.
Азот қышқылының өндірісі. Әлсіз азот қышқылын алу процесінің теориялық
негізі (аммиактың тотығуы, азот оксидінің, азот диоксидінің тотығуы және
азот диоксидінің абсорбциясы).
Аммиак селитрасының өндірісі. Аммиак селитрасының өндірудің теориялық
негіздері. Аммиак селитрасының негізгі физика-химиялық қасиеттері және
оларды алу әдістерін жетілдіру. Өндірістің қалдықтары және оларды пайдаға
асыру. Байланысқан азот өндірісіндегі еңбекті қорғау мәселелері. Адам
ағзасына әсері және ұлы заттардың МШК.

1.3. Күкірт және оның қосылыстары.
Күкірт қышқылының өндіру технологиясы

Әр-түрлі шикізаттардың салыстырмалы сипаттамасы (газды және табиғи
күкірт, колчедан, сульфат, сутекті күкірт, түсті металлургиядан шығатын
газдар) олардың тегі, құрамы және сорты. Күкірт диоксидінің қасиеті, оның
сапасына және құрамына қойылатын талаптар. Күдірілген газдың құрамы.
Күкірт қышқылының халық шаруашылығындағы мәні, масштабы және
өндірістің болашағы. Күкірт қышқылының түрлерінің физика-химиялық
қасиеттері. Күкірт қышқылын алу әдістарі – жанасу және нитрозды. Олардың
мәні және салыстырмалы сипаттамасы.
Күкірт қышқылы өндірісіндегі еңбекті қорғау мәселелері. Адам ағзасына
әсері және күкірт газдарының МШК. Шыққан газдарды күкірт оксидтерінен
тазалау.

1.4. Фосфор және құрамында фосфор бар қосылыстар

Минералды тыңайтқыштар және тұздардың халық шаруашылығындағы мәні.
Тыңайтқыштардың классификациясы және ассортименті.
Фосфор тыңайтқыштарының классификациясы және ассортименті. Жәй
сурефосфат және оның сапа негізгі көрсеткіштері. Өндірістің қалдықтары,
оның құрамы және пайдаға асыру әдістері. Экстракциялық фосфор қышқылының
өндірісі. ЭФҚ алуда қолданылатын шикізатқа сипаттама. Бастапқы фосфатты
шикізатқа байланысты ЭФҚ құрамы. Экстракция процесінің химизмі.
Қос суперфосфат, сапасының негізгі көрсеткіштері. Қолданылатын шикізат
түрлері.
Фосфор және термиялық фосфор қышқылы, өндірістің физика-химиялық
негіздері. Өндірістен шығатын газдардың құрамы, оларды тазалау әдістерінің
салыстырмалы сипаттамасы.
Кешенді тыңайтқыштар, олардың ассортименті, алу жолдары. Аммофос,
аммофосфат, диаммофос, олардың салыстырмалы сипаттамасы.
Аммоний фосфаты өндірісіндегі қолданатын шикізат. Аммоний фосфатын
алудың физика-химиялық негіздері. Процесс химизмі.

1.5. Зерттеудің физика-химиялық әдістері

Оптикалық әдістерге кіріспе. Элетромагнитті спектр және
спектроскопиялық әдістер. Спектрлік облыстар, сәулеленудің ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының магистратураға қабылдау емтиханының бағдарламасы
6м010100- "мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу" мамандығының магистратураға қабылдау емтиханының бағдарламасы
6М070100 - Биотехнология мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы БАҒДАРЛАМАСЫ
Биотехнология мамандығы бойынша магистратураға түсуге арналған емтихан бағдарламасы
"Қабылдау бөлімі" бағдарламасы
Қабылдау
Химия өнеркәсібі
Тәрбиеші мамандығының тарихы
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь